Өндіріс қалдықтарының тірі ағзаларға әсері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

:
: КІРІСПЕ . . .
: 6
: 1.
: ЖАЛПЫ БӨЛІМ. ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ . . .
: 9
: 1. 1
: Өндіріс қалдықтар және олардың жіктелуі, өндірістік орындарының және өндірістік шаң-тозаңдарының атмосфераны ластауы, өндіріс қалдықтарының тірі ағзаларға әсері . . .
: 9
: 1. 1. 1
: Өндіріс қалдықтары және олардың жіктелуі . . .
: 9
: 1. 1. 2
: Атмосфераның өндірістік орындарымен және өндірістік шаң-тозаңдарымен ластануы . . .
: 13
: 1. 1. 3
: Өндіріс қалдықтарының тірі ағзаларға әсері . . .
: 18
: 1. 2
: Жамбыл облысының ірі өндіріс орындары және олардың қоршаған ортаға әсері . . .
: 21
: 1. 2. 1
: Жамбыл облысына және өндіріс орындарына сипаттама . . .
: 21
: 1. 2. 2
: Жамбыл облысының бүгіінгі экологиялық жағдайы . . .
: 23
: 1. 2. 3
: Жамбыл облысының өндірістік орындармен ластануы . . .
: 30
: 1. 3
: Аз қалдықты және ресурстарды үнемдеуші технологияны дамытудың негізгі бағыттары, өндіріс қалдықтарын жою, өңдеу және пайдалану жолдары . . .
: 33
: 1. 3. 1
: Аз қалдықты және ресурстарды үнемдеуші технологияны дамытудың негізгі бағыттары . . .
: 33
: 1. 3. 2
: Өндіріс қалдықтарын жою, өңдеу және пайдалану жолдары . . .
: 35
: 2.
: ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ. ТАРАЗ ҚАЛАСЫ «ҚАНТ» АҚ ЖӘНЕ «ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР» ААҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ АТМОСФЕРАҒА ӘСЕРІ.
: 39
: 2. 1
: «Қант» АҚ және «Қосалқы бөлшектер» ААҚ кәсіпорынына сипаттама . . .
: 39
: 2. 1. 1
: «Қант» АҚ кәсіпорынына сипаттама . . .
: 39
: 2. 1. 2
: «Қосалқы бөлшектер» ААҚ кәсіпорынына сипаттама . . .
: 44
: 2. 2.
: Зерттеу әдістері . . .
: 48
: 2. 2. 1
: Атмосфералық ауаны зертханалық жолмен бақылау жолдары . . .
: 48
: 2. 2. 2
: Зерттеу мақсатында ауа сынамаларын алу әдістері . . .
: 49
: 2. 2. 3
: Ауадағы шаң-тозаңды анықтау әдістері . . .
: 51
: 2. 3
: «Қант» АҚ кәсіпорынының атмосфераны ластауы . . .
: 52
: 2. 3. 1
: Кәсіпорынның атмосфераны ластау дәрежесін зерттеу . . .
: 52
: 2. 3. 2
: Кәсіпорынның қауіптілік категориясын анықтау . . .
: 57
: 2. 4.
: «Қосымша бөлшектер» ААҚ өндірісінің атмосфераны ластауы . . .
: 59
: 2. 4. 1
: Кәсіпорынның атмосфераны ластау дәрежесін зерттеу . . .
: 59
: 2. 4. 2
: Кәсіпорын шығарындыларының тигізетін зиянын және қауіптілік категориясын анықтау . . .
: 62
: 2. 4. 3
: Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезіндегі шығарындыларды реттеу шаралары . . .
: 65
: 2. 5
: Тараз қаласы «Қант» АҚ және «Қосалқы бөлшектер» ААҚ кәсіпорындарының ауаны механикалық ластау дәрежеісін анықтау . . .
: 66
:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 72
:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
: 73

Кіріспе

Өндіріс орындарының күрт артуы кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі проблемаларының бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініксіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамумауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін.

Адамдар және олардың шаруашылық әрекеттері жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. т деңгейінде антропогендік заттар (СО 2 -ні есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т ластағыштар енгізіліп отырса, топыраққа түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. жетеді. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында топырақта жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығы антропогендік ландшафтқа айналған. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзі шөлдерінің барлығының шығу тегі де антропогендік.

Топырақты зиянды ластағыштардан қорғау адамның негізгі мақсаты, өйткені оның құрамындағы зиянды қоректік қосылыстар қоректік тізбек арқылы адам ағзасына түседі. Біріншіден, ластағыш заттар сумен шайылып ашық су көздері мен ыза суларына қосылады, ал ол суларды адам ауыз су ретінде және әр түрлі қажеттілігіне пайдаланады. Екіншіден, бұл ластағыштар топырақ ылғалы, грунт сулары мен ашық су көздерінен өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына түседі. Үшіншіден, зиянды қосылыстардың көбісі адам ұлпасы мен сүйегінде шоғырлану қауіпіне ие.

Зерттеулер көрсеткендей биосфераға жыл сайын 20 - 30 млрд. тонна қатты қалдықтар және 1 млрд. тоннаға жуық газды, аэрозольді ластағыштар түсуде. Сонымен қатар топырақты ластаушы негізгі көздер автркөліктер болып табылады. Бір автокөлік жүргенде атмосфераға, орташа есеппен, СО - 200 кг, NO - 60 кг, СН - 40 кг, SO 2 - 2 кг, Pb - 0, 5 кг, бензопирен - 2 кг шығарылады, сондықтан да автокөлік атмосфера мен топырақтың айтарлықтай бөлігінің ластануына себепші болады.

Қала - адамның колымен жасалған жасанды экожүйе болып табылады. Қала экожүйесінің ерекшелігі - халықтың бұрын болып көрмеген тығыздығы. Мұндағы адамды қоршаған ортаға шамадан тыс экологиялық салмақ түседі, себебі мұнда организмге әсер етуші факторлардың бәрі жасанды түрде өзгертілген - климат, ауа, су, микроклимат, құрылыстар және т. б. әсерінен ауаға шығарылатын әр түрлі ластықтар және жылу, су булары әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырайды. Ірі ғимараттар ауаның табиғи түрде алмасуын қиындатады, бұл әсіресе жазғы түндерде қаланың салқындауын баяулатады, әрі атмосфера тазалығын нашарлатады. Қалаларда орташа жылдық температура айналадағы қоршаған ортадан ең кем дегенде 1 градусқа артық болып келеді.

Қалаларда ауылдық жерге қарағанда тұмандар да жиірек кездеседі, ал тұман - ауаның қатты ластануының көрсеткіші. Қала ауасының улы газдар және т. б. заттармен өте жоғары дәрежеде ластануы себебінен қала тұрғындары арасында өкпе және жоғарғы тыныс жолдары ауруларымен ауыратын адамдар көбірек кездеседі. Қала ауасы күн сәулелерін нашар өткізеді, көбінесе УК сәулелерді ұстап қалады. Сондықтан қалада рахит /мешел/ ауруы да жиі кездеседі. Жаңбыр суы қалада жинақталмай тез ағып кеткенімен, топыраққа көп сіңе алмайды, себебі оған асфальт, бетон, тас құрылымдар бөгет жасайды. Сондықтан қала ішінде ағатын өзендер жиі тасып, грунт суларының деңгейі төмендейді. Канализациялық және өндірістік сулар қала өзендерін ластайды. Қала көшелерінен өзендерге ағып қосылатын жаңбыр, қар сулары NaCl - ас тұзымен ластанған болуы мүмкін, себебі қыста қала көшелеріне көптеп тұз себіледі; ал жанар, жағар майлар асфальттан жаңбыр суларымен жуылып, өзенді одан әрі ластайды.

Өндіріс орталығы болып табылатын ірі қалаларға тән бұл жағдай Тараз қаласында да экологтардың негізгі проблемаларының бірі.

Жамбыл облысының өндірістерінің жетекші салалары - тау-кен өндірісі, химия өндірісі болған. Бірақ экономикалық қыйындықтарға байланысты бұл салалардың мекемелері жұмыстарын толық тоқтату алдында. Соған қарамастан, жеке шаруашылықтар, кіші кәсіпорындар, әсіресе көліктердің көбеюі ауаның ластану дәрежесінің әлі де болса жоғары деңгейде болуына себеп болып отыр.

Жамбыл облысының 144, 6 мың шаршы км. территориясында 1, 04 млн. адам тұрады, оның 479, 6 мыңы - қала тұрғындары.

Соңғы уақыттарда антропогендік әсер деңгейі төмендегенімен облыста жалпы экологиялық жағдай әлі де жақсарды деуге болмайды. Облыс территориясының 15 %-і экологиялық жағдайы қолайсыз аймақта, ал 5 %-і экологиялық дағдарыс (кризистік аймақта) аймағында жатыр. Осы, 5 %-тік территория Шу, Талас, Аса өзендері бассейіндерімен қатар Тараз қаласына және оның маңайына тиісті жерлер болып отыр.

Облыс тұрғындарының басым көпшілігі тұратын Тараз қаласының ауасы қоршаған ортаның негізгі компоненті ретінде адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Қала ауасын негізгі ластаушы компоненттерге органикалық шаң-тозаң, күл, СО, NO, NO 2 , SO 2 жататыны анықталды [17] . Бұл жағдай ескірген қондырғылар мен технологиялар таза емес отын түрін жағу, жылыту жүесінің децентрализациялануы және шығарылатын ластықтарды бақылау жұмысының жеткіліксіз екендігі себебінен деп түсіну керек.

Жамбыл облысы өңірінің ластануы ұзақ уақыт бойы химия өндірісімен тікелей байланыстылығы мәселесі өз маңызын жойған жоқ. Бұл жағдайда қоршаған табиғи орта сапасын реттеу стратегиясының ең маңызды мәселесі - халық денсаулығына және биосфераға ең күшті әсерін тигізетін факторлар мен көздерді анықтайтын және осы әсерге көбірек ұшырайтын биосфера элеметтерінің анықтайтын жүйе ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Мұндай жүйеге қоршаған орта жағдайының антропогендік өзгерістерінің мониторингі жатады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Тараз қаласы өндіріс орындарының ауа ортасына тигізетін әсерін зерттеу.

Дипломдық жұмыстың алдына қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қабылданды:

1. Атмосфералық ауа ластануының проблемаларын ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы негіздеу;

2. Тараз қаласы «Қант» АҚ кәсіпорынының атмосфералық ауаға әсерін анықтау;

3. Тараз қаласы «Қосалқы бөлшектер» ААҚ кәсіпорынының атмосфералық ауаға әсерін анықтау;

4. Осы мекемелердің қауіптілік категориясын анықтау;

5. Тараз қаласы «Қант» АҚ және «Қосалқы бөлшектер» ААҚ мекемелерінің еңбек аймағындағы өндірістік шаң-тозаң мөлшерін анықтау және баға беру.

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі - ауасының ластану мөлшері қала тұрғындарына түсетін негізгі экологиялық салмақ болып табылады және олардың денсаулығына, жұмыс істеу қабілетіне, әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Қазіргі уақыттағы қала өндірісінің көтеріліп келе жатқандығына қоса шағын мекемелердің көбеюі, халықты газбен қамтамасыз етудің тұрақсызданып, тұрғындардың басқадай отын түрлерін пайдалана бастауы, көліктер санының көбеюі ауаның ластану дәрежесінің артуын туғызады. Сондықтан атмосфералық ауаның және өндіріс аймақтарының ауасының мониторингі қала экологиясының ажырамас бөлігі болып табылады және бұл мәселені қарастыру - адамдардың денсаулығын сақтауда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тақырыптың жаңалығы. Дипломдық жұмыста Тараз қаласы өндіріс орындарының, оның ішінде «Қант» АҚ және «Қосалқы бөлшектер» ААҚ өндіріс орындарының ластаушы көздері мен ластықтарының соңғы жылдардағы өзгерістері сипатталып талданған және қорытындыланған. Сонымен бірге, осы мекемелердің еңбек аймағындағы ауаны шаң-тозаңмен ластаудағы үлестері жеке анықталып, талданған.

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ. ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ

1. 1 Өндіріс қалдықтар және олардың жіктелуі, өндірістік орындарының және өндірістік шаң-тозаңдарының атмосфераны ластауы, өндіріс қалдықтарының тірі ағзаларға әсері

1. 1. 1 Өндіріс қалдықтары және олардың жіктелуі

Антропогендік ластанулар әр түрлі қоспалармен және сан алуандылық шығарынды көздерімен ерекшеленеді. Ластанудың жоғарғы концентрациясы адамның қарқынды тіршілік ететін мекендерде туындайды. Әр 10-12 жыл аралығында әлемдік өндірістік кәсіпорындар еселеніледі, соның салдарынан қоршаған ортаға шығарынды заттар мөлшері сол қарқында өсіп келеді.

Өндірістік ластанулардың шығу тегі бойынша механикалық, химиялық, физикалық және биологиялық болып жіктеледі [12] .

Механикалық ластанулар атмосфераның шаңдануымен, суда және топырақта қатты бөлшектер мен әр түрлі заттардың болуымен сипатталады.

Химиялық ластанулар атмосфераға, гидросфераға газ, сұйық, қатты химиялық қосылыстар және элементтер түрінде түсіп, қоршаған ортамен әрекеттеседі .

Физикалық ластануларға өндрістік қалдықтар түрінде энергиялардың түрлері: жылулық, механикалық (діріл, шу, ультрадыбыс), жарықтық (көрінетін, инфрақызыл және ультракүлгін), электромагниттік өрістер, барлық ионды сәулелер жатады .

Биологиялық ластануларға тірі табиғатқа және адамға зиянын тигізетін барлық организмдер жатады.

Ластанулар екі негізгі топқа: материалдық (химиялық) ластануларға және энергетикалық (физикалық) ластануларға бөлінеді (1-сурет) [12] .

Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл қалдықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жыюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр [3] .

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Төмендегі 2-ші суретте қалдықтардың жалпы табиғатына қарай жіктелуі берілген. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ертінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және бейорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіш (өртеуге болатын мен болмайтындар) жатады.

1-сурет

Қоршаған ортаның өндірістік орындарымен ластануының жіктелуі

Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі [3] .

Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша жер қойнауынан жыл сайын 100 млрд. тоннаға дейін руда, құрылыс материалдары, отын (4 млрд. т мұнай және газ, 2 млрд. т көмір) беткі қабатқа шығарылып отырылады, шамамен 92 млн. т минералды тыңайтқыштар мен 2 млн. т улы химикаттар пайдаланылып, олар да жер бетіне таралады. Атмосфераға 200 млн. тоннаның үстінде көміртек оксиді, 53 млн. тоннадай азот оксидтері, 50 млн. т көмірсутектері, 146 млн. т күкірттің диоксиді, 250 млн. т шаң газ тәрізді қалдық ретінде шығарылынылады. Ал су қоймаларына жыл сайын орта есеппен 32 млрд. м 3 тазаланбаған су, әлемдік мұхиттарға - 10 млн. т дейін мұнай тасталынылады. Осы жағдайларға байланысты қоршаған ортада пайда болған қолайсыз өзгерістер қайтымсыз түрге айналып отыр.

Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі топқа бөлінеді - өндіріс қалдықтарына және тұтыну қалдықтарына.

2-сурет.

Қалдықтардың жалпы жіктелуі.

Қалдықтар
:
:
: Тұрмыстық
Қалдықтар:
: Өнеркәсіптік
Ауылшаруашылық
:
Қалдықтар:
:
:
Қалдықтар:
:
: Газ тәрізді
Қалдықтар:
: Қатты
Сұйық
:
Қалдықтар:
:
:
Қалдықтар:
:
: Органикалық
Қалдықтар:
: Анорганикалық
:
Қалдықтар:
:
:
Қалдықтар:
:
: Зиянды
Қалдықтар:
: Зиянсыз
:
Қалдықтар:
:
:
Қалдықтар:
:
: Пайдаға асырылатын
Қалдықтар:
: Пайдаға асырылмайтын
:
Қалдықтар:
:
:
Қалдықтар:
:
:

Жанатын

қатты

Қалдықтар: Жанатын сұйық
:
Жанбайтын қатты
Жанбайтын сұйық

Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физикалық-химиялық жолмен өндегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақ-та өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын, өнімдер кіреді. Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндірісте, немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа тасталынылатын технологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттар да жатады [3] .

Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайында белгілі тәртіппен шығынға шығарылады, ал тұрмыста тасталынылады [5] .

Өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді.

Пайдаға асырылатындарға - өңдейтін технология болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларына шикізат, шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын қалдықтар жатады.

Тап осы кезеңде өңдеу жүргізетін технологияның болмағанына және алынған өнімдерге тұтынушының жоқтығына байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдануға тиімсіз қалдықтарды пайдаға асырылмайтындарға жатқызады.

Өндірісте шикізатты жер қойнауынан шығарғанда, оны физикалық-химиялық жолмен өңдегенде жанама немесе қоса шыққан өнімдер қалдықтарға жатпайды. Бұл өнімдерге мемлекеттік стандарт белгіленеді және баға қойылады [5] .

Қауірті қалдықтар деп құрамында зиянды заттектері бар, қауіпті қасиеттер (улылық, өртенетін және жарылатын қауіптілігі бар, жоғары радиоактивті) тән немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар, сонымен қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады [3] .

Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері олардың сапалық және сандық құрамына байланысты. Қалдықтардың химиялық құрамы әркелкі, себебі олар әр түрлі физикалық-химиялық қасиеттері бар күрделі поликомпонентті заттектердің қоспасынан тұрады. Осы қалдықтардың биосфераға тигізетін зияндылығы мен қауіптілігін сипаттайтын кейбір негізгі көрсеткіштер 3-ші суретте көрсетілген.

3-сурет. Зиянды және қауіпті қалдықтардың негізгі сипаттамалары

Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға (арнайы қалдықтарға) шамамен 600-дей заттар мен қосылыстар жатады. Олардың құрамына кіретіндер:

  • пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің қалдықтары;
  • радиоактивтік қалдықтар;
  • сынап және оның қосылыстары, сынапты термометрлер;
  • мышьяк және оның қосылыстары, құрамында мышьягі бар метталлургиялық өндіріс пен жылу электр станцияларының қалдықтары;
  • қорғасының қосылыстары, көбіне олар мұнай өңдейтін және бояу өндіретін кәсіпорындардың қалдықтарында болады;
  • пайдаланылмаған медикаменттер, улы химикаттар, бояулар, лактар, коррозияға қолданылатын заттар, синтетикалық желімдер, косметикалық заттар;
  • тұрмыстық химия құралдарының қалдықтары.

Егерде өндіріс қалдықтары кейбір зиянды заттектердің табиғи ортаға өтуіне себебін тигізетін болса, онда олардың осындай қабілеті артқан сайын қоршаған ортаға қатысты қауіптілігі де жоғарылап отырады (4-сурет) [3] .

4-ші сурет. Қалдықтардың экологиялық қауіптілігін жоғарылататын негізгі қасиеттері

Барлық өндіріс қалдықтары төрт қауіптілік класына бөлінеді: бірінші - айрықша (радиоактивті заттектер, бенз(а) пирен, диметилтиофосфат, қорғасын, сынап метал түрінде және олардың бейорганикалық қосындылары) ; екінші - жоғары қауіпті (метилмеркаптан, азот оксидтері, никель, марганец, күкіртті сутек, формальдегид, фторлы сутек) ; үшінші - орташа қауіпті (қаркүйе, күкіртті көміртек, метил спирті, темекі) ; төртінші - болымсыз қауіпті (аммиак, аммиакты-карбамидты тыңайтқыштар, боксидтер, темір оксидтері, әк тас) [6] .

1. 1. 2 Атмосфераның өндірістік орындарымен және өндірістік шаң-тозаңдарымен ластануы

Біздің дәуірімізге тән ерекшіліктердің бірі өнеркәсіп өндірісінің ғылыми - техникалық прогресі болып табылады. Өнеркәсіп мекемелері атмосфераны көмір сутектерімен, күкүртті көміртекпен, күкіртті ангидридпен, азот тотықтарымен, хлор және фтордың әр түрлі қоспаларымен, және т. б. ластықтармен ластайды. Зауыттар құбырынан шығатын шаң-тозаң құрамында марганец, хром, қорғасын, қалайы, кадмий, сынап және басқа металлдар жиі кездеседі [9] .

Жылу станцияларында электр энергисын өндіру күлдің, күенің, күкіртті қоспалардың және азот тотықтарының орасан зор мөлшерде атмосфераға қосылуына себеп болады [14] .

Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді [14] .

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттардың бірі - күкірттің қос тотығы (SO 2 ) коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауадағы ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады. Атмосфералық ауаның ластануы адам организміне тікелей әсер етеді, ал атмосфераның ластануы - жанама түрде климаттың өзгеруі арқылы, биосферадағы озон қабатының бұзылуымен, қышқылдық жауынмен әсер етеді [9] .

Атмосфералық ауа көптеген газ тәрізді заттардың қоспасы болып табылады. Ауаның негізгі массасын құрайтын азот және оттегі болып табылады. Бұлардан басқа онда көмір қышқыл газ, аргон, неон, гелий және т. б. газдар бар (1-кесте) [4] .

1 -кесте.

Атмосфералық ауа құрамы

№:
Газдар: Газдар
Мөлшері: Мөлшері
№: 1.
Газдар: Азот
Мөлшері: 78, 15
№: 2.
Газдар: Оттегі
Мөлшері: 20, 78
№: 3.
Газдар: Көміртегі оксиді
Мөлшері: 0, 03
№: 4.
Газдар: Инертті газдар
Мөлшері: 1- ге жуық

Оттегі атмосфералық ауаның ең маңызды құрам бөлігі. Оның ауадағы мөлшері тірі организмдердің тыныс алуы, жану, тотығу процесстерінің нәтижесінде азаюы мүмкін. Оттекті пайдаланумен қатар оған кері құбылыс - оттектің қалпына келуі де тоқтаусыз жүріп отырады. Ол негізінен өсімдіктер фотосинтезі нәтижесінде іске асады. Сондықтан оттегінің ауадағы мөлшері тұрақты деуге болады. Тірі организмдер үшін оттегінің ауадағы абсолюттік мөлшеріне қарағанда, оның парциалдық қосымы маңыздырақ болып табылады. Себебі оттегінің өкпе альвеоласындағы ауадан қанға өтіуі оның парциалдық қысымының айырмашылығы әсерінен ғана іске асады. Оттегінің парациалдық қысымы теңіз деңгейінен жоғарылаған сайын азая береді.

Оттегінің парациалдық қысымының төмендеуі адамдар мен жануарлардың оттегіге ашығуын туғызыды. Мұндай жағдайда ұлпалардағы тотығу процесі бұзылып, адамның жалпы көңіл-күйі нашарлап, тыныс алуы жиілейді [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластануы
“Қорғасынның адам денсаулығына зияны”
Радиация туралы
Радиациялық ластанудың көздері
Адам денсаулығы және радиация
Пестицидтерді сақтау, тарату және тасымалдаудың қауіпсіздік ережелері
Радиоактивті сәулелену
Қазақстандағы атмосфералық ауа ластануының мониторингі
Атмосфераның қасиеті
Радиациялық ластану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz