Құқықтық тәрбие берудегі мектептің ролі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе: . . . 3

  1. Мектептегі құқықтық білім беру және

тәрбиелеудің жүйесі . . . 7

  1. Құқықтық тәрбие берудегі мектептің ролі . . . 17
  2. Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мектептен

және сыныптан тыс түрлері . . . 24

  1. Ұлттық құндылықтардың негізінде азаматтық

болмысты қалыптастыру . . . 26

2. 1. Азаматтық-құқықты оқытудың тиімді жолдары . . . 29

2. 2. «Қазақстан Республикасының Президенті»

атты сабақ . . . 33

Қорытынды: . . . 41

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 45

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жас ұрпақтарға құқықтық тәрбие беру қазіргі көшпелі кезеңімізде маңызды орынға иеленуде. Сондықтан, өмір сүру және әрекет жасау, қоғам тұрмысы ережелерін, Қазақстан Республикасы заңдарын бұлжытпай сақтаудың қажеттілігін дағдыландыру мектептің міндеті.

Мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі- оқу тәрбие жұмысының барлық құралуы бөлшектері құқықтық тәрбие беруге қызмет істеуі қажет. Мәселен оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырудың, жауаптылық сезімін көтерудің, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайтудың тиімді жолдары мен тәсілдерін, мазмұны мен түрлерінің ерекшеліктері баршылық. Себебі, құқықтық сана қоғамдық сананың ерекше түрі, ал құқықты алатын болсақ, ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның бірыңғай ұйымдасып, салауатты өмір құруын қамтамасыз ететін күшті құрал болып есептеледі. Құқық қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Құқық қоғам өмірінің барлық салаларына солардың ерекшеліктерін ескере отырып өзінің пайдалы, прогрессивтік әсерін тигізеді.

Құқық азаматтардың бостандықтарын, құқықтарын, міндеттерін жариялап, жүзеге асырылуына заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді.

Құқықтық нормалар және актілер адамдардың іс- әрекеттерінің, мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабыл- данған ережелерге сай келуін талап етеді. Осы талаптарға сай әрекет жасау үшін оларды білу қажет. Құқықтық нормалардың баршаға қатысы болғандықтан оларды білу, олардыңталаптарын орындау әр азаматтың борышы, міндеті. Адамның құқықтық сана сезімін қалып- тастыруды неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым оның пайдасы да, әсері де тиімді болады.

Арнаулы түрде жүргізілетін құқықтық тәрбие берудің жұмысының алға қоятын мақсаты :

біріншіден- жас ұрпақтарды Қазақстан Республикасы заңда- ры мен құқықтық тәртіпті шексіз сыйлау рухында тәрбиелеу.

екіншіден- мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенді- лікпен қатысып, тәуелсіз отанды қорғауға әрқашан да дайын, еліміздің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті адамдарды тәрбиелеу.

Осы мақсатқа жету үшін құқықтық тәрбие берудің алдына қойылатын міндеттері мынадай:

  1. Мемлекет пен құқық туралы білімді меңгеру. Мемлекет, құқық, заң туралы мағлұматтар күрделі және қиын болғандықтан, құқық-тық тәрбие жұмысын жүргізгенде оқушылардың жас ерекшеліктерін де ескерген жөн. Бірақ кішкене балалар, бастауыш мектептегі оқушылар мемлекет пен заңның не екенің түсінбейді деу жеңіл ойлылық және дәлелсіз пікір. Мектепесігін ашқаннан бастап балалар оқу орнының ерекшелігіне сәйкес қабылданған заң талаптарымен ұшыраса-ды.
  2. Құқықтық тәрбие берудің келесі міндеті мемлекет пен заңдар-ға оқушылардың құрметпен қарау сезімін қалыптастыру.
  3. Құқықтық тәрбие тек құрғақ білім таратудың жолы емес. Оның негізгі міндеттерінің бірі заң талаптарына сәйкес мінез- құлықты қалыптастырып, оны дағдыға, әдетке айналдыру. Демек, құқықтық тәрбие оқушылардың мінезіне, жүріс-тұрысына, әдетіне дұрыс, жағымды әсер етіп, заңды құрметтейтін, заңға, оның талабына сәйкес әрекетке дайын азаматтар дайындауға бағытталған. Әрине, көптеген жасы толмағандардың заңды бұзбауы тек құқықтық тәрбие жұмысының нәтижесі деп айту асырап сілтеушілік болар. Себебі кейбір жағдайларда оқушылардың заңға сәйкес мінез-құлықтары басқалар- дың / үлкендердің, өз құрбыларының / әрекетіне еліктеуден болуы мүмкін. Бұл әдетте стихиялы түрде қалыптасатын мінез- құлық. Ал құқықтық тәрбие беру оқушылардың заңға сәйкес мінезін қалыптастыруды мақсат етіп қойып, оны жүйелі түрде үздіксіз жүргізіп отыру жұмысы.

Мәселе тек жеке адамның өз мүддесі үшің құқықтық санасын қалыптастыруда емес. Қазақстан Республикасының азаматы көпшіл, халық үшін қызмет істейтін адам болуы керек. Демек, құқықтық тәрбиенің маңызды бір міндеті- оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру, қандай да болсын заң бұзушылыққа ымырасыз болуға баулу. Осыған байланысты оқушыларға түсіндіретін жағдай- қажетті тәртіпті тек мемле - кеттің заң қорғайтын органдарының қызметі арқылы толығы- нан орнатуға болмайтындығына, бұл мәселені ойдағыдай шешу үшін барлық азаматтардың бірдей осы іске белсене қатысуы керектігіне көзін жеткізу. Осындай тәрбие жұмысы арқылы оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптас- тырып, оларды нақтылы іске тарту. Кәмелетке толмаған жастардың арасында заң бұзушылықтың орын алып отырғанының негізгі себебі- оларға дер кезінде құқықтық тәрбие берілмей, олардың өз азаматтық борышын түсінбеуінің, сезінбеуінің салдары.

5. Сонымен құқықтық білім алу нәтижесінде оқушылардың азаматтық белсенділігі қалыптасса, оның қоғамдық мәні бар екені сөзсіз. Осындай белсенділікті әлеуметтік- құқықтық белсенділік деп атайды. Әрине әлеуметтік- құқықтық белсенділік тек құқықтық маңызы бар жұмысқа қатысу арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жұмысқа оқушылардың мектеп ішінде де, мектептен тыс жағдайда да қатысуға көптеген мүмкіншіліктері бар. Мектеп ішінде оқушылардың құқықтық санасының дәрежесі олардың өзін-өзі басқару жұмысына басқа да мектептегі ұйым- дардың қызметіне қатысуынан байқалады.

Осы аталған міндеттер шын мәнінде орындалып, жүзеге асырылса ғана құқықтық тәрбие беру жұмысы мақсатына жетеді деуге болады.

Практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысының материалдарын оқытушыларға көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

1 . Мектептегі құқықтық білім беру және

тәрбиелеудің жүйесі

Баланың әлеуметтік, рухани,

саналық, физикалық дамуына қажет

өмір деңгейін қамтамасыз етуге

мемлекет әр баланың құқығы бар

екенін мойындайды.

(Бала құқықтарын қорғау туралы

Конвенция)

Құқықтық білім беру және тәрбиелеу жүйесінің даму мониторингі

1. Құқықтық білім беру жүйесінің дамуын мониторингтеудің шешетін негізгі міндеттері:

- Құқытық білім беру және тәрбиелеу жүйесінің жағдайы жайлы біртұтас хабар алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштер құрылымын жасау.

- Жоғарыдағы мәселенің дамуы мен жағдайы туралы ақпаратты жүйелендіру.

- Құқықтық білім беру және тәрбиелеу жүйесінің дамуы мен жағдайын болжау және санау оның ақпаратпен қамтамасыз ету және жетекшілік шешімдерін жасау.

Мониторингтік функциялары:

  • Диагностикалық құқықтық білім беру мен тәрбиелену жүйесінің жағдайы мен болып жатқан өзгерістерді сканерлеу.
  • Мемлекет, республика аймақтардағы «құқықтық мәдениет» бағдарламасы бойынша тәрбиелену мен білім беру жағдайлары салыстыру үшін мүмкіндік жасау.
  • Эксперттік - халықтар (формалар), әдістер, компоненттердің экспертизасын жасау.
  • Ақпараттық - жоғарыдағы жүйесінің дамуы мен жағдайы туралы бағдарлы ақпарат алу.

Мониторлық қызмет құқықтық білім беру және тәрбиелеу проблемалары бойынша мониторингтік шараларды ұйымдастыру және қамтамасыздандыру, ақпаратты өңдеп ұсыну, жинауды қамтиды.

Осыдан келесі негізгі сатыларды бөліп айтуға болады:

«Құқықтық мәдениет» бағдарламасын енгізу үшін жағдайлар мен факторларды сынау.

«Демократиялық қоғам және құқықтық сана» тақырыбы бойынша өткізілген тестілеу келесідей мағлұмат береді:

  • Оқушылар «құқықтық сана» деген не екеніне жауап беруге қиналады.
  • «Заңдылық» және «Әділдік» ұғымдарын шекараламайды, өйткені шын өмірде бұл екі ұғым әр кез ұласа бермейді.
  • Қоғамдық және жеке қызығушылықтардың арасында үлкен айырмашылық бар.

2. Жүйенің жұмыс істеу кестесін жасау.

Оқушылардың неге үйрену керектігін анықтау:

  • Құқықтық құндылықтарды білу, және оларды іс-жүзінде жүзеге асыру.
  • «Құқықтық сананың» ең жоғарғы деңгейін баулу. Ол тек қана заңға сәйкес өмір сүру емес, сонымен қатар құқықты белсенді болу егемен және демократиялық мемлекеттің жоғарғы құндылығын кез келген жерде бекітуге ұмтылу.
  • Өз істері мен қылықтарға ие болуға және міндетті атқаруға мүмкіндік.
  • Қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, тарихи және мәдени мұраны дәріптеу.
  • Жеке тұлғаның бойында қоғамдық өмірдің толыққанды мүшесі болатындай қасиеттер қалыптастыру.

3. Жұмыс тәжірибесінен алған хабарды халықтандыру.

Құқықтық білім беру және тәрбиелеу жұмысының бұл сатысы төменде көрсетілген.

Мақсаты мен міндеттері:

  • Адамзаттық құндылықтар негізінде оқушылардың тұлға ретінде даму мен қалыптасуына жағдай жасау.
  • Құқықтық ойлауды қалыптастыру; құқықтық мәдениет шарттарын білу; Қазақстан Республикасының азаматының құқықтары мен міндеттеріне жауапты қарау.
  • Қазақстан Республикасының құқықтану негіздерін оқу; Егеменді елдің мемлекетті - құқықты дамуын білу.
  • Кәсіптік бағдар беретін арнайы курстар енгізу.
  • Профильді құқықтық сыныптар ашу.
Профильді: Профильді
Профильді:
Факультативтік курстар
Профильді:
Жалпы мәдени орта
Профильді:
Қолданбалы қамтамасыздандыру
Профильді: "Құқықтану"
Валеология және т. б.
Информатика

Кәсіптік ядро

Арнайы пәндер оқыту, криминалистика, самбо, құқық қорғау, орындарында тәжірибеден өту

Шетел тілі
Дүниежүзі тарихы
Құқықтану негіздері
Профильді:
Риторика және шешендік өнер
Профильді:
Әлем әдебиеті
Профильді:
Юриспруденция негіздері
Профильді:
Класстар

Қазіргі кезде азаматтықты тәрбиелеу білім беру және жалпы тәрбиелеу сияқты маңызды міндет екені белгілі болды. Экономикалық қалыптар, яғни формациялар, саяси, ұлттық және тағы басқа бағдарлар ауысқан тарихи өзгерістер кезеңіндегі қоғам. «Азамат болу ол - өз-өзінді мемлекет ойына дейін келтіру» - деп жазған Ф. М. Достоевский.

Құқық, жауапкершілік, қарыз, азаматтық қоғам еркіндік, Отан, халық сияқты ұғымдарды біз қазір өте болжамды түсінеміз. Бұл мәселені жою, оқушыларға құқықтық білімнің негізін беру, құқықты мемлекетте жұмыс істеу, белсенді өмірлік позицияны тәрбиелеуге, құқықтық білім беру және тәрбиелеу жүйесі арналған.

Бұл құқықтық білім беру және тәрбиелеу жүйесіне біз көптен бері келе жатырмыз. «Мектеп біріншіден балаға не беру керек?» деген тестілеу және анкеттеу де келесі мәселені көрсетті.

Ряд 1 - білім

Ряд 2 - қоғамдық жұмыс тәжірибесі

Ряд 3 - мәдени мұра

Ряд 4 - әлеуметтік қарым-қатынас тәжірибесі

Ряд 5 - әдістемелік жұмыс тәжірибесі

Ряд 6 - өзіндік өмір сүруге дайындық

Келесі курстарды қамтитын «Құқықтық мәдениет» бағдарламасы мектептің 1-11 сыныптарына жасалды.

1-4 сыныптар - Азаматтану

5-6 сыныптар - Адамтану

7 сынып - Азамат әліппесі

8 сынып - Құқық негіздері

9 сынып - Мемлекет және құқық негіздері

10 сынып - Құқықтану

11 сынып - Юриспруденция негіздері

Бұл әр саты оқушының өзіндік өсу қарқынын анықтау негізінде білімге, адам құқықтары мен қоғам дамуының заңдылығын анықтайды. Мұндай кезеңге бөлу, оқушыға білім беру қарқынын жүйелейді: яғни, өнегелі - этикалық қатынастардың нормаларымен адам құқығы туралы білім негізін меңгеріп алудан бастап, тиісті документтер мен адам құқығын қорғау және мамандығын таңдауына бағыт беріп жүзеге асырылды.

1-4 сынып программасы балаларға «Өзін-өзі тәрбиелеу», «Құқық» өзін дұрыс ұстай білу мен сөйлеу мәдениеті, зиянды әрекеттер мен олардың бала организіміне келтіретін зияны туралы түсініктер береді. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін көңілге ала отырып, сабақ барысы әр түрлі формалармен оқыту әдістемелерден құрылады.

Дәстүрлі сабақ болып, өнегелі сабақтар болып табылады. «Мейірімділік дегеніміз не?», «Өзін-өзіне саяхат», логика сабақтары тәжірибелік сабақтар және стандартты емес жағдацларға шешім табу.

5-6 сынып оқушылары «Адамтану» курсында билік, жеке тұлға деген түсініктерді оқытады. «Құқық және мораль», «Меншік» деген сияқты негізгі экономикалық құқықтық терминдермен танысады және Бала құқықтарын қорғау туралы Конвенция мен адамзат тарихындағы адам құқығы туралы оқиды. Бұл сабақтың негізгі өткізу формасы - рольдік ойын болып табылады.

«Азамат» әліппесі курсы белгілі бір білім қоры бар оқушыларға арналаған. «Қоғамдағы реформалар», «Ұлтшылдық пен экстремизм», «Егемен мемлекет», «Жанжал», «Міндеттер мен құқықтар», «Қазақстан халқы» - міне осындай сұрақтардың шешімін диспут ретінде өткізілген сабақтарда реферат және авторлық жұмыстарын қорғау кезінде әртүрлі формаларда өткізіледі.

8 сынып оқушыларының «Құқықтарының негіздері» программасында 4 негізгі тақырыпты қосады. Олар «Адам құқығы дегеніміз не?», «Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері тарихы», «Құқықтану әліппесі». Мұндай сабақтарға юристарды, прокуратура қызметкерлерін және жоғарғы оқу орнындағы заң факультетінің студенттерін шақыруға болады. Мұндай қызықты сабақтар мен ойын сабақтарға оқушылар қызыға да бар үлесін қоса қатысады.

9 сыныптан бастап мектепте профильді құқықтық білім беру енгізіледі. Мұнда үміткерлер әдейі іріктелген комиссия арқылы тестілеу және әңгімелесу арқылы іріктеледі. Оған қойылатын талаптар өте қатаң - бұлар, ең бірінші - үлгерімі, жеке бастың қасиеттері мен денінің саулығы. Бұндай сыныптарда шетел тілінің, информатика, тарих және мемлекет, құқық негіздері пәндерін тереңдетіп оқытылады.

Сонымен қатар «Криминалистика», «Юриспруденция негіздері», «Құқықтану» сияқты арнайы курстар енгізілген.

«Құқықтану» мен «Юриспруденция негіздері» сабақтары оқушыларды Қазақстан Республикасының Кодексі мен басқа да құқық институттарымен таныстырады. Бұл сабақтарда оқушылар құқық салаларымен, құқық қорғау органдарының қызметін және сот процесінің ерекшеліктері туралы оқып біледі. Бұл сабақтар әр түрлі формалар ұстанады.

Бұл сабақтар тек таныстыру тәсілін ғана емес, оқушылардың өздерінің

көздеген көз-қарастары мен мақсаттарын дәлелдеуге және өзінің қисынды да салауатты сөйлеу құрылымы мен өзін-өзі көпшілік алдында ұстау шеберлігін үйретеді.

Оқу жылы аяқталу барысында оқушылар бүкіл пәндер арқылы сынақ тапсырады.

Ал, 9-10 сынып оқушылары жазғы іс-тәжірибесін қалалық немесе аудандық прокуратурасында өткізіп, юрист қызметімен жетік танысады. Архивте жұмыс істеумен қатар, олар қалалық немесе аудандық құқық қорғау органдарының пайда болу тарихымен танысады және милиция ардаргерлерімен кездесулер өткізеді. Прокуратура қызметкерлерінің келісімімен олар соттық отырыстарда және қалалық ішкі істер басқармасы және ЖІІ қызметкерлермен жүздесе алады.

1998-1999 оқу жылдары

Құқықтық бағытпен сәйкес мектепте тәрбие жұмыстары да құрылуы қажет. Азаматтық-құқықтық білім беру мен тәрбиелеу орталығы кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен қоса, ата-аналармен жұмыс істеу және коллективтік шығармашылық жұмыста

Бұндай жұмыстармен істеген мектеп бағытын қорытындылай келе, біз тағы да бұл таңдаудың актуалдығына көзіміз жетеді. Біздің республикамыздың болашағы бүгінгі таңдағы біздің балаларымыздың қаншалықты ар-намысы мен абыройы қорғалатындығы және болашақ азамат болуына мүмкіндік алуы.

Біз құқықтық мемлекет құрып отырмыз, біздің балаларымыз тек өз ойлары мен алға қойған мақсаттарына жету, армандарын орындалуын көздеу.

Ал баланың мектеп қабырғасынан құқықтық қатынастан сауатты болып, өзінің мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық борышын өтеу туралы білгендігі халықтың ғана емес, бүкіл мемелекеттен де байланысты.

Жалпы білім беру мекемелерінде құқықтық білім беру және тәрбиелеу жүйесін оқушыларға менің ойымша басты актуалды келесі нәтижлері береді.

  • Оқушыларда қоғам және мемелекет, әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың терең формаларын түсіну
  • Жалпы адамзаттық құндылықтарының орнығуы мотивизациялары мен құрылымымен құрылады.
  • Қоғам мен мемлекеттің жұмыстарына патриоттық және интернацоналдық сезімдердің өсуі.
  • Құқықтық біліктіліктің деңгейінің жоғарылауы жүреді.

1. 1 Құқықтық тәрбие берудегі мектептің ролі.

Жалпы білім беретін мектеп- жасы толмағандарға жүйелі түрде білім, тәрбие беретін ең маңызды әлеуметтік мекемелер- дің бірі. Сонымен қатар мектеп оқушыларға заманымыздың талабына сай, лайықты құқықтық білім беріп олардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыратын ағарту орны болуы тиіс. Мектептің міндеті- Қазақстан Республикасының заңдарын және қоғам тұрмысы ережелерін мүлтіксіз орындауға баулу мектептің жастарға құқықтық тәрбие беруге және құқық бұзушылықтың алдын алуға зор мүмкіндігі бар тиімді әлеуметтік ұйым болуының бір себебі- балалардың мектепте оқитын шағы- адамның сана- сезімінің қалыптасуының ең бір нәтижелі кезеңі. Сондықтан мектеп оқушыға алғашқы күннен бастап қоғамның қатаң және шүбәсіз талаптарын қойып, оны лайықты мінез - құлық ережелерімен жабдықтандырылуы қажет, сөйтіп оған қандай әрекеттің жақсы екенің, алқайсысы үшін жазалануы мүмкін екенің түсіндіруі керек.

Мектептен тыс қалған балалар қажетті білім, тәрбие

алмағандықтан құқықтық тәртіпті, заңды бұзушылар қатарына қосылып кетуі мүмкін. Өмірде көп жағдайда осылай болады да жасы толмаған қылмыскерлердің басым көпшілігі мектепті тастағандар, қаңғыбастыққа салынып, үйінен безіп кеткендер.

Демек, оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру тек қана құқықтық тәрбие жұмысы арқылы жүзеге асырылмайды

Мектепте күнделікті жүріп жататын барлық оқу- тәрбие қызметін ұйымдастыру жұмысының оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға тікелей немесе жанамалап қатысы бар.

Біріншіден - бұл мектеп әкімшілігінің қызмет істеу тәсілдері. Мектеп басшылары өз қызметін тек бұйрық беру тәсіліне негіздеп, мектепке, барлық оқу тәрбие жұмысына маңызы бар мәселелерді қоғамдық ұйымдармен ақылдаспай өздері ғана шешуі мумкін. Мұндай қызмет тәсілі оқушылардың ынта-жігерін ширақтандырып, дамытпайды, керісінше олардың қоғамдық белсенділігіне тұсау болады. Егер мектеп әкімшілігі қызметін демократиялық тәсілге негіздеп жүргізетін болса, сонда ғана оның оқушылардың құқықтық санасын дұрыс қалыптасты- руға жағымды әсері болуы сөзсіз.

Екіншіден - оқушылардың құқықтық сана- сезімін қалыптасты руда мектеп көлемінде заңдылықтың күйінің хал-жағдайының үлкен әсері болуы да қүмән келтірмесе керек.

Үшіншіден - оқушылардың сана-сезімінің қалыптастыруына мектептен тыс әлеуметтік өмір жағдайларының әсері мол. Адам-ның мінез-құлқының ерекшелігі, адамгершілік, құқықтық көзқарасы алдымен жанұяда қалыптасады. Статистикаға және арнайы жүргізілген зерттеулерге қарағанда заңмен қайшылыққа түсуі негізінен жанұядағы жан-жүйкенің күйзелісінің әсері, ата-аналардың ажырасуының, немесе басқа да қайғылы жағдайлар- дың салдары екені анықталып отыр. Демек, балалардың құқықтық санасының қалыптасуында жанұяның атқаратын ролі орасан зор. Халқымыз тегін айтпаған: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады », деп. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясының 27- бабында «Ата-аналар балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу- ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген. Демек, құқықтық тәрбие өз мақсатына жету үшін балалар жанұяда дұрыс тәрбие алуы керек. Қоғам өмірінің жалпы жағдайы, заңдылықтың хал-жайы да оқушылардың сана-сезіміне үлкен әсер ететіні күмәнсіз.

Сонымен мектепте құқықтық тәрбие жұмысы ұйымдастырылып жүзеге асқанда, айтылған жағдайлардың барлығы ескеріліп отырылуы керек. Енді мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмысына тоқталайық.

Мектепте құқықтық тәрбие жұмысы 1-ші сыныптан бастап, белгілі бір жүйелілік пен ұйымдастырылған түрде оқуды бітіргенге дейін жүргізілуі қажет. Әрине құқықтық тәрбие тиімді нәтиже беру үшін оқушылардың жасын, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру абзал. Сондықтан құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыға бөлінеді: 1-4 сыныпта (бастауыш мектеп) ; 5-7 сыныпта; 8-9 сыныпта; 10-11 сыныпта. Сатыдан сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделіленіп, тереңдей береді. Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс, келесі сатыда баянды етіліп, молая беруге тиіс. Құқықтық тәрбиені кең тұрғыдан жүргізілетін құқықтықтәрбие жұмысына оқу пәндерінің басым көпшілігінің қатысы бар. Мысалы, таптық қоғамдардың тарихы, сонымен бірге әр түрлі мемлекет пен құқықтың тарихы. Оқушылардың тарихи көзқарасын қалыптастыра отырып оқушының оларға мемлекет пен құқықтың таптық мәні туралы, қоғамдағы орнымен атқаратын ролі туралы мәліметтер беруге толығынан мүмкіндігі бар. География, табиғат тану пәндерін оқытқанда балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді пайдалануға, қорғауға арналған Қазақстан Республикасының заңдары туралы мәлімет беруіне болады.

Тікелей құқықтық тәрбие беру- арнайы жүргізілетін сабақтар, әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Осы жұмысты жүргізуге арналған пәндер «Қоғам тану», «Жанұя өмірінің этикасы мен психологиясы».

Мектептегі құқықтық тәрбие жұмысын талдайтын болсақ оның тиімділігі, оқушыларға пайдалы да ұтымды әсер етуі мұғалімнің жеке басының адамгершілік қасиетіне, оның кәсіби дайындығының дәрежесіне, заң ілімімен мемлекет түсінігі болуына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасылық тәрбие стилдері
Тәрбие үрдісінде құқықтық тәрбие беру
Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Педагогикалық менеджмент маңызы
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Оқушылардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы
Құқықтық тәрбие жайлы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы
Психолог тәжірибешілер жұмыс істеу процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz