Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі


Кіріспе . . . 4
Тарау І XIX ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық жүйенің даму тарихы . . . 10
- XIX ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық жүйенің дамуындағы тарихи -әлеуметтік алғы шарттар . . . 10
1. 2 Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіне К. Д. Ушинскийдің ықпалы . . . 16
1. 3 Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі саяси- әлеуметтік және педагогикалық алғы шарттар . . . 21
ІІ тарау Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесі және ондағы тәлімдік және дидактикалық мәселелер . . . 32
2. 1 Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі тәрбие беру мәселелері . . . 32
2. 2. Ы. Алтынсаринның қалыптастырған мектеп жүйесі . . . 38
2. 3. Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесінде ұлттық колданбалы өнерді қолдану жүйесі . . . 45
2. 4. Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі . . . 48
2. 5. Ы. Алтынсаринның оқулық жазудағы педагогикалық жүйесі . . . 59
2. 6. Ы. Алтынсаринның мұғалімге қойылатын педагогикалық талаптар жүйесі . . . 65
2. 7. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің педагог мамандарды дайындаудағы қолданысы . . . 67
Қортынды . . . 79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 82
Кіріспе
Тарау І XIX ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық жүйенің даму тарихы.
- XIX ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық жүйенің дамуындағы тарихи -әлеуметтік алғы шарттар.
1. 2 Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіне К. Д. Ушинскийдің ықпалы
1. 3 Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі саяси- әлеуметтік және педагогикалық алғы шарттар.
ІІ тарау Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесі және ондағы тәлімдік және дидактикалық мәселелер.
2. 1 Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі тәрбие беру мәселелері .
2. 2. Ы. Алтынсаринның қалыптастырған мектеп жүйесі
2. 3. Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесінде ұлттық колданбалы өнерді қолдану жүйесі
2. 4. Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
2. 5. Ы. Алтынсаринның оқулық жазудағы педагогикалық жүйесі
2. 6. Ы. Алтынсаринның мұғалімге қойылатын педагогикалық талаптар жүйесі
2. 7. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің педагог мамандарды дайындаудағы қолданысы
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастар білім беру ісін түбегейлі өзгертіп, оның тарихи тамырын қайта қарап жаңғыртуды талап етеді. Өткеніміз бен болашағымыздың өркендеуіне жол ашады. Өйткені ұлт тағдыры, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы жас ұрпақтың білім деңгейіне, мәдениетіне, өмірде өз таңдауларын дұрыс жасауға, қоғамдық қатынастарға, оны дұрыс ұйымдастыру қабілетіне де тікелей байланысты. Бұл көзқарастың білім жүйесінде өзіндік маңызы зор.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында (1999) « Білім берудің басты мақсаттарының бірі - жеке адамды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық негізіне, білім алуды, дамытуды, қалыптастыруды қамтамасыз етуге жағдай жасау» деп атап көрсетіледі. Сондықтан осындай талаптарға сай білім беру саласының көп варианттық және көп деңгейлік ерекшеліктеріне орай, ұлттық тарихи дамуды, оның ішінде білім беру жүйесінің сапалық артуын, Қазақстан педагогика тарихының ұлттық даму мұрасын зерттей отырып қолдануды талап етеді. Осы орайда ұлттық тарих, мәдени мұра мәселелерін тілге тиек еткенде, ауыл, аймақтық білім беру саласы, мектептері ең басты өзекті мәселенің негізі ретінде көрініс береді [2] .
Себебі қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдай аймақтық білім беру саласының барлық бағыт - бағдарларын, құрылымын, өткені мен бүгінгісін және болашағын айқындап алмайынша, білім беру жүйесін, оның ішінде аймақтық білім жүйесін ізгілендіру, әлемдік өркениет талаптарына жауап беру, табиғи, мәдени үйлесімді жеке адамды қалыптастыру, оқу - тәрбие жұмысының тиімді түрлері мен әдістеріне таңдау жасамай, оны енгізу мүмкін емес екендігін танытып отыр.
Қазақстанның тарихнамасында, оның ішінде білім беру саласының, яғни педагогика тарихы мәселесінде, қазіргі талапқа сай өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті [3] . Атап айтсақ, Қазақстанның білім беру саласында өзін ақын орны бар тұлғаларды алып оны ұлттық тарихи дамуымен қоса мәдени, білім беру саласын зерттеу арқылы тарихтағы «ақтандақтарды» жоюды мақсат ету қажеттігі туындайды.
Осы мәселелердің бір шешімі ретінде Ыбырай Алтынсаринның ұлттық білім моделінің үгісі бола алтын педагогикалық жүйесі мәселесінің тарихын зерттеудің ғылымға берері мол деп есептейміз.
Осыған орай, бүгінгі таңда болашақ ұрпақтың терең тарихи білімі мен саналылығын қалыптастыруда ұлы ағартушының педагогикалық жүйесінің ұлттық негіздегі өнегелі, мәдениеті жоғары үлгі екендігін атап көрсете отырып, ондағы білім саласына қысқаша сипаттама беру арқылы, қалыптасу және даму кезеңдерін айқындау мәселесі шешімін тапса, оның нәтижесі ұлттық және жалпы қазақстандық мектептердің оқу-тәрбие іс-тәжірибесінде пайдалануға толық мүмкіндік берері анық.
Соңғы жылдары жеке адамдардың бай тәжірибесі арқылы жинақталған білім беру ісіндегі мол тәжірибелерден бастау алған озық нәтижелер білім беруді жаңартудың тұғырнамалық негізі болғанына талас туындатпайды.
Жаңа ғасырдың бүгінгі білім кеңістігіндегі жаңа талаптар тудырып, елімізде ұлттық білім жүйесі мәселесінің заман талаптарына, әлеуметтік сұраныстарға сай зереттелуі нақты белгіленіп отыр. Білім беру ісіндегі аймақтанудың жаңа үрдістік мән-мағынасын, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
- Ұлттық білім жүйесінің әлемдік кеңістікке кіруге талпыныс білдіруі болып табылады [4] .
Қазақстанның білім кеңістігінде бәсекелестікке қабілетті, жан-жақты тұлғаны тәрбиелеп, оқыту-білім беру жүйесінің басты міндеті.
Біз алып отырған Ы. Алтынсаринның педагогкалық жүйесіне арналған ғылыми әдебиеттер мен зерттеу жұмыстарын сараптау барысында байқағанымыз, осы уақытқа дейін Ы. Алтынсаринның педагогикалық қызметі нақты зерттеліп, белгілі жүйеге келмегенін көруге болады. Мұның өзі зерттеуге алып отырған тақырыптың өзектілігін нақты аңғартады.
Ы. Алтынсаринның жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын зерттеудің практикалық мәні зор. Тарихи кезеңдерде қалыптасқан педагогикалық тәжірибе білім беру жүйесінің даму элементі ретінде қарқындай отырып, жалпы білім беру жүйесінің қалыптасуына үлкен үлес қосары сөзсіз. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің даму ерекшеліктерін жекелеген педагогкалық қымет бағыттары негізінде ашып көрсету, ағартушының мәдени-әлеуметтік өмірі мен рухани даму үрдісін терең үғынуға кең жол ашады.
Жалпы Қазақстандағы халық ағарту мәселесінің даму барысы А. Е. Алекторов, А. В. Васильев еңбектерінде қарастырылған. Жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы мен дамуына арналған Ф. Ф. Королев, Н. П. Кузин, Н. К. Гончаров, Т. Т. Тәжібаев, Ә. И. Сембаев, Қ. Б. Бержанов, И. К. Қадыров, Г. А. Уманов, Г. М. Храпченков т. б. педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалымдардың монографиялық еңбектерін атап етуге болады. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің дамуын зерттеу мен оқу-ағарту ісінің қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдіснамалық негізі ретінде қаланды.
Қазақстандағы білім беру ісінің және педагогикалық ой-пікірдің даму тарихына арналған диссертациялық еңбектерде маңызы зор. Оларды атар болсақ, төмендегідей сипатта иеледі: К. Қ. Құнантаева «Развитие образования в Казахстане (1917-2000 г. г. ) » [6], Қ. Б. Жарықбаев «Из истории развития педагогической мысли в дореволюционном Казахстане (методические рекомендации) » [7], Қ. Б. Бержанов «Из истории культурно-просветительной и общественной деятельности учительства Казахстана» (1917-194І г. г) » [8], Р. Ж. Ержанова «Из истории развития пионерского движения в Казахстане» [9], И. Б. Мадин «Қазақстанда Совет дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы» [10], С. А. Ұзақбаева «История развития и проблемы совершенствования музыкально-эстетического воспитания учащихся в общеобразовательных школах Казахстана» [11], Б. Ы. Мұқанова «История развития пионерской организации Казахстана» [12], А. Н. Ильясова «История становления и развития педагогической науки Казахстана (1917-1988г. г. ) » [13], С. Мусин «Из истории учебно-воспитательной работы Казахской советской школы Казахской АССР» (1920-1936г. г. ) [14], Ә. И. Сембаев «Очерки по истории казахской советской школы» [15], Қ. Б. Сейталиев «Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы» (1920-1991ж. ж. ) [16], Т. Т. Тәжібаев «Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине XIX века» [17], Г. М. Храпченков «Школы Казахстана в начале XX века» (1901-1917г. г. ) [18], Т. М. Әлсатов «Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлардың дамуы» (ХУ-ХҮШ) [19], Омар Есенәлі «Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен дамуы (1917-1990ж. ж. ) » [20], Ж. Есекеев «Педагогическое образование в Казахстане (1917-1930г. г. ) » [21], Е. М. Байзакова «Развитие методов обучении в истории начальной школы Казахстана» (1920-1930г. г. ) [22], Р. А. Жанабаева «История создания и развития системы профессионально-технического образования в Казахстане» [23], Ф. К. Қайырханова «Создание и развитие сети культурно-просветительных учреждений в Казахстане (1920-1932г. г. ) » [24], Л. П. Акжаркенова «История создания и развития школ интернатного типа в Советском Казахстане (1917-1941г. г. ) » [25], Р. Х. Аймағамбетова «Деятельность рабочих факультетов по подготовке молодежи Казахстана к поступлению в высшее учебные заведения (1921-1940г. г. ) » [26], Е. Р. Қасенов «История развития ученического самоуправления в школах Казахстана (1917-1941г. г. ) »[27], Ш. К. Беркімбаева «Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие үрдісінің дамуы» (1980-2000ж. ж. ) [28], Ж. К. Ибраимова «Шығыс Қазақстан аймағындағы білім беру жүйесінің калыптасуы мен дамуы» (1917-1930ж. ж. ) [29], Н. А. Абуова "Қазақстандағы индустриялды-педагогикалык колледждердің дамуы (1991-2005ж. ж. ) [30], Г. Қ. Шұғаева «Қазақстанда ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуы (1930-1960ж. ж. ) » [31], т. б.
Жоғарыда аталған зерттеулер мен ғылыми еңбектер - педагогика ғылымының дамуындағы құндылықтар. Алайда, айта кететін мәселе Ы. Алтынсаринның педагогкалық жүйесінің жағдайы жеке ғылыми тұрғыда зерттеу нысанасынан қалтарыста қалғаны байқалады. Ы. Алтынсаринның педагогкалық жүйесін қарастыруда қол жеткізген ерекше тарихи және педагогикалық кұндылықтарының айқындалуы мен олардың бүгінгі таңда оқу-ағарту мен ұрпақ тәрбие ісін ұйымдастыруда сабақтастық таппауы, пайдаланылмауы және нақты ғылыми әдістемелік еңбектердің болмауы арасында қайшылық бар. Ыбырай кезеңі - бір ауқым дәуір. Бұл тұстар ұлы ағартушы атына байланысты әрі зерттелмеген бірішама деректерге, мазмұны мағлұматтарға толы. Сондықтан да осынау тосын тақырып ғылыми ізденуіміздің назарын аударуы тиіс.
Осы мәселенің шешімін қарастырудың қажеттілігі біздің зерттеу мәселемізді айқындап, диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын «Ы. Алтынсаринның педагогкалық жүйесі» деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу нысанасы: Ы. Алтынсаринның қоғамдық-педагогикалық қызметі.
Зерттеу пәні: Ы. Алтынсаринның оқу-тәбиелік жүйесі.
Зерттеу мақсаты. Ы. Алтынсаринның оқу-тәбиелік жүйесі анықтау, оның болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің қалыптасыундағы тарихи-педагогикалық ықпалдарда ашу;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық қызматіне сипаттама беру;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі тәлімдік мәселелер;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі дидактикалық мәселелер.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, Ы. Алтынсаринның педагогикалық идеялары ғылыми тұрғыда негізделіп, жүйеленсе, онда қазіргі білім беру саласының ұлттық сипатты иеленуіне мүмкіндік туындайды, өйткені оның педагогикалық жүйесінің сапалық құндылықтары ұлттық білім беру үлгісін құруға негіз бола алады.
Жетекші идея. Ы Алтынсаринның педагогикалық идеялары мен қызметтерінң жүйесі жинақталып, зерделенсе ұлттық құнды іс-тәжірибелер болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі теориялық және практикалық мәселелерді шешуге алғышарт болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде педагогика, философия және психология ғылымдарының жеке тұлғаны қалыптастыру туралы ілімдерді, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалары, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлігіне байланысты тарихи, философиялық, әлеуметтік, мәдени ілімдері, тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі объективтік, жүйелілік, тұтастық, тарихи-салыстырмалық тұжырымдамалары алынды.
Зерттеу әдістері. Тарихи-педагогикалық әдебиеттерді, зерттеу мәселесіне байланысты сирек қолжазба қорларының және мұрағаттық еңбектерді талдау, тарихи-педагогикалық жүйені сақтау, тарихи және логикалық үрдістердің бірлігі, тарихи-салыстырмалық, жинақтап-талдау, қорыту т. б. әдістер қолданылды.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
- Ы. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің қалыптасыундағы тарихи-педагогикалық ықпалдарда анықталды;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық қызматіне сипатталды;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі тәлімдік мәселелері анықталды;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі дидактикалық мәселелері ашылды.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтижелерін орта мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне пайдалануға болады;
Зерттеу материалдарын жоғары және арнаулы орта оқу орындарында «Педагогика», «Педагогика тарихы», «Бастуыш мектеп педагогикасы» пәндерін оқытуда және әдістемелік нұсқаулар жасау барысында қолдануға болады.
Зерттеу көздері. Ғалымдардың зерттеу мәселесіне сәйкес еңбектері, ҚР Орталық мемлекеттік, тарихи, философиялық, педагогикалық әдебиеттер, Ы. Алтынсаринның еңбектер жинағы, А Балғымбаевтың естеліктері.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- Ы. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің қалыптасуындағы тарихи-педагогикалық ықпалдары;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық қызметіне сипаты;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі тәлімдік мәселелері;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі дидактикалық мәселелері.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты: зерттеудің мақсаты, зерттеу нысанасы, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеудің ғылыми-теориялық және практикалық мәнділігі, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі айқындалды.
Тарау І XIX ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық жүйенің даму тарихы.
- XIX ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық жүйенің дамуындағы тарихи -әлеуметтік алғы шарттар.
XIX ғасырдың 60-жылдары Қазақстанда Ресей қол астына кірген соң үлкен қоғамдық қозғалыс кезеңі болды. Ол өндіргіш күштердің дамуы мен бұл дамуды тежейтін крепостнойлық қатынастардың арасындағы күннен-күнге өршіп келе жатқан қайшылықтардың негізінде пайда болды.
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы Россиядағы революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды.
Педагогикалық қозғалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектеп пен ерте мамандыруға күрес, жалпы білім беру, азаматты тәрбиелеу, әйелдерге білім беру үшін күрес, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау мен жазалау қарсы күрес, баланың жеке басын сыйлау, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету, жоғарғы мектеп автономиясы - міне, осылар XIX ғасырдың 60-жылдарындағы орыстың прогресшіл педагогикасының көтерген негізгі мәселелері болды.
Бұл кезеңде бірінші қоғамдық ұйымдар ашылып, олар өз алдарына педагогика теориясы мен практикасының өзекті мәселесін шешу мақсатын көздеді. 1859 жылы қазанда Петербургте педагогикалық жиналыс құрылды. Кейіннен ол Петербург педагогикалық қоғамы болып аталды. Оның жұмысына К. Д. Ушинский, В. Я. Стоюнин, В. И. Водовозов, Д. Д. Семенов, Я. Я. Герд т. б. көптеген педагогтар мен методистер қатысты. Көптеген қалаларда қоғамдық педагогикалық ұйымдар пайда бола бастады.
XIX ғасырдың 60-жылдарында педагогикалық ғылымының даму тарихында әр түрлі бағыттар орын алып келді. Педагогикалық қозғалыс бір бағытта болған жоқ. Әр түрлі педагогикалық топтар мен сол топтарды жақтаушы педагогтар педагогикалық мәселелерді өз топтарының тұрғысынан түсіндірмек болды.
Еңбекші бұқараның мүддесін жақтайтын педагогиканың өкілдері ең прогресшіл революцияшыл демократиялық бағытта болды. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдері Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбов еді. Бұл бағыт мынаны: жалпыға бірдей оқу, мектепті демократизациялау, қоғамдық өмірдің барлық саласында бірдей әйелдер мен ерлердің тең құқылығы, оның ішінде халық ағарту саласындағы тең құқылығы, тәрбиенің мақсаты революционерді, крепостнойлық қалдықтары мен самодержавияға қарсы күрескерді даярлауды талап етті.
Белгілі революцияшыл-демократиялық бағыттан буржуазияшыл -либералды педагогикалық бағыттың айырмашылығы болды. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі Н. И. Пирогов, В. Я. Стоюнин, И. А. Корф т. б. Крепостниктік тәрбиеге қарсы шығып, мектептің реформаларын талап ете отырып, «адам тәрбиесі» үшін, балаға адамгершілік тұрғысынан қарау туралы пікір айтуымен қатар, бұл бағыттың өкілдері өздерінің педагогикалық көзқарастарында либералдарға тән екі жүзділік көрсетті. Олар патша үкіметіне қанағаттарлықтай дәрежеде мектеп реформаларын жүргізуге толық мүмкіншілігі келеді деп түсінді. Әйелдерге білім беруді жақтай отырып, бірақ олардың тең құқылығына қарсы шықты. Халық мектептерін көбірек ашуды ұсына отырып, жалпыға бірдей оқыту мәселесін ескермеді. Ескі оқуға қарсы шыға отырып, ол ұрып-соғу арқылы жазалауды жоққа шығарған жоқ, оны белгілі дәрежеде шектеу керектігін айтты. Тәрбиенің мақсатын буржу-азияшыл-либералдық бағыттың педагогтары мәдени және адамгершілік жағынан дамыған адамды дайындау екендігін түсіндіріп берді, бірақ та олар мұндай сапалар деп нені түсінетінін ашып берген жоқ. Бұл мәселе туралы екі ұшты пікірде болды. Революцияшыл-демократиялық бағыттың өкілдері ұсынған тәрбиенің мақсаттары мен идеялық саяси принциптеріне либерал-педагогтар көп жағдайларда сенімсіз қарады. Олардың көз-қарастарына қарсы болды. Бұл екі бағыттың арасында аралық жағдайды ұстаған, бірақ буржуазияшыл-либералшыл бағытқа біршама жақын көзқарастағы педагогтарға буржуазиялық демократияшыл бағыттың өкілдері жатады. Бұл бағыттың өкілдерінің қатарына К. Д. Ушинский және оның жолын ұстаушы педагогтарды (В. И. Водовозов, Н. Ф. Бузнаков, т. б. ) атауға болды. Бұл топқа жататын педагогтар, буржуазиялшыл-либералшыл бағытқа жататын педагогтар сияқты, белгілі қоғамдық құрылыстың көлемінде мектептің жағдайын жақсартуға, мәдени және адамгершілік жағынан адамдарды тәрбиелеуге болатындығын түсіндірді.
Сондықтан біздің алған мақсат, міндеттерімізге осы жоғары аталған педагогикалық жағдайлар мен оның өкілдері Қазақстанда XIX ғасырдың 60-жылдарындағы білім беру ісіне қосқан үлестін құндылық бағытына сүйене отырып дамыды деп тұжырым жасауға әбден болады.
Осындай педагогикалық даму әсерімен Қазақстанның білім беру саласының өзіндік даму ерекшелігінің болғаны әрине дау туғызбайды. Себебі Қазақстанның білім беру саласында өзіндік экономикалық, тарихы ықпалдар да өзінің әсерін тигізбей қойған жоқ.
Тарихи қалыптасқан жағдайларға байланысты Қазақстан бірнеше ғасырлар бойы саяси және экономика жағынан бөлшектелген ел болып келді.
Бір орталықтан басқарылатын мемлекеттің болмауы, феодалдардың өзара жаугершілігі сыртқы дұшпандардың Қазақстанға басып кіруіне жол ашты. Мұның өзі қазақ халқының тәуелсіздігіне ғана емес, ел болып өмір сүруіне де қатер туғызды.
Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылы басталды. Ал Қазақстанның Россияға түгелдей қосылуы XIX ғасырдың аяғында аяқталды.
Патша өкіметі Қазақстанда отаршылдық саясат жүргізді. Ол Қазақстанның шаруашылық және мәдениет саласындағы мешеулігін сол күйінде сақтап, қазақ халқын надандықта ұстауға тырысты. Орынбор шекара комиссиясының төрағасы Ладыженский 1847 жылы Орынбордың әскери губернаторы генерал Обручевке жазған қағазында бұл саясаттың негізгі принциптерін сипаттай келіп, Сыртқы істер министрлігінің Азия комитеті төрағасы қазақтар жөніндегі саясатта « . . . орда (қазақ даласы) патша үкіметінің қамқорлығынан тысқары тұратындай, сөйтіп даланы басқан надандық түнегінде селт етпей үнсіз жатып, алым-салық төлейтін мылқау, меңіреу күйінде қалатындай ету керек деген пікір басым болуға тиіс деген көзқарасты қолдайтынын» айтқан болатын.
Екінші бір құжатта - жоғары дәрежелі бір чиновниктің 1830 жылы Орынбор әскери губернаторы граф Сухтеленге жазған хаты да осы саясатты дәлелдейді: «Мен қырғыздардың (қазақтардың) қамын жеп, олардың көзін ашып, оларды еуропалық халықтардың дәрежесіне жеткізбек болатын филантроптардың осындай тілектеріне әуес емеспін. Қырғыздардың мәңгі-бақи көшіп жүретін малшылар болып қалуын, олардың еш уақытта егін екпеуін, ғылымды ғана емес, қолөнерін де білмеуін шын ниетпен тілеймін».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz