Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

кіріспе . . . 4

  1. Банк клиенттеріне несие берудің экономикалық мәніНесие берудің негізгі түсініктері, қағидалары мен әдістері . . . 8

1. 2 Несие беру шарттары . . . 14

1. 3 Несие беру әдістері және ссудалық шоттар формалары . . . 16

2 Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие алушының несие қабілеттілігін бағалау және талдаудың теориялық негіздері

2. 1 Банк клиенттердің несие қабілеттілігіне әсер ететін факторлар . . . 38

2. 2 Несие операцияларын және несие тәуекелділігін басқару бойынша қолданылатын тәсілдемелер . . . 41

2. 3 Несиелік тәуекел-менеджментінің қазіргі құрылымы . . . 43

3 Банк клиенттерінің несие қабілеттілігі және оларды бағалау әдістері

3. 1 Тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесіне талдау . . . 57

3. 2 Банктің несие тәуекелділігін бағалаудың әдістемелік және практикалық негіздерін жетілдіру жолдары . . . 64

қорытынды . . . 67

пайдаланылған әдебиеттер . . . 69

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар - қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - несие алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.

Банктер несиелік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Коммерциялық банктердің несие қабілеттілігін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген олқылықтары, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.

Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несие тәуекелділігі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несие қабілеттілікті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі несие алушының несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Несие алушының несие қабілеттілігін несие тәуекелділігін басқару жүйесінде талдау әр түрлі мамандармен зерттеліп заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылды. Несие алушының несие қабілеттілігін талдау және несиелік тәуекел мәселелеріне отандық, сондай - ақ шетелдік экономист-ғалымдардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері Э. Гиллдің, Э. Дж. Доланның, В. Н. Едронованың, В. И. Колесниковтің, Л. П. Кроливецкаяның, К. Д. Кэмпбелдің, Р. Дж Кэмпбелдің, Р. Коггердің, О. И. Лаврушиннің, П. С. Роуздің, Э. Ридтің, В. Т. Севруктың, Р. Смиттің, Ф. Дж. Синкидің және т. б. еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстанда несие қабілеттілігін талдау туралы сұрақтарының ілімін С. А. Аханов, Ә. Ә. Әбішев, Ұ. М. Искаков, С. А. Святов, Ғ. С. Сейітқасымов, Е. Х. Сигаев, А. В. Мельников, С. Б. Мақыш, Н. Н. Хамитов, А. Д. Шелекбай және басқадай ғалымдар дамытты.

Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері «несие тәуекелділігі», «несие портфелі» және «несие қабілеттілік» түсініктеріне анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады. Алайда бұл еңбектердің қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз - несие операцияларын басқару және несие қабілеттілікті анықтау арқылы тәуекелді төмендету жолдары мардымсыз ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажеттілігі жөнінде экономикалық сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несие тәуекелділігі тек банк немесе несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.

Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты несие алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан несие алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:

  • несие алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
  • банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;
  • дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;
  • Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың неғұрлым ұтымды жолын ұсыну;
  • несие тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді талдау, оның ішінде «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» моделін қолданып, екінші деңгейдегі банктерге жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні болып несиелік операциялар үрдісіндегі екінші деңгейлі банктер мен несие алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы табылады.

Зерттеу объектісі - екінші деңгейлі банктерден несие алушылардың несие тәуекелділігін басқару.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.

Жұмысты жазу барысында несие нарығы қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР Ұлттық банктің, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы несие алушының несие қабілеттілігін талдау бойынша ғылыми негізделген тұжырымдар дайындау болып табылады.

Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып келесілер жатады:

  • теориялық-әдістемелік зерттеудің негізінде «несие тәуекелділігі», «несие қабілеттілік» және «несие портфелі» түсінігінің авторлық тұжырым жасалған;
  • несие жіктемесіне қатысты несие тәуекелділігі жіктеліп, несие қабілеттілігін бағалауда қолданылатын белгілер жинақталып жүйелендірілген;
  • тартылған қаражаттың құнын анықтау формуласы енгізілген және «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» бойынша сауалнамаға қатысты тиімді қағидалар енгізілген;
  • зерттеу негізінде несие тәуекелділігін басқару қызметінің қазіргі жағдайдағы күрделі мәселелері мен кедергі келтіретін факторлары анықталған;
  • банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие алушының несие қабілеттілігін анықтауды кешенді қарастыру жолдары ұсынылған

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыста келтірілген негізгі ұсыныстар мен қорытындылар қазақстандық банктер қызметіндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдау бойынша міндеттерді шешуге бағытталған. Дипломдық жұмыста анықталған қорытындылар мен ұсыныстарды іске асыру, банктегі несие алушының несие қабілеттілігін талдау арқылы несие тәуекелділігінің алдын алудың сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банктік жүйенің тұрақтылығын нығайтып, банктік қызметтердің сапасын арттырып және банктерге деген сенімділікті қолдауға негіз бола алады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

  1. Банк клиенттеріне несие берудің экономикалық мәні

1. 1 Несие берудің негізгі түсініктері, қағидалары мен әдістері

Несиелік операция - несие берушінің қарыз алушыға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдық шартымен ақша-қаражаттарының белгілі сомасын беруі жөніндегі олардың арасындағы қатынас. Банктің несиелік операциялары активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде; ал, пассивтік операциялар банк қарыз алушы, клиент несие беруші ролін атқарған кезде туындайды. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі формасы бар:ссудалар мен депазиттер.

Бірінші қызметке банктің пассивтік несиелік операциялар, яғни дипазит формасындағы операциялар жатады. Банктердің активті ссудалық операцияларын қарастырып көрейік. Кәсіпорындар, фирмалар, концеріндер өздерінің тауарлық қорларын толтыру, еңбек ақы төлеу, құрал-жабдық сатып алу және т. б. үшін; ауыл шаруашылық кәсіпорындары, фермерлер тұқым, жанар-жағармай материалдары мен тыңайтқыштар сатып алған шығындарын жабу үшін; ал бір рет тұтынушылар (халық) - автомобиль, үй, ұзақ пайдаланатын тауар сатып алу үшін ссудалар алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы ссудаларды негізінен жинақталған ақша қаражаттарын (депозиттік және депозиттік емес) табыс түсіру үшін тарататын коммерциялық банктерден алады.

Өз клиенттеріне ссуда бере отырып, банкттер ақша-қаражаттарын салымшыларын алып, қарыз алушыға бере отырып, қаржылық делдал ролін атқарады. Банктердің бұл қызметі несие қатынастарына қатысушылардың (салымшылар, қарыз алушылар, банк) бәріне тиімді. Осы жағынан екі жақты мүдде көрінеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.

Несиенің екі формасы бар: ақшалай және тауарлық. Сәйкесінше несие берудің екі түрі бар:

1) тікелей банктік, онда шаруашылық субъектлердің несиелік қатынастары басынан бастап, банкпен қатынас ретінде туындайды;

2) жанама несие беру, онда алдымен шаруашылық субъектілері арасында несиелік қатынастар туындап, кейін банкпен қатынасқа ауысады.

Тікелей банктік несие беруде несие беруші ссуданы тікелей қарыз алушыға береді. Несие беруші - банк, қарыз алушы - шаруашылық субъект болады. Банк аралық несиеде несие беруші де, қарыз алушы да банк болады, яғни бір банк екіншісіне несие береді.

Коммерциялық несие беруде несие беруші де, қарыз алушы да - шаруашылық субъект болады, яғни бір кәсіпорын екінші кәсіпорынға тауар формасында береді, бұл мәміле вексельмен ресімделеді, яғни қарыз алушы несие берушіге вексель береді. Вексель - тауар формасында несие алғанын растайтын құжат.

Ары қарай несие беруші банкке сол вексальді кепілге алып ақша беруін сұрайды. Сөйтіп, коммерциялық несие банктік несиеге айналады. Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын әртүрлі белгі бойынша топтастыруға болады: мерзім бойынша қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орташа мерзімді (1 жылдар 5 жылға дейін) ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) ; қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілмеген (бланктік, яғни қамтамасыз етілмеген және қарыз алушы сеніміне негізделген) және қамтамасыз етілген; банк роліне байланысты (немие беруші, қарыз алушы) - активті және пассивтік ссудалық операциялар (активтік - бұл клиенттер мен басқа банктерге несие беру; пасиивтік - орталық банк немесе басқа коммерциялық банк банктерге банк аралық несие алу) ; несие беру мақсатына қарай - негізгі капиталды ұлғайтуға берілген ссудалар, жиынтақ капиталды қаржыландыруға берілген ссудалар, тұтыну мақсатына берілген ссудалар.

Несиелік операциялар басқадай белгілері бойынша да топтастырылады: қарыз алушылар типтері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, ссуда мөлшері бойынша, ссудалық шотты ашу шарттары бойынша және басқалалары. Мысалы, қарыз алушылар типтері бойынша ссуда мынадай түрлерге бөлінеді:ссуда-өнеркәсіптік,, қозғалмайтын мүлік кепілдікке қойылған, жеке тұлғаларға берілген, үкіметтік бағалы қағазға берілген, ауылшаруашылық қаржылық ұйымдарға берілген, т. б.

Несиені пайдалану сипатына қарай өндіргіш деп (халықтың тұтыну қажеттілігін қанағаттандыруға) бөлуге болады. Ондай топтастыру формальды белгілерге негізделеді. Шетелдердің экономикалық әдебиетінде несие мен несиелік операцияларды бірыңғай топтастырмайды.

Банктердің несиелік операциялары жасалған несиелік келісім негізінде жүзеге асырылады, онда банктер мен клиенттердің өзара қатынасы, ссуда беркдің барлық шарттары реттеледі. Несиелік келісім шарттары әр нақты кезеңде коммерциялық банк жүргізетін несие саясатына тәуелді болады. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің қайтарымдылығы және несие берудің басқадай қағидаларын қадағалаумен қамтамасыз етуі тиіс болса, банктер несие мөлшерін реттеу тәртібі, оларды бөлу және өтеумен қамтамасыз етуге тиіс. Несиелік саястаттың құрамдас бөлігі проценттік саясат.

Коммерциялық банктер несиелік келісімде қарастырылған шарттарға сәйкес несиені пайдалануға бақылау жүргізуге, инженерлік және басқадай тексеріс өткізуге, несиелік келісім шартын бұзған ссуда алушыларға экономикалық ықпал ету шараларын жүргізуге міндетті. Әрине, шешуші рольді бекітілген уақытта қайтару және несие төлеу иеленеді. Бұл қағидалар болмаса, несие өзінің мәні мен маңызынан айырылады. Сондай жағдайлардан болып, банк ссудалары көпке дейін мемлекеттің кәсіпорындар мен ұйымдарға берілетін қайтарымсыз және тегін дотацияға айналып келді. Бірақ, республикада жүргізіліп келе жатқан банктік реформа ең әуелі экономикалық категория ретіндегі несие позициясы мен несие берудің негізгі қағидаларын орнына келтіруге бағытталған.

Қазір ссудаларды қамтамасыз ету түсінігі жаңаша көрінуде. Әр берілген ссуда нақты материалдық жағынан қамтамасыз етілуге тиіс деп саналып келген. Қарыз алушылардың несиені бекітілген уақытында қайтаруының нақты мүмкіндіктері ескерілмеді. Қазір клиенттің өтімділігіне, оның өз міндеттемлерімен есеп айырысу қабілетіне көбірек назар аударылады. Бұл аналитикалық жұмысқа экономикалық аппараттың жаңаша қарауын, оның жұмыстың формальды әдістерінен қызмет көрсетуші шаруашылық органдар ісін жақсы білу негізінде несие қағидасын ойластырып жүзеге асыруға бет бұруды талап етеді.

Ссудаларды қамтамасыз ету банктер активтерін сақтау және пайда түсіруге кепілдік беру үшін қажет. Несиемен қамтамасыз етудің маңызды түрлері:

Кепілдік - қажет болғанда кепілші банк алдында қарыз алушының қарызын төлеу міндетін мойнына алатын біржақты міндеттемелері бар келісім.

Кепіл - кепілдік жағдайда тап болғанда кепілге алған тұлға үшін кепілшінің белігілі соманы төлеу міндеттемесі.

Кепілдік құқық - бұл бөтен қозғалмалы мүлікке, жер учаскесіне, құрылысқа заттық талап және егер қарыз алушы өз міндеттемелерін өтей алмаса, кепілге қойылған мүлікті сатудан өтемақы алу құқығына талап қою; несиемен қамтамасыз етуде ипотека мен жер учаскесі және құрылысқа ерекше кепілге қою құқығы ретіндегі қозғалмайтын мүлік міндеттемесіне ерекше мән беріледі. Оларды кепілге қоя отырып, иесі несие алады.

Несиені қамтамасыз етудің материалдық формасына жер, бағалы қағаз, тауарлық-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және басқалар жатады. Клиенттерге ссудалар беру үшін банкте ссудалық шоттар ашылып, оларда несие берудің әрбір объектісі бойынша ссудалар есебі жүріледі.

Ссуда беру үшін банктер алдымен қарыз алушының беделін зеттеуге тиіс, оған ссудаларды немесе бұрын өтелген ссудалардың мерзімінде өтелуі, басқа міндеттемелерге қатынасы, қарыз алушы балансының өтемділігі мен несие мақсатының дұрыстығы (тиімділігі) жатады.

Ссуданы пайдаланған үшін төлейтін төлем (процент) мөлшері оны пайдалану мерзімі, қарыз алушының төлемқабілетсіздік қаупі, несие реурстары үшін төлем, объект сипаты, бәсекелес банктер ставкалар және басқадай факторларға сәйкес анықталады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарға несие берудің қазіргі моделі төмендегілерге негізделетін жүйе түрінде көрсетілген:

  • несие беру субъектілері;
  • несиені қамтамасыз ету;
  • несие беру объктілері.

Несие берудің бұл базалық элементтерін бір-бірінен бөлуге келмейді. Егер осылардың әрқайсысы бір-бірін толықтырса, несие беру бойынша банк қызметінде табысқа жетеді, несие мәселесінің сенімділігі артады. Екінші жағынан бірлікті бұзуғадеген талпыныс жүйені бұзады, банк ссудаларының қайтарылымдылығына нұқсан келтіру мүмкін. Экономиканы орталықтандырып басқару қағидаларына негізделген бұрынғы жүйе несие беру объектісіне баса назар аударғаны белгілі. Егер несие беру объектісі бар болса, ол кәсіпорын немесе ұйымға банк ссудаларын алуға құқық береді [18] . Ондай объект әрқашан табылады: меншікті және қарыздық қаражаттарды үнемдеуге мүдделі емес кәсіпорындар тауарлық-материалдық құндылықтардың артық нормативтік қорын жинақтады, артық өндірістік шығын шығарды, сөйтіп жалпы қосымша қаржы тартуды қажет етті. Көбнесе бұл сапалы тауарлық-материалдық құндылықтар; қосымша көмекті шаруашылық ұйымдардың объективті қажет етуі болды; несие беру объектісіне басым назар аударатын банк үшін осы жеткілікті болды, бірақ, несиелік операциялар сенімділігін нығайту үшін бұл жеткіліксіз болды. Демек, несие беру субъектісін оның несиелік қабілетін есепке алмай-ақ, несие беру объектісіне несие автоматизмі несиені қайтаруды кешіктіруге, ақрында қарызды кешіріп, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қарыз алушының ссудалық қарызын жоюға әкеп соқты. Қазіргі кезде нарықтық экономикаға көшуге байланысты банктер үш іргелі элементті біртұтас жүйе ретіде қарастырады. Бұл қарыз алушыға несие беруге, несиені қайтармау қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қысқасы ссудаларды ресми статусы бар банктер жүзеге асырады. Ресми статус банк ашуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген рұқсатқа және банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияға сәйкес жүзеге асыралады.

Несие беру процесінде банктер нарықтық қатынастар қалыптастыруға, қоғамдық өндіріс эффективтілігін көтеруге, егеменді мемлекет экономикасы мен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өсуіне шектеу қоюға, құнсыздану процессінің бетін қайтаруға және ұлттық валюта-теңгені нығайтуға жан-жақты ықпал етуге міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несиелік жүйесінің тиімділігін арттыру жолдары
Несие берудің қазіргі жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді құқықтық реттеу
Ұзақ мерзімді несие
Банк пен филиалдардың несиелік қызметінің мониторингі
Несиелік тәуекелді басқару туралы
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы ақпарат туралы мәлімет жайлы
Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі атқаратын рөлі
НЕСИЕНІ БЕРУ НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ
Несие капиталы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz