Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.
Сырттай оқу факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
Дипломдық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ:
Отбасы тәрбиесінің мектепке дейінгілерді әлеуметтендіру үрдісіндегі
ықпалы
Орындаған:
050103 Педагогика және психология
үш жылдық жеделдетілген мамандығының
3 курс студенті
Тұрғанова Ә. М.
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы :
Бижанова Ғ.Қ.
Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі Ахметова П.А.
АРҚАЛЫҚ-2009
Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Отбасы
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Отбасының бала тәрбиесіндегі
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
1.2.Мектепке дейінгі бала

... 25
ІІ. Әлеуметтендіру
үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..28
2.1. Әлеуметтену үрдісінің отбасына
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 35
2.2. Әлеуметтендіру үрдісінің мектепке дейінгі балаларға әсері
... ... ... ... ... .. 42
ІІІ. Отбасындағы балалардың әлеуметтенуін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... .. 49
3.1.Балалардың әлеуметтену үрдісіне қатысын анықтауға қажет әдістер
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 73
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 74
Кіріспе
Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп - өркендеуіне өз
үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу-мемлекетіміз үшін
Қазақстан -2030 стратегиясы анықтап берген және республиканың ғылым мен
білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі. Осы жолдауда
негізгі жетекші күш- адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі.
Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін
өсіру қажет, өркениетті жағдайлар жасау керек.
Қоғам үнемі даму үстінде. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың даму
деңгейі мен тыныс-тіршілігі әр алуан. Қазақта адам ұрпағымен мың жасайды
дейді.Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев: Біздің жас
мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік,
денсаулығы мықты өкілдері болады дейді.[2;13]. Елбасымыз қазақ елінің
азаматтары Орталақ Азия барысына айналады, дамушы елдерге үлгі болады,
дамыған елдер қатарына қосылып, әлемдік биік дәрежеге жетеміз деп
жастарымызды асқақ сезіммен алға тартып, оларға үнемі үлкен сенім
білдіреді.
Тақырыптың өзектілігі: Отан отбасынан басталады . Дамыған 50
мемлекеттің құрамына енеміз десек қазақ отбасына , ондағы талім-
тарбиеге көңіл бөлуіміз қажет. Мемлекеттің болашағы-жас ұрпақ. Сол
жас ұрпаққа тәлім- тәрбие беретін отбасы. Қазіргі отбасындағы талім-
тәрбие психологиясы қоғамды алаңдататын проблема. Қазақстан
Республикасының Білім беру Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш
рет Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамды
қоғамдық дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Бүгінгі күннің
өзекті мәселесі саналы да, салауатты ұрпақ тәрбиесі.Ендеше,отбасы мен
Отанымыз, қоғамымыз боп бала тәрбиесіне үлес қоссақ қана бүгінгі елдің
ертеңгі болашағы жастарымызды дұрыс тағылыммен тәрбиелей аларымыз қақ.
Отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаларға қамқорлық
көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге
қажет деген сенімін қалыптастыру маңыздылығынан жұмысымыздың бүгінгі
күнгі өзектілігі туындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: қоғамымыздағы балалардың орнын,
қабілеттері мен әлеуметтенуін жан-жақты аша түсу, олардың жанұядағы
ерекшеліктерін анықтау және балалар психикасын қалыптастыру жолдарын
айқындау болып табылады. Қазіргі замандағы отбасы түрлері, отбасындағы
бала тәрбиесі, отбасы тәрбиесіндегі кейбір қиыншылықтар мен
қателіктердің түрлері, ата-аналардың педагогиклық- психологиялық
мәдениетін қалыптастыру.
Негізгі идеясы: Қазіргі заманғы отбасындағы балаларды
тәрбиелеу процесіндегі әлеуметтендіру үрдісін жетілдірудің негізгі
жолдарын анықтау.
Міндеттері:
1. Әлеуметтену ұғымы және баланың әлеуметтенуін зерттеудің теориялық
негіздеріне талдау жасау.
2. Мектепке дейінгі балаға тән даму ерекшеліктерін анықтау.
3.Балалардың әлеуметтенуінің әр түрлі әдіс-тәсілдерін зерттей отырып,
қоғамда бала психикасын қалыптастыру жолдарын қарастыру.
4.Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып
зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу пәні: Әлеуметтену үрдісі.
Зерттеу обьектісі: мектепке дейінгі баланың отбасындағы тәрбиесі
Дипломдық жұмыстың болжамы: Егер баланың қоғамдағы орнын,
әлеуметтенуін ескеріп, отбасында тиімдіде, жан-жақты жұмыс жүргізіліп,
басты назарға алынып отырса, баланың тәрбиесіне, оның дамуына, өмірден алар
орнын табуға байланысты іс шаралар Қазақстан жастарын болашаққа бағыттауда
тиімді нәтиже береді деп топшылаймыз.
Зерттеу базасы:отбасындағы және балалар үйіндегі мектепке
дейінгі балалар.
Дипломдық тәжірибеде: баланың қоғамдық орнын анықтауға тырыстық.
Әдістемелер, диогностикалар, сұрақнамалар жүргізіп қортындылап анализ
жасадық. Сол қорытынды нәтижесі бойынша диограмма жасадық.
Зерттеу әдістері: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау
жасап, отбасындағы балалардың қоғамдық орнын анықтауға арналған әдістемелер
арқылы эксперимент жасадық, сұрақнама, тест, диогностикалар, салыстыру,
әңгімелесу, бақылау, математикалық сандық әдістер қолдандық және ой қорыту
жасадық.
Жұмысыма теориялық негіз болған: Қ.Жарықбаев Психология, Алматы
1993 жыл, Н.С.Лейтес Возрастная психология М 2001 г, Б.Н.Теплов
психология, Москва 1985г, Сәбеп Бап-Баба Жалпы психология, Алматы 2005
жыл. т.б.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі
бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
І.Отбасы тәрбиесі
Қоғамда отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы
қадамдарын жасайтын бастапқы адым, ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы
түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын
қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты
арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар
беріледі.
Қазіргі нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай
адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық
бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана
мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып
отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану.
Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-
әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін,
ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық
отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардыңөміріне жаңа
әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің
төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне “өзінше” қиындық әкелді.
Қоғам дамыған сайын отбасындағы бала саны азайып келеді. Аз балалы
отбасында, негізінен бір баласы бар отбасында, ішкі отбасылық тәрбиенің ең
басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі
қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-
ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып,
оның эгоистік жақтарының басым болуы.
Отбасы тәрбиесінің проблемасы – ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы.
Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік
ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және
педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық
құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда
бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен
дамудың маңыздылығы кемиді.
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке
адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты
отбасылар пайда бола бастады. Мұндай отбасында тәрбие белгілі бір
проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасындағы бала балалық ұжымдардан
алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген
жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Отбасының жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен
болуы да) отбасы жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп
отбасы әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл
проблемаларды жеңуге тырысу.
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті
ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас
Ассамблеясы қабылдаған “Бала құқығы туралы конвенция” маңызды негізгі
құжат. “Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы
қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан
кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек”, - деп жазылған Конвенцияда.
Конвенция баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын
жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің
дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ
баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана “баланың мақсат-
мүддесі үшін қажетін” орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс:
ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім
алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында
“мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер
арқылы жүргізілуі тиіс” деп, ерекше аталып кеткен.
Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған
Конвенция, “Бала құқығының декларациясы”; “Адам құқықтарының жалпы
декларациясы” және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР
Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдағы
тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР
Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
1. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және
міндеті.
2. Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет
қамқорлығының аясында.
3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз
ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Консититуциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің
құқықтық принциптері “Неке және отбасы туралы” заңда (17. 12. 1998 ж.)
нақтыланған. Онда қазіргі заманғы отбасы құқығының бір некелік, некеге
тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың
отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл
құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең
демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесі, оның құқығын
және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: “Баланың өз ата-анасы
тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты
дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар”. Бала ата-ана
билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде
қарастырылады.
ҚР “Білім беру туралы” заңында (07. 06. 2007ж.) елдегі білім беру-
тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша
көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-
аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманныңталабына сай зиялы білім
алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және басқа құқық өкілдері
балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар
жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және
адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда,
Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие үрдісін жүзеге асыратын
дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, отбасының дамуына кепіл
беретін және отбасы өмірінің, отбасы ұжымындағы өзара байданыстың терең
демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.
Қоғамдық отбасының тәрбиесі өмір салты, оның барлық құрылымдық
элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері
ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар.
Отбасындағы тәрбиенің субъектілері – ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат,
міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін
негіз – іс-әрекет. Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет
болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасындағы тәрбиеніңмаңыздылығы ата-ананың
басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын,
эстетикалық, т.б.) балаларды араластыру.
Оқушының отбасында орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы.
Баланың отбасындағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық
үрдістің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы
ролін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала
тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың
отбасындағы араласатын іс-әрекетініңалуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие
құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың
белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім
әсерлері негізіндегі бір біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-
әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді.Ата-ана мен баланың ара
қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып,
отбасының даму мүмкіндіктері. Үйдегі ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала
арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық үрдістің
тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп,
көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген
қатысына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-
ананың өзінің бұрыңғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент
ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың
адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-
ананың балаға деген қатынасында орын алады.
Қазіргі отбасындағы бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық
және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі –
оқушы тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл
ара қатынас отбасының педагогикалық процесінің күйі туралы ақпарат болған
жағдайда ғана жемісті бола алады.
Педагогикалық үрдістің сипаттамалары отбасының тәрбие мүмкіндіктерінде
жатыр. Оларға байланысты отбасындағы педагогикалық үрдістің тәрбиелік
мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады. Олар 1.жоғары, 2. орташа,
3.төмен.
Жоғары деңгей – барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан
отбасылар.. Орташа деңгейде отбасының педагогикалық үрдісі, жалпы
алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір
мөлшерде, түзетуді қажет етеді.
Төмен деңгей отбасының іс-әрекетінде ала ауыздықпен, ата-ананың нашар
педагогикалық мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік,
педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады.
Отбасы жайлы алғашқы мәліметтерді “Менің отбасым”, “Біздің отбасындағы
демалыс күні”, “Менің үйдегі міндеттерім”, “Баланың отбасындағы бір күні”
атты шығармаларды оқу арқылы алуға болады. Балаларға сұрақтар беру
солардың төңірегінде ақпарат алу. Шығармалар арқылы ата-аналардың
азаматтық көзқарасы, отбасының рухани өмірі, оның мүшелерінің өзара
қатынасы, балаларға деген қатынасы туралы білуге болады.
Отбасы – іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгілі бір
қиыншылықтар ұшырасады. Отбасының сипаттамасы туралы мәліметтер алу
мақсатында жанұяға барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу
әдістері қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды
ұстану керек. Ата-анамен әңгіме өнері мұғалімнен өте жақсы дайындықты
талап етеді. Мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары
айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-
аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланыңоқу
үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті
(жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары
сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді,
ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік
(жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда
(сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ата-аналар комитеті – сынып
жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы
(ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық,
үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-
аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің
мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың отбасы арасындағы
байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді,
кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі.
Отбасы мен мектептің ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде
мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері
сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын
нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп,
кейбір отбасыларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға,
жағдайы нашар отбасыларға).
Отбасылар мен мектептің ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық-
педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен
конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар
бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе
конференцияларда отбасы мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын
жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар
жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Отбасына бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі – ата-
аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-
аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын,
консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б.
өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз
жағдайына, “жанұя суреті” ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес
ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды.
Көбінесе ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық
консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі
қолданылады.
Ата-аналарға отбасы тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек
көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау
керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі “жаман”
тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай
шағымданулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте
зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан,
балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: “Кей ата-ана мұндай
әңгімеден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді
де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады”, – дейді А.С. Макаренко.
Оқушылардың ата-аналары оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге
қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық ойындар,
үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде “Ашық есік күндері”
дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақтарға қатысып, сабақтағы өз
балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын
игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің
ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән
бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде
қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай
көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады.
Отбасындағы бала тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйелі түрде
қадағаланып, жаңалап, заман талабына сай өзгеріп дамып отырса,
тәрбиенің құндылығы арта түседі. Халықтық педагогика негізінде ізгі
қасиеттерді қалыптастыру мәселесін С.Ұзақбаева, құндылық бағдар
негізінде Г.Нұрғалиева, ізгілік- эстетикалық бағытында Ә.Шыныбекова,
тұтастық педагогикалық үрдіс негізінде болашақ ұстаздарды ізгілікке
тәрбиелеу негізінде Н.Хмель, қиын балаларды тәрбиелеу мәселесін
Б.Айтманбетова мен Н.Базжанова сияқты ғалымдар зерттеп келеді. Олар
ұнамды қасиеттерінің барлығының қалыптасуы отбасында қаланатындығын
дәлелдеп, қиын балалар мәселелелері бойынша жүргізілген
зерттеулерінде отбасы тәрбиесінің рөлін ерекше атап көрсетті. Ал
В.Лысенко бала дұрыс тәрбеленуі үшін, ең алдымен , ата-аналар отбасы
тәрбиесінде белсенділік танытуы қажет деп санайды. Ол үшін ата-
аналар педагогикалық білімін көтеріп отыруы қажет.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты,
сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы
тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық
қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы
мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды
игеруіне игі әсерін тигізеді.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайын бірі-
отбасы ішілік жане отбасынан тысқары атқарылатын еңбек.
Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттілігін қамтамасыз етуден
туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек
өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың
жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады.
Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске
асады.
Ересек адамдардың өмірі негізінен түрлі іс-әрекет,
қылықтардан тұрады. Белгілі ғалым С.Соловейчик Іс-қылық адамның
парасатты әрекеті, оны намыс, ар-ұят деп атайды- деген.
Дегенмен де, ересектер мен балалардың өмірі тек өнегелі
іс-қылықтардан тұрмайтыны белгілі, кейде олар шалыс басады , ол
кезде тіпті кейбіреулері қылмысқа барады. Сондықтанда, есею жолындағы
басты нәрсе-баланы парасатты іске , адал қылыққа үйрету, жақсы іс
атқару, одан қуаныш сезіміне бөлену, өзгені де, ата-ананы, мұғалімді,
достары мен таныстарын, бейтаныс адамдарды да қуанта білу.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, екі түрлі
отбасына назар аударуға болады. Біріншісі-материалдық игілікті алға
қойып, соған жетуді мақсат еткендіктен, рухани құлдырауға соқтығуда.
Екіншісі- материалдық игілігі жеткілікті отбасында бала мен ата-ана
арасында эмоционалдық, мейірімділік қарым-қатынастың орнықпағандығы
байқалады. Осы жағдайлар отбасында жас өспірімдерді тәрбиеледе
ескеруі қажет.
Туыстарға айнадағыларға қамқор бола білу, қиын жағдайда
оларға қол ұшын бер, туған жерді, ондағы табиғатты сүю, оны
қорғау күнделікті өмір салтына айналған. Ересек бала өзінен кішіге
қкрым-қатынас құрып , әлеуметтік иәдени қалыптарды үйретіп, қамқорлық
көрсетіп, өз ісіне жаупкершілікпен қараған. Отбасында қалыптасқан
дәстүрлі мерекелерді өткізу арқылы, баланың тұлғалық қасиеттерін
жетілдіру іске асырылған.
Адам – биологиялық тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның
дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін
заттарды өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің
әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық
жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады.
Әлеуметтік ортаға бейімделуі, адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы
нәтижесінде болады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты
биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік
иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік
иесіне айналады.
Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әртүрлі түсініктері бар: жеке
тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі
индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы
және оның әлеуметтік қызметтерді атқаруы. Жеке тұлға темперамент, мінез-
құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-
мүдделерге, яғни психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие.
Жеке тұлға – бұл интегративті, кіріктірілген жүйе. Жеке тұлғаны
зерттеумен айналысқан ғалымдар бұл кіріктірілген жүйенің “өзегі” бар деп
мойындайды, олар оны “Мен – жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгілейді.
Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып
табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы, жауап-кершілігі,
бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның
қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының,
әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы көрініс табуы
арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы
анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары
“даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан
айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін
сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше
белгілері, шығармашылық іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы
ерекшеленеді. “Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны
басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет
беретін жалпы және жеке сипатардан тұрады.
“Индивид” сөзінің қазақша баламасы – “жекелік”, яғни адамзат тұқымының
әлеуметтік қасиеттері ескерілмеген биологиялық жан иесін білдіреді. Бұл
орайда әрбір адам индивид болып табылады
Адамның жеке тұлғалық қасиеттері біртіндеп дамып, қалыптасатын
болғандықтан, жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін
түсіну маңызды болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып
табылады. Даму– төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс;
сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын
жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық
философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның
басқа бір сапаға ауысуы. Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның дамуының
қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы - ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы
сандық өзгерістер процесі. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және
моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Адамның жеке
тұлға ретінде дамуының негізін – оның бойындағы сапалық өзгерістер
(танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.) көрсетеді. Мінез-құлық -
белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік
пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да
өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ
танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі,
қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық
және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс.
Адамның дамуына ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді, олардың арасында
мақсатты тәрбие мен білім берудің орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның “қалыптасуы” термині жиі
қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда
болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын
білдіреді. Қалыптастыру – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық
пен нақтылық бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтыңмәні өте зор –
баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық
ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің
тарихы және белгілі бір түрдің, яғни адам өмірінің тарихы анықтайды.
Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамға тән
ерекшеліктер (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының
бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және
даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден тұрады:
морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері); функционалды
ерекшеліктер (мысалы, қан тобы); адамға тән бейімділіктер (тік жүріп-
қозғалу, сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті т.б.); жүйке
қызметінің түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі,
шапшаңдық-ширақтылық); әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық-
физиологиялық бейімділіктер; есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері
құрылысындағы ерекшеліктер т.б.
Жеке тұлғаның қалыптасуына айналадағы орта, адам және қоғам өміріндегі
әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар ықпал етеді. Қоршаған
орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта – адамға әлеуметтік-
экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы. Микро-орта – баланың ең жақын қарым-
қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін
өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы
мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта,
табиғат жағдайлары әсер етеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең
маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер
атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар мағынада тәрбие
– өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін
мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-
әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Тұлғаны педагогикалық тұрғыдан түсінудің әдіснамалық негізі. Жеке
тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының
ара қатынасы туралы пікірталас ғалымдар арасында толастаған емес. Бірінші
көзқарасты жақтаушылар, адамның дамуын, оның табиғи негізі анықтайды деп
түйіндейді де, тәрбиенің ықпалына мән бермейді. Жеке тұлғаның биологиялық
негізін жақтайтын бағыттың өкілі Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен
Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.), адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың
табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, адам дүниеге
келген сәтінен бастап-ақ, кейбір адамдарға бағыну үшін, ал кейбіреулері
билік ету үшін жаралған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық негізін
жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Э.
Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін,
соның ішінде сана-сезімін, қабілеттілігін тек тектілік, тұқымқуалаушылық
қана анықтайды. Оның ойынша, балаға ақыл-ой қабілеті табиғи бітімімен
беріледі
Прагматизм (гр. – прагма) – іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін
салушы – Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).
Екінші бір көзқарастың негізін салған ағылшын философы Джон Локк (1632-
1704 ж.ж.). Бұл бағыт бойынша жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы
- адам өміріндегі жағдайлар мен тәрбие болып есептелінген. Д. Локк
пайымдауы бойынша, балан жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас
болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен тәрбиесі ғана жеке тұлғаның
белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл
көзқарас социологиялық бағыт болып қалыптасты. Оның өкілдері жеке тұлғаның
қалыптасуына әлеуметтік ортаның ықпалын бірінші орынға қойып, оның дамуының
табиғи заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның биологиялық табиғатын
төмендетті.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бірінші
орынға қойып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бұл теориялар XІX ғасырдың
аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыттың
пайда болуына себепші болды, бұл бағыт “педология”, яғни тура аударғанда
“балалар туралы ғылым”. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі педологияны
индивидтің сәби, жас өспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары
туралы ғылым ретінде қарастырады. Педология баланы барлық жағынан және
жанама зерттейді, бұл туралы өз кезінде К. Д. Ушинский айтып кеткен
болатын: “Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда
оның адамды барлық жағынан тануы да керек”.
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-
педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және оның бір бағытында –
материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке
тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысы мен олардың адамның
даму процесіне ықпал ету механизмдерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын
талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің
дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің
молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші
болды деп көрсетті.
Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам
әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының
мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық
табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік
иесі, сондықтан ол бойына біткен бейімділіктер ретінде көрініс тапқан
табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол бейімділіктер оның бойында тек
лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып,
философ-материалистер тұқымқуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ
индивидтің “әлеуметтік тұқымқуалаушылығы” туралы ойды ұстанады. Егер
биологиялық бейімділіктер адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік
тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.
Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер
қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие – жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі –
материалистік түсінікте жеке тұлға тек объект ретінде ғана емес, сонымен
қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта құру қызмет-
әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.[ 4;15]
Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде.
Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының
негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа
(биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер
жатады. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық
бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орын алады. Олар
баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып
табылады. Кейбір жағдайларда бұл бейімділіктер өте ерте, кейбір жағдайларда
кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.
Биологиялық бейімділіктер мен қасиеттердің дамуы адамның ағзасының
жетілу мен қалыптасу процесі арқылы сипатталады, содан кейін оның
сүйектері, бұлшық еттері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды.
Адамның биологиялық жетілу мен өзгеру барысында, оның дамуы мен мінез-
құлығының жас шамасы кезеңдерінде пайда болады. Табиғи ерекшеліктердің
дамуындағы ең маңыздысы, отбасында болсын, қоғамдық тәрбиелік-білім беру
орындарында болсын, оларға дер кезінде сауатты диагностика беру болып
табылады. Баланың қызмет-әрекеттің қандай түріне бейімділігі бар екенін
анықтайтын алуан түрлі әдістер бар. Олардың ішінде тест әдістері кеңінен
қолданылады.
Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның
бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының
амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай
да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділігінің одан ары
жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-
әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау
қажет.
“Жеке тұлға” деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады.
Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерін зерттей отырып, философиялық
және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы
үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән бейімділіктердің
дамуы үшін адами қоғам, әлеуметтік орта қажет дейді.
“Әлеуметтік орта” - қоғамдық өмірдің материалдық жағдайлары, әлеуметтік
және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар
анықтап отырған әлуметтік жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі
мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі,
белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам
дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның
дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең
алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологияның өзгеруі, қала мен ауылдағы
өмір жағдайлары, көшіп-қону және демографиялық процестер, сәбилердің
дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.б. жатады.
Географиялық орта жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше рөл атқарады.
Отбасы ортасының – баланың ең жақын айналасының аса зор маңызы бар.
Қоғамдық мекемелерде білім беру-тәрбиелік процестерді ұйымдастырғанда
мұғалімдер мен тәрбиешілер балаға кең әлеуметтік ортамен қатар, мектептен
тыс ең жақын айналасының әсерін ескерулері тиіс, өйткені кейде аулада,
көшеде, оқушыларға, әсіресе жасөспірімдерге белгілі бір мөлшерде әсер
ететін жағымсыз топтар пайда болуы мүмкін. Бұл орайда, оқушыларды жақын
айналасының қоғамдық-экономикалық өмірінің әртүрлі саласына белсенді
әлеуметтік іс-әрекетке араластыру қажеттілігі туындайтынын ескеру керек.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі, түрлі әлеуметтік рөлдерге ие болуы жоқ.
Тектілік, қоршаған ортамен қатар, тәрбие - үшінші шешуші фактор болып
табылады, тәрбие – педагогтардың басшылығымен әлеуметтік тәжірибені
меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылмалы қызмет-әрекеті.
Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте
тұқымқуалаушылық бейімділік пен микро-ортаның өзгерістері жөнге
келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді, ол
мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты
қызмет-әрекетін жемісті ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының
шешуші шарты болып табылады.
Тәрбие - жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының
болуын талап етеді. Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім,
білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен
еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін
сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара
қатынасын қарастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік
бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін
жетілдіретін шешуші күш.
Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі -
оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған
адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының
жемісті болуы тарихи тұрғыдан анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш
фактордан - тума қасиеттері, қоршаған орта және тәрбие тұрады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара
күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара
қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.
Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі
көзқарастар бар. Олардың бірі - баланың дамуы тәрбие мен білім беруі
тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э. Мейман. А. Ф. Лазурский, Ж.
Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, “баланың дамуының
соңында бірге жүреді” (Л. С. Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму
іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы яғни оқыту мен
тәрбие көмегімен жүзеге асырылады, бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың
дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы
міндетін шешуді көздейді (К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, Л. С. Выготский).
Л.С. Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды
ұйымдастыруда баланың “дамуының ең жақын болашағына” сүйену керектігін
айтқан. Ол былай деп жазған: “Дамудың алдында болған оқыту ғана жақсы болып
табылады”. Сондықтан, тәрбиенің ең маңызды тәсілі – табиғи бейімділіктердің
жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта
жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай қызметін арнайы ұйымдастыру.
“Баланың дамуының ең жақын аймағы” туралы сөз ете отырып, Л. С.
Выготский оқушының тапсырманы өз бетінше орындауға әзірлігінің дәрежесін
айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын:
оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды (ол осы кезеңдегі өз
дамуының деңгейіне жетті), ары қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін
қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық,
қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуына дем береді.
Субъектінің әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде. Жеке
тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте
тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен
тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей
кездерде қолданылатын педагогиканың “дәрменсіздігі” деген сөздің астарында
тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр
түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда
болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке
тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі ғана емес,
сонымен қатар субъектісі де екенін ескеру керек.
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен
психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. Жеке тұлғаның
белсенділігі, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетінің мәні зор.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады.
Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі
оның материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктерінен туады.
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік
әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда
қалыптасуы мүмкін.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер
мен ықпалдар– ішкі және сыртқы екі топқа бөлінді. Қоршаған ортаның әсері
мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи
әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен
күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен
қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады. .[
8;17]
Тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген
іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші
рөл атқара алады. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға
ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамуын анықтайды.
Осылайша бұл процесс, шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу
сипатына ие болады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы
факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде
ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігіне дем берген
жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі
процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие
болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз – информациялық мазмұндағы,
адамның тұтас модусын (модус – қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-
сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-
психологиялық және идеологиялық поцестердің, қасиеттер мен қатынастардың
әралуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын
әлеуметтендіріп, реттейтін өзара қатынас-әрекеттің күрделі де қарама-
қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған
қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің бар болуының ішкі механизмі болып
табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның
ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік
белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, наным-
сенімдерімен, мақсат-мүдделерімен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның
дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні
психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным
белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту
белсенділіктері дамиды.
Қарым-қатынас – балан белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның
әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста
көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі қырлары бар:
ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына,
өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың
белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді.
ғжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас
белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды,
олар – адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін, адамдар алдындағы
өз істері үшін жауапкершілік.
Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі
кеңейіп, тереңдей түседі Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным
белсенділігінің қалыптасуы мен тереңдеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан
сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-
әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп
оқушының ойлау қызметінің әдіс-тәсілдері қалыптасады. Орта және жоғары
сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу және тәжірибелік
жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, іскерлік әрекетінде көрінеді.
Адамның белсенділігі айналаны қайта құру мен өзгертуге бағытталады.
Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл
белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық,
шығармашылық, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналады.
Жеке тұлғаның белсенділігі оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс
табады: білім алу - танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жҒмыстар, ойын,
эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін педагогикалық
тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру, оның белсенділігінің барлық бағытта дамуына
әсер етеді. Белсенділік баланың барлық күшін жұмсауға, іс-әрекетіндегі
өзгешелігін анықтауға, жеке тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуына
барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекет түрлерімен және әдіс-
тәсілдерімен қаруландыру, баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін
тәрбиенің басты құралы болады.
Жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол
баланы өзіне пікірлес етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген
тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды
жеңе алатын күшке айналады.
Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың белсенді іс-әрекеті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz