Дарынды бала ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейтестігі. Қазақстан ұлы держава
болуы үшін бізге күш қуаты, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды
жастар керек – деп Н.Ә. Назарбаев айтқан болатын.
Еліміздегі психологиялық қызметтің әлемдік психологиялық қызмет
деңгейіне қол жеткізу үшін ел басының дарынды балаларға айтқан бес ғибратын
ұстаным ету керек:
Алдына мақсат қоя біл, талмай ұмтыл, мақсатына толық бірден жете қоймасаңда
мойыма, алған бетінен қайтпа.
Қолымнан келмейді деген ұғымды санаңнан бір жола өшіріп таста, ылғида
қолыңан келмейтін іс жоқ деген сенімді бол! Бұл сенім жігеріңді жанып,
жеңіске бастайтын бірден бір жол.
Санаңда үрей қорқыныш өшпенділікпен күншілдік сенімдері үстемдік құрып
жүрсе олардан тез арыл, үрей мен қорқыныш алға басуына бөгет болып, аяғынды
тұсайды, біреуге деген өшпенділігін онында саған деген өшпенділігін
қоздатады. Ешкімді күндеме күншілдік – дерт айықпас ауру.
Қанша білімді болсанда ешқешен білімдімін деп мақтанба.
Әрқашан денсаулығынды сақтап, нығайту отыру-парыз. Тәнінді таза ұста. Бей
ауыз болма, былапыт сөз айтудан – аузынды, тыңдаудан – құлағынды сақта.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Әр баланың
қабілетіне қарай интеллектуалды дамуын және жеке адамның дарындылығын
маселелері көрсетілген.
Өйткені ғылым мен техниканы әлемдік деңгейде дамыту шығармашылықпен жұмыс
жасайтын білімді де білікті мамандлар қажет. Ал олар қабілетті
дарындылырдың ішінен шығады. Дарынды, қабілетті балаларды іздеп тауып,
оларды оқыту мен тәрбиелеу бүгінгі күні өзекті мәселе.
Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау
көрсету туралы 1996 жылы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтің жарлығы шықты. Осы жарлықты жүзге асыру мақсатында
республикада дарынды балармен жұмыс жүргізу жүйесін ұйымдастыратын Дарын
рспубликалық ғылыми практикалық орталығы құрылды.
Адамзат үшін XXIғасыр жаңа технологиялардың жаңалықтардың ғасыры
болмақ, ал осы жоғары технологияларды жүзеге асырып өмірге енгізу, игеру
және жетілдіру – бүгінгі мектеп оқушыларының еншісінде болмақ.
Демек бүгінгі міндет – бойында елге-жерге деген сүйіспеншілік қасиеті
дарыған , еісі көңіліне үміт отын жағып жүретін ,өз Отанына аянбай қызмет
ететін, озық ойлы, тапқыр дап табанды, сауатты да салауатты адамды
тәрбиелеу.
Елбасы білім мен ғылым қызметкерлерінің II съезінде Болашақта еңбек
етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылар, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Ұлттық тәрбиені білім негізі мен ұштастыра, сабақтастыра отырып,
баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту, жетілдіру, шығармашылыққа,
іскерлікке баулу халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіруі,
имандылық мінез-құлқын қалыптастыруын жүзеге асырып көзделуі тиіс. Соны мен
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына мемлекеттік саясат
негізінде, Әр баланың жеке қабілеті не қарай интеллектуалдық дамуы, жеке
адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр.
Сондықтан соңғы кезде дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу
қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаға
қарағанда көп пайда әкелетіні анық.
Дарынды бала болмайды. Ашылмаған дарынды, қабілет иесі болады деген
үстанымды қолдай отырып, егер мұғалім әр баланы дарын иесі деп таныса
онда Қазақстан әуелетінің болашағы жарқын болмақ.
Дарынды бала өзге балалардан өте ерте оянған қабілетінен басқа
ешқандай айырмашылығы жоқ . Ол да бала .
Қазакстан Республикасының білім туралы заңында дарынды және қабілетті
оқушыларға арнайы жағдай жасау туралы айтылған.
Қазіргі кезде Қазақстанда жалпы білім беретін мекептерден басқа,
гимназия, лицей, колледж, терендетіп оқыту мектептері, авторлық мектептер,
"балабақша — мектеп", "мектеп-ЖОО" деген кешенді және басқа да жеке меншік
мектептер бар. Бұлардағы мұғалімдер жаңа, даралап оқыту бағдарламасы және
оқу жоспарымен жұмыс істей бастады. Олар ізгілік, демократия,
дифференциалды, вариативті оқьту ұстанымдарын қолданумен балаға бағытталған
оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын игілікті жүргізуде.
Сара Назарбаеваның қолдауымен Қазақстан "Бөбек" қоры және соның
аясында арнайы мектеп ашылып, онда "өзін тану" бағытында жұмыс істеуде.
Мұнда жетім балалармен қоса, жалпы дарынды, қабілетті балаларға, жас
буындарға көңіл бөлу, оларды оқытып-тәрбиелеу қарастырылған. Оның негізгі
міндеттерінің бірі — жас дарындарды ашу, әлемдегі балалармен байланыс
орнату, әлем елдерінін өнері, шығармашылығы, мәдениетімен таныстыру, соған
демеуші болу.
Ғылыми жаңашылдығы: Дарындылық ұғымын зерттеушілер әлі күнге дейін
зерттеуде және де жақсы нәтижелерге жетуде: шетел зерттеушілері: Терман,
Гельфорд, Таненбаум, Пассау, Штернберг, Дэвидсон және де т.б., бірақ
дарындылықтың дамуына отбасының әсері әлі де толық зерттелмеген.
Практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелері болашақ педагог-
психолог мамандарға, класс жетекшілеріне, ата-аналараға әдістемелік құрал
ретінде қолдануға болады.
Қазіргі мәселелерді шешу, ахуалын бағалау: Дарындылықты қазақ
ғалымдары зерттей қойған жоқ, зерттеседе аз қарастырылған. Отандық
педагогика мен психологияда ерекше жаңа шешімдерге әкелетін шығармашылық
термині кең қолданылған. Шетел психологиясында шығармашылықтың қалыптасуына
ықпал ететін тұлғалық және ойлау қасиеттеріның жиынтығы креативтілік
терминімен белгілі.
Шығармашылық психологиясында креативтілік атауымен белгілі болған бағытты
Э.Г.Юдин, С.М.Бернштейн, А.Л.Лук, Дж.Тилфорд, С.Медник, В.Смит, К.Тейлор,
Е.Торренс, Н.В.Кипиани, А.М.Магюшкин және тағы басқа ғалымдар зерттеді [5].
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Отбасындағы дарынды балалардың психикасын
қалыптастыру жолдарын анықтау
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Дарынды бала, Дарындылық ұғымдарын ашу;
Дарынды баланы анықтау жолдарын белгілеу;
Отбасындағы дарынды баламен жұмыс жасаудың практикалық зерттеу нәтижесінде,
мазмұнын нақтылау
Жұмыстың нысаны: жеткіншек баланың психикасы
Жұмыстың пәні: дарындылықты қалыптастыру жолдары
Жұмыстың зерттеу объектісі: дарындылық
Жұмыстың болжамы: егер отбасы баланың қабілетін қалыптастырып, жүйелі
дамытып отырса, нәтижесінде баланың дарындылығы жетіледі.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Жеке тұлғаны
тәрбиелеуде отбасы мен мектептің және қоғамның байланысына таным теориясы
тұрғысынан қарау, отбасы тәрбиесінің теориясы, әлеуметтендіру теориясы,
білім беру теориясы және тәрбие теориясы.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық,
тарихи, заң және құқықтық ережелерге, авторлық және оқу тәрбие
бағдарламаларына, әдістемелерге талдау жасау, мектептегі танымдық
үрдістерді бақылау, ата-аналар, мұғалімдер, мектеп оқушылары арасында түрлі
сауалнамалар (анкета, әңгімелесу, сұраққа жауап т.б) жүргізу материалды
саралау, моделдеу, математикалық тұрғыдан өңдеу әдістері қолданылды.
Зерттеу базасы: Ыбырай Алтынсарин атындағы Гимназия
Дипломдық жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды,
пайдалынған әдебиеттерден, қосымшамалардан тұрады.

I.Дарынды балалар және олардың психикасын қалыптастыру жолдары
Дарындылық ұғымына жалпы сипаттама

Қазіргі замандағы білім беру тұжырымдамасының бағыты - ізгілік және тұлғаны
қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру
жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар
негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның
шығармашылық қабілетін және эстетикалық технология тәрбие беруді дамыту -
деп атап көрсетті. Осыған орай бүгінгі бастауыш сынып мұғалімдерінің
алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын,
ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін, яғни жан-жақты, азат шығармашыл
тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.Оқушының шығармашылық әрекетін
педагогикалық және психологиялық тұрғысынан жан-жақты зерттеулер көбеюде.
Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылықжетістік тұлғалық емес, әлеуметтік
мағынаға ие болғандығын мойындап, психология - педагогикалық ойлардың осы
мәселеге назар аударуына мәжбүр етті [1].
Дарынды және ерекше қабілетті балаларды оқытып, тәрбиелеу қазіргі
күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл — мектепте мұғалімді,
отбасында ата-ананы және дарынды баланың өзін мазалайтын ерекшелік. Мұндай
болуының себебі алдымен оны дер кезінде жыға тану қиын, өйткені баланың
қабілетті екенін барлық адам бірден байқамайды. Ал егер оны таныған күнде
одан соң сол дарынның орнын тауып дамыту, қоғамның керегіне, балайың өзінің
бас пайдасына жаратуына жағдай жасау маңызды. Іштен "қозғап", "түрткі
беріп" түрған психикалық ерекшелігінің не нәрсеге жетелеп, қайда апарып
соқтырарын ешкім дөп басып айта алмайды. Дарынды баланың өзі және оны
қоршаған ересектерді мазалайтын басты сұрақтар: дарындылық сипаты мен
дөрежесі қандай және ол қай бағытта қандай жұмыс түрлері оны жетістіктерге
алып келеді? Бала өзінің қабілетін қай салаға бағыттауы керек? Баланың өзі
соны біле ме және білсе оның ойында не бар? Мұндай ерекшелігі бар баланы
қабілетті немесе дарынды деп қарастыруға болады. Қабілет — тұлғаны ерекше
жетістіктерге алып келетін жеке психикалық сапа. Қабілеттің белгілі бір іс-
әрекет түрінде нақты байқалуы тұлғаның жеке ерекшелігі болып табылады.
Қабілеттілік бір ғана бағытта емес көп қырлы болуы мүмкін, сол себепті
"егер адам бір нәрсеге қабілетті болса, барлығына қабілетті" деген сөз бар.
Ондай адамдар көп жағдайда кез келген істі табысты атқарып игілікке жету
мүмкіндігіне ие. Олар кәсіпті жақсы меңгереді, білімі мықты, еңбегі
нәтижелі болады. Олардың көп қырлы қабілеті істің "көзін табуға", кез
келген ахуалдан шығармашылықпен жол табуға, болжауға және іс жүзінде
табысқа жетуіне көмектеседі.
Ғылыми зсрттеулер мен тұрмыстық тәжірибсі көрсткендей, қабілет бір Іс-
әрекетте, мысалы, оқу, ойын, еңбекте байқалып, туа біткен нышандармен ғана
тұйықталмастан, адамның жеке тұлғалық сапаларына қызығу, өзінін-өзі
бағалау, мақсаттылық, т б. байланысты байқалады. Бірдей жағдайда туып-өскен
адамдардың, тіпті бір отбасының балаларының әр түрлі қабілеттер
болғандықтан жетістіктері де әр түрлі болады. Мұның себебі, қабілеттіліктің
дамуы әр түрлі істерден көрінеді, мысалы, кей бала математиканы жақсы
меңгерсе, кейбіреулері спортқа, не музыкаға қабілетті, ал кейбірлері нақты
ғылымдардан гөрі ізгілікті" пәндерге құштар. Кеңес одағынын психолог
ғалымдары В А Крутецикий балалардың математикаға қабілетін, Б.М Теплов
музыкалық қаблетін, В И.Киреенко көркемсуретке байланысты қабілетті т.б
зерттеген. Арнайы қабілеттерден басқа жалпы қабілеттілік деген ұғым бар,
олар: ақыл-ой қабілеті, қабыл алу, елестету, көрегендік, ырық-эмоция т б.
Зерттеуші психолог Б.М.Теплов "жалпы қабілеттік дарындылыққа алып
келетін аса мағыналы сапаларға жатады" деген. Мысалы, белгілі жазушалар,
ақындар, музыканттар, суретшілер жан-жақты дамыған, әр нәрсеге қабілетті
адамдар болған. Айталық, Әбу Насыр әл-Фараби — музыкант, аспап жасаушы
ұста, ақын, философ, математик, физик, химик; Абай Құнанбаев — ақын,
философ, музыкант, ұстаз; Леонардо да Винчи — суретші, химик, конструктор,
физик, ақын; қазақ ақын-жыраулары шешен, әнші, музыкант, қоғам қайраткері,
жауынгер; Махмбет Өтемісұлы — күйші, ақын, қолбасшы, ойшыл; Асан қайғы мен
Қорқыт ата, олардың ізбасары Ықылас - көріпкел, философ, музыкант, ақын
болған. Белгілі композитор Ф.Шопен актер, суретші, ақын болған. Мұндай
мысалдарды шексіз келтіруге болады. Адамның жеке дарынының өсуіне жалпы
қабілеттерінің дамуы негіз болады. Ал ата-анадан тек арқылы берілетін туа
біткен нышандарды арнайы дамытпаса, ол белгілі бір жас кезеңінен кейін
мүлде тоқтап немесе жойылып кетеді, мысалы, әкесі не шешесі әнші, суретші
болса баланы музыкаға, сурет салуға, ән айтуға үйретсе нышандары дамып,
дарыны арта түседі, ал үйретпеген жағдайда, оның дамуы тоқтап қалады.
Демек, қабілет іс-әрекет арқылы дамиды. Бұл адамды ең жоғары дәрежеде
кәсіпқой болуға, үлкен игіліктерге қол жеткізуге, сый-құрметке кенелуіне
алып келеді.
Тұлғаның туа біткен ерекшеліктері дами келе, белгілі бір іс-әрекет
түрінде байқалса оны "дарын" дейді. Баланың дарынды екенін белгілі бір іске
қабілетін дамуына, соған байланысты білім, білік, дағдыларды табысты
мсңгеруіне қарап анықтауға болады.
Көп жағдайда дарын кіші жастан байқалады. Егер сол кезден бастап
дамыса, ол игіліктерге алып келетіні белгілі. Алайда кешеуілдеп дамитын
дарындар да болады, мысалы, композитор А.Хачатурян 19 жасында музыкалық
сауатын ашқан. Кейде баланың бойында бар нышандар даму таппай жойылып
кетеді. Оның себептері өте көп. Сондықтан, кептеген дарынды адамдардың әр
түрлі тұрмыс ахуалдары мен шарттардың ықпалымен қабілетін дамыта алмай
қалғаны да кездеседі.
Қабілет адамның нашар жақтарының көрініп қалуына да себеп болады,
мысалы, кейбір дарынды адамдар басқаларды өзінен кем санап, менсінбей,
тәкаппар мінез танытады. Ал кейбір жағдайда қабілеті жеткілікті болмаса да,
тынбай еңбектену нәтижесінде айтарлықтай игіліктерге қол жеткізе алады.
Кейбір жан-жақты қабілетті адамдар жалқаулық, құнтсыздық, оңай жолмен пайда
табу жолын іздеп өз қабілетін дамыта алмай қалады.
Белгілі орыс композиторы П.И.Чайковский жалықпай, талмай еңбектеніп,
қол жеткен табыстарына қанағаттанып қалмай, талмай жұмыс істеп ең жоғары
бағаланатын шығармалар жаратқан. Ал, Н.А.Римский — Корсков теңіз флотында
эскери қызмет өтей жүріп сол жердегі хордың инспекторы, хор капелласын
басқарушының көмекшісі, Петербор консерваториясының профессоры, балалар
музыка мектебінің директоры бола жүріп көптеген концерттер берген,
шығармалар тудырған. Бұдан басқа Даргомыжский, Мусоргский, Бородин сынды
белгілі композиторлардын тәмамдалмай қалған шығармаларын солардың стилінен
ауытқымай жазып, соңына шығарған. Кейбір деректерге қарағанда Римдік Юлий
Цезарь бір мезетте бірнеше жауапты істі атқара білген. Ол тындаған, сөйлесе
отырып, басқа бір нәрсе туралы жазған және ойша бір нәрсені есептеп те
қоятын болған.
Қабілеттілік, зейінділік, даналық, дарын — қабілет дамуының ең жоғары
дөрежедегі керсеткіші. Әлеуметтік қабілет, мектепте, отбасында ешқандай
қолайсыздық туындатпайды.
Балалардың бойындағы көркемөнерге қабілеттілік жан-жақты зерттелген.
Психомоторлық қабілет, мысалы, спортқа қабілетті адамдарды жеткілікті
дәрежеде зерттеп қорытындылар шығарған. Бұлардан басқа академиялық зейін,
ақыл-ой қабілеті де зерттелуде. Бұлардың барлығы орнын тауып шұғылданса,
педагогикалық жөне психологиялық көмек дұрыс ұйымдастырылса, баланың
болашағына ықпалы зор. Ол өз кабілетіне қарай кәсіп тандап, қоғамда белгілі
орын алуы мүмкін.
Бұдан басқа зерде қабілеттілігі ойлау, талдау және салыстырмалау,
дұрыс қорытынды шығару секілді әрекеттерден байқалады. Ондай бала үйде
ақылды, мектепте үздік оқиды. Ол бір не бірнеше пәндерді жақсы меңгереді,
кейбір пәндерді жақтырмауы мүмкін. Шығармашыл, зейінді, ойлы бала қоршаған
ортаны басқаларға қарағанда өзгеше қабылдайды, ой жүргізу дағдысы да
ерекше. Ондай баланың көпшілік іс-әрекеті мақсатты, бағыттылыққа ие.
Мектепте, отбасында оның осы ерекшеліктері көзге түседі. Оңдай балалар өз
алдына көп оқып, білімге қызығуы байқалады, сабаққа даярлығы мықты, көп
білуге қызығады. Сондықтан оларды ерте пайымдап, дұрыс тәрбиелеп, дұрыс
жолын табуға көметсу керек. Мұндай балалар ата-ананың қуанышы, кейде
қорқыныш туғызады, өйткені оларды құрбылары түсіне алмай неше түрлі ат
қояды. Олардың мінезі салмақты, өте сезімтал болғандықтан қоршаған ортаның
түсінбеуі ашу-ызасын келтіреді, талас-тартысқа жақын болып, өзінің
басқалардан ерекшелігінің азабын да тартады. Олардың кейбірлері туа біткен
қалжыңбас, әзіл-оспақшыл, сондай сөздерді тыңдағыш, сөз саптауы да ерекше,
қимыл-әрекеті мен қабыл алуы да ерекше сипатта болады.
Психологтардың зерттеулерінен жеке бір пәнге дарындылықтан басқа,
әлеуметтік қабілеттілік болатыны анықталған. Олар жекелеген адамдардың
көсемдік (лидерлік), ұйъмдастырушылық, басқару қабілеті, біреуге өзінің
айтқанын орындата білу, өзі де бағынып, басқаларды да бағындыра алатыны,
құрбыларьн еліктетіп соңынан ерте білу, өзі де істеп, басқаларды да істете
білу секіді қабілеттер көптеген адамдарда бола бермейді.
А.С.Макаренко колонияға келген әр баланың бойындағы осындай ерекше
қабілеттерін дұрыс анықтап, қайта тәрбиелеп қатарға қосуда, әлеуметтендіру
үрдісінде дұрыс пайдалана білген. Өзі басқарған М.Горький атындағы
колонияда өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруда балалардың осындай қабілеттерін
дамыта отырып, қатарға қосқан. Осындай дарынды педагогтардың бірі,
әлеуметтік психологияға елеулі үлес қосқан В.М.Сорока-Росинский "Республика
ШКИД" атындағы түзету мектебінде балалардың музыкаға, суретке, өлең жөне
басқа да шығармалар жазуға деген қызығушылығы мен тапқырлығын дұрыс
пайдалана білген [2].
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша дарынды
балалар да, ақылы кем балалар секілді кауіпті, "тәуекелді топқа'(группа
оиск) жатады. Себебі психикасының ерекшелігі оларды оқыту мен тербилеугс
ерекше қарап, басқаша ұйымдастыруды, әрқайсысына жеке жуықтауды талап
етеді. Оларды арнайы тәрбисшіге төрбиелетіп, ерекше көңіл беліп, жекеше оқу
бағдарламасымен оқыту керек. Тәжірибелі және көп білетін мұғалімнен осындай
балаларға арнайы жағдай жасалған мектептерде оқуы керек. Дарынды балалар
оқитын арнайы мектепке оқу-тәрбие ісін олардың дарын түрі, қабілет
ерекшеліктеріне қарай ұйымдастыру талабы қойылады.
Психикалық ерекшеліктеріне байланысты кейбір дарыңды балалар өзінің
дарынды екенін білмейді, не мінезінің тұйықтығынан байқалмайды. Олардың
ішінде ұялшақ, қарапайым, дарынын білдіргісі келмейтіндері де кездседі.
Олар білгенін, өз ойын айтпайды, өзіне сенімі жетпейді. Мүн-дай балаларды
дер кезінде танып, қабілет, дарын көзін ашып, көмектесу, дамыту болашақта
жақсы маман иелерін төрбиелеуге көмектессді. Осындай ерекше балалар
қатарына фанатиктер де жатады, мысалы, компьютерге қатты қызығу оның
мектептегі оқуына кедергі болады. Осындай дарынды, қабілетті адамдар
арасында психопат (тұтылып қалатын), невроздар (ызақор) да кездеседі. Олар
қоршаған ортаға, жақын адамдарына, кейде ұстаздарына риза болмай қарама-
қайшылықтар туындатып, наразы болып, отбасында, оқу орнында шатақ шыгарып
жүреді. Оның да себебі дарын мсн қабілеттілігі болуы мүмкін, сондықтан
оларды дер кезінде танып, өз уақытында жол көрсетіп, ата-анасына,
мұғалімдеріне, тәрбиешілерге өлеуметтік педагог көмектесуі керек.
Дарынды бала, әрине, ата-ана, оітбасының мақтанышы. Егер барлық бала,
мысалы, отбасындағы бес-алты бала түгелімен жақсы оқып, әр нөрсеге қызығып,
бірі-бірінен сұрап, өзара көмектесіп оқыса олардың барлығы қабілетті болып
өседі. Ата-аналардың көпшілігі егер баласы қарапайым қатардағы оқушы
ретінде үлгеріп оқыса, қатарынан озып шықпаса, соған да риза. Ал
кейбіреулері оқуға кабілегі жетпейтін баланы зорлықпен қинап, сүйрелеп
оқытып, ешқандай қызығуы болмаса да күштеп сабақ үйретуге әрекеттенеді.
Ондай баланын дарыны не қабілеті болмаса, ешнәрсе өнбейтіні белгілі.
Керісінше, денсаулығы нашарлап, ата-анасынан да, оқудан да көңілі қалып,
өзіне де риза болмай білімге, кейде тіпті өмірге де қызығуы болмай қалады.
Осындай балаларды дарынды, қабілетті балаларға жеткізем деп бұзып алғандар
да баршылық.
Баланың, ерекше қабілеті мен дарыны бала жастан-ақ байқалады, мысалы,
сөзінен, істеген ісінен, оқу, жазуға ерте құмарлануынан, ертегі,
әңгімелерді, тақпақ, өлендерді жатқа айтуынан, естігенін дереу жаттап
алуынан, қабыл алуы мен қызығуынан байқалады. Мұндайды халқымыз зейінді,
қағылез, "қүйма құлақ" (керісінше болса "ақпа қүлақ") деген. Ондай
балалардың кейбірлері ой жүргізуге, салыстырмалап бір нәрсенің ұқсастығы
мен айырмашылылығын аңғаруға қабілетті болады. Бұны ерте танып, дұрыс жолға
салу ата-ананың міндеті, бірақ кейде олар мұны байқамай қалуы да мүмкін.
Осындай кезде алеуметтік педагогтың көмегі аса қажет. Қазақ арасыңда мүндай
дарынды адамдар өте көп болған, мысалы, Жамбыл кішкентайынан қолына домбыра
ұстап, есін білген кезден өлең шығарған, есейе келе алдымен ән айтып кейін
айтыстарға түсетін болған; Сол секілді кейбір деректерге сүйенсек Ақан сері
Қорамсаұлы да кішкене кезінен ән-күйге әуестеніп есейе келе сал-серілікке
берілген.
Тәрбие үрдісінде дарынды балаға басқалардан бөле-жарып қараудың
қажеті жоқ. Өйткені ол өзін басқалардан қабілеті жағынан ерекше болғанымен,
адам ретінде бірдей деп сезінуі керек. Ондай балалардың өнерінің дамуына
мән беріп, өз уақытында көмектесу мәселелерін әлеуметтік педагог өз мойнына
алады.
Мұндай ерекше қабілеттер — сурет, музыка, өлең жазу, қол өнері, ағаш
ұсталығы, тігін енері, зергерлік секілді басқа да кәсіп түрлеріне
байланысты болатыны белгілі. Демек, әлеуметтік педагог осыларды дер кезінде
байқап, өнерінін дамуына жағдай жасауы туралы мұғалімдер, мектеп
әкімшілігі, баланың ата-анасымен кеңесіп, жол көрсетеді.
Қандай дарын, қабілет болмасын, ол баланың бойында байқалғанымен,
өзінен-өзі дами алмайды. Оған ерекше жағдай жасау керек екені белгілі.
Сондықтан олардың белсеңді іс-өрекетін үйымдастыру, сол қабілетін оқуына,
өнерін жұмсап. өз мүмкіндігін дөлелдеуіне жағдай жасау аса маңызды.
Қабілетті не дарынды бала басқалардан және олардың өзі өзара бірінен бірі
ақыл-ойы, сана-сезімі, қабыл алуы, қызығу ауқымымен ерекшеленеді. Олардың
әр қайсысынын психологаялық ерекшеліктерін танып, дұрыс қарым-қатынас
жасау, және үнемі ақыл-кеңес беріп, бақылауға алу қажет.
Балалардың даму ерекшелігіне байланысты, мысалы, Батыс Еуропада,
Жапония мен Америкада психикалық кемшілігі бар, ақыл-есі жеткілікті
дамымаған балаларды жалпы білім беретін мектептерге қабыдамай, арнайы
мекгептерде оқытады ал ерекше қабілеті мен дарынды балаларды элитарлы(элита-
ерскше кабілетті, өзгеше балалар үшін, байлардың смес) мектсптерде
оқытады. Олардың оқу бағдарламасы балалардың қабілет ерекшеліктеріне
байланысты болашақ кәсібіне бағьпталады. Қазіргі кезде осындай сипаттағы
мектептер Қазақстанда да даму тапты. Мысалы, Жәутіков атындағы физика-
математика мектебі, К.Байсеиітова атындағы музыка мектебі, Кеңес Одағынан
бері қарай жұмыс істеп келе жаткан ерекше қабілетті балаларға арналған № 12
Алматы қалалық гуманитарлы пәндер мектебі, сурет өнеріне арналған өнер
мектебі секілділерді көптеп атауға болады. Қытай Халық Республикасында
мұндай балаларды арнайы жабдықталған, ірі калалардағы мектептерде оқытады,
оларда тіпті, медицина, инженер секілді техникаға қабілетті балаларға
арналған мектептер де бар [3].
Бұл мектептерде оқушылардың қабілеті мен қызығуына байланысты, оларды
дамыту және сол туралы кең мәліметтер беру үшін арнайы пәндерге сағатгар
басқаларына қарағанда көбірек бөлінеді. Тіпті кейбір мектептерде жекелеген
балаларға арналған даралап оқыту бағдарламасымен де жұмыс істеуге жағдай
жасалған.
Оқушының әрбірін және барлығын оқытуда, орта білім беру мен бөліп
оқытуда өте жақсы, кейбір пәндерді орта не болмаса төмен деңгейде өздестіру
кездеседі. Олардың ішінде кейбір пәнді жоғары дәрежеде іздестірсе, кейбір
пәнге мүлде қызықпайтыны байқалады. Демек, жақсы оқушы кызығып, жақсы
меңгерген пәнді тереңдетіп оқыту, кеңінен мәлімет беру, сол бойынша оқуын
ары қарай жалғастыруға, белгілі кәсіп иесі болуға бағыт беруі керек.
Белгілі ғалым Н.И Пирогов "Школа и жизнь" деген мақаласында "мектепте
көптеген балалар түсінігі нашар, зейінсіз адам секіді болып оқиды, ал кейін
келе солардың ішінен кейбірлері жоғары нәтижелерге жетіп, ұстаздарынан асып
түседі" деген. Мысалға, Эйнштейн мектепте математиканы мүлде нашар
меңгерген, ал кейін ол әлемді аузына қаратқан физик, математик болып
шыққан. Дарынды И.Ньютон мектеп те де, жоғары оқу орнында да қабілетсіз
оқушы болған, ал Менделеев орташа оқыған, Н.Гоголь мектепте шығарманы "3"
деген бағадан артық жазбаған. Мұндай мысалдар өмірде көптеп кездеседі. Бұл
мектептегі оқыту жүйесі мен ұстаздарға ойлану керек екенін, әлеуметтік
педагогтарға ерекше іскер болуы керек деген талаптарды қояды. Қазіргі біз
пайдаланып жүрген шамшырақты алғаш жасаған Эдиссон "дарын - бұл бір пайыз
қабілет, тоқсан тоғыз пайыз еңбек" деген екен. Демек, дарын - бұл армай-
талмай, шаршамай, жалықпай еңбек етудің нәтижесі. Белгілі физиолог
И.П.Павлон жұмыс Істегендс тамақтануды да ұмытып, күн мен түнді ажыратпай,
отырған жерде бір сәт "мызғып" алып, қайтадан жігерленіп істейді екен.
Қазакстан Республикасының білім туралы заңында дарынды және қабілетті
оқушыларға арнайы жағдай жасау туралы айтылған.
Қазіргі кезде Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерден басқа,
гимназия, лицей, колледж, терендетіп оқыту мектептері, авторлық мектептер,
"балабақша — мектеп", "мектеп-ЖОО" деген кешенді және басқа да жеке меншік
мектептер бар. Бұлардағы мұғалімдер жаңа, даралап оқыту бағдарламасы және
оқу жоспарымен жұмыс істей бастады. Олар ізгілік, демократия,
дифференциалды, вариативті оқьпу ұстанымдарын қолданумен балаға бағытталған
оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын игілікті жүргізуде.
Сара Назарбаеваның қолдауымен Қазақстан "Бөбек" қоры және соның
аясында арнайы мектеп ашылып, онда "өзін тану" бағытында жұмыс істеуде.
Мұнда жетім балалармен қоса, жалпы дарынды, қабілетті балаларға, жас
буындарға көңіл бөлу, оларды оқытып-тәрбиелеу қарастырылған. Оның негізгі
міндеттерінің бірі — жас дарындарды ашу, әлемдегі балалармен байланыс
орнату, әлем елдерінін өнері, шығармашылығы, мәдениетімен таныстыру, соған
демеуші болу [4].
Сонымен, дарындылық, қабілет түсініктерін қарастыратын болсақ, дарындылық-
қабілеттің көрінісі, оны анықтағанда мына белгілерге сүйенген жөн:
- көп жағдайларда қабілеттің дамуы туа біткен ерекшеліктерге, нышандарға
байланысты;
- қабілеттер тек қозғалыс, даму үстінде жүріп отырады, яғни белгілі бір іс-
әрекет түрін орындауға мүмкіндік береді;
- қабілет адамның бойында қалыптасқан дағдыларға бірікпейді.
Дарындылық- бұл қабілеттердің шоғырлана көрінуі, адамның бір немесе бірнеше
әрекет түрлерінде басқа адамдармен салыстырғанда жоғары жетістіктерге жету
мүмкіндігін анықтайтын жүйелі, өмір сүру барысында дамитын психика қасиеті.
1869 жылы Гэлтон ерекше тапқырлық көрсеткен, ойы ұшқыр, креативті адамдарды
интеллекті деп атап кеткен.
Терман (1925) интеллект терминнің түсінігін ары қарай таралып, дарындылықты
интеллект коэффициенті негізінде сипаттап, сол арқылы интелекті тест арқылы
анықтады. Интеллектінің жоғары коэффициенті баланың есейгендігі
жетістіктерін болжауға мүмкіндік береді деген қағидасы қалыптасады.XX
ғасырдың 50 жылдарында интеллектіні анықтау тестіне деген таластар туды. Ол
тек шектелген академиялық көрсеткішті қана береді деді, ал индуктивті
ойлау, шешендік өнер, кең ауқымды қабылдау мен математикалық қабілеттер
назарға алынбайды деп сынады. Сыншылар тесттің басқа қабілеттерді қамти
алмайтындығын, бөлек фактілердің арасындағы байланысты аша алмай өзіндік
ойлау мен басқа да таланттарды көрсете алмайтындығын атап көрсетті.
Гильфорд (1950-1967) интеллектіге қарағанда өзгеше бірегейлік көрсететін
креативтілік терминін қолданды. Ол ақыл-ой әрекетінің үш өлшемді
моделімен жұмыс жасады. Бұндағы факторлар интеллектіні анықтау тестімен
өлшенбейтін еді (З).
Пассау (1955) дарындылықты қаңдай да бір саладан, ғылым, өнер, әлеуметтік
көзқарастардан үлкен нәтижелерге жету деп анықтады.
Сол уақытта (1955) дарындылыққа 51 анықтама берілді. 1971 жылы АҚШ-тың
Білім министрлігі (1972) анықтама қабылдады. Онда дарынды балалар деп
ерекше талантты және қандай да бір немесе бірнеше саладан жақсы жоғары
нәтижелер көрсете алған балаларды атады. Оның интеллектуалдық мүмкіндіктері
академиялық жетік білімі, креативтік ойлау, лидерлік қасиеті,
көркемөнерпаздық қабілеттері психологиялық мүмкіндіктері жатады.
1983 жылы Танненбаум дарындылықты анықтаушы 5 факторды атады. Жалпы
интеллектуалдық мүмкіндіктер; бір мамандыққа деген мүмкіндіктері,
интеллектуалдық емес факторлар, қоршаған орта жағдайы мен кездейсоқтық.
Ересектердің дарындылығын зерттеу негізінде Рензулли (1986) үштік моделін
ұсынады бұнда орташа жоғары, қабілеттілік, бір пәнге тақырыпқа
шоғырлануы, креативтілігі, креативті тұлғаның ерекше белгісін қарастырған
зерттеулер дарындылыққа елеулі үлес қосты.
Пассау (1988) мен Тонненбаум (1983) дарындыларды-мәдениетті таратушы, жасап
шығарушылар деп атады. Дарындылыққа абстрактілік қабілет, дивергенттік
тәсілмен проблеманы креативті түрде шешу мүмкіндігін жасады.Гетцельс
креативті деп - проблеманың шешімімен қатар оны іздеу де қызықтыратын
адамды санайды.
Гилфорд креативті тұлғаны зерттеу кезеңінде айналмалы жолмен өзі проблеманы
тауып алатын адам деп сипаттады.
Штернберг пен Дэвидсон 1986 жылы өз жұмыстарында біз дарындылықты ойлап
таппаймыз және ашпаймыз да деген қағиданы ұсынады.
Өзінің қажеттігіне орай әр қоғам дарындылықты өзінше анықтайды және оны
түсіну уақыт пен орналасқан мекеніне орай өзгеріп отырады.
Пассау мен Танненбаум (1988) дарындылықты анықтау тек оны ашумен
шектелмейді, сонымен қатар даму жолына, қолдау, мадақтауға әкеледі.Фельдман
(1986) дарындылықты қоршаған орта факторларына тәуелді интеллектуалды,
эмоционалды елеулі кездейсоқ шоғырлану дейді.
Дарындылық - интерактивті жүйе ретінде
Дарындылық - баланың жеке әлемі мен оны қоршаған орта арасындағы өзара
байланысты ықпал жүйесі. Қоршаған орта балаға тән қабілеттерді (интеллект,
креативтілік, талант) оятып, дамытады. Осы арқылы баланың Мені беки
түсіп, соның арқасында тәуекелге бел буады және бір нәрсеге қатысуға
белсенділік пайда болады, қажырлық, шыдамдылық, табандылықтың арқасында
жетістікке жетеді.
Мектептен тыс уақытта дарынды балалардың хоббиі негізінен 36%-ы кітап оқу
болған: ғылыми фантастика, оқиғалар, ғылыми әдебиеттер, энциклопедиялар,
өмірбаяндар. Содан соң достары, ғылыми, энциклопедтер, модельдеу немесе
ұсақ-түйек бұйымдар жасау, шахмат, телевизор мен радио және спорт пен
өнермен шұғылдану (әсіресе кіші жастағы балаларға) басқа балалар сияқты 10
жасқа дейінгі балалар бір нәрсені коллекциялауды хобби ретінде әсіресе
пошталық маркерлерді жинауды ұнатады екен. 25%- ға жуығы достармен
кездесуді қалайды. Тек 10%-ы ғана спортты сүймейді екен, себебі бұлар күшті
емес болғандықтан және ата-аналары спортты маңызды деп санамағандар
қатарынан болғандықтан.
Білім бастауы ретінде 5-6 жастағы балалар –тәжірибе десе, 7-8 жасар балалар
ата-ана үйі деп есептейді. 10 жастан бастап, дербес балалалар білім бастауы
деп - оқу (36%), отбасы (25%), теледидар (10%), бақылау мен тәжірибе (6%)
деп санаған. Тек 23%-ғы балалар ғана білім бастауыш - мектеп деп санайды.
Ал, оқыған немесе теледидар көргенді ұнатасың ба? - деген сұраққа 47%-ы
теледидар көргенді жөн деп санайды екен, ал 39%-ы оқыған, 14%-ы екеуін де
ұнатпаған.
Бүгінгі күні 10 жастағы үлкен әрі екінші дарынды бала ең сүйікті ісің не
деген сұраққа интернет деп жауап береді. Теледидарға көп көңіл бөлінетіні
белгілі, себебі оларға кітап оқудан гөрі теледидар алдында көңіл көтере
алады және де телевизор ойлануды қажет етпейді, ал кітапты ойланбай оқып,
түсіну мүмкін емес. Тағы бір ескеретіні теледидарды көру үшін, олар арнайы
уақыт бөлінбейді дейді. Ал, кітап оқу кәдімгідей уақытты талап етеді.
Көптеген дарынды балалар өздерінің әлеуметтік мүмкіндіктеріне көп сене
бермейді. Себебі олар әлеуметтік істерге көп қызықпайтындықтан, ал
кейбіреулерінің тәжірибелерінің аздығынан қызығушылық таныта бермейді.
Дарынды балаларды көбісі ұнатпайды, тіпті кейде оқшау қалып қалады. Элен
Виннердің пікірінше, интеллект коэффициент саны 160-тан асқан балалар жай
балалардың ортасынан дос таба алмайды, тіпті достары болмайды. Интеллект
коэффициенті жоғарылаған сайын бала да оқшау жеке қалып қоя береді. Біздің
ойымызша, бұлай емес. Ия, соңғы жылдары дарынды балалардың ортасында
көптеген оқшау қалған балалар көптеп кездесетін болды. Бірақ, олардың
себептері әртүрлі болып келеді. Қоғамның мақсатталған бағыттары, себебі
компьютер алдында интернетке саяхат ұзақ уақытты өткізеді және көбінесе ата-
аналардың жеке дербес үлгілері, тәрбиесі болып саналады. Бірақ біз оларға
эмоцияларын дамыту, рухани кемелденуге тәрбиелеу және әлеуметтік
қалыптасуына көмектесуге тиіспіз. Сонда олар жай балаладан өздерін артық
санамай қайта оларға шын ықылас білдіріп дос болар еді.
Мұнда мұғалімдер мен ата-аналарға экскурсия, танымдық топ саяхаттар т.б
ұйымдастыру арқылы баланы әлеуметтік мәртебесін мойындаған күйге жетуге
көмектесер еді.
Дарынды балалардың проблемасы олардың дарындылығынан емес, қайта олардың
әлсіз жақтарынан пайда болады. Сол себепті әлсіз жақтарын жою арқылы оның
проблемасы да шешіледі.
Философиялық және энциклопедиялық сөздіктерде "талант" ұғымының 2 түрлі
мағынасы берілген.
1) талант - дарындылықтың қандай да бір саладан жоғары дәрежеде көрініс
беруі, ерекше қабілеттілік түрі.
2) талант - (салмақ-таразы) - ең ірі (үлкен) өлшемді және ақша санау.
Ежелгі Греция, Египет, Вавилон, Персте және Кіші Азия жерлерінде қолданыс
тапқан.
Ежелгі дәуірде данышпан, яғни гений латын тілінен genus-рухани, жан-
қолданушы ұстаз, пайғамбар, әулие деген мағынаны білдірген.
Жын-пері (әзәзіл) ежелгі грек мифологиясы мен наным-сенімінде - адамның
алдына қойған мақсаты мен ниетінің орындауына немесе (кедергі болатын
қорғаушы) себін тигізетін немесе кедергі жасайтын рухани иесі. Яғни
данышпан мен жын-пері терминдері барабар десек болады.
Кейінірек гении-ді жақсы немесе жаман мейірімді немесе мейірімсіз рух
ретінде қарастырып, оны адам мен құдай арасына қойып, адамдар тағдырына
әсер ететін ерекше күш иесі деген.
Шынында да, адамзат тарихында көптеген мейірімді және мейірімсіз генийлер
бар. Мысалы миллиондаған адам өмірін өзінің саясатқа қатысты шешімін
орындау үшін қиған мейірімсіз генийлер-Нерон, И.Грозный, Гитлер, В.И.
Сталин жәнет.б.
Ежелгі заман философтары - Аристотель, Гераклит, Гиппократ, Демокрит,
Пифагор, Платон, Сократ кейіннен А.Баумгартен, И.Кант және т.б. адамдардың
жеке даралық өзгешеліктерін жақсы түсіне білген. Мәселен, Платон: ақын өз
білімі немесе өнерінен емес, құдайдан берген қасиет деген. Демокритте осы
көзқараста болған. Ертеректе философтардың пікірінше, данышпандық тек өнер
саласынан ғана өрнек табады деп білген. И.Канттың ойынша, гений - тек өнер
саласында ғана болатын дарындылықтың жоғары көрсеткіші деп есептеген. Бірақ
бұл пікірді теріске шығарғандар да табылды. Аристотель көркемдік
шығармашылық пен интелектілік танымдық әрекеттің арасындағы байланысты
көрсете отырып, ақыл-ой пайымдаушылығының әрекеті деген термин енгізді.
Неміс психологы Фреберстің ойынша, ең белсенді ерік-жігер де, тіпті
сезімталдықта дарындылықты құрамайды; гений үшін ақыл-ой сана маңызды.
И.Канттың пікірінше, гений оқуды талап етпейтін адамдар олар өз бетінше
шындыққа, жақсылыққа жол табады, ал талант - бұл үлкен жұмыс деген. Әлі
күнге дейін педагогикалық тәжірибеде мынадай кері түсінік бар, талант-өзі
көрініс тауып, шыңға жетеді деген.Келесі кезеңде ХІV-ХVІ ғ.ғ.
дарындылықты, талант, кемеңгерлікгі зерттеудегі қайта өрлеу кезеңі деп
аталады. Мұнда идеалистік көзқарастардың материалистік көзқарасқа өзгеруі,
талантты адамды - құдай адамы ретінде қарамай, шығармашылық белсенді
субьект деп таныды.Атақты философ Д.Дидро: кемеңгер адамдардың біреуіне
ғана аспаннан сарайдың есігі ашылады. Мұнда негізгі ой дарындылық
табиғаттан берілсе де, оның көрініс табуы, шарықтауы оның қоршаған
ортасына, алған біліміне байланысты.Дарындылықты ең алғаш проблема ретінде
қарастырып зерттеген Испанияның дәрігері Ч.Уарте. Оның зерттеулері
дифференциалды психология ғылымындағы алғашқы толық бағыт десе болады.
Уарте осы проблеманы шешу барысында алдына мынадай мәселелер қойды:
- адам табиғатынан бір ғылым саласынан қабілетті бола тұрып, басқа
салалардан қабілетсіз;
- адамзатта дарындылықтың тағы қандай түрлері болуы мүмкін?
- қандай да бір дарындылыққа қандай ғылым мен өнер сәйкес келеді;
- дарындылықтың бейнелерін, нышандарын қалай білуге болады? Орыс философы
В.Тредиаковскйй Поэзия аспаннан түседі десе, М.Ломоносов Әр адам ақын
бола алады дейді.
Осындай көп талас-тартыстар дарындылықты зерттеуге әкеледі. Бұл 3 кезең
XVII ғасырдағы ғылымның түрленуіне сәйкес келеді. Сонымен, кемеңгерлікті
құдай мен адамның бірлігі түсініскен, уақыт өте келе биологиялық ықпалы
(тұқым қуалаушылық) мен әлеуметтік (орта) ықпалы ретінде қарастырады.
Бұл өз негізінде XVIII-XIX ғ. ортасындағы Ағарту кезеңінде көрініс табады.
Дарындылық термині дар сөзінен яғни орысша сый, құдайдың берген сыйы
десе, ағылшынша да giftedness сөзіндегі gift - сый деген мағынаны
білдіреді.
Көрнекті чех педагогы, педагогиканың негізін салушылардың бірі -Я.А.
Каменский өзінің атақты Ұлы Дидактика еңбегінде: егер адам өзінің
табиғаттан берілген тума қасиеттері, қабілеттіктеріне орай кәсіппен
шұғылданғанда, академиялық оқу істері алға жетіп, ұтымды жүрер еді-дейді.
Себебі, әр адам табиғатынан музыкант, бірі ақын, шешен, физик сонымен қатар
дәрігер, заңгер болып туады деген.
Джон Локк өзінің философиялық Опыт о человеческом труде еңбегінде:
- "туа берілетін идеялар жоқ, таным әрекеті тәжірибе мен тәжірибе негізінде
қалыптасады;
- адам миы ең алғаш таза тақта сияқты;
- адам сезімінде бұрын болмаған нәрсе, сезінбеген нәрсе адам миында болмақ
емес" дейді.
Джон Лок балалардың тума қасиеттерін қабылдамаса да жеке дара қабілетті
балаларды оқыту керектігін мойындаған. Жан-Жак Руссо керісінше,
дарындылықты табиғаттан дей келе, дарынды балалар дамуында тәрбие кедергі
келтірмеуі керектігін айтады. Балаларға олардың қызығушылығы мен
бейімділіктеріне толық еркіндік беру керек деді. Бұл жерде қызығушылық
пен бейімділік деген терминдерді түсіндіре кетсек, қызығушылық қандай да
бір пәнге, зейінді болуы.
Ал бейімділік болса қандай да бір салада әрекет жасай алуы. Ал Ж.Руссоның
пікірінше, білімді сіз арқылы емес, өзі танып, тиісті ғылымды оқып емес,
өзі оймен тауып, өзі шығарсын
Адольф Дистервегте өзінің педагогикалық теорияларында Я.А. Коменский, Ж.Ж.
Руссо, Г.Песталоци, И.Гербарт және т.б. сияқты мәдени сәйкестілік принципін
ұстанады. Бала тәрбиесі тек табиғаттан емес, сонымен қатар сол уақьгг пен
елдің мәдениетінің деңгейіне байланысты деген, яғни Дисгервег қабілет пен
дарындылықты қоршаған ортаға байланысты қалыптасады дейді.
Гельвеций Ақыл-ой туралы трактатында талант пен оның жоғары көрсеткіші –
данышпандық тұқым қуалаушылыққа еш қатысы жоқ, адам өзінің қоғамда өмір
бойы алған білімі мен тәрбиесі арқасында ие болады.
Қазіргі кезде дарындылықтың 100-ден аса анықтамасы бар. Бүгінгі таңда
психологтар дарындылықтың дамуының сипаты, сапалы өзгешелігі, деңгейі-бұл
әрқашанда тұқымқуалаушылық пен әлеуметтік ортаның күрделі өзара қатынасының
нәтижесі екендігін мойындайды. Дарындылық белгілері - бұл баланың шынайы іс-
әрекетінде көрініп, бақылау арқылы бағаланатын ерекшеліктер.
Сонымен бірге, бала дарындылығы туралы оның мінезінің екі аспектісі ретінде
- инструменталды және мотивациялы - қалаймын және шамам жетеді деген
категориялар негізінде, бірлігінде қарастырған дұрыс. Біріншісін, әрекет
тәсілдері, екіншісі - шындықтың қандай да бір жағына қатынасын сипаттайды.
Отандық педагогика мен психологияда ерекше жаңа шешімдерге әкелетін
шығармашылық термині кең қолданылған. Шетел психологиясында
шығармашылықтың қалыптасуына ықпал ететін тұлғалық және ойлау қасиеттеріның
жиынтығы креативтілік терминімен белгілі.
Шығармашылық психологиясында креативтілік атауымен белгілі болған бағытты
Э.Г.Юдин, С.М.Бернштейн, А.Л.Лук, Дж.Тилфорд, С.Медник, В.Смит, К.Тейлор,
Е.Торренс, Н.В.Кипиани, А.М.Магюшкин және тағы басқа ғалымдар зерттеді[5].
Сонымен дарындылық - балаға білім берудегі туа біткен алғырлық
қасиеттерінің тәрбие жүйесіндегі әдіс-тәсілдермен бірлесе келіп, жеке
тұлғаны қалыптасуында ықпал етуінің нәтижелі көрінісі.
Қысқасы, дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін
бүгінгі күні қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда
әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен
еңбек етеді.
М.Әлімбаев жырлағандай қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне
өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып терген бай, асыл қазынасы мол
тәжірибесімен тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған. Жас жеткіншектердің
бойындағы қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-
бағдар бере білу ерекше қиын іс. Әр баланың жеке қабілетін анықтап оның сол
бағытқа жетелеу – ұстаз парызы.
Бала дарындылығы деп, оның өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда
білім алуды басқалардан аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілеттерін
көріну деп түсінеміз. Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше
жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ұйымдастырудағы басты міндет
балалардың қабілеттері мен таланттарын жан жақты аша түсу үшін,
дарындылықтың ерекшеліктерін айқындалумен болып табылады. Дарынды
балалардын мынадай ұстанымдары тұжырымдалады:
1) Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет
аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2) Дамытушылыққа ықпал ете отырып, баланың псиологиялық кедергілерін жоюға
мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3) Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу.
4) Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде
ғана емес, сондай-ақ оның болашағы даму мүмкіндігінде есепке ала отырып
бағалау.
Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттеріннің жеке жақсы дамуының
жоғарғы сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы
жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қасиеттердін өзіндік бірлесу:
оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген адамдардың ойынша дарындылық
қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді деген болатын
[6].
Ертеде адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға
өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекеленген адамдардың табиғи
ерекшелігімен оларда ерекше табиғи қабілеттерінің болуы құдіретті күшті
құдайдың жаратқаны деп есептеген. Жалпы дарындылықтын танылуына байланысты
екі көзқарас бар:
1) барлық балалар дарынды болып табылмайды;
2) дарынды балалар өте сирек кездеседі.
Бұл мәселе туралы психологтар мынадай тұжырым жасайды: әлеуетті дарындылық
іс-әрекеттің бірнеше түрімен айналысатын балаларға тән, мұндай балалар аз
емес.
Балалар өздерінің дарындылықтарын іс-әректтердің түрлері түрінде көрсете
алады. Сонымен қатар іс-әрекеттің бір түрінде дарындылықтын әртүрлі
аспектілері көрінуі мүмкін. Балалар ерте кезден бастан-ақ белгілі бір іс-
әрекетке қабілеттілік байқалады (сурет салады, билейді, өлең айтады,
белгілі бір музыкалық құралда ойынайды, мүсін салады т.б)
Бірақ бұл қабілетті қалыптастырып жүйелі дамытып отырмаса ол қасиет жас
өскен сайын бірте- бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектін болашақ кәсіби
өмірде бағыт бағдар бере алмайды.
Қабілеттілік – адамның жеке басына тән белгілі бір тәсілді шешудегі
шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі.
Дарындылық ұғымының мәнін түсінуде маңызды болып табылатын қабілет
түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атайық.
Қабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік.
Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
Қабілет барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған
қандайда бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара
ептілік.
Қабілет – нақты адамға топталған білім,ептілік және дағдылардан оқшау,
қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Дарынды балалардың есте сақтау қабілеті, зейіні күшті болып келеді. Оқыту
үрдіснде ерікті жане еріксіз есте сақтау әдістері оқу материалының екі
түріне сөз жүзіндегі және көрнекі түрінде дұрыс қалыптасқан.
Психологтар дарындылықтың белгілерін екі аспектіге бөліп қарауды ұсынды:
инструменталды және мативациялы:
біріншісі, қызметтің тәсілін білдіреді, екіншісі, бала шындықтың және
өзінің іс – әрекетіннің түрлі қырынан қандай көзқараспен қарайды, оларға
деген қарым-қатынасының қандай екенін білдіреді. Американдық ғалымдар
дарынды бала мәселесі жөніндегі тәжірибелік бақылауларға сүйене отырып,
өзара байланысты үш белгігі ерекше көңіл аударды; танымның жоғары деңгейде
дамуы, психикалық деңгейде дамуы, психикалық даму, физикалық мәліметтер.
Дарынды бала жайында айтылған сипаттамаларды байланыстыра келе, дарынды
баланың қарапайым балалардан еркше болып келетін белгілерін қарастырамыз.
Дарындылықтың сыртқы көріністері әр түрлі интеллектуалдық және жеке
тұлғаның қабілеттерінде түрліше көрінеді [7].
Дарынды балаларға берілетін білімнің теориялық жақтары, құбылыстарды
түсіндіру байланыстарды анықтау едәуір тереңдетілген және істі меңгере
алатындай етіп, әрбір баланың ақыл-ойын пайдаланатындай жан-жақты дамуы
үшін белсенді оқуды ұйымдастырған жөн. Оқу материалын жақсы меңгеру және
шығармашылық қабілет-дарындылықтың айқын белгілері. Сұрақ қоя білу,
тапқырлық, кітаппен жұмыс, құбылысты бақылауы, таңдау, болжам құруға
талпыну сияқты біліктері қалыптасады. Дарынды балаларға тән тағы бір
ерекшелік – ойдың айқындығы, яғни күрделі мәселелерді айқын сөздермен оны
бір - бірінен шығатын етіп, тиісті жүйелермен көрсете білуі.
Дарынды баланың біліктер жүйесі

Кітаппен, оқулықпен жұмыс жасау а) кітаппен, оқулықпен жұмыс істеу
білігі ә) бағалай білу
Құбылысты бағалау білігі а) бақылау нысанын талдау
ә) бақылау жұргізу
б) бақыланып отырған құбылысты дәл
сиппаттау
Құбылысты талдау білігі а) құбылыстарды, заттарды салыстыру,
бекіту;
ә) құбылыстарды құрамды бөліктерге
жіктеу, құбылысты ойша біріктіру
Болжам құру білігі (жауаптың басқа а) болжам құруға талпыну
нұсқасын іздеуі) ә) мәліметтерді тексеру және таңдау
Оқу-тәрбиелік шараларды құру, А ) есеп, шығарма, мазмұндама, өтірік
біліктері түріндегі материалдарды өлең, ертегі т.б жазу
жалпылау білігі ә) материалдарды таңдау, тұжырым
жасау
б) оқу-тәрбиелік шаралады құру
біліктері
в) тәрбиелік шараға қатысу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды және талантты балаларды оқыту ерекшеліктері
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Кіші мектеп оқушысының психологиясында дарындылығының көрінуі
Дарындылық туралы жалпы түсінік
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері
Жоғары сынып оқушыларының оқу үрдісінде өздігінен білім ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын қабілетті интеллектуалды шығармашыл тұлға қалыптастыру
Пәндер