ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚҰРСАБАЕВ МҰХАМЕДРАХИМ

СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасы

Көкшетау университеті

Қазақ этнопедагогикасы һәм этнопсихологиясы зертханасы

ҚҰРСАБАЕВ МҰХАМЕДРАХИМ

СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Көкшетау, 2007 жыл

ББК 74. 213

Қ 77

Әдістемелік нұсқау Көкшетау университеті этнопедагогика зертханасында орындалып КУ Ғылыми Кеңесі шешімі негізінде баспаға ұсынылған.

Рецензенттер:

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қалиев С. Қ.

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бөлеев Қ. Б.

педагогика ғылымдарының кандидаты Сеңкібаев С. Т.

Қ 77

Құрсабаев М. Қ., - Сейтен Сауытбековтың шығармалары негізінде бастауыш сынып оқушыларына этноэкологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері: Әдістемелік нұсқау. - Көкшетау, 2007 жыл, 177 бет.

Көкшетау университетінің доценті, белгілі педагог-ғалым «Атамекен» бағдарламасының авторы Мұхамедрахим Құрсабаевтың аталмыш еңбегі - ағартушы-ұстаз, аудармашы, арабтанушы С. Л. Сауытбековтың педагогикалық мұраларын зерттеуге арналған. Автордың аталмыш еңбегі С. Л. Сауытбековтың 100 жылдық мерейтойы құрметіне арналып жазылды. Кітапта бүгінгі 12 жылдық білім беру жүйесіндегі жалпы білім беретін орта мектептің төменгі буыны практикасында С. Сауытбеквтың шығармалары һәм ұлттық тәлім-тәрбие тәжірибелерін оңтайлы пайдалану мен ендірудің педагогикалық негіздері баяндалған.

Әдістемелік нұсқау ұстаз-тәлімгерлерге, ғылыми ізденушілер һәм ата-аналарға арналған.

4306

Қ

00(05) -04

ISBN 9965 - 721 - 05 - ХББК 74. 213

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВТЫҢ ӘДЕБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Жалпы экология һәм этноэкология һақында қысқаша түсінік

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселелеріне арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы қысқаша шолу

Сейтен Сауытбековтың ғұмырнамасы һәм ағартушылық қызметі

Сейтен Сауытбеков және ұлттық педагогика

Тұжырым

СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ОНЫ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЛДАНУ

Сауытбеков шығармаларындағы этноэкологиялық мәселелер

Зерттеу жұмысының ғылыми-эксперименттік көрсеткіштері

Сейтен тағылымдары негізінде бастауыш сынып оқушыларына этноэкологиялық тәрбие берудің әдістемелері

Мектептегі оқушылар ұйымдарының жұмыстарында Сейтен Сауытбековтың этнотәлімдік мұраларын пайдалану

Тұжырым

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

КІРІСПЕ

Жаңа мыңжылдықтың табалдырығын адамзат өркениеті орасан экологиялық проблемалармен бірге аттады. Экономикалық дамудың жаңа белесіне көтерілген көптеген мемлекеттер, бүгінде аса күрделі экологиялық қиындықтарға ұшырап, оларды түбегейлі шешудің шараларын қарастыруда.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің территориясында қоршаған ортаға экологиялық қауіп төндіріп отырған аймақтар пайда болуда. Аталмыш жағдайлардың қалыптасуына антропогендік һәм техногендік ықпалдардың қатты әсер еткені байқалады. Үкімет пен қоғамдық бірлестіктер тарапынан экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ауқымды іс-шараларға (ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Заңдары мен үкімет қаулылары, қоғамдық ұйымдардың әрекеттері мен бастамалары және басқа құжаттар) қарамастан - бұл проблема бүгінде көпшілік қауымның назарын өзіне аударып отыр.

Осындай күрделі мәселелерді бірлесе отырып шешуде, өскелең жас ұрпақ өкілдеріне экологиялық тәлім-тәрбие берудің маңызы өте зор деп санаймыз. Баяндағалы отырған пікірімізді - соңғы жылдары осы мәселелерге орай өткізілген ғылыми-практикалық конференциялар мен педагогикалық семинарлар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдары дәлелдейді.

Біздің ойымызша, жас ұрпаққа ҚР мемлекеттік білім стандарты негізінде терең білім берумен бірге, экологиялық тәрбие беру - оның болашақта жауапты бір саланың мамандығын игеру барысында экология мәселесіне терең мән беретін тұлға болып қалыптасатына негіз болады деп санаймыз. Сол себепті, бүгінгі мектеп жүйесінде оқушыларға экологиялық тәрбие беру жұмыстарын барынша ұйымдастару - педагогикалық талаптардың бірі болғаны шарт.

Мемлекет пен қоғамдық ұйымдар, әсіресе ҚР Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасындағы ұсыныстар мен экологиялық білім мен тәрбие мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулер мен әдістемелік нұсқаулар, алдымызға қойған мақсатымызға негіз болғаны абзал. [2, ]

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Тұжырымдамасында баяндалған: « . . . мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау мақсатында оны оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу арқылы денсаулығын нығайту. Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейде қызметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиісті . . . », - атты нұсқаулар айтар ойымызды айғақтап отыр. [ 4, 2, ]

Жас өскіннің санасына экологиялық таным әліппесін сіңіру, дәстүрлі және эксперименттік тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы - тиімді деп санаймыз. Жоғарыда аталған мәселелердің маңыздылығы жөнінде ҚР Конституциясында былай деп көрсетілген: « . . . жер және оның қойнаулары, су, өсімдік-топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесі және басқа табиғат байлықтары мен ресурстар мемлекет меншігі болып, оның қарауында болады . . . » [1, 6] сонымен бірге бала тәрбиесіне қатысты « . . . неке мен отбасы, ана мен отбасы және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті ». [ 1, 4, ]

Зерттеу барысында біздер - экологиялық білімнің ғылыми негіздері жөніндегі (В. Вернадский, Ә. С. Бейсенова, Я. С. Габиев, Б. Г. Иоганзен, И. Д. Зверев, Е. А. Мәмбетқазиев, К. С. Лосьев, Т. И. Суравегина, К. Ш. Сыбанбеков, А. Н. Захлебный, О. К. Афанасьев, Г. К. Байдельдинова, Л. А. Родова, А. В. Чигаркин, Б. Б. Мұқанов, Ж. Жатқанбаев, В. И. Фурсов, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаев, К. Жүнісова, Ғ. Сағымбаев, А. П. Сидельковский, Н. Т. Торманов, Е. Ю. Шапокене, Д. И. Трайтак) экологиялық педагогика мен психология негіздері (Р. Риклефс, С. Д. Дерябо, В. И. Пагнов, И. Н. Нұғыманов, С. Орынбеков, А. А. Сотников, М. А. Хайдураева, В. А. Ясвин, М. Н. Фамина, В. М. Свинец, А. А. Лаптев), қазақ этнопедагогикасының ғылыми табиғатын зерттеуші ғалымдардың еңбектеріндегі адам һәм табиғат байланыстарының әфсаналары (А. Х. Мұхамбаева, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, И. Оршыбеков, Н. Сарыбеков, Қ. Бөлеев, Ж. Наурызбай, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Р. Қ. Дүйсембінова, М. Х. Балтабаев, Қ. Қабдыразақұлы) халық педагогикасындағы табиғатты қорғау дәстүрлері (Н. Қ. Сарыбеков, С. Ысқақов, Ж. И. Жанұзақова, Б. Кәріпжанова, С. Қ. Қасенов ), оқушыларға экологиялық тәрбие беру (Г. М. Сәбденәлиева, А. Д. Болтаев, Д. І. Жангелдина, С. Қ. Қожаева, И. Н. Бодықова), экологиялық білім мәселелері . (Ұ. Ә. Есназарова, Р. С. Басекеева, Қ. Айтмамбетова, К. М. Беркінбаев, Э. А. Тұрдықұлов ), бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері (А. Қ. Егенисова, Ш. Ж. Арзымбетова, А. К. Сатынская, Р. К. Керімбаева, Д. І. Жангелдина, Г. З. Сауытбаева, Ш. И. Джанзакова, Б. Қилыбаева), болашақ мұғалімдерді дайындау барысында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері ( М. Н. Сарыбеков, , О. Б. Мазбаев, К. Б. Тілебаева, Р. Ш. Ізбасарова, С. Н. Глазачев, А. В. Миронов), пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға экологиялық білім беру (Р. Т. Төлегенова, У. Қ. Тоқбергенова, Қ. Н. Сарыбекова, , Ж. Н. Базарбекова), сыныптан тыс жұмыстар үрдісіндегі экологиялық тәрбие мәселелері (Тойғанбекова Ш. М, К. Әуезова, Қ. О. Шайхислямова) , экологиялық тәлім-тәрбие мәселелеріне байланысты зерттеу жұмыстарына шолу (Ш. Ш. Хамзина, К. А. Сарманова, С. Орынбеков, Қ. Ж. Бұзаубақова) жеке тұлғаның экологиялық санасы (Г. С. Смирнов, Б. Г. Ананьев, Х. Т. Шериязданова, Б. Ф. Ломов, Н. Н. Вересов), (А. Ш. Икрамова ), оқу-тәрбие жұмыстарын экологизациялау мәселелері, экологиялық мәдениет пен құқық мәселелері (Ә. Жақсыбеков, Қ. К. Таукен, Ә. Е. Бектұрғанова, Қ. И. Исламова), мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық тәрбие мәселелері (Н. С. Сайлауова), сабақ үрдісінде оқушыларға экологиялық тәрбие беру (Ж. Н. Базарбекова, Б. С. Иманғалиева, К. М. Беркінбаев), мектептен тыс мекемелерде оқушыларға экологиялық тәлім-тәрбие беру және өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру (Ө. Танабаев, А. Е. Манкеш, С. Қ. Қоңырова, А. М. Текесбаева) және Қазақстаннан тысқары жерлердегі экологиялық тәлім-тәрбие тақырыбына қатысты зерттеулер (Т. Е. Колупаева, А. Л. Шипко, А. Ш. Овчинникова, И. А. Комарова, М. С. Денисова, Т. В. Машарова, А. А. Остаповец-Свешников, М. Я. Антонец, А. В. Афонин, Т. В. Корнер) және басқа ғылыми зерттеу жұмыстарымен таныстық.

Зерттеу жұмыстарына жасаған талдауымыз негізінен экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін қамтығанын көрсетеді. Біз қарастырған елуге жуық еңбектің жиырма шақтысы - білім мен тәрбие мәселелеріне арналған. Кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыстары өзіндік ғылыми сипат алғаны байқалады. Осы орайда зерттеушілер - Қ. И. Исламованың (ғылыми жетекшісі А. А. Бейсенбаева) «Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру»., А. Ш. Икрамованың ( ғылыми жетекшісі К. Құнантаева ) « Қазақстанда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің дамуы (1960-2000) », Ж. Н. Базарбекованың (ғылыми жетекшісі М. Н. Сарыбеков) « Мектепте ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері» және басқа еңбектерде, аталмыш мәселеге орай жаңаша бетбұрыстар байқалады. [578, 577, 597, ]

Зерттеу жұмыстарының қалған бөлігін сыныптан тыс жұмыстарда, сабақ үрдістерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру, мектептен тыс мекемелерде туристік-өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру және экология тақырыбына қатысты зерттеу жұмыстарына шолу мәселелеріне арналған. Аталмыш еңбектердің ішінде біздің тақырыбымызға жақын зерттеу жұмыстары - Қ-Д. Н. Сарыбековтың «Қазақтың табиғат қорғау дәстүрлерінің тарихы мен тәрбиелік мәні», А. Қ. Егенисованың (ғылыми жетекшісі Л. К. Керімов) « Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық шарттары», Ш. Ж. Арзымбетованың (ғылыми жетекшісі Медеуов Е. У. ) «Роль школы, семьи и внешкольных учреждении в экологическом воспитании младших школьников », Ш. И. Джанзакованың «Этнопедагогизация экологического воспитания младших школьников в казахской школе» атты диссертациялық еңбегі болды. [ 558, 573, 545, 549, ]

Аталған еңбектер - негізінен экологиялық білім мен тәрбие мәселелерінің бүгінгі жай-күйі мен оны оқу-тәрбие жұмыстарында жинақталған озық тәжірибелер негізінде жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелеріне арналған. Ол зерттеулер тек қана ғылыми-теориялық интерпретациясымен ғана құнды емес, сонымен бірге ол дүниелерді мектеп практикасына ендіру ісінде ұстаздар үшін аса қажет әдістемелік-ақпарат көздеріне айналғанымен құнды деуге болады.

Біздің байқағанымыз: аталмыш ғылыми-әдістемелік ұсыныстар ішінде ұлттық интеллигенция өкілдерінің шығармаларындағы экологиялық білім мен тәрбие идеяларын мектеп жұмысында пайдалануға арналған зерттеулердің жүргізілмегендігіне көз жеткіздік.

Демек, аталмыш тақырыпқа қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, қазіргі таңда аса қажет педагогикалық дүние деп санаймыз. Тарихи тұлғалар - Асан қайғы бабамыздың «Жерұйықты іздеуі», яки болмаса данышпан Абай шығармаларындағы табиғат лирикасына қатысты этноэкологиялық дүниелер - бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне аса қажет құрал екені даусыз.

Зиялы қауым өкілдерінің педагогикалық идеялары туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу - ғылыми айналым жүйесінде өзіндік дәстүрін қалыптастырған. Оған дәлел ретінде А. Көбесов, Г. Шаймерденова, М. Ж. Құлжабаева, А. С. Жұмабаева, А. Б. Елькеева, А. Г. Томашвили, Г. И. Полянская, А. Я. Попова, Аль Джинди Насиха, М. Я. Антонец, К. Т. Әбілғазиева, Ғ. Б. Базарғалиев, А. С. Елемесова, Ш. Жұматаева, Н. С. Нариманидзе, З. Г. Нурутдинова, Н. А. Адельбаева, І. Р. Халитова, Р. МҮсембаева Қ. Шалғынбаева, Ж. Ә. Төлебаева, Б. Т. Махметова, А. С. Қыдырашев, Б. И. Иманбекова, М. К. Ахметова, С. А. Баймұратова, Ф. З, Буланова, К. Ж. Ибраева, Р. Н. Кошенова, А. М. Кұдиярова, К. К. Куламбаева, Б. С. Кульчимбаева, Ж. Б. Меерманова, Л. К. Ермекбаева, Қ. Т. Ыбырайымжанов, А. О. Тұрсынова, М. Ж. Құрманбаева, К. М. Қалиева және басқа зерттеуші ғалымдардың диссертациялық еңбектерін атап өтуге болады.

Аталған еңбектердің ішіндегі Ғ. Б. Базарғалиевтың (ғылыми жетекшісі К. Б. Сейталиев ) «Халел Досмұхамедовтың ағартушылық қызыметі мен шығармашылық еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеялары», К. Т. Әбілғазиеваның (ғылыми жетекшілері Б. К. Момынбаев, Х. Е. Нұғманова) «Мұстафа Шоқайұлының қайраткерлік қызметі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру», А. С. Елемесованың (ғылыми жетекшісі А. М. Құдиярова ) «Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеялары», Р. БҮсембаеваның (ғылыми жетекшісі Л. К. Керімов) «А. Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу», Б. С. Кульчимбаеваның «Развитие педагогических идей и новаторской деятельности народного учителя СССР К. Нургалиева», Ф. З. Буланованың «Педагогические идеи Сабита Муканова», Т. Р. Әбдіқадырованың (ғылыми жетекшілері І. Ә. Байсерке, Р. С. Тұрысбек) «Ж. Аймауытұлының психологиялық-педагогикалық мұраларындағы тұлғаны қалыптастыру мәселелері» және басқа ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады. [571, 570, 574, 554, 548, ]

Өз ретінде ол еңбектермен таныса келе, одан қазақ зиялыларының шығармаларындағы экологиялық тәрбиеге байланысты дүниелердің толық зерттелмегендігі туралы қорытынды жасадық. Сондықтан, жоғарыда келтірген ой-пікірлерді қорытындылай келе, біз - зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Сейтен Сауытбеков шығармалары негізінде бастауыш сынып оқушыларына этноэкологиялық тәрбие берудің педагогикалық бағыттары » деп атап, зерттеуіміздің көкейтестілігін төмендегідей жүйе бойынша айқындадық. .

Зерттеу жұмысының мақсаты

Сейтен Сауытбеков еңбектеріндегі этноэкологиялық тәрбие идеяларын жүйелеп, оны мектептегі тәрбие жұмыстарына енгізудің педагогикалық бағыттарын айқындау .

Зерттеу жұмысының проблемасы

Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұраларын зерттеу және жинақталған тәжірибелер негізінде бастауыш сынып оқушыларына этноэкологиялық тәлім-тәрбие берудің әдістемелерін оңтайластыру.

Зерттеу объектісі

Сейтен Сауытбековтың ғұмырнамасы мен педагогикалық мұралары және мектептегі тәлім-тәрбие жүйесі.

Зерттеу пәні

Тәлім-тәрбие тәжірибелерінің озық үлгілерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Егер Сейтен Сауытбековтың еңбектеріндегі экологиялық тәлім-тәрбие идеяларына ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдау жасалып, оның мектептегі тәрбие жұмыстарына кешенді түрде енгізілу жүйесі жасалса, онда, жалпыадамзаттық құндылықтарды санасына сіңірген, жоғары мәдениетті һәм парасатты тұлғаларды тәрбиелеуге мүмкіндік туады.

Зерттеу жұмысының міндеттері

- Сейтен Сауытбековтың этнопедагогикалық мұраларын тәрбие жұмыстарына ендірудің методологиялық бағыттарын айқындау;

- Жинақталған материалдарды пайдалану мен ендіру саласына арналған зерттеу жұмыстарын жүйелеу;

- Зерттеу жұмысына қажетті әдіс-тәсілдерді және дәлелдемелерді анықтау;

- Қол жеткізген педагогикалық озық үлгілер мен тәжірибелерді жинақтау мен тарату жолдарын белгілеу;

Жетекші идея

Жас ұрпаққа кешенді түрде этноэкологиялық тәлім-тәрбие беру барысында озық педагогикалық тәжірибелерге сүйену.

Зерттеудің теориялық һәм методологиялық негіздері

- Ғылыми таным һәм болмыс ұғымдарын зерделеуге бағытталған филосфиялық зерттеулер;

- Жалпыадамзаттық құндылықтар мен диалектикалық заңдылықтар негізіндегі теориялық қағидалар;

- Этномәдени һәм діни мұралар;

Зерттеу көздері

- Философия, социология, ғылыми педагогика мен психология, мәдениеттану саласындағы іргелі һәм қолданбалы еңбектер;

- Ғылыми экология негіздері бойынша жазылған монографиялар мен зерттеу жұмыстарының жинағы;

- Экологиялық білім мен тәрбие мәселелеріне қатысты іргелі және қолданбалы еңбектер мен туындылар;

- Озық педагогикалық инновациялық технологиялар мен тәжірибелер;

- Авторлық іс-тәжірибелер;

Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері

Алғашқы кезең ( 1988 - 1995 жылдар)

- Ғылыми -педагогикалық зерттеулер мен еңбектер туралы ақпараттар жинастыру, ғылыми-танымдық басылымдармен, конференция материалдарымен танысу;

- Диссертациялық зерттеу жұмыстарының библиографиялық анықтамалылығымен танысу, кітапханалық іріктеулер жүргізу;

- С. Л. Сауытбековтың ғұмырнамасы мен ұстаздық-ағартушылық қызметі жайлы деректер жинастыру;

- Зерттеу жұмысының тақырыбын нақтылау;

- Ғылыми-практикалық конференциялар жұмыстарына қатысу;

Негізгі кезең (1996 - 2001 жылдар )

- Зерттеу жұмысының тақырыбын айқындау және ғылыми кеңес шешімімен бекіттіру;

- Зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтарды саралау және жинақтау;

- Библиографиялық көрсеткіштер тізімдері мен авторлық еңбектерді және терминологиялық атауларды ретке келтіру;

- Зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын жүйелеу, объектісін нақтылау және түзу;

- Ғылыми эксперимент жүргізілетін объектіні таңдау;

- Зерттеу материалдарын жинақтау және аппробациялау, озық тәжірибелермен танысу;

Қорытынды кезең ( 2002 - 2004 жылдар )

- Зерттеу жұмысының мазмұны мен теориялық негіздерін интерпретациялау;

- Зерттеу барысындағы жүргізілген эксперименттік материалдарды жинақтау және сараптау;

- Қосымша материалдар негізінде тұжырымдама жасау;

- Диссертация жұмысына қажетті пайдаланылған әдебиеттер мен ғылыми еңбектер тізімін реттеу;

- Ғылыми-зерттеу жұмысы негізінде туындаған тәжірибелер негізінде әдістемелік нұсқаулар шығару;

Зерттеу жұмысының базасы

Эксперимент жұмысына Көкшетау қазақ лицейі мен Балуан орта мектебінің (Солтүстік Қазақстан облысы, Шалақын ауданы) оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұралары негізінде бастауыш сынып оқушыларына этноэкологиялық тәлім-тәрбие беру әдістемесінің Тұжырымдамасы жасалды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні

Зерттеу материалдары негізінде қалыптасқан этноэкологиялық тәлім-тәрбие тұжырымдамасын әдістемелік құрал ретінде ғылыми-тәжірибелік семинар жұмыстарына пайдалануға және мектеп практикасына кешенді түрде ендіруге болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар

- С. Л. Сауытбековтың педагогикалық мұраларының потенциалдары мол.

- Мектепте тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру барысында ұстаз-тәлімгерлерге әдістемелік бағыт беру.

- Ұлттық интеллигенция өкілдерінің шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды зерттеу мен пайдаланудың тиімділігі зор.

- Оқушыларға этноэкологиялық тәрбие беру үрдістері - озық тәжірибелерге негізделгені шарт.

- Зерттеу материалдарын мектеп практикасында және ғылыми-әдістемелік шығармашылық жұмыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері зор.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі

Аталмыш еңбек ғылыми-педагогикалық талапқа сай зерттеу нәтижелерімен, теориялық қағидалардың эксперименттік жұмыстардың мақсаттарымен сәйкес келуімен және талдау мен қорытындылау әдістері негізінде қамтамасыз етіледі.

Ғылыми зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру үрдістері

Диссертациялық еңбектің негізгі ой-тұжырымдары халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда - Ы. Алтынсаринның 150 жылдығына орай өткен « Ы. Алтынсаринның тәлім-тәрбиелік мұрасы және қазіргі мектеп» (Қостанай, 16-18 қазан 1991 жыл), « Халық педагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үрдісістеріне ендірудің ғылыми-әдістемелік негіздері » (Алматы, 10-12 желтоқсан, 1991 жыл),

«Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы » (Алматы, 19-20 мамыр, 1992 жыл), «Халық педагогикасының озық дәстүрлерін оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану » (Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, 1999 жыл), «Сейтен Сауытбековтың ұлттық тәлім-тәрбиелік мұраларын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жолдары » (Көкшетау, 9-10 тамыз, 2003 жыл) және басқа ғылыми мәжілістерде, педагогикалық оқуларда, семинар жұмыстарында, білім жетілдіру мекемелерінде дәрісбаян һәм тәжірибе алмасу негізінде баяндалды.

Республика көлеміндегі ғылыми-педагогикалық басылымдарда зерттеу жұмысына қатысты көлемді мақалалар мен тұжырымдамалар жарияланды. Қазақстан және одан тысқары жерлердегі мектептерде 1989 жылдан бері ендіріліп келе жатқан « Атамекен » Ұлттық тәлім-тәрбие Бағдарламасы, зерттеу жұмысының бір саласы болып табылады.

Зерттеу әдістері

- Зерттеу тақырыбына жақын зерттеу жұмыстарына талдау жасау;

- Зерттеу жұмысына қатысты ресми құжаттарды реттеу және жинақтау;

- Соңғы ғылыми педагогикалық жаңалықтарды сараптау және пайдалану;

- Зерттеу жұмысына қажетті - сауалдама, әңгімелесу, педагогикалық-психологиялық диагностика, ғылыми-педагогикалық мониторинг және социометриялық-схемалық әдістерді қолдану;

1-ТАРАУ. СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВТЫҢ ӘДЕБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

  1. Жалпы экология және этноэкология һақында қысқаша түсінік

Экология мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік һәм техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудың экологиялық шарттары
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен құралдарын анықтау
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
Табиғат қорғауды оқыту жүйелері
Глобальды экологиялық проблемалар
Бастауыш сыныптарға жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Оқушының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Тұлғаның экономикалық мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz