Шығармашылық және шығармашылық емес әрекеттер турасында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 348 бет
Таңдаулыға:   

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Ата заңында жеке тұлғаның білімге деген сұранысын (қайтару үшін) қанағаттандыру үшін өз ұрпақтарына кепілдік береді, - деп көрсетілген [1. 10] . Ата заңда көрсетілген бұл міндетті жүзеге асыру үшін білім беруді тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыда ұйымдастыру қажет деп санаймыз.

Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”, - деп атап көрсетілген. Аталған заңының білім беру жүйесінің міндеттері туралы 8-бабында: “Жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектілік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу”, - қажеттігі айтылған [2. 8] .

Осы міндетке сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптстырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушылардың баурап жететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді, - делінген [3. 7] .

Білім беруде оқушы мұғалімнің объектісі ғана емес, білімді меңгеруде жеке субъект ретінде көрінеді. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру үшін мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігімен қатар оның неге қызығатынын жете білуі маңызды болмақ.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасында білім берудің деңгейлері мен мазмұнын нақты белгілей отырып, онда 12 жылдық орта білім беруді үш сатыда іске асырылатыны қарастырылған. Оның І сатысы - бастауыш білім беру 1-4 сыныптарды қамтитыны айтылған. 12 жылдық орта білімнің басты ерекшелігі оқуға яғни 1 сыныпқа бала 6 жастан қабылданатындығында. Сонымен бірге осы тұжырымдамада бастауыш мектептің негізгі міндеті: “Баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту”, - делінген [4. 3] . Осы міндетті шешудің бірден бір жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” жолдауының он жетінші бағытын - Бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату деп атап, онда: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, - деп көрсетті [5. 13] . Ал мұны өз кезегінде білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жасаудың алғы шарты деп атауымызға негіз болады. Өйткені әлемдік білім кеңістігіне енуге байланысты білім саласында жүріп жатқан реформа осының айғағы.

ХХ ғасырдың басында белгілі ғалым Ж. Аймауытов “Мектеп бітіріп шыққан соң, бала бүкіл әлемге өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарайтын болса, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты - осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз болуы керек, ” - деп айқындап берген [6. 71-72] . Мұның өзі бастауыш білім мазмұнының жалпы азаматтық құндылыққа бағдарлануы білім беруді ізгіліктендірудің міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруды қамтамасыз етуін көздейді.

Бастауыш білім беру сатысы - үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен сабақтаса отырып, жеке тұлғаны қалыптастыратыны, келешекке жолдама беретін негізгі буын екендігімен ерекшеленеді. Қазақ топырағында тұңғыш педагогика оқулығын жазған педагог - ақын М. Жұмабаев мектеп жөнінде: “Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебін салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысты нәрсе. Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Тарихты аз ғана болса да, атқарған кісі мұны біледі. Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізде сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт”, - деп көрегендікпен айтып кеткен [7. 15] .

Халқымыздың дарынды да талантты ақыны М. Жұмабаевтың ғасыр басында айтқан құнды ой - тұжырымдарын заман талабына сай қайта жаңғыртып, ХХІ ғасырда кейінгі ұрпаққа яғни бүгінгі таңда жаңаша ой қортындысын жасап, мектеп тағдыры - ел тағдыры екенін жете түсініп, ұлттық мектепті дамытуға бағыт сілтегендей.

Бұған дәлел Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы “Білім” мемлекеттік бағдарламасы туралы жарлығында білім беру жүйесін дамытудың 2005-2010 жылға дейінгі негізгі бағыты айқындалды. Онда сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін тиімді дамыту үшін жағдай жасау керектігі талап етілді [8. 2] . Мұнда білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты ұлттық білім моделін жасау көзделіп отыр. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамының ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігі және іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау. Ал оның өзі бастауыш сыныпта оқыту барысында оқушының таным процесінің дамуымен байланысты екені белгілі. Философиялық сөздікте: Таным іс-әрекетінің адам мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы қарама-қарсылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным ерекше қызмет атқарады, деп көрсетілген [9. 409-410] .

Философиялық сөздікте: Іс-әрекет адамның дүниемен істестігі, қарым-қатынас тәсілі “Заттық іс-әрекет”, -деген анықтама берілген. Іс-әрекет барысындағы адам табиғатты шығармашылық тұрғыда өзгертеді, сөйтіп өзін іскер субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғат құбылыстарын іс-әрекет объектісі етеді [9. 494] .

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі болып табылады. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өлшеуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Шығармашылық іс-әрекет-оқушының өзі жеке шығармашылық қажеттігіне және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет деп санаймыз. Мұндай әрекет оқушының жеке білім аумағын яғни тұлғалық бағдарлық білім беруге бағытталуы тиіс. Қазақстанда таным, дүниетаным саласында шығармашылық қалыптастыру мен дамыту жөнінде құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың Ж. Алтаев [10], Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов [11], Д. Кішібеков [12], Ә. Нысанбаев [13], М. Орынбеков [14], Ұ. Сыдықов, Әбішев [15], Ә. Тұрғынбаев [16], сондай-ақ шетел философтары Б. С. Гершунский [17], Г. Гегель [18], Декарт [19], Д. Дьюи [20], Г. Лейбниц [21], И. Кант [22], Платон [23], А. Спиркин [24], И. Фихте [25] және т. б. еңбектерінде жан-жақты талқыланған. Оқушыларды танымдылықты және шығармашылық іс-әрекеттер қалыптастыру мен дамыту мәселесін зерделеген. Отандық психолог-ғалымдар: Ж. Аймауытов [6], С. Қ. Бердібаева [26], Қ. Жарықбаев [27], М. Мұқанов [28], А. В. Петровский [29], Қ. Р. Рақымбеков [30], Т. Тәжібаев [31], В. К. Шабельников [32] және т. б. Сонымен қатар шетел психологтары Б. Г. Ананьев [33], Л. С. Выготский [34], П. Я. Гальперин [35], В. В. Давыдов [36], Л. В. Занков [37] . И. Д. Левитов [38], А. А. Люблинская [39], Л. С. Рубинштейн [40], Н. Ф. Талызина [41], И. С. Якиманская [42] т. б. арнайы зерттеу объектісі етіп алған. Педагогика және әдістемесі саласында оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетін зерттеген қазақстандық ғалымдар: Қ. Аймағамбетова [43], Г. Е. Алимухамбетова [44], А. Х. Аренова [45], А. Е. Әбілқасымова [46], А. Байтұрсынов [47], А. А. Бейсенбаева [48], М. Дулатов [49], А. Н. Ильясова [50], Ж. А. Қараев [51], Р. Қоянбаев [52], Н. Н. Хан [53], Р. Г. Лемберг [54], Б. И. Муканова [55], Ә. Муханбетжанова [56], С. Рахметова [57], А. К. Рысбаева [58], Т. Сабыров [59], Р. К. Төлеубекова [60], С. Ұзақбаева [61], Н. Д. Хмель [62] және т. б.

Шетел педагог ғалымдары: М. И. Алексеев [63], Л. И. Божович [64], М. А. Данилов [65], Б. П. Есипов [66], А. З. Зак [67], И. П. Иванов [68], Зимняя [69], Я. А. Коменский [70], И. Я. Лернер [71], А. С. Макаренко [72], М. И. Махмутов [73], Г. Н. Морозова [74], В. Оконь [75], М. П. Осипова [76], П. И. Пидкасистый [77], М. Н. Скаткин [78], Л. С. Славина [79], Сластенин [80], В. Сухомлинский [81], К. Д. Ушинский [82], Т. И. Шамова [83], Г. И. Щукина [84] және т. б. аталған проблеманы әр қырынан зерттеген.

Аталмыш ғалымдардың пікірінше, оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық-шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін психология, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі ғылымдары саласындағы соңғы жаңалықтарды тәжірибеге енгізіп, оны ғылыми тұрғыда зерттеу объектісі мен мақсатына қарай үнемі жетілдіріп, дамытып отыру қажеттігін дәлелдеген.

ХХ ғасырдың басындағы белгілі ғалым, тюрколог А. Байтұрсыновтың пайымдауынша: “Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру”, - дейді. [47. 336] . Автордың мұндағы басты ойы мен идеясының құндылығы Ресейлік психолог ғалымдар Л. В. Занков пен В. В. Давыдовтың идеясымен үндестік табуында.

В. С. Щубинскийдің пікірі бойынша шығармашылық іс-әрекеттің өту сатыларының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, қалыптасатын шығармашылық қасиеттерді кешенді жүйе тұрғысынан дәлелдеген. Оларға толығырақ тоқталатын болсақ:

Шығармашылық процестің бірінші сатысында шығармашылық көңіл-күй туғызу мұнда көрінетін қабілет-қасиеттер: бірінші саты-жаңаны, өзгеше, тың дүниені сезе білу, қарама-қайшылықтарды түсіне білуде, сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық ой талдауға бейімділік, жан дүниесінде ішкі тартысты оята білу қабілеті, танымдық қызығушылық; екінші оқиға, образ жасаудың бағыт-бағдар ұстанар кезеңі-эвристикалық саты. Бұл сатыда интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу сөз ұшқырлығы, қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, батылдық, шығармашылыққа деген ішкі құштарлық; үшінші сын дәлелдеме сатысы. Онда сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу болып табылады [85. 3] .

Осындай шығармашылық қасиеттерді бастауыш сынып оқушысының бойында қалыптастыру біздің басты міндеттеріміздің бірі болып саналады. Себебі, бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылатынын ескерсек, осы сатыда қалыптасқан шығармашылық қасиеттерді келесі сатыда дамытуға мүмкіндік туады. Сонда ғана жүйелі сатылы түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде шығармашылықпен іс-әрекетке түсе алатын ақыл-ойы дамыған, қиялы бойынша өзіндік қорытынды жасай алатын, өзінің іс-әрекетін қорғай алатын шығармашылық тұлға қалыптастыруға болады. Психолог И. С. Конның тұжырымы бойынша, “Шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден даралығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, өз бетімен жұмыс істеуге деген құштарлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді” [86. 75] . Біздің пікірімізше, осындай тұлғаны қалыптастыруда шығармашылық іс-әрекетке деген ықыласының психологиялық негізі қаланады, қиялы, шығармашылық, ақыл-ойы дамиды, әуесқойлығы артады, құбылыстарды бақылау және талдау біліктері қалыптасады, фактілерді салыстырып шешім қабылдайды, белсенділік пайда болады. Қызығушылықтары сараланып, шығармашылықтың негізінде жатқан қажеттіліктері қалыптаса бастайды. Қызығушылық жеке тұлғаның іс-әрекетіне күшіне ықпал ете отырып, оның белсенділігін арттырады, дамытады. Өйткені іс-әрекет адамның дамуының, оның жеке тұлғалық қалыптасуының қайнар көзі. Бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы-шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуының алғашқы сатысы. Бұл жерде бала шығармашылығының қоғамдық - педагогикалық құндылығына да мән берген жөн. Бала қоршаған ортаны түсініп, оған көзқарасын білдіруі бұл оның жан дүниесін ашуға көмектеседі, оның жеке басын дамытуға ықпалын тигізеді. Мұны заман талабынан туындап отырған қажеттілік десек, оны жүзеге асыру үшін Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған дамыта оқыту тұжырымдамасын негізге ала отырып, отандық білім беруде жалпы орта мектептің бастауыш сатысына (1-4 сыныптар) арналған тұжырымдамалар жарық көрді. (Қ. Аймағамбетова, К. Жүнісова, С. Рахметова. Т. Оспанов, П. Жаманқұлова) . Осы тұжырымдаманың негізінде дамыта оқыту идеясына құрылған оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруын көздейтін жаңа бағдарламалар мен “жаңа буын” оқулықтары он жыл бұрын баспадан шықты. Ал бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі бүгінде көкейкесті болып отыр.

Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мақсаты мен бастауыш білім жүйесінің арақатынасы оқулықта берілген білім мазмұны мен іскерлігі оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыратын білім мазмұны мен біліктілігі арасындағы қатынас жүйесі анықталмаған.

Сонымен, бастауыш сынып оқушысының дамуының басымдық мүмкіндіктері мен оны оқыту процесінде толық жүзеге асыра алмауы арасында: бастауышта оқытылатын оқулық мазмұны алынған материалдар мен оқулықтардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыра алмауы арасында, оқыту үрдісінде субъекті мен субъектінің қарым-қатынасында шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың жолдарын білмеуі арасындағы қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және тақырыпты “Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері” деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау және оны жүзеге асырудың жүйесін, технологиясын жасап, тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерілген ғылыми негізделген әдістемемен қамтамасыз ету.

Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеудің пәні: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастырудың тұжырымдамасы жасалса, оқу-тәрбие процесінің мазмұны баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере, жеке-тұлғалық бағдарлық, шығармашылық іс-әрекеттік тұрғыда оның жүйесіне сәйкес ұйымдастырылса, педагогикалық процесте жаңа технологияларды тиімді пайдаланса, онда іс-әрекетті жоспарлап, өздігінен нәтижелі іс-әрекетке түсе алатын шығармашыл тұлға қалыптасады, өйткені, шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың жүйесі мен әдістемесі оның мазмұнына сәйкес жасалады.

Зерттеу міндеттері:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру ұғымының мәні, құрылымы мен ғылыми-әдіснамалық негіздерін айқындау;
  2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетінің теориялық- әдіснамалық тұжырымдамасын жасау.
  3. Шығармашылық іс-әрекеті қалыптасқан тұлғаның моделін жасап, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау.
  4. 1-4 сынып оқушыларын оқыту процесі жеке тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыда ұйымдастырудың технологиясын жасап, оның құрылымдық-мазмұндық жүйесін құру.
  5. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға арналған оқу-әдістемелік кешенді тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында нәтижелерін тексеру және ғылыми негізделген әдістемелік нұсқаулар беру.

Жетекші идея: Бастауыш сынып оқушыларын да шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуы оқу-тәрбие процесін тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыда ұйымдастырғанда, танымдық қызығушылығы белсенді субъект ретінде қойылғанда ғана мүмкін болады.

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: Танымның диалектикалық теориясы, дамудың қайнар көздері мен күштері жөніндегі қағидалары; тұлғаның іскерлік табиғаты және оның әлеуметтік мәні жөніндегі ілім. Тұлғаның өзін-өзі шығармашылық іс-әрекет процесінде тануы, қоршаған ортаны өзгеретін белсенді субъект ретінде қарастыратын философиялық, әлеуметтік тұжырымдамалар, тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік теориялар; Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, Қазақстан Республикасы гуманитарлық тәрбие беру, білім беру мен тәрбиелеу туралы тұжырымдамасы алынды.

Зерттеу көздері: Зерттеу проблемасына қатысты философтардың, социологтардың, психологтардың, педагогтардың таным, дүниетаным, білім, тәрбие, тұлға, іс-әрекеті және субъектісі, белсенділік танымдық қызығушылық, шығармашылық даму, оқыту мен тәрбиелеу технологиялары, мотивация туралы ғылыми-зерттеу еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми, нормативті құжаттары, Қ. Р. Конституциясы, Қ. Р. “Білім туралы” Заңы, Қ. Р. гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қ. Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қ. Р. “Білім” мемлекеттік бағдарламасы және т. б. қаулы-қарарлар, Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты, тұжырымдама, оқу-әдістемелік құралдар автордың қатысуымен 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты әдебиеттік оқу пәнінің стандартының мазмұны, 1-3 сыныптарда әдебиеттік оқу, пәні (ана тілі) бойынша бағдарлама, 1-4 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кешендер, сонымен қатар, ізденушінің ұзақ жылға мектеп мұғалімі жоғары оқу орнының кафедра меңгерушісі, факультет деканы, доценті қызметі кезіндегі жеке іс-тәжірибелері.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде (2000-2002жж. ) зерттеу мәселесі бойынша философиялық әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты болжамы, әдіснамасы, жетекші қағидалары айқындалып, оқушыларда шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың теориялық және практикалық жағдайы зерделенді, бастауыш сыныптардың оқу-әдістемелік нормативті құжаттарды, мұғалімдер тәжірибесі талданды. Зерттеуді жүргізудің әдістемесі жасалды.

Екінші кезеңде (2002-2004 жж. ) кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері нақтыланды, шығармашылық іс-әрекеті қалыптасқан тұлғаның моделі жасалды. Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың бағдарламасы, әдістемесі жасалып, эсперимент жұмысы жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2004-2007 жж. ) шығармашылық іс-әрекет қалыптастыруға байланысты жасалған теориялық тұжырымдар тәжірибелік-эксперименттен өтті, алынған нәтижелер қорытылып практикаға енгізілді.

Зерттеу тақырыбына байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында жоспар бойынша республикамыздың Алматы, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған, Тараз қалаларындағы облыстық білім жетілдіру институттарында курстар өткізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер жасалып (авторлар ұжымында) басылым көрді, диссертациялық рәсімделуі аяқталды.

Зерттеудің әдістері: Ғылыми-теориялық әдебиеттерге талдау жасау, бастауыш сыныптардың нормативті құжаттарын зерделеу, озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, диагностикалық әдістер, тест, сауалнама, әңгімелесу, рейтинг, мониторинг әдістері, салыстырмалы талдау, бақылау, модельдеу, графикалық әдіс, әрекет нәтижесін салыстыру, тәжірибелік-эксперимент жұмысы бойынша алынған мәліметтерді сапалық және сандық сараптау, қорытынды жасау.

Зерттеу базасы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының педагогика кафедрасы, 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Алматы қаласының № 145, 128, Астана қаласының № 4, 52 мектептері, Талдықорған қаласындағы Абай атындағы орта мектептегі, Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектепте, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Абай, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептері.

Республикалық, Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Ақмола, Жамбыл, Павлодар қалалары мен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теледидар режиссурасы
Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920 - 1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі
Телжан Шонанұлы және қазақ жерінің мәселесі
Телжан Шонанұлының туып өскен ортасы және қоғамдық саяси қызметі
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Қырғыздың даңқты жазушысы
Ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшелігі
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
Б. Кенжебаев - әдеби сын зерттеулерде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz