Статистикалық көрсеткіші



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Мамандыққа кіріспе
Кафедрасы: Ішкі аурулар пропедевтикасы
Курс: І
Тақырыбы: Сыртқы тыныс алу қызметін бағалау: спирометрия техникасы
Орындау әдісі: мәнжазба

Орындағандар: 108 А тобы
Тексерген: Танмаганбетова Ажар Юсуфовна

Ақтөбе 2018жыл
Жоспар:
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
2.
Негізгі бөлім

2.1.
Сыртқы тыныс көрсеткіштерін анықтау әдістері ... ... ... ... ...
4
2.2.
Спирометрия әдісінің теориялық негіздер ... ... ... ... ... ... ... ..
7
2.3.
Спирометр Спиро-100 аспаппен жұмыс атқару реті ... ... .
10
2.4.
Спирометрияның көрсеткіштерін талдау принциптері ... ... .
10
2.5.
Спирометрия әдісінде қолданылатын сынамалар ... ... ... ... ...
11
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар да, сонымен қатар адамдар да тынысалады. Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы ( бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет. Энергия органикалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттек жұмсалады. Ағзада оттектің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері (көмірқышқыл газы мен су буы) ағзадан сыфртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ алмасуды қамтамасыз етеді. Органикалық заттардан энергия босау үшін оттек қажет. Тірі ағза үздіксіз тыныс алады. Адам оттексіз 1 минут те тіршілік ете алмайды. Газ алмасу дегеніміз - оттегінің немесе көмірқышқыл газының қысымы жоғары орталықтан олардың қысымы төмен орталыққа өтуін айтамыз. Көріп отырғанымыздай тыныс алу қандай ағза болмасын маңызды қызметтер атқарады және тыныс мүшелерінің сау болуы маңызды. Егер ауыра қалған жағдайда оны зерттеп білудің біршама жолдары бар және ол туралы келесі бөлімде сөз болады. Ең басты әдістердің бірі - өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшеу арқылы өкпедегі ақауларды дер кезінде анықтау. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ең көп мөлшерін айтады. Әйелдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орташ есеппен алғанда 3000 - 5000 мл, ер адамдарда 3500 - 4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің сыйымдылығы 6000 - 7500 мл дейін барады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір дем алғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады. Адам қалыпты дем алып, артынша дем алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлщерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы деп аталады. Адам қалыпты дем шығарып, артынша терең дем шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады. Қаншама терең дем шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтн да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін арнайы құралды спирометр дейді.

2.1.Сыртқы тыныс көрсеткіштерін анықтау әдістері
а) Спирография - әр түрлі тыныс көлемдерін арнайы аспап көмегімен - спирометрмен тіркеу әдісі. Жазылған спирограмма бойынша өкпенің тіршілік сыйымдылығын (ӨТС) және оны құрацтын көлемдерді есептеп анықтауға болады.
ӨТС дегеніміз - максималды немесе терең тыныс алып тыныс шығару кезіндегі өкпеден шығатын ауаның көлемі. ӨТС-ның құрамына мынадай ауа көлемдері кіреді:
1. Тыныстық көлем (ТК) - қалыпты тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі ауа көлемі (300-800 мл)
2. Тыныс алудың резервтік көлемі (ТАРК) - қалыпты тыныс алудан кейін терең тыныс алғанда өкпеге кіретін ауаның қосымша көлемі (1500-2500мл)
3. Тыныс шығарудың резервтік көлемі (ТШРК) - қалыпты тыныс шығарудан кейін терең тыныс шығарғанда өкпеден қосымша шығатын ауаның көлемі (1000-1500 мл)
Қалыпты жағдайда ӨТС - 3500-5000 мл. ӨТС шамасы жынысқа (әйелдерде төмен), жасқа (35 жастан соң төмендейді), салмаққа және бой ұзындығына тәуелді болады. Сонымен қатар дене қалпына байланысты өзгеруі де мүмкін (ӨТС-ның шамасы жатып анықтауда төмен). Сондықтан оны анықтау әрқашан бір қалыпты жағдайда (отырған немесе тұрған адамда) жасалуы керек. Жұмысты орындау: Алдын ала спирографтың тыныс алатын жүйесі оттегімен толтырылады. Сонан кейін отырған зерттелуші спирографтың арнайы түтігін аузына алып, аспаптың жүйесіндегі ауамен тыныс алады. Аспаптан тыныс алуға үйренген соң, тікелей спирограмма жазылады. Жазылған спирограмма бойынша ТК-нің, ТАРК-нің, ТШРК-нің шамаларын есептеп шығарады. Ол үшін жазылып алынған спирограмманың биіктігін сызғышпен (мм) өлшейді де, 20-ға көбейтеді, себебі спирографтың қаламының 1 мм қозғалысына 20 мл ауа сәйкес келеді. Спирография әдісімен ӨТС-тан басқа тыныс жиілігі мен тереңдігін, ТМК-ін және оттегінің сіңу шамасын анықтауға болады.
Спирография бойынша анықталған ӨТС-ын дұрыс бағалау үшін оның әр адамға тән тиесілі көлемдеріне қатынасын анықтау керек, бұл қатынас дені сау адамда 20% шамасында ауытқуы мүмкін. ӨТС-ның шамасы сыртқы тыныс аппаратының әрекеттік қорын (резервін) белгілі деңгейде сипаттайды. ӨТС-ның қалыпты жағдайдан төмендеуі өкпе тканьдерінің, кеуде қуысының және тынысқа қатысатын бұлшық еттер қызметінің бұзылуында байқалады. Екі-үш зерттелушілерден жазылып алынған спирограмманы талдап, өкпе көлемдерін өзара салыстыру керек.
б) Спирометрия - өкпенің әр түрлі көлемдерін (ӨТС, ТК және ТШРК) анықтау әдісі. Ол үшін құрғақ немесе сулы спирометрлерді қолданады.
Жұмысты орындау: Құрғақ спирометрдің мундштугін спиртпен тазалап, зерттелуші терең тыныс алғаннан соң спирометрге едәуір күшпен тыныс шығарады. Сонда спирометрдің үстіндегі шкала бойынша ӨТС-на сәйкес сан анықталады. Тәжірибені 2-3 рет қайталап ӨТС-ның орташа шамасы есептелінеді. Спирометрді қолданып бірнеше адамдардың ӨТС-тарын анықтап, бір-бірімен салыстыру керек (жынысына, жасына, дене салмағына, шыныққан немесе шынықпағандығына байланысты).
в) Пневмография - кеуде қуысының тынысқа байланысты қозғалысын тіркеу әдісі. Пневмограф - тыныс датчигі (манжетка), жеткізуші (резинка түтікше) және тіркеуші (Марей капсуласында орналасқан қалам) бөлімдерінен тұрады. Пневмограмма кимограф бетіндегі қағазға жазылады. Осы әдісті қолданып, зерттелушінің әр түрлі физиологиялық жағдайдағы тыныс өзгерістерін тіркеп, жазылып алынған пневмограмманы талдау керек.
г) Пневмотахометрия - тыныс циклінің әрбір кезеңіндегі ауа қозғалысының көлемдік жылдамдығын анықтау әдісі. Бұл әдісті бронхтардың өткізгіштігін анықтау үшін клиникада қолданады. Пневмотахометрия әдісімен алынған шамалар тыныс алу және тыныс шығарудың қуаттылығы деп есептеледі. Пневмотахометр - қабылдағыш және өлшегіш блоктардан тұрады. Қабылдағыш ретінде ішінде дифрагмасы бар металл түтікше пайдаланылады
Үрленген ауа түтікше арқылы өткенде диафрагманың екі жағындағы ауа қысымы әр түрлі болады. Бұл қысымның айырмасын өлшегіш блоктағы манометр көрсетеді. Осы шама ауаның көлемдік жылдамдығын, яғни тыныс алу мен тыныс шығару қуатын (күшін) сипаттайды.
Тыныс алу немесе тыныс шығарудың қуатын бөлек анықтау үшін аспаптың алдыңғы бетіндегі тұтқаны соған сәйкес белгісіне қою керек ("вдох", "выдох"). Қабылдағыштың 10 және 20 мм-лік диафрагмасы бар. Сондықтан, егер тәжірибе диафрагмасы 10 мм-лік түтікшемен жасалса, аспаптың сыртқы шкаласын, ал 20 мм-лікте -ішкі шкала сандары есептеледі.
Жұмысты орындау: Зерттелуші түрегеліп тұрып, аспаптың спиртпен тазартылған түтігін ауызына алады. Тұтқаны "тыныс алу" белгісіне қойып, түтік арқылы терең (күшті) тыныс алады. Аспап бетіндегі шкала саны тыныс алудың бар қуатын (күшін) көрсетеді (лс). Сонан кейін тұтқаны "тыныс шығару" белгісіне қойып, түтік арқылы тыныс шығару қуатын анықтайды. Тәжірибені 4-5 рет қайталау керек. Тыныс алу мен тыныс шығару қуаты аспаптың ең жоғарғы санымен есептеледі.
Дені сау адамның тыныс шығаруының көлемдік жылдамдығы 4-8 лс арасында (ер адамдарда 5-8 лс, әйелдерде 4-6 лс) болады. Сонда тыныс шығарудың ең жоғарғы жылдамдық шамасы 1,2-ге көбейтілгенде, ӨТС-ның 85%-нан кем болмауы және тыныс шығару жылдамдығының тыныс алуға қатынасы 0,9-дан төмен болмауы - бронхтардың өтімділігінің қалыпты екендігін сипаттайды.

1-Марей капсуласы; 2-Марей пневмографы; 3-қысқышы бар тройник; 4-ауалық берілу принципі

2.2. Спирометрия әдісінің теориялық негіздер
Спиромертия - тыныс алу көлемдерін өлшеу әдісі. Графикалық тіркеу кезінде, спирограмма жазып алынады, абцисс координатында (горизонталді. уақыты салынады, ординатта (вертикалді - көлемі. Аспап - спирометр. Пневмотахометрия - тынық және форсирленген тыныс алғанда, ауаның көлемдік жылдамдығын өлшеу әдісі. Аспап - пневмотахометр. Тыныс алу кезінде ауаның көлемдік жылдамдығы тұрақсыз болғандықтан, оның макси-малді (пикті немесе тыныс алу циклының әртүрлі фазасындағы динамикасы зерттеледі. Қазіргі шақта көпшілікке танымал, форсирленген дем шығару ағымы жылдамдығымен бірге оның көлемі (ағым-көлем ілмек бағаланады. Клиникалы бағалауға сай өкпенің желдету кемшілігінің екі түрін ажыратады: обструктивті және рестриктивті, сондай-ақ бұзылыстың аралас түрін ажыратады. Өкпе желдетілуінің обструктивті түрі ауаның альвеолаларға жеткізілуінің бұзылыстарымен байланысты. Олар өкпеден тыс себептердің салдарынан (жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы немесе деформация-сынан, көмейдің ақауларынан, бөгде заттардың түсуінен және т.б. болуы мүмкүн, сондай-ақ өкпе мен бронхтардың дерттік үрдістерінен яғни бронх-тардың жазық бұлшықеттерінің тарылуынан, бронхта секреттерінің тұтқыр-лығы немесе мөлшерлерінің, бронхтардың экспираторлы коллапстарынан және басқа да себептердің нәтижесінде болады.
Рестриктивті бұзылыстар өкпелік және өкпеден тыс факторлардың салдарынан болуы мүмкін. Жиі кездесетін өкпелік себептеріне өкпе тіндерінің қабыну және инфильтративті өзгерістері. Пневмосклероз, өкпе фиброзы, өкпе көлемінің операция әсерінен кішіреюі, ателектаз және тума гипоплазия және т.б. Тыныс алудың рестриктивті бұзылыстары жүрек жетіспеушілігіне әкеледі. Бұзылыстың аралас түрі әр түрлі себептердің комбинациясын тудырады. Бұл бұзылыстың диагностикасында дерттік үрдістердің яғни қандай да бір обструкция немесе рестрикция басымдау болып табылатынын ажырату қиынға соғады. Бұл жағдайлар клиникалық бағалауға аса қажет.
Тіпті өкпенің қалыпты вентиляциялық функциясында басқа тыныс алу процесстің бұзылыстарынан тыныс алу жеткіліксіздігі дамуы мүмкүн. Бұл жағдайда өкпедегі газ алмасуды диагностикалап қана қоймай қанның газ тасмалдау жүйесін және ұлпалық тыныс алуды зерттеу керек. Өкпенің вентиляциялық функциясын зерттеу бұл жерде екінші ретті, бірақ науқасты комплексті бағалау кезінде белгілі бір биіктіктермен дұрыс орындау. Бұл биіктіктер осы популяциядағы өкпе вентиляциясының параметрлерін көрсетеді. Нормативті белгілер науқастың жасына, жынысына, бойына және оның қоғамдағы алатын орнына байланысты. Балаларда ( 16 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы шамалар
Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Статистикалық көрсеткіштің мәні, маңызы
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Статистикалық жиынтық белгісі мөлшерінің əр түрлілігін сипаттау. варияциялық қатар
Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
«Оңтүстік Қазақстандағы татарлардың арасындағы этнотілдік үрдістер»
Ауыл шаруашылығы малдарының салыстырмалы көрсеткіштері
ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Пәндер