Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 373.3.016.02:51:004.4(574) Қолжазба құқығында

ЖЕТПІСБАЕВА СӘРСЕНГҮЛ ОРАЗБЕКҚЫЗЫ

Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып
математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде
орындалды

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы
Искакова Л.Т.

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы
Мүбәраков А.М.

педагогика ғылымдарының кандидаты
Қайыңбаев Ж.Т.

Жетекші ұйым: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті

Диссертация 2009 жылы 27 наурызда сағат 16.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05 диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі 86, 4-қабат, 415-
бөлме.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі,
30)

Автореферат 2009 жылдың 26 ақпанында таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Ж.Ә.Шоқыбаев

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар
негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті
де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа
көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: ...практикалық
қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды
жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту, – деп
анықтайды. Жалпы білім беретін мектептерде математикадан сапалы білім беру
мәселесі Қазақстанда А.Е.Әбілқасымова, Б.Баймұханов, М.Е.Есмұқан,
А.Көбесов, Ә.К.Қағазбаева, А.М.Мүбәраков, Д.Рахымбек, О.Сатыбалдиев және
басқалар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінде И.Б.Бекбоев, В.А.Гусев,
В.А.Далингер, Ж.Икрамов, А.И.Мордкович, В.А.Оганесян және басқалар
тарапынан зерттелген. Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Ә.Б.Ақпаева, Ж.Т.Қайыңбаев, М.И.Моро, Т.Қ.Оспанов, А.М.Пышкало және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдағы қазіргі кездегі қайта
құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның
ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын
талаптарды түбегейлі өзгертеді делінген.
Қоғамды ақпараттандыру мәселесіне, оның негізгі белгілері мен
сипаттамаларын анықтауға В.Г.Афанасьев және т.б. философтардың,
В.В.Давыдов, Г.Е.Журавлев, Е.И.Машбиц сынды психологтардың,
С.И.Архангельский, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың
еңбектері арналған. О.П.Таркаев, А.В.Иващенко, В.К.Цонева, В.П.Пустовойтов
зерттеулерінде компьютерлік техниканы пайдаланудың дидактикалық және
педагогикалық шарттары анықталған. Ақпараттық технологиялардың оқыту
процесіне тигізер әсерінің психологиялық-педагогикалық негізі
Б.С.Гершунский, В.М.Монахов, В.А.Новиков, А.Я.Савельев, Н.Ф.Талызина және
т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелінсе, жалпыға бірдей компьютерлік
сауаттылық, оның мәні, оқыту мазмұны Я.Ваграменский, С.Гримм, А.П.Ершов,
Г.Б.Кочетков және басқа ғалымдардың еңбектерінде келтірілген.
Математиканың жеке тақырыптары мен бөлімдерін компьютерді пайдаланып
оқыту мәселесін Т.Ж.Байдильдин (алгебра және анализ бастамаларын оқыту
тиімділігін арттыруда), Б.Беседин, М.Вахидов, М.Е.Степанов (функцияларды
зерттеуде), Ю.А.Дробышев (көпмүшеліктерді оқытып-үйретуде), К.А.Таңатаров
(математиканың мектептік курсында қолданбалы есептерді шығаруда),
Н.И.Аманжолова (жалпы математиканы оқытуда компьютерлік технологияны
қолдану), Р.Б.Бекмолдаева (бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын оқытуда),
Р.С.Шуақбаева (көпжақтарға берілген есептерді шығаруда), А.Ө.Байдыбекова,
Е.А.Вьюшкова (бастауыш сынып математикасын оқытуда) және т.б. ғылыми
еңбектерінде негізге алған.
Балалардың ЭЕМ ерте жастан бастап танысуының тиімділігі оқушыларды
ақпараттық қоғамдағы өмірге дайындау қажеттілігі болып табылады. Бұл
міндетті шешу информатика негіздерін игеруді бірнеше сатыға бөлу және
ақпараттық мәдениетті алғашқы болып бастауыш сыныптардағы пропедевтикалық
курс ретінде мектептегі оқу процесіне енгізу. Бастапқы буын педагогтары
өзінің технологиялық дайынсыздығы себебінен оқу үрдісін информатика
пропедевтикасы аспектісінде оқу пәндерінің сапалы ұйымдастыра алмайды.
Бастауыш мектептер үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
саласында қажетті білім деңгейін жетік меңгерген педагогтардың қажетті
санын дайындау педагогикалық жоғары оқу орындары үшін қиын соғуда.
Математикадан есептер шығаруға үйрету сапасын басқару үшін біріншіден істің
жай күйін білу қажет. Мұндай білімді бақылаудың әр түрін өткізу жолымен
жүзеге асыруға болады. Оқушылар білімін сапалы бақылау – бұл бақылау
тапсырмаларын қалыптастыру және тексеру бойынша маңызы көп қыруар
жұмыстардың жүргізілуі себебінен қиындатылған жүйелілік бақылау.
Автоматтандырылған бақылау жүйелері оқушы мен ЭЕМ аралығында жүретін
диалогпен іс жүзіне асырылатын жаңа ұғынумен бірге қарапайым біліктілік пен
жұмысқа дағдыландыруда оқытушы еңбектерін елеулі түрде жеңілдетуге
мүмкіндік береді.
Белгілі қазақстандық ғалым Л.Т.Искакованың зерттеу жұмысы мектепте
математиканы оқытудың нәтижесін әр деңгейлі жеке-дараланған тапсырмалар
жүйесін қолданудың негізінде, оның тиімділігін арттырудың ғылыми-
әдістемелік негізіне арналған. А.Б. Медешованың еңбегінде бастауыш сынып
оқушыларының икемділігін ақпараттық технологияны қолдану арқылы дамытудың
педагогикалық шарттары қарастырылған.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның бастауыш мектепте математиканы
оқыту нәтижесін бақылаудағы тиімділігіне қарамай, оның мектеп тәжірибесінде
қолданулылығы айтарлықтай емес. Оған көптеген себептер, соның ішінде аса
назар аударып айтатыны, ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш
мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылауда қолданудың ғылыми-
әдістемелік туралы зерттеулердің жеткіліксіз болуы, біздің зерттеу
жұмысымыздың көкейкестілігін көрсетеді.
Сонымен, қазіргі бастауыш мектептегі математиканы оқытудың барысында
ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытудың нәтижесін бақылауда
қолданып, оқытудың тиімділігін арттыру мен оның ғылыми-әдістемелік
негізінің жасалмауының арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Осыған орай,
ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіншіліктерін пайдалана отырып,
бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін
арттыру негізінде оқытудың сапасын жақсарту жолдарын анықтау диссертацияның
тақырыбын таңдап алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты. Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін
арттырудың технологиялық-педагогикалық негіздерін анықтап, оның әдістемесін
жасау және оны эксперименттік тексеруден өткізу.
Зерттеу нысаны. Бастауыш мектепте математиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны
қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер бастауыш мектепте математиканы оқытудың
нәтижесін бақылауда ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін
пайдаланса, онда бақылаудың тиімділігі артып, оқыту сапасы жақсарады,
өйткені, бұл жағдайда мұғалімнің бақылауды жүргізудегі жұмысы жеңілденіп,
тексеру дер кезінде жүргізіліп, оқушылардың оқуға деген жауапкершілігі
артады.
Қойылған зерттеу мақсатына сәйкес, зерттеу болжамын тексеру үшін зерттеу
жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:
- бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны
математиканы оқытудың нәтижесін бақылауда қолданудың психологиялық-
педагогикалық негіздерін анықтау;
- бастауыш сыныптарда математикалық білімдердің сапасын тексеретін
компьютерлік бағдарламаларды жасаудың технологиясын айқындап және
осы технологияны қолданып оқытудың нәтижесін тексеруде
математикалық есептердің атқаратын ролін анықтау.
- бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың
тиімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы
жүзеге асырудың әдістемесін жасау және оны эксперименттік
тексеруден өткізу.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты философиялық
педагогикалық, психологиялық, және әдістемелік еңбектермен танысу және
талдау жасау; бастауыш мектеп бағдарламаларына, математика оқулықтарына,
есептер жинағына дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу
мәселесі тұрғысынан талдау жасау; бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
үрдісін бақылау, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу,
бақылау жұмыстарын жүргізу, тексеру және талдау жасап, қорытындылау;
зерттеу мәселесіне сәйкес жүргізілген жеке өз тәжірибесін талдап, одан
қорытынды жасау; экспериментті ұйымдастыру, оны жүргізу және эксперимент
нәтижелерін өңдеп қорытындылау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Математиканы оқытудың нәтижелерін бақылауда
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы бастауыш сынып
оқушыларының математикалық білімді меңгеру сапасын арттыруға, жалпылама оқу
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, математикалық білімді саналы
түрде меңгертуге, есептерді шығара білу, өзін-өзі бақылау, бағалау,
оқулықпен жұмыс жасай білу және т.б. іскерліктерін қалыптастыруға, өзіндік-
танымдық белсенділіктерін арттыруға болады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері:
Таным, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау
құндылықтары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар
мен тұжырымдамалар, білім сапасы және оны арттырудағы бақылаудың алатын
рөлі мен атқаратын қызметі туралы теориялар. Ақпараттық-коммуникациялық
технологияның оқу сапасын арттырудағы мүмкіндіктерін анықтайтын ілімдер.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасының
жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары,
бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары, білімді ақпараттандыру
концепциясы, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты
іргелі еңбектері.
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеу бірімен бірі жалғасқан үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде (2002-2004 жылдар) философиялық, психологиялық,
педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге және қарастырылып отырған
мәселеге қатысты басқа да құжаттарға талдау жасалды; бастауыш сыныптардың
математика сабақтарына қатысып, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың
математикадан алған білімдері мен меңгерілген іскерліктердің және
қалыптасқан дағдылардың сапасы анықталды; олардағы кемшіліктердің себептері
айқындалды, және ол кемшіліктерді болдырмау жолдары іздестірілді; бастауыш
мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде қолдану
жағдайы анықталды.
Екінші кезеңде (2004-2006 жылдар) ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі
бастауыш сыныптарда математиканы оқыту нәтижесін бақылауды жетілдірудегі
басты идеяларға, бастауыш мектепте математиканы оқыту саласындағы алдыңғы
қатарлы әдістерге сүйене отырып және қәзіргі заманда қоғамның алға қойып
отырған талаптарын жүзеге асыру мақсатында математиканы оқыту нәтижесін
бақылаудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері мен
атқаратын рөлі анықталды, соның ішінде компьютерді тиімді пайдалану арқылы
тексеруді дер кезінде жүргізіп, оның қорытындысын оқу үрдісінде тиімді
пайдалану жолдары қарастырылды. Іздену эксперименті жүргізіліп бастауыш
сыныптарда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы
оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру әдістемесі жасалып, өңделді,
оқу үрдісінің іс-тәжірибесіне енгізілді.
Үшінші кезеңде (2007-2008 жылдар) жүргізілген теориялық және тәжірибе-
экспериментталдық жұмыстардың қорытындылары шығарылып, нәтижелері анықталып
жүйеленді. Оқыту экспериментінің нәтижелеріне сандық және сапалық жағынан
талдау жасалып, өңделіп, қойылатын талап бойынша рәсімделді. Зерттеу
жұмысының қорытындаларын диссертация түрінде жазу жүзеге асырылды.
Зерттеу базасы. Шымкент қаласының Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық
лицей мектебі, Н.Оңдасынов атындағы №38 гуманитарлық гимназия-мектебі және
№64 Ж.Аймауытов атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы, сондай-ақ Оңтүстік
Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының №90 М.Мәметов атындағы орта мектеп,
Шардара қаласының Қ.Аманжолов атындағы орта мектебі мен Б.Соқпақпаев
атындағы негізгі мектеп.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
1. Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны математиканы
оқытудың нәтижесін бақылауда қолданудың психологиялық-педагогикалық
негіздері анықталып жүйеленді.
2. Бастауыш сыныптарда математикалық білімнің сапасын және іскерлік пен
дағдының қалыптасу дәрежесін тексеретін компьютерлік бағдарламаларды
жасаудың технологиясы айқындалып, бір жүйеге келтірілді.
3. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың
тиімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып
арттырудың әдістемесі жасалды.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы:
Бастауыш мектепте математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың білімін
арттыруда, іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, олардың қабілеттерін
дамытып, танымдық белсенділігін, ұмтылушылығы мен қызығушылығын арттыруда
оқу нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолданудың мүмкіншіліктері анықталып, оған мұғалімдерді
дайындаудың жолдары айқындалды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындайтын
оқу орындарында математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны мен
бағдарламасын жетілдіруде әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
Сонымен қатар оқу-әдістемелік кешен авторлары үшін бастауыш мектепте
оқытуды ұйымдастыру формаларын, мазмұнын және әдістерін жетілдіруге үлкен
ықпал етеді.
Диссертацияда баяндалған теориялық материалдар мен жасалған ұсыныстарды
мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында және бастауыш сынып
мұғалімдері күнделікті жұмысында қолдана алады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш сыныптарда
математиканы оқытудың нәтижесін бақылауда қолданудың психологиялық-
педагогикалық негіздемесі;
- бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың
тиімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып
арттырудың әдістемесі;
- бастауыш сыныптарда математикалық білімнің және іскерлік пен дағдының
қалыптастыру сапасын тексеретін компьютерлік бағдарламаны жасаудың
технологиясы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып
оқыту нәтижесін тексергенде математикалық есептердің атқаратын
қызметі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі Диссертацияның негізгі
нәтижелері мен қорытындыларының қәзіргі заманғы психология мен дидактиканың
ережелеріне сай келуімен және бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
әдістемесіне сүйене құрылуымен, зерттеліп отырған мәселеге жасалған
теориялық талдауымен, экспериментке қатысқан оқушылар санының
жеткіліктілігімен, ақпараттық-коммуникациялық технологияның бастауыш
мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыруға
қолданудың бірнеше рет тексеруден өтілгендігімен, зерттеу нәтижелерінің
тәжірибеде пайдаланылумен қамтамассыз етіледі.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу. Зерттеу
жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық және республикалық
ғылыми-практикалық конференцияларда ғылыми баяндамалар түрінде талқыланды:
Жастар-Қазақстанның стратегиялық потенциалы (Талдықорған, 2007), VII
Сәтбаев оқулары (Павлодар, 2008), Психолого-педагогические основы
профессионального формирования личности в условиях перехода к двухуровневой
модели образования (РФ, Пенза 2009), Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент
қаласы, Сарыағаш ауданы және Шардара қаласы жалпы білім беретін орта
мектептерінің әдістемелік бірлестіктерінде талқыланды. Сонымен қатар
зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының ғылыми-педагогикалық
басылымдарында: “Ізденіс” (2008, №1,2), “Бастауыш мектеп” (2008, №10)
журналдарында ғылыми мақалалар көрінісінде жарияланып, іс-тәжірибеге
енгізілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мен қосымшадан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Оқу процесін жетілдіруді көздеген Ю.К.Бабанский, М.Н.Скаткин,
В.В.Кравскийлер оқушылардың оқу процесі кезіндегі білімдерін бақылаудың
орны мен маңызын анықтады, бақылау әдістеріне қатысты оптимальды мәселелер
қарастырылып, оқыту тиімділігін теориялық негіздеу қажеттілігі туралы
мәселе көтерген. В.К.Дьяченко, М.К.Махмутовтар бақылауды оқыту әдістерінің
жалпы жүйесінде қарастырғандықтан да оның оқыту функциясы ашыла түскен,
осының өзі негізгі функциялары оқыту нәтижелерін анықтау және тексеру
екендігін байқатқан.
Зерттеулер арасында берілген процесс стандартизациясы негізінде жатқан
білім бақылауының мәселелері арнайы талқыланатын жұмыс тобын бөліп
көрсетуге болады: ДЭЕМ қолдану және оған бағытталған бақылау жұмыстарын
құру әдістемесі (А.А.Новик, А.Г.Максимов); бақылау нәтижелерін
статистикалық өңдеу (Б.Ительсон, В.И.Огрелков); бақылау функциялары
(М.Н.Тушев); білім бақылауының түрлері мен құралдары (С. Бакер);
оқушылардың білімдерін бағалау критерийлері мен білімнің сандық және
сапалық сипаттамалары (Т.Г.Богданова, Т.В. Корнилова, И.М. Курдюмова,
Г.Г.Микулина, В.И.Орлов). Әртүрлі пәндерді оқытудағы білім бақылауының
мәселелерін шешуге арналған жұмыстарда (Л.Т.Искакова) бақылаудың
ұйымдастыру мәселелеріне, сондай-ақ оның функцияларына назар аударылған,
оқу пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бақылаудың түрлері және әдістері
қарастырылып, мазмұнды игеруді бақылауға арналған бақылау жұмыстарының
нұсқалары ұсынылған.
Е.А.Перовский бақылаудың тексеру деп аталатын функциясының мәнін атап
көрсетеді. Автор функциялардың өзара байланысын айта келе, тексерудің басты
мақсатына сай негізгі функцияны көрсетеді. Осылайша, егер тексерудің
мақсаты – білімді меңгеру, оның сапасын анықтау және бекіту болып табылса,
онда алдыңғы орынға оқыту функциясы шығады, егер тексеру мақсаты –
оқушылардың ойлау қызметін белсендіру болып табылса, онда бірінші кезекте
дамыту функциясы және т.с.с. жүзеге асады. Бақылау әдісінің мағынасы
оқыту, дамыту, тәрбиелеу мақсаттарына жетуді көздеуден жатыр. Дидактикалық
және әдістемелік әдебиеттерде бақылау термині тек оқыту нәтижелерін
тексеруге байланысты емес, сонымен бірге оқытудағы таным процесінде
мақсатқа жеткізуші әдістемелік тәсіл ретінде де қолданылады.
Бақылау термині оқу процесінің зерттелетін бөлімінің ерекшелігін
айқындай түседі, оның негізгі мақсаты – білім нәтижесін көрсету. Бақылаудың
негізгі функциялары оқыту процесінің осы бөлігінің негізгі мақсаттарымен
сәйкес келеді. Кері байланыс деп оқушылардың сол немесе басқа оқу
материалдарын қабылдау дәрежесі туралы кері ақпаратты алу деп жиі
түсінеді. Алайда оқу процесін алшақ басқару жүйесінде мұндай кері
ақпаратты алу берілген жағдайда бақылау деп атауға болатын кері байланыс
әдістемесінің тек бір бөлігі ғана болып табылады. Алшақ басқарудың
классикалық мысалы – бұл білімді қорытынды бақылау. Мұндай бақылаудың
мәліметтерін пайдалана отырып, оқытушы болашақта, сөзсіз оқу процесін
түзетіп, оған қажетті өзгертулерді енгізе алады, бірақ оқушылардың дайындық
сапасына елеулі әсер бере алмайды.
Оқушының бақылау құрылғысымен жұмыс жасау кезінде жауап салыстыру
торабына келіп түседі, содан соң қабылданған критерийге сәйкес баға
қойылады. Кез-келген процесті ұйымдастыру кезінде процесті басқаруға
арналған ақпарат беру (тікелей арна) және кері байланыс арналарынан тұратын
басқарудың жабық контуры орын алғанда ғана жемісті нәтижеге жету мүмкін.
Кері байланыс ұйымдастыру бақылаудың өз орны бар бірқатар мәселелерді
шешуді талап етеді. Бақылауды автоматтандыруды бақылаушы құрылғының
көмегімен орнату кезеңдері:
- оқу (немесе өздігінен оқып-үйрену) ақпараттарын беру;
- бақылау тапсырмаларын беру;
- оқушылардың жауаптарын алу (оқу ақпараттарын игеру-жаңғырту сапасы
туралы мәліметтерді алу);
- алынған жауаптарды талдау;
- оқытудың берілген мақсаттарының параметрлері мен алынған нәтижелер
аралығында қате дабылын көрсету;
- бұдан әрі іс - әрекеттер туралы шешім қабылдау;
- орын алған кемшіліктерді (оқу процесін реттеу және түзету) жою.
Кері байланыс педагогикалық тәжірибеде өсіп, негізделген бірқатар
талаптарды қанағаттандыруы тиіс, олар: толықтық, релеванттық, теңбе-теңдік,
объективтілік, айқындық, деркезділік, мүмкіндік, үнемшілдік, үзіліссіздік,
құрылымдық және әр деңгей үшін өзгешелік.
Оқу процесінде компьютерді қолдану Отандық және шет ел мектептерінде
тәжірибе жинақталған. Оқушының және мұғалімнің бақылау-бағалау процесіндегі
қызметіне компьютер құралын қолдану тиімділігін атайық:
- бақылау уақыты айтарлықтай қысқартылуы;
- оқу тапсырмаларының орындалу процесі туралы ақпараттарды жылдам
жинақтау және оны алдын-ала өңдеу;
- бұл ақпараттарды көрсеткіштер мен диагностикалық өлшеуіштік жүйеге
сәйкес дисплейде көрсету;
- тексеру нәтижелерін хаттамалар түріне келтіру және оларды келешекте
пайдалану үшін сақтау;
- жекеленген немесе топқа біріктірілген оқушылар үшін тапсырмаларды топ-
топқа бөліп жинақтау мүмкіндігі;
- оқушылар үшін өзін-өзі бақылау.
Тәжірибе көрсеткендей шет елдегі білім беруді компьютерлеу жұмыстары
компьютерді қолдану тиімділігі жаңа техникалық құралдар ретінде қолдануда
мұғалімге қойылатын талап арнайы компьютерлік сауаттылығы, оқыту пәнінің
ерекшелігіне бағытталуы.
Қазіргі таңда зерттеушілердің ЭЕМ - сын бастауыш мектепте математиканы
оқыту процесінде пайдалану мүмкіндігіне қатысты үш негізгі ұстанымы туралы
айтуға болады. Біріншісі - жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын оқу
пәндерінен сабақ беру кезінде пайдалану идеясына сенімсіздік. Екінші
ұстанымды жақтаушылар білім беру жүйесінде сапалы шұғыл білім алуға тек
компьютер ғана мүмкіндік беретініне сенімді. Біздің көзқарас бойынша тиімді
болып табылатын үшінші ұстаным ЭЕМ жаңа техникалық құрал ретінде пайдалану
мүмкіндіктері мен шарттарын объективті түрде зерттеу бағыттылығымен
анықталады.
Бастауыш мектепте компьютерлік құралдарды пайдаланудың жиналған
тәжірибесі мен перспективасын бағалаудағы ескертулер: Білім беруді
ақпараттандырудың процесі объективті әрекет етуші факторлардың екі тобымен
анықталады:
- бастауыш мектепке қатысты шарттарды қанағаттандыратын білім жүйесіне
қатысты сыртқы факторлар;
- жалпы білім мекемелерінің ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін
қабылдау дайындығы мен қабілетін анықтайтын және оларды өздерінің
негізгі міндеттері үшін тиімді қолданатын ішкі факторлар.
Сыртқы факторлар бастауыш мектептерді есептеуіш техника құралдарымен
және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау қарқыны мен сипатына, жеке
жаңалық енгізуді кеңінен тарқату мүмкіндігін шектейді.
Ішкі факторлар білім беру жүйесінің қайта пайда болған жұмыс құралдарын
ақпаратпен қабылдау және игеру қабілеттерін анықтайды.
Білімді ақпараттандыру бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерін дайындауда
кәсіби деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қояды. Оқытудың кез-келген
техникалық құралдары мен педагогикалық технологиялары оларды пайдаланатын
педагогтар қаншалықты дайындалса, соншалықты сапалы болып табылады.
Кемшіліксіз бағдарламалық қамтамасыз етілген ең заманалы ЭЕМ егер
педагогтардың жеткілікті техникалық және әдістемелік білімдері болмаса,
жұмыссыз тұрады.
Педагог-тәжірибешілердің білім сапасын тексеру стандартизациясының
тәсілдері, осы білімді педагогикалық қызметте қолдану сипаты, сонымен қатар
бақылау және тәжірибелік топтарды іріктеу туралы мәселелерін зерттеу үшін
келесі жоспар бойынша зерттеулер жүргізілді: мұғалімдермен әңгіме жүргізу
және бақылау; мұғалімдерден, білім мекемелері және білім басқармасы
әкімшілігінен сауалнама алу; білім сапасын тексеру үшін бастауыш сынып
мұғалімдері құратын және қолданатын бақылау жұмыстарын талдау; бақылау және
тәжірибелік топтарды іріктеу мақсатында оқушылар біліміне тексеру жүргізу.
Тәжірибенің негізгі бөлігін жүргізу барысында келесі көрсетілгендерді
анықтауға әрекет жасадық:
- білім сапасын тексеру стандартының мектеп, білім басқару мекемелері
тәжірибесіндегі жағдайын және педагог-тәжірибешілердің зерттеліп
отырған мәселелерге қатысын;
- оқытушылар білім сапасын тексеру стандартизациясы шарттарын іске асыру
барысында қиындықтардың қандай түрлерін бастан кешіреді;
- компьютерлік бағдарламаларды математика бойынша бақылау тапсырмалары
үшін пайдалану;
- оқушылармен тест өткізу дағдыларын қалыптастыру деңгейін;
- мектеп мұғалімдерінің бақылау тапсырмаларын құрастыру кезіндегі білім
диагностикасының өлшемдік базасын;
- оқушылардың математикадан білім және біліктілікті игеру деңгейін;
Біздің өткізген сауалнама әдісіне 100 шақты мұғалім қатысты. Білім
сапасын тексеру мәселелерін зерттеу нәтижелері 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте - Білім сапасын бақылау стандарты мәселесінің жағдайы

№ Берілген сұрақтар Алынған жауаптар (%)



Иә Жоқ БілмӨзге
ейміжауап
н тар
1 2 3 4 5 6
1. Оқушылардың білім сапасын бақылау стандартын 23
қалай түсінесіз?
1.1. бақылау нәтижелерін бағалау объективтілігі 68
1.2. нәтижені бағалаудағы ортақ критерии 80
1.3. мазмұндары бірдей бақылау 46
1.4. тест көмегімен бақылау 85
1.5. бақылаудың бірдей түрлері 33
1.6. сынаққа алынғандар үшін бірдей тапсырма 12
1.7. бақылау нәтижелерін стандарттық өңдеу 74
2. Тест жүргізуді білім бақылау түрі ретінде 100
қолданасыз ба?
3. Тест жүргізу үшін бақылаудың қай түрі тиімді
3.1. қорытынды 92 4 3 1
3.2. ағымдағы 58 37 5 -
3.3. жеке 24 73 3
3.4. топтық 88 10 2
3.5. жазбаша 99 - - 1
3.6. ауызша - - - -
3.7. компьютерлік 85 3 10 2

1-кестенің жалғасы

4. Тест жүргізуді қай мақсатпен қолдану тиімді?
4.1. объективтілік бағалау 85 5 9 1
4.2. өз бетінше жұмыс 53 27 20 -
4.3. оқыту дифференциациясы 12 36 51 1
4.4. материалдың үлкен көлемін игеруін бақылау 85 2 10 3
4.5. білімді түзетуге арналған ақпарат 66 9 16 9
4.6. оқушыларды қажытпайды 75 15 7 3
4.7. нәтижелерді өңдеу объективтілігі 100 - - -
4.8. тексеру жеңілдігі 89 - 5 6
4.9. ақыл-ойын дамытуға көмектеседі 40 29 19 12
4.10.сынаққа алынғандар үшін тең жағдай жасау 99 - - 1
5 Сіздің өз жұмысыңызда қолданылатын тесттер:
5.1. өзіңіз құрастырған 54 45 - 1
5.2. әдістемелік журналдарда, құралдарда 39 56 - 5
жарияланғандар
5.3. білім басқару мекемелері ұсынған 20 78 - 2
6. Сіз пайдаланатын тесттерде қандай тесттік 6
тапсырмалар түрі кездеседі?
6.1. ұсынылған бірнеше жауаптың ішінен біреуін 90
таңдау
6.2 ұсынылған жауаптар ішінен бірнешеуін таңдау 3
6.3. сәйкестерді белгілеу 6
6.4. қысқа жауап қа ойысу 2
6.5. еркін жауап -
6.6. альтернативтік тапсырма (иәжоқ) 4
7 Ұсынылған тесттерді сапалы ету үшін қандай
кемшіліктерді жою керек?
7.1. тапсырмалар түрінің біркелкілігі 78
7.2. білім стандартының талаптарына сәйкессіздігі 64
7.3. күрделілік деңгейі бойынша дифференциялау 73
7.4. оқу материалына сәйкес құрылымдау 71
7.5. нақты қателерді жою 34
7.6. әдістемелік құралдар мен нұсқаулармен сүйемелдеу82
7.7. компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу 93
8 Сізге мектепте бақылаудың автоматтандырылған
кешенін қолдануды не шектейді?
8.1. мектепте ДЭЕМ жоқтығы 46
8.2. ДЭЕМ рұқсат жоқ 78
8.3. ДЭЕМ жұмыс істеуге дағдыланбағандық 97
8.4. бағдарламалар мен әдістемелік құралдардың 95
жоқтығы
8.5. ұсынылған бағдарламалық өңдеулер талапқа сай -
емес
8.6. дәстүрлі бақылау тиімдірек -

Біздің жүргізген зерттеулер мұғалімдерге қалай болса, түрлі деңгейдегі
білім мекемелері әкімшілігіне де солай білім сапасын бақылау стандартының
әдістерін игеру қажеттілігін талап ететінін көрсетті. Білім басқармасында
түрлі деңгейде білімді игеру туралы сапалы, объективті ақпараттар
қажеттілігі күшеюде. Сұрақ алғандардың басым бөлігі педагогтардың
жеткіліксіз дайындығы, әдістемелік, методологиялық әдебиеттердің
жеткіліксіздігі туралы айтуда.
Сұраққа алынғандардың жартысы өз қызметтерінде әдістеменің жеке
нұсқаларын қолдана отырып, білім стандартизациясы процесінің мағынасына
анық көз жеткізе алмайды. Педагог-тәжірибешілердің сауалнама әдісі туралы
мәліметтерін талдау нәтижесінде біз барлық БМ білім беру процесінде білім
сапасын тексеру стандартизациясының құбылысы қадағаланатынын, бірақ ол
интуициялық деңгейде, кейде мақсатсыз, нәтижесіз жүргізілетінін анықтадық.
Бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасын тексеру жүйесіне арналған
компьютерлік педагогикалық құралдарды пайдалану, бақылау, өзін өзі бақылау,
жаттығу, бақылау нәтижелері бойынша түзету, тіркеу, жинау, сақтау,
зерттеліп отырған объектілер туралы ақпараттарды өңдеу және түрлі формада
көрсетілген ақпараттардың жеткілікті үлкен көлемін беруді іс жүзіне асыруға
мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаларды жасау кезінде қамтамасыз
ету бойынша келесі техникалық талаптар ескерілген: пайдаланушының қате және
түзетілмеген әрекеттеріне тұрақтылығы; пайдаланушының әрекетіне уақытты
үнемдеу; техникалық ресурстарды үнемді пайдалану; бағдарлама жұмыстарын
аяқтау алдында жүйелік саланы қайта қалпына келтіру.
Оқу диагностикалық бағдарламаларын жасау техникалық құралдар мен қызмет
процедураларын таңдау Ахлебнин А.К., Нифантьев Э.Е., Лапчик М.П., Чекалев
Н.В., Шампвнер Г. және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Әдебиеттерде кеңінен көрсетілгендей бағдарламалау мен бағдарламаны жөндеуге
қойылатын талаптар, бағдарламашыларға ұсынылатын нұсқаулар стандартты болып
келеді.
Бастауыш мектептерде оқыту нәтижелерін бақылауды автоматтандырудың
компьютерлік бағдарламаларын әзірлеу кезінде мыналарды ескерген жөн:
1. Бағдарламаны қолдану өзара байланысатын төрт кезеңнен тұрады:
деректерден тест сұрақтарын құру; бланкілерді басып шығару; жеке және
топтық тестілеудің нәтижелерін тексеру және бағалау; нәтижелерді графиктер,
кестелер, сызбалар түрінде жазып, оны талдау.
2. Пайдаланушыға тексеру мақсатына сай тапсырмаларды енгізу үшін тақырып
таңдауды ұсыну.
3. Дайындығы жоқ пайдаланушының жұмыс мүмкіндігін қарастыру.
4. Тексеру файлын санкцияланбаған тексеруден қорғау.
5. Түзетулерді, тапсырмаларды өзгертуді, деректерді толтыруды енгізу
үшін мәселелердің базалық жүйесіне оңайлатылған мүмкіндік қарастыру.
ЭЕМ пайдаланумен бірге оқу жұмыстарын ұйымдастыру мен тиісті
компьютерлік бағдарлама қамтамасыз етуді әзірлеу процесі кезінде бастауыш
мектеп оқушыларының келесі негізгі ерекшеліктерін ескеру қажет:
- жалпы ой қабілетін, сонымен қатар арнайы ерекшеліктерін дамыту
деңгейі;
- жалпы және өзіндік жұмыстарға қабілеттіліктері арқылы көрінетін
оқушылардың оқу біліктіліктерін игеру деңгейі;
- тану қызығушылығы (жалпы оқу мотивациясы негізінде);
Компьютерленген оқытудың бұл ерекшеліктерін есепке алу дараланған және
жекеленген оқытудың қажетті шарты болып табылады. Заманалы ЭЕМ
мүмкіндіктері бастауыш мектептер үшін осы ерекшеліктерді компьютерлік
диалог немесе педагогтан алған ақпарат негізінде ескеретін оқу
бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бастауыш мектептерде оқыту барысында ойын элементтері үнемі
қолданылғанымен, оқыту әрекеттері алғашқы орында тұрады. Кіші мектеп
жасындағы балаларды компьютерді қолдана отырып оқытудан байқағанымыз оқыту
мен ойынның, оқу материалы мен ойыншықтың, ойыншық пен оқыту ойынының
арасын ажырату қиын-ақ. Алдыңғы қатарлы педагогикалық әлеумет материалдың
маңыздылығы мен ғылымилығын жоғалтпай, оқуды қызықты етуге болатынын жоққа
шығармайды, сондай-ақ оқыту мен ойын толық үйлесімді мәселе болып
қалыптасты. Оқыту барысында компьютерлік техниканы қолдану бастауыш сынып
оқушыларын қызықтырады, өйткені олар оны бейне ойын ретінде қабылдап, бірақ
өз қателіктерін тез түсінеді, себебі компьютерлік оқыту ойындары ойын
элементтерінен тұрмайды, олар әдетте білімді қайталауға және тексеруге
бағытталған. Баланың назарын аударатын нақты бағдарлама емес, ойыншықтың
өзі де айтарлықтай қызығушылық тудырмайды, тек компьютер – таңғажайып зат
және бала оны басқарудан үлкен әсер алады, және нәтижесінде ғана
ақпараттануға қызығушылығы пайда болуы мүмкін.
Компьютер – оқыту машинасы дегеннен әлдеқайда күрделірек ұғым, ол –
онымен бірге бірлесіп ойлауға болатын зат, ол балаға ойлауға көмектеседі
және оған ойнауға мүмкіндік береді. Ойын мен оқу – біртұтас зерделі үрдіс
және бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасауда ойын атмосферасын құру өте
маңызды.
Ақпаратты оқытудың алғашқы кезеңін бастауыш мектеп десек, онда бастауыш
сыныптардың болашақ педагогтарын дайындаудың іргелі бағытын нығайту керек.
Жасы кіші балаларды оқытуда компьютерлік технологияны қолдануда
әдістемелік мәселелерді қарастырудан алдын, ескеретін маңызды нәрсе оқыту
барысында баланың қабілеті қалай дамып жатқанын байқау. Осы мәселе бойынша
бірнеше тұжырымдамалар бар, олардың негізгі міндеті әлеуметтік немесе
биологиялық процестермен немесе әлеуметтік-психологиялық процестер мен
адамдардың бір-біріне ықпал ету көріністерімен түйістіру.
Жетілдіру тұжырымдамаларын жақтаушылар дамыту процесінде қоршаған
ортаның ықпалы көп екенін қарастырады. Олармен дамыту ісі жетілдіру деп
қарастырылады, оның сатылары әр бір бала үшін жан-жақты. Ең маңызды
әрекеттерге баланың ағзасындағы болып жатқан жай-күйлер болып есептеледі.
Зерттеу барысында ұсынылған теориялық нәтижелерді және оқушылардың білім
сапасын бақылау стандартын бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етудің
тиімділігін тексеру үшін экспериментті зерттеулер жүргізілді. Экспериментті
іске асыру барысында төмендегі мақсаттар мен міндеттер алға қойылып,
шешімін тапты:
- Бастауыш мектептерде математика пәні бойынша білім сапасын бақылау
мәселесінің жай-күйін зерттеу;
- Білім сапасын бақылау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математикада оқыту мазмұнының құрылымы пен принциптері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктері туралы
Математиканы бастауыш оқыту әдістері
Сыныптан тыс жұмыс арқылы студенттерді математиканы оқытуға даярлау
Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауышта математикалық білім беру
Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білімдерін тексеруде тест әдісін қолдану ерекшеліктері
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Пәндер