Қойды қолдан ұрықтандыру
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а)Асылдандыру
ә)Қолдан ұрықтандыру
б)Қойды қолдан ұрықтандыру
в)Сиырды қолдан ұрықтандыру
г)Биені қолдан ұрықтандыру
ғ)Шәует
д)Шәует алу әдістері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Малды өз төлінен өсіру бүгінгі таңдағы ең қиын да әрі өте көп жұмсауды, терең білімді қажет ететін жұмыс.Малды күтіп - бағудың ережелерін сақтап, ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмде болатын физиологиялық, биологиялық үрдістерді дұрыс пайдаланып отырса, әрбір 100 бас сиыр мен құнажыннан жыл сайын 105-110 бұзау және жоғары сапалы өнім алуға болады.
Біздің негізгі мақсатымыз малды қысыр қалдырмай, одан мол өнім алудың теориялық негіздерінен білім берумен қоса, сол білімін тәжірибе жүзінде қолдана алатындай машықтандырып, шеберлікке үйрету.
Малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп - өну органдарының физиологиясы мен анатомиясы, патологиялары жөнінде терең білім болмай, мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Малдың бедеу немесе қысыр қалу себептерін анықтап, ауруды емдеудің тиімді әдістерін қолдана білу керек. Ол үшін малдәрігерлік акушерлік және гинекология пәнін оқып үйренудің маңызы орасан зор.
1955 жылдан бастап мал тұқымын асылдандырып және қолдан ұрықтандыру жұмысын басқаратын арнайы мемлекеттік станциялар аудандарда, облыстарда құрыла бастады. Асыл тұқымды құнды бұқаларды, қошқарларды бір жерге топтастырып, оларды дұрыс пайдаланудың арқасында қысқа мерзімнің ішінде қойдың ондаған жаңа тұқымдары шығарылады, ірі қарадан, шошқадан да бірнеше жаңа қолтұқымдар шықты.
Негізгі бөлім
Мал тұқымын асылдандыру -- малдың тұқымдық сапасын жақсартуға, өнімділігін арттыруға бағытталған шаралардың біртұтас жүйесі. Ол малды зоотехникалық тұрғыдан бағалау, тиімді белгілеріне қарай таңдау, сұрыптау, жұптау, төлді дұрыс өсіру сияқты басты-басты жұмыстардан тұрады. Тұқым жақсарту ережелері биологиялық әсіресе генетика жетістіктеріне негізделеді. Асыл тұқымды мал зауыттары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, мал тұқымын асылдандыру станциялары мал тұқымын асылдандыру базалары болып саналады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының басты міндеттеріне малдың өнімділік және тұқымдық қасиетін жақсарту, өздерін және басқа өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету үшін сапалы тұқымды мал өсіру жатады. Mал тұқымын асылдандыру жұмысын жетілдіруге бағытталған мемлекеттік шаралар тұқымдық мал көрмесін ұйымдастыру және мал тұқымдарын әр түрлі аймақтар мен облыстар бойынша аудандастыру болып табылады. Аудандастыру жоспарын жасағанда үш қағида басшылыққа алынады:
1) халық шаруашылығына қажеттілігі;
2) мал тұқымының биологиялық және өнімділік ерекшеліктері;
3) аймақтың табиғи-климаттық және экономикалық жағдайы. Өзге тұқымдарға араластырмай, таза күйінде өсірілген малдың бағалы қасиеттері сақталады. Mал тұқымын асылдандыру барысында аса бағалы асыл тұқымды мал алынып, белгілі бір тұқымдық топқа жатқызылады. Тұқымдық мал зауыттарында, станцияларында жаңа желілер, аналық ұялар, жаңа тұқымдар шығарылады. мал тұқымын асылдандыру жұмысында, мұнымен қатар, шағылыстыру гибридтеу әдістері кеңінен пайдаланылады.
Асылдандыру орталығындағы өндірушілерге, шәуетке және оның таратылуына қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Асылтұқымды жылқыны, ірі қараны, ұсақ малды, шошқаны өсіру, оларды пайдалану ауыл шаруашылығының дамуында маңызды роль атқарады және жүргізілген жұмыстың қанағаттанарлық нәтижесі асылдандыру орталықтарында күтіп - бағылатын таза қанды өндірушілерді пайдалану деңгейіне байланысты.
Өндірушілерді күтіп - бағу және олардан шәует алу мемлекеттің белгіленген ветеринарлық - санитарлық талаптарға сай жүргізіледі. Шәуеттің сертификат көрсеткіші қоса табылады.
Мал шәуетін сату үшін мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары және асылтұқымды мал шаруашылығы орталығы берген малдың тұқымына сәйкестігін дәлелдейтін құжат және идентификация сертификаты болу қажет. Асылдандыру орталықтарының жұмысы елдегі, аймақтағы шаруашылықтарға қызмет көрсетумен шектелмейді. Қазақстан Республикасының асылдандыру орталықтары өз өнімдерімен сыртқы нарыққа шығу үшін халықаралық талаптарды сақтау керек.
Ветеринариялық - санитариялық ережелер ауылшаруашылық малының ұрығын алуға, сақтауға және таратылуына арнайы құрылған асыландыру кәсіпорындарының, олардың қай ведомствоға қарайтынына және меншіктік формасына қарамастан сақталады.
Шәуетпен жұмыс істейтін арнайы асылдандыру кәсіпорын жұмысшсыларын кезекті медициналық тексеруден өткізіп тұру керек. Туберкулез, бруцеллез және адам мен малға бірдей, басқа да аурулармен ауырған адамдар, арнайы құрылған кәсіпорында жұмысқа жіберілмейді. Таза қанды мал өсіруде нәтижелі жұмыс болу үшін, өндіруші шәуетіне жоғары ветеринариялық талаптар қою керек. Елдің аймақтық ветеринариялық қызметінің бақылауында болған шәует асылдандыру кәсіпорынында жоғарғы құнды өндірушілерден алынған шәует өндіріске пайдалануға жіберіледі.
Қолдан ұрықтандырудың негізгі мақсаты - асыл тұқымды, құнды аталық малдан мейілінше көп төл алу, қысқа мерзімнің ішінде бүкіл малдың сапасын, өнімділігін арттыру, жаңа қолтумалар гибридтер шығару.Асыл тұқымды малдың шәуетін алыс елді мекендерге апаруға, басқа мемлекеттен сатып әкеліп қолдануға, шәуетті көп жинап алып, ұзақ уақыт сақтап қойып қолдана беруге болады. Малды қолдан ұрықтандыру - ауылшаруашылық малдарының тұқымын зоотехникалық жолмен асылдандырудың негізі болып саналады.Мал қашыратын пунктерді алдын ала дайындайды, малды қолдан ұрықтандыратын техниктерді, қажетті жұмысшылар мен көмекшілерді, ұрық алатын малды, ұрықтандыратын аналық малды 1,5-2 ай бұрын дайындай бастайды, малдың қоңдылығы, күйі жақсы болса, ұрықтандыру нәтижесі жоғары болады. Қолдан ұрықтандыру кезінде қолданылатын аспаптар стерилбденген таза, малдың сыртқы жыныс органдары жуылып, сүртіледі, пункттің іші де таза, жұмысты бастамай тұрып, 0,5-1 сағат бактерицидті шамдардың сәулесімен зарарсыздандырылған болуы керек.Малды ұрықтандырған кезде мүмкіндігінше тыныштық сақталуы тиіс, малды ұрып-соғуға болмайды. Бөгде кісілердің жүруі, айғай - шу ұрықтандыратын малдың көңілін бөліп, алаңдатады, жатырдың тонусы төмендеп овуляция болмай қалады. Осының бәрі ақырында келіп қолдан ұрықтандыру жұмысының нәтижесіз қалуына әкеліп соғады. Малды қолдан ұрықтандыратын техниктің де күнде ауысып отырғаны дұрыс емес.
Малдың түлігіне қарай қолдан ұрықтандыратын шәуетті қынапқа, жатыр мойнына, жатыр денесіне, жатыр түтікшесіне, жас тұсақтарыды, қашарларды ұрықтандырғанда шәуетті көбінесе, қынапқа жібереді, ал ересектерін тек жатыр мойнына жіберу арқылы ұрықтандырады. Бие мен шошқаны ұрықтандырғанда шәует тікелей жатыр денесіне барып түседі. Құстарды қолдан ұрықтандырғанда шәуетті ұрық түтікшесіне жіберу әдісі қолданылады.
Қолдан шағылыстыру адам бақылауымен іске асады. Бұл малды жекелеп жұптастыру мен асыл тұқымдық жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді; асыл тұқымды қошқарларды пайдалану жақсарады. Алайда қолдан шағылыстыру кезінде өте жақсы аталықтарды пайдалану шектеулі, өйткені оған көп еңбек шығымы қажет, аталықтар ауру жұқтырып таратуы мүмкін сондықтан қолдан шағылыстыруды мал басы аз жеке жұптау жүргізетін шаруалышықтарда пайдалану тиімді. Қолдан шағылыстыру кезінде күйге келген аналықтарды күйттеуші аталықтар көмегімен таңдап алады. Күйге келген саулықтарды оларға бекітілген қошқарлармен шағылыстырады.
Шағылыстыру үшін саулықты станокқа бекіткен дұрыс, аталық аналыққа күшпен итеріліп, секіргенде ғана ұрықтанған болып есептеледі. Бір саулыққа қайта-қайта аталықты секірту қажет емес. Бір рет алыпты секіру, ұрықтану үшін жеткілікті. Аталықты ұрықтандырғаннан кейін аталықты тұратын қоршауына, ал саулықты - ұрықтанған малдар қатарына қосады. Одан кейін дәл осы жолмен келесі саулық ұрықтандырылады. Аталық бәр тәулікте үш төрт саулықты ұрықтандыруы қажет, ал жақсы күтіммен күшті азықтандырудағы аталық үшін 5-6 саулық бекітіледі, секірту аралығы 1-2 сағаттан кем болмауы керек. Ұрық сапасын 5 күнде бір тексеріп отырады. Егер ұрық сапасы тұқыммен төмен болса, аталықты шағылыстыруға жібермей оған арнайы жақсы күтіммен толық құнды азық беріп, жағдайлар жасалады. Мұндай аталықтарды тек ұрық сапасы жақсарған жағдайда ғана шағылыстыруға жібереді.Шағылыстыру кезеңі мен ұзақтығы 1,5-2 ай. Қолдан шағылыстыру кезінде бір аталық 60-80 және одан да көп аналықты ұрықтандыра алады. Қолдан шағылыстыру аяқталғаннан кейін аталықтарды ұрықтанбай қалған саулықтар үшін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz