Сарғалдақ және оның түрлері



Ж О С П А Р

I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ТАРАУ.САРҒАЛДАҚ ТҰҚЫМЖАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1.САРҒАЛДАҚ ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
1.2.САРҒАЛДАҚ ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
2 ТАРАУ.САРҒАЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ
2.1.ТЕГЕУРІНГҮЛ ТУЫСЫ
2.2 У ҚОРҒАСЫН ТУЫСЫ
2.3.МАРАЛ ОТЫ ТУЫСЫ
2.4САРҒАЛДАҚТАР ТУЫСЫ

III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе.
Гүлді өсімдіктер тіршілік ететін ортасына қарай алуан түрлі болады. Кейде көз жіберіп қарасақ, орман, тоғай шалғындық, шөлді - құмды жерлерде өсіп тұрған таңғажайып өсімдіктер әлемі көзге ілігеді. Олардың бір-бірінен біршама айырмашылықтары мен ерекшеліктері болса да, табиғат пен адам өмірінде маңызы өте зор. Өсімдіктер ғаламшардың кез келген жерлеріне
таралып, тіршілік үшін негізгі рөл атқарады. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес, себебі бүкіл тіршілікке қажетті органикалық зат өсімдіктен түзіледі. Табиғаттағы тағамдық, техникалық, мал азықты, дәрілік қасиеттері бар сан алуан өсімдіктердің өзі табиғи байлықтың негізгі қорын құрайды. Сондықтан да бұларды өндірісте, тамақ өнеркәсібінде ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен пайдаланатын өнеркәсіп салалары өте көп.Тақырыптың өзектілігі сарғалдақ тұқымдас гүллдердің басқа гүлдер ішінде алатын өзіндік орнынан көрінеді
Өсімдіктерді танып - білуде ғалым - ботаниктердің ғылыми еңбектерінің маңызы зор болды. Әсіресе, өсімдіктерді өсіруде К.А. Тимирязевтің ғылыми зерттеулері үлкен рөл атқарды. Сондай-ақ Д. Н. Прянишников, Н. И. Вавилов, И. В. Мичурин өсімдіктерді дамыту туралы өте көп еңбек сіңірді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.Табиғатта гүлді өсімдіктердің сан алуан түрлері кездеседі. Олардың әр түрлілігін ретке келтіру үшін ботаниктер жеке түрлерді топтарға біріктірді. Сөйтіп, өсімдіктерді жіктеу мен жүйелеуді зерттеуге баса назар аударылды. Ағзаларды топтастыра жіктеуді жүйелеу деп атайды. Зерттеудің негізінде жіктеу арқылы түрге жүйеленеді. Бір - бірімен туыстық тегі, құрылысы жөнінен өзара жақын түрлер - туысқа, ал жақын туыстар тұқымдасқа біріктіріледі.
Бір - бірімен туыстығы жақын тұқымдастар қатар деп аталатын ірі топқа, қатарлар бұдан ірі топ - класс және кластар бөліміне біріктіріледі.
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1.Сәтімбеков Р.,Әлімқұлова Р.Қызықты биология.Таймас баспа үйі.Алматы,2006. 39- бет.
2.Оқушының анықтамалығы(1-4 сынып).Алматы кітап,2007,533-бет.
3.Сиқымбаев Ә.Қазығұрт тауының өсімдіктері(диссертациялық жұмыс),2001,80-91 беттер.
4.Қазақстан өсімдіктері энциклопедиясы.Қызғалдақ тұқымдастар.Алматы,2004,234-248 беттер.
5.Исаев Е.,Оңтүстік Қазақстан облысының өсімдіктері.Шымкент,1999,165-176 беттер

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
САРҒАЛДАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Ж О С П А Р

I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ТАРАУ.САРҒАЛДАҚ ТҰҚЫМЖАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1.САРҒАЛДАҚ ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
1.2.САРҒАЛДАҚ ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
2 ТАРАУ.САРҒАЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ
2.1.ТЕГЕУРІНГҮЛ ТУЫСЫ
2.2 У ҚОРҒАСЫН ТУЫСЫ
2.3.МАРАЛ ОТЫ ТУЫСЫ
2.4САРҒАЛДАҚТАР ТУЫСЫ

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе.
Гүлді өсімдіктер тіршілік ететін ортасына қарай алуан түрлі болады.
Кейде көз жіберіп қарасақ, орман, тоғай шалғындық, шөлді - құмды жерлерде
өсіп тұрған таңғажайып өсімдіктер әлемі көзге ілігеді. Олардың бір-
бірінен біршама айырмашылықтары мен ерекшеліктері болса да, табиғат пен
адам өмірінде маңызы өте зор. Өсімдіктер ғаламшардың кез келген
жерлеріне
таралып, тіршілік үшін негізгі рөл атқарады. Өсімдіксіз жер бетінде
тіршіліктің болуы мүмкін емес, себебі бүкіл тіршілікке қажетті органикалық
зат өсімдіктен түзіледі. Табиғаттағы тағамдық, техникалық, мал
азықты, дәрілік қасиеттері бар сан алуан өсімдіктердің өзі
табиғи байлықтың негізгі қорын құрайды. Сондықтан да бұларды өндірісте,
тамақ өнеркәсібінде ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен
пайдаланатын өнеркәсіп салалары өте көп.Тақырыптың өзектілігі сарғалдақ
тұқымдас гүллдердің басқа гүлдер ішінде алатын өзіндік орнынан көрінеді
Өсімдіктерді танып - білуде ғалым - ботаниктердің ғылыми
еңбектерінің маңызы зор болды. Әсіресе, өсімдіктерді өсіруде К.А.
Тимирязевтің ғылыми зерттеулері үлкен рөл атқарды. Сондай-ақ Д. Н.
Прянишников, Н. И. Вавилов, И. В. Мичурин өсімдіктерді дамыту туралы
өте көп еңбек сіңірді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.Табиғатта гүлді өсімдіктердің сан
алуан түрлері кездеседі. Олардың әр түрлілігін ретке келтіру үшін
ботаниктер жеке түрлерді топтарға біріктірді. Сөйтіп, өсімдіктерді
жіктеу мен жүйелеуді зерттеуге баса назар аударылды. Ағзаларды
топтастыра жіктеуді жүйелеу деп атайды. Зерттеудің негізінде жіктеу
арқылы түрге жүйеленеді. Бір - бірімен туыстық тегі, құрылысы
жөнінен өзара жақын түрлер - туысқа, ал жақын туыстар тұқымдасқа
біріктіріледі.
Бір - бірімен туыстығы жақын тұқымдастар қатар деп аталатын
ірі топқа, қатарлар бұдан ірі топ - класс және кластар
бөліміне біріктіріледі.
Өсімдік жүйесі жетік болу үшін белгілі бір жүйе
ішіндегі топтардың ұқсастығы мен айырмашылығына қарай 1-2 немесе бұдан
да көп тармаққа топтап, жіктейді. Мысалы, өсімдіктер әлемі: бөлім-бөлім
тармағына, класс тармағына, тұқымдас-тұқымдас тармағына, туыс-туыс
тармағына, түр тармағына жіктеледі. Негізгі өсімдік жүйесі: бөлім,
қатар, тұқымдас, туыс, түр. Ал жүйелік көрсеткішінің ең ірісі - бөлім,
ең кішісі - түр.
Өсімдіктердің әрқайсысы туысы мен түріне қарай қос атпен
аталуы кездеседі. Мысалы, жапырақты алабота, жасыл алабота, жатаған
сарғалдақ, күйдіргі сарғалдақ, т.б. Әрбір тұқымдастар белгілі бір класқа
біріктіріледі. Гүлді өсімдіктер екі класқа бөлінеді: қос
жарнақтылар және дара жарнақтылар класы. Өсімдіктер әлемін
жүйелеп жіктеу, міне, осылай жүзеге асырылады.

I тарау. Сарғалдақтар тұқымдасына жалпы сипаттама.
Бұл тұқымдаста 2 мыңдай түр бар (45 туыс). Олардың көпшілігі қоңыржай
және салқын климатты аймақтарда кеңінен таралған өсімдіктер, кейбір түрлері
тропикада өседі. Сарғалтақ гүлділер көп жағдайда, әсіресе ылғалы мол
шалғындықтарда орманда өсімдіктер жабының негізгі компонентерінің бірі.
Негізгі өмірлік формасы - көпжылдық шөптесін
өсімдіктер, олар тамырсабақ және түйнек түрінде жердің астында қыстап
шығады, сиректеу кішігірім бұталар немесе лианалар.

1.1. Сарғалдақтар тұқымдасының морфологиялық құрылысы.
Жапырақтарының жапырақ серігі болмайды, олар қарапайым тілімделген
немесе терең қалақша тәрізді тілімделген (лопастные) болып
келеді, сабаққа кезектесіп немесе қарама - қарсы орналасады. Гүлдері алуан
түрлі циклді, гемициклді, циклді; актиноморфты және зигоморфты, гүл
серігі немесе қосарланған; гиенецейі апокарпты немесе ценокарпты.
Гүлдерінің алуан түрлілігі осы тұқымдасқа біріктерілген туыстардың,
әволюциялық дамудың әртүрлі сатысында тұрғандығымен тікелей байланысты.
Сонымен бір туыстарының гүлдерінің құрылысы
жемістілерге тән қарапайым: гүл серігі қарапайым,
гүлінің компоненттерінің саны өлшеусіз көп, спиралдың бойымен орналасқан,
тәтті шырыны (нектарнигі) жоқ (сарғалдақ -Trolius, желайдар -
Аnemone,); екінші біреулерінің гүлдерінің құрылысында нaсекомдармен
қолдануға бейімделуіне байланысты жоғарғы
деңгейде белгілері байқалады. Мысалы, шөмішгүл (водосбор –
Aquilega , тeгeурін гүл - живокость -Delphinium), гүл серігі
зигоморпты (у қорғасын - борец -Aconitum, теурінгүл - живокость -
Delphinium), кейбір туыстары желмен тозаңдануға
гүлдің құрлысының белгілері маңызды рөл атқарады.
Жемістері көп жағдайда құрама - таптамалардың жиынтығынан
(сборная листовка), жаңғақшалардың жиынтығы немесе қарапайым
маманданған, шамасы екінші рет болса керек, - гүл серігі
редукцияға ұшыраған (маралоты - василистник - Тhalctru).
Сондықтанда, туыстарды анықтағанда жидек тәрізді болып келеді.
Сарғалдақ гүлділердің бойында көп жағдайда улы
заттар болады, сондықтанда оларды мал жемейді. Пішенге орылатын
шалғындарда және жайылымдарда олар қажет емес компоненттердің
бірі болып табылады. Бұлар- негізінен сәндік және дәрілік өсімдіктер.
Тұқым - тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі. Жемістің
ішіндегі орналасқандықтан жемістің бір бөлігі деп есптеуге болады.
өсімдіктер қос жарнақтылар және дара жарнақтылар деп екіге
бөлінеді. Тұқым тұқым қабығынан (қауызы), ұрықтан, эндоспременен және тұқым
кіндігінен тұрады.
Тұқым қабығы қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы
тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өңдеуден, зақымданудан
шіруден сақтайды.
Ұрық алғашқы тамыршадан, алғашқы сабақшадан және
бүршікшеден тұрады.
Эндосперм дәнектің едәуір бөлігін алып жатыр.
Эндосперм клеткаларында крахмал, белок, май заттары жиналады.
Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген
ұрық бар. Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір
жарнақ орналасады. Жарнағында қорекің заттар қоры болмайды.
Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы тұқым өнген кезде эндосперімдегі
қоректік заттарды ерітетін зат бөледі.
Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады.
Тұқым өну үшін алдын ала су, жарық, физиологиалық белсенді заттар
және оған ауаның температурасы қолайлы болуы қажет, сонымен қатар
тыныштық керек.
Тұқым төмендегідей қызмет атқарды:
- өсімдіктің жаңаруы (тұқыммен көбею):
- өсшдіктердің қолайсыз жағдайда тіршілік етуі;
- қоректік қор затын жинау;
- өсімдіктердің таралуы (жел, жануар, бунақденелілер, су т.б.).
Тұқымшаның тыныштық кезеңі. Тұқымдарды іле - шала өнбей, ұзақ
бұйығу (тыныштықта) кезеңінде болып, шағымданған да ұзақ жылдар (40
-60 жыл) сақтайтындар (ағаш өсімдіктері, орманда өсетін шөп тектестер
арамшөптер және т.б.).
Тұқымдардың бұйығыу кезеңі түрліше. Ұрығы толық жетілмесе, әбден
жетілу үшін бұйығу кезеңінде көшеді. Тұқым қауызы қатайып,
суды өткізбейді, газды нашар өткізеді бұйығу кезеңінің тұқымдар үшін
басты маңызы қатты болатын аудандарда мезгілсіз өніп кетуден сақтайды.
Бұндай тұқымдарда тыныс алу, зат алмасу, ұрығының дұрыс
дамып жетілу түсу процестері өте баяу жүреді.
Тыныштық кезеңі қысқартудың жасанды әдісін төмендегідей айырады.
- Стратипикация (тоңазу кезеңі). Ауыл шаруашылығында (тәжірбиесінде)
тұқымдарды төмен температурада сақтап себу әдісі бойыншатоңазу
кезеңінен өткізу үшін тұқымдарды күзде жәшікке
салынған ылғал құмға орналастырып көктемге дейін жәшікті топырақа
көміп қояды.
- Скарификация тұқымның сыртындағы қауызы өте қалың, тығыз,
су өткізбейтін болса, қабығын ептеп құру, жұқарту, ірі
құммен ысқылау немесе қайнаған суға салып алу шараларын қолданады.

1.2.Сарғалдақтар тұқымдасының химиялық құрамы.
Көмірсулар екі типті крахмал дәндерінен (ірі пластидті
және ұсақ рсондриосомды крахмалдан) тұрады;
- Белоктар - эластикалық - созылғыш белок топтары;
- Майлар - эндосперімі болатын май топтар, белок пен көмірсулар сияқты
ұрықтың өзінде болуы.
Сонымен қатар тұқымда күлді әлементтер, клетчатка,
витаминдер, ферменттер болады, олардың негізгі қызметі - қор заттарын
ұрықтың жеңіл сіңіруіне айналдыру.

ІІ тарау. Сарғалдақтар тұқымдасының өкілдері.
2.1. Тегеурінгүл туысы.
Тегеурінгүл туысы (живокость - Оеірһіпішп) 200 - дей түрі бар.
Бұрынғы одақтас республикалардың ішінде 80- дей, ал Қазақстанда 28
түрі бар. Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер, жапырақтары азды -
көпті тілімделген болып келеді. Гүлдері зигоморфты, гүл серігі 5 мүшелі,
тостағанша жапырақшалары күлте жапырақшаларына ұқсас, оның үстінгісі
түп – тұсынан қуыс жартылай гүл тепкісіне ұқсас созылған болып келеді.
Жапырақшаларының саны 1-3, олар гүл шырынына айналып
өткен. Олардың біреуі ұзарып гүл тепкісіне (шпорцке) айналған және ол
тостағанша жапырақшаның тепкісінің ішіне еніп жатады. Аталықтары көп
болады, ал аналықтарының саны әр түрлі. Бір түрінде аналықтарының саны
екеуден болса, ал екіншілерінде ол 3-5 дейін болады. Бір аналығы бар
түрлері ерекше сокирки деп аталынатын туысқа біріктірілген. Бұрынғы
одақтас республикалардың территориасында ең кең таралған өкілдерінің
бірі сокиркиі, ол жаздық және күздік дақылдардың арам

2.2. У қорғасын туысы.
У қорғасын туысы. (борец - Aconitum). Туыстың кұрамында 60 - тай
түрі бар. Олар солтүстік ендікте, әсіресе, таудың күн түсетін
беткейлеріндегі шалғындарда, бұталардың араларында жиі кездеседі.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 50 - дей, ал
Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Бұлар көп жылдық өсімдіктср, тамыры
жалпақ тор секілді. Гүлді зигоморфты, шашақ гүл шоғырына жиналған.
Тостағаншасының саны 5, олар ашық - көктүске боялған күлте жапырақшалар
тәрізді болады, оның үстінгісі үлғайып өсіп, бүркіттің томағасы тәрізді
формаға келеді (шпель), ал астыңғы екеуі көп жағдайда тең болмайды. Күлте
жапырақшаларының саны 5-8 (көбіне 8), бірақ оның тек жоғарғы екеуі ғана
жетіледі және олар үлкен тәтті шырынға (нектарник) айналады. Тәтті шырындар
тостағанша жапырақшаның үстіңгі томаға тәрізді ұлғайған бөлігінің ішінде
орналасады, ал қалғандары азды - көпті редукцияға ұшыраған.
Аталықтарының саны көп, аналықтарының саны 3 - 7 - ге дейін
болады. Жемістері таптамалардың жиынтығынан
тұрады. Өсімдіктің бойында өте улы аканитин алкалойды болады. Кейде -
оларды дәрілік немесе сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады.
Бұрынғы одақтас республикалардың (еуропалық бөлігінің) флорасында көп
жағдайда жұп ауыз у қорғасыны (A.lasicostomum) және Флерова аканиті
(A.flerovii) кездеседі, ал бақтарда көпжағдайда дәрілік у
қорғасыны (А.napellus) өсіріледі. Қазақстандағы кең таралған түрі -
ақауыз у қорғасыны (A.lasicostomum).

2.3.Маралоты туысы.

Еуропада, Азияда, Африкада және Солтүстік Америкада кең таралған 60-
тай түрі бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 19 түрі, ал
Қазақстанда 8 түрі өседі. Қазақстанда кең таралған өкілдерінің бірі
-шөмішгүл жапырақты маралоты (василистннк водосборолистный – Тһ.
Aquilegiafolium) ол биікгігі 1 м - дей болатын көпжылдық шөптесін әсімдік.

2.4.Сарғалдақтар туысы
Сарғалдақтар туысының (лютик - Thalictrum). 600 - дей түрі бар.
Бұлардың көпшілігі өте кең таралған және ылғалы мол жерлердің өсімдіктер
жабынында, ылғалы мол жайылмаларда, батпақтарда және т.б. жерлерде доминант
болып саналады. Сарғалдақтың түрлері барлық континенттерде кездеседі.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 180-дей, ал Қазақстанда 57
түрі бар. Олардың ішіндегі ең кең таралғандары күйдіргі сарғалдақ (лютик
едикий – R.acris) сарғылт сарғалдақ (лютик золотистый –R.auricomus) улы
сарғалдақ (Лютик ядовитый – R.sceletarus) және басқалар. Барлық түрлері
негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу біржылдық, барлық уақытта
дерлік улы деп айтуға болады.
Ашық құндыз шөп.
Қазақстанда кездесетін 6 түрдің ішіндегі ең солтүстікте кездесетіні -
орманды дала, және дал зонасына тән. Құрғақ далада, сирек қарағайлы
ормандарда және орман алаңқайларында республиканың батыс шекарасынан бастап
Шығыстың аласа тауларында, Алтай және Тарбағатайда кездеседі. Шөптесін
көпжылдық көп бұтақталған тамырсабақты, сабағы онша биік емес (15 см - ге
дейін). Ол жеміс бергеннен соң үш есеге дейін үлкейеді. Төменгі жапырақтары
ұзын қалемшелі, күрделі саусақ - салалы, гүлдеген соң түгелдей бұрылып
кетеді.
Кейінгі жапырақтар (сабақтағы) көп мөлшерге кішірейген
және жиылған (тысталған), иілген ұзын түкті жіңішке
бөліктерге бөлінген. Әрі жалғыздан ашылған кезде қоңырауға ұқсас, кейін
барынша ашылады.
Гүл серігінің жапырақшалары үлкен, ұзындығы 4 см - ге
дейін. Аталықтары мен
аналықтарының саны көп, жемісі жіңішке ұзын (5 см - ге дейін) бағаналы,
қою жібек тәрізді түкті, ашық құндыз шөп ерте көктемде гүлдейді, тамыздың
аяғынан мамырға дейін. Жемісі мамыр - маусым айларында жетіледі.
Құндызшөп өсіп тұрған ортасында гүлдегенде де, жеміс берген
кезінде ерекше көзге түседі, әсіресе жібектей жұмсақ, иілген күйінде
қалғып тұрған тәрізді болып көрінеді.
Өсімдіктің құрамындағы улы заттар адам организімін сал
ауруына әкелш, кеиде өлімге әкеліп соқтырған. Осыған қарамастан ашық
құндыз шөп өкпе, ревматизм, бел ауруларына және басқа да ауруларды
емдеуде кеңінен қолданылады. Жапырақтан алынған шырынмен күйікті
емдейді, тамырын кесіп алынған бөлігін, түрлі ісіктерді емдеуге
пайдаланылады. Сәндік мақсатта бұл түр непзше тастақты бақтарды
безендіру үшін қолайлы.

Көктем жанаргүлі.
Қазақстанда өсетін 8 түрдің ішіндегі ең әдемі және сирек-
қездесетіні. Ол далада және бұга шіліктерінде дала зонасының
солтүстік бөлігін және орманды далада сирек Алтайдың аласа тауларында
кездеседі. Бұл көпжылдық өсімдік , онша биік емес, жуан да
қысқа тамырсабақты, бірнеше гүлдеген сабақтан онша үлкен емес түбір
құрады. 20 см - ге дейінгі биіктікте. Төменгі жағындағы
жапырақтары қабыршақ тәрізді, қошқыл түсті, сабақ жапырақтары
жіңішке сызықты бөліктерге тілінген. Гүлдері үлкен диаметірі 4,5 см -
ге дейін, ашық - сары, көбінше жалғыздан болады. Тостағанша жапырақшалары
жіңішке, жасылдау, саны көп (20 - ға дейін), күлтелері үлкен, жазыңқы,
ұш жағы өзіне тән ұсақ кетіктелген. жемісшелері жұмыртқа тәрізді
тығыздала жиналып бас құрайды. Ерте гүлдейді (сәуір-мамыр
айларьшда). Бұл өсімдік бұрыннан халықтық медицинада жүрек
ауруына қарсы қолданылған. Гүлдеу мерзімінде жиналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Сарғалдақтар, балдыршөптер, сужұлдыздар тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері»
САРҒАЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер
Сүттігеннен улану белгілері
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Арамшөптер және күресу шаралары
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану жайында
Түр және түр түзілу процесі
Топырақтарыда солтүстікке қарай
Сарсазан өсімдік зиянкестері үшін улы өсімдік
Пәндер