Қазақстанда туристік саланың қалыптасып даму кезеңдеріне сипаттама беру


ӘОЖ 378. 01:796. 5 Қолжазба құқығында
МАХАНБЕТ ЕРЖАН ТАЙБАҒАРҰЛЫ
Студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық
шарттары
13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы
Керимов Л. К.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы
Әбдікәрімұлы Б.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Данияров Т. А.
Жетекші ұйым: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қорғау 2010 жылы «___» қараша күні сағат 10. 00 - де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14. 05. 01 диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2 - қабат, мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би 30, 3 қабат
Автореферат 2010 жылы «___»таратылды
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы: Көшербаева А. Н.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан екі континенттің - Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде, шығыс бойлықтың 45 және 87 градус аралығында, солтүстік ендіктің 40 және 55 градус аралығында орналасқан. Еуропалық - азиялық субконтинеттің географиялық орталығы Қазақстан болып есептелінеді (50 параллельмен 78 меридиан қиылысында) .
Қазақстан шығысқа Каспий теңізінен және жазығынан Алтай тауларына дейін, оңтүстіктегі және оңтүстік - шығыстағы Тянь-Шянь тау бөктерлерінен солтүстіктегі Батыс-Сібір ойпатына дейінгі аралықты қамтиды. Қазақстан ие болып отырған жер әлемде тоғызыншы орында және территориясы бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Индия және Аргентина мемлекеттерінен кейінгі алғашқы он ірі елдің қатарына кіреді. Жер шарындағы мұндай территорияда туристік саланың ірі потенциалдық мүмкіндіктері өте зор деп айтуға болады.
Қазақстан шығысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында Ресеймен (шекараның ұзындығы 6477 км), оңтүстігінде - Орталық Азия мемлекеттерімен -Өзбекстанмен (2300 км), Қырғызстанмен (980 км), Түркменстанмен (380 км), ал шығысы мен оңтүстік - шығысында - Қытаймен (1460 км) шектеседі. Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы 12, 2 мың км, соның ішінде Каспий теңізі бойынша 600 км (батыста) құрайды.
Қазақстан территориясының ширектен астамын далалар, жартысын - шөл дала, қалған ширекті - таулар, теңіздер, көлдер мен өзендер алып жатыр. Оның солтүстіктен оңтүстікке дейінгі территориясы келесі табиғи - климаттық аймаққа бөлінеді: орманды дала, дала, жартылай шөл дала, тау бөктері мен таулы аймақ.
Өз табиғаты бойынша Еуразияның екі аймағы - Орта Азия мен Сібір ортасында орналасқандықтан, Қазақстан территориясында суық солтүстіктен, ыстық оңтүстік массаларының ауа әсері тоғысады. Сондықтан да, Қазақстанның климатының негізгі ерекшеліктері болып оның кенет континенталдығы мен табиғи шықтардың тегіс таралмауымен қатар, қатал қыс және ұзақ жылы жаз болады. Қазақстанның басқа сарқылмайтын байлығы әзірше кең қолданыс таппаған минералды, емдік, термальды сулар баршылық.
Еліміздегі туризм аймағы экономикалық дамыған державалармен қатар белсенді сальдосы бар, басқа дамыған елдердің халықаралық сауда қызметтерінің ірі секторының бірі.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиясына байланысты халыққа Жолдауында туризмнің дамуы экономикалық міндеттерді шешуде табиғи және тарихи-мәдени туристік ресурстарды игеру ғана емес, ол қоғамның қаржылық жағдайын сауықтыруда ырғақ беретін және адамға жұмыс орындарын дайындау үшін қосымша мүмкіндіктер беретін негізгі әлеуеттердің бірі ретінде санайды.
БТҰ болжамы бойынша, 2020 жылға қарай халықаралық саяхат мөлшері үш есеге дерлік артады және 1, 6 млрд. адамға жетеді. Осыған орай туристік және қонақүйлер қызметтерінен түсетін кірістің қарқыны үдеп және АҚШ 445 млрд. долларына дейін, 1998 жылдан бастап 2020 жылға қарай болжамдалған 2 трлн. долларға дейін артады.
