Массажға дайындық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Глоссарий
Өзіне массаж жасау денені -баптау деген сөз.
Сипау - массаждың басында, аяғында, басқа тәсілдің арасында қолданылады. Егер тірекбуын зақымданса (сіңір созылып, тарамыс тартылып, буын шығып), онда сипаудан басқа еш тәсіл қолданылмайды. Оны бір немесе екі қолмен бірдей орындайды. Негізінде алақан әйтпесе саусақтың жұмсақ ұшымен сипайды. Қозғалыс жеңіл ырғақпен без түйіндеріне қарай бағытталады.
Ысқылау - бір қолмен, екі қолмен, бас бармақтың тоқпақ етімен, алақанның ті
Жұмсарту - ең күшті тәсіл. Оны көбінде екі қолмен орындайды. Ұлшық еттерді қапсыра уыстап алып жоғары-төмен, көлденең бағытта қозғап жұмсартады (мыжиды). Ол тек алақанмен орындалады. Массаж жасағанда сол аймақты мейлінше осаңсыту үшін жақсылап тірек қою керек.
Дірілдету(вибрация) - массаж жасайтын аймақт саусақ ұшымен, алақанмен, жұдырқпен жиі-жиі түіп дірілдетеді. Оның үзіліспен жасайтын түрінде қолды әр қимылдан соң жұлып алып отырады. Ал үздіксіз дірілдеткен кезде қол денеден алынбай бір орында қозғалыс жасап тұра береді.
Плеврит - көкіректің ішкі бетін, өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі қабықтын қабынуы Пневмония - өкпенің қабынуы. Денеге микроб, вирус түскенде болады. Індет жедел, созылмалы түрде өтеді
Омыртқа остехондрозы-омыртқа аралық дискіерде жұйкенің жаншылуы.
Күйымшақ неврологиясы-жұйке ауруы.
Плексит, асықты жіліктің жүйке неврологиясы- шеткері жүйке-жүйесінің ауруы.
Сегментарлы-рефлекторлы массаж-сезімтал аймақтарға уқалау жасау.
Захарьин-Гед атты сезімтап рефлекторлы аймактары-жұкелердің терімен байланысы бар .
Бел, мойын, иықұсты-арнайы сезімтап белдеулер-жұлын жұйкелерінің таралуы.
Сүйек қабыршағына массаж-тері арқылы уқалап әсер етү..
Дәнекерлі тканьдерге жасалатын массаж- тарамыстар, шандырлар, тыртықтарға жасалады.
Арнайы белдеулер (аймақ) туралы уғым-жұйкеге байланысты аймақтар.
Биологиялық активті нуктелерге аңықтама-терінің жоғары сезімтал аймақтары..
Нуктелі массаж-сезімтал аймақтар.
Миозит, миалгия, невромиозит-бұлшық еттің жедел жиірылу қабынуы.
тендовагинит -сіңір,тарамыс дерттері
Биомеханика-булшықет жиырылу негізіндедененің кеңістіктегі орын ауыстыру.
Спорттық тейп туралы үғым-сіңір созылғанда, жарақаттарды лейкопластір арқылы бекітү..

Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі.
Тақырып 1 Кіріспе. Массаждың жүйесі, әдістер және түрлері.

Мақсаты: Массаждың даму тарихына қысқаша мағлумат.
Массаждың жүйесі, әдіс түрлеріне анықтама берү.
Дәріс тезистері: Массаж жасағанда қойылатын гигиеналық талаптар.
Курстың мазмұны.
Массаждың даму тарихы қысқаша мағлумат.
Массаждың жүйесі, әдіс түрлері.
Жалпы және жеке массаж.
Массаждың гигиеналық негізі.
Пәннің мақсаты:
Массаж пәнінің бағдарламасы 080501 " Дене тәрбие мәдениеті және спорт" мамандығы бойынша КР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған.
Пәннің мақсаты - дене жаттығулары мен емдік және профилактика (сауыктыру) мақсатында, массаж жасауға практика жүзінде дағдылануы, дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдардың жұмыс істеу қабілетінің жоғарлауы туралы студенттерді кажетті біліммен қаруландыру.
Массажды спортық және педагогикалық практикаға көбірек жақындату.
Бағдарламада дене шынықтырумен спортпен айналысатындарға, патологиялық жағдайда қолданатын массаждың әдістерін менгеруі қарастырылған.
Пәннің міндеті:
* кең таралған ауруларың сипаттау;
* массаждың ағзаға әсерін білу;
* массаждың қоғамдағы орнын, ролін маңызын аныңтау;
* массаждың негізгі тәсілдерін, техникасын игеру, практикада қолдана білу;
* массаждың тәсілдерін игеру.
* Бұл пәнді менгеру үшін кажет пәндер тізімі:
* Анатомия, физиология, биомеханика, биология.
Массаж пәні- болашақ мамандарды дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт қуралдары мен тәсілдерін дұрыс қолдану арқылы жаттығушының денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілетін арттырып, белсенді ұзақ өмір сүруіне бағытталған жағдайлар жасап және осы дағдыларды қалыптастыру.
Массаж пәнінің негізгі міндеттері:
* дене тәрбие және спортпен шұғылданатын адамдардың ағзаларындағы қурылымдық және қызметтік өзгерістерді анықтау;
* сауықтыру және машықтандыру әсерлерін қамтамасыз етугеарналған жаттығуларды ұйымдастыру әдістерін және жаттығуларды дұрыс ұйымдастырмаудан пайда болатын ауру-сырқат пен жарақаттардан сақтандыруға үйрету.
Массаж пәнінің-дене шынықтыру институттарында міндетті түрде өтілетін анатомия, морфология, биомеханика, физиология, гигиена, емдік гимнастика сияқты медициналық-биологиялықпәндер топтамасының қисынды қортындысы.
Массаж пәні 5В010800-Дене шынықтыру және спортсаласы мамандарын медициналық-биологиялық турғыдан дайындау аяқталады.
Болашақ мамандардың міндетті түрде білулері қажет:
-сырттай көзбен көру арқылы жаттығушылардың дене мүсінін, пішінін және тірек- қозғалыс аппараттарының ерекшеліктерін,
-тамыр соғу жиілігін және қан қысымын өлшеп, өзгеруін бағалау;
-сынымаларды жүргізіп, қызметтік мүмкіншілігін зерттеу,
-дәрігерлік-ұстаздық бақылау жүргізу;
-жедел медициналық көмек көрсету.
" Массаж" - пәнінің жұмыс бағдарламасы, мамандығы 050108 " Дене тәрбие мәдениеті және спорт", жоғары оқу орындарына арналған жаратылыстану және ғылыми пәндер циклі бойынша типтін оқу бағдарламасының жинағы, Алматы, 2002 жылғы, авторы В.Ш. Мансуров, Г.К. Икиманов негізінде қурастырылған.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Массаждың жүйесі, әдістер және түрлері.
2.Массаж жасағанда қойылатын гигиеналық талаптар.
3.Курстың мазмұны.
4.Массаждың даму тарихы қысқаша
мағлумат.
5.Массаждың жүйесі, әдіс түрлері.
6.Жалпы және жеке массаж.
7.Массаждың гигиеналық негізі.
Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер.
1.Икиманова Г. Массаж.
Алматы, 2002 ж.
2.Икиманова Г. Саулық пен
сымбат. Алматы, 1991 ж.
3.Икиманова Г. Массаж туралы үғым (оқу қурал)

Тақырып 2. Массаждың денеге тигізетін әсері.
Мақсаты: Массаждың теріге әсері ету механизмдерін менгерү.
Массаждың қан және лимфа айналымына әсерін анықтау.
Дәріс тезистері: Массаждың теріге әсері ету
механизмдері.
Массаждың қан және лимфа айналымына әсер.
Массаждың булшын етке, буындарға әсері.
Массаждың жүйке-жүйесіне әсерету механизмдері.
Классикалық массаж
Массаждың осы түрін біз арнайы ең ақырына келтіріп отырмыз. Өйткені оқырман қауым алдымен массаждың негізін, қасиетін, тәсілдерін, орындау әдісін зейін қойып шықса, өзіне-өзі массаж жасау аса қиындыққа түспейді деген ниеттеміз. Ал оған көңіл аудармай бірден өзін сипаттап мыжғылай бастаса, пайданың орнына зиян табады.
Ең негізгі тілек - өз-өзіне массаж жасау үшін де дәрігермен ақылдасқан жөн. Дәрігер айтқан нұсқаулардың бәрі бірдей есте қала бермейді. Сондықтан осы кітаптың арнаулы бөлігінде берілген массаж жасауға болатын және болмайтын жағдайларды есіне сақтаса адамға көмегі көп.
Өзіне массаж жасау денені баптау деген сөз. Ертемен жасалған массаж күні бойы атқарылатын жұмысқа, қызметке организмді дайындау. Ол ертеңгі дене тәрбиесінің алдында өткізіледі. Сонда адам денесі сергек, бойына күш, ойына рухани азық толғандай болады. Жұмысқа да жадыраңқы көңіл-күймен аттанады.
Бұл массаждың ерекшелігі - оны барлық жерде жасай беруге болады. Мәселен, ұйқыдан оянған бойдакереуетте(төсекте), жазу жазатын стол басында (қызмет арасында), жазатын стол басында (қызмет арасында), тоғайда, моншада, далада, үйде, ванна ішінде - қысқасы барлық жерде адам өзіне-өзі массаж жасай алады.
Оның тағы бір ерекшелігі - әркім қай жерінің қалай ауыратынын да жақсы біледі. Міне сол жерлерге көңіл бөліп, массаждың ең қолайлы тәсілдерін қандай жылдамдықпен орындау керек екенін анық сезеді.
Егер жыл мерзімінің суық кезінде дене тез тоңатын болса, онда жеңіл спорт киімдерінің сыртынан массаждайды. Адам қатты қалжырап шаршап тұрса, барлық денеге массаж жасаудың керегі жоқ. Басты, мойын мен иық үстін массаждаса жеткілікті.
Массаж жасаудың алдында денені тазалап жуады. Әсіресе, қолды сабындап, тырнақты жөкемен ысқылап тазалайды. Тырнақ денені сызып кетпес үшін өте қысқа етіп алып тастайды. Алақан мүйізі, сызаты жоқ, жарылмаған, құрғақ, жұмсақ болғаны абзал.
Денеде алақан жақсы сырғанау үшін әр түрлі заттармен сылап алады. Оған бордың ұнтағы, тальк, балалар опасы қолданылады. Егер адам серуенге, не шаңғы тебуге дайындалса, онда денені қыздыратын Эфкамон не Тигровая мазь майларымен ысқылайды. Егде тартқан адамдарға сұйық өсімдік майларын қолданған дұрыс. Өйткені тальк т.б. ұсақ ұнтақтар теріні құрғатыпжібереді, ал вазелин сияқты зат тері түтіктерін бітеп тастайды. Эквалипт және зәйтүн майы да өте пайдалы. Оларды алдын ала қайнатып алады. Шама келсе тіпті ешбір майды қолданбаған дұрыс. Мұндай жағдайларда қан тамырлары кеңейіп, массаж жасаған аймаққа қан екпінмен құйылады. Тек мұндай массаж қысқа уақыт жасалады.
Адам өзіне-өзі массаж жасау үшін де анатомия мен физиологиядан мағлұматты болу керек. Бұлшық ет талшықтарын, қан тамырлары мен лимфа түйіндерін, нерв жүйесін айыра білу өте қажет.
Массажға қажет негізгі қағидалар
* Массаж жасаған қолдың қимылы жұмсақ, жеңіл, теріде қызарған не көгерген із қалдырмауға тиіс. Дұрыс жасалған массаж сол аймақты жылытып, адамның көңіл күйін көтереді.
* Белгілі бір жерге массаж жасау қажет болса, алдымен одан жоғарғы аймақты, тек содан соң ғана жарақаттанған бөлікке тікелей кіріседі(мысалы сіңір созылғанда, буын тайғанда, сүйек сынғанда т.б.).
* Массаждың тәсілі, ұзақтығы, күші әр адамның алдына қойған мақсатына тікелей байланысты.
Массажға дайындық
Әркім өзіне массаж жасарда денені мейлінше босаңсытып дайындау керек. Аяқ-қолды массаждағанда ең ыңғайлы жағдай - орташа физиологиялық қолайлы тыныштық - немесн аяқ-қолдың сіресіп немесе бүктеліп, бүгіліп қалмай орташа қалыпта болуын айтады. Осындай қалыпты массаж біткенше сақтайды. Әсіресе, бұл қағида бұлшық еттері жақсы жетілген аяқтың қоң еттерін массаждауға тікелей қатысты.
Аяқ талып кетпес үшінтақымның астына бүктелген көрпе не жастық салып, аяқты кішкене орындыққа қояды. Сонда бұлшық еттері де мейлінше босаңсиды.
Қолға массаж жасағанда сәл бүгіңкіреп, стол үстіне салып қояды. Ішке массаж жасау үшін тізені бүгіп шалқасынан жатады, әйтпесе, орындыққа жайланып отырады.
Теріде кішкене сызат алған не тырналған жер болмаса, ол массажға кедергі келтірмейді. Тек айналасы қабынып, талаурап тұрмаса болғаны. Массаж жасаған кезде ол жерге тиіспесе болғаны. Массаж жасаған жерде алақан астынан шошынған без не түйілген бұлшық ет аңғарылса, ол бөлікке тиіспейді. Тер қалың түкпен жабылып кетсе, ол жерді массаждау қиынға түседі және түк түбнің қабынуына әкеп соғады. Сондықтан мұндай жерді мақта-матадан тгілген киімнің сыртынан массаждаған ыңғайлы. Түк басып кеткен жерге жылжытатын заттарды, майларды қолданбайды.
Массаждың тәсілдері белгілі кезкпен қолданыла береді. Мүмкіндік болса тәсілдедің бәрі пайдаланылады. Мәселен, сипау, ысқылау, жұмсарту, сол сияқты дірілдету, қағу. Олардың бәрін бірнеше рет қайталап орындаған соң есте сақталып қалады.
Өзін өзі массаждап отырған кезде тыныс алуды естен шығармау керек. Демді іште ұстап қалу, басты салбыратып, денені иіп бүгіліп кеткен дұрыс емес. Осының бәрін қадағалау керек.
Күнделікті жасаған массаж кейбір аурудың бетін қайтаруға үлкен көмек көрсетеді. Әсіресе, гипертония ауруында өз жағдайына лайықты қолданған масаж тәсілдері қан қысымын әжептәуір төмендетіп, тіпті қалпына келтіруі де ықтимал. Бас қатты ауырғанда жеңіл, үстіртін ғана алақанмен желкені, мойын, маңдайды сипайды. Қандай қимыл болмасын - барлығы да денеге жағымды, жұмсақ болғаны абзал.
Өз-өзіне жасалатын массаж тәілдері классикалық массаж тәсілдерінен еш айырмашылығы жоқ. Ел арасына кең тараған және кітаптың арнаулы тарауында тәптіштеп жазылған тәсілдердің әр түріне тоқталмай үстіртін суреттеп кетуді жөн көрдік.
Сипау - массаждың басында, аяғында, басқа тәсілдің арасында қолданылады. Егер тірекбуын зақымданса (сіңір созылып, тарамыс тартылып, буын шығып), онда сипаудан басқа еш тәсіл қолданылмайды. Оны бір немесе екі қолмен бірдей орындайды. Негізінде алақан әйтпесе саусақтың жұмсақ ұшымен сипайды. Қозғалыс жеңіл ырғақпен без түйіндеріне қарай бағытталады. Орындау тәртібіне байланысты ол үзіліссіз және үзіліспен, үстіртін және қапсыра уыстап ұстап терең жасалатын болып бөлінеді. Тері тым сезімтал болса қолдың сыртымен сипайды.
Ысқылау - бір қолмен, екі қолмен, бас бармақтың тоқпақ етімен, алақанның тірек бездерімен т.б. орындалады. Оны орындағанда теріні жиыра жан-жаққа ысыруға болады. Бұл тәсілді моншада немесе ыстық ваннаға түсіп шыққан соң қолданса, шипасы артады.
Жұмсарту - ең күшті тәсіл. Оны көбінде екі қолмен орындайды. Ұлшық еттерді қапсыра уыстап алып жоғары-төмен, көлденең бағытта қозғап жұмсартады (мыжиды). Ол тек алақанмен орындалады. Массаж жасағанда сол аймақты мейлінше осаңсыту үшін жақсылап тірек қою керек.
Дірілдету(вибрация) - массаж жасайтын аймақт саусақ ұшымен, алақанмен, жұдырқпен жиі-жиі түіп дірілдетеді. Оның үзіліспен жасайтын түрінде қолды әр қимылдан соң жұлып алып отырады. Ал үздіксіз дірілдеткен кезде қол денеден алынбай бір орында қозғалыс жасап тұра береді.
Осы көрсетілген тәсілдерге қолдың ұшымен соққылау, қағу, шапқтау, сыдыру сияқты массаж түрлері қосылады.
Өз-өзіне массажды бір белгілі бөлікке жасағанда 3 - 5 минут, ал барлық денеге жасағанда 15 - 25 минут қажет болады.
Әр массаждың арасында үзіліс керек. Ал барлық жерді массаждап болған соң жатып біршама тынығу пайдалы. Массаж жасар алдында қандай мақсатпен, не үшін, оның қандай әсері болатынын болжап білген жөн.
Бас пен бетке массаж жасау. Басты алға иіп, орындыққа жайланып отырады. Саусақтың ұштарымен мадайдан бастап тура сызықпен немесе шеңбер жасай желкеге дейін ысқылайды. Маңдайдың ортасынан екі самайға қарай қолдың ұштарымен не алақанмен сылап-сипап, ысқылайды. Екі қолмен алма - кезек орындауға да болады. Осылай қастың үстін, кейін көздің айналасын, жоғарғы жағын самайға қарай, ал төменгі жағын мұрынға қарай бағыттайды. Толқындата сипап болған соң, еріннің айналасына көшеді. Сұқ және ортаңғы саусақ еріннің үстінде, үшінші және төртінші саусақ еріннің астында, толқындата сипап шығады. Осыдан соң маңдай, бет терілері мен бұлшық еттерін ысқылайды. Ал үшкіл нерв талшықтары шықан нүктелерді бір немесе екі саусақтың ұшымен дірілдетеді. Массаж беттің барлық жерн сипап аяқталады. Ең ақырында басты оңға-солға, алға-артқа бұрып, егер қан қысымы жоғарыласа айналдыруға болады.
Бетке массажды аптасына екі-үш рет жасаса жеткілікті.
Мойын және трапеция тәрізді бұлшық етке массаж жасау. Желкені массаждау үшінотырып не түрегеліп тұрып орындайды. Екі қолды желкеге қойып, алақанмен жоғарыдан төменқарай трапеция тәрізді еттің бойымен, омыртқа жотасының екі жағынан сипап шығады. Ысқыла саусақтардың ұшын мойын етке тік қойып жылдам қимылмен орындалады. Ал жұмсарту алақанмен қамтып ұстап орындалады, екі қолмен бірдей не оң қолмен сол жақты және керісінше сол қолмен оң жақты массаждайды. Немесе сасақтардың басымен мойын еттерін басып, батыра жаншиды. Осыдан кейін бір сипап алып, екі қолдың саусақтарын шүйдеге тірейді., сәл бүгілген алақан бастың екі жағынан ұстап тұрғандай болады. Міне, осы қалыпта саусақтарды сәл батырып жан-жаққа шеңбер жасай ысқылайды. Қажет болса желкенің үлкен нервісі шыққан нүктені дірілдетіп массаждайды. Одан кейін сол желкеден бастап жауырын бұрышна дейін екі қолмен немесе алма-кезек бір қолмен жайлап сипайды.
Ал мойын, бұғақ өте нәзік, сондықтан оны иектен төмен алқымға дейін алақанмен сипайды. Жұмсарту тек бұғана-төс-емізікше бұлшық етіне ғана орындалады. Онда да төрт саусақтың ұшымен бұлшық ет боймен бастыра жылжытады. Дәл сол аймақтан өтетін күре тамыр мен венаға тиіспейді.
Арқа, бел және бөксеге массаж жасау. Арқа, бел, бөксені массаждағанда отыруға да, түрегеліп тұруға да болады. Ең алдымен екі алақанды омыртқа жотасының екі жағына қойып екі бүйірге қарай, одан соң белден бастап жауырынға дейін сипайды. Кейін осы бағытта мейлінше қатты ысқылайды.
Енді орындыққа отырып бір аяқты екнші аяқтың үстіне айқастыра салып арқа бұлшық еттерін босаңсытады. Осы кезде, оң қолмен сол жақ қапталдағы еттерді қапсыра ұстап, жоғары қарай жылжыта отырып жұмсартады және керісінше екінші қолмен қайталайды.
Белді екі қолмен бірдей массаждайды. Мұнда саусақтарды тырма секілді бір-біріне қапсыра ұстатып, белдің тұсын жоғары-төмен, оңға-солға ысқылайды.әрқолмен жеке массаж жасауға да болады. Артынан омыртқадан бүйірге және жоғары қарай алақанмен сипайды.
Арқа, бел тұсына массаж жасағанда адам өзіне соққылау, қағу, ұрғылау тәсілдерін де қолдана алады.
Бөксені массаждау үшін түрегеліп тұрып, массаж жасайтын аяқты кішкене (аласа) орындыққа қояды, не бір аяққа салмақ түсіріп, екіншіаяқты ұшынан созады, сол кезде бұлшық еті босаңсиды. Немесе бір қырынан жатуға да болады. Оң жақ бөксені оң қолмен, ал сол жақ өксені сол қолмен массаждайды. Алдымен бөксе қатпарынан бастап белге дейін бірнеше рет сипайды, одан соң алақанмен қапсыра ұстап, бас бармақпен төрт саусақтың арасында мейлінше дірілдетеді, шайқайды. Жұдырықпен әр түрлі із қалдыра ысқылайды, уыстап жұмсартады, артынан тағы сипайды. Осылай екінші бөксені де массаждап шығады.
Санға массаж жасау. Әркім өз санына массаж жасағанда орындыққа не төсекке отырады, бір аяқты төмен түсіріп, екінші аяқты төсекке созып жібереді. Осы қалыпта санның үстіңгі бұлшық еттеріне массаж жасайды, ал артқы бұлшық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Массаж түрлері
Балшықпен емдеу
Логопедиялық түзете
Массаж
Сиырдың жатырының субинволюциясын анықтау әдістері
Дене тәрбиесі және төзімділік
Артқы аяқтың массажы
Массаждың теріге әсері
Икемділікке тәрбиелеу
Дене тәрбиесінің әдістемелік принциптері
Пәндер