Майдан сабын алу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ коммерциялық емес акционерлік қоғамЫТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Май өнімдерінің қосалқы өнімдері.

Орындаған: Мекенова Жансая ТПРП-310к
Тексерген: Тимурбекова А.К

Алматы 2018ж.
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1-2
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жмых ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.2 Саломас.Күнбағыс майынан саломас алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-6
2.3. Мұнай өнімдерінен және майдан сабын алу жолдары ... ... ... ... ... ... ...6 -8
2.4. Қазақтың қара сабынын алаботадан алу технологиясы ... ... ... ... ... ... ..8-10
2.5. Үй жағдайында сабын алу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-11
2.6. СЖЗ-дың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері ... ... ... ... ... ... 12-15
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
IV.Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

І. Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында бірқатар тұрмыстық химия өндірісі бар, оның ішінде ең ірілері консервіленген жағдайда тұрып қалады. Жалпы алғанда жуғыш және тазалағыш құралдардың нарығында жуғыш құралдарды шығарумен айналысатын 20-дан астам қазақстандық компаниялар жұмыс жасайды. Синтетикалық жуғыш құралдарды қазақстандық өндірушілерінің тауар сұрыптамасын талдау нәтижесі бойынша осы компаниялар өндіретін өнімдердің 70-80 %-ын сұйық жуғыш құралдар құрайтыны анықталды.
Жуғыш құрал, детергент (лат. detergeo -- жуамын) -- бір нәрсені кірден тазалауға көмектесетін құрал немесе қоспа. Қоспа-детергенттердің ең көп тараған үш түрі бар: сабын, кір жуғыш ұнтақ және сусабын. Жуғыш құралдарға әдетте синтетикалық жуғыш құралдар (СЖҚ) мен сабын, сондай-ақ олардың әрекетін толықтыратын: ағартқыштар, салқындатқыштар, кір жууға арналған тұздар, түсті қалпына келтіргіштер, жібітуге арналған құралдар, дақты кетіруге арналған құралдар жатады. СЖҚ-ның негізгі мақсаты - құралдарды, беттерді, матадан жасалған бұйымдарды және мата емес материалдарды әртүрлі тектегі ластанудан тазарту. Синтетикалық жуғыш құралдар (детергенттар) көпкомпонентті композиция болып табылады және сұйық, паста тәрізді және ұнтақ тәрізді болады. Олардың барлығының құрамында беттік-белсенді құралдар (ББҚ), сондай-ақ ББҚ-ның тиімділігін арттыратын органикалық және бейорганикалық құралдар бар.
Алғашқы детергенттер табиғатта кездесетін құралдардан алынған сабындар болды. Алайда май сабындардың кейбір кемшіліктері бар. Олардың жуғыш әсері негіздік ортада ғана пайда болады; кермек судың құрамында болатын кальцийлі және магнийлі тұздармен олар матаға тұнып қалатын және оны ластайтын жабысқақ ерімейтін тұздар түзеді. Сабынның құрамында болатын негіздер жүн және жібек матаның, сондай-ақ полиэфирлі талшықтан жасалған маталардың беріктігін төмендетеді, әсіресе жоғарғы температурада, сондай-ақматаның түсін өзгетуі мүмкін. Одан басқа, сабын үшін қажетті майлы шикі құрал тапшы тамақ өнімі болып табылады. Осылардың барлығы келесідей артықшылықтарға ие синтетикалық жуғыш құралдарды өндіруді және қолдануды дамытудың маңыздылығына себепші болады:1. СЖЗ өндірісі арзан шикі құрал негізіне - мұнай және газды қайта өңдеу өнімдеріне негізделген. Есептеулер СЖЗ өндіру шығыны 47%-дық кір сабын өндірісінің шығынының 65-70%-нан аспайтынын көрсетті. Синтетикалық жуғыш құралдар өндірісінің кең бағдарламасының жүзеге асуы көп көлемде тағамдық майды босатуға мүмкіндік береді. 2. СЖЗ кермек судың тұздарымен әрекеттеспейді немесе әрекеттескен кезде матадан оңай кететін қосылыстар береді. Көп СЖҚ жұмсақ, кермек, тіпті кейбірі теңіз суында да бірқалыпты жақсы жуады.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жмых
Әрбір жмыхтың өзіне тән түсі болады. Осылайша, күнбағыс жмыхы сұр түсті болады; зығыр - сұрдан ашық - қоңырға дейін; мақта - сары ( ашық- сарыдан ашық - қоңырға дейін) жасылдау немесе қоңырқайлау реңді; соя - ашық - сарыдан ашық - қоңырға дейін; жержаңғақ - ақ сары; рапс - жасылдау - сары тұқым қабығының бөлшектерінің қоңыр қоспасымен болады. Бұл түрге тән емес түс арамшөптер қосылғанда, өндіру немесе сақтау технологиялары бұзылуы нәтижесінде бүлінген жмыхтар және күнжараларда болады. Жмых пен күнжаралардың иісін, дәмін және балғындығын сынаманы 40 оС дейін қыздырылған сумен сулаудан кейін анықтайды. Сапалы жмыхтың әрбір түрі үшін өзіндік ерекше дәм және иіс тән. Борсыған иіс, көк иісі және ащы дәм шикізаттың сапасыздығын немесе сақтау барысында өнімдердің бұзылуын көрсетеді. Егер жмыхты немесе күнжараны дымқыл, нашар желдетілетін жерде сақтаса, оларды көк басуы мүмкін. Ащылау дәм сонымен қатар жмых және күнжараларда болатын өсімдік майының қызуы салдарынан болуы мүмкін. Жмыхтың түрін кейде органолептикалық анықтау қиын болады. Мұндай жағдайларда 1 г жмыхты шыны түтікке салып, 5 мл спирт пен тұз қышқылының қоспасын (10 мл спиртке 0,5 мл концентрлі тұз қышқылын) қосады. Сынаманы араластырады және бірнеше минутқа қайнап тұрған су моншасына орналастырады, кейіннен оны тағы бір араластырады және тұндырады. Тұнбаның үстіндегі сұйықтық жмых түсті болады: күнбағыс - шие, зығыр және рапс - ақ, мақта - сары. Жмых пен күнжаралардың ылғалдылығын дәнді азықтардың ылғалдылығын анықтаған сияқты жүргізеді. Бұл өнімдердің қалыпты ылғалдылығы 8,5 - 11 % шегінде ауытқиды.
2.2 Саломас
Күнбағыс майынан саломас алу
Тауарлық сутектендірілген майларды Саломастар немесе саломиндер-деп атайды.Қанықпаған май қышқылдарына 18 көміртегі атомдары бар өсімдік майларын сутектендіру кезінде бірдей жағдайда алынған саломастардың құрамы байқалады егер рапс,какос немесе балық майларынан алынған сутектендірілген майларды салыстырса сутектендірілетін майдың май қышқылының құрамы және оның глицеридтерінің, сонымен қатар оның химиялық және физикалық қасиеттері сутегі қосылған сайын үздіксіз өзгереді.
Майлардың сутектендіру үдерісіндегі айналып жүретін сутегі және оны тазалау әдістері кезіндегі қосымша шикізаттар: егер катализаторда мыс болмаса, онда пісіру процесі жылдам және толық өтеді.Бұл майларда аралық қабат болмайды. Сүзу майларды сутектендірудің өндірістік тәсіліндегі маңызды операция болып табылады.Оның мақсаты - алынған саломастағы өңделген катализаторларды бөлу.МЕМСТ бойынша маргарин өндірісіне арналған саломастың құрамында қалған никельдің мөлшері 10 мгкг аспауы керек. Саломастан катализаторды бөлудің негізгі әдісі болып сүзу болып табылады. Бұл мақсат үшін сутектендіру зауыттарында рамалы сығымдағыш - сүзгіш қолданылады.Жақсы механикаландырылған майларды сутектендіру процесінде сүзу ең ауыр операциялардың бірі болып қалып жатыр.Қазіргі кезде шет елдерде және жаңа салынып жатқан зауыттарда сүзу үшін механикаландырылған түсіргіші бар әр түрлі құрылысты сүзгіштер қолданылады.Өңделген катализатордың негізгі массасы түсірілген бірінші сүзу механикалық түсіргіші бар сүзгіште жүргізілетін бұған байланысты катализатор толық бөлінеді, ал сығымдағыш сүзгіштерге түсетін ауыр көп есе жеңілдейді.
Саломастың сапасы осы деңгейлерге байланысты болады.Бірақ жалпы саломастардың деңгейі оның йодтық саны бірдей кезінде балқу температурасы,тирі, қаттылығы әр түрлі болуы мүмкін немесе керісінше балқу температурасы бірдей кезінде йод саны әр түрлі болады.Саломастардың жоғары балқу температурасы оның жоғары қаттылығын білдірмейді.Саломастардың бұл және басқа физикалық қасиеттері сутектендірудің сипаты мен сұрыптау деңгейіне және құрамындағы изо олеин қышқылдарының мөлшеріне байланысты.Алайда, қатты майлардың физикалық қасиеттері олардың әр түрлі бағыттарға арналған қажеттіліктерін анықтау кезінде шешуші фактор болып табылады.Бұл кезде келесіні ескеру керек,саломастардың физикалық қасиеттері өзгергенде оның глицеридтері полиморфты өзгерістерге ұшырайды.Майлар әр түрлі күрделі қоспаларды құрайды.Сондықтан оларда полиморфизм әр түрлі көрінуі мүмкін.Бұл сутектендірілген майларға-саломастарға да қатысады.Саломастардың полиморфизм бойынша сұрағы аз зерттелген.Саломастар күйінің тұрақсыз түзілуі олардың сутегімен қанығу деңгейінің жоғары кезінде және оның қатуы кезінде қатты байқалады.Күнбағыс майларыны сутектендіру кезінде алынған саломастарда саломастық иісболады.Жақсы тазаланған сұйық май сутектендіру кезінде ағарады.Бұл майдағы қалыып кеткен липохромдардың сутегімен қанығуы кезінде олардың түссізденуімен түсіндіріледі.Майдың ағаруының басқа себебі қатты кристалл құрама бөліктердің түзілуі болып табылады. Катализаторды жақсылап бөлгеннен кейін,әсіресе күкірт қышқылын араластыру көмегі кезінде жоғары емес температурада жақсылап тазаланған сұйық майды сутектендіруден алынған жоғары балқымалы саломастардың түсі ақ болады.Саломастың лас күкіртті түсі катализаторды нашар сүзумен түсіндіріледі.Кейде саломастағы темірдің жұқа дисперсті күйі туғызады.Құрамында күшті қанықпаған қышқылдары бар жоғары температурада майларды сутектендіру кезінде алынған саломастың түсі қызыл-сары болады.Саломастардың мұндай түске өзгеруі себебін түзілген майлар өнімдерінің термиялық ыдырауынан көруге болады.Саломастардағы жеке май қышқылдарының мөлшері тұрақты емес.Тағамдық саломастардың құрамында орташа 15-25% қаныққан қышқылдар,70-80% олеин қышқылдары,2-10% линол қышқылдары болады.Бұл саломастардың құрамына қойылатын жалпы талаптар құрамындағы линол қышқылдарының мөлшерін шектеу болып табылады.Негізінен бұл талаптар глицеридтердің линол қышқылымен тез қышқылдануымен түсіндіріледі.Алайда, тағамдық саломастарды, қанықтыру процесін максималды таңдауға әсер ететін жағдайларды дайындау қажет.Бұл жағдайда алынатын саломастардың құрамы және физикалық қасиеті маргарин өндірісінің талаптарына сәйкес келеді.

2.3. Мұнай өнімдерінен сабын алу жолдары.
Мұнай-көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады:
2С36Н74 + 5O2 -- 4С17Н35СООН + 2Н2O
Түзілген қышқылдарды бейтараптау арқылы сабын алынады
С17Н35СООН + NaOH -- C17H35COONa + Н2O (қатты сабын)
С17Н35СООН + Na2CO3 -- C17H35COONa + Н2O + СO2
Карбон қышқылы тұздарының (сабынның) гидролизі кезінде сілті түзіледі:
С17Н35СОО[-] + Na[+] + НОН -- С17Н35СООН + Na[+]+ ОН[-]
Сілті майлы заттарды ыдыратады, ал карбон қышқылы -- беттік белсенді зат (ББЗ) . Ол екі сұйықтың немесе сұйық пен газ шекарасында беттік керілуді төмендететін зат. ББЗ болу үшін оның құрамындағы топтар әр түрлі затпен әрекеттесуі керек. Карбон қышқылы молекуласының беттік белсенді заты су мен органикалық сұйықтық шекарасында. Карбон қышқылында гидрофобты (гр. hydro -су және phobos -- қорқады) көміртек қалдығы және гидрофильді (гр. hydro -су және рһіlіо-сүйеді, ұнатады) карбоксил тобы бар.
Сабын молекуласы екі бөліктен тұрады, көмірсутек тізбегі майдың құрамында, ал -- COONa[+] тобы суда болады.Сабындардың жуғыш қасиеті-жуылатын беткейлердегі жабысқан кір бөлшектерін эмульсия, суспензия түріне ауыстыра алатын мүмкіндігіне байланысты. Синтетикалық қышқылдардан алынатын сабындар химиялық табиғаты жағынан кәдімгі сабындарға ұқсас бола тұра, кемшіліктері де бар, мысалы кермек суда кір ашпайды. Сондықтан қазір жуғыш заттардың басқа түрлерін өндіру әдістері дамуда. Сондықтан жуғыш заттар жасағанда олардың жоғары жуғыштық қасиеттерін ғана қамтамасыз етіп қоймай, ол заттардың биологиялық ыдырағыштығына да - тіршілік әрекеті процесінде микроорганизмдердің кейбір түрлерінің оларды соңынан жою мүмкіндігіне басты назар аударса, қоршаған ортамызда таза ұстауда өз үлесін қосар еді.

Майдан сабын алу
Майлар дегеніміз- триглицеридтер- органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлері; глицерин мен жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирлері липидтерге жатады. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал қанықпаған май қышқылдары олеин,линол,линолен қышқылдарынан тұрады. Табиғи майлар жануар және өсімдік майлары болып екіге бөлінеді.
Майдың құрамын француз ғалымдары М.Шеврель мен М.Бертло анықтады. XIX ғасырдың басында Шеврель майға су қосып, сілті қатысында қыздырғанда(стеарин және олеин) түзілетінін тапты. Ал Бертло кері реакция жүргізді(1854ж). Глицерин мен карбон қышқылдарының қоспасын қыздырып, майларға ұқсас зат алды.
Сабын және басқа заттар алу үшін көбінесе қатты майлар керек. Ал қатты майлар - өте бағалы азық-түлік. Сондықтан да қатты майлардан арзанырақ келетін өсімдік майларын қатты майларға айналдырып, содан кейін оларды қайтадан қандай да бір техникалық өңдеу арқылы алады. Сұйық майлардың қатты майлардан ерекшелігі құрамының қанықпағандығы- көмірсутек радикалдарына қос байланыстың болуы. Қанықпаған сұйық қышқылдардың құрамына сутегін қосып, қатты қышқылдарға айналдыруға болатыны тәрізді, сұйық майлардың да құрамына сутегін енгізіп, оларды қатты майға айналдыруға болады. Гидрленген май - сабын өндірісіндегі бағалы өнім. Күрделі эфир болғандықтан, майлар - минералды қышқылдар,сілті қатысында қыздырғанда гидролизденеді.Реакция нәтижесінде глицерин мен карбон қышқылы түзіледі:
Күрделі эфир + су = глицерин + карбон қышқылы
Сілті қатысында гидролиздегенде, глицерин мен карбон қышқылдарының тұзы (сабын) түзіледі. Бұл реакция майдың сабындану реакциясы деп аталады.
Май + сілті = глицерин + сабын
Егер майларды сода немесе сілті қосып қыздырса, сабын түзіледі. Сабынды бөлу үшін натрий хлоридін (ас тұзын) қосады. Сабын алу үшін қатты майлар қолданылады. Қатты майлар бағалы тамақ өнімдері, сондықтан құрамында қанықпаған қышқылдары бар сұйық майларды қатты майларға айналдырады.
2.4. Қазақтың қара сабынын алаботадан алу технологиясы.
Баяғы халқымыз көшіп - қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір - қоңын, киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй - іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Алабота тұқымдасына бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдіктер жатады. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл); бұта (баялыш); жартылай бұта(изен, итсигек); шөптесін (алабота) болып бөлінеді.Қазақстанда бұлардың 47 туысы, 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабағы бұтақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп, немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Жемісі - жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады.
Алабота - бұл кәдімгі арамшөп, жол жегінде, егістіктерде кездеседі. Алабота тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі, Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Алабота - бір үйлі, дара жынысты гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі - бес тармақты, жеміс қабы- үлпекті. Аталығы - 5, аналығы - 1. Тұқымы тығыз қабықты бозғыл қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Оны халық медицинасында және бояу дайыдауда пайдаланады.
Алабота өсімдігінің биохимиялық құрамы мен дәрілік қасиеттері.
Алботаның арамшөп ретінде зиянынан гөрі адам өмірінде емдік, азықтық қасиеті басым екенін білдім. Бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатының төмендеуіне байланысты қышыма ауруы ауылды жерлерде көп таралуда. Осыған қарсы күресуде алаботаны пайдалагуға болады.1 л суға 40-60 г ұнтақталған алаботаны 10-15 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып,жуады.Жас өспірімдердің тік ішегіндегі паразит құрттарды (аскарида) түсіру үшін алаботаның 1- 2,5 грамын 1 стакан суға бұқтырып, аш қарынға тамақ ішуден 1 сағат бұрын 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішкізеді. Бұл емді ежелгі грек дәрігері Гиппократтың өзі ұсынған.
Халықтық медицинада жас алаботаны жаныштап, сөлі шыққан соң денеге шыққан сыздауық пен шиқанның ауызына тартса, ішіндегі ірің мен соқтасын тартып алады дейді. Бұдан жас алаботаның құрамындағы макроэлементтер мен биохимиялық қосылыстардың ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екенін анықтауға болады.Алаботаның қайнатпаларынан ағзаның ішкі және сыртқы бөліктерін емдеуге болатыны бауыр мен өт жолының қызметін реттейтіні және қайнатпаларының ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екені туралы қорытынды жасадым.

Алаботадан сабын алу технологиясы.
Тамыз айында бау-бақшадан немесе егістіктен 50 кг алабота жинау керек.
Алаботаны күн тимейтін көлеңке жерге кептіру. Алабота қызып, шіріп, кетпес үшін күнделікті екі уақыт аударыстырып, отыру керек. Бір айдан кейін кептірілген алаботаны өртеп, күлін алу.
Сақар алу. Ол үшін қазанға су құйып, қайнаған су үстіне алаботаның күлін, күлдің нілі суға әбден шыққанша 20 минут отқа қайнату . Қайнау барысында күл құрамындағы еритін тұздар ериді, түзілген ерітіндіні шұңғыл ыдысқа құйып алып, күл түбіне шөккенше тұндырған дұрыс.
Ерітіндінің бетіне шыққан жеңіл затарды сүзгімен сүзіп алып, түбіндегі тұнбасын төгіп тастау қажет. Қазанды тазалап жуып, ішін жақсылап күнбағыстың майымен және тоң маймен майлау. Сүзіп алған 3 л нілді суды қазанға құйып, әбден су алғанша қайнату. Су қоймалжыңдана бастағанда отты баяулатып, ерітіндіні араластыру. Су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді қоспалардан тазалау
Еркін майлы қышқылдар
Липидтер
Азықтардың химиялық құрамы. Макро және микроэлементтер. Түрлері. Маңыздылығы
Медициналық сабындар
Майлауда қолданылатын материалдар. Майлағыш заттар
Қорытылған жануар майларының ассортименті
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері
Майлар және олардың тамактанудағы маңызы.Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі.Дәрумендердің жіктелуі
Пәндер