Туризм үлесіне біздің планетаның жалпы өнімінің 10% жуығы, шамамен әлемдік сауда қызметінің 30% және әлемдік салынған капиталдың 7% тиесілі. Қазірдің өзінде туризм жақын арадағы уақытта екінші орынға шығады деп Бүкіләлемдік туристік ұйым (WTO) сарапшылары болжамдап отырған мұнайөндіруші мен автомобильжасаушы салалардан кейін әлемдік экономикадағы саланың кірістілігі бойынша үшінші болып табылады.
Туризм қазіргі таңда дамыған және дамып келе жатқан көптеген мемлекеттердің экономикасының басты негізі болып, бұл әлемдік экономиканың ең басты және тез дамитын саласы болып табылады. Туризм жылдам өсу қарқынымен жүзжылдықтың экономикалық феномені ретінде танылды.
Туризм әлемдік экономикада басты позициялардың бірі болғандықтан, Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) мәліметтері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 % астамын, әлемдік өндірісте әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда туризм - құлдырауды білмейтін, әлемдік экономиканың саласы. Туризмнің дамуы - өнімді сатудан айырмашылығы ұзаққа созылатын, экономикалық тиімді келешегі бар сала.
Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен және мәдениет пен табиғатпен қарым - қатынастармен тікелей байланысты іс-әрекет, ол жеке және ұжымдық жетілдіру құралы. Туризм өз бетімен білім алудың, толеранттылықтың және олардың әртүрлілігіне қарай халықтар мен мәдениеттер арасындағы айырмашылықты тануда ең қажетті фактор болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты қарқынын, оның қоршаған ортаға әсерін, экономиканың барлық секторлары мен ҚР мемлекеті басшысы мен Үкіметі қоғамының жақсы тұрмыс халін есепке ала отырып, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде анықтады.
Бұл жұмыс архив материалдарына, ресми статистикалық мәліметтерге, БТҰ құжаттарына, Президенттің Өкім, Жарлық, Заң шығару мәселелері бойынша Үкіметінің қаулы -қарарларына, туризм Кеңесінің мәжілісіне, Парламент комиссиясы мен жұмысшы топтары мен құқылы органдардың есебіне, тізімдемелік нормативты актілерге, әдістемелік материалдарға, сонымен қатар, халықаралық республикалық ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға, саммиттерге, сарапшы кеңесінің мәжілісіне негізделе отырып, біздің елімізде туристік саланың дамуы айқындалады.
Зерттеу жұмысымыздың теориялық негізін қалыптастыру үшін Ресей ғалымдары Ю. А. Ведениннің, В. Г. Гуляевтың, И. В. Зоринаның, В. А. Квартальныйдың, Г. М. Малышеваның, Ю. С. Путриктың, В. Б. Сапрунованың, В. С. Сенинның, О. А. Чубининның, В. И. Яковлеваның, В. И. Азардың, М. А. Ананьевтің, Р. Б. Токаевтың, С. П. Кузыктың, И. В. Зориннің, А. А. Фоминнің, В. А. Федотовтың, А. А. Федякиннің, Ф. Ш. Мухаметзянованың, И. Б. Петрунның, М. Б. Биржаковтың, М. Морозовтың, О. А. Чубининнің, сонымен бірге, туристік саланың ғылыми негізін жасау кезінде белорус мамандары Н. И. Дуровичтың, А. С. Копаневтың, Н. И. Кабушкинның, Г. Ф. Шаповалдың, И. И. Пирожниктің тұжырымдамалары есепке алынды. Қазақ ғалымдары В. Н. Вуколовтың, С. Р. Ердаулетовтың, А. Н. Макагоновтың, А. А. Саиповтың, А. А. Жолдасбековтың, Қ. Омаровтың, Р. А. Раеваның, О. Б. Мазбаевтың, К. Н. Мусиннің, С. А. Щабельникованың, Ж. Н. Алиеваның, Ж. Н. Дюсембекованың, Е. А. Никифорованың, М. Д. Мамадиаровтың, К. С. Турсынбаеваның, Г. М. Дүйсеннің, А. Щурованың, Ж. Кантарбаеваның, О. Сауранбаевтың, А. Г. Кимнің, А. М. Медельбековтың, А. Акташтың, А. Н. Пыхаревтың, Ю. С. Накатковтың, Н. Касымкуловтың, А. К. Кульзаровтың және алыс шет ел мамандары П. К. Кхадканың, Г. Харристың, М. К. Кацтың, Ж. Фошенің жұмыстары әсерін тигізді.
Туризм саласын зерттеуші ғалымдармен қоса біз зерттеу жұмысымыздың теориялық негіздерін қалыптастыру мақсатында келесідей психологиялық, педагогикалық тұжырымдарды негіздеуші ғалымдардың еңбектерін негізге алдық: Е. А. Климов, В. И. Подабед, Р. З. Богоудинова, В. З. Юсупов, Ж. Б. Умирбекова, Ш. К. Хангельдиев, Н. М. Швецов, В. Г. Намчук, В. П. Беспалько, В. А. Сластенин, А. И. Верещака, Г. С. Никифоров және т. б.
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерді талдаудан жасаған қорытындымыз болашақ туристік мамандарды туристік іс-әрекетке даярлауды жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану теориялық және әдістемелік негізделген проблема деңгейінде толық қарастырылмағандығы байқалынды.
Демек, студенттерді оқу-тәрбие үдерісінде туристік іс-әрекетін қалыптастырып, даярлауда болашақ туристік мамандарға деген қоғам сұранысы мен жоғарғы оқу орындарында студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың жеткіліксіздігі арасында бұл мәселені арнайы басқарып, ұйымдастырудағы теориялық жағынан және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар мен тиімді педагогикалық технологияларды пайдаланудағы кемшіліктер арасында қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселеміздің айқындалуына, сонымен бірге зерттеу тақырыбын таңдауға себепші болып «Студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық шарттары» деп атауға ұйытқы болды.
Зерттеу мақсаты - студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың теориялық негіздері мен педагогикалық шарттарын анықтап, олардың жоғары оқу орынындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі тиіміділігін тәжірибелік экспериментте тексеріп, ғылыми негізделген ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны - жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні - студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер ЖОО -да студенттерді туристік іс-әрекеттерге даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалып, оқу-тәрбие үдерісінде оларды туристік іс-әрекеттерге баулудың формалары нақтыланып, әрбір болашақ мамандарды жан-жақты қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдері мен әдістемелері айқындалса, онда студенттердің туристік іс-әрекеттерін дамытып, маман кадрларды даярлауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, оларды ұжымшылдыққа тәрбиелеп, қоршаған ортаны, табиғатты, ұлттық мәдени мұраларды сақтауға, еліміздің экономикасын көтеруге деген ынтасын, жауапкершілігін, елжандылығын, өмір салтын ұстануға әдет-дағдыларын қалыптастыруға болады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақстанда туристік саланың қалыптасып даму кезеңдеріне сипаттама беру.
2. Жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінде студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың теориялық негізін нақтылау, «Туристік іс -әрекет» ұғымының мәнін ашу.
3. Студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың моделін дайындап, оның компоненттері мен өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау.
4. Жоғары оқу орындарында студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық шарттарын айқындап негіздеу, оның тиімділігін тәжірибелік-экспериментте тексеру, ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы:
Жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде студенттерді туристік іс-әрекетке даярлау бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұранысқа сай білімді, білікті және іскерлікті мамандықты саналы меңгерген тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері іс-әрекет теориясымен, тұлға теориясымен, таным теориясымен, туристік іс-әрекет теориясымен, әлеуметтік басқару теориясымен, тарихи қағидалармен анықталады.
Зерттеу көздері: ізденіс мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, этнопедагогикалық туризм саласы бойынша арнайы ғылыми әдебиеттер; ҚР «Білім туралы» Заңы; ҚР 2005-2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; ҚР білім берудің 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы; Қазақстанның туризмін дамыту туралы ұлттық бағдарлама; ҚР жастар, туризм және спорт Министрлігі, мен ҚР туризм және спорт агенттігі құжаттары; «Жібек жолы» туристік компания бағдарламасы.
Зерттеу базасы: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті; Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:
- жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінде студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың теориялық негізі нақтыланды, «Туристік іс -әрекет» ұғымының мәні ашылды;
- Қазақстанда туристік саланың қалыптасып даму кезеңдеріне сипаттама берілді;
- студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың моделі дайындалып, оның компоненттері мен өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;
- жоғары оқу орындарында студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалып негізделді, оның тиімділігі тәжірибелік-экспериментте тексерілді, ғылыми негізделген ұсыныстар жасалынды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
«Белсенді және спорт туризмі» элективті курсы оқу үдерісіне ендіріліп, жоғары оқу орындарында студенттерді туристік іс-әрекетке дайындауға бағытталған оқу-әдістемелік кешендер жасалынды.
Зерттеу нәтижесінде тұжырымдалған теориялық қағидалар, қорытындылар мен ұсыныстар студенттерді туристік іс - әрекеттерге оқу - тәрбие үдерісі арқылы даярлаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Ізденушінің студенттерге әзірлеген «Қазақстанда туристік саланың қалыптасып дамуының тарихи -педагогикалық негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы болашақ турист мамандарын даярлауға, туризм қызметкерлері мен нұсқаушыларының біліктілігін көтеру мен қайта даярлау курстарында пайдалануға толықтай болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінде студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың теориялық негізі «Туристік іс-әрекет» ұғымының мәнін ашумен, сондай ақ студенттерді туристік іс-әрекет білімімен қаруландыру негізінде жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерістерін ғылыми тұрғыда ұйымдастырумен сипатталған.
2. Қазақстанда туристік саланың қалыптасып даму кезеңдерін сипаттау әлемдік стандартқа жету мақсатында отандық туризмнің ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі даму динамикасын анықтау мүмкіндігін береді.
3. Студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың моделі:
- студенттерді туристік іс-әрекетке даярлау үдерісінен;
- компоненттерден (Мотивациялық-мақсаттық, эмоциялық, тұлғалық) ;
- оқу, тәрбие үдерістері мен кәсіби практикадан құралған оқу-тәрбие үдеріс мазмұнынан;
- педагогикалық шарттардан құралған.
4. Студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық шарттары: кәсіби бағыттылықпен; кәсіби іскерлікпен, ұйымдастырушылықпен; салауатты өмір салтын қамтамасыз етумен; табиғатты қорғау және сақтау біліктілігін қалыптастырумен; тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастырумен; патриотизмге баулумен сипатталған.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2005-2006ж. ж. ) зерттеу жұмысының тақырыбы айқындалып, материалдар жиналып, тарихи-педагогикалық талдау жасалып, ғылыми -теориялық зерттеулер зерделеніп, тәжірибелік -эксперимент жұмысы нақтыланды. Мәдениеттану, экономика, статистика, психологиялық және педагогикалық тұжырымдамаларға талдау жүргізілді.
Екінші кезеңде (2007-2009ж. ж. ) жетекші идеяны басшылыққа алып, ғылыми болжам негізінде еліміздегі туристік саланың стратегиясы мен болашағын белгілеп, нормативты - құқықтық құжаттар аясында болашақ туристік кадрларды даярлаудың мақсат, міндеттері мен мазмұндарын тәжірибелік - экспериментте тексеруден өткізіліп, ғылыми - әдістемесі жасалынды.
Үшінші кезеңде (2009-2010ж. ж. ) зерттеу нәтижелері қорытылып, туристік саланың жұмысын жетілдіруде және болашақ туристік кадрларды даярлауда пайдаланылды. Диссертация әдеби жағынан редакцияланып өңделді.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, тарихи -педагогикалық және ғылыми - теориялық негіздері, практикалық мәні мен ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар баяндалады.
«Жоғары оқу орындарында студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» атты бірінші бөлімде туризм саласының түрлі кезеңдерде дамуы, стратегиясы мен болашағының және туризм, туристік іс-әрекет ұғымдарына ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, педагогикалық шарттары ашылды. Зерттеу мәселесінің бүгінгі жағдайы мазмұндалды.
«Жоғарғы оқу орындарында студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық шарттары» атты екінші бөлімінде болашақ мамандарды туристік іс-әрекетке даярлаудың мазмұны, формалары мен әдіс-тәсілдері негізделіп, туристік индустрия кадрларын дайындауды жетілдірудің педагогикалық технологияларын пайдалану, оларды тәжірибелік-экспериментте жүргізіп нәтижелерін шығару, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалынды.
Негізгі бөлім.
Қазіргі кезде Қазақстанда саяси кемелдену мен білім беру жүйелерінің қайта құрылуы жағдайында білімді, іскер, бәсекеге қабілетті, мәдениетті, тұлғаны қалыптастыру қоғам дамуының басты және күрделі міндеттерінің бірі.
Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі таңда туризм мамандығын жетік меңгерген студенттерді даярлаудың мазмұнын, формалары мен әдістеріне жаңа педагогикалық технологиялар ендіру, екіншіден ЖОО-ның оқу- тәрбие үдерістерін жаңарту мен қайта құру ұстанымдарына сай дамытудың негізінде сапасын жаңа деңгейге көтеруді мақсат тұтады.
«Қазақстанда туризмді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі бағыттарына сүйенетін болсақ, мамандарды кәсіби даярлаудың мазмұнын және тенденцияларын жоспарлаудың 4 деңгейі бойынша қарастыру қажет:
- Мемлекеттік деңгейі ол туристік сала бойынша мамандар қай жоғары оқу орнында, неше уақытта даярланады және оқудың мемлекеттік стандартының орындалуы қалайша бақыланады.
- Білім және ғылым министрлігінің, Туризм және спорт агенттігінің кадрларды даярлау бойынша жоспарлаудың кәсіби деңгейі.
- Туристік-рекреакциялық ресурстардың ерекшеліктеріне, олардың орналасуынан («Ұлы Жібек жолының» жоларналары), туристік индустрияның дамуына байланысты кадрларды даярлау бойынша жоспарлаудың аймақтық деңгейі.
- Аймақта туристік кадрларды даярлауды іске асыратын жоғары оқу орындарымен немесе оқу-әдістемелік бөлім арқылы қарастырылатын деңгей, олар қажетті оқу жоспарларындағы бағдарламаларды құрастырады, оқу құралдарын шығарады, тәжірибені өткізудің формалары мен әдістерін, студенттердің өзіндік жұмыстарын анықтайды.
Айтылып отырылған мәселені іс жүзіне асыру барысында проблеманың ғылыми-теориялық негізіне назар аудармай тұрып, оның тарихи- педагогикалық даму кезеңдерін айқындап алу қажет.
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу және дамыту үшін әлемдік туризммен қатар отандық туризм өткен негізгі кезеңдерді айқындау керек.
Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі (А. А. Остапец- Свешников, А. Л. Шипко, Ә. А. Сайпов, В. Н. Вуколов, О. Б. Мазбаев, Ә. Ә. Жолдасбеков, В. П. Фомин, Н. В. Ивлева т. б. ) өз еңбектерінде қысқаша түрде қарастырады. Ал, В. Б. Сапрунова туризмнің қалыптасу тарихын төрт кезеңге:
- бірінші (ежелгі дүние кезеңінен ХІХ ғ. басына дейінгі) әсіресе «Жібек жолы» бойында туризмнің пайда болуынан бастау алуы;
- екінші ( ХІХ ғасырдың басынан - ХХ ғасырдың басына дейінгі) элиталық туризм кезеңі, туристік қызмет көрсету бойынша арнайы кәсіпорындардың туындауы;
- үшінші (ХХ ғасырдың басынан екінші дүние-жүзілік соғыстың басталуына дейінгі) бұл әлеуметтік туризмнің қалыптасып аяғына тұру кезеңі;
- төртінші көпшілік туризмнің жаңа кезеңі, яғни туристік индустрияның туризм саласына тауарлар мен қызмет көрсету өндірісінің қалыптасып дамуы, деп бөліп қарастырады.
Біздің пікірімізше В. Б. Сапрунованың туризм тарихын кезеңге бөлуде ежелгі ортағағасырлық және жаңа кезеңдерге тарихи - педагогикалық сипаттама берілмеген.
Туризм тарихына жүгінсек, адам еңбегінің үш кезеңге бөлінуі (мал шаруашылығын, егін шаруашылығының бөлінуі; қолөнердің мал және егін шаруашылығынан бөлінуі; ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі) ұйымдасқан саяхаттың Ежелгі әлем туралы мәліметтердің жинақталуы мен жүйеленуі (Египее) ; оны керуен және өзен арқылы ұйымдастырылуы мен қолдауы (Вавилон) ; бос территориряларды іздеп игеру, теңізде жүзуге оқыту мен үйрету (Финикия) қолөнерді жасау, сату, олимпиядалық ойындарды өткізу (Греция) сияқты шаралар әлем тарихында ұйымдастырылған саяхат мазмұнын құрайды.
Орта ғасыр тарихында ұйымдастырылған саяхатты ынталандыру үшін: батыс және шығыспен сауданы кеңейтуде - «Ұлы Жібек жолын» пайдалану, сыртқы қарым-қатынас мекемесін құру (Византия) ; Мекке мен Мадинаға қажылық жасау (Арабия) ; мектептер мен жоғары оқу орындарының ашылуы, ірі монастырьларға, өзен өткелінде қорғандарда теңіз жолдардың түйіскен жерлеріне қалалар салу, күшті флот құру ( Франция, Германия, Италия) сауда-саттықтың қалыптасуына жағдай туғызды.
Жаңа ғасырда туризм индустриясының қалыптасуына машинақұрылысының дамуы, тауар өтімінің нарығын құру (Англия) ; тауарлар алмасуы, жаңа жерлерге қоныстандыру, су және теміржол транспортының дамуы (АҚШ) ; бірыңғай ұлттық нарықты қалыптастыру, адам мен азамат құқығының декларациясы, өнеркәсіп пен сауда дамуы үшін кедергілерді жою (Франция) бұл саланың дамуына себепші болды.
Ежелгі әлемнің тарихында қазіргі Қазақстан территориясы бойынша ұйымдастырылған саяхат пен туризм дамуының бірінші кезеңі (б. э. д. ІІІ мыңжылдық -XV ғасыр) қалыптасуының басы б. э. д. ІІІ мыңжылдыққа жататын Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан жергілікті туристік нысандармен байланыстар жүйелі іске қосылды. Бұл кезеңнің өзі екі кезеңге бөлінеді:
1) ҰЖЖ дамуының монғол шапқыншылығына дейінгі кезеңі (б. э. д. ІІІ мыңжылдық -XІІІ ғасыр) ;
2) ҰЖЖ дамуындағы монғол -Темірлан кезеңі (XІІІ -XV ғасыр) . Бірінші кезеңде Қытай, Орталық Азия, Шығыс, Батыс Еуропа мен Африканы жалғастыратын транспорттық сауда мәдени жүйесінің қалыптасуымен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz