Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың психологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі заман талабы әрбiр адамның сапалы және терең бiлiмнiң, iскерлiктiң, белсендi шығармашылықпен жұмыс iстеуiн және кеңiнен ойлауға қабiлеттi болуын талап етедi.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Бізге керегі шын дарындылар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын тарланбоз жүйіріктерін қолдауға, қорғауға міндетті», деп ұрпақ болашағына ерекше мән берген. (1)

Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту Тұжырымдамасының жобасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шыңында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануға көмектеседі . . . » деген.

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет.

Мектеп -еліміздің халыққа білім беру жүйесінің - күрделі тармағы. Сондықтан қазіргі мектептердің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту, міне, о сыдан тақырыптың өзектілігі туындайды.

Диплом жұмысының негiзгi мақсаты - жүйелi түрде оқушылардың интеллектiн, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсендiлiгiн қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрi қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерiн, бiлiм деңгейiн тереңдету үшiн оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетiнше бiлiм алу дағдыларының дамуының негiзiн салу болып табылады.

Зерттеу жұмысына теориялық негіз болғаншығармаларға: кеңес психологтары Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов, Л. М. Занков, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, Б. М. Тепловтың және өз реапубликамыздың ғалымдары Ж. Аймауытов, Ж. М. Әбділдин, Т. Тәжібаев Қ. Жарықбаев, М. Мұқанов, Т. С. Сабыров, В. К. Шабельников, Н. Палагина, Қ. Р. Рахымбаев, М. О. Резванцева, . Қ. Бердібаева, Б. Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.

Психолог Ж. Аймауытовтың пікірі бойынша: «Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді» деп ой айтса, белгілі психолог

А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс - әрекет үстінде дамып отырады дейтін тұжырым жасады.

Шығармашылық - негiзгi бiлiм болғандықтан, оқушының бiлiм деңгейіне сүйене отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты жұмыстарды жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.

Қазіргі уақытта білім берудің негізгі талаптардың бірі - оқушыны әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Соңғы жылғы іс - тәжірибеде байқалған негізгі үрдіс - оқушы шығармашылығын дамыту - тек тұлғаның өзін - өзі дамыту қажеттілігіне негізделген.

Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Сондықтан әр маман оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету, оны әрі қарай жетілдіріп отыру керек. Міне, осы міндетті жан - жақты ашып көрсету үшін ғылыми жұмысымыздың тақырыбын «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздылыққа баулу.

Зерттеу нысанасы: оқушының шығармашылық қабілетін айқындап, тану.

Зерттеу пәні: шығармашыл қабілеттілік.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары анықталса, оқушылардың шығармашылықтарын дамытуға байланысты жұмыстар жүйелі жүргізілсе, онда, бала санасы мен ақыл ойын қалыптастырудағы іс-тәжірибе оң нәтижесін берері сөзсіз.

Зерттеу міндеттері:

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын анықтау;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда зерттеу жұмыстарын жүргізу және нәтижесін талдау.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогтардың, психологтардың, этнопедагогтардың, этнопсихологтардың еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары, Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары, т. б.

Зерттеудің әдістері: Тәжірибе бойынша педагогикалық, психологиялық, ғылыми теориялық талдау жасау, озық іс-тәжірибелермен, ғылыми журнал беттерінде жарық көрген материалдармен танысу эксперимент жүргізу, нәтижелерін сапалық және сандық өңдеу.

Зерттеу базасы: Тәжірибелік эксперимент жұмысы Арқалық қаласындағы №4 профильді орта мектептің 4-сынып оқушыларымен өткізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялқ мәнділігі: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ғылыми- психологиялық тұрғдан негізделді, әдіс-тәсілдері анықталды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамуын жүзеге асыру мақсатында оқушылармен жогспар бойынша жұмыс жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

  1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми психологиялық негіздері

1. 1 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың

психологиялық ерекшеліктері

Оқушының шығармашылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе педагог, психологтардың кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

Ежелгі ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы Абай өз еңбектерінде адамның деке басының қабілеттерінің дамуын көрсеткен.

Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін - білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бүл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми - педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары - ақ И. Я. Лернер жазған болатын.

Белгілі ғалым Ж. Пиаже кіші жастағы баллардың оқуға деген қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктер бар. Олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездесетінін зерттеу жұмысында дәлелдеді. Көрнекі психологтар Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов еңбектеріне сүйене отырып, қазіргі кезде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз олардың даму мүмкіндіктерінен төмен екендігі айтылып жүр.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін алдымен «қабілет» ұғымын терең түсінуді талап етеді.

«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар өте көп.

А. Н. Леонтьев: «Қабілеттер - әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды» деп тұжырым жасаса, А. В. Петровский: «Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» деген.

Белгілі академик Т. Тәжібаев: «Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті», - деген пікір айтады.

Шығармашылық ұғымын жалпы «жалпы интеллектуалдық қабілет» деп те қарастыруға болады. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, қабілеттілік репрадуктивті және шығармашылық деп екіге бөлінеді.

Репродуктивті қабілеті дамыған адам білімді, әрі жаңа жағдайды іс-әрекетті тез қабылдайды. Оны үлгі бойынша жүзеге асырады.

Шығармашылық қабілеті дамыған адап өзінің жеке іс-әрекетімен жаңалық ойлап табады, жаңаны қалыптастырады. Шығармашылық өзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсені табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.

Энциклопедиялық сөздікте «шығармашылық» ұғымына қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын «әрекет» деп тұжырымдаған.

Көрнекі психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекетті атаған.

Ал, шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық әсіресе, интеллектуалдық тұрғыдағы, оқушыны жаңа психикалық сапаға көтереді. Бұдан біз шығармашылық ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, оны тұлғаның, оқушының қоғамнгың дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз. Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде әртүрлі пікірлер болған. Мысалы: XX ғасырдың басында белгілі бір философиялық сөздікте «шығармашылық» деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу» - дей келе, шығармашылық әр адамға тән емес, ол құдайдың құдіретімен болады. Ал адам шығармашылығы салыстырмалы түрдегі әрекет» деген. Кейін шығармашылық зерттеле келе, шығармашылыққа берілетін анықтама да өзгерді.

Соңғы кезде шығармашылық сезімін «жаңалық» сөзі мәндес, астарлас ұғымына жақын болып айтылып жүр. Психологиялық анықтамаларда берілгендей, «бұрын болмаған жаңалық» жаңа жол, жаңа шешім болып отыр.

Көбінесе үлкендерде “шығармашыл оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық қабілетін көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан әр психолог, педагог осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Шығармашылық сапа - бұл адамның бүкіл әлемді тануға ұмтылысы, оны тек бейнелеп, қана қоймай, әрі қарай жетілдіріп, дамытуға тырысуы. Жалпы қандай да болмасын адам кішкентай кезінен өмірдің заңдылықтарына үлес қоссам, өзгертсем десе, барлық өмірін соған сарп етері сөзсіз. Себебі, адам белсенділігі, еркендігі, қажеттілігі, қызығушылығы арқылышығармашылыққа енген де ғана өмір сүру мәнін аша алады.

Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, жетістіктерге тез қол жеткізеді.

Қабілет өз ішінен әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекетінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, адам техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде әлсіздік танытады, немесе оқып үйренбей-ақ, күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.

Нақты көрінетін білім ептілік және дағдылар қатарына қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде көрініс табады, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей, қолайлы жағдай болса өсіп жетіледі, қолайсыз жағдайда көрінбей-ақ жоғалады. Осыдан қабілет білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал, оның іске асуы, аспауы көп жағдайларға тәуелді. Мысалы оқушыда керемет интеллектуалдық қабілет болуы ықтимал. Бірақ, педагог, психолог, ата-ана одан әрі дамытпаса, қабілет дамымай жатып өшеді. Қоғам дамуында қаншама қабілеттілер құмға шанышқан инедей жоқ болып кеткен жағдайлар да көп. Мектепте «үштік» бағаға әзер оқып жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болғаны кім кімді де ойландырмай қоймайды.

Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді. Мысалы, көркем шығармаларды оқымаған адамның ешқашан да әдебиетке қабілеттілігі ешқашан да болмайды. Олардың тек ғана жай оқып, мазмұнын қысқаша айта салуы мүмкін.

Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері бар қабілет бола алмайды.

Қабілет - барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.

Қабілет туа біткен қасиет емес, өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.

Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жеткіліксіздігі көрінеді. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс. Ал, педагог, психологтар оны оқытып үйрету үшін көп күш салулары керек.

Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына ықпалсыз, керісінше көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепші іс-әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, әдебиет мұғалімі немесе суырып салма ақын қарапайым дене жұмыстарымен шұғылдануға тура келсе, кейінгі іс табиғи қаланған қабілеттердің дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әңгіме қозғалғанда алдымен маңызды болуынан төңірегене адамның барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін оны жеке адаммен байланыстыра сипаттау керек. Бұл жағынын бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де, иесі үшін аса мәнді де, маңызды болуы мүмкін. Өндірістік тапсырмалар қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алады.

П. Коупленд өз зерттеулерінде іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді. Оның себебі, қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: қабілет өзінде қалған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымы да кең мағыналы. Екінші жағынан нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. Қалыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатындығының көрсеткіші екенін дәлелдеген.

Осы негізде қабілет нақты және мүмкін болып екіге бөлінеді.

Мүмкін болатын қабілеттер нақты іс-әрекеттің қандай да бір түрінде көріне бермейді. Алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге, дәл бір уақытта және нақты шақтағы уақытқа қажет болатындары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі, қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болатын қабілеттер өрістей түседі, не кедергілерден жоғалып кетеді. Нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.

Қабілеттер проблемасы - оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз қозғалмас еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатынын кеңестік психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі. Бірақ, ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әртүрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекеттің белгілі бір түріне қабілеттілігі не жоғарлау, не төмендеу болып келеді. Бұған қарап мысалы музыкаға, не биге немесе математикаға қабілеті төмен оқушыларды қабілеті төмен дарынсыздар қатарына жатқызу өте дұрыс емес. Бұл оның қабілетінің басқа салаға жататындығының белгісі. ( 9, 15)

Адамзат қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында ой-пікірлер таласын тудыруда. Солардың ішінде өз ойын дәлелдеген қабілеттің тарихы Платоннан бері жалғасып келе жатқан қабілеттердің биологиялық негізі биологиялық негізі екендігі және олардың нәсілдікке тәуелділігін дәлелдейтін көзқарас. Осы бойынша оқу мен тәрбие қабілеттерінің пайда болу қарқынын өзгертуі ғана мүмкін. Ал, олардың көрініс беруі біріңғай емес. Мысалы; Моцарттың музыкалық қабілеті 3 жаста белгілі болған. Дина апамыздың күйшілік өнері 8 жаста белгілі болған.

Қабілеттің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланыстыра түсіндіреді. Ересек адамның им салмағы орташа есеппен 1400 грамм шамасында. Ұлы тұлғалардың миы мысалы, И. С. Тургеновтың миы 2012 грамм боллса, Д. Байронның миы 1800 грамм болған. Бірақ, қабілеттің мидың дамуына байланысты емес кері мысалдарды да келтіруге болады. Ю. Любихтің миы 1362 грамм болса, А. Франстың миы 1017 грамм салмақты көрсеткен. Ал, ең ауыр ми 3000 грамм ақыл-есі кем адамда байқалған. Алайда көпшілік арасында «миы көп адам ақылды» деген ұғым бар. Осыған орай маңайы биік, жазық маңдай адамды сыртынан дана, оқымысты адамға балаған.

Ғалымдар қабілеттің табиғи берілетінін қалтықсыз дәлелдеп отыр. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидың құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болатын мидың құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық - физиологиялық нәсілдік ерекшеліктерін нышан деп атайды. Шын мәнәнде адамда қалыптасқан дайын қабілеттер емес, нышандар көрінеді. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелденіп, осы екі құбылыстың бір-бірімен ұштасып, байланысып келуінен болады. Қабілет нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды. Ол нышанның бастауын ғана алған даму процесінің нәтижелі жемісі. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекеттердің сан алуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиеттеріне негіз береді. Демек, әр бала бойындағы табиғи нышандардың жоғарғы қабілеттер деңгейіне көтерілуі тек баланың белсенділігіне және дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысына байланысты. Оқушының бойында кездесетін енжарлық, сылбырлық, жайбасарлық оның биологиялық кемшілігі емес, оқу-тәрбие жұмыстарындағы әміршілік тің салдары болуы мүмкін. ( 16, 255)

А. Н. Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан зерттей отырып, шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі топқа бөліп қарастырды.

1. Ынтамен байланысты қабілеттер. Бұған оқушының қызығушылығы мен икемділігі жатады. Оқушы кез келген іс-әрекет нәтижесіде жақсы нәтиже алу немесе белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс-әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса, оның нәтижесінің де төмен болатыны сөзсіз.

2. Темпераментпен байланысты қабілеттер. Бұған оқушының көңіл-күйі кез келген ісі орындауда негізгі қажетті көрсеткіш болып табылады. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекетке деген көңіл-күй деңгейі маңыфзды, сондай-ақ, олардың жұмыстарының нәтижелілігіне әсер ететіні белгілі.

3. Ақыл-ой қабілеттері. Кез келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Алдымен атқарар ісімізді алдымен ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны тәжірибе жүзінде іске асыруын талап етеді.

Я. А. Пономарев кез келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгі бастысы - шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериясы ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе «ойша» әрекеттену қабілетін алды. Алдымен адам ойша әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатынын, немесе болашақта қол жеткізер нәтижесін көз алдына елестетіп көреді.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасында яғни негізгі іс-әрекеті дағдылары қалыптасқан кезде үздіксіз дамиды. Осы кезде оқушылардың өз шығармашылықтарын көрсете білу қажеттілігі тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекшеліктері
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Оқушылардың жеке пәндерін оқыту үдерісінде танымдық міндеттерін қалыптастыру
Арнайы және көмекші (түзету-коррекциялық) мектептегі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекшеліктері
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz