Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Кәсіпорынның қаржысын қалыптастырудың теориялық аспектілері 5
1.1. Кәсіпорын қаржысының пайда болу тарихы мен экономикалық мәні 5
1.2. Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері 7
1.3. Корпарациядағы қаржылық тұрақтылықтың шетелдік тәжірибиесі 10
2. ҚР корпорацияның қаржылық тұрақтылығын талдау 13
2.1. Самұрық Қазына Әл - ауқатты қорының қаржылық - шаруашылық қызметі 13
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау 17
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар 19
3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жетілдіру жолдары 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 27

Кіріспе

Корпорацияның қаржысы мемлекеттің орталықтандырылған қаржылық ресурстарын қалыптастырудағы маңызы зор болып табылады. Яғни мемлекеттің экономикалық секторы банк жүйесі, кәсіпорынның өнімді өндіру немесе қызмет көрсетуден пайда болып дамыса, корпорация әрі қарай өз істерін нарықтық реттеу арқылы дамытты.
Корпорация - бұл кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін құрылған шаруашылық субьект, оның экономикалық мақсаты қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету және пайда алу болып табылады.
Корпорация қаржысы - бұл негізгі және айналмалы капиталдың құрылуы, корпорациялардың ақшалай қаражат қорларының және олардың бөлінуі мен пайдаланылуы процесінде пайда болдатын қаржылық немесе ақшалай қозғалыстар[1].
Корпоративтік қаржы мемлекеттің бірыңғай қаржы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен жалпы қоғамдық өнім, ұлттык табыс және ұлттық байлық қүрылатын материалдық өндіріс саласына қызмет көрсетумен айқындалады. Мәні жағынан корпорациялар қаржысы қаржы жүйесінін, ерекше бөлігі болып табылады. Олар өндіріспен тығыз байланысты және экономика дамуының заңдылықтарын көрсетеді, экономикалық бизнестің құрамына кіретін категория болып табылады.
Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оның қаржысы халық шаруашылығын басқару жүйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңызды құралы. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастармен бірге халық шаруашылығын басқаруға төменгі буындардың шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.Сол себепті кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нарық жағдайында аса маңызды роль атқарады. Корпорацияның қаржылық жағдайын және оның тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіш ретінде меншікті қаржыландыру көздерімен материалды айналым қаражаттарының қамтамасыз етілуі болып табылады.Ол меншікті айналым капиталының соммасының материалды айналым қорларының соммасымен салыстыру арқылы орнатылады.Материалды айналым қорларын құру үшін қаражат көздерінің көп болуы немесе жеткіліксіздігі корпорацияның қаржы тұрақтылығын бағалаудың маңызды критериі болып табылады.
Өз кезегінде тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспарды орындауға және өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге жағымды әсерін тигізеді. Сондықтан да қаржылық қызмет түсімді және ақшалай қаражаттардың шығындануы, меншікті және зайымдық капиталдың пропорциялығының жетістігі және оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың жоспарлығымен қамтамасыз етуге бағытталуы керек .
Бірінші кезекте қаржы тәуекелдерінің алдын алуға және уақтылы жоюға назар аударылуы тиіс. Мұндай шаралардың негізгі міндеті-қаржы ағындарын бақылауды жоғалтумен және капиталды қате жоспарлаумен байланысты әлеуетті проблемалардың алдын алу және оған жол бермеу.
Шешімдерді уақтылы және дұрыс қабылдау үшін компанияның бұрынғы дамуы және капитал қозғалысының ағымдағы динамикасы туралы барлық ақпаратты қол астында алу қажет.
Жұмыстың өзектілігі: Тұрақты қаржылық жағдайдың жай-күйі компанияның қаржылық тұрақтылығымен тікелей байланысты, бұл оның қаржы көздерімен қамтамасыз етілуін, оның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сипаттайды, яғни сыртқы қаржылық тұрақтылықты да, ішкі де қамтиды. Осыған байланысты компанияның қаржылық тұрақтылық шекаралары ерекше маңызға ие, ал жоспарланған көрсеткіштен әрбір ауытқу оның қаржылық жай-күйінің жетілмеу индикаторы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорынның нарық жағдайындағы қаржылық тұрақтылығының ролі мен ондағы қаржылық тұрақтылыққа жету жолдарын қарастыру.
Осы мақсаттарға жету үшін мына міндеттер орындалу керек:
oo Кәсіпорынның қаржысына түсініктеме беріп оның көрсеткіштеріне тоқталу;
oo Шетелдік тәжірибиедегі кәсіпорындардың қаржылық жағдайына талдау жасау арқылы, оңтайлы ұсыныстар ұсыну;
oo Самұрық Қазына әл - ауқатты қорының қаржылық жағдайын қарастыру;
oo Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау жасау;
oo Қаржылық тұрақтылықты орнату үшін бағытталған шараларды ұсыну.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде: Самұрық Қазына әл - ауқатты қоры мен Тойота кәсіпорыны алынды.
Жұмыстың құрамы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, кестелер мен суреттерден тұрады.

1. Кәсіпорынның қаржысын қалыптастырудың теориялық аспектілері
1.1. Кәсіпорын қаржысының пайда болу тарихы мен экономикалық мәні

Экономикалық жұмыстардың авторлары кәсіпорынның қаржысы туралы әр түрлі анықтамалар береді, мысалы В.В. Бочаровтың айтуынша: кәсіпорындардың қаржысы ақша қатынастарының жүйесін бейнеле йді, ол капиталды және ақша қорларын пайдаланудан туындайтын шаруашылық қызметтердің арқасында туындайды [2, 10б].
Ал М.В. Ромоновскийдің ойынша: корпарация қаржысы - қаржыға байланысты өзгеше сала, ол ақша қатынасының біршама салаларын өзіне қамтиды. Яғни капиталды қалыптастыру мен қолданылуы, кәсіпорынның табыстары мен ақша қорларының айналым кезінде қалыптасуы мен басқада ақша қаражаттарының қозғалысын қамтиды [3, 21б].
Кәсіпорынның қаржысы келесідей сипаттама арқылылы түсіндіріледі:
1) Кәсіпорын қаржысының нысаны - қаржылық қатынастар мен олардың материалдық тұрғыдағы сипатын қалыптастырушы қаржылық қорлар.
Бұл сипаттаманың негізгі қалыптастырушылары: меншікті және оған теңестірілген активтер.
2) Кәсіпорынның қаржысының құрамы - бұл экономикалық қатынастардың әртүрлілігі, ол мемлекеттік органдар, сатып алушылар, жеткізушілер мен басқада кәсіпорындар арасында қаржылық ресурстарды бөлу және қолдану.
3) Кәсіпорын қаржысын көрсету - ішкі атқарушы функциялар арқылы түсіндіріледі. Көптеген ғалымдар оны бөлу, бақылау, ұдайы өндірістік, ынталандырушы және реттеушілік функциялары деп түсіндіреді[4].
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мені өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржы­лық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қара­жаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіз­дігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
Кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржысы:
Капитал - (баланстың пассиві) - активтің (айналымнан тыс және айналым) пайда болатын көзі.
Кіріс - тауар сатудан алынатын және өзге де операциялық және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.
Ақша қоры - тұтыну, жинақтау және резерв қорына бөлінеді.
Коропоративті қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады.
Нарықтық шаруашылық жағдайында корпоративтік қаржының мынадай үш функциясы танылған:
1) Капитал, кіріс және ақша қорын қалыптастыру;
2) Капитал, кіріс және ақша қорын пайдалану;
3) Бақылау функциясы.
Бұл функциялар ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тауар сатудан немесе басқа да қызметтерден алынған түсімді бастапқы бөлу есебінен кәсіпорындар мен мен корпорациялардың қаржы жоспарында (бюджетінде) көрсетілетін арнайы қоры пайда болды.
Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері:
1) Шаруашылық қызметті өзін - өзі реттеу. Бұл принцип кәсіпорындағы материалдық, еңбек және қаржылық ресурстар негізінде өндірістік және ғылыми техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай - ақ оны іске асыруға толық дербестік береді.
2) Өзін - өзі өтеушілік және өзін - өзі қаржыландыру. Корпорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді.
3) Айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз бойынша бөлу. Шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты. Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда айналым қаражатын қалыптастыруда қарыз көздерінің үлесі арттыруда.
4) Қаржы резервінің болуы. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Іс жүзінде осы принциптер шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы саясатын әзірлеуде және қаржыны басқару жүйесін ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылуы тиіс. Оның өзінде:
* Қызмет саласын (коммерциялық және коммерциялық емес қызмет);
* Қызметтің түрін ( бағытын)
* Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру - құқықтық нысанын ескеру қажет[5].
1.2. Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Қаржының жай - күйін және есепті кезеңдегі оның өзгеруінің жалпы сипаттамасын анықтағаннан кейін кәсіпорын қаржысының тұрақтылық көрсеткішін зерттеу қажет.
Жүргізіліп отырған кәсіпорында пайдаланылатын әдістерге байланысты қаржылық талдау теориясында мынадай негізгі қаржылық талдау жүйелері ажыратылады:
1. Көлденең (немесе трендовый) қаржылық талдау жекелеген қаржылық көрсеткіштерінің уақыт бойынша динамикасын зерделеуге негізделген. Осы жүйені талдаудың пайдалану процесінде бірқатар кезеңдеріндегі қаржылық есептілігінің жекелеген көрсеткіштерінің өсу қарқыны (өсім) есептеледі және олардың өзгеруінің(немесе трендінің) жалпы тенденциялары анықталады.
2. Тік (құрылымдық) қаржы талдауы қаржылық есептіліктің ппжекелеген көрсеткіштерінің құрылымдық ыдырауына негізделген.Осы талдауды жүзеге асыру барысында қаржылық көрсеткіштердің біріктірілген жекелеген құрылымдығын құрайтын үлес салмағы есептеледі.
3. Салыстырмалы қаржылық талдау жекелеген топтардың мәндерінің ұқсас көрсеткіштерінің бір-бірімен салыстыруына негізделген. Осы жүйені пайдалану процесінде талдау абсолюттік және салыстырмалы ауытқулардың салыстырылатын көрсеткіштерінің мөлшерімен есептеледі .
4. Қаржылық коэффициенттерді талдау (R-талдау) кәсіпорындардың қаржы қызметтерінің бір-бірімен әр түрлі абсолюттік көрсеткіштерінің арақатынасын есептеуге негізделген.
5. Интегралды қаржылық талдау жекелеген біріктірілген қаржы көрсеткіштерін қалыптастыру жағдайына неғұрлым тереңдетілген (көпфакторлы) баға алуға мүмкіндік береді [3].
Кесте 1
Кәсіпорынның активінің өтімділік дәрежесінің ақшалай қаражатқа айналы топтары:

Атауы
Ерекшелігі
1
Ең өтімді актив (А1)
Кәсіпорынның ақшалай қаражаты мен қысқа мерзімді қаржы салымдары
2
Жылдам салынатын актив (А2)
12 ай ішінде өтелетін дебиторлық берешек пен өзге айналым активі
3
Баяу сатылатын актив (А3)
Қосылмаған шығыс, ұзақ мерзімді қаржы салымдары
4
Қиын сатылатын актив (А4)
Негізгі құрал - жабдық және айналымнан тыс өзге активтер
Ескерту - [5] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Кестедегі мәліметтер кәсіпорындағы өтімділіктің деңгейі, мерзімі және міндеттемені өтеу деңгейіне байланысты топтастырылған.
Инвестицияларды салу мақсатында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдай отырып,төлем қабілеттілігі және өтімділігінің салыстырмалы көрсеткіштерін пайдаланады.
Өйткені ағымдағы активтерді қолма-қол ақшаға айналдыру дәрежесі
бірдей емес, отандық және әлемдік тәжірибеде төрт салыстырмалы өтімділік көрсеткішін есептейді:
1. Мерзімді міндеттемелердің үлесін көрсететін абсолюттік өтімділік
коэффициенті (КАБЛ) қажет болған жағдайда тез іске асырылатын,қысқа мерзімді қаржылық салым және ақша қаражаттарымен жабылуы мүмкін. Оңтайлы мәні 0,2-0,25
КАБЛ = неғұрлым өтімді активтер (неғұрлым мерзімді міндеттемелер + қысқа мерзімді міндеттемелер)
2. Кәсіпорынның мерзімді міндеттемелерінің қандай да бір бөлігін
көрсететін. өтімділіктің (ККЛ) сыни (аралық) коэффициенті қысқа мерзімді дебиторлық берешекті толық өтеу жағдайында жаба алады. Оңтайлы мәні 0,7- 0,8.
ККЛ = (неғұрлым өтімді + тез сатылатын активтер) (неғұрлым мерзімді міндеттемелер + қысқа мерзімді міндеттемелер)
3. Мерзімді міндеттемелердің үлесін көрсететін ағымдағы өтімділік
коэффициенті (жабу) (КП) , қолда бар қорларды іске асыру және қысқа мерзімді дебиторлық берешекті өтеу жағдайда жабылуы мүмкін. Оңтайлы мәні 1-2.
КТЛ = (неғұрлым өтімді активтер + тез сатылатын активтер +қорлар)
(неғұрлым мерзімді міндеттемелер + қысқа мерзімді міндеттемелер)
4. Құралдарды (КЛМС) жұмылдыру кезіндегі өтімділік коэффициенті
қажет болған жағдайда, қысқа мерзімді борыштарды жабу үшін , оларды сатуға материалдық-өндірістік қорларының жеткіліктілігін сипаттайды. Оңтайлы мәні 0,5-0,7.
КЛМС = қорлар (неғұрлым мерзімді міндеттемелер + қысқа мерзімді міндеттемелер)[6].

Қаржылндыру коэффициенті = меншікті қаражаттарқарыз қаражаттары

Автономия коэффициенті = меншікті қаражаттарбарлық активтер

Меншікті қаражаттардың іскерлік (маневрлік) коэффициенті = меншікті айналымменшікті қаражаттар
Сурет 1
Қаржы тұрақтылығының бағалау коэффициенттері.
Ескерту - [7] әдебиет негізінде автормен құрастырылған.
Яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның тұрақтылығының бір көрсеткіші ретінде қарастырылып, кәсіпорын қаржысында маңызды роль атқарады.
Айналым қорларын құруға жұмсалатын ақша қаражаттарының көп болуы немесе төмендеуі, кәсіпорынның тұрақтылығын бағалаудың маңызды критериі болып табылады. Сонымен қатар қаржы тұрақтылығы абсолютті, қалыпты, тұрақсыз қалыпты, тұрақсыз қалыпсыз бола алады.
1.3. Корпарациядағы қаржылық тұрақтылықтың шетелдік тәжірибиесі

Жапонияның қаржылық моделінің ерекшелігі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда мемлекеттік қаржыландырудың және елеулі жеке капиталдың өзара байланысы болып табылады, мемлекеттік және корпоративтік қаржылық жоспарлаудың өзара әрекеттестігі мен өзара әрекеттестігі экономикалық дамудың үйлесімді дамуына және экономикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Жапонияның қаржы жүйесі:
oo Орталық мемлекеттік бюджет;
oo Жергілікті бюджеттер;
oo Арнайы қорлар;
oo Қаржы нарығы;
oo Кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудан (коммерциялық кәсіпорындар және мемлекеттік сектордағы корпорациялар)тұрады [8] .
Мемлекеттегі кәсіпорындардың жағдайына байланысты көптеген ірі компаниялар бар, оларға: көлік құрастыру бойынша - Toyota motor, Honda motor; электроника шығару бойынша - Hitachi, Sony, NEC; компьютерлік техниканы шығару бойынша - Toshiba, Fujitsu, Canon ірі кәсіпорындар ретінде бүкіл әлемде қарастырылады. Жапониядағы заманауи құрылыс индустриясы екі деңгейлі жүйеден тұрады: жоғары деңгейде ірі корпорациялар, ал төменгі деңгей 500 мыңнан астам шағын мердігер фирмалардан тұрады.
Мысал ретінде Тойота Мотор кәсіпорны қарастырылды.

Сурет 2
2018-2019 жылдар арылығында Тойота автокөлігімен қамтамасыз ету жоспары.
Ескерту - [9] әдебиет негізінде автормен құрастырылды

Сурет 3
2017 - 2018 жылдар аралығындағы қаржылық операциялардан түскен табыстың көрсеткіші.
Ескерту - [9] әдебиет негізінде автормен құрастырылған.
Жоғарыда көрсетілген диаграмма бойынша кәсіпорынның кірісі өскенін байқауға болады. Яғни операциялық кіріс 174,1 млрд иенді (жылына 30,0 млрд иен) құрады. Операциялық табыстың көбейюі негізінен несие балансының жоғарлауы және қалдық құнға байланысты шығынның азюына байланысты кіріс өсіп отырады.

Сурет 4
2018 жылы автокөлікті аймақтар бойынша шығару статистикасы.
Ескерту - [9] әдебиет негізінде автормен құрастырылды.
Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтерді қорытындылай келе мынадай қорытындыға келдік:
oo Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы оның автокөлік құралын шығарып, нарықта ашық сатуы. Сонымен қатар автокөліктің бұл маркасына сұраныстың күнделікті артып отыруы.
oo Қазіргі таңда Тойота кәсіпорнының қаржылық жағдайы өрлеу үстінде, яғни несиелік қызмет жоғарлауына байланысты, кірістер өсуде. Ал бұл қаржылық тұрақтылықтың бір факторы болып табылады.
oo Кәсіпорын халықтың сенімінде болғандықтан оған деген сұраныс артады және өнім сапалы болғандықтан көптеген мемлекеттерде олардың өкілдері бар, осы арқылы кәсіпорын халықпен тығыз қарым-қатынаста болады. Сол себепті осы факторлар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

2. ҚР корпорацияның қаржылық тұрақтылығын талдау
2.1. Самұрық Қазына Әл - ауқатты қорының қаржылық - шаруашылық қызметі

Қаржылық қызметтің негізгі мақсаты кәсіпорынның активтерін көбейтумен аяқталады. Бұған ол міндетті түрде баланстың актив және пассивтің оптималды рентабельділі, төлемқабілетті құрылымын өндіріс ұстауы керек.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның тұрақтылығын бағалауға көрсеткіштердің жүйесі қолданылады. Бұл көрсеткіштер келесілерді мінездейді:
Капиталдың қолма-қолдығы мен араласуы, оны пайдаланудың интенсивтілігі мен тиімділігі;
Кәсіпорын пассивінің оңтайлы құрылымы, оның қаржылық тәуелсіздігі және қаржылық тәуекелділік деңгейі;
Кәсіпорын активінің оңтайлы құрылымы және өндірістік тәуекелділік деңгейі;
Айналым активтерінің құрылу көздерінің оңтайлы құрылымы;
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы және төлемқабілеттілігі;
Шаруашылық субъектінің банкроттық тәуекелділігі;
Оның қаржылық тұрақтылығының босалқысы.
Кәсіпорынды талдайтын қатыстық көрсеткіштерін тәуекелділік деңгейін бағалауға және банкроттықтың мүмкіндіктерін болжауға болуы үшін жалпы қабылданған нормамен салыстыруға болады. Нақты кәсіпорынның қатысты көрсеткіштерін басқа кәсіпорынның аналогиялық мәліметтерімен салыстыру кәсіпорынның әлсіз және күшті тұстарын және оның мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Қатыстық көрсеткіштерді сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуі немесе көтерілу тенденцияларын анықтауға алдағы жылға аналогиялық мәліметтермен салыстыруға болады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды тек қана кәсіпорынның қызметіне сәйкес келетін жетекшілер ғана емес, сонымен қатар инвесторлар, құрылтайшылар, банктер, мердігерлер, салық инспекциясы жүргізеді. Инвесторлар мен құрылтайшылар ресурстарды пайдалану тиімділігін анықтауға, банктер - несиелендіру шарттарын бағалауға және тәуекелділік деңгейін анықтауға, мердігерлер - төлемдерді өз уақытында алуға, салық инспекциясы - бюджетке қаражат түсу жоспарын орындауға кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдайды. Сондықтан талдау ішкі және сыртқы талдау болып бөлінеді.
Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры Акционерлік қоғамы -- жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын Қор.
Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Ол -- Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету міндеті жүктелген инвестициялық холдинг.
Қордың миссиясы: Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Қордың басты мақсаттарының бірі Қор компаниялары қызметінің тұрақты даму қағидаттарына сәйкестігін, сондай-ақ тұрақты даму және ұзақ мерзімді перспективада экономикалық құнды қалыптастыру үшін экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының тұрақты даму мақсаттарымен сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қор корпоративтік басқаруда жоғары деңгейге қол жеткізуді жалғастыруды, кадрлық әлеуетті жақсартуды, өзінің қоржынды компанияларында меритократияның қағидаттарын енгізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар жаңа стратегия аясында әлеуметтік маңызды бастамаларды іске асырудың жолдары қарастырылады.
2017 жылы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ барлық басты стратегиялық көрсеткіштер бойынша өсімге қол жеткізді және жылды оң қаржылық нәтижемен аяқтады. 2017 жыл қорытындылары бойынша акционердің үлесіне шоғырландырылған таза пайда 601 млрд теңгені құрап, 2016 жылғы көрсеткіштен 146 млрд теңгеге асты. Холдинг компанияларының шоғырландырылған активтері 1,7 триллион теңгеге (7,6 %) өсіп, 24,2 триллион теңгені құрады.
2017 жылдың негізгі көрсеткіштері:
Таза пайда: 575,2 млрд.теңге
Жұмысшылар саны: 327,5 мың адам
Әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы тұрақтылығының біріктірілген индексі базасында банк жүйесінің қаржы тұрақтылығын бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Нарық жағдайында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық негіздері
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары
Шағын және орта бизнестің (ШОБ) қаржы менеджментін ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жайлы
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Пәндер