Мектеп оқушыларының мәліметтер базасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

кіріспе 5

1 ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІНІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІ 7

1. 1Пәндік облысты ақпараттандыруды талдау және оның лайықтылықтылығын бағалау. 7

1. 2 Ақпараттық технологиялардың білім беру потенциалы. 14

1. 3Ақпараттық-программалық кешен мәселесін қою және құру технологиясын таңдау. 20

2 педагогикалық мәселелер кешенін Автоматтан-дыРУДЫҢ ақпараттық жабдықТАУын ҰЙЫМдастыру 25

2. 1 Білім беру үрдісіде ақпараттық технологиялардың интеграциялау моделі (тәсілдерді үлгілеу немесе жүйені компьютерлік модельдеу) 25

2. 2 Ақпаратты өңдеу алгоритмін жасау және шешім қабылдау әдістері. 35

2. 3 Инфологиялық немесе ақпараттық модель (мәліметтер сызбасы) . 41

2. 4 Мәліметтер қорын ұйымдастыру және МҚБЖ-сін таңдау 46

3 Автоматтандырылатын педагогикалық мәселелер 55 кешенін программалық және техникалық ЖАБДЫҚТАУ

3. 1 Ақпаратты өңдеу технологиясын жасау. 55

3. 2 Жасалынған жұмыстың таяныш аспаптық құралдары 56

3. 3 Пайдаланушы кешенімен байланыс интерфейсін құру 59

3. 4 Программалық құралдардың архитектурасы, құрамы және құрылымы

4 АҚПАРАТТЫҚ-ПРОГРАММАЛЫҚ КЕШЕННІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ 64

4. 1 Білім беру программалық кешеніне қойылатын талаптар. 64

4. 2 Оқыту сапасын талдау және бағалау әдістемесін таңдау 66

4. 3 Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғаудың компьютерлік әдістері 69

ҚоРытынды 76

Қолданған әдебиеттер тізімі 77

ҚосымшаЛАР: 78

Қосымша А. Бағдарламалар листингі

Қосымша Б. Графикалық бөлімнің слайдтары

кіріспе

«Қазақстан - 2030 » стратегиялық бағдарламасы приоритеттерінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктірумен сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға және оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді тұрақты түрде дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. Информациялық қоғамға ауысу информациялық және коммуникацялық технологияларды дамыту мен күнделікті тұрмыста пайдалану жолымен, яғни қоғамды ақпараттандыру істерін дамыту арқылы іске асырылады.

Информациялық қоғамға көшу процесінде информация құндылығы өзгеріп, біздің уақыт кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы да түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің - информациялық мәдениеттің тууына себепші болды. Информациялық мәдениетті информациялық процестерді ұйымдастырудағы адамдардың информациялық қарым-қатынасын қанағаттандыру, қабылданған шешімдердің тигізетін әсерін болжап әлемді, біртұтас күйде көрсете алатын информацияны жасау, сақтау, өңдеу, тасымалдау, бейнелеу және пайдалану істерін тиімді ұйымдастыру жолындағы қол жеткен деңгей түрінде қарастыру керек.

Информациялық қоғам қалыптасуының негізгі бағыттарының бірі білім саласын ақпараттандыру болып саналады. Қоғамымыздағы құрайтын тұрғындардың алдыңғы қатардағыларының ой еңбегінің жемісі болып табылатын информациялық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі өсіп келе жатқан жас ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.

Қазақстан Республикасының 2002-2007 жылдарға арналған білім саласын ақпараттандыру Мемлекеттік Концепциясына сәйкес білім беру ісін ақпараттандыру дегеніміз - білім жүйесін жаңа информациялық технологияларды тиімді пайдалану методологиясымен және оны жүзеге асыру практикасымен қамтамасыз ету процесі болып саналады. Мұндай шаралар жеке тұлғалардың қоғамды дамытуға қажетті жеке қасиеттерін жетілдіруге, оларды әлеуметтік құндылықтарды екпінді түрде пайдалану істеріне тартуға және өздігінен білім алу мен өзін таныту істеріне жұмылдыруға бағытталған.

Сонымен, жаңа информациялық технологияларды пайдалану кезеңіндегі педагогикалық мақсаттар болып мыналар саналады:

1. Информациялық қоғам құру кезеңіндей оқушының жеке тұлғасын және индивидті лайықты өмірге дайындау:

  • ойлау қабілетін жетілдіру ;
  • эстетикалық тәрбие;
  • қатынасу-сөйлесу қасиеттерін дамыту; тиімді шешім қабылдауды немесе күрделі жағдайларда қабылданатын бірнеше шешімдер нұсқасын ұсынуды қалыптастыру;
  • ғылыми - тәжірибелік қызмет жүргізе білуге үйрету, оны дамыту;
  • информациялық мәдениетті, информацияны өңдеу ісін жүргізе білуді қалыптастыру.

2. Қоғамды ақпараттандыруға байланысты туындайтын әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру:

- информатика және есептеу техникасы саласында мамандарды дайындау;

- жаңа информациялық технологиялар құралдарын тұтына білушілерді дайындау.

3. Оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейлерін екпінді ету (интенсификациялау) :

- жаңа информациялық технологиялар құралдары мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы оқыту процесінің тиімділігі мен сапасын көтеру;

- оқушылардың танымдық қасиеттерін жетілдіруге қажет ынталандыру істерін жүргізуді қамтамасыз ету;

- әр саладағы мәселелерді шешу істерінде қазіргі кездегі қолданылып жүрген информация өңдеу құралдарын пайдалану арқылы пәнаралық байланыстарды тереңдету.

Жеке бір мұғалімнің ісі арқылы бұл аталған мақсаттарға қол жеткізу қиын. Оларды орындау үшін мектептің бүкіл педагогикалық ұжымының жүйелі түрде жұмыс жүргізуі және осы қарастырылып отырған мектептің мәліметтер базасын құру қажеттігі туындайды. Сондықтан осыларды жүзеге асыру үшін жүйелік және кешендік шараларды атқару мақсатында алдымен жеке педагогтың информациялық мәдениетін қалыптастыру керек және мектеп ұжымдарында оқу процесінің мәліметін жинақтап, блоктарға бөліп, мәліметтер базасын ұйымдастыру керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мектептің құжатнамаларын автоматтандыратын және ұжымды жоғары сатыға көтеруге, оқушыларды субъект ретінде қабылдауға, дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруға және мектеп администраторларының жұмысын жеңілдетуге көмектесетін Орта мектептің мәліметтер базасын ұйымдастыру.

Диплом жұмысты орындау кезінде оқушылармен жұмыс жүргізіп, қажетті құжатнамаларды жинастырылды. Мептеп тарихымен танысып, құрылымдық схемалары жасалынды. Орта мектептің іс-қағаздары, құжатнамалары бойынша мәліметтер жиналды және осы мәліметтер бойынша деректер базасы ұйымдастырылды. Дипломдық жұмыста ұсынылып отырған жоба, яғни орта мектептің мәліметтер базасын ұйымдастыру, мектептің құжатнамаларын автоматтандырады және ұжымды жоғары сатыға көтеруге, оқушыларды субъект ретінде қабылдауға, дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруға және мектеп администраторларының жұмысын жеңілдетуге көмектеседі.

1 ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІНІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІ

1. 1 Пәндік облысты ақпараттандыруды талдау және оның лайықтылықтылығын бағалау

Тараз қаласындағы №17 орта мектеп 1970 жылы құрылған. Мектептің мекен жайы темір жол аймағы. Мектепте класс бөлмелері, оқу кабинеттері, акт залы, кітапхана, шеберхана, спорт комплексі, тәжірибе участогы, мұғалімдер бөлмесі, мед кабинет, асхана, буфет, персоналға арналған үй-жайлар, оқушылардың тынығуына арналған бөлмелер құрылған.

Мектепте 1 спортзалы, 1 спорт алаңы, 2 волебол алаңы, 1 баскетбол алаңы, 1 қол добына арналған алаң және 1 футбол алаңы бар.

Сонымен спорт алаңы стандарт емес құралдармен жабдықталған.

АӘД пәніне арналған алаң жабдықталған

Мектепте 1 кітапхана, кеш өткізетін сарай, Музыка кабинеті 1, Информатика кабинеті 20 компюьтермен жабдықталған. Компьютерлер интернетке қосылған.

Қазіргі кезде мектпте 1575 оқушы оқиды. Олардың ішінде:

  • дайындық сыныптарында - 158 оқушы;
  • I - IV - ші сыныптарында - 728 оқушы;
  • V - IX - шы сыныптарында - 592 оқушы;
  • X - XI - ші сыныптарында - 87 оқушы бар.

Оқушыларға 117 мұғалім дәріс береді, олардың ішінде Халық ағарту ісінің үздік қызметкері - 5, жоғары дәрежелі - 22, бірінші дәрежелі - 25.

Оқу - тәрбие жұмысы екі ауысымда ұйымдастырылған:

I- ші ауысым сағат 8 00 - 13 15 - ке дейін;

II - ші ауысым сағат 14 00 - 18 40 - қа дейін.

Мектепте сабақ барысы дайындық және бірінші сыныптарда 30 минуттан, ал II - XI - ші сыныптарында 45 минуттан жүргізіледі.

Директордың шаруашылық жұмыстары туралы мәліметі:

  1. Мектептің шаруашылық жұмыстары.
  2. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс - шаралар.
  3. Мектептің ішкі, сыртқы төңірегінің тазалығы.
  4. Мектепті ағымдық жөндеуден өткізу.
  5. Техникалық қызметкерлердің жұмысы.
  6. Мектеп үйінің мүліктерін дұрыс пайдалану және оның дұрыс сақталуы .
  7. Мектепті жарықпен, сумен, жылу жүйесінің үздіксіз қызмет Атқаруна, пайдалануға басшылық жасау.
  8. Техникалық қызметкерлердің айлық табелін жасап өткізу.
  9. Мектеп мүліктерінің, заттарының кіріс және шығыс есептерін дұрыс жүргізу.
  10. Мектеп асханасының дұрыс жұмыс істеуіне басшылық жасау.

Мектеп құжаттарын жүргізушілер туралы мәлімет:

Мектеп құжаттарын жүргізушілер, орта мектептің мұғалімдерінің бітірген мамандықтары бойынша мәліметі 1. 1 сурет көрінісінде бейнелейді.

1. 1 сурет - Орта мектеп мұғалімдерінің мәліметтері

Лаборант

  1. Мектептің инвертизацияланған физика, химия, биология лабараторияларындағы купондарға жауапкершілік міндеті жүктеледі.
  2. Сабаққа пайдаланылатын техникалық купондарды даярлау және қойып беру.
  3. Мектептегі оқу үрдісіне сәйкес мектеп лабараториясының жылдық жұмыс жоспарын жасау және сол бойынша жұмыс атқару.

№17 орта мектептегі мұғалімдердің пән бойынша сараптамасы:

Декретте - 7 География - 5

Зейнеткер - 6 Шет тілі - 6

Жас мұғалімдер - 15 Музыка - 3

Администрация - 17 Еңбек - 5

Қазақ тілі және әдебиет - 8 Сурет - 2

Математика - 8 Бастауыш - 12

Информатика - 6

Физика - 6

Тарих - 6

Химия, биология - 6

Кадрлармен жұмыс ұйымдастыру туралы мәліметі

Мектеп жарғысына сай мектеп жұмысының негізгі бөліктерін мектеп әкімшілігі мен мектеп ішілік қоғамдық ұйымдарға бөлу.

№17 орта мектебінің жалпы құрылымы 1. 2 суретте келтірілген.

Мектеп директорының атқаратын жұмысы:

  1. Мектеп директоры өзінің оқу тәрбие жөніндегі орынбасарлары арқылы Мектеп ұжымның мүшесіне басшылық жасап отырады.

1. 2 сурет - №17 орта мектептің құрылымы

  1. Мектеп ұжымы Қ. Т. Білім, Тіл туралы Заңына негізделе отырып басшылық жасау.
  2. Оқушылардың мектепте оқуын қадағалап, оларға жағдай жасау.
  3. Мектеп оқушыларына саяси-иделогиялық, патриоттық тәрбие мен оқу жоспарына сәйкес білім беруді қадағалау. Мемлекеттік білім саласы стандартына сәйкес болуын талап ету.
  4. Мектеп ішілік еңбек тәртібіне және мектеп тазалығына, көгалдандыруға басшылық жасау.
  5. Пед кеңестің өткізілуіне және кітапхана жұмысына басшылық жасау, мектеп директорының орынбасарларына және кіші қызметкерлеріне тиісті міндеттер бөліп беру, бұйрықпен бекіту.
  6. Мектеп ішілік іс қағазының талапқа сай орындаруы мен аудандық оқу бөліміне тапсыратын есептерге және мектеп мүліктерінің сақталуына басшылық жасау.
  7. Оқу-тәрбие жұмысына басшылық жасау.
  8. мектепте іске асырылатын жұмыстарды жоспарлау.
  9. Ата-Аналармен жұмыс. Пед. Білімді насихаттау.
  10. Балалардың құқығын қорғау, жазғы демалысын ұйымдастыру.
  11. Жалпыға бірдей міндетті оқу заңының орындалуын іске асыруға басшылық жасау.
  12. Кадрлармен жұмыс, емтихандар, пед. Кеңес, финанс қағаздарының дұрыс жүргізілуін қадағалау.
  13. Педагог кадрларды аттестацияданөткізуге басшылық жасау.
  14. Пәндердің жүргізілуін бақылау, А. Ә. Д., дене шынықтыру, тарих, физика, география пәндері.

Педагогикалық кадрлар бойынша мәліметтер:

№17 орта мектебінде -117 мұғалім жұмыс істейді, олардың ішінде Халық ағарту ісінің үздік қызметкері - 5, жоғары дәрежелі - 22, бірінші дәрежелі - 25.

№17 орта мектептің жаңа технологиялар бойынша жұмыстары:

1-4 сынып - оқытудың жетілдіру технологиясы бойынша;

5-11 сынып - модульдік технология бойынша.

Мына пәндер бойынша модульдік технология әдісі жүргізіледі:

  • Химия;
  • Биология;
  • Информатика;
  • Математика.

Мектеп тақырыбы:

Оқытуда және ұлттық тәрбие беруде оқушының ойлау қабілетін арттыру. Компьютер арқылы оқыту үрдісін толыққанды түрде ұйымдастырудың негізгі үш аспектісін бөліп айтуға болады.

  • оқушылардың танымдық белсенділігін басқару;
  • оқу әрекетін «мұғалім - компьютер оқушы» жүйесі түрінде басқару;

мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеті мен ынтымақтастығын оқушылардың өздері басқарады.

№17 орта мектептің оқушылардың шығармашылық жұмыстары 1. 3 суретте көрсетілген.

1. 3 сурет - Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

Мектеп мақсаты: Оқу - тәрбие процесінде оқушының ойлау қабілетін арттыра отырып, ұлттық дәстүрде тәрбиелеу; оқушыға білім беруді асыру.

7-11 - сыныптар информатиканы тереңдетіп оқыту мәселелерін қамтиды. Математиканы оқытуға оқытудың каомпьютерлік технологиясы жасалып пайдаланылады.

Математика мен информатиканы кіріктіріп оқытудың мынадай ерекшеліктері бар.

  1. Программалау элементтері тек алгоритм мен бағдарламалау тілдері ұғымдарын үйрену үшін ғана емес, логикалық ойлауды дамыту жолындағы кең көлемді математикалық есептерді шығаруға пайдаланады.
  2. Математиканы оқып-үйренуде оқытудың компьютерлік технологиясы жасалып пайдаланылады.

Сөйтіп, тек осы айтылған жағдайларды ескеріп, мәселеге ғылыми көзқараспен қарағанда ғана біз қазақ мектебіне арнап қазіргі заман және педагогика ғылымы талап етіп отырған информатика мен математика мазмұнын, оқыту әдістерін анықтай алады.

Сонымен, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, олардың осы пәндерге қызығушылықтарын арттыруға және олимпиада сайыстарында үлкен нәтижеге жетуге математика мен информатика пәндерінің интеграциялануы нәтижесінде қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және информациялық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады. Бірақ мұндай қоғамда информация көлемінің өсуі (әр 2 жылда екі есе артады) практикалық әрекеттермен шындалып отыруы тиіс, мұнда оқытудың тек мәлімет беретін түсіндіру-көрсету технологиясымен шектелуге болмайды. Қазіргі жаңа ақпараттық қоғам түрлі мәліметтермен жұмыс істеп, қойылған мақсатқа жету жолында алдыңғы қатарлы информациялық мәдениеті бар, яғни компьютерлік информациялық технологияларды, жаңа техникалық құралдар мен тәсілдерді пайдаланатын мамандарды керек етеді.

Төмендегі кестеде жеке тұлғаға бағытталған оқыту пән мен пәндік негізге бағытталған оқыту кестесі (1. 1 кесте) .

Мәліметтердің құрылымы. Олардың базалық операциялары мен қатынастары:

  • Атомарлық объектілер - әр түрлі алфавиттер символдары; бірдейлігі; қасиеттері - түсі, формасы;
  • Тізбектер (шекті объектілер) - бірдейлігі; реттік нөмірленуі, бірізділігі; байланысуы (екі тізбек үшін және тізбектер тізбесі үшін) ; символдар мен сөздердің алфавиттік реттілігі;
  • Қапшықтар (элементтері бірнеше рет қайталана алатын жиындар) - бірдейлігі; қосындысы, бірігуі, қиылысуы; сандық қапшықтар, қосындысы, қапшықтар элементтерінің көбейтіндісі;
  • Кестелер (қапшық кестелері; екі тізбек көбейтіндісі кестесі) ;

Жазықтықтағы тұтас нүктелер (абсолюттік және салыстырмалы ығыстыру, көпбұрыштар, графиктер) ;

1. 1 кесте - жеке тұлғаға бағытталған оқыту

Пәнге бағытталған оқыту түрі
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі
Пәнге бағытталған оқыту түрі:
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі: Оқыту мақсаты
Пәнге бағытталған оқыту түрі: Оқу мақсаты айқын білінеді. Сабақтың білімдік, тәрбиелік және оқыту мақсаттарының шекараларын нақты бөлуге болады. Көбінесе мақсатты мұғалім қояды.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі: Оқушылардың білімі оқыту, тәрбиелеу және пән арқылы (информатика) жетілдіруден тұрады. Формуласы: «Білім = оқыту+тәрбиелеу+жетілдіру». Мәселені қою барысында оқушы өзінің алдағы әрекетінің мақсатын іштей қабылдайды. Оқушы жаңа оқу міндетін қалыптастыруға, оны қайта анықтауға, қайшылықтарын анықтауға қатысады. Мұнда мұғалім - оқушы үшін білімнің қайнар көзі болып саналады.
Пәнге бағытталған оқыту түрі:
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі: Оған ынталандыру
Пәнге бағытталған оқыту түрі: Әрекетті сырттай ынталандыру пайдаланылады. («Сен істейсің, міндеттісің») .
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі: Әрекетті іштей ынталандыруға сүйену («Маған бұл керек, бұған қол жеткізуге тиіспін ») .
Пәнге бағытталған оқыту түрі:
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі: Оған жету
Пәнге бағытталған оқыту түрі: Педагог таңдайды. Сабақ формуласы: «Игеру =Түсіну+ есте сақтау»
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі: Оқушылармен бірге таңдалады. Сабақ формуласы: «Меңгеру = игеру+біліміңді практикада қолдану»
Пәнге бағытталған оқыту түрі:
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі: Нәтижесі
Пәнге бағытталған оқыту түрі: Бастысы - білімді игеру деңгейі. Оқушы мұнда барлығына бірдей берілетін тапсырма орындай да, нәтижесінде - дұрыс жауапқа, жақсы бағаға жетуге тырысады. Ол өз оқу жұмысын талдамайды, нәтижеге жету тәсілімен де қызықпайды, өз психологиялық жағдайын да талдамайды, өйткені оны ешкім сұрап жатқан жоқ.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі: Бастысы - оқу процесіндегі оқушының жеке басындағы оң өзгерістер. Оқушы өз деңгейіне қарай құрастырылған тапсырмаларды амалдардың жалпы тәсілдерін анықтай отырып орындайды. Ол өз оқу жұмысын, психологиялық қалпын ынтамен талдап, өз плюстары мен минустарын ашық көрсетеді.
Пәнге бағытталған оқыту түрі:
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі: Бағалау
Пәнге бағытталған оқыту түрі: Алынған нәтижені жалпы қабылданған үлгілермен салыстыру.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі: Қол жеткен жеке жетістіктері эталонын пайдалану арқылы өзін өзі бағалау
  • Тармақтар, реттелгендері мен белгіленгендерін қоса;
  • Графтар;
  • Гиперқұрылымдар;
  • Жазықтықты қию; аймақ сандары.

Тілдер:

  • Объектілер мен олардың аттары;
  • Тұжырымдар; ақиқаттық мәндер: АҚИҚАТ, ЖАЛҒАН, БЕЛГІСІЗ;
  • Барлығы әрқайсысы (тұжырымдар мен объектілерге байланысты) ;
  • Алмастыру ; күрделі аттарды мәндерін табу; жақшалар.

Процестер:

  • Объект үшін тұжырымды тексеру;
  • Тізбек пен қапшық объектілерін біртіндеп қарап шығу;
  • Натуральдық қатар туындауы;
  • Екі процесс операцияларының кезектесуі; объектілерді қайталап санап шығу;
  • Командалар тізбегін орындау;
  • Сипаттамасы - шарттары жүйесі (қапшығы) бойынша объект тұрғызу;
  • Тізбекті мүмкіндіктерді теру, теру тармағы, шарттардың берілген жүйесін қанағаттандыратын барлық объектілерді құрастыру;
  • Толық теріп шығу жолымен жоқ екендігін анықтау;
  • Ойын, позициялар, жүрістер, ережелер, ойын тармағы ойындағы стратегия;
  • Кездейсоқ таңдау, ықтималдылық;
  • Негізгі объектілермен базалық операцияларды алгоритмдік түрде орындау;
  • Процестің күрделілігі - ұзақтығы, қажет етілетін жады;
  • Сұрыптау процестері;
  • Параллель процестер;
  • Рекурсивтік сипаттамалар; объектілерді индуктивті түрде тұрғызу; периодты тізбектер;
  • Диагональдық конструкциялар;
  • Есепті шағын есептерге бөлу; шешулерді біріктіру.

Нақты объектілер, тілдер және процестер:

  • Нақты тілдер (олардың кейбірі үшін - тек қана алфавиттер) : орыс тілі, реформаға дейінгі орыс тілі, ескі славян тілі (глаголица мен кириллица) ; ағылшын, неміс, француз және басқа негізгі европалық тіілдер; грузин, армян, эстон және басқа көрші елдер тілдері; грек, иврит тілдері; корей, жапон, қытай және тағы басқа шығыс тілдері;
  • Орыс және басқа тілдердің алфавиттік тізбектері; дефис, апостроф; әріптер аттары;
  • әр түрлі тілдердің тыныс белгілері;
  • сөздіктер - орфографиялық, түсіндірмелік, екітілдік; анықтамалықтар (телефондық және басқалары) ; энциклопедиялар;
  • омонимия;
  • түсініктің толық және жартылай сипаттары;
  • орыс тіліндегі тасымалдау ережелері;
  • орыс және басқа тілдердегі сандардың жасалуы;
  • әр түрлі тілдердегі апта күндері аттары және де басқа жиі қолданылатын сөздер;
  • циклдік шкалалар (сағат, санауыштар) ; уақытты өлшеу кестелер;
  • информацияның гиперқұрылымдары;
  • генеалогиялық тармақтар;
  • схемалар, жоспарлар және карталар;
  • нақты объектілерді санау; үлкен сандар және бағалар;
  • нақты қапшықтар мен тізбектермен орындалатын базалық операциялар;
  • нақты сұрыптаулар;
  • кеңістіктегі нақты қозғалыстар мен ығыстырулар бойынша нұсқаулар орындау;
  • өлшеулер;
  • тұрмыс техникасын талдау және олар туралы нұсқаулар орындау (теледидар, кір жуатын мапшина, фотоаппарат, т. б. ) ;

нақты ойындар (крестер-нөлдер, домино, теңіз соғысы, сүйектер, т. б. ) .

1. 2 Ақпараттық технологиялардың білім беру потенциалы

Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең іішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасаады, әлемдік өркениет пен ықпалдасуда, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда. Елдің әлеуметтік - экономикалық дамыту перспективалары ай-қындалған.

Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін иқұрайтын және елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде қазіргі білім беру жүйесінің, адам капиталының рөлі мен мәні арта түседі.

Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезегінде білім беру ісіне ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңнің шақыруларына жұмыла ұн қосуды әрі соған сай жауап беруді талап ететін және де тұтастай алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс.

Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру кеңістігіне кезең-кезеңімен енуін жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайын да өтіп жатыр.

Білім беру саласының жай-күйін талдау бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейін тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар қамтылғанын көрсетеді.

Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моралдік тұрғыдан ескірген. Оқушының даралығына бағдарланған білікті көзқарас жоқ. Мектепте оқу оқушының өмірлік жолын, мүдделері мен перспективала рын таңдауына нақты дәлелдемелер бермейді. Жоғары сынып оқушыларының тек 30% - ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіби қызметті таңдайды. Демек, бұл жоғары сынып оқушыларының 70% - ының өмірден өз орындарын табуға мүмкіндігі аз деген сөз.

Соңғы бес жылдағы ЮНЕСКО -ның зерттеулері мен жалпы білім беретін мектеп бітірушілерді тестілеудің нәтижелері білім сапасының ұдайы төмендеп келе жатқанын көрсетеді.

Орта білім берудің жоғары сатыларында кәсібилендірудің жеткіліксіздігінен мектеп бітірушілер еңбек рыногында талап етілмей отыр.

«Кәсіптік бастауыш және орта білім берудің» мазмұны мен атауының сәйкессіздігі 1997 жылғы ISKED Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімінің өлшемдеріне қарсы келеді.

Техникалық және кәсіби білім беру жұмыс берушілер мен еңбек рыногының қызметкерлердің біліктілік деңгейіне қоятын жаңа талаптарына байланысты «кадрлық ашығу» проблемасын толық көлемінде шеше алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйе мүмкіндіктері
Бағдарлы сыныптарда "ақпаратты жүйелер" тақырыбын оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
Мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру жолдары
Пролог негіздері
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz