Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 429 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

КІРІСПЕ . . . 3 бет

І. ЖАСӨСПІРІМДІК КЕЗЕҢ

1. 1 Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы. Жасөспірімдік кезеңге сипаттама . . . 6 бет

1. 2 Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі . . . 20 бет

1. 3 Қарым-қатынас - жасөспірімдік кезеңнің негізгі іс-әрекеті. Жасөспірімдік кезеңнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Танымдық аймақ және ақыл-ой ерекшеліктері . . . 24 бет

І. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР 6-бет

1. 1 . Зейіннің түрлері . . . 20-бет

1. 2 Зейіннің негізгі қасиеттері39-бет

І. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР 6-бет

1. 1 . Зейіннің түрлері . . . 20-бет

1. 2 Зейіннің негізгі қасиеттері39-бет

ІІ. ЖАСӨСПІРІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Жасөспірім кезеңніндегі дағдарыс және жыныстық жетілуі . . . 35 бет
  2. Оқу іс-әрекетінің объектісі - жасөспірім . . . 52 бет
  3. Жасөспірімдерді жаңа жағдайда оқытып тәрбиелеудің психологиялық негіздері . . . 56 бет

ІІІ. ЖАСӨСПІРІМ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР

3. 1 Жасөспірімнің өзін-өзі бағалауын зерттеу әдістемесі . . . 59 бет

3. 2 Жасөспірімнің өзін-өзі бағалауын зерттеу әдістемесінің қортындысы . . . 61 бет

3. 3 Жасөспірім оқушы тұлғасын қалыптастыру жолдары . . . 62 бет

ҚОРТЫНДЫ . . . 63 бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 65 бет

Кіріспе

Тақырыбымыздың актуальдығы қазіргі уақытта оқу - тәрбиелік процестерде белгілі - бір мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын бейнелейтін тұжырымдамаларды пайдаланудан туындайды.

Еңбегіміздің зерттеу обьектісі оқушы, оқушының жеке тұлғасын жан- жақты дамыту және оған тұтастық жағынан қарау, мектеп оқушының тиімді даму мәселелердің шешудің жаңа көрсеткіштері мен өлшемдерін ашып көрсетеді.

Мақсаты:

  • Жасөспірім тұлғасының дамуы кезіндегі бала психологиясындағы өзгерістерге мән беріп, психодиагностикалық әдістемелер жүргізіп, дер кезінде кеңес беру;
  • Психологиялық-әлеуметтік жаттықтыруларды (тренингтер) пайдалана отырып, түзету жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру, яғни оқушының жан-жақты дамуына ықпал ету.
  • Жасөспірімдердің жүріс-тұрысындағы сенімсіздіктер мен қолайсыздықтарды жою үшін, жасөспірім оқушыларды дене тәрбиесімен және дене еңбегіне тәрбиелей отырып оқыту.
  • Жасөспірім оқушының мінез-құлық ауытқушылығының алдын алып, олармен түзету жұмыстарын жүргізу үшін оның пайда болу себептерін анықтап, педагогикалық құралдарды, әдістемелердің барлығын пайдалану.

Міндеті:

  • Жасөспірім дүниетанымын дамыту үшін күнделікті сабақты дұрыс ұйымдастырып, сабақ мақсатын дұрыс қойып, осы мақсатқа жетуге тырысу қажет.
  • Жасөспірімдердің психологиялық ауытқушылықтардың алдын алу үшін мектептерде жасөспірімдерге, ата-аналарға арналған психологиялық дәрістер оқылуы керек;
  • Жасөспірім оқушылардың өзін қоршаған ортаны танып білуіне, ұшқыр қиялы мен нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналыққа, биік адамгершілік сезімдерге, сөз әсемдігін сезінуге, психологиялық-әлеуметтік жаттықтыруларды орындау;

Жету жолдары.

А) Теориялық материалдарды салыстырмалы ретке келтіру.

Б) Сабақта жасөспірім психологиясын және жас ерекшелігін ескеріп, оқушылардың темпераментін, қабілетін, сабақты меңгеруін зерттеу.

В) Білім беру процесіндегі оқушылардың дамуына әсер ететін факторларды анықтау.

Г) Оқу процесіндегі жұмыстардың нәтижесінде практикалық және теориялық оқу-тәрбие жұмыстарындағы орындарын анықтау.

Зерттеудің әдістері: жұмысымыз бойынша ғылыми-әдістемелік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; нәтижелерді салыстыру, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау, эксперимент нәтижесіне баға беру.

Зерттеу көздері мен теориялық негіздері: тақырыбымызға байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлер, Қазақстан Конституциясы, заңдары мен Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, қаулы-қарарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен қосымша оқу құралдары, оқу-әдістемелік іс-тәжірибелер (С. Л. Рубинштейннің, А. Н. Леонтьевтің, Л. С. Выготскийдің Д. Б. Элькониннің, Л. В. Занковтың, А. Л. Венгердің жасөспірімдік шаққа байланысты жазылған ғылыми-практикалық еңбектері )

Зерттеу кезеңдері: Зерттеу негізінен 3 кезеңде бірізділікпен жүргізілді.

1-кезеңде: 2007 жылдың мамыр айында зерттеу тақырыбы алынып, осы тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.

2-кезеңде: 2007 жылдың қараша айында жасөспірім оқушы тұлғасының даму ерекшеліктері мен оны қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтауға әдістеме дайындап, жүргізу, нәтижесін өңдеу.

3-кезеңде: Наурыз, сәуір, мамыр айларында жасөспірім оқушы тұлғасының даму ерекшеліктері мен оны қалыптастыруға байланысты жүргізілген жұмыстарды талдап, қорытындылап, алдын-ала қорғауға дайындалып, қорғауға шығу.

Дипломдық жұмыстың практикалық базасы : жалпы білім беретін №4 профильді орта мектебі.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы: жалпы білім беретін мекеме психологтары мен ата-аналарға әдістемелік көмек бола алатындығында.

Дипломдық жұмыс көлемі мен структуралық құрылымы : кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен және қортынды мен әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұратын, 67 беттік жұмысты қамтиды.

І. ЖАСӨСПІРІМДІК КЕЗЕҢ

1. 1 Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы. Жасөспірімдік кезеңге сипаттама

Жасөспірімдік кезең өтпелі, сыни, қиын, өзгерілу, жыныстық жетілу деп сипатталады. Л. С. Выготский жетілудің үш көзқарасын қарастырады: органикалық, жыныстық даму кезеңдері бір-біріне сәйкес келеді. Ол шамамен шимпанзенің 5 жасында болатын өзгерістер. Осы кезде адам тектес маймылдарда балалық аяқталады. Адамның да жыныстық және әлеуметтік даму деңгейлері бір-біріне сәйкес келген қоғам болған. Қазіргі кездегі балаларда даму сызықтары бір-біріне сәйкес келмейді. Алдымен жыныстық даму, содан кейін органикалық жетілу біраз уақыттан кейін әлеуметтік жетілу қазіргі кезенде белең алып отыр. Осы әртүрлілік жасөспірімдік кезең арасындағы алшақтығы тудырады. Француз этнографы, тарихшысы Ф. Ариес жасөспірімдік кезеңнің пайда болуын 19ғ. Деп есептейді. Осы кезенде ата-аналар өздерінің балаларының дамуын тұрмыс құрғанға дейін бақылау арқасында пайда болды. Л. С. Выготский жасөспірімдік кезеңнің дамуы тарихи сипатта деп есептеді. П. П. Блонский сияқты ол да жасөспірімдік кезеңнің дамуы, ұзақтығы қоғам дамуына байланысты. Л. С. Выготский көзқарасына сүйенсек, ол жабайы адамдардағы ең тұрақсыз, өзгермелі қоғам дамуы жағымсыз болған жағдайда, тіпті қысқаруымен де сиптталуы мүмкін деді. Россияда 20-30 жылдары осы кезеңге байланысты көптеген материалдар жинақталып, талданды. Н. А. Рыбников, В. Е. Смирнов, И. А. Арямова т. б. еңбектерінде көптеген қызықты деректер жинақталды. Осы еңбектерді қорытындылай келе, Л. С. Выготский жасөспірімдік кезеңдегі қажеттіліктер мен қызығулар оның әлеуметтік-таптық ерекшеліктеріне байланысты 20ғ. екінші жартысында француз психологы Б. Заззо зерттеулері жасөспірімдік кезеңді 14 жасқа және жыныстық жетілуіне байланысты көрсетті. Н. Н. Толстых, Л. И. Божович, Н. И. Крылов еңбектері де осы кезең ерекшелігін зерттеуге арналды. Әр кезеңдегі зерттеулерден шығатын қорытынды: жасөспірімдік кезеңнің тұрақты шекарасының болмауы оның дамуы тарихи және әлеуметтік дамуға байланыстылығын тағы да бір дәлелдеді. 1904 жылы Ст. Холдың «Подростничество» деген екі томдық монографиясы жарық көрді. Оны жасөспірімдік кезеңді зерттеуші психологияның атасы деп есептейді. Себебі ол алғаш рет осы кезеңнің негізгі ерекшелігі мен құбылыстың дамуын, осы жасқа байланысты пайда болатын проблемаларды дұрыс шешіп, оны ашып көрсеткен. 1924 жылы Э. Шпрангердің «Психология юношеского возраста» еңбегі де жасөспірімдік кезеңнің мәдени-психологиялық тұжырымдамасын жасады. Э. Шпрангердің айтуынша, бұл кезеңді сипаттай отыра, Э. Шпрангер дамудың үш типін атайды. Бірінші тип: жасөспірімдік сыни, бұрқ етіп көрінеді де жасөспірімдік кезең екінші рет туылғандай бұрқ ете қалады да қорытындысында жаңа «Мен» деген түсінік пайда болады. Екінші тип: жасөспірім болашақ өмірге қалыпты, бірте-бірте қоғам түсініктерін меңгереді де ересек адамдар өміріне қалыптаса бастайды. Үшінші тип: жасөспірім өзінің ішкі қобалжуы мен дағдарысты ерік күш-жігері арқасында өзінің бойында тәрбиелейді де белсенділік пен саналылық танытады да, қоғам талабын дұрыс орындайды. Э. Шпрангердің айтуынша, бұл кезеңнің жаңа құрылымы- «Менің» ашылуы, рефлексияның пайда болуы мен өзінің индивидуалдылығын анықтауы. Э. Шпрангер осы жастағы алғашқы махаббат сезімінің ерекшелігіне де назар аударды. Ш. Бюлер еңбектерінде пубертанттық кезеңнің биологиялық сипаттары ашылады. Оның зеттеулерінде жасөспірімдік кезең-пубертанттық түсініктермен анықталады. Пубертанттық кезең-жыныстық жетілумен сипатталады. Ш. Бюлер еңбектерінде пубертантқа дейінгі кезеңді балалық кезең десе, қорытынды кезеңді-жасөспірімдік деп атайды. Ұл балаларды пубертанттылық 14-16 жаста болса, қыз балаларда 13-15 жасты қамтиды. Ж. Пиаже 11-12 мен 14-15 жас аралықта соңғы фундаменталды децентрация жүзеге асады. Ж. Пиаженің есептеуінше, бұл кезеңде бала жеке тұлға түрінде қалыптасады да өзінің өмірлік бағдарламасын жасайды. Жасөспірім қоршаған ортаға өзінің көзқарасын анықтап, оны өзгертуге бола алатындай жағдайларды қарастыра бастайды. Өзінің өмірлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін онда гипотетико-дедуктивті яғни формалды ойлаудың дамуы жүзеге асады. Осындай бағдарламалармен жасөспірімдер ересек адамдардың қоғамына аяқ басады. Қоғам тарапынан кездескен қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар жасөспірімдерді әлеуметтенуге итермелейді [15, 25) .

Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович т. б. ғалымдардың еңбектерінде жасөспірімдік кезеңді қарастыру ерекшеліктері.

Жасөспірімдік кезеңдерді европа, америка ғалымдарының дамуындағы негізгі түйін-осы кезеңді биологиялық тұрғыдан қарастыру болса Л. С. Выготский мектебі бұл кезеңді мәдени-тарихи тұжырымдамада көрсетілген ерекшелікпен қарастырады. Л. С. Выготский жасөспірім өзінің дамуын жүйесіз, автоматты, аяқ асты емес тұлғаның өзінің бағытталған қызығушылығы мен елігуіне байланысты дейді. Жасөспірім кезеңде Л. С. Выготский ескі қызығушылықтар мен елігу сезімдері биологиялық негізде өшіп, сөнеді де қызығушылықтар дамиды. Егер жасөспірімдік кезеңнің алғашқы қызығушылықтың даму сатысы романтикалық қатынастар болса, аяқталуы реалистік, практикалық таңдалған қызығушылықтармен аяқталады. Бұл қызығушылықтар жасөспірімнің өмірлік позициясына байланысты. Л. С. Выготский жасөспірімнің көптеген доминантты қызығушылықтарын атады. Олар: «эгоцентрлік доминанта»-жасөспірімнің өзінің тұлғасына қызығушылықтар; ”ерік-күш доминанты”-жасөспірімнің қарама-қайшылыққа деген тартылыс, кейде ол авторитарлы тәрбиеге деген қарсылық көрсету немесе қыңырлық көрсету. Л. С. Выготский Ж. Пиаже сияқты жасөспірімдік кезеңде олардың ойлауына да назар аударды. Сол сияқты жасөспірімдік кезеңде тағы да бір екі жаңа психологиялық құрылымға басты назар аударды. -рефлекция мен соның негізінде қалыптасатын өзіндік сананың дамуы. Д. Б. Эльконин тұжырымдамасына жасөспірімдік кезең алдындағы кезеңде болған жаңа психолоиялық құрылым негізінде қарастырады. Д. Б. Эльконин жасөспірімдік кезеңнің даму ерекшелігінің келесі белгілерден анықтайды:

-Ересектермен қарым-қатынаста қайтадан қарама-қайшылықтар пайда болады: негативизм, қыңырлық, бағаға деген немқұрайлық, мектептен, үйден безіну т. б.

-Балалар топтарының құрылуы (өзін түсінетін досты іздеу т. б. )

-Бала күнделік жүргізуді бастайды. Бұл күнделіктерде бала өзінің ойын еркін, тәуелсіз түрде ішкі сезімдерін ашып көрсетеді.

Аталған ерекшеліктерді көптеген зерттеушілер жыныстық дамуға негіздесе, Д. Б. Эльконин өзгерістердің дамуын психологиялық тұрғыда соның ішінде оқу әрекетінің дамуына байланысты деді. Осы ерекшеліктер жасөспірімнің жыныстық дамуына әсерін тигізеді де интимдік пайда болады деп қарастырады. Жасөспірім өзін ересектер қатарына жатқызады да өзін бала ретінде қабылдамауды талап етсе де әлі жасөспірімде нақты, шынайы ересектік сезім толығымен қалыптасқан жоқ. Ересектік сезімдер Т. В. Драгунова зерттеулерінде аталады. Олар алуан түрлі:

Ересектердің сыртқы белгілеріне еліктеу-темекі тарту, арақ-шарапқа деген қызығушылық, ересек адамның киіміне деген еліктеу т. б. Ересектердің бұндай түрлеріне еліктеу өте жеңіл, әрі қауіпті болып табылады. Танымдық қызығушылықтар деңгейі төмендейді де жеңіл өмірге деген құндылықтар қалыптасады.

Жасөспірім-ұлдардың «нағыз ересек» сапасына теңелуі -ерік күштің шыңалуы, төзімділік, достыққа деген адалдық т. б. Өзін-өзі тәрбиелеудің құралы-спортпен айналысу болады.

Әлеуметтік есею-жасөспірімнің ересек адамдармен кез-келген іс-әрекетте бірлесуінен көрінеді. Бұндай әрекеттерде жасөспірім ересек адамның көмекшісі рөлін атқарады. Жақын адамға деген қамқорлық өмірдің негізгі құндылықтарының бірі болып табылады, . Псыихологтардың айтуынша, жасөспірімдік кезенде ересек адамдардың өміріне араласуға ең қолайлы жағдай деп есептейді.

Интеллектуалды есею жасөспірімнің кез-келген істі шынайы меңгеруге деген тырысушылығынан көрінеді. Жасөспірімде танымдық қызығушылықтың дамуына әсерін тигізеді. Жасөспірімнің білім қоры өз бетімен материалдарды меңгеру нәтижесі. Оқу және тұлғаның маңызды дамуы болады да өз бетімен білімді жетілдіру негізгі іс-әрекетке айналады. Л. И. Божович жасөспірімдерді баланың өзбеттілік позицияның қалыптасуы дейді. Мотивация саласында түбегейлі өзгерістер байқалады. Бұл кезеңнің жаңа психологиялық құрылымы-мотивациялық аймақтағы өзгерістер. Мотивациялық аймақ адамгершілікпен тығыз байланысты. Жасөспірімде адамгершілік үлгі өзіне мәнді болатын жағдаяттарда реалды әрекеттер жасау негізінде қалыптасады. Алайда адамгершілік үлгілерді меңгеру үнемі жағымды өтпейді. Жасөспірім белгілі бір әрекеттер жасау барысында, өзінің әрекеттерін негізге алады да қоғамның қорытындыланған адамгершілік нормаларын қабылдамайды. Бұл үрдістер терең болғандықтан кейде ересек адамдар мен ұстаздар адамгершілік аймағындағы өзгерістерді байқамай қалуы мүмкін. Сондықтан жасөспірімнің әлі адамгершілік нормалары тұрақсыз болғандықтан осы кезеңге әсіресе назар аудару керек. Адамгершілік сенімдер осы өтпелі кезеңде дамып, қалыптасады. Л. И. Божович зерттеуінше, баланың өмірлік тәжірибесі қортындыланған кейін баланың спецификалық тәртіп мотивіне айналады [23, 38) .

Жасөспірімдік кезең (10-11 мен 14-15ж) аралықты қамтиды.

Жасөспірімдік кезеңнің негізгі ерекшеліктері:

-әлеуметтік статустың балалықтан айырмашылығы жоқ;

-психологиялық статус қарама-қайшы: оларда даму темпі мен денгейде максималды диспропорция тән;

-«ересектік сезім» жаңа тартымдылық деңгейін анықтайды.

Жасөспірімдік кезең онтогенез кезеңі. Санада түбегейлі өзгеріс байқалады. Бұл адамдардың дамуы мен жыныстық пісіп жетілу үрдісімен анықталады. Бұл факт жасөспірімдердің психофизиологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді.

Кезең ерекшеліктері:

-ересек адамның әлеміне енуге ұмтылу;

-«ересек адам әлемінің» тәртіп нормалары мен құндылықтарына бағдарлану;

-өзі туралы уақытша көзқарас қалыптастыру.

Жасөспірімдік кезең барлық қоғамда байқалмайды. ол қоғамның жоғары дамуында көрінеді. Индустриалды даму балаларды қоғамдық және кәсіби оқытуға көп уақытты бөлуді талап етеді де жасөспірімдік кезең аймағы кеңейеді. Негізгі іс-әрекет құрдастармен интимдік тұлғалық қарым-қатынас. Жасөспірімдік кезеңде топтар құрыла бастайды. Алдымен бір жынысты болса, кейін олар үлкен топтарға айнала бастайды. Одан кейінірек топ жұптарға бөлінеді. Референтті топтың құндылықтарын да пікірлерінде жасөспірім өзінікі деп қабылдайды. Оның санасында ол ересек адам қоғамына қарсы оппозиция құрайды. Ересектердің жасөспірімдерге әсері болмайды да қарым-қатынас шектеулі болады. Балалардың құндылықтары ересек адамдардың құндылықтарымен қатар байланысқан. Жасөспірім топтың негізгі мінездемесі - жоғарғы конформдылық. Топ басшысы мен мүшелерінің пікіріне сын көзбен қарамайды. Диффузды «Мен», ”Біз” дегенмен сипатталады да басқа бөтен саналмайды [32, 95) .

Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы /10-15 жас/ ең қиын кез болып есептелді. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болады.

Жеткіншектердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамыда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жеткіншек шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшандықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарына да көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағанда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерімен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады.

Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.

Бала жеткіншек шаққа өткен оның нерв жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оныңодан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.

Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншек өзің қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол - айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін қиналады. Кез-келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.

Біз өз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды әрі күші басымы - қоғамның алғашқы ұжымы болатын - отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата- аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады.

Жеткіншек өтпелі кезеңнің ең басты процесінің бірі- жеткіншектің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым- қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншек үшін үлкендер, мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.

Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық - топтық болып табылады.

Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым- қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің алдына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка - адамдардың сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жеткіншектердің тыңдайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.

Жеткіншектер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жеткіншек үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жеткіншектердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жеткіншектерге тән [9, 35) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ
Жұмыстың практикалық бағыты
Даму психологиясы
Жасөспірімдердегі өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары
Жасөспірімдік кезең сатылары
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Қазіргі таңдағы оқыту процесінің мәні
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz