Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫНДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Математиканы көрнекілік әдісі арқылы
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .25
2.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс сабақ түрлері және оны өткізу
әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..34
Қосымшалар

... ... ... ... ... ... ... ..36
КІРІСПЕ
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КӨКЕЙКЕСТІЛІГІ
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
атты Қазақстан халқына жолдауында Біздің жастарымыз оқуға жаңа ғылым-
білімді игеруге, жаңа машықтар алуға білім мен технологияның күнделікті
өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді
жасап ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек - деп атап
көрсетілген [1;2]. Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең
күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика.
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік,
интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз
етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның
тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға
негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың
таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту
болып табылады [4;12].
Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі - оқушы, оқушылар тобы, сынып,
мектеп болса білім сапасы баспалдақтардың әр бір буынына байланысты біз
білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз.
Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған
білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін –
мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі
рухани борышқа толы.
Мұғалімдердің мақсаты - оқытудың барлық компоненттерін пайдалана
отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру.
Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу - әр мұғалімнің негізгі
міндеті. Математика - ерекше құдіретті ғылым.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.
Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай
қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика
сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып
оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.
Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интрактивті тақта ерекше орын
алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы
программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының өзінше
ойлау қабілетін арттыру және қәзіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс
істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен
өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады [9;65].
Математиканы оқытудағы негізгі талап - оқушыға есептер шығара білу
жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде
мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі.
Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозағау салып, шәкірттердің
құзіретілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен
білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді
салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.
Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын
дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп,
қорытынды жасай білітін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар
әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін.
Математика сабағында сыни тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа
ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз
бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік
дағыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы
шығармашылықтарын дамыту [12;23].
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық
өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде.
Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік
беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі
бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың
әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу
үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі
көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім
беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды [10;33].
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми — техникалық және өндірістік — технологиялық мәселелерді шешуге
қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік
техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі
жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне
тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде
пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз
ету.
3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін арттыру,
оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның нәтижелерін
педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру жүйесінің ішкі
сұранысының артуы.
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт
бағытта: 1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып үйрену құралы; 2)
компьютер — оқыту құралы; 3) компьютер — педагогикалық басқару жүйесінің
бір саласы; 4) компьютер — ғылыми зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің
құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуда.
Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді
кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті.
Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап,
микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан
бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар кешенінің бірі
ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік
тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық
заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің
сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығы арта түседі
[16;45].
Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер
білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе қоғамдағы оқу-ағарту,
білім беру салаларындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері,
ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды қазіргі заман талаптарына сәйкес
болуын қажет етіп отыр. “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек
жай зерттеу обьектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным
субьектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің
шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьект
ретінде көрінуімен бедерленеді” - делінген Қазақстан Республикасы
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне, мынадай мақсатқа жету-
білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет
етеді.
Ұлы ғалым-педагогтар (Әл-Фараби, Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци,
Ж.Ж.Руссо, И.Герберт, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин т.б) оқыту
әдістері арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттері мен дербестігін дамытуға
баса назар аударғаны тегін емес.
Жалпы оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да
баршылық. 20-жылдары Ресейлік Б.Е.Райков, К.И.Ягодовский, М.М.Пистрак
оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу,
лабораториялық әдістерін ұсынды. 30-жылдары Ресейлік М.М.Пистрак,
П.Н.Щимбириев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу,
көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмысты
ұсынды. 50-жылдары Д.О.Лордкипанидзе әдістерді топтастырып үш түрін берді:
сөздік, кітаппен жұмыс, оқыту-практикалық. 60-жылдары Е.Я.Голант,
С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің
жаңа жіктеуін енгізді: сөздік, көрнекілік, практикалық. И.А.Данилов пен
Б.П.Есипов әдістер сыныпификациясын (жіктеп-топтау) жасағанда оқыту
процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды: жаңа
білімді меңгеру, білікті, дағдыны қалыптастыру, білімді қолдану, бекіту,
шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Дидактикаға оның ішінде оқыту әдістеріне
үлес қосқандар: С.Т.Шацкий, Н.А.Менчинская, В.В.Краевский, М.И.Паламарчук,
С.Г.Шаповаленко, А.Н.Леонтьев, Г.И.Щукина, И.Д.Зверев, М.Н.Скаткин,
Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, И.Ф.Харламов, Р.Г.Лемберг, Н.А.Сорокин т.б
[7;15];[15;23].
Ал Қазақстанда оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту
әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты Р.Г.Лемберг,
Т.С.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев және тағы басқалардың еңбектерін
атауға болады.
Дидактикалық түрде негізделген оқыту әдістері танымдық қатынастың
жолдары арқылы күнделікті танымдық әдістер мен ғылыми танымдық әдістерді
байланыстыру арқылы іске асады. 1997-98 оқу жылынан бастап мектептер
оқытудың жаңа мазмұнына көше бастады. Осыған орай жалпы мектепте берілетін
білімнің тұжырымдамасы, мемлекеттік стандарты, жаңа типтік оқу жоспары мен
бағдарламалары жасалды. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру
стандартында көрсетілгендей білімнің мазмұны өзгерумен бірге әр пән бойынша
білім мазмұнын оқытудың әдістемесі де түбегейлі өзгеріп отыр. Мектеп
тәжірибесінен енгізіліп отырған төл оқулықтардың жаңа толқынында дамыта
оқыту технологиясының мүмкін бір нұсқасы берілген. Сол себептен жаңа
материалды түсіндіру кезеңдерінде қолданылатын әр алуан әдістерді де
жетілдіру қажеттігі байқалады.
Дегенмен оқыту әдістерінің қолайлы етіп таңдаудың теориялық қағидалары мен
тәжірибесінде бірізділіктің болмауы байқалуда. Осыдан келіп оқыту әдістерін
тиімді қолданудың теориясы мен тәжірибесі арасындағы қарама-қайшылық орын
алуда. Осы қарама-қайшылықты шешу мақсатында дипломдық жұмысымыздың
тақырыбын: ”12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып математикасын
оқытудың әдіс-тәсілдері” деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: математикалық ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерінің
мазмұны мен мән-мағынасына орай оқыту әдіс-тәсілдерін 12 жылдық білім беру
жүйесінде тиімді қолданудың жолдарын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқыту әдістерін саралау және олардың ерекшеліктері мен мәнді
белгілерін айқындау мәселесіне шолу жасау.
2. Ұғымдарды және іс-әрекет тәсілдерін оқытып үйретуде қолданылатын
әдістерді іріктеу.
3. Математиканы оқыту барысында әдістерді үйлесімді қолданудың
критерийлерін жасау.
4. Математиканы оқыту барысында әдістерді үйлесімді қолданудың
әдістемесін сынақтан өткізу және оның нәтижелері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныптың математика пәнін
оқытудың формалары мен әдістерін оның мазмұнының ерекшеліктеріне сай тиімді
қолдана білсек, оқушы мен мұғалім іс-әрекеттері дұрыс қалыптасса, оқушыны
білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект деп
түсініп, оқыту жүйесін соған лайықтасақ, онда бастауыш сынып оқушыларының
өз бетінше ізденісін, танымдық қызығушылығын арттыруға болады.
Зерттеу обьектісі: Мектептегі математиканы оқыту
процесі.
Зерттеу пәні : Бастауыш сынып математикасын оқытудағы оқытудың
формалары мен әдістерінің теориялық негіздерін қалыптастыру.
Зерттеу әдістері:
- Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу;
- оқулықтар, бағдарламалар, білім мемлекеттік стандартты талдау;
- байқау, бақылау, оқыту әдістерін салыстырмалы талдау;
-тәжірибе және оның нәтижелерін қорытындылау.
Зерттеу кезеңдері:
1-кезең: тақырып бойынша арнайы әдістермен танысу, оларды талдау.
2-кезең: зерттеудің жоспарын құру, өткізу орнын анықтау, зерттеуді
жүргізу.
3-кезең: жұмысты қорытындылау және безендіру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер және қосымша тізімінен
тұрады.
І 12 жылдық білім берудің математикасын оқыту әдістерінің теориялық
негіздері
1.1. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы
мәселелері
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір
жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.)
оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді
оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы
болып табылады. Сонымен бірге ол негізгі мектеп математикасының табиғи бір
бөлігі болып табылады.
Білім берудің бастауыш деңгейінде “Математика” пәнiнен берілетін
базалық білім мазмұны 1) теріс емес бүтін сандар арифметикасы; 2) алгебра
элементтері; 3) геометрия элементтері деп аталатын үш блоктан тұрады.
Бастауыш сыныптарда оқыту барысында әрбiр жаңа ұғымды енгiзгенде оның
маңызы мен мазмұнын ашып-көрсетуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр iс-әрекет
(практикалық жұмыс, есеп шығару) жүзеге асырылып отырады. Осы мақсатта
бастауыш математикалық бiлiм мазмұнында мәтiндi есептер жүйесi қамтылды.
Есеп шығарудың әртүрлi тәсiлдерiмен таныстыру - олардың ең тиiмдiлерiн
оқушылардың өздерi өз беттерiмен iздестiрулерiне жағдай жасайды. [11]
Математиканы оқытуда жинақталған бiлiмдi, бiлiктердi өзгертiлген
жағдайда қолдана алу маңызды рөл атқарады. Ол үшiн тапсырмалар жүйесi
алдымен жеңiлдеулерiн, одан кейiн бiртiндеп күрделiлерiн орындауда оқушылар
сәйкес бiлiм мен бiлiктердi меңгеретiндей, оларды есеп шығаруға
жаттықтыратындай етiп құрылуы қажет. Сонымен бiрге оқушылардың өз
ұсыныстарын негiздеуiне, өз ойларын дәл, түсiнiктi және тиянақты етiп
жеткiзе алуына үлкен мән берiлуi тиіс.
Мәтiндi есептердi шығаруда белгiлілер мен белгiсiздердi салыстыра
отырып, оқушылар олардың арасындағы негiзгi байланысты түсiнулерi және оны
математикалық қатынастар тiлiне ауыстыра алулары, есептердiң шығарылуын
математика тiлiнде рәсiмдей алулары қажет.
Периметр, аудан және көлем жөнiндегi геометриялық материалдарды оқып-
үйренуде сандық және құрамында бiр ғана әрпi бар әрiптi өрнектердi құруға,
оқуға, түрлендiруге, есептеуге қатысты бiлiктер мен дағдылар белсендi
пайдаланылады. Бұл алгебра мен геометрия элементтерiнiң арифметикалық
материалдармен табиғи бiрлiгiн тиiмдi жүзеге асыру жолдарының бiрi болып
табылады.
Негiзгi бақылау объектiлерi мыналар:
- 1 000 000 көлемiндегi сандарды оқу, жазу, және салыстыру;
- жазбаша амалдарды орындау (көп таңбалы сандарды бiр және екi таңбалы
сандарға қосу және азайту, көбейту мен бөлу);
- жүз көлемiндегi сандарды қалдықпен бөлу;
- 2-3 амалдан тұратын санды өрнектiң мәнiн табу (жақшалы және
жақшасыз);
- арифметикалық тәсiлмен мазмұнды есептердi шешу;
- тiктөртбұрыштың (шаршының ) периметрi мен ауданын есептеу.
Білім берудің бастауыш деңгейінде математиканы оқыту барысында жалпы
орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының нормаларын
жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ оқушылардың білім, білік және
дағдыларының сапасын бақылау және бағалау жүйесін жетілдіру үшін бақылаудың
белгілі нормалары мен эталондарымен қатар (тексеру жұмыстары, диктанттары,
бақылау бөліктері және т.б.) оқушылардың жетістіктерінің деңгейін нысаналы
анықтауға мүмкіндік беретін аралық және қорытынды бақылаудың тестілік
формаларын енгізу ұсынылады. [12]
Математика оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта
білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың
бірі болып табылады.
Базалық бiлiмнiң негiзгi компонентi ретiндегi математиканың мәнi
практикалық iс-әрекетте қолдану үшiн қажеттi, басқа оқу пәндерiн зерделеу
үшiн, үздi.ксiз бiлiм беру жүйесiнде оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi нақты
математикалық бiлiмдi игерту арқылы оның адамзат өркениетiн, ғылыми-
техникалық прогрестi дамытудағы, қазiргi ғылымдағы және өндiрiстегi
рөлiмен, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы,
олардың интеллектуалдық және басқа да сапаларын дамытудағы математикалық
бiлiмнiң маңыздылығымен анықталады.
Бастауыш сыныптарда математика оқытудың мақсаттары, міндеттері мен
мазмұны
1. Бастауышда жұмыс істеуде орта мектепте математика оқытуда жоспарланған
жалпы мәселелерді есепке алу және бұл мәселелерді шешудегі бастауыш
білімнің рөлін дұрыс бағалай білу.
2. Орта мектеп математика жоспарына қатысты көптеген мәселелер бастауыштың
өзінде тиісті дәрежеде берік үйретілуі керек, яғни олар оқушылар санасында
өмір бойы сақталып қалатын болсын, ал кейбір мәселелер жоғары сыныпта толық
түрде өтілуіне қарай, бастапқы ұғымдар, дайындық есебінде қаралады. Немесе
біліктілік пен дағқыларды қалыптастыру процессінде пікірлеу қабілетін
арттыру мақсатында қаралады
Міндеттері
1. Оқушыларда саналы және берік (автомат түрде) есептеу біліктілігін
қалыптастыру
2. Оқушыларға үйренген білім, дағды және біліктіліктерін әр түрлі
жағдайларда қолдануға үйрету.
3. Оқушыларда қисынды (логикалық) пікірлеу қабілетін қалыптастыру.
4. Оқушыларға толық, нақты, қысқа да нұсқа математикалық сөйлеуді үйрету
5. Оқушыларды еңбекке баулу, сана тәртіптілігі, еңбекті нақтылай
ұйымдастыру, пікірді бір орынға топтау және нақтылауға үйрету.
Мақсаттары
1. Білім беру
2. Тәрбиелеу
3. Өмірлік -практикалық білім - дағды дарыту
1. Математиканы оқытудың білімдін мақсаты барлық оқушыларды математика
ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да
берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып
табылады.
Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл ойы дамиды.
2. Тәрбиелік мақсат - математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты
тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы сәттерді пайдалану болып
табылады. Тәрбиенің кейбір негізгі түрлері:
а) оқушыларда ғылыми дүние танымын қалыптастыру (Тарихи - математикалық
мағлуматтар көмегімен)
б) Шәкірттерде озық моралдық қасиеттерді қалыптастыру (саналы тәртіп,
белсенділік, қиындықты жеңе білу бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу,
табандылық адалдық, жауапкершілік т.б.)
в) Математика сабағында - патриотизм және интернационализм рухында тәрбилеу
(Ал-Фараби, әл-Хорезми т.б.)
г) Эстетикалық тәрбие (әдемілік) фигуралардың қасиеттері, симметрия. Ең
әсем шешуін табу.
3. Өмірлік -практикалық мақсат
а) өмірлік -практиканың қарапайым есептерін шешуге физика, химия, сызу,
ақпараттану т.б. пәндерді оқып үйренуге пайдалану білу
б) математикалық құралдармен аспаптарды пайдалана алу
в) шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету
г) политехникалық оқуды жүзеге асыруға қолтабыс тигізу
Геометриялық интуициясын, кеңістік қиялын дамыту.
Қазіргі, ғылыми-техникалық прогресс жедел өсу кезенінде, математиканың ролі
артты, сондықтан математикалық білім қоғамдық зор маңызға ие болды.
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік қауырт прогресс жағдайында мектептің ролі
бұрын-соңды болмаған дәрежеде артатындығы, мектептің - басты міндеті
оқушыларға ғылым негіздерінен берік білім беру екендігі, олардың жоғары
санасезімін қалыптастыру екендігі өмірге дайындау, саналы түрде мамандық
таңдап ала білуге дайындау екендігі және орта білім беруді жетілдіре түсу
мақсатымен мектепте берілетін білім мазмұнын қазіргі кездегі ғылым, техника
және мәдениет жетістіктері мен талаптарына сәйкес ғылыми негізделген оқу
жоспарын және программасын енгізу керек. [14]
Алға қойылған осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен соңғы жылдары
мектепте білім беруді қайта құру жөнінде үлкен
жұмыс істелді, соның нәтижесінде барлық пәндерден дерлік, оның ішінде
математикадан да, жаңа программа енгізіліп, оқыту әдістері жетілдіре түсті.
1995 жылдан бастап мектептін бастауыш сыныптарында оқыту ісі жаңа
бағдарламалар бойынша жүргізіле бастады.
Бастауыш сыныптардың математика жөнінен жаңа программаларға көшуіне
байланысты жаңа әдістемелік жүйе жасалды, ол жүйе жаңа программаны іске
асырудың тиімді жолдарын қарастырады. Мұндай жүйені жасау үстінде
математиканы оқыту ісінде бұрыннан жинақталған құнды делінгендердің бәрі
пайдаланылды.
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы ойдағыдай оқыту үшін алғаш
оқыта бастаған мұғалім математиканы оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін,
бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесін игеруі тиіс және осының
негізінде ол өз бетімен творчестволық жұмыс істейтін болуы керек.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен төменгі сынып оқушыларына
математиканы оқыту міндетін жалпы оқу және тәрбие жүйесімен бірге
қарастырады. Әдістемеде математиканың бастауыш курсының мазмұны мен
құрылысы ашылып айқындалынады, яғни математикадан бастауыш кластарда қандай
материал оқылатыны және неге дәл сол материал таңдап алынғандығы, курстың
әрбір жеке мәселесі бастауыш кластарда қандай дәрежеде жинақталып
оқылатыны, курс тақырыптары қандай тәртіпте қарастырылатыны және мұндай
тәртіптің неге анағүрлым тиімді екендігі айтылады. Математиканы бастауыш
сыныптарда оқыту әдістемесінде курстағы әрбір тараудын, және сол тараудағы
әр мәселені (мысалы, 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып
үйрену керектігі, атап айтқанда, осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық
қасиетін анықтау) оқып үйренудін дербес әдістері айқындалады. Математиканы
оқыту әдістемесі оқушыларға теориялық білімді игеру, алған білімін алуан
түрлі практикалық мәселелерді шешу үшін қолдана білуге үйрену, оқушыларда
берік дағды қалыптастыру жөнінде дәлелді ақыл-кеңестер ұсынады. Сондай-ақ
методикада математиканы оқытуда зор нәтижеге жету үшін балалардың оқу ісін
қалай ұйымдастыру керектігі жөніндегі мәселелер айқындалады. Оқыту тәрбие
беру сипатты екендігі белгілі, олай болса, методиканың міндеті - жаңа
адамды тәрбиелеуге оқушылардың ақыл-ойының жетіліп дамуына көмектесетін
оларды математикаға қызықтырып ынталандыратын мінез-құлқынын жақсы болып
қалыптасуына көмектесетін оқыту әдістерімен мұғалімді қаруландыру.
Педагогикалық технология - теориялық білімді педагогтар мен
оқушылардың жеке даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін бүтіндей педагогикалық
үрдістің жұмысын тәжірибеде іске асыратын дәйекті әрекеттер жүйесі, оның
орындалу нәтижесін бірте-бірте жеке тұлға мен ұжымның дамуынан көруге
болады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа да көптеген адами қабілетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім
белсінділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі,
алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше, сауатты әрі зан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани азаматтық және басқа да көптеген Адам келбетінң қалыптасуына игі
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі. Технологиялық білім термині ХХ ғасырдың 40-50 жылдары
пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал – жабдықтарға ( үнтаспа, телевизор
т.б.) сол сияқты оқу процесінде техникалық құрал – жабдықтарға байланысты
қолданылып келген болатын. 50 – 60 жылдары Технологиялық білім термині
бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық процесте
әдіс–тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған [14;13].
Қазіргі уақытта педагогикалық технология түсінігінің жаңа даму
кезеңі жүріп жатыр, бұл түсінік 1980 жылдары арнайы компьютерлер арқылы жан
– жақты ақпаратты – бағдарлама жүйесінде оқыту пайда болған кезден дамыған.
Оның жан- жақтылығы сандық жүйені әр түрлі шолып байқау арқылы анықталып,
оқудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды.
Педагогикалық технология анықтамасы келесі негізгі белгілерді қамтып
көрсетеді; мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің ортақтығы, адам мен техниканың
білігі. Осы белгілерді негізге ала отырып, мынандай анықтама беруге болады;
Педагогикалық технонгия - бұл мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің
біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру нәтижесі және
рефлексия негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық
жүйе. Педагогикалық жүйе құрылымы;
1) оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық,
педагогикалық зерттеу жүргізу;
2) оқушы меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу;
3) қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын кешенді қолдану және
оны дұрыс қолдануын қадағалап отыру,
4) тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту;
5) оқушыға жоғары деңгейде сапалы білім беруге кепілдеме беру.
Педагогикалық жүйеде оқушыға білім дайын күйінде берілмейді, олар
өздері жан-жақты іздену арқылы қабылдайды, яғни зерттеу ұмыстары,
шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып қажетті білімді қабылдайды. Оқушының
білім – білік дағдыларын қалыптастыру арқылы, оның өз бетімен жұмыс жүргізе
білуіне және алдына мақсат қоя білуінде.
Оқу процесінде мұғалім және оқушы, оқушы және оқыту әдісі арасындағы
байланыс басты роль атқарады. Оқушы іс- әрекетінің мазмұны ақпаратты
қабылдау, оны ұғыну, білім- ібілік дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Мұғалім міндеті оқушының іс - әрекетін ұйыфмдастыру,ақпаратты жүйелеу, оны
қабылдауға жағдай жасай отырып, оқушыға бағыт ,бағдар беру болып табылады
[19;25].
Технологиялық оқыту, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың
жаңа ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму т.б. іс-әрекеттерін
мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз
белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері
болып табылады.
Жаңа технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық
қызметін дамытуға бағытталған. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында
жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез-келген оқушы мұғалімнің
басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады. Педагогикалық технология терминіне мынадай
түсініктеме берілген педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының
жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті. Жаңа технологиясының тиімді жақтары
мыналар: әр оқушының өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады оқушының жеке
қабілеті айқындалады тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау
қабілеті артады,
әр оқушы өз деңгейіне қарай бағаланады. Педагогикалық іскерліктердің
жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру
педагогикалық үрдіс белгілі жүйе ұстанымдарында құрылатын болғандықтан,
педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Қарым-қатынасында
және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы
мүмкін. Технология әртүрлі мұғалімдерімен іске асуы мүмкін, олардың
педагогикалық шеберлігі және көрінеді. Оқыту технологиясы сабақ беру
әдістемесімен салыстырғанда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері
мен мазмұнын өндіруді көрсетеді. Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар әдістер
технологиялар ғана емес, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігін немесе
жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді
тиімді, шешу жолы. Педагогикалық технология педагогика ғылымы мен
тәжірбиесінің жетістіктерін, дәстүрлі тәжірбиедегі құнды дүниені,
әлеуметтік прогрестің жетістіктерін қоғамдағы ізгілендіру мен демократия
жемісін жинақтаушы болады.Технология оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы
жағдай тудырушы оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу,бірлескен
педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгі.
Педагогикалық технология М.Клариннің анықтауында Педагогикалық мақсатқа
жету үшін пайдаланылатын барлық, дара инструменталдық және әдіснамалық
құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.Ғалым- академик
В.Монахов оқыту технологияларының тәжірбиедегі қолданыс аясын тереңірек
зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады. Ғылымның пікірінше Технология-
оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу үрдісін ұйымдастыру
және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты
ойластырылған үлгісі [22;78]. Ал В.Беспалько Оқу технологиясы-тәжірбиеде
жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деп көрсетеді.
Мұнда ғылым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты,
бір-бірімен өзара байланысты әдіс тәсілдер жиынтығын көрсетіп отыр. Білім
беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен
тәрбиелеу ісін ізгілендіру, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап,
саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім, білік,дағдыны жетілдіруге
негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның
психикалық, физикалық саулығын қамтамасыз еткен мәселелерін алға шығарып
отыр. Технологияларды қолдана отырып оқыту - бұл таным әрекетін
ұйымдастырудың арнайы формасы. Педагогикалық технология ұғымына берген
ғалымдардың пікіріне тоқтала кетсек, аталған ұғымды модел, әдіс, амал,
тәрбие құралы, жүйе, жоба ретінде қарастырады:
-өмірде іске асатын нақты педагогикалық дүйе жоба - В.Л.Беспалько;
-дидактикалық жүйенің құрамдас процессуалдық бөлігі - М.Чошанов;
-оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі-
В.Монахов
-арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі
психологиялық-педагогикалық қондырғы. - Б.Лихачев. Қолданудың бірнеше
ерекшеліктері бар:
1.Технологиялық инновациялар-өнімдерді, өндірістің жаңа технологияларын
дайындаудың жаңа тәсілі. Бұл білім беру саласында оқытуда қолданылатын
әртүрлі технологиялық құралдар мен жабдықтарға байланысты.
2.Әдістемелік инновациялар - сабақ беру мен білім алу, тәрбиелеу және оқыту
әдістемесі, оқыту саласындағы инновациялар. Олар білім беру саласында көп
таралған.
3.Ұйымдастырушылық инновациялар-еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен
әдістерін орнықтыруға қатынасы бар. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа
көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі
дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Педагогикалық үрдіс технологиясы мақсат мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы
негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған
талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма,
әдіс амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық педагогикалық
нұсқауларының жиыны. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-
әрекетіне игі әсер етумен қатар педагогиканы нақты ғылымға жақындату,
мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын
педагогикалық іс-тәжірбиесінің нәтижелігіне, жинақтылығына әсер етеді.
Жалпы оқытудың мақсаты-бір ғана міндетті нәтижеге жету емес, әрбір оқушының
іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты
элементтерінің бірі-нәтижеге жетуге ынталандыру. Осы қойылған талаптарды әр
оқушы өз мүмкіндігі деңгейінде орындайды. Міне осы алған білімнің міндеті
деңгейін анықтау басты міндет болып табылады.[5;27];[7;36]. Педагогикалық
технологияны құрудың алғашқы сатысы мынадай:
1.Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету
2.Оқулықтарды дайындау жүйесі
3.Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі
4.Оқу үрдісін жобалау
5.Оқушының жалпы және оқу жүктемелері.
Педагогикалық технологияны жобалау үшін мынадай 5 элемент қамтылу
керек.
1.Мақсат қою
2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып
құрылған өзіндік жұмыс.
3.Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары
4.Логикалыққұрылым.шағын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму
аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.
5.Түзету. Оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты
деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі. Технологияның өзі
атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы болады. Сондықтан біз оқытудың
жаңа технологияларын таңдаудың М.Поташник ұсынған критерийлерін көрсете
отырып олардың кейбіруіне талдау жасап көрелік. Критерийлері мыналар:
-елдің, аймақтың, қаланың талап-тілегі
- мектепке әлеуметтік сұраныс
-мемлекеттік құжаттар-мемлекеттік сұраныс
-қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары
-педагогикалық озат тәжірибе
-мұғалімдердің, іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы
Жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы. Бұдан педагогикалық технология
барысында алынып отырған технологияның мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай
болуы, жүйелілігі және тиімділігі.
Технология - оқу үрдісін жобалаудың жүйелік әдісі, оқытудың тиімді
түрлеріне жету мақсатында,адам мен технологиялық ресурстарды, олардың ара-
қатынасын ескере отырып бүкіл оқу мен білімді меңгеру үрдісін жүргізу, оны
бағалау дейді Манахов. Технологиялық үрдіс нақты педагогикалық нәтижеге
жетелейтін бірліктердің белгілі жүйесі ретінде көрсетеді. Жаңа
технолгоияның ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану секілді ауқымды мәселелер анықталады, білім беру жүйесіндегі
басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуметін
қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды білім мен
ғылымның, өндірістің кірігуі тұлғаның кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз
етуді көздейді. Оқу тәрбие үрдісін білім беру тұрғысынан ұйымдастыруда жаңа
технологиялар мен озат тәжірибелерге сүйене отырып тұлғаға бағдарланған
білім беруде әлеуметтік-тұлғалық білімдікті өзектендіру арқылы оқу үрдісін
өзгертуді зерттеу педагогика ғылымында туындап отырған негізгі міндеттердің
бірі білім сапасын арттыру мәселесі алдыңғы шепке шығып отырған жаңа заман
талабына орай білім беру ісінің құрылымдық жүйесін қайта реформалау саясаты
алға шығып отыруының себебі де осы арқылы анықтауға болады [24;35].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін,
технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім
мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға,
педагогикалық үрдісті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға
мүмкіндік беретіндіктен, оқу үрдісін қайта жаңғырту идеясы педагогикалық
технологияның негізгі тірегі болып табылады. Ол идея мынадай мазмұндық
бірліктерден құралады:
Оқытудың жалпы мақсаты;
Жалпы мақсаттың нақтыландырылуы;
Оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
Оқу әрекеттерінің жиынтығы;
Нәтижені бағалау;
Білім нәтижесін бағалау мен білім сапасының өлшемдерін анықтау
берілетін білімнің түпкі нәтижеге бағытталуымен және оқытуда тиімді
технологияларды пайдаланумен айқындалады. Пәнді меңгерту сапасының нәтижелі
болуы іздемпаздықты талап ететіндігін айта келіп, оны қазіргі жағдайда
оқытудың өзіндік технологиялық әдістерін ұсынады. Сонымен қатар әдіскер
ұстаз оқушының білім алуы, жан жақты дамып жетілуіне бағытталған іс-
әрекеттерді мақсатты түрде ұйымдастыра білу мен оған мұғалім ретінде де
көрсете отырдып біртұтас жүйе деп қарастырудың мынадай мәселелеріне
тоқталады.
1.Педагогика ғылымының соңы жетістіктері сапынан орын алып келе жатқан
тиімді идеялары негізінде сабақ мақсаттарын бірлікте қарастыру.
2.Әдіс-тәсілдер мен оқу жүйелерінің тиімді деген түрлерін сұрыптап алу, әрі
оны ұтымды пайдалана білу.
3.Берілетін білімнің ішінен ең негізгі мәйегін,түйінін нақты бір
жағдай,нақты білім беру кезеңдеріне орай сұрыптап,бөліп алу,негізгі
ұғымдарды анықтау, оларды оқушыға жеткізудің нәтижелі жолдарын іздестіру.
4.Оқушыларды даралап, әрі саралап оқыту әдістемелері.
5.Тәрбие беруде сабақ түрлері мен үлгілерін іздестіру.
Адам ұрпағымен мың жасайды дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат
баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын
жарық жұлдыз оқу надан жұрттың күні-қараң, келешегі тұман деп М.Дулатов
айқанындай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса
көлеңке жерге дән ексең өнбейтін сияқты жас ұрпағымызды тәрбиелемесек
өспейді, өнбейді. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат
болып өсуі үшін үрдісінде тиімді пайдалану-әрбір ұстаздың міндеті [11;45].
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа
технология негіздері болып табылады. Оқыту технологиясын жаппай енгізуді
зерттеушілер 1960 жылдардың басына жатқызады және оны алғашында
американдық, ал одан соң еуропалық мектептің қайта өрлеуімен
байланыстырады.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі әлемдік білім беру жүйесінің алдына
жаңа әлеуметтік тапсырыс ретінде өз мақсатын іске асыру үшін өзінің іс-
әрекетін тиімді жоспарлай алатын,танымдық қызметінде алынған ақпараттарды
орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әртүрлі топтардағы
адамдармен тиімді қарым қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны
тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр.Осыған байланысты білім беру жүйесіндегі
негізгі қызғылықтар арқылы тұлғаның білімділігін қалыптастыру мәселелері
қаралды. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология дегеніміз
бүкіл оқыту үрдісі және бір біріне өзара әсерін, білім берудің формасын
оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі
әдісі М.Кларин Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол
жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық
құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті. Оқыту технологиясының
басты ерекшеліктері:
Жоспарланған мақсатқа және міндетке қол жеткізілген нәтиженің бара-барлығын
қамтамасыз ету, білім білік және дағдыларды оқушылардың өздігінен алуының
басым болуы; Тілінің, ақыл-ойының, ойлауының, сезімдік және қозғалыспен
байланысты салалар бойынша білім алушының дамуына ықпал ету өзінің ақыл-ой
әлеуетін жұмылдыра алатын, адамға тән іс -әрекеттерді орындаушы субьект
ретіндегі тұлғаның қалыптасуына септігін тигізу, субьект-субьект қатынасын
жүзеге асыратын ұжымдық үлестірімділік сипатта іс-әрект орындауға
оқушыларды бейімдеу. Оқытудың жаңа технологиясының кез келген нұсқасын,
дербес жағдайда оқыту үрдісінде, күтілетін нәтижелерге және тұлғаны зияттық
интеллектуалдық дамытуға бағдарланған технологиясын тиімді қолдану
қажеттігінен сабақтың моделін түзу және жобасын жасау, оның жоспарын
құру,мазмұны мен құрылымын анықтау бағытындағы жұмыстарды,сондай-ақ сабақты
өткізудің рет-тәртібін, әдіс-тәсілдерін,жолдары мен нұсқаларын жетілдіру
керектігін туындайды. Оқыту технологиясында сабақтың сәйкестігін іске
асыруға және оның тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін педагогика
ғылымы мен тәжірибеде белгілі нұсқауларды топтастырылған түрде ұсынамыз: -
сабақтың мақсаты мен міндеттерін, базалық білім мазмұнын, оқушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайтын құжат-білім стандарттары
мен оқу бағдарламаларын және білім мазмұнын нақтылай түсетін,оның түрлері
мен көлемін реттейтін, іс-әрекет жиынтығын білдіретін,ақпарат көзі болатын
негізгі оқыту құралы-оқулықтарды, іс-әрекеттерді жүзеге асыру және білім
тексеру мен бақылау жолдарын, әдістәсілдерін,түрлері мен формаларын
анықтайтын құрал-әдістемені оқып үйрену арқылы жоспарлы түрде және алдын
ала жобаланған оқыту үрдісін тәжірибеде қайта жаңғыртып іске асыруда
[17;9].
1.2 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын
тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке
келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын
дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты
нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді
білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың
зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды
қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге
үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге
асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу,
ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі
құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары,
станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер,
өндіріс, құрылыс.
Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз
бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру,
тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім
алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік,
тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер
арқылы білім алу мүмкіндігі бар. [19.58]
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа
жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік
және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет,
бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері
бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-
әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың
алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық
жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой
жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі
әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап,
кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің
танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де
таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу
әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін
топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан
тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру,
ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген.
Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру
әдісі, в) тәжірибелік әдіс [20.69].
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың
тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың
тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.)
қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді
хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға
сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек
айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту
әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды,
фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді
жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін
айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана
хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар
заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін
тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді.
Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар
дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды).
Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау,
оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде
орындаушылық деп атаймыз.
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып
табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда
кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі
қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын,
ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің
үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті
қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі,
эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық
тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ
негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда
мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу,
қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және
қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді.
Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы
керек емес деген сөз тумайды.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған
кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне
мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп
әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты
болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл
тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу
(ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың
баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-
ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп
берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп,
оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-
әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім
өзі оқып, көрсету лайық", - дейді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің
сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін
оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
• әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
• әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
• ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың,
фактілердің жеткіліктілігі;
• әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
• әңгіменің әсерлілігі;
• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың
жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа
мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды
сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға
түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ
бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды
оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және
салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
• сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
• себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
• салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста
кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының
күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс
кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын
меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін
тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер
түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне
қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар.
Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді
қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші
әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға
дайындық деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны
білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге
үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен
тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын
жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып
жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық
білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz