Түркістан өлкесі жерінің құрамына


Кіріспе
1 Қазақстанның XIX ғасыр екінші жартысындағы саяси - әлеуметтік дамуының мінездемесі
- Қазақстанның XIX ғасыр екінші жартысындағы экономикалық дамуы
- Қазақстанның XIX ғасыр екінші жартысындағы саяси-мәдени дамуы
- Саяси әлеуметтік орта типтік тұлға қалыПтасудағы қозғаушы күшТұлға түсінігі мінездемесіТиптік тұлға қалыптасуы. Көрнекті өкілдері
- Ы. Алтынсариннің тұлғалық мінездемесіЫ. Алтынсариннің ұлттық суреттемесіЫ. Алтынсариннің саяси-әлеуметтік суреттемесіЫ. Алтынсарин - өз заманының озық талапты тұлғасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстанның XIX ғасыр екінші жартысындағы саяси - әлеуметтік дамуының мінездемесі
- Қазақстанның XIX ғасыр екінші жартысындағы экономикалық дамуы
Ресей империясы Қазақстанды өзіне қосып алғаннан кейін, мұнда отаршылдық тәртіпті күшейтуге бағыт алды. Ол үшін патша өкіметі осы кезге дейін өлкеде жүзеге асырылып келген округтік басқару жүйесін түбірімен өзгерту міндетін қойды, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппаратын құруға кірісті. 1867 жылы 11 шілдеде патша Александр II - Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ережелер жобасына, 1868 жылы 21 қазанда - Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы Ережелер жобасына қол қойды. Сөйтіп, 1868 жылдан бастап жаңа тәртіп бойынша қазақ даласын облыстарға, облыстарды уездерге, уездерді болыстарға, болыстарды ауылдарға бөлді де, ел арасында съезд откізіп, болыс, старшын сайлау дегенді шығарды. Соның салдарынан шен-шекпен үшін болатын ру тайпалар арасындағы бұрынғы алауыздық оты өршіп, енді ол рулас, аталас адамдар арасында лаулады. Жемсауын парамен толтырған патша әкімдері бұл мүмкіндікті өз пайдасына шебер пайдаланды.
Жаңа реформа бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарына бөлінді. Бүкіл әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың басшылығына бағындырылды. Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал /1868/ және Торғай /1868/ облыстары, Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола /1854/ және Семей /1854/ облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына - Жетісу /1866/ және Сырдария /1867/ облыстары енді. Бұрынғы Бокей хандығының жері 1872 жылы Астрахань губерниясына қосылды. Маңғышылақ приставтығы 1870 жылы Кавказ әскери округінің қарауына берілді, ал кейініректе Закаспий облысына енді. Облыстардың билігі әскери губернаторларға берілді. Әскери губернаторлар жанынан жарлықшы, шаруашылық және сот бөлімдерінен тұратын облыстық басқармалар құрылды, оларды вице-губернаторлар басқарды.
Уезд бастықтарын облыстардың әскери губернаторларының ұсынуы бойынша офицерлерден генерал-губернаторлар тағайындап отырды. Әрбір уезд бастығының екі аға және кіші көмекшісі болды. Кіші көмекші феодалдық-рулық жоғарғы топтан және ақсүйек сұлтандардан шыққан адамдардан тағайындалды. Бүкіл өкімет билігі түгелдей уезд бастығының қолына шоғырланды, полициялық өкімет орындарын да оның өзі басқарды. Уезде орналасқан әскери бөлімдер, мекемелер мен бекіністер де уезд бастықтарына қарады.
Әрбір уезд рулық негіз емес, жер аумақтық негіз бойынша құралған болыстардан тұрды. 100-200 шаңырақтан құралған әкімшілік ауылдар болды. Ал болыстар 1000 шаңырақтан 3000 шаңыраққа дейінгі ауылдарды қамтыды.
Феодалдық жоғарғы топтар қойған адамдар ғана болыс басқарушысы және ауыл старшыны болып сайлана алатын еді. Болыстық съездер мен ауыл жиындарында болыс басқарушыларын, ауыл старшындарын сайлау әрбір үш жыл сайын өткізіліп тұрды. Сайланғандар әскери губернаторлардың, облыс және уезд бастықтарының бекітуінен кейін тағайындалып отырды.
1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды, олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Бұл "Ережелер" екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл "тәжірибе" жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. 1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы ереже", 1891 жылы 25 наурызда облыстарды басқару туралы ереже" қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Сырдария облысы Амудария бөлімінен және Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата және Ташкент атаулы 5 уезден тұрды. Ал Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық /Степной/ генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары кірді. 1899 жылы Жетісу облысы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына берілді. 1891 жылғы реформа бойынша барлық облыстарда Мемлекеттік мүлік министрлігінің мекемелері, ал Дала генерал-губернаторлығында салық инспекциясы, кен басқармасы, кеден және акциз бөлімдері құрылды.
1886-1891 жылдары патша өкіметі қабылдаған Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы жаңа "Ережелерге" сәйкес жалпы империялық соттар жүйесі - бітістіруші судьялар, облыстық және жоғарғы сот инстанциясы қалыптасты. Бұл реформалардың барлығы да отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді. Патша өкіметі жалпы империялық соттарды енгізумен, олардың құзыретін кеңейтумен қатар сот органы ретінде бұрынғы билер сотын сақтап қалуды көздеді. Патша өкіметі билер сотын сақтай отырып, оның қызмет шеңберін шектеуге және тарылтуға тырысты. Сондықтан ол қазақтардың, әсіресе бұрын билік құрып келген сұлтандар мен билердің наразылығын тудырды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Кіші жүз қазақтары арасында көшіп-қонатын жер үшін және патша өкіметінің реформаларына қарсылық күшейе түсті. Нәтижесінде Торғай мен Орал облыстарының қазақтары стихиялы көтеріліске шығып, ол 1868 жылғы желтоқсаннан 1869 жылғы қазан айына дейін созылды. 1869 жылдың наурызынан маусым айына дейін билердің, сұлтандардың, болыс басқарушыларының, старшындардың ауылдарына 41 рет шабуыл ұйымдастырылды. Оған 3 мың адам қатынасты. 1869 жылдың наурызынан бастап 1870 жылдың орта кезіне дейін Маңғыстау жарты аралындағы көтеріліс болып өтті. Оның басында Бозашы шаруалары Досан Тәжиев, Иса Тіленбаев тұрды. Көтеріліс бүкіл жарты аралға жайылды. 1869 жылдың күзінде көтеріліске қатынасқандардың саны 10 мың адамға жетті. 1870 жылы 5 сәуірде көтерілісшілер Александровск фортына, Николаевск станциясына шабуыл жасады. Форт маңындағы маяктарды өртеді. Патша әскерлері Маңғыстаудағы көтерілісті тек зеңбіректің, қару-жарақтың күшімен басты.
Ресейдегі басыбайлылық құқықты жоюмен байланысты патша өкіметі Қазақстанға қоныс аудару саясатын жандандыра түсті. XIX ғасырдың 60-шы жылдарында әйел-еркегі бар 81247 адам Жайық казак-орыстары 6235335 десятина құнарлы жерге /егістік, шабындық, жайылым жерлер, мол су көзіне ие болды. 1865 жылы Орынбор казак әскерінде әр түрлі шені бар 7567 адамға 7509632 десятина жер берілген. Ал жергілікті қазақтар өздерінің ата мекеніне көшіп келгені, сол жерді пайдаланғаны үшін, атаманның пайдасына мөлшерсіз салық төлеуге мәжбүр болды. Оның басты себебі Кіші жүз қазақтарының бұдан былай табиғат байлықтарын: жерді, ормандарды, балығы мол, әрі отын, әрі малға азық болып келген көптеген өзен-көлдерді пайдалану мүмкіндігінен айырылуы еді. Түз кендері, аң аулайтын жерлер патша өкіметінің бұйрығымен Орал және Орынбор казак әскері мен генерал-губернатордың меншігіне берілді.
Сонымен бірге ауылдардың еңбекші халқы түрлі алым-салықтардан, міндеткерліктерден мүлдем титықтады. Патша әкімшілігі әрбір рудың төлейтін салығының жалпы мөлшерін белгіледі де, кімнің қанша төлейтінін басқарушы феодалдар шешті. Сөйтіп, үй басынан салық жинаған кезде наразылық күшейді. Мұның бәрі халықты ашындырмай қойған жоқ. Егер XIX ғасырдың 40-50-ші жылдарында тек жекелеген адамдар ғана алым төлеуден бас тартса, енді тұтас ауылдар салық жинауға қарсы көтерілді.
Қатал қанаушылық еңбекші көшпенділер мен жартылай көшпенділерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері станицалардан жұмыс іздеп топ-тобымен шұбырды. Бұл кезде Орал және Орынбор казак-орыс шептерінде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істеуші қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты.
Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі - қоныстандыру саясаты. Помещиктер мен буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Ресейде басыбайлылық хұқықтың жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ. Ресейдің орталық аудандарында шаруалар толқулары тоқтамады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоныс аудару шаралары сол саясаттың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтүстік, батыс, орталық және оңтүстік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне тірек жасамақ болды.
Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші - әскери губернаторы Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы "Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы ережелер" бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер бөлінді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық /әскери міндет/ міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларға "керек-жарақтар алу үшін" ақшалай көмек берілді. Патша өкіметі 1889 жылы 13 шілдеде "Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы" арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тиянақты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді.
Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі - Сібір темір жол комитеті еді. Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең етек алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында жүргізілді.
Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартылып алынып, 10940 адам халқы бар 24 жаңа село пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1892 жылдар аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру, Сырдария облысындағы Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.
1893 жылы Сібір теміржолының батыс учаскелерін салудың аяқталуы, патша үкіметіне қазақ халқының және өз бетімен қоныс аударып келген шаруалардың жер пайдалануын тәртіпке келтіру қажеттілігін алға қойды. Бұған қоныс аударушылардың жергілікті халықпен де, бұрыннан тұрып жатқан шаруалармен де көптеген жанжалдары мәжбүр етті. Ақмола облысында І-ші межелеу партиясы жұмыс істей бастады, одан кейін басқа да партиялар кұрылды. Дегенмен олардың жұмысы тиісті нәтиже бермеді.
1894 жылы II Николай патша Дала генерал-губернаторының есебіне ескертуінде Ақмола және Семей облыстарының көшпелі халқының пайдалануындағы бос жерлердің мөлшерін және олардың сапасын зерттеп анықтау қажет екенін атап көрсетті. Бұл зерттеуді жүргізу Сібір темір жолы Комитетіне жүктелді. Комитет Ресейдің орталық аймақтары шаруаларының соңғы жылдарда дала өлкесі жеріне қоныстануға ерекше ұмтылысы байқалғанын, сол себепті қазақ жерін отарлауды берік негізге қоюды ойластыру керек екендігін атап өтті. Комитеттің бастамасымен белгілі земство статистігі Ф. А. Щербинаның басшылығымен далалық облыстарды зерттеу жонінде арнайы экспедиция ұйымдастырылды. 1896-1903 жылдар аралығында экспедиция Ақмола, Торғай және Семей облыстарыныц 12 уезіне статистикалық сипаттама жасап, қазақтардың шаруашылығы туралы бағалы мәліметтер жинады. Патша үкіметі экспедиция қызметкерлерінің алдына жергілікті қазақтардан алуға арналған жердің мүмкіндігінше көп мөлшерін табу және олардың егіншілік үшін жарамдылық дәрежесін анықтау міндетін қойды. Әр түрлі аймақтар бойынша қазақтардың жер пайдалану нормаларын әзірлеу, сөйтіп осылайша жасалған "артық жерлерден" қоныс аудару қорын кеңейту көзделді. Нәтижесінде Қазақстан жеріне қоныстандыру саясаты күшейе түсті.
Қоныс аударушылар Ресейдіц Еуропалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Өйткені, қазақ даласы ұлан-ғайыр кеңдігімен, кең-байтақ жерде егін шаруашылығына да, мал шаруашылығына да жарамдылығымен қызықтырды. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында /Ақмола, Орал, Торғай, Семей, Жетісу/ ғана 3463598 адам болса, оның ішінде Еуропалық Ресейден келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден - 42119, Орта Азиядан - 23530, Польшадан - 1191, Кавказдан - 1672, Финляндиядан - 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10, 5 пайызын қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.
Қазақстан жеріне тек Ресей ішкі губернаторлары мен тағы басқа аймақтардан басқа, Қытайдан да келушілер қоныстандырылды. Құлжа өлкесінің Цин империясына қайтарылуына байланысты дүнгендер мен ұйғырлар бұқарасы Қазақстанға және көршілес Қырғызстанға қоныстануға тілек білдірді. Оларды қоныстандыру екі кезеңде жүрді. Бірінші кезеңде 1877 жылы Томақ ауданына (Солтүстік Қырғызстан) шэньси дүнгендерінің бір тобы келді. 1881-1883 жылдары Санкт-Петербург шарттарына сәйкес Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды. 1884 жылдың басына қарай Жетісуда 9572 ұйғыр отбасы (45373 адам) және 1147 дүнген отбасы (4682 адам) болды. Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныстануына байланысты Жетісудың отырықшы халқы екі есе көбейді. 1897 жылғы санақ бойынша дүнгендердің саны-14130, ұйғырлар-55999 адамға жетті.
Патша өкіметі отарлау саясаты барысында Қазақстанның кең даласындағы ен байлықты өзінің шикізат қоймасына, елді өндіріс тауарларын сататын сауда аймағына айналдырды. Мал, жүн, теріні өте арзанға сатып алып, өте қымбат бағаға өндіріс тауарларын сатып, қазақ халқын аяусыз қанады. Патша әкімшілік органдарының бастықтары мырзалық жасап, қазақтың шұрайлы жерлерінің әр десятинасын он тиыннан оңды-солды сатты.
Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайын ғана емес, сонымен бірге рухани-адамгершілік мүддесін де қысымға салды. Патша өкіметінің қолдауымен келген қоныстанушылар, көбінесе кулактар, қазақтарды шұрайлы өз мекендерінен қуып шығып отырды. Сонымен бірге қазақтардың бір-бірімен қатынастарына үлкен кедергі жасап, ауылдастардың экономикалық мүддесіне, адамгершілік және рулық қатынастарына нұқсан келтірді. Кей жерлерде қазақтардың көшетін жолдары орыс поселкаларының үстінде жатқандықтан қоныстанушылар олардан малын өткізгені үшін мол алым төлеттірді. Сонымен бірге отаршыл әкімшілік бұрыннан қалыптасқан қазақтың отырықшылық ұяларын бұзып, жергілікті тұрғындарды шөл және шөлейт аудандарға күшпен көшіру фактілері жиіленді. Бір ғана Жетісуда 30 мыңнан астам отырықшылдық ошағы талқандалынды. Осындай зорлық-зомбылық барлық жерде орын алды.
Патша өкіметінің отарлау саясатының салдарынан Қазақстанның ауылшаруашылығы дамудың орнына дағдарысқа ұшырады. Жерді тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау, жергілікті халықты шөл және шөлейт далаларға қуалау қазақтың егін шаруашылығын, әсіресе, мал шаруашылығын өркейтуге қолайсыз жағдайлар туғызды. Оған мысал: Қазақстанның далалық облыстарында /Жетісуды қоспағанда/ қой-ешкі 1880 жылдан 1905 жылға дейін 24, 9 пайыз, ал жылқы 1905 жылдан 1914 жылға дейін 4, 1 пайыз кеміді. Күйзеліске ұшыраған қазақ кедейлерінің едәуір бөлігі орыс кулактарына, казактарға және ауқатты шаруаларға жалданып жұмыс істеуге мәжбүр болды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің капиталисте өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біртіндеп ыдырай бастады.
Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.
Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шарушылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп тауарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар көзі ретінде капиталистік Ресейге барынша тәуелді болып шықты.
70-80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Фабрикаларда өндірілген арзан мақта-мата бірқатар шығыс елдерінің майдагерлік бұйымдарын шапшаң ығыстырды. Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар /самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т. с. с/ көтеріңкі бағамен сатылды. Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейге мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу шапшаң өсті. Көптеген мал мен шикізат Семейдің, Петропавлдың, Оралдың, Орынбордың қасапханаларында былғары, тоң май, тері илеу, сабын қайнату зауыттарында өңделіп, қырға тон, аяқкиім ретінде қайтып оралып отырды.
Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жердей сатып ала алмайтын еді және шаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады.
Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін - жәрмеңкелік сауданы енгізді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкеде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түріне айналды. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл /Петропавл маңында/, Константиновск /Ақмола/, Петровск /Атбасарда/ және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар /Семей облысы/, Қарқара /Жетісу/, Әулиеата /Сырдария облысы/, Ойыл, Темір /Орал облысы/ жәрмеңкелері жұмыс істеді.
Жәрмеңкелер тауар-рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының тауарлылығын арттыруға ынта туғызды, байлардың байи түсуіне, сауда буржуазиясының өсуіне себеп болды. Алыпсатарлар мал мен шикізатты арзанға сатып алып, оны жәрмеңкелерде қайтадан қымбат бағаға сату арқылы пайдаға кенелді. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығын Ресейдің капиталисте экономикасы мен байланысын нығайтты, натуралды шаруашылықтың ыдырауын және патриархалдық-феодалдық қатынастардың күйреуін тездетті.
Қазақстанда сауда капиталының пәрменді түрде енуімен өлкеде сауданың тұрақты формалары: дүкендер, көтерме сауда қоймалары көбейді.
XIX ғасырдың 80-90 жылдарында Қазақстанда өсімқорлық сауда жаппай тараған кез еді. Момын қазақ шаруалары өсімқор капиталға түгелдей кіріптар болды, өсімқорлар көшпелі қазақ халқына аямай тұсау салды. Сонымен бірге, өлкеде тауар айналымы өскен сайын өсімқорлықпен қатар, банктер мен басқа да несие мекемелері беретін қарыздардың капиталистік формалары орын ала бастады. Ресей мен Орта Азия арасында ұлғая түскен сауда, сондай-ақ ішкі рыноктың өсуі, өлкеде сауда буржуазиясы әлеуметтік тобын қалыптастырды. Қазақстанда да сауда капиталының шонжарлары өсіп шықты. Мысалы, саудагер Деевтердің, Путиловтардың, Оглотковтың, Хрупиннің Орынборда, Троицкіде, Орскіде және басқа қалаларда астық және өнеркәсіп тауарларын сататын ондаған дүкендері қызмет етті.
Қазақстанда капиталистік түрдегі сауда-саттықтың күшеюі жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Осы кезде, Қазақстанда 30-дан астам қалалар мен 400 казак-орыс поселкалары пайда болды. Қазақстан қалалары халқының қалыптасуы мен өсуі Ресейден капиталисте қатынастардың дамуымен тығыз байланысты еді. Қалаларда әскери адамдар, құрметті азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары тұрды. Қала халқының көпшілігі кедейленген шаруалар мен майда кәсіпорындарының жұмысшылары болатын.
XIX ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Оған өлкеде қолайлы жағдайлар болды: жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен, басы артық күші мол. Мұның өзі банк мекемелерінің ашылып, олардағы ақша айналым қатынастарын күшейтті. 1871 жылы Қазақстанда ашылған алғашқы банктердің бірі - Петропавлдағы негізгі капиталы 40 мың сом болатын қалалық қоғамдық банк еді. Ал 1875 жылы Ташкентте Мемлекеттік банк бөлімшесінің құрылуы, құрамына Жетісу облысы кірген бүкіл Түркістан генерал-губернаторлығы үшін елеулі оқиға болды. Мемлекеттік банктің мұндай бөлімшелері Қазақстанның сауда орталықтары мен қалыптасып келе жатқан өнеркәсіп орталықтарында: Оралда (1876 ж. ), Петропавлда (1881 ж. ), Семейде (1881 ж. ), Верныйда (1895 ж. ) жұмыс істеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz