Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Бастауыш мектепте математика сабағында жаңа технологияны қолдану . . . 6
1. 1 Сын тұрғысынан ойлау - жаңаша оқыту философиясы . . . 6
1. 2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық негіздері . . . 9
2 Бастауыш сынып оқушыларын дамыта отырып танымдық қызығушылығын арттыру . . . 20
2. 1 Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктері . . . 20
2. 2 Бастауыш сыныпта математика сабағында жаңа технологияны пайдалану арқылы өтілген сабақ жоспарлары . . . 26
Қосымша . . . 34
Қорытынды . . . 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 39
Кіріспе.
Зерттеудің өзектілігі . Қазіргі заманғы техникалық тізбекті технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі қандай ? деген мәселе американдық мұғалімдер ассоциациясының вице - президенті Альфред Урбанский, білім берудің болашақ мұратын былайша сипаттады: «Оқыту ойлауға, үйретуге негізделуі тиіс . Осыған байланысты оқу үрдісіндегі өте маңызды кезең - рефлексті емес, басымдылықтан ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде шешуге көшу».
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процес білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орында баланың білім білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогиканың ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылу.
Қазақстанның қоғамдағы түбірлі өзгерістеріне сай үздіксіз білім берудің бастауыш білім беру жүйелерінде елеулі жаңарулар туындауда .
Білім беру дамыта отырып, деңгейін анықтау және оны саралау мүмкіндіктерін туғызуға бағытталған . Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекеттің шешімін таба білуге қабілетті барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Ал осы мәселелерді шешуде бастауышта білім беру, оқытудың және әлемдік тәжірибеде қалыптасып өз қызметін жаңаша атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын, жобасын жүзеге асыруда қолданылатын педогогикалық технологиялар арқылы жету көзделеді.
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектептері жаңа өзгерістерді әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа педагогикалық іздену және оларды қолдануға бағытталған жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің сапасына, үнемі өсіп отыруына сәйкес, педагогикалық құралдарды да тұрақты жаңарту қажет деп есептейді . Бүгіндері мұндай жаңарту педагогикалық ғылым мен мектеп тәжірибесінің үздіксіз сабақтастығы арқылы көрінуде. Мұнда педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытуда педагогикалық жағдайларды оқу - тәрбиені үздіксіз алдын - ала жобалау жолына ауыстыру, оларды күнделікті сыныпта қолдану көзделеді. Мұғалім үшін жазылатын дәстүрлі сабақ жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың оқу танымдық әрекетінің құрылымы мен мазмұнын ашатындай оқу - тәрбие үрдісінің жобасы жасалынды. Бұдан әрбір тұлғаның деңгейіне сәйкес деңгей тиімділігі мен оқытудың маңыздылығының қажеттілігі байқаймыз.
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазақcтанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда . Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан бұл бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу -тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, оқушылардан танымдық, шығармашылық потенциялдық дамытуды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті ізденіс арқылы, барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілі туындайды. [1] .
Ғылым өзін-өзі түзете отырып, үздіксіз ілгері жылжи береді. «Ғылым - саты », - деп В . Гюго айтқандай ғылым мен техниканың дамуы білім жүйесіне тың сепіліс әкеледі. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жаңа бағыт, жаңа мазмұн жүріп жатыр. Білім білік дағдысын механикалық түрде емес, танымдық қабілетті дамыған өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға оқыту технологиясының маңызы зор .
Зерттеудің мақсаты:
Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу- үрдісінде оқытудың инновациялық технология әдіс- тәсілдерін пайдалануды теориялық және практикалық жағынан негіздеу және эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.
Бастауыш мектептің білім мен тәрбие беру ерекшелігіне сай әрбір пәндерінің жаңа сапалық деңгейге көтерілу мүмкіндігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- жаңа технологиялардың даму тарихына шолу
- дамыта оқыту технологиясында оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесіне талдау;
- бастауыш сынып пәндерінде дамыта оқыту технологиясын қолдану жолдарын анықтау;
-дамыта оқыту технологиясын қолданып жүргізілген сабақ жоспарларының үлгісін дайындау ;
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептегі оқу -тәрбие үрдісі
Зерттеу пәні: Математика
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныптың математика пәнінде жаңа технологияны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тиімді қолдана білсек және дамыта оқыту технологиясында оқушы мен мұғалім іс-әрекет жүйесі дұрыс қалыптасса, оқушыны даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект деп түсініп, оқыту жүйесін соған лайықтасақ, онда бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше ізденісін, оқу үлгірімін, сабаққа қызығушылығын арттыруға болады.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық бақылау, сауалнама жүргізіу, алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Зерттеу орны: Тараз қаласындағы №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп гимназия
- Бастауыш мектепте математика сабағында жаңа технологияны қолдану
1. 1 Сын тұрғысынан ойлау - жаңаша оқыту философиясы
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектептің осы күнге дейін дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда . Бұл педагогика теориясы мен оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. [1] .
Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен байланысқа түсуде.
Ақпарат дәстүрлі әдістері: ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс - қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.
Баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде. Есте сақтау, ақыл -ойын дамытатын оқуға көшу;
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе оқушуларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын ояту.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған азамат дамуының жаңа кезеңі білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең [2] .
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
-практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы ;
-қоғамның интелектуалды қуатын жетілдіру;
-еліміздің материалдық -қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
-орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту тағы сол сияқты міндеттерді көздейді.
Ғылыми -педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл инновация деп аталады.
«Инновация » ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалым дардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу » деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны «өзгеріс »деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды [6] .
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ- ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл, ұғым этнографиясында әлі күнге дейін сақталған.
Инновация (латын сөзі in - в, novis- жаңа) - жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С. И. Ожегов сөздігі бойынша : инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық. [9] .
«Ғылымның қайнар көзі» -Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған. : ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде- бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді. «Инновация » ғылымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э. М. Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Кейіннен «инновация »ұғымы «білім беру жүйесіне жаңаны енгізу » мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады.
«Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың -«инновация » «нововедение» новшество» «новое» т. б. қазақша аудармаларын жасаған
Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К. Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны » - нақты қойылған мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже деп есептеді. Демек, инновация мақсат пен нәтижеге - жаңалыққа бет бұрудың кілті. [11]
Қоғамдағы қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды -машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспен отыр, Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары: «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында » көрсетілген. [3]
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдасуда жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда . Елдің әлеуметтік- экономикалық даму перспективалары айқындалған.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н. В. Горбунова, М. В, Кларин, А. В. Лоренсов, М. М. Потащник, В. И. Загвязинский, Т. И. Шамова, Н. Р. Чосуорбекова және т. б. зерттеулерінде қарастырылған. [4]
Бүгінгі таңда Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық теориясы, В. А. Шаталовтың оқу материалының тірек белгілерімен тірек конспектілері (сызба үлгілері) негізінде қарқынды оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К. Вазинаның, М. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Сонымен қатар Лысенкованың «Перспективті дамыта оқыту технологиясы », Н. П. Гузиктің «Сынып ішіндегі деңгейлеп -саралап оқыту технологиясы », В. В. Фирсовтың «Міндетті нәтижелер негізіндегі саралап оқыту технологиясы », Н. Н. Пиканның «Саралап деңгейлеу технологиясы», В. Дьяченконың «Жобалап оқыту технологиясы », М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы », В. М. Монахавтың технологиясы, Д. Б. Эльконин, В. В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі, И. П. Волковтың «Шығармашылық пен дамыта білім беру технологиясы», Ш. Амоношвилидің «Ізгілікті - тұлғаны оқыту технологиясы », В. Д. Шадриков «жеке бағытталған оқу жоспары негізінде оқыту технологиясы », «Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы » «Ақпараттық оқыту технологиясы » (Дьяченко) , «Проблемалық оқыту технологиясы », «Ойын арқылы оқыту технологиясы » В. В . Гузив т. с. с. жаңа технологиялық оқыту түрлері зерттелді. [34]
Яғни оқу процесін технологияландыру дегеніміз- білім беру бағыттарына сай оқыту процесін құрастыру. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі -қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру . Оқылатын пән мазмұны мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс- әрекеті. Оқушының ішкі даму процесі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. (Қосымша №1 кесте) .
Қазақстанда Ж. А. Қараевтің, Ш. Т. Таубаева, Қ. Қ. Қабдықайыров, С. Н. Лактионова, М. М. Жанпейісованың және басқа да ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолдануда.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, прфессор Ж. Қараевтың оқытудың дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданысқа ие болуда. [6] .
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқыту - тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек.
Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласында проблема- әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгеру жүру-
1. 2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық негіздері
Даму ұғымы философиялық сөздікте» . . . мөлшерлік өзгерістердің алектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Терістеу дамудың қозғаушы күші. Терістеу белгілі бір затпен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың жолдарын анықтау, сапаның болуына мүмкіндік туғызады.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағына береді. Барлық табиғат құбылыстар сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғылымдардың зерттеулері баланың даму процесін 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл ата - анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылдаған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмнің ортамен қарым - қатынасының нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай - ақ баламен қарым - қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез - құлық және ақыл - ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен қатынас бермейді. Баланың организімі ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде - бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көз қарастарды қатты сынға алды. Ең алғашқы рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды .
1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеруі арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып игерген кезде дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан - жақты үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметі солғұрлым мазмұнды, жан - жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың жолдары солғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мәніндегі - ертеңгі күнге меңзеу орын алады.
Ғалым психологтар Л. В. Занков, А. А. Люблинская, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалады. С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова - Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екендігін дәлелдейді.
И. Я. Лернер «даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интелектуалдық іс - әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселен қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. [21]
Осы мәселе төңірегіндегі еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап көрсетеді. Мысалы П. П. Блонский Бұған индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алу қабілетін жатқызса, Д. Н. Богоявленский жәнеН. А. Менчинская - оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н. Д. Левитов оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білуі дағдысын жатқызады.
Л. В. Занков ақыл - ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс әрекеттер атқара білуі.
В. В. Давыдов ақыл - ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қортындылай алуы дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шартты ретінде әрекет алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz