Сібір өзендерін Қазақстанға бұру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
1.1ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ АЙДЫНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ БҰРЫНҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.2КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ТАҒДЫРЫН ҚАЙТАЛАҒАН БАЛХАШ КӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..26
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі.Жалпы Арал, Балқаш, Каспийдің экологиялық ахуалына тоқтала кетсек бұлардың жалпы әр қайсысының экологиялық проблемалары әр түрлі және бұлардың әр қайсысына тоқтала кетуді жөн көрдім. Кіріпе бөлімінен қысқаша мәліметтер айта кетсек:
Бірінші Арал мәселесін айта кетсек қазақстанның інжу маржаны, шөл белдеуінде бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км квадрат, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 пайыз болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Екінші Балқаш көлінің мәселесі қазақстандағы ең ірі экожүйелерді бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501 мың км квадрат, ұзындығы - 605км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендернің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Үшінші Каспий теңізінің мәселесі жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі - 380 мың км квадрат. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайрандардан тұрады.
Мінекей бұлардың әр қайсысымен қысқаша таныстыңыздар. Енді жеке-жеке толықтыра тоқтала кетсек.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Каспий,Арал,Балқаш көлдерінің экологиялық прблемаларына жеке-жеке тоқталып,олардың шешу жолдарының түрін анықтап,мағлұмат беру
Жұмыстың зерттеу әдістері.Статистикалық әдіс,математикалық әдіс,картографиялық әдіс.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Мектеп бағдарламасының 8-9 сыныпқа арналған география оқулығына қосымша ретінде пайдалануға болады.
1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
1.1ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.
Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда бүкіл адамзат алдына кұрделі талап қойып отыр.
Біздің планетамызды барлық тіршіліктің өмір сүруіне тиімді етіп сақтау үшін табиғатты, оның байлығын тұтыну тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Кезінде белгілі жазушы Л.Леонов: "Адам баласының алдында бүгінде бірінші кезектегі екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау, екеуі де болашақ өиір сүрудің шарты" деген. Ал Ш.Айтматов: "Біз бүгінде өркениеттің шыңына жеттік, онда адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы болады. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді" - деп жазады.Біздің республикамыздың табиғи байлық қоры мол. Бізде 48 мың көл, 85022 өзен бар. Өсімдік және жануарлар әлемі бай. Қазақстан жерінде 6 мыңға жуық өсімдіктің түрлері, сүтқоректілердің 172, құстардың 490 түрі бар. Осы байлықты тиімді түрде, аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз қажет.
Су қорларын, қоймаларды сақтау - экологиялық проблеманың ең күрделі саласы болып табылады. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырымен байланысты. Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км3 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда.Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге мәжбүр болды. 1960 жылға қарай Арал қандай болды? Ол КСРО - ның құрлықтық көлдері ішінде төртінші орын алған. Аралдың су қорын толтыратын Орта Азияның екі ірі өзені - Әмудария және Сырдария еді. Олардың суы өте нәрлі, егістікке пайдалы болатын. Арал теңізінен жыл сайын 450 мың тонна бағалы балықтар ауланды, миллион ондатра терісі алынды. Балықшылар қайығы мен жол қатынас кемелері - теңіздің көркі еді. Арал теңізі сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды.
Алпысыншы жылдардан бастап, екі өзеннің суын егістікке пайдалану өлшеусіз, шамадан тыс қарқын алып, соның салдарынан теңіз суы тартыла бастады. Қазіргі уақытта олардың суы теңізге құймайды. Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен көгалды аймақтар жоғала бастады. Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңдардың 13-ақ түрі қалды. Арал теңізінен балық мүлде ауланбайтын болды. Жер тұзданып, оның өнім беруі тоқтады.Бүкіл Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке айналдырды. Балалар ауруы болып тууда.
Чернобыль апаты 8 миллиардтан астам шығынға түсті, ал Арал - "үнсіз Чернобыль" зардабының шығыны одан әлдеқайда асып түседі.
Семей аймағындағы ядролық сынақ халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірінші рет 1949 жылы тамыз айында 16 мың км2 кеңістікті қамтыған жарылыс басталды. Ашық аудағы ядролық сынақ 14 жылға жалғасты. Осы кезкңде 500 ядролық жарылыс өткізілді. Ядролық техниканы сынаудың салдары: рак, катаракта, туберкулез, аллергия, екі басты, қолы жоқ, бүйрексіз балалардың өмірге келуі. Мұндай аурулар әрбір отбасын дерлік қамтыды.Тек 1991 жылы тамыздың 29-ында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлық жариялаған соң, ядролық сынақ тоқтатылды.1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның салдарынан Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды, көбі құрғап кетті. Бұл аймақ түгелдей сортаңға айнала бастады. Балық аулау көлемі қысқарды.Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты, химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдаланудың нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш - Іле аймағының экологиялық жағдайы күрделі мәселеге айналды.Республикамызда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30% -дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларының әсерінен, Ертіс, Орал, т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің есте сақтау қабілеті де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғылым мен техника жетістіктерін ендіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай...Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы жер дефляциясы дәлел болады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақсатан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отыратын құбылыс. Ал, табиғатта қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. Топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс-шара: 1 га үшін 300 мың теңгеге дейін, кейде одан да көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір зиянды, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді.Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден - қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйінде басқа елдерге жөнгелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұйымның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60 пайыз шамасында. Ол әсіресе, тау-кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық аура түрлерінің өршуіне ықпал етуде. Қоғам мен табиғат арасындағы қатынас шиеленісе түсті. Осылайша экологиялық апат адамдардың денсаулығына, оның болашағына қауіп төндірді.Теңіз кенішінде тау болып үйілген күкірт мәселесі облыстық әкімдіктегі үлкенді - кішілі басқосуларда талай мәрте талқыланды. Әрине, одан күкірт көлемі кеміп кетпегенімен, расын айту керек, шешімді шаралар алынып жатыр, бастапқы қадамдар жасалуда. Алайда, Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіру компаниясы ауқымды экологиялық проблемаларға тап болып отыр. Мысалы, облыста атмосфералық ауаға шығарылатын барлық залалды қалдықтардың жартысынан астамы бірлескен кәсіпорын үлесінде. Теңіз кеніші аумағында 9 млн тоннадан астам күкірт ашық аспан астында жатыр. Бұл дүние жүзі бойынша осындай әдіспен сақталған күкірттің 40 пайызын құрайды.Табиғатпен қайшылықтың шиеленісуіне техника, өндіріс қана кінәлә емес, кінә адамдардың іс-әрекетін дұрыс басқармаудан, қабілетсіздіктен, қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығынан болып отыр. Табиғатпен тиімді қатынасты қалыптастыруда адам шешуші фактор.Табиғатты қорғаудағы басты стратегиялық бағыт - мүмкіндігінше қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе түгелдей жояды, шикізаттың бастапқы түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді және қосымша өнім алуға да жағдай жасайды.
Айналадағы ортаны, негізінен табиғатты адамның пайдалану сипатындағы қалыптасқан қайшылықты өзгертудің үлкен маңызы бар.
Табиғат қорықтары, парктер өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтауға мүмкіндік береді, сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғайды. Табиғатты қалпына келтіріп, байытудың маңызы өте үлкен. Ол үшін көгалдандару, бау-бақша өсіру, суқоймаларын жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізу керек. Ағаш отырғызу жұмыстың жартысы ғана, істің нәтижесі - оны өсіруде.
Табиғатты қорғау саласының бірі - экологиялық бақылау. Бұл бағытта бірсыпыра жұмыстар іске асырылуда. Республика блйынша облыс, аудан, қалаларда айналадағы ортаны қорғау, экологиялық бақылау мекемелері құрылды.Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі - адамдардың санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін қолдау. Қазіргі уақытта барған сайын көптеген елдер оны шешу үшін өздерінің күш-жігерін біріктіре бастады. Ұзаққа созылатын экологиялық қауіпті жоюмен қатар, төтенше экологиялық жағдайларда көмек көрсетілуде. Осының бәрі БҰҰ-ның ұсынған "Жер біреу ғана!" деген ұранын жүзеге асыруды көздейді. Дүниежүзілік қауымдастық мынадай жағдайды басшылыққа алады: экологиялық проблеманы шешудің басты жолы - адамдардың өндірістік және өндірістік емес іс-әрекетін қалыпты экологиялық дамуды - айналадағы ортаны бүкіл адамзаттың және әрбір адамның мүддесіне сай өзгертуді қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырды.

2.1АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ БҰРЫНҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
Арал тенізі - Қазакстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оыың апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тсреңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мын балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілгеы.
Арал өңірінін тұргындары 1970 жылдарга дсйін әлеуметтік-эконо-микалық түрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балык комбинаты тұрақты жүмыс істеген.
1960 жылдардаи бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлсмі бұрынгыдан Өзбскстан мсн Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есегс өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіыс орай суға деген кажеггілік те артгы. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралыгында Аралға құйылаіын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол кажет стетін күріш пен мақта есіру ісі каркындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игсріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзсгс асты. Мәселсн, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су күйылса, бүл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары скі сссгс қысқарды. Нәтижесіндс, Арал тецізінің дсңгсйі 23 мстргс дейін төмсндеп, оныц су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык прспарагтарды қолдану бүрын-соцды болмаған керсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге ескен. Осындай антропогендік факторлар Арал өнірін экологиялық апатқа ұшыратты. Қүргап қалған теңіз түбінен жыл сайыы айналаға зияндылығы ете жогары 2 млн. т түзды шаңдар көтсріліп, желмен тарай бастады. Сонымсн, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жсргілікті жсрдің тарихи-табиғи ерскшсліктерін ссксрмсу;
- ауыл шаруашылығын дүрыс жоспарламау, судың қорын есеп-кс алмау;
- суды өте көп қажет стетін күріш, мақта дақылдарып барынша көбейтіп жібсру; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және судьт үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдаланудағы жібсрілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми түрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілср Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дагдарысқа әкелді. Бүл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар ныша-ны жьіл өтксн сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фауыасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүрудс. Арал тецізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардьщ әлеумсттік жағдайы төмендсп кетті. Теңіз түбінсн кетсрілгсн улы түздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптсн, түзды шандар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұньщ өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарьш біртс-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал оңіріндегі антропогендік факторлар ондағы түрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жүмыссыз қалған балықшылар әлсуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарга сріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңіріндс адамдардың дснсаулығы күрт төмсндеп кетті. Бүл еңірдс соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйреккс тас байлану, сарысу, өкпс-тыныс жолдарының қабьшуы, жүқпалы аурулар рсспубликанын басқа өңірімсн салыстырғанда жоғары кәрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүнис жүзі халыктарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптегсн ШЫРЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгсруі, шелге айналу, атмосфсрадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйслсрдің түрақсыздығын тудырады. Арал мәселссі соңғы 10 шақты жылда гсограф және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәсслссі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркснистті слдср қаржылай көмск көрсстудс. Олар нсгізінсн Орта Азия рсспубликалары, Рсссй, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу аркылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізіиің өздігінен табиги рсттеулін немесс толысуын күту. Әрине, бұл жобшіар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны
күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оныц іскс асуы адамзат кауымьшың білімі мен біліктілігіыс байланысты сксні анық.
Қазіргі кезде Аралды қүтқару бағытывда батыл да жоспарлы тұрдс ғылыми негіздс жүмыстар жасалуда. "Арал тагыдыры - адам такдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұррпақтын болашақ алдьшдағы борышы.
Уақытысында аумағы жөнінен Жердегі ішкі сулар қатарында төртінші орында болған Арал теңізі үшін 2014 жылдың жазы тағы бір кері кеткен маусым ретінде тарихта жазылды. NASA-ның жер серіктерінен түсірілген фотосуреттерге қарағанда Оңтүстік Аралдың шығыс жартысы алғаш рет толықтай дерлік кеуіп қалды. Фотосуреттер Earth Observatory сайтында жарияланды.
Батыс Мичиган университетінің география профессоры Филип Миклиннің айтуынша, бұл жағдай соңғы 600 жылда, яғни, Әмудария өзені өзінің арнасын кілт өзгертіп, Каспий теңізіне құюын доғарғаннан кейін бірінші рет болып отыр (Арал теңізінің тартылуы циклді сипатқа ие). Алайда, бүгінде Әмударияның арнасы қаз-қалпында. Арал теңізіне жалғанып жатыр. Бірақ, өзен суы ұзақ жылдардан бері Арал теңізіне жетпейді.
Бес жыл бұрын Оңтүстік аралдың шығыс бөлігі толықтай жойылған еді. Әйткенмен, мол жауын-шашынның есебінен ондағы су деңгейі күрт көтерілді. Миклиннің ойынша, шығыс бөлігінің толықтай дерлік құрғап қалуына Арал теңізі алабында жауын-шашынның аз түсуі себеп. Сонау Памир тауларында қар аз түсіп, еріген қар суларының аздығынан онсыз да Аралға тамшыдай болып жететін өзендегі су қоры анағұрлым төмендеген. Одан бөлек, Орта Азия елдерінің өзен суын ауылшаруашылығы қажеттеліктері үшін тынымсыз пайдалануы аз су мөлшерін тіпті тауысты. Ал, Арал теңізінің құрып бітуі адами факторлардың салдарынан басталғаны әуелден белгілі.
Біреу еді, үшеу болды.Теңіздің тартылуы XX ғасырдың орта тұсында басталды. Дегенмен, Аралдың жоқ болатыны жөнінде қауіп сөздері одан бұрын, 30-жылдары айтыла бастаған-ды. Сол кезде КСРО аумағында Орта Азия жерлерін мелиорациялау жөнінде ғаламат бағдарлама қолға алынды. Әмудария мен Сырдария өзендері бойынан суландыру жүйесінің құрылыстары басталды. Бір ғана Қарақұм су арнасының ұзындығы 1445 шақырымға созылып,Әмудария суының 45 пайызын өзіне алып қойды. Кеңестік инженер-мелиораторлардың суды шығындамай сақтап қалу үшін қолдан қазылған су арналарын бетондауға бастары жетпегені таң қалдырады.
Арал, шіркін, 60-жылдарға дейін өзінің тірі қалуы үшін күресіп-ақ бақты. Ондағы су деңгейі бұрнағы қалпын сақтады. Ауданы 68 мың шаршы шақырымға, ұзындығы 426 шақырымға, ені 284 шақырымға жетсе, ең терең жері 69 метр болды. Жылына 40 тонна балық ауланып, теңіздің қазақстандық бөлігінде -- бес балық зауыты, балық консервілеу комбинаты, 45 балық қабылдау бекеті; өзбекстандық бөлігінде -- бес балық зауыты, балық консервілеу зауыты мен 20-дан астам балық қабылдау бекеті жұмыс істеді.
Бірақ, 60-жылдардан бастап теңіз деңгейі 0,7 метрге қайтымсыз түрде төмендеді. Аралға келіп құятын өзен суларының мөлшері -- 4,5 есе, теңіздегі су айдынының ауданы - 8 есе, су көлемі - 13 есе азайды. Тұздану деңгейі 13-25 есе өсіп, Әлемдік мұхиттың минерализациялану бойынша орта деңгейінен 7-11 есе артып кетті. 1989 жылы Арал теңізі бір-бірінен оқшауланған Солтүстік (Кіші) Арал және Оңтүстік (Үлкен) Арал деп екіге бөлінді. 2003 жылы Оңтүстік Аралдың өзі тағы екіге: шығыс және батыс бөлікке айырылды (Шығыс Арал және Батыс Арал).
Оңтүстік Аралдағы судың тұздылық деңгейі артқаны соншалық, ондағы балық біткен қырылып қалды. Судағы тіршілік тоқтап, Артемия салина шаяндары ғана бұл тұзды суларды мекендеді. Теңіз табаны жаңа бір шөл дала - Аралқұмға айналды. Егістікке пайдаланылған тыңайтқыштар құрамындағы пестицидтер мен тағы да басқа улы заттар Әмударияға қайта қосылып, өзен суымен бірге Арал теңізіне құйылып келгендіктен, ешқайда кетпей, теңіз түбінде шөгіп қалған-ды. Сол улы заттар теңіз тартылғанда, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтеріліп, Арал маңын, Қарақалпақстан мен Қазақстанға жататын аумақтарды экологиялық апат аймағына айналдырып жіберді. Жергілікті жұрт тыныс жолдарының созылмалы аураларына, анемия, қылтамақ, бауыр-бүйрек және көз аураларына шалдықты.
Қазақы Арал. Сырдария өзені келіп құятын Солтүстік Аралдың жағдайы Оңтүстік көршісімен салыстырғанда анағұрлым жақсы. Қазақстан билігі қалып қойған теңізді қалпына келтіруге шындап кірісті. 2005 жылы ұзындығы 14 шақырымдық Көкарал бөгеті салынғаннан кейін Кіші Арал суының Үлкен Аралға жылыстауы тоқтатылды. Осылайша, Солтүстік Аралда тіршілік жанданды. 2010 жылы Солтүстік Аралдағы су деңгейі мұхит деңгейінен 42 метрге көтерілді. Бұл дегеніңіз, Оңтүстік Аралдағы су деңгейінен 14 метрге жоғары, өткен ғасырдың 70-жылдарындағы су деңгейінен 11 метрге төмен. Су айдынының ауданы үш мың шаршы шақырымнан асады. Орташа тереңдігі -- 8 метр.
Қ азір Солтүстік Аралда жылына 6 тоннаға дейін балық ауланады. Мұндағы суларда сазан, көксерке, ақ амур, лақа, табан, торта, камбала балықтары бар. Таяу жылдарда су деңгейі Арал қаласына жақындауы мүмкін деп күтіліп отыр. 2012 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Кіші Арал теңізі мен Сырдарияның сағасын әлемдік маңызы бар сулы-батпақты жер-сулардың тізіміне қосты. Осы тізімге енген жер-сулар Рамсар конвенциясымен қорғалады.
Теңіздің оңтүстік бөлігі болса, өзінің ақырғы күндерін кешіп жатқанға ұқсайды. Осыдан бес жыл бұрын ресейлік ғалымдар ондағы су деңгейінің жылына бір метрге тартылатынын, ақырында жер асты және қалдық өзен суларымен қоректенетін ащылы-тұщылы су айдынына айналады деп болжам жасаған. NASA-ның фотосуреттеріне қарағанда, Үлкен Аралдың шығыс бөлігі бұл стадияны өткерді. Ендігі кезек, батыс бөлігінде. Әмударияның суы бұл бөлікке жетпейді. Су айдыны жер асты су көздерінің есебінен бар болып отыр. Түрлі бағалауларға сенсек, жер асты су көздерінен жылына екі текше шақырым су беріледі.
Сөйте тұра, Аралдың суын тартып алып қойған Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркіменстан мемлекеттері суармалы жерлерінің жартысын қысқартып, Әмударияның айдынын толтыруға ешбір құлық танытар емес. Керісінше, халқын асырау үшін суармалы жер көлемін үздіксіз арттырып келеді. Экспортқа шығарылатын ылғалсүйгіш мақта өсімдігі де осы Әмударияның есебінен суғарылады. Аралдың ажалына кезінде осы мақта өсіру шаруашылығы тікелей себеп болған-ды.
Ғалымдар теңіз деңгейін толықтай бастапқы қалпына келтіру үшін Әмудария және Сырдариядан жылына құйылатын су мөлшерін төрт есе арттыру керектігін есептеп шығарды. Бүгінде, бұл қос өзеннен жылына 13 текше шақырым су құйылады. Арал теңізінің тартылуына үлкен зардап шеккен Өзбекстан үкіметінің ұйытқысымен ұйымдастырылатын конференциялардан келіп жатырған пайда аз. Бұған қоса, Аралқұм аумағында көмірсутектердің ірі қоры ашылған. Кейбір есептеулерге сәйкес Аралқұмдағы көмірсутек қоры Орта Азиядағы барлық мұнай қорының 31 пайызын, газ қорының 40 пайызын құрайды. Мұнда қазір ресейлік Лукойл компаниясы белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан да теңізді тірілту мәселесі көзделген пайданың ығында қалып, әзірге екінші орынға ысырылған сияқты.
Теңізді толтыру үшін ойластырылған қияли бір нұсқа бар. Ол -- Памир тауларының тәжік жеріндегі аумағында орналасқан Сарез көлінің суы есебінен теңізді толтыру. Сарез көлінің су деңгейін 70-100 метрге төмендету арқылы Арал теңізінің айдынын 6-8 миллиард текше метр сумен толтыруға болатыны есептелген. Бірақ, Аралды қалпына келтіруге қатысты қандай әрекет болмасын, осыған мүдделі мемлекеттердің күші біріктірілу керек. Ал, бұған мүдделі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас әзірге жақсартуды қажет етеді. Арал теңізінің келешегі де осы жақсартуларға байлаулы.
2.2КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек.
Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ Балық батағалары дейтін.
1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы Тұмақ аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды.
Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды.
Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық зауытының қасынан Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, одан басын алатын Көкарна-Белужий-Трешкин, кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-Мальцев каналы, сонан кйін Ганюшкиннен Забурынға жететін жоғары жақпен Сурхан каналының желісі іске қосылды. Бұл каналдардың тұщы ағынды суы түгелдей каналдың төменгі желісімен бұрынғы арналар ізімен теңізге құятын болды және осы арналар ізімен суды теңізге жеткізетін Ленкоса, Мальцев, Жанбай-Дементьев каналдары да қазылды. Мысылы Белужий арнасы атына сай Белуга (қортпа балығы) балығының ішкі суға кіретін, уылдырық шашатын бұрынғы терең арна болатын. Бұл каналдар бойындағы жайылымдық жерлерге, малшыларға Еділдің тұшы суын жеткізіп қана қоймай, бұрынғы теңіз суы жайылатын көлдерге құйып, теңіз балықтарының көктемде уылдырық шашып, көбеюіне мыңдаған суды мекендейтін құстардың көбеюіне мыңдаған жол ашты. Мұның бәрі кешегі өткен кеңістік кезеңдегі теңіз жағасын мекендеген Құрманғазы ауданы жерінің келбеті еді. Теңіз жағасының қазіргі жағдайы мүлде өзгерді. Аудандағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты өндіріс орындарының көбі жабылды. Аудан экономикасы төмендеді. Табиғаты қорғалмай, экологиясы бұзылды.Өткен 30 жыл ішінде каналдар бір де бір рет аршылмағасын, арналары бітелді. Қамыс, қоға, су балдырлары қаптап кетті, көпшілігін су жүрмейтін болып, құм басты. Теңізбен байланыс үзілді. Көлдерде тұрып қалған су бұзылып, мыс купросының ерітіндісіне айналды, зәрленді. Ауру таратудың көзіне айналды. Мыңдаған гектар шабындық, жайылымдық жер шөпшықпай, пайдаланудан қалды. Ауданға қарайтын батыстан-шығысқа ұзындығы 200км, терістіктен-түстікке150 километрге созылатын теңіз жағалауын нар қамыс, қоға басты, су арналары жойылды. Өзен суы теңізге жетпейді. Бірнеше жылғы ну орман болып шыққан қамыс, қоға, жыңғылдар 1974 жылдан бері өртелмегендіктен қурап, үйінді-шөгіндіге айналды, су балдырларымен қопаға айналып шіріді. Қопа үстінен қайталап шыққан биік қамыс-қоғалар жыртқыш қасқыр, қарсақ, түлкі, қамыс мысықтарының, борсықтын, күзен, жанат, қабандардың және кемірушілер-егеуқұйрық, тышқан, атжалмандардың тұрақты мекеніне айналды. Жылма-жыл олардың санының ұлғаюына сай жұқпалы да, қатерлі аурулар туу қаупі өсті. Әсіресе қасқыр, түлкілер құтырып ауырып, адамға, малға шабатын болды. Тышқандар осы оңірде 1920 жылдарда болған оба ауруының қайталануына мүмкіндік туғызып отырТеңіз суын жағалай және су астындағы жеке аралдарға мұнай компаниялары қожа болып, мұнай ұңғымаларын қаптата бастады. Жағадағы Белужий, Ленкоса, Трешкин аралдарында жиырмашақты мұнай ұңғымылары жұмыс үстінде. Мемлекеттер арасындағы Каспийді бөлісу келісіміне сай Ресей үкіметінің мұнай-шылары біздің аудан жері болып саналатын теңіз суындағы Новинск аралына мұнай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz