Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЗЫҚ ТЕРРИТОРИЯЛАРДЫҢ КӨЛДЕНЕҢ ЗОНАЛЫҚ ТОПЫРАҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.СОРТАҢ ТОПЫРАҚТАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҒЫНЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2ШӨЛДЕНУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3.ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .23

КІРІСПЕ

Қазақстанның барлық жер қоры ауданы 272 млн 490 мың гектар. Жер кодексінің 1 бабына сəйкес Қазақстан Республикасы жер қоры нысаналы мақсатына сəйкес келесідей санаттарға (категорияларға) бөлінеді жəне 2006 жылғы есеп бойынша олардың алатын ауданы төмендегідей:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер - 85,0 млн. га;
елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері - 21, 2 млн, га;
өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері жəне өзге де ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жер - 2,5 млн.га;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекриациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жер-3,3 млн. га,
орман қорының жері - 23,4 млн. га;
су қорның жері - 3,7 млн. га;
босалқы жер - 122,0 млн га.
Қазақстанның жер қорының 222,6 млн. гектары ауыл шаруашылығы алқаптары (барлық жер ауданының 81,7%-ы). Оның ішінде:
егістіктер ( жыртылған жер) - 23,2 млн. га;
көпжылдық екпелер егілген жер - 115,5 мың га;
тыңайған жер - 5,4 млн га;
шабындықтар - 5,5 млн га;
жайылымдар - 189 млн. га.
Еліміздің жер қорының топырақ жамылғысы алуан түрлі болып келеді . Еліміздің топырақ жамылғысы ішінде құнарлылығы төмен, пайдалану үшін оларды жақсарту (мелиорация) жұмыстарын іске асыру қажет кейбір, кебірленген, сорланған, су жəне жел эрозиясына төзімсіз топырақтар түрлеріде мол тараған. Қазақстанның жер қоры өте мол, оның топырақ жамылғысы құрамында құнарлылығы жақсы, егіншілікте қолдануға тиімді

топырақтармен қатар егіншілікке тиімсіз құнарлылығы төмен топырақ түрлері кездеседі.
Сондықтан еліміздің жер қорын экологиялық жағынан негізделген бағдарлама бойынша тиімді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта жер қорын пайдалануда байқалған келесідей келеңсіз жайттар қалыптасқан: өндіріс орындарының қалдықтарымен ластанған, бүлініп істен шыққан 169,7 мың гектар жер; жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау өндіру, оларды тасымалдап, байыту кезінде қалыптасқан карьерлер, үйінділер жердің топырақ жамылғысын жойған. Топырақ өзінің басты экологиялық қызметтерін - биологиялық масса өндіруін жəне атмосфераның химиялық құрамын реттеуге қатысуын жоғалтқан. Яғни топырақ өлі денеге айналған. Сөйтіп бұл жерлердің экологиялық-санитарлық жағдайы төмендеген.

1.ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЗЫҚ ТЕРРИТОРИЯЛАРДЫҢ КӨЛДЕНЕҢ ЗОНАЛЫҚ ТОПЫРАҚТАРЫ

Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді біз Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипаттамасына жəне бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мəселелеріне тоқталамыз.
Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас,

ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырағы жəне сілтісізденген қара топырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің барлығы түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн (республи- ка жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі, терістіктегі Ресей жерінде.
Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты да- лалы зона жатады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді. Бұл аймақтың біразы Батыс- Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз жəне қыс ай- ларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне əсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары мен топырақ зонаның Батыс Сібір провинциясында кəдімгі қара топырақ жəне оңтүстіктің қара топырағы кездесетді.
Егістікке жарамды жерлердің бəрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен, сортаң, сорланған топырақтар жəне комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі - 25,4 млн гектар, яғни республика жерінің 9%-ға жуығы. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.
Кəдімгі топырақты зонаша республиканың 11,7 млн гекта- рын, яғни барлық жерлердің 4,3%-ын алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары - кəдімгі ортагумусты қара топырақтар. Топырақ қарашіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатын- да 7-8%, табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне əсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.

Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн гектар, республика жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, əктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне əсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.
Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан батысынан шығысына қарай-Шығыс Қазақстан облысына дейін созылып құрғақ жəне шөлді-далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90,4 млн гектардай, яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта Павлодар облысының көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағынан біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан.
Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз, əрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, əсіресе, оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына орташа есеппен, 180-210 мм-ақ, бұл егістің өнімді шығуын қамтамасыз ете алмайды.
Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан. Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз, ыстық, 100- дан жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның
біріншісі қыстың суық, екіншісі, жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер мен табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда: сирек шығатын бұташалар, жусан жəне кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер өседі. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз, оның мөлшері топырақтың беткі қабатында не бары 1-1,5%. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр құба топырақтар, орталық шөл болып зонаға бөлінеді. Сонымен қатар екі зонашада, əсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар жəне сорланғар жерлер көптеп кездеседі.
Аймақ негізінен мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек суармалы егістіктен ғана өнім алынады. Өзен бойларында орналасқан тақыртүстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азотты, фосфорлы жəне органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн гектар, яғни республика территориясының 44%-ға жуығы. Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға əсте болмайды. Өйткені осы жердің ыстығына бейім, сорланған топырақтарда өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде қаракөл қойлары, шөл кемесі атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып мол өнімдер береді. Дегенмен осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау- бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі қоғам үшін шөлдер шөл күйінде де қажет. Табиғатта бір жер шөл болып бірін-бірі толықтыратын, бірін-бірі теңгеретін заңдылық.

1.2СОРТАҢ ТОПЫРАҚТАР

Елуінші жылдары басталған тың игеру эпопеясынан кейін Қазақстанда бос игерілмей жатқан жақсы жерлер қалмады. Ал қосымша күш жұмсап, жерді жақсартып пайдалануға болатын- дай етіп игеретін жерлер жеткілікті. Сондай жерлердің бірі - сортаңданған жерлер.

Сортаңданған жерлер - тұзданған жерлердің бір түрі. Бұл жерлердің шын мəнісінде сорланған топырақтарға қарағанда жоғары кабаттарында өсімдіктердің өсуіне зиян келтіретін ащы тұздары жоқ, олар кезінде бар болғанымен, кейін жауын-шашынмен жуылып, топырақтың төменгі

қабаттарына шайылып сіңіп кеткен. Дегенмен, кезінде суға ерігіш тұздардың құрамындағы натрий катионы топырақтың құрамына еніп, барынша қанығып, сіңіп қалған. Бұл жерлерде топырақтың сіңіру құрамының 20%-дан астамы осы натрий катионының үлесіне тиеді. Мұндай жерлерді егістікке иге- руге қиындық келтіріп тұрған - осы натрий катионы. Құрамында натрийі мол топырақтарда органикалық жəне коллоидты мине- ралды бөліктер бірігіп, байланысу орнына, ылғалдан ісініп, ыды- рап, сумен төмен шайылады. Осының нəтижесінде топырақтың жоғары қабатындағы құнарлы заттар төмен ығысып, жоғары қабаттың түсі кремнийге байығандықтан бозғылт тартады, оның есесіне топырақтын төменгі қабаты ұнтақталған коллоидты жəне органикалық қосылыстарға қанығып, түсі қара қонырға айналады, ал оның реакциясы сілтілі болады. Су тиген кезде бұл қабаттың көлемі ісініп, жібіп, батпаққа айналады, ал кепкен кезде құрылымы ірі кесекті, бағаналы болып, қатып қалады. Бұл қабатта суға ерігіш тұздар жоқ, ал төменгі қабатта жоғарыдан шайылып сіңген тұздар жеткілікті. Осы тұздардан жоғары жатқан сорланған қабаттың физикалық қасиеттерін алдын ала жақсартпайынша, мұндай жерлерден жақсы өнім алуға мүмкіңдік жоқ. Қазақстанда 75 млн гектардай сортаңданған жерлер бар.
Қазақстанның сортаңданған жерлерін зерттеу жұмыстары 1956 жылы басталған еді. Бұл жұмыстарды Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Топырақтану институты негізінен үш бағытта жүргізген болатын.
Сортаңданған жерлерді картаға түсіріп, агромелиоративтік қасиеттерін анықтау үшін территориялық зерттеулер жүргізу. Сортаң топырақтың əртүрлі табиғи аймақтарда орналасуына, агромелиоративтік қасиеттеріне қарай оларды игеру, жақсарту жолдары да əрқилы. Сондықтан сортаң жерлерді алдымен картаға түсіріп, олардың əрқайсысының шекараларын анықтау қажет. Мұндай жұмыстарды Қазақстанның терістігі, орталық жəне шығысында Топырақтану институтының ғалымдары, батысын- да кезіндегі Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылым академиясы

