Аталық малдың жыныс мүшелері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

I. Кіріспе.

1. 1. Аталық жыныс бездері туралы жалпы сипаттама . . . 1-2

II. Негізгі бөлім:

2. 1Аталық малдың жыныс мүшелері . . . 4-5

2. 2Қосымша жыныстық бездер . . . …6-8

2. 3Қосымша жыныстық бездердің аурулары . . . …8-10

III. Қорытынды . . . …. 11

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 12

I. Кіріспе

Көбею - жануарлардың өніп-өсуін, белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс. Жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан толық жетіліп, ағзаның ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады. Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖК, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен байланысты аталық және аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс жасушалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.

Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың тұқымдық ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандырылу деңгейіне, климат жағдайларына байланысты. Ұрғашы жануарларда, аймен санағанда, ол мына мерзіммен сипатталады: ірі қарада 6-10 ай, қой-ешкіде 7 ай, шошқада 6 ай, жылқыда 18 ай, түйеде 24-36 ай, бұғыда 17 ай, қоянда 5 ай; итте 7ай, мысықта 5 ай, қара күзенде 9, 5 ай.

Шамамен осындай мерзім ішінде еркек малда да жыныстық жетілу байқалады. Жыныстық жетілу ағзаның пісіп-жетілуінен, өсіп-даму процесінің аяқталар мерзімінен бұрын қалыптасады. Сондықтан, жас малды жыныстық жетілу мерзімі толысымен шағылыстыруға болмайды. Бұл ереже орындалмаса аналық малдың өсіп-жетілуі нашарлап, төлдеу процесі қиындайды. Малды тек физиологиялық жетілу мерзімінен кейін ғана шағылыстырған жөн. Физиологиялық жетілу деп жас мал денесінің өсіп-жетілуінің, сақа малға тән пішіннің толық қалыптасуының аяқталған мерзімін атайды. Әр түрлі малда физиологиялық жетілу мерзімі (аймен санағанда) : ірі қарада 16-18; қой-ешкіде 12-15; шошқада 10; жылқыда 36; түйеде 48-60; бұғыда 30; қоянда 6; итте 12; мысықта 10; қара күзенде 14.

Аталық жыныс бездері - жыныс органының күрделі бөлігі. Мұнда аталық жыныс клеткаларымен бірге аталық жыныс гормондары түзіледі. Аталық безі мезотелий мен ақ кабықшадан тұратын қабықпен қапталған. Осы қабықтан аталық жыныс безін бөліктерге бөлетін дәнекер ұлпалық бөлмелер тарайды. Бөліктерде 1-2 ирек шәует каналшықтар болады. Ирек каналшықтар тік каналшықтарға айналады да аталық жыныс безі торының каналшықтарымен жалғасады. Бұл тордан 10-12 алып кетуші каналшықтар тарайды. Ирек каналшықтар арасында қан тамырлар мен нервтер бар. Борпылдақ дәнекер ұлпасы алып жатады. Осы бор ұлпада аталық жыныс гормонын бөлетін интерстициалық клеткалар болады. Әрбір шәует каналшығы дәнекер ұлпалық қабықшамен қапталған. Шәует каналшығы базальдық мембрананың үстінде жататын сперматогендік эпителий клеткалары арасында. Сертолийдің клеткалары деп аталатын ірі клеткалар орналасқан. Каналшықтың қуысы дамудың түрлі кезеңіндегі жыныс клеткаларына толы болады. Жыныс клеткалары ирек каналшық қабырғасын бірнеше қабат құрып жатады: сперматогониялар шетінде, ал қалыптасқан аталық жыныс клеткалары, немесе сперматозоидтар каналшықтардың ортасында болады. Аталық жыныс клеткаларының сперматозоидтардың түзілуі (сперматогенез) ирек каналшықтар да жүреді.

Аталық жыныс бездерң несеп шығарғыш өзектің бастапқы бөлімін қоршап тұратын, көпшілік бөлімі безді, аздаған бұлшықетті мүше болып табылады. Без ретінде ол тұқымның маңызды құрамды бөлімін түзетін және сперматазоидтардың белсенділігін арттыратын секрет бөліп шығарады, сондықтан жыныстық жетілу қарсаңында дамиды. Бұл без ішкі секрециялық қызметті атқарады деген пікір бар (П. Богданов, Р. М. Фронштейн) . оның бұлшықеттік бөлімі эакуляция кезінде несеп пен сперманың араласуына мүмкіндік бермейтін несеп шығарғыш өзектің ырықсыз үшінші қысқышы болып табылады. Қуықасты безінің қуыққа қараған негізін несеп-жыныстық диафрагмаға қараған ұшын ажыратады. Оның алдыңғы беті дөңес, қасағалық қоспадан борпылдақ ұлпа және вена тамырларының өрімімен бөлінген. Артқы беті тік ішекке қараған жәгн оданастау шандыр қабығының табақшасымен ғана бөлінген, сондықтан оны тірі адамда тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы аңгізілген саусақпен анықтап білуге болады. Несеп шығарғыш өзек қуықасты без арқылы оның негізінен ұшына қарай алдыңғы бетіне жақын өтеді. Бездің екі оң және сол бөлімдері, арасында ортаңғы бөлімі жатады да, хирургтардың назарын едәуір аудартады. Өйткені бездің гипертрофиясы кезінде үлкейіп, несеп шығаруды қатты бұзады. Қалған үлкен бөләмә оң және сол жақ бөліктерден тұрады.

IMG_256

II. Негізгі бөлім

Аталық мал жыныс аппараттарының физиологиялық жағынан атқаратын қызметі: ұрық бөліп, оларды жыныс мүшелерінен шығарып, аналық малдың жыныс жолдарына кіргізу. Осы үрдiстер аталық мал мүшелерiнiң құрылыс өзгешеліктерімен (1 сурет), малдың түр ерекшеліктері және жыныс актісі динамикасына байланысты құбылып отырады.

http://portal.agun.kz/e-books/content/2pGdiZE8ZbMyu0ijOsVO/pictures/2.bmp

1-сурет. А-айғырдың; Б-бұқаның; В- қошқардың; Г-қабанның жыныс мүшелері .

2. 1Аталық малдардың жыныс мөлшері

Аталық малдың жыныс мүшелері аталық жыныс бездерінен, олардың шығаратын тармақтарынан, ен сағағы, ұрық жолы, несеп-жыныс жолы, қосалқы жыныс бездерінен және жыныс мүшесінен тұрады.

Аталық жыныс бездерi (testis, orchis, didymis) - қос жыныс бездері, сопақ немесе дөңгелек пішінді, күрделі, құбырлы без болып келеді. Басқа сол сияқты бездерден айырмашылығы, ол аталық безден бөлінетін секрет сұйықтықтан емес, тек жазуша элементтерден ұрықтардан тұрады. Сырттан аталық жыныс бездері ұма қабығымен жабылған (осы орын пішіні мен орналасқан жағдайы малдардың түріне байланысты әртүрлі болып келеді) .

Текеде, қошқарда және бұқада ұма екі сан арасында орналасқан, бірақ вертикальды жағдайда, оның мойны айқын байқалады. Қабанда ұма санның артында, горизонтальды жағдайда орналасқан. Артқа қатты жылжыған, мойны жоқ, нашар салбыраған. Айғырда ұманың орналасуы сан арасында, бірақ ол горизонтальды орнығады, ал мойны нашар байқалады.

Тері астында бұлшық ет эластикалық қабық болады, ол ұма терісімен жабысып өсіп кеткен, сондықтан жылтыр бұлшық ет жиырылғанда ұма терісі бүріседі де қатпарланады.

Бұлшық ет эластикалық қабық, ұманы екі жартыға бөлетін көлденең қалқасын құрайды. Бұлшық ет эластикалық қабық астында жалпы қынаптық қабық жатыр (осы жердің әрбір жартысының ішінде жалпы қынаптық қабық аталық жыныс безінің айналасында қынаптық қуыс құрайды) . Соңғысы жіңішке шап жолына өтеді, қынап тесігі арқылы құрсақ қуысымен қатынасады.

Аталық малдардың жыныс бездерінің пішіні, көлемі және салмағы жағынан бірдей емес. Қошқар мен бұқада эллипс, айғырда жұмыртқа тәрізді, қабанда сопақ бұршақ сияқты, аталық итте сопақша болып келеді. Ұзындығы жағынан ең ұзыны бұқада 12-14 см, ал қалған аталықтарда 10-12 см аралығында, салмағы жағынан ең салмақтысы қабандарда, олардың әрбіреуі 400-500 г жетеді.

Аталық жыныс бездері 300-ден 400-ге дейін үлестерге бөлінеді. әрбір үлесте 4-5 ирелеңген жолдар бар, олардың ұзындығы 50 см-ден 80 см-ге дейін. Жыныс бездері жолдарының ұзындығы: айғырда 86 м, қабанда - 64 м, бұқада - 30 м.

Жыныстық жағынан жетілген аталықтардың жыныс бездерінің ирелеңген жолдарында аталық жыныс жазушалары - ұрықтар пайда болады.

Ен сағағы (epididymis) бұқада, қошқарда және текеде аталық жыныс безінің каудалды шетіне тығыз, ал айғырда, қабанда және итте жыныс безінің дорсалатералды бетінде жатады. Ен сағағының басын, денесін және құйрығын ажыратады. Текеде, қошқарда, бұқада ен сағағының басы жыныс безінің дорсалды шетінде жалпақ қабат түрінде орналасқан. Ен сағағының денесі жыныс безіне оның каудалды шетіне көлденең жатады. Текеде, қошқарда, бұқада ен сағағының құйрығы вентралды, қабан мен итте аталық жыныс безінің дорсалды шетінде жатады. Ен сағағының басы 13-15 жолдардан тұрады. Осы жіңішке жолдар жалпақтығы 0, 1 мм-ден 0, 3 мм қатты иреленген ен сағағының жолына құйылады. Ен сағағының құйрық бөлімі секрет және ұрықтармен толған. Бұл жерде ұрықтар жетіледі, қорғаныс қабығымен жабылады және анабиоз жағдайына өтеді, осы үрдiстің арқасында ұрықтар екі айға дейін ұрықтандыру қасиетін сақтайды.

Шәует бауы (funiculus spermaticus) шырыш қабатымен жабылған, ұрық жолынан, қан тамырларынан, жүйке және бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Ол аталық бездің сағағынан басталып, шапқа дейін созылады.

Ұрық жолы (тұқым жолы) ductus, deferens ұзын түтікшеден тұрады, олар оң және сол ұрық жолдарына бөлінеді. Ұрық жолдарының әрбіреуі ен сағағының құйрығынан басталады да, шәует бауымен шап жолы арқылы құрсақ қуысына өтеді, содан кейін қуықтың дорсалды бетіне жетеді. Осы жерде айғыр, теке, қошқар, бұқа ұрық жолдары айқын көрінетін ұрық жолының құтысы деп аталатын кеңейткішін құрайды. Бұқада олар тік ішек арқылы жақсы байқалады. Қабан мен итте бұндай құты болмайды.

Ұрық жолының қабырғасында қатты тарамдалған сұйық секрет бөлетін шәует кезінде ұрықтармен араласатын бездер олар итте жоқ болады.

Қуық мойнының үстінде екі ұрық жолдары жалпы эякуляторлық өзекке (ductus eja culatorius) қосылып несеп жолына құйылады (canalis urethralis) да әрi қарай несеп - зәр жолы ретiнде жалғасады. Қосымша жыныстық бездердің негізгі қызметі сөл бөлу. Осы қосымша жыныстық бездерден бөлінген сөл ен қосалқысынан келген қою шәуетті сұйылтып, шәуеттің көлемін ұлғайтады, спермийлерді ұйқыдан оятып, қозғалу белсенділігін арттырады, шәует бөлінер алдында уретралдық бездер өзінің сөлімен несеп ұрық жолын тазалап өтеді.

Жыныс мүшесі (penis) шағылысу органы болып саналады, ол түбірден, денеден және бастан тұрады. Басты бір венозды, ал дененің негізін екі үңгірлі артериалдық немесе кавернозды қан тамырларының өзгерілген денесін құрайды. Осы екі үңгірлі денелердің арасында жыныс мүшесінің басында ашылатын уретраны қоршаған несеп жолының, каверналық денесі орналасады, қошқарда жыныс мүшесінің басында өсінді секілді шығып тұрады. Айғырда жыныс мүшесінің басы жуандаған, бұқа мен қошқарда ұзарған, қабанда - тығын тәрізді, ал иттердің жыныс мүшесі негізінде сүйек болады.

Жыныс мүшесінің тері қатпары (күпек praeputium) барлық аталық малдарда (айғырда жоқ) жыныс мүшесінің краниалды бөлігі орналасатын тері қуысы болып саналады. Аталық жыныс мүшелерінің қан және жүйкемен қамтылуы. Ұманы өте нәзік сыртқы ен артериясы қамтиды. Оны артқы жүйесі, мықын-қарын асты, мықын-шап жүйесінің тармақтары иннервациялайды. Енді ішкі ен артериясы қанмен қамтып, ен тарамдары тармақтары иннервациялайды. Жыныс мүшесін ішкі артқы артериясы қанмен қамтып, сыртқы ен жүйесі мен артқы жүйесінің жалғасы жыныс мүшесі жүйесі иннервациялайды.

2. 2Қосымша жыныс бездері

IMG_256

1) Көпіршік безі ( gl. vesicularis) - екеу, ұрық жолының бойына шығаратын тармақтармен ашылатын қуық мойнының қампаймасының екі жағында орналасқан. Ұзындығы ірі малда және қабанда 10-15 см жетеді, қалыңдығы 4-5 см, тік ішек арқылы қол салып қарағанда анық білінеді. Бұлар қошқар, бұқа және айғырда жақсы дамыған, итте және жабайы аңдарда жоқ.

2) Простата безі немесе баданалық без (gl. prostata) - жеке дара без, денеден және тарамдалған /бытыраған/ бөлімнен тұрады. Денесі қуық мойнына көлденең жатады. Тарамдалған бөлімі несеп-жыныс жолының жамбас жағының қабырғасында орналасады. Аталық итте және айғырда өте жақсы, қабан мен бұқада кішкентай денесінен басқа көп санды ұсақ без топшалары бар нашар дамыған, қошқар және текеде олар тек безді топпен келтірілген. Басқа бездерден айырмашылығы, простата безі екі бөлімнен тұрады:1) меншікті безді бөлігі және 2) бұлшықет бөлігі. Меншікті безді бөлігі көптеген без үлесшелерінде орналасқан. Безді аппарат үлесше аралық дәнекер тіндерде орналасқан а) соңғы бөлім және б) шығарушы түтіктерден тұрады. Бездің соңғы бөлімі түтік және альвеола тәрізді. Кесіндіде олардың пішіні: домалақ, сопақша тәрізді, созылыңқытармақталған болып IMG_256

келеді. Қызметтік жағдайына байланысты соңғы бөлім бір қабатты кубтәрізді немесе цилиндр тәрізді эпителиймен төселеді. Безді жасушалардың ядролары базальді жағына жақын орналасқан, цитоплазмасында түйіршіктер немесе вакуольдер болады. Ұсақ шығарушы түтіктері, көпқатарлы цилиндр тәрізді эпителиймен төселген. Ірі түтіктер ауыспалы эпителиймен төселген. Простата безінің бұлшықет бөлімі түрлі бағытталғанеркек жыныс мүшесінің көптеген тегіс бұлшықет бауларынан түзілген. Бұлшықет баулары дәнекер тінді қабықпен оралған. Простата безінің шығарушы түтігі, бездің орталығында орналасқан несеп шығару каналының құысына ашылады. Бұл канал көпқабатты куб тәрізді эпителиймен төселген.

3) Купер безі (gl. bulbourethralis, gl. cowperi) - несеп-жыныс жолына екі тармақтармен әрбір жағынан біреуден ашылады. Көлемі 3-4 см (қабанда 6-12 cм) болатын екі бөлек безден тұрады. Айғыр мен қабанда осы бездер жақсы дамыған, бұқа, қошқар, текеде онша үлкен емес, аталық итте жоқ. еркек жыныс мүшесінің түбіндегі зәр шығаратын өзекке жалғанған кішкентай жұп бездер. Бульбоуретраль бездері еркек секрециясына аз ғана үлесін қосатын бездер. Олар шәует сұйықтығын құрайтын сілтілік сұйықтық яғни зәр шығаратын қышқылдық жағдайын бейтараптандыратын ұрықты сақтайды.

Негізінен купер безі екеу болады. Олар бар болғаны асбұршақтың көлеміндей ғана және медициналық тұрғыда аса маңызды емес. Жас ұлғайған сайын купер бездерінің көлемі кішірейеді. Бульбоуретраль бездері шат аралығының көлденең бұлшық етінің тереңінде орналасқан олар диаметрі -0, 3-0, 8см альвеолярлы түтікше бездер.

4) Уретралық бездер (gl. urethralis) - несеп - ұрық жолының қабырғасында орналасқан. Уретраның кілегей қабығының қатпарларында, жыныс жолдарының бойында түткішелі уретралды бездер орналасқан. Қосымша жыныстық бездердің негізгі қызметі сөл бөлу. Осы қосымша жыныстық бездерден бөлінген сөл ен қосалқысынан келген қою шәуетті сұйылтып, шәуеттің көлемін ұлғайтады, спермийлерді ұйқыдан оятып, қозғалу белсенділігін арттырады, шәует бөлінер алдында уретралдық бездер өзінің сөлімен несеп ұрық жолын тазалап өтеді.

2. 3Қосалқы жыныстық бездердің аурулары.

Патогендік микроорганизмдердің, сонымен қатар химиялық, механикалық және басқа фақторлар әсерінен аталық малдың жыныс органдарында қабыну үрдістері дамып, көп жағдайда жыныс функциясы динамикасын бұзумен өтетін импотенция себебі болады. Патологиялық үрдістер кезінде артқы аяқ көлемінде, белде пайда болатын ауру сезімдер жыныс рефлекстерінің бұзылуымен байқалады. Ет бұлшығының және жамбас буындарының байланыс аппаратының жіті және созылмалы аурулары құшақтау және қосылу рефлекстерінің біреуін не бәрін тежеуі мүмкін. Бұндай көрініс қөп жағдайда ауыр салмақты бұқаларда кездеседі. Жоғарыда көрсетілген рефлекстер көбіне жылқыларда жиі пайдаланудан болады. Бұл жағдайда өндіруші жыныстық қозудың барлық белгілерін білдіреді, онда эрекция пайда болады, бірақ ол аналыққа секірмейді, немесе оның үстінен тез түсіп, жыныс актын эякуляцияға жеткізбейді. Кейбір жүйке қызметі жоғарылауында өндірушілерде айқын эрекция, құшақтау және шағылысу рефлекстерінің көрінуінде жыныс органдарының спазматикалық жиырылуынан эякуляция болмайды. Эякуляция кешеуілдеуі эякулят бөлу ортасының бұзылуы салдарынан болуы да мүмкін.

Бұл ауытқуды бұлшық ет байлыныс аппаратын мұқият зерттеу арқылы анықтайды. Өндірушіні әсіресе, тауға қарай жетектегенде ақсаңдау, сауырын пальпациялағанда отыра қалу, сіңір-жалғам аппаратының ауырсынуы сынды көрсеткіштер құшақтау және басқа рефлекстердің бұзылғанының дәлелі болып саналады.

Простатит (Prostatis) . Инфекция қоздырушысына өздігінен гематогендік жолмен өтуі салдарынан, немесе көбіне үрдістің айналасындағы ұлпалардың әсіресе, несеп жолдары ауруларынан таралуы түрінде катаралды немесе іріңді қабыну түрінде дамуы мүмкін.

Іріңді қабынуда, абсцесстер уретра қуысына жарылуы кезінде ұрыққа жасыл немесе қоңыр-жасыл түсті ірің араласады. Созылмалы іріңді қабынуда ұрықтың әр үлесінде ақ немесе талшық тәріздес ірің аралас күйде болады. Микроскопиялық зерттеулер арқылы ұрықта көп мөлшерде лейкоциттер, кейде эритроциттер мен іріңді денелер анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркек малдың жыныс мүшесі
Сиыр, қой және басқа малдардың жыныстық циклдерінің көріну ерекшеліктері
Ет қоректілердің төлін кесерево тәсілімен жарып алу
Аталық малдың жыныстық рефлекстері
Аталықтардың белсіздігі
Аталықтардың белсіздігі жайлы
Ауыл шаруашылығы малдарының дене бітіміне қазіргі кездегі көзқарастары және оның мал шаруашылығындағы маңыздылығы
Ұрғашы мал жыныс ағзалары және олардың қызметі
Күйіттеуші малдарды дайындау әдістері
Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабынумен өтетін аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz