Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мектептен және сыныптан тыс түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика және психология кафедрасы

Тақырыбы:

СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

Орындаған: И-11 тобының студенті Тумабаев Олжас
Тексерген: Бижанова Ғ.Қ.

Арқалық, 2010

Жоспар:

Кіріспе

І. МЕКТЕПТЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖҮЙЕСІ
1.1. Құқықтық тәрбие берудегі мектептің ролі
1.2. Құқықтық білім беру және тәрбиелеу жүйесінің даму мониторингі

ІІ. СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мектептен және сыныптан тыс түрлері

2.2. Ұлттық құндылықтардың негізінде азаматтық болмысты қалыптастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі. Жас ұрпақтарға құқықтық тәрбие беру
қазіргі көшпелі кезеңімізде маңызды орынға иеленуде. Сондықтан, өмір сүру
және әрекет жасау, қоғам тұрмысы ережелерін, Қазақстан Республикасы
заңдарын бұлжытпай сақтаудың қажеттілігін дағдыландыру мектептің міндеті.
Мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі- оқу тәрбие жұмысының
барлық құралуы бөлшектері құқықтық тәрбие беруге қызмет істеуі қажет.
Мәселен оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырудың, жауаптылық сезімін
көтерудің, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайтудың тиімді жолдары мен
тәсілдерін, мазмұны мен түрлерінің ерекшеліктері баршылық. Себебі,
құқықтық сана қоғамдық сананың ерекше түрі, ал құқықты алатын болсақ, ол
қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның бірыңғай ұйымдасып, салауатты
өмір құруын қамтамасыз ететін күшті құрал болып есептеледі. Құқық
қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға
пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға
зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Құқық қоғам өмірінің
барлық салаларына солардың ерекшеліктерін ескере отырып өзінің пайдалы,
прогрессивтік әсерін тигізеді.
Құқық азаматтардың бостандықтарын, құқықтарын, міндеттерін
жариялап, жүзеге асырылуына заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді.
Құқықтық нормалар және актілер адамдардың іс- әрекеттерінің, мінез-
құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабыл- данған
ережелерге сай келуін талап етеді. Осы талаптарға сай әрекет жасау үшін
оларды білу қажет. Құқықтық нормалардың баршаға қатысы болғандықтан оларды
білу, олардыңталаптарын орындау әр азаматтың борышы, міндеті. Адамның
құқықтық сана сезімін қалып- тастыруды неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым
оның пайдасы да, әсері де тиімді болады.
Арнаулы түрде жүргізілетін құқықтық тәрбие берудің жұмысының алға қоятын
мақсаты:
біріншіден- жас ұрпақтарды Қазақстан Республикасы заңда- ры
мен құқықтық тәртіпті шексіз сыйлау рухында тәрбиелеу.
екіншіден- мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенді-
лікпен қатысып, тәуелсіз отанды қорғауға әрқашан да дайын, еліміздің
материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті адамдарды
тәрбиелеу.
Осы мақсатқа жету үшін құқықтық тәрбие берудің алдына қойылатын міндеттері
мынадай:
1. Мемлекет пен құқық туралы білімді меңгеру. Мемлекет, құқық, заң
туралы мағлұматтар күрделі және қиын болғандықтан, құқық-тық тәрбие
жұмысын жүргізгенде оқушылардың жас ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Бірақ кішкене балалар, бастауыш мектептегі оқушылар мемлекет пен
заңның не екенің түсінбейді деу жеңіл ойлылық және дәлелсіз пікір.
Мектепесігін ашқаннан бастап балалар оқу орнының ерекшелігіне
сәйкес қабылданған заң талаптарымен ұшыраса-ды.
2. Құқықтық тәрбие берудің келесі міндеті мемлекет пен заңдар-ға
оқушылардың құрметпен қарау сезімін қалыптастыру.
3. Құқықтық тәрбие тек құрғақ білім таратудың жолы емес. Оның негізгі
міндеттерінің бірі заң талаптарына сәйкес мінез- құлықты
қалыптастырып, оны дағдыға, әдетке айналдыру. Демек, құқықтық
тәрбие оқушылардың мінезіне, жүріс-тұрысына, әдетіне дұрыс,
жағымды әсер етіп, заңды құрметтейтін, заңға, оның талабына сәйкес
әрекетке дайын азаматтар дайындауға бағытталған. Әрине, көптеген
жасы толмағандардың заңды бұзбауы тек құқықтық тәрбие жұмысының
нәтижесі деп айту асырап сілтеушілік болар. Себебі кейбір
жағдайларда оқушылардың заңға сәйкес мінез-құлықтары басқалар- дың
үлкендердің, өз құрбыларының әрекетіне еліктеуден болуы мүмкін.
Бұл әдетте стихиялы түрде қалыптасатын мінез- құлық. Ал
құқықтық тәрбие беру оқушылардың заңға сәйкес мінезін қалыптастыруды
мақсат етіп қойып, оны жүйелі түрде үздіксіз жүргізіп отыру жұмысы.
Мәселе тек жеке адамның өз мүддесі үшің құқықтық санасын қалыптастыруда
емес. Қазақстан Республикасының азаматы көпшіл, халық үшін қызмет істейтін
адам болуы керек. Демек, құқықтық тәрбиенің маңызды бір міндеті-
оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру, қандай да болсын заң
бұзушылыққа ымырасыз болуға баулу. Осыған байланысты оқушыларға
түсіндіретін жағдай- қажетті тәртіпті тек мемле - кеттің заң қорғайтын
органдарының қызметі арқылы толығы- нан орнатуға болмайтындығына, бұл
мәселені ойдағыдай шешу үшін барлық азаматтардың бірдей осы іске белсене
қатысуы керектігіне көзін жеткізу. Осындай тәрбие жұмысы арқылы
оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптас- тырып, оларды нақтылы іске
тарту. Кәмелетке толмаған жастардың арасында заң бұзушылықтың орын алып
отырғанының негізгі себебі- оларға дер кезінде құқықтық тәрбие берілмей,
олардың өз азаматтық борышын түсінбеуінің, сезінбеуінің салдары.
5. Сонымен құқықтық білім алу нәтижесінде оқушылардың азаматтық
белсенділігі қалыптасса, оның қоғамдық мәні бар екені сөзсіз. Осындай
белсенділікті әлеуметтік- құқықтық белсенділік деп атайды. Әрине әлеуметтік-
құқықтық белсенділік тек құқықтық маңызы бар жұмысқа қатысу арқылы жүзеге
асырылады. Мұндай жұмысқа оқушылардың мектеп ішінде де, мектептен тыс
жағдайда да қатысуға көптеген мүмкіншіліктері бар. Мектеп ішінде
оқушылардың құқықтық санасының дәрежесі олардың өзін-өзі басқару жұмысына
басқа да мектептегі ұйым- дардың қызметіне қатысуынан байқалады.
Осы аталған міндеттер шын мәнінде орындалып, жүзеге асырылса ғана
құқықтық тәрбие беру жұмысы мақсатына жетеді деуге болады.
Практикалық маңыздылығы.Диплом жұмысының материалдарын оқытушыларға
көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Баланың әлеуметтік, рухани, саналық, физикалық дамуына қажет өмір деңгейін
қамтамасыз етуге мемлекет әр баланың құқығы бар екенін мойындайды.
Құқықтық білім беру және тәрбиелеу жүйесінің даму мониторингі
1. Құқықтық білім беру жүйесінің дамуын мониторингтеудің шешетін негізгі
міндеттері:
- Құқытық білім беру және тәрбиелеу жүйесінің жағдайы жайлы біртұтас хабар
алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштер құрылымын жасау.
- Жоғарыдағы мәселенің дамуы мен жағдайы туралы ақпаратты жүйелендіру.
- Құқықтық білім беру және тәрбиелеу жүйесінің дамуы мен жағдайын болжау
және санау оның ақпаратпен қамтамасыз ету және жетекшілік шешімдерін жасау.

Мониторингтік функциялары:
- Диагностикалық құқықтық білім беру мен тәрбиелену жүйесінің
жағдайы мен болып жатқан өзгерістерді сканерлеу.
- Мемлекет, республика аймақтардағы құқықтық мәдениет
бағдарламасы бойынша тәрбиелену мен білім беру жағдайлары
салыстыру үшін мүмкіндік жасау.
- Эксперттік – халықтар (формалар), әдістер, компоненттердің
экспертизасын жасау.
- Ақпараттық – жоғарыдағы жүйесінің дамуы мен жағдайы туралы
бағдарлы ақпарат алу.
Мониторлық қызмет құқықтық білім беру және тәрбиелеу проблемалары бойынша
мониторингтік шараларды ұйымдастыру және қамтамасыздандыру, ақпаратты өңдеп
ұсыну, жинауды қамтиды.
Осыдан келесі негізгі сатыларды бөліп айтуға болады:
Құқықтық мәдениет бағдарламасын енгізу үшін жағдайлар мен факторларды
сынау.
Демократиялық қоғам және құқықтық сана тақырыбы бойынша өткізілген
тестілеу келесідей мағлұмат береді:
- Оқушылар құқықтық сана деген не екеніне жауап беруге қиналады.
- Заңдылық және Әділдік ұғымдарын шекараламайды, өйткені шын
өмірде бұл екі ұғым әр кез ұласа бермейді.
- Қоғамдық және жеке қызығушылықтардың арасында үлкен айырмашылық
бар.
2. Жүйенің жұмыс істеу кестесін жасау.
Оқушылардың неге үйрену керектігін анықтау:
- Құқықтық құндылықтарды білу, және оларды іс-жүзінде жүзеге асыру.

- Құқықтық сананың ең жоғарғы деңгейін баулу. Ол тек қана заңға
сәйкес өмір сүру емес, сонымен қатар құқықты белсенді болу егемен
және демократиялық мемлекеттің жоғарғы құндылығын кез келген
жерде бекітуге ұмтылу.
- Өз істері мен қылықтарға ие болуға және міндетті атқаруға
мүмкіндік.
- Қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу, ұлттық сананы
қалыптастыру, тарихи және мәдени мұраны дәріптеу.
- Жеке тұлғаның бойында қоғамдық өмірдің толыққанды мүшесі
болатындай қасиеттер қалыптастыру.
3. Жұмыс тәжірибесінен алған хабарды халықтандыру.
Құқықтық білім беру және тәрбиелеу жұмысының бұл сатысы төменде
көрсетілген.
Мақсаты мен міндеттері:
Адамзаттық құндылықтар негізінде оқушылардың тұлға ретінде даму мен
қалыптасуына жағдай жасау.
Құқықтық ойлауды қалыптастыру; құқықтық мәдениет шарттарын білу; Қазақстан
Республикасының азаматының құқықтары мен міндеттеріне жауапты қарау.
Қазақстан Республикасының құқықтану негіздерін оқу; Егеменді елдің
мемлекетті – құқықты дамуын білу.
Кәсіптік бағдар беретін арнайы курстар енгізу.
Профильді құқықтық сыныптар ашу.

Профильді
Факультативтік курстар
Жалпы мәдени орта
Қолданбалы қамтамасыздандыру
"ҚұқВалеолоИнфорКәсіптік ядро ШетелДүниеҚұқық
ықтагия матикАрнайы пәндер оқыту, криминалистика, тілі жүзі тану
ну" және а самбо, құқық қорғау, орындарында тарихнегіз
т.б. тәжірибеден өту ы дері
Риторика және шешендік өнер
Әлем әдебиеті
Юриспруденция негіздері
Класстар

Қазіргі кезде азаматтықты тәрбиелеу білім беру және жалпы
тәрбиелеу сияқты маңызды міндет екені белгілі болды. Экономикалық қалыптар,
яғни формациялар, саяси, ұлттық және тағы басқа бағдарлар ауысқан тарихи
өзгерістер кезеңіндегі қоғам. Азамат болу ол - өз-өзінді мемлекет ойына
дейін келтіру - деп жазған Ф.М.Достоевский.
Құқық, жауапкершілік, қарыз, азаматтық қоғам еркіндік, Отан, халық сияқты
ұғымдарды біз қазір өте болжамды түсінеміз. Бұл мәселені жою, оқушыларға
құқықтық білімнің негізін беру, құқықты мемлекетте жұмыс істеу, белсенді
өмірлік позицияны тәрбиелеуге, құқықтық білім беру және тәрбиелеу жүйесі
арналған.
Бұл құқықтық білім беру және тәрбиелеу жүйесіне біз көптен бері келе
жатырмыз. Мектеп біріншіден балаға не беру керек? деген тестілеу және
анкеттеу де келесі мәселені көрсетті.

Ряд 1 – білім
Ряд 2 – қоғамдық жұмыс тәжірибесі
Ряд 3 – мәдени мұра
Ряд 4 – әлеуметтік қарым-қатынас тәжірибесі
Ряд 5 – әдістемелік жұмыс тәжірибесі
Ряд 6 – өзіндік өмір сүруге дайындық

Келесі курстарды қамтитын Құқықтық мәдениет бағдарламасы мектептің 1-11
сыныптарына жасалды.
1-4 сыныптар – Азаматтану
5-6 сыныптар – Адамтану
7 сынып – Азамат әліппесі
8 сынып – Құқық негіздері
9 сынып – Мемлекет және құқық негіздері
10 сынып – Құқықтану
11 сынып – Юриспруденция негіздері
Бұл әр саты оқушының өзіндік өсу қарқынын анықтау негізінде білімге, адам
құқықтары мен қоғам дамуының заңдылығын анықтайды. Мұндай кезеңге бөлу,
оқушыға білім беру қарқынын жүйелейді: яғни, өнегелі – этикалық
қатынастардың нормаларымен адам құқығы туралы білім негізін меңгеріп алудан
бастап, тиісті документтер мен адам құқығын қорғау және мамандығын
таңдауына бағыт беріп жүзеге асырылды.
1-4 сынып программасы балаларға Өзін-өзі тәрбиелеу, Құқық өзін
дұрыс ұстай білу мен сөйлеу мәдениеті, зиянды әрекеттер мен олардың бала
организіміне келтіретін зияны туралы түсініктер береді. Оқушылардың
психологиялық ерекшеліктерін көңілге ала отырып, сабақ барысы әр түрлі
формалармен оқыту әдістемелерден құрылады.
Дәстүрлі сабақ болып, өнегелі сабақтар болып табылады. Мейірімділік
дегеніміз не?, Өзін-өзіне саяхат, логика сабақтары тәжірибелік сабақтар
және стандартты емес жағдацларға шешім табу.
5-6 сынып оқушылары Адамтану курсында билік, жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Пәндер