жайылым-шабындық шаруашылығы институтының ғалымдары жүргізді.
Сортаң жерлерді игерудің əдісі мен технологиясын жетілдіруде тұрақты тəжірибе жұмыстары жүргізілді. Қолданған əдістердің арқасында жақсы нəтижелер алынды.
Фитоагротехникалық мелиорация əдісі негізінен шалғынды- далалы жəне далалық қалдық сортаңдар кешенін игеру үшін қолданылады. Мұнда жерді сортаң қабатына дейін қайырмалы əдіспен жыртады да, одан төменгі қабатын қайырмасыз əдіспен терең қопсытады. Жыртылған жерге дəнді-бұршақты дақылдар араластыра егіледі. Бұл əдіс орта есеппен гектарынан 15 центнер
шөп, ал шөпті жыртып, астық еккенде, гектарынан 10 центнер дəн береді. Агрохимиялық мелиорация. Бұл əдіс - сортаңның химиялық қасиетін жақсарту үшін арнайы өңдеу арқылы топырақтың төменгі
қабатында жатқан əк пен гипсті пайдалану[1].
Ол үшін сортаң топырақтарды терең етіп, плантажды немесе топырақтың əр қабатын арнайы өндейді. Өнделген жерге көпжылдық бұршақты шөптер егеді. Шөп өнімі гектарына 15-22, ал шөп жыртылған жерге егілген арпа гектарына 9-12 центнер өнім береді.
Фитохимиялық мелиорация. Бұл əдіспен топырақтың жоғары жəне сортанданған қабатын қайырмалы етіп жыртып, оның астыңғы қабатын қопсытады да, сортаңданған қабатты жақсарту үшін оған кəдімгі гипс пен фосфогипсті енгізеді. Бұл жерге негізінен бұршақты шөп, түйе жоңышқа егіледі. Оның өнімділігі гектарына 17-25 центпер, ал оны жыртып орнына еккен астық өнімі гектарына 10-14 центнер жетеді. Ал тұзы мол сортаңға төзімді шөптер егіп, оларды шалғынға айналдырған жөн. Ол үшін сортаң қабаттың жоғары бетін қайырмалы етіп жыртып, оның астын тереңдетіп қопсыту қажет. Көпжылдық шөптердің өнімі гектарына 12-14 центнерге жетеді. Сонымен, бұл көрсетілген сортаң топырақтарды жақсарту əдістері кезінде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 12 ұжымшарда қолданылып, 300 гектардай жерді өндірістік жағдайда сынап, жақсы нəтижеге жеткен еді. Осы əдісті қолданып, сортаң жерлерді жақсартқанда. олардан алынған өнім өңделмеген табиғи сортаң жерге қарағанда 7-10 еседей көп. Бұл жағдай сортаң жерлерді игеру мол резервтің кезі екендігін көрсетеді. Себебі аса күрделі жақсарту жұмыстарын жүргізбей-ақ, мол қаржы

жұмсамай-ақ сортаң жерлердің өнімін 7-10 есе арттыруға болады. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижесіне сүйене отырып, институт ғалымдары сортаң жерлерді игеру жөнінде практикалық ұсыныстар жасады. Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен қолдау тауып, арнайы əдістемелік басшылыққа алынды.
Енді республикамыздың солтүстік облыстарында Казгипрозем жəне облыстық агрохимиялық зертханалары жасаған жобалар мен сортаң жерлерді игеру жұмысы қолға алына бастады. Солтүстіктің дəнді, қара топырақты жəнс қара қоңыр топырақты алқаптарында суарусыз, көп қаржы жұмсамай 15,6 млн гектар сортаң жерлерді игерудің жоспарлары кезінде жасалды. Онын ішінде фитоагротехникалық мелиорациялау арқылы 1 млн га, агрохимиялық мелиорациялау арқылы 10.4 млн, фитохимиялық мелиорациялау арқылы 1,0 млн, ал шалғындық шөп егуге 3,4 млн гектар сортаң жер əзірленді[2].
Сортаң жерлерді игеру жыл сайын шөп өнімін 8 млн тоннаға, малға жемдік дақылдарды - арпа, сұлы, тары өнімін 5,5 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жағдай мал шаруашылығын өркендетуге көп септігін тигізбек. Ал
бұрынғы жемшөп егіліп жүрген құнарлы топырақтарға бидай егіп, одан қосымша 10 млн тонна алуға мүмкіндік бар.
Сонымен, Қазақстанда көлемі мол сортаң жерлерді игеру жұмыстары
кезінде жаппай басталған болатын. Ең алдымен, игеруге жеңілірек түсетін
солтүстіктегі табиғи ылғалмен қамтамасыз етілген аудандардың сортаң жерлерін игеру жоспарланды. Оида біраз жерлер қазірдің өзінде игерілді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында ондаған мың гектар сортаң жерлер жоғарыда айтылған əдістер арқылы игеріліп, онда малазықтық жемшеп өсірілуде. Бұл үлкен пратикалық жұмысқа көмекті алы- стан емес,
тікелей өндіріске жақын жасау үшін Қазақстан Республикасы ҒА-ның Топырақтану институты Ақмола қаласындағы өзінің бөлімшесінде сортаң жерді игеру жөнінде кезінде ғылыми- əдістемелік зертхана ұйымдастырған. Бұл жұмыстардың іске асуына Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты да көмек тигізген болатын. Өкінішке орай, сортаң жерлерді игеру жұмыстары соңғы жылдары тоқталып қалды.
Осы жоғарыда айтылған сортаң жерлер ді игерудің практикалық-өндірістік бағыттарымен қатар ҚРҰҒА-ның Ө. Оспанов атындағы Топырақтану институты сортаң жерлердің пайда болуын, оны мелиорациялаудың теориялық мəселелерін де зерттеуде.
Жалпы сортаң жерлерді игеру ісі ғылыми негізделген əдісті мұқият сақтықпен қолдануды қажет етеді. Ал біздің республикада, əсіресе, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында сортаңды игеру қайырмалы соқамен сортаң қабатын жер бетіне шығарып жырту деп ұғып, бұрын шабындық немесе жайылым болған алқаптар қазір жарамсыз қалғанын да жасыра алмаймыз. Негізінен сортаң жерлерді тек малазықтық шөптер егуге пайдалану қажет. Ал сортаң жерлердің жалпылама жыртуға жарамсыз екенін ұмытпаған жөн[3].

2.ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҒЫНЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Топырақ жамылғысы Жер биосферасының маңызды құрамы болып табылады. Биосферада өтетін барлық үрдістер топырақпен тығыз байланысты. Топырақтың маңыздылығы органикалық заттарды, түрлі химиялық элементтерді жəне энергияны жинау. Сонымен бірге топырақ жамылғысы өте қажеті. Ол ластайтын заттарды биологиялық сіңіру, бұзу, бейтарап күйіне айналдыру функцияларын атқарады. Егер биосферада осы буында күрт өзгерістер болатын болса, ол жалпы биосферадағы қалпына келмейтін үрдістер пайда болуына алып келеді[4].
Топырақты ластайтын заттардың бірі - пестицидтер. Бүгінгі күнде əлемде
1 гектар жерге 300 кг. химиялық заттар енгізіледі. Өте көп мөлшерде пестицидтерді (гербицид, инсектицид, акарицид, фун- гицид, дефолианттар) қолдану топырақтардың негізгі қасиеттеріне теріс əсер етеді. Сондықтан оларды химиялық, биологиялық жолдармен залалсыздандыру маңызды шаралар болып табылады.
Қазіргі үлкен проблемалардың бірі - жауын-шашындар- мен топырақтар қышқылдығының артуы. Қышқылды жауындар жалғыз судың ғана емес топырақтардың үстіңгі қабаттарының қышқылдылығында асырады. Азот,
көміртегі, күкірт тотықтары атмосфераға көтеріліп, үлкен қашықтарға жылжуы мүмкін. Олар ауадағы сумен қосылып ерітінділерге айналады.
Соның нəтижесінде қышқыл жаңбыр пайда болады. Жерге түскенде, ол өсімдіктер, топырақ, сумен əрекеттестікке түседі. Топырақтың құнарлылығы төмендейді. Топырақты ластайтын заттардың қомақты бөлігі түсті- қара металлургия, жылу энергетика, мұнай-газ өндірістерге байла- нысты.
Топырақ қарашіріндісінің азғантай төмендеуі оның толық экологиялық функциясын атқаруға кедергі болады. Оның қасиеттері өзгеріп бұзылады (деградация). Əсіресе, агроэкожүйелердегі топырақтар бұзылуға бейімді. Мұндай жағдайды агроэкожүйедегі фитоценоздың қарапайымдылығымен түсіндіру мүмкін.
Адамның топыраққа əсер ететін негізгі түрлері эрозия (су жəне жел), ластану, қайта сорлану жəне батпақтану, шөлдену, құрылысқа жер бөлу болып табылады.
Топырақ эрозиясы (лат. erosio - жемірілу) - топырақтың құнарлы үстіңгі қабаттарының сумен шайылуы (су эрозиясы) немесе желдің əсерінен көшуі (жел эрозиясы) [5].
Еліміздің белгілі топырақтанушы ғалымы Р. Д. Жанпейісовтың мəліметтері бойынша республикамызда жел эрозиясына (дефляцияға) шалдығу қауіпі бар жер ауданы 75 млн. 997 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 10 млн. 736 мың га карбонатты, 24 млн. 361 мың га жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтар жəне 24 млн. га құмдар. Су эрозиясына шалдығу қауіпі бар тау беткейінің, қырат жерлердің ауданы 50 млн. гектардан асады. Бұл жерлер, əсіресе, Қазақстанның таулы аймағында мол кездеседі. Осы топырақтардың экологиялық қызметін сақтап қалу үшін оларды қатерлі құбылысқа шалдықтырмай, топырақты дұрыс пайдалануды жүзеге асыру бүгінгі күннің негізгі экологиялық мəселелерінің бірі болып табылады.
Эрозияға ұшыраған топырақтарда өсімдіктердің биологиялық өнімділігі азаяды, дақылдардың өнімі жəне сапасы нашарлайды, топырақтың құнарлылығы төмендейді.
Жел эрозиясы немесе дефляция. Жел эрозиясының қарқындылығы желдің жылдамдығынаң, топырақтың тұрақтылығына, өсімдік жамылғысына, бедерге жəне тағы басқаларға байланысты. Өсімдіктерді жою, малдарды
ойламастан жаю, агротехникалық ша- раларды дұрыс қолданбау эрозиялық үрдістердің белсенділігін асы- рады.
Дефляция жергілікті эрозияға жəне шаң борандарға бөлінеді. Солтүстік Қазақстанда шаңды борандар өте күшті (20-30 мсек асады) жəне ұзақ уақыт созылады. Шаңды борандар бірнеше сағаттың ішінде 1 гектар жыртылған жерден 500 т топырақтарды ұшырып алып кетуі мүмкін. Əрине, бұндай құбылыс атмосфера ауасының, сулардың жалпы қоршаған ортаныңластануына, адам денсаулығына зиян келтіреді[6].
Топрақтың ластануы. Топырақтың үстіңгі қабаттары ластануға бейімді. Топырақта көп мөлшерде болған түрлі химиялық қоспалар
(токсиканттар) топырақта тіршілік ететін ағзаларға теріс əсер етеді. Топырақтарды негізгі ластайтын затт арға - пестицидтер, минералдық тыңайтқыштар, өндіріс бөліп шығаратын заттар, мұнай
жəне мұнай өнімдері жатады.
Жылына əлемде 1 млн тоннадан көп пестицидтер өндіріледі. Жалғыз Ресейдің өзінде жылына 100000 тонна пестицидтер шығарылады. Краснодар өлкесінде жəне Ростов облысында əр 1 гек- тар жерге 20 кг пестицид қолданылады.
Қазіргі күнде көп ғалымдар пестицидтердің адамзатқа тигізетін əсерін радиоактивтік əсерімен теңдестіреді. Пестицидтердің дақылдар өнімділігін асыруымен бірге зиянкестер түрінің көбеюі, өнімдердің сапасы, олардың сақталу қасиеттерін төмендетеді, топырақтардың табиғи құнарлығы нашарлауына, т.б. теріс өзгерістерге алып келеді[7].
Артық мөлшерде енгізілген минералдық тыңайтқыштар топырақты ластайды. Бұндай жағдай азот, фосфор жəне басқа элементтердің биохимиялық айналымын бұзады. Нəтижесінде экологиялық жағдай əсіресе су ортада нашарлайды, эвтрофия құбылысы дамиды. Нитраттардың көп мөлшерде болуы топырақтағы оттегі мөлшерінің азаюына алып келуі анықталған. Өз кезегінде бұл атмосфераға тағы да екі парникті (азот шала тотығы жəне метан) газдар бөлінуіне алып келеді. Нитраттар адамның денсаулығына қауіпті болып саналады. Егер адам ағзасында нитрат мөлшері 50 мгл-ден көп болатын болса, ол дененің улануына алып келеді. Топырақ ауыр металдарды жинау қабілетіне ие. Сынап шығаратын комбинаттардың маңайындағы топырақтарда сынап мөлшері шектелген мөлшерден жүз есе артық болады.

2.2ШӨЛДЕНУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.

Шөлденуге қарсы күресу БҰҰ конвен- циясы мəліметтері бойынша əр жылы Қазақстан топырақтарында қарашірінді мөлшері азайғаннан келетін зияны 2,5 млрд. америкалық долларын құрайды, ал эрозиядан келетін зияны 779 млн. доллармен бағаланады.
Б. Г. Розанов айтуы бойынша, шөлдену бұл топырақтардың өсімдіктермен қалпына келмейтін өзгеріс үрдістері жəне биологиялық өнімдіктің төмендеуі, келешекте бұндай жағдай биосфераның толық бұзылуына алып келуі мүмкін. Əлемде барлық құрлықта 1 млрд, гектар жер шөлейттенуге ұшыраған.
Шөлденуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазық жерлердң топырақтары
Қазақстанның топырақтары мен табиғи зоналары және олардың сипаттамалары
Сорланған топырақты жіктеу
Топырақ бонитеті
Топырақтың жұту қабілеті
Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы
Қазақстан топырақтарының экологиясы
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы
Топырақтың сіңіру қасиеті
Топырақ бонитетінде сандық көрсеткіштері
Пәндер