Microsoft PowerPoint программасы



ЖОСПАР
Microsoft PowerPoint программасы 2
1. Презентациялар құру 2
1.1 PowerPoint программасын іске қосу 2
1.2 Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру 3
1.3 Шаблондар көмегімен және бос презентация құру 4
1.4 Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу 5
1.5 PowerPoint программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері 8
1.6 Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері 9
2. Презентацияларды безендіру 9
2.1 PowerPoint программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру 9
2.2 Слайдтарды безендіру элементтері 10
2.3 Түрлі түстер схемасы 10
2.4 Фондық түстерді өзгерту 11
2.5 Құю тәсілдерін таңдау 12
Қорытынды 14
Әдебиеттер тізімі 15
Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы, презентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға арналған слайдтарға, қағазға үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентация дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің салтанатты ашылуы т.с.с. әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

1.1 PowerPoint программасын іске қосу
PowerPoint программасын тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылған бос менюдің Программалар – Microsoft PowеrPoint қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.
Менің компьютерім немесе сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Office бумасындағы Microsoft PowerPoint жарлығын тышқанды екі рет шерту арқылы да іске асыруға болады.
PowerPoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады.
Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум, Исаев. С.Ә, Мұхамади А.Н. Ахметова O.С., II-бөлім, Алматы, 2002.
2. POWER POINT программасын пайдалану, Алматы, 1999.

ЖОСПАР
Microsoft PowerPoint программасы 2
1. Презентациялар құру 2
1.1 PowerPoint программасын іске қосу 2
1.2 Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру 3
1.3 Шаблондар көмегімен және бос презентация құру 4
1.4 Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу 5
1.5 PowerPoint программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері 8
1.6 Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері 9
2. Презентацияларды безендіру 9
2.1 PowerPoint программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы
безендіру 9
2.2 Слайдтарды безендіру элементтері 10
2.3 Түрлі түстер схемасы 10
2.4 Фондық түстерді өзгерту 11
2.5 Құю тәсілдерін таңдау 12
Қорытынды 14
Әдебиеттер тізімі 15

Microsoft PowerPoint программасы

1. Презентациялар құру

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы, презентациялық
материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және
35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға арналған слайдтарға, қағазға үлестірілетін
материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын
презентация дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft PowerPoint
программасында баяндама немесе мекеменің салтанатты ашылуы т.с.с. әртүрлі
материалдарды оның дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерін
пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

1.1 PowerPoint программасын іске қосу

PowerPoint программасын тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын
шерткенде ашылған бос менюдің Программалар – Microsoft PowеrPoint қатарында
тышқанды шерту арқылы іске қосылады.
Менің компьютерім немесе сілтеуіш программасының терезесінде С
дискісінде сақталған Microsoft Office бумасындағы Microsoft PowerPoint
жарлығын тышқанды екі рет шерту арқылы да іске асыруға болады.
PowerPoint программасы іске қосылған мезетте презентация
құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін
беретін сұқбат терезе ашылады.

2.1-сурет.

1.2 Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру

Презентация құру кезінде автомазмұн шебері таңдалса, жаңа проезентация,
белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп
сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде
сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны
автоматты түрде жасалады.
Автомазмұн шебері көмегімен :
Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
Қызмет бабы бойынша баяндамалар;
Мекеменің жұмыс істеу жөнінде мағлұмат;
Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есептер;
Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала
дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра
аламыз. Microsoft PowerPoint программасы іске қосылғаннан кейін пайда
болған сұхбат терезеде - Автомазмұн шеберінің ішінен - өрісін таңдағанда
Автомазмұн шебері іске қосылады, оған сәйкес мына терезе ашылады:

2.2-сурет. Автомазмұн шебері терезесі.

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп,
арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн
шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл –
Құру командасын орындап, ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі
бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісін шерту жеткілікті.

1.3 Шаблондар көмегімен және бос презентация құру

PowerPoint программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері
көмегінен басқа тағы екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі
алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі
ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып,
одан кейін көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір
ерекшелігі осы екі жағдай да, құрылған презентацияны, алдын ала безендіру
элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.
PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар
шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды
пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып
құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат
терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар.
Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары,
Презентациялар, Web-парақтар астарлы беттерінен тұратын, Презентация құру
сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде Файл – құру командасын
орындағаннан кейін де ашылады Сұқбат терезенің оң жақ шетінде үш батырма
көмегімен презентациялар тізімінің ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер
және кесте түрінде көруге болады.
Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған
таза презентация құру әрекетін:
PowerPoint программасын іске косу мезетінде экранда пайда болған сұқбат
терезенің Құру өрісіндегі Жаңа презентация опциясын таңдау арқылы;
Файл – Құру командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Жалпы астарлы
бетінде Жаңа презентация шарт белгісін таңдау арқылы;
Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру батырмасында тышқанды шерту
арқылы орындауға болады. Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда слайд
құру сұқбат терезесі ашылады.
Презентация слайдтарынқұрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін
Слайд құрусұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады.
PowerPoint программасында слайдтар белгіленуінің 24-түрлі варианты бар.
Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттігін таңдаған соң, тышқанның сол жақ
батырмасын таңдаған варианттың үстіне әкеліп екі рет шертеміз.

2.3-сурет. Слайд құру сұхбат терезесі

1.4 Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу

Шаблон көмегімен немесе бос презентация құру командалары орындалған соң,
Слайд құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін,
графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз.
Қажетті схеманы таңдап ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда
болады. Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент
енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы, Слайдтың жоғары жағындағы өріс
аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с. Бастапқы
уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

2.4-сурет. Слайд құру сұхбат терезесі

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді
енгізген соң, олардың қаріп түрін, т.б. өзгертуге яғни форматтауға болады.
Форматталатын мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Формат – Қаріп командасын
орындағанда ашылған сұқбат терезеде, немесе форматтау тақтасындағы
батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Форматтау әрекетін өріс
ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды
шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз.
Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы.
Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы
стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте
тышқанды шертеміз де Формат – Таңба (Маркер) командасын орындаймыз.
Таңбалар сұқбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ,
бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез келгенін таңдап, ОК
батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.
Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі
жолға таңба қойылады. Бос таңбадан кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба
өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшелеген
соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған
тізім батырмасын шертеміз.
Сондай-ақ, слайдқа кесте, сурет, диаграмма, сурет сияқты объектілерді
слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет
шерту арқылы енгізе аламыз.
Енгізу – Сурет – командасын орындап:
Картинкалар –Microsoft Clip Gallery объектілерін;
Файлдан – файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді;
Автофигуралар - әртүрлі автофигуралар;
Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма, WordArt объектілерін, сканерден
көшірме, Microsoft Word кестесін енгізу мүмкіндігі бар.
Енгізу – Объект командасын орындап ашылған сұқбат терезеде қажетті
типін таңдау арқылы объект енгізуге болады. Мысалы, слайдқа Microsoft Excel
кітабының бір парағын орналастыруға болады. Слайдқа Excel программасында
құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізуге де болады. Ол
үшін Excel программасында қажетті диаграмманы ерекшелеп, Түзету – Көшіру
командасын орындау арқылы, буферге аламыз. PowerPoint программасына
оралып, Түзету – Енгізу немесе жанама менюдегі Енгізу командасын
орындаймыз.
Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы программасының
көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар. Енгізу – Диаграмма
командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса,
диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы
диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте
экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда болады. Меню қатарындағы
командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға
болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар мен
бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғары бұрышта тышқанды
шертеміз. Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті
мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма – Диаграмманың типі
командасын орындап, диаграмманың типін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
PowerPoint программасына жалпы сипаттама
Microsoft Power Point программасы
Microsoft PowerPoint программасы туралы түсінік
Microsoft PowerPoint программасы Презентациялар құру
Слайдтар режимі
Microsoft excel электронды кестелердi өңдеу бағдарламасы
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
Мультимедиялық технологиялар
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары. Үлкен қолданбалы бағдарламалар
Презентация құру (слайдттар)
Пәндер