Қазақстанның көлік қызметтері саласындағы интеграциялық үрдістердің ерекшеліктерін ашып көрсету


ӘОЖ 339. 924:656 (574) Қолжазба құқығында
БОДАУХАН ГУЛБАҒДА
Көліктік қызмет көрсету саласында Қазақстанның басқа елдермен экономикалық интеграциясы: қазіргі жағдайы, даму болашағы
08. 00. 14 - Әлемдік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Диссертациялық жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалды
Ғылыми жетекшісі - экономика ғылымдарының докторы
Шелекбай Ә. Д.
Ресми оппоненттер - экономика ғылымдарының докторы
Мадиярова Д. М.
- экономика ғылымдарының кандидаты
Туркеева К. А.
Жетекші ұйым - «Тұран» университеті
Диссертация 2008 жылы «23» қыркүйек сағат 14. 00 Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі Д 14. 45. 10 ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі 55, 144 бөлме.
Диссертациямен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат « » 2008 ж таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы Текенов Ұ. А.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік экономиканың жаһандану жағдайымен экономикалық интеграциялануының барысында көліктік қызмет көрсету нарығының маңызы өте зор. Әлемдік шаруашылықтың дамуы өнеркәсіптік өндіріс пен көлік қызметтері шеңберіндегі көптеген мемлекеттердің біртұтастығымен және маңызды дәрежедегі интеграциялануымен сипатталады. Осы күнгі тауар нарығының ғаламдануы оның құрылымының қарқынды өзгеруі әр елдің көлік жүйесінің дамуына маңызды әсер ете бастады.
Қазақстанның халықаралық тауарлық және қаржылық нарықтарға шығу жағдайларында республика үшін елдің көлік торабының дамуы маңызды рөлге ие болып отыр. Қазақстан өзінің геосаяси орналасуы жағдайында, экономикалық әлеуеті мен тарихи дәстүрлерінің арқасында көлік шеңберіндегі әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне халықаралық интеграциясының белсенді жақтаушысы және көлік тасымалдарының дамуы саласындағы ғаламдық үрдістердің қатысушысы болып табылады.
Еуропаның, Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Азияның сыйымды және серпінді дамушы нарықтары арасында Еуразия құрлығының орталығында орналасқан Қазақстанның экономикасы көбінесе транзиттік мүмкіндіктердің жоғары әлеуетін тиімді пайдалануға тәуелді болып келеді. Республиканың көлік жүйесінің дамуына елдің үлкен территориясы (2725 мың км), халықтың шашыраңқы орналасуы (орташа шамамен 6 адам/ км 2 -ден аз), шикізаттық өндірістік ресурстарының біршама бір жерге орналастырылуы және т. б. әсер етеді.
Халықаралық талдау орталықтарының бағалаулары бойынша Оңтүстік - Шығыс және Шығыс Азия - Еуропа бағыттары бойынша транзиттік ағымдар 330 - 400 млрд. АҚШ долларына бағаланады, олардың 20% Ресей Федерациясы мен Қазақстанның территориясы арқылы өтуі керек. Бірақта әртүрлі себептерге байланысты Қазақстан аталған әлеуетті 10%-дан аз пайдаланады. Қазіргі уақытта шамамен 1, 5 млрд. АҚШ долларын құрайтын ішкі тасымалдардың көлемі 2010 ж экономиканың индикативті даму жоспарына сәйкес 8 - 9% - ға артып, 3, 6 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі мүмкін.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ұлттық деңгейде көлік жүйелерінің дұрыс емес дамуы өндіріс пен қызмет көрсету салаларындағы жоғары шығындардың өтелмеуіне, шаруашылық қызметтің барлық салаларының дамуының тоқырауына, аймақтардың өзара байланысының және еңбек ресурстарының жылжуының шектелуіне әкеледі. Транзитті - көлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану экономиканың ұқсас салалары мен орталарының жедел дамуын ынталандырады. Экономика мен көлік кешенінің дамуы диалектикалық бірлік пен бір-біріне объективті тәуелділікте болғандықтан да, Қазақстанның әлемдік көлік жүйесіне интеграциясы жолында мемлекеттің көліктік стратегиясын таңдауы қазіргі сатыдағы алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып табылады.
Қазақстанның көліктік қызмет нарығын қалыптастыру үрдісінің күрделілігі және оның әлемдік жүйеге интеграциясы берілген ғылыми зерттеудің өзектілігін негіздейді және тұрақты экономикалық өсудің стратегиясын жасап шығаруды жүзеге асыру үшін маңызы зор.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік аспектілеріне отандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстарының біршамасы арналған. Олардың ішінен А. Маршалл, Дж. М. Кейнс, Дж. Гэлбрайт, Л. Туроу, Г. Мюрдаль, Д. Рикардо, А. Смит, Р. Вернон, П. Кругман, М. Портер, В. Леонтьев, Б. Олин, Э. Хекшер және т. б. ғалым -экономисттерді атауға болады. Аталған еңбектерде әлемдік шаруашылық байланыстардың ғаламдануы жағдайында интеграциялық үрдістердің жалпы теориялық мәселелері қарастырылған.
Мемлекеттердің халықаралық экономикалық интеграциясының маңызды бағыттарының бірі ретінде қызмет көрсету саласының қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне Е. Ф. Авдокушиннің, Г. А. Гранбергтің, Б. Г. Дякиннің, А. Н. Козыревтің, Э. Г. Кочетовтың, А. А. Кочетковтың, В. М. Кутовтың, Н. М. Мухитдинованың, В. Е. Рыбалкиннің, Б. Н. Смитиенконың, Ю. А. Щербанинің, И. П. Фаминскийдің және басқа ғалым экономистердің жұмыстары арналған.
Жалпы экономикалық интеграцияның жәнеде Қазақстан республикасындағы көлік қызметтері нарығының объектісі ретінде көлік қызметтері нарығының қазіргі жағдайының маңызды ғылыми зерттеулері атап айтқанда, Е. М. Арыновтың, Н. К. Исингариннің, Е. Д. Атамқұловтың, Х. З. Арбатиевтің, Қ. Қ. Жанғаскиннің, Ю. Н. Лавришенконың, В. М. Лившицтің, К. Мадалиевтің, Ы. Ташбаевтың, Л. Ф. Сухованың, Х. С. Карибжановтың, Г. И. Тулеугалиевтің т. б жұмыстарында қарастырылған.
Қызмет көрсету саласындағы халықаралық интеграциялық үрдістерді түбегейлі түрде зерттеумен айналысатын отандық және шетелдік авторлардың еңбектерінің көптігіне қарамастан, аталған мәселенің көптеген аспектілері жеткілікті түрде зерттелмеген, жоғарыда аталған үрдістердің жүзеге асырылу механизмі мен мәнін түсінудің теориялық және әдістемелік негіздерінде зерттеуді қажет ететін мәселелер бар. Көлік қызметтері саласындағы елдің экономикалық интеграциясының теориялық және тәжірибелік аспектілерінің Қазақстанда жеткілікті зерттелмеуі аталған мәселенің теориясы мен тәжірибесін тереңдетіп зерттеу қажеттілігін алға қояды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертацияның мақсаты - көлік жүйелері саласындағы халықаралық экономикалық интеграцияның объективті әлеуметтік-экономикалық алғышарттары мен теориялық негіздерін кешенді - жүйелік зерттеу және Еуразиялық құрлықтың орталығында орналасқан ел ретінде Қазақстанның көлік қызметтері саласындағы интеграциялық үрдістерінің даму нысандары мен механизмдерін жасап шығару болып табылады.
Зерттеу мақсаты келесідей міндеттерді алға қоюды негіздеді:
- шаруашылық байланыстардың интернационализациясы мен ғаламдануының заңдылық нәтижесі ретінде халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық-әдістемелік аспектілерін қарастыру;
- елдердің халықаралық экономикалық интеграциясының маңызды бағыттарының бірі ретінде қызмет көрсету саласын зерттеу;
- ұлттық заңнамалар, қызмет көрсету саудасын ұлттық реттеудің қағидалары мен әдістерінің ерекшеліктері негізінде Қазақстандағы көлік қызметтері нарығының қазіргі жағдайын қарастыру және зерттеу;
- елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы ретінде Қазақстанның көлік қызметтері саласындағы интеграциялық үрдістердің ерекшеліктерін ашып көрсету;
- Еуропаның, Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Азияның сыйымды нарықтары арасындағы кеңейтіліп жатқан жүк айналымдарының жағдайында Қазақстанның транзитті-көліктік әлеуетінің дамуы бойынша ұсыныстар жасап шығару;
- теміржол, автомобиль, теңіз және әуе көліктері қызметтері бойынша әлемдік көлік жүйесіне Қазақстанның интеграциялануының негізгі жолдарын анықтау мен негіздеу;
- көмірсутекті шикізаттарды өспелі өндіру және оны тасымалдау мәселелері негізінде көлік қызметтері саласындағы Қазақстанның экономикалық интеграциясының басымды және оптималды бағыттары бойынша ұсыныстар жасап шығару.
Жұмыстың зерттеу объектісі - елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының факторы ретінде көлік қызметтері саласындағы халықаралық экономикалық интеграцияны жүзеге асыратын Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің көлік жүйелері болып табылады.
Зерттеу пәні. Еуразиялық континенттің орталығындағы елдің ерекше геостратегиялық орналасуы негізінде көлік қызметтері саласындағы Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциясының үрдістері болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі - қызмет көрсету саласындағы халықаралық экономикалық интеграцияның, атап айтқанда, интеграциялық үрдістердің дамуының басымды бағыттарының бірінің контекстінде қарастырылып отырған көлік қызметтерінің мәселелерімен айналысатын ТМД-ның және шетел ғалымдарының ғылыми зерттеулеріне негізделеді.
Зерттеу кезінде әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды: абстрактілі -логикалық әдістердің ғылыми тәсілдердің жиынтығы, экономика- статистикалық, бағдарламалық - мақсатты әдістер, сонымен қатар салыстыру, жинақтау, экспертті бағалаулар мен болжау әдістері.
Зерттеу үрдісі кезінде ДСҰ - ның, Халықаралық экономикалық комитеттің, Кедендік Одақтың Интеграциялық комитетінің, ЕурАзЭҚ-тың, БЭК-тің жылдық есеп берулерінің жобалары мен құжаттары, ТМД - ның, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің статистикалық материалдары, көлік пен қызмет көрсету салаларының интеграциясы мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың нормативті - құқықтық актілері мен басылымдары пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - көлік қызметтері саласындағы Қазақстанның экономикалық интеграциясының даму болашағымен байланысты мәселелер кешенінің шешілуі, теориялық негізделуі.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдамалар. Зерттеу нәтижесінде қорғауға келесідей нәтижелер шығарылды:
- АҚШ - Еуропа - Оңтүстік Шығыс Азия мен Қытай үшбұрышында көліктік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның интеграциялық үрдістерінің географиялық және геосаяси мәні ашылды;
- Трансазиялық теміржол магистралының Солтүстік, Орталық, Ортаазиялық және Батыс дәліздері бойынша транзиттік жүк ағымдарының және жолаушылар ағымының көлемін көбейту үшін көліктік қызмет көрсетуде даусыз артықшылықтарды құру ұсынылды;
- «Солтүстік - Оңтүстік» және «TRASECA» халықаралық көлік дәліздері бойынша автомобиль жолдарымен жүк тасымалдауда технологиясы бойынша көліктік қызмет көрсетудің мультимодальды нысандарына, ал ұйымдастырылуы бойынша көліктік қызмет көрсетудің унимодальды және интермодальды нысандарына өту ұсынылды;
- Бірқатар мұнай газ құбырлары тораптарын кеңейту және жаңаларын салу арқылы Қазақстанның мұнай газ құбырлары желісін әлемдік құбыр жүйесіне интеграциялау ұсынылды.
Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік мәні. Еуразиялық аймақтағы көлік қызметтері саласындағы халықаралық интеграциялық үрдістердің маңызды бағыттарын ашып көрсететін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұжырымдардың бірқатары ЕурАзЭҚ-тың, БЭК-тің және басқа да интеграциялық топтардың құрамына кіретін елдер дамуының стратегиялық бағытын жасап шығару үшін пайдаланылуы мүмкіндігінде.
Ғылыми жұмыста қалыптастырылған негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар әлемдік нарыққа мұнай мен газды тасымалдау және көлік қызметтері саласындағы халықаралық интеграциялық үрдістердің дамуы мәселелері бойынша ары қарай теориялық зерттеулер мен әдістемелер жасап шығаруда пайдалану үшін, сонымен қатар нақты бағыттар бойынша келіссөз үрдістерінде және интеграциялық ынтымақтастықтың тереңдеу шараларында пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерінің апробациясы мен өндіріске ендірілуі. Негізгі ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстар халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциялар мен семинарларда қарастырылып, талқыланды: «Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары» халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясында (Алматы 2004 ж, 11-14 мамыр), «Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар» халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияда (Алматы 2005 ж. 18-15 мамыр), «Жастардың тілегі жасампаз Қазақстан» Алматы аймағындағы жоғары оқу орындарының студенттер, аспиранттар және жас ғалымдардың ғылыми конференциясында (Алматы, 2006 19-20 сәуір), «ТМД елдерінде экономиканың дамуы мен экономист мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Тараз, 2005, 17 маусым) .
Диссертациялық зерттеу нәтижелерінде алынған ұсыныстар мен кеңестер:
- «INKAZTRANS» автокөлік кәсіпорнының қызметіне енгізілген.
Зерттеу нәтижесінің басылымдарда жарық көруі. Диссертациялық зерттеудің тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3, 4 б. т. болатын 8 жұмыс жарияланды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыс 19 кестеден, 7 суреттен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Геоэкономикалық кеңістіктегі қызмет көрсету саласының басымдылығы мен жедел даму қарқындары ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы маңызды экономикалық көрініс болып табылады. Қызмет көрсетудің әлемдік нарығы бүгінгі күні өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістің даму қарқындарынан артып, 2 есеге өсті. Қызмет көрсету саласы қазіргі уақытта әлемнің әртүрлі елдерінде жалпы ұлттық өнімнің 60% - дан 70% - ға дейін құрауда және көптеген елдердің бәсеке қабілеттілігі қамтамасыз етілуде.
Диссертацияда көрсетілгендей, қызмет көрсету қоғамдық - пайдалы қызметтің түрі ретінде тұтынушыларға нақты пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар олардың өндірушілеріне белгілі бір ақшалай табыс алуға мүмкіндік береді. Кез келген қызмет көрсету дегеніміз - қызмет көрсетуші мен қызметті тұтынушы ретінде қызмет ететін екі заңды тұлғалардың арасында заңды, қаржылық, ұйымдастырушылық, технологиялық өзара қарым-қатынастардың пайда болуы деп түсінуге болады.
Сонымен қатар, қызмет көрсетулердің кәсіпкерліктің шағын және орта нысандары шеңберінде қарқынды даму мүмкіндігінің сипаты бар, оны өнеркәсіптік өндіріс кезінде ұйымдастыру өте қиын, және мұнда нарықтық экономиканың қызмет етуінің көптеген мәселелері шешіле отырып, көптеген жұмыс орындары ұсынылады. Қызмет көрсетулердің аталған сипаттамаларының жиынтығы әлемдік экономикалық кеңістіктегі жедел дамудың негізі болды (1 - кесте) .
Төмендегі кесте қызмет көрсету саласы дамуының артықшылықтарын және әртүрлі елдер бойынша олардың өсу тенденцияларын байқауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кестеден көрініп тұрғандай, АҚШ, Германия және Жапония сияқты елдерде халық шарушылығының экономикасындағы қызмет көрсетудің үлесі сәйкесінше 29% - дан 53% - ға, 47% - дан 59% - ға, 40% - дан 68% - ға өсті. Қызмет көрсету өсімінің жоғары қарқындары Франция мен Ұлыбританияда байқалуда.
1 - кестеде және басқа да халықаралық статистикалық ақпараттардан диссертациялық жұмыста ұсынылған қызмет көрсету саласының жедел дамуы қазіргі уақытта өндірістік салалардың, атап айтқанда, өнеркәсіптік дамудың мәнін ығыстырып кез - келген елдің бәсеке қабілеттілігінің қалыптасуының маңызды көздерінің біріне айналды деп тұжырым жасауға болады. Егер бұрынғы уақытта ел экономикасының өсуі үшін ғалымдар өнеркәсіптік өндірістің өнімдері ұлттық ЖІӨ - нің 40% - нан кем емес болуы керек деген болса, онда қазіргі уақытта олар бұл мәнді 20% - ға дейін төмендетті және қазіргі уақытта оны мемлекеттің табысты дамуының әдісі ретінде қызмет көрсету саласының жедел өсуінің қажеттілігімен ауыстырды.
1- кесте - ХХ ғасырдың аяғындағы әлемнің дамыған елдері бойынша халық шаруашылығы секторларының даму динамикасы
қызмет көрсету
саласы
Диссертацияда атап көрсетілгендей, қызметтердің басқа түрлерімен салыстырғанда әлемдік шаруашылықтағы қызмет көрсету саласының тез дамуына ақпараттық технологиялар, тұрғын үй құрал - жабдықтары және жалпы құрал - жабдықтар саласындағы қазіргі ғылыми - техникалық революция көпжоспарлы әсер етті. Нәтижесінде жоғары дамыған шетел елдердегі материалдық өндірістің ірі масштабты құрылымды - технологиялық қайта құрылуы оларда қызмет көрсету саласы дамуының маңызды факторына айналды (2 - кесте) .
Әлемдік экономикада соңғы онжылдықта қызмет көрсетудің халықаралық саудасының мәні артуда. Қазіргі уақытта қызмет көрсетудің әлемдік экспорты халықаралық айырбастың шамамен ¼ - ін құрайды. Бүгіннің өзінде қызмет көрсетудің халықаралық саудасы өспелі түрде дамып, тауар айналымы өсімінің қарқынынан артып жатқандықтан, бұл сала халықаралық ынтымақтастықтың басты облысына айналады деп болжауға болады.
2-кесте - Дамыған шет елдердің макроэкономикалық көрсеткіштеріндегі қызмет көрсету саласының үлесі (%)
Қызмет көрсету саласының тез өсуінің басты себептерінің бірі, ең алдымен әлемнің көптеген елдерінде экономика кемелденуінің жоғары дәрежесіне және тұрғындар өмірінің жоғары деңгейіне қол жеткізілуінде. Индустриалды дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, нарықтың тауарлармен толтырылу шамасына қарай сұраныс ең алдымен қызмет көрсетулерге өседі. Компьютерлерді, өнеркәсіптік роботтарды, өндірісті басқару мен жобалаудың толығымен автоматтандырылған жүйелеріне жаппай енгізу нәтижесінде тірі еңбекке деген өнеркәсіптік қажеттіліктері төмендейді. Босатылған жұмыс күші қызмет көрсету саласына ауысады. Қызмет көрсету саласындағы жұмыс бастылар санының өсімі байқалуда.
Американдық статистика берілгендері (Washington DC, 2005) негізінде ұсынылған 1 - суреттен көрініп тұрғандай, қызмет көрсету саласы тез дамып қана қоймай, сонымен қатар еңбек кадрларымен жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін үнемі шешіп отыруы қажет. Кейбір тауарлар қызмет көрсету саласының дамуынсыз тұтынушыға дейін жеткізіле алмайды, ал қызмет көрсету саласы көбінесе тауарлардың өндірісісіз қызмет ете алмайды, яғни өндіріс пен қызмет көрсету өзара байланысты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласымен де осындай байланысты анықтауға болады.
Халық шаруашылығының әртүрлі салаларында Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріндегі жұмыс орындары санының өсуі 1-суретте көрсетілген.
1-сурет - Өндіріс салаларында жұмыс бастылардың өсу қарқындары, %
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz