Мал шаруашылығы өндірісінің есебі
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мал шаруашылығы өндірісінің есебі
2.2. Марқайтылып және бордақыланып жатқан мал есебінің ерекшеліктері,
оларды бағалау
2.3. Марқайтылатын және бордақыланатын малды есепке алу құжаттары
2.4. Өндірістік бөлімшелердегі марқайтылатын және бордақыланатын малдың
есебі
2.5. Өсім малдары мен бордақыдағы малдың бухгалтерлік есебі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей
жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің құлдырауына
алып келді, әсіресе мал шаруашылығы көбірек жапа шекті. Ауыл шаруашылығы
саласының құрылымы, әсіресе ондағы өсімдік пен мал шаруашылығы қатынастары
мүлдем өзгерді. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде (1994
ж. бағамен) өсімдік шаруашылығы үлесіне 80% және мал шаруашылығы үлесіне
небәрі 20% ғана тиесілі (1990 жылы 39% жэне 61% болған) болды. Мысалы, 1
шартты мал басына есептелген шартты саны азайып кеткен 1990 жылы 16,6 млн.
бас болса, 2003 жылы 7,5 млн. басқа дейін немесе 55%-ға кеміген), ал мал
шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 77%-ға азайған. Бұл жағдайда
шаруашылық категориялары бойынша мал шаруашылығы саласында қайта бөлістіру
өзгерді: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі біраз азайып кеткен ондағы
мал басы саны және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де кеміген. Қазіргі
кезеңде Батыс Қазақстан облысында республикадағы барлық мал басының 9,8%
орналасқан (шартты басқа есептегенде). Одан да өзге ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарында жер көлемі аумағы да қысқарды. 1 кәсіпорынға орташа 2100
га жыртылған жерден және 5500 жайылым және шабындықтан келіп отыр.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізінен астық өндірісіне
мамандандырылған. Бұған қалыптасқан егістік алқаптарының құрылымы да ықпал
етеді, басқаша айтқанда азық дақылдарына арналған аумақтар мал шаруашылығы
саласының дамуына сәйкес емес, олар бар болғаны орташа есеппен 550-600
шартты басты қамтамасыз ете алады. Мұндай фактор, шағын көлемдегі жер
аумағы ретінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы шоғырландыру
деңгейінің өте төмен екендігін анықтап отыр: 1 кәсіпорынға орташа МІҚ 300
басқа дейін және қой мен ешкі 1500 басқа дейін. Осы жағдайда оның
жартысынан астамы 30-35 бас МІҚ және 100-250 қой мен ешкі келеді.(1)
2.1. Мал шаруашылығы өндірісінің есебі
Жалпы өнімдер көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының
негізгі бөлігі шағын көлемді өндіріспен сипатталады: орташа республика
бойынша бұл көрсеткіш 1 шаруашылыққа 34 млн. теңгені құрайды.
Тек солтүстік өңірде ғана аздап өзгешелеу - 1 шаруашылыққа жалпы
өнім көлемі 64 млн. теңге құрайды. Бірақ мұндай жағдай астық өндіруші
кәсіпорындар есебінен қалыптасып отырғандығын айтуға болады. Оңтүстік және
батыс өлкелерде көбінесе жалпы өнім көлемдері бойынша, барынша ұсақ ауыл
шаруашылығы кәсіпорындары құрылып отыр, сондай-ақ жер көлемі, мал басы
саны, жұмыскерлер саны да өте аз.
Шаруа қожалықтары бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада
орташа 10 га келеді, сонымен қатар мал шаруашылығы да өте ұсақ көлемде
көрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және 110-ға дейін қой мен ешкі. Бұл
жағдайда мал шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады. Қалыптасқан
ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұсақ көлемді болып келуі жер көлемі
бойынша да және мал басы бойынша да үздіксіз технологиялық процесті қалыпты
жағдайда қамтамасыз ете алмайды, ол ақырында өңдіріс тиімділігінің
төмендеуіне келіп жеткізеді. Бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан
пайдалы шаруашылықты құру ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлеміне
айрықша талаптар қояды., оның өзі сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына
сәйкес болып келуі жөн.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары көлемдерінде, жер аумағы бойынша үлкен
айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі өлкелерде ұтымды өндіріс
ұйымдастыру барлық уақытта да дәлелденген болып саналмайды. Көп кездесе
бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте шағын
көлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын кәсіпорындарға қарағанда ірі
шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық өндіріс факторлары тиімді
сәйкестік тапқан және көп пайдаланылады, және соның негізінде жақсы
қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол.
Орташа және ірі тауарлы өндірістік қуаттары мен инфрақұрылымдары
дамыған кәсіпорында қызмет етіп жатыр, ауыл шаруашылық өндірістік
технологиясы жер көлемдері орташа және ірі және материалдық техникалық
базалары ұтымды пайдалануға мүмкіндігі бар мал шаруашылығы объектілеріне
ыңғайланған. Атап өтетін нәрсе, жақын болашақта орташа және ірі тауарлы
өндірісі бар табиғи-экономикалық жағдайларға сәйкестілер тұрақты дами алады
деуге болады.
Орташа және ірі шаруашылықтардың басымдылықтары, жоғары деңгейлі
мамандандыру, өндірісті шоғырландыру, рынок бойынша интеграциялау
мүмкіндіктері сияқты факторлармен анықталды. Ірі және орташа кәсіпорын,
әсіресе өсімдік шаруашылығы салаларында, шағынмен салыстырғанда басымдықты
иеленеді. Оларда күрделі қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік бар, олар
ғылыми- техникалық прогресске барынша икемді. Астық өндіруші кәсіпорын,
егер жыртылған жері 15-18 мың га шамасында иеленген жағдайда өте жоғары
пайдалылық деңгейін көрсетеді.
Шаруашылық қызметінен алынатын таза табыстың негізгі массасын шағын
кәсіпорындар тобы алады, мәселен ірінің үлесіне барлық кәсіпорынның 15,4%
құрайды, барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алынған таза кірістің 72%-
не келеді.
Интенсификациялау деңгейінің көтерілу жағдайында ауыл
шаруашылық кәсіпорындарының көлемі, өндіріс күштерінің өсуі өзгермейтіндей
болып қалмайды. Олар өздерінің өндіріс күштерінің әрбір нақты деңгейі
шаруашылықтың интенсифтілік деңгейі және оны мамандандыру жағдайы үшін
өздерінің оңтайлы шекараларын иеленеді.
Әртүрлі ауыл шаруашылық салалары үшін, өндірістің түрлі
экономикалық жағдайларының қызмет етуі жағдайында оңтайлы көлемдер шамалары
бірдей емес. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемдері жалпылама
емес, белгілі бір мамандандырылған өндіріске ыңғайластырылады. Мамандандыру
өндірісті интенсификациялаумен тығыз байланысты, оның өзі бір тектес
өнімдер өндірісінің оңтайлы шоғырлануын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның
оңтайлы көлемдері белгілі бір шаруашылықтың мамандандырылуы және
интенсифтілік жағдайында еңбек ресурстары саны бар болса, барлық негізгі
өндіріс факторларын пайдалану жэне ең бір тиімді сәйкестікті қамтамасыз
етеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының оңтайлы көлемдерінің критериі-бұл
барлығынан бұрын жоғарғы өндірістің нәтижелері, жоғарғы еңбек өнімділігі
және өндірістің рентабельдігін қамтамасыз етеді.
Болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі құрылымдық
өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп
және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыздық талаптарымен
анықталады, жэне ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының
өз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар етті мал шаруашылығы, қой
шаруашылығы жылқы шаруашылығын қайта дамытуды қарастырады.
Өндіріс тиімділігі - экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер
мен өндірістік қарым - қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының
қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс
қамтамасыз етіледі.
Тиімділіктің басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар
өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды
мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне
мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті
актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.
Тиімділік - ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты.
Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын
сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау,
өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде
қолданылады. Тауар - ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды
экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік
шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып
тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық -
құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті
жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай - ақ ол
материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми - техникалық прогрестің дамуы
үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын
жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс - әрекет жасаған кезінде
өндірісті тиімді жүргізудін басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын
нарықтық тетік механизм , біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде
қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа сандық және сапалық жағынан,
екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін өндіріске жаңа
тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы,
пайда, тағы басқадай құнды категориялар арқылы халық шаруашылығында
өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды нарықтың сұранымына сәйкес
бөлуге, экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып, экономиканың
тиімділігін арттырады.
Баға нарықтық экономика жағдайында әртүрлі тауарлар нарығының
дамуына, солар арқылы жалпы қоғам көлемінде өндірістік ресурстар мен
тауарларды бөлу арқылы қоғамдық өндірісті реттеуші рөлін атқарады. Мұндай
жағдайда әрбір өндірістік ресурстың өзіне тән бағасы болады
және ол тауарлық баға сияқты белгіленген ресурстың сұранымы мен
ұсынымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Осы бағаның құрылымы
белгілі болғандықтан, мейлінше аз шығын жұмсай отырып, көп өнім өндіру
үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады.
Жұмыс күшіне жоғары ақы төленген жағдайда өндіріс үдерісін
техникалық жарақтандыру шаруашылықты оңтайлы жүргізуге ынталандырып,
төмен болған жағдайда өндіріс үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша
тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар
өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал
қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы
қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни
бағаның калыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін
арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі
арқылы өте тиімді шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ .
Кейбір кәсіпорындар шегінде мұндай ыңғайлы тандауға иек арту ірі
шаруашылық кешендерінде өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың
шешуші факторы болмақ. Екінші сөзбен айтар болсақ, ,барлық табиғи
ресурстарды толығымен пайдаланып, оған толық көлемде қол жеткізген жағдайда
ғана экономика қалыптаспақ.. Осындай жағдайда экономика мәселелерінің
маңызы анықталынады. Өйткені ресурстардың жеткіліксіз мөлшерде болуы
өндірістің толық көлемде тауар өндіру мүмкіндігін шектейді. Мұндағы ең
басты мәселе - ең алдымен қандай тауарлар өндіру қажет, ал қандай
түрлерінің қажет еместігін шешіп алған жөн. Осыған байланысты өндірістің
экономикалық өсуі, барлық табиғи ресурстардың толық игерілуі, экономикалык
тиімділік, бағаның тұрақты деңгейі, өндірушінің экономикалық еркіндігі,
тауарды әділеттілікпен бөлісу сиякты негізгі экономикалық мақсаттар
қалыптасады.
Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның мақсатын,
қоғамның материалдық жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік
факторларды камтамасыз етуді ескеру керек. Нарықтық экономика жағдайында
ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің мәселелері - бұл
ең қажетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мәселесі. Бұл орайда
өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық экономика
жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру
мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі де жатады.
Аграрлық саясаттың қазығы болып есептелінген ірі кәсіпорындарға иек
арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе өнеркәсіп
технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын еңбек
өнімділігін арттыру мен табиғи, материалдық - техникалық еңбек ресурстарын
тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті
абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде шаруа қожалықтары мен
жеке қосалқы шаруашылықтарды елемеу республиканың ауыл шаруашылығына нұқсан
келтірері хақ .
Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының
өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы
өңдірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажетті деңгейде дей алмаймыз.
Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік аспектілерін
нақтылауды кажет етеді.
Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-
экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай
дегенді. ...жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға
көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің төмен болуы объективті
түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған
шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды.
Сондықтан ауыл шруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты талдау қажет.
Қазір реформалау үдерісіндегі ауыл шаруашылығы жағдайы мәнде деңгейде
өзгерді.
БҚО бойынша жыл аяғындағы мал саны туралы мәлімет 1-суретте
келтірілген.
1-суретте келтірілген мәліметтер бойынша ірі қара мал, қой мен ешкі
және жылқы саны өсу қарқынын ұстап отыр.
Сурет 1 - Жыл аяғындағы мал саны, мың бас
2-суретте мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру бойынша мәлімет
келтірілген.
Сурет 2 - Мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру
БҚО бойынша шаруашылық санаттарының мал шаруашылығының негізгі өнімдерін
өндірудегі үлес салмағы 7- суретте келтірілген.
Шаруашылық санаттарының мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндірудегі
үлес салмағының басым бөлігін жұртшылық шаруашылығы алып отыр, соның ішінде
2008 жылы ет өнімі бойынша 85,2%, сүт өнімі бойынша 92,1%, жұмыртқа өнімі
бойынша 47,2%.
Сурет 3 - Шаруашылық санаттарының мал шаруашылығының негізгі өнімдерін
өндірудегі үлес салмағы, %
2.2. МАРҚАЙТЫЛЫП ЖӘНЕ БОРДАҚЫЛАНЫП ЖАТҚАН МАЛ ЕСЕБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ,
ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ
Мал — еңбек құралы да, еңбек заты да бола алады. Тірі кезінде өнім
алынатын мал: сауын сиырлар табыны, күш-көлікке арналған жылқы, түйе, қой
және басқалар еңбек құралы ретінде пайдаланылады. Бұл жануарлардың есебі 01-
счетта жүргізіледі. Негізінен өнім сойылғаннан кейін алынатын мал
(бордақыланған жас мал және негізгі табыннан жарамсыз деп шығарылған мал),
сондай-ақ негізгі табынға көшірілгенге дейінгі төл еңбек заты ретінде
болады. Бұл мал өсім малдары мен бордақыдағы малдар деген 11-счетта
есепке алынады. Құс, аң, үй қояны және аралар ұясы да осы счетта есепке
алынады.
Бордақылаудағы төл мен мал есебінің өз ерекшеліктері бар, өйткені
марқайту және бордақылау процесінде мал саны өзгермейді, тек қана олардың
салмағы артып, қоңдылығы жақсарады, яғни марқайтылып жатқан төл мен
бордақылауға қойылған малдың құны артады. Шынына келгенде, мал төлі мал
шаруашылығының тиісті салалары бойынша аяқталмаған өндіріс болып табылады,
алайда ол 11-счетта өндірістік қорлар құрамында есепке алынады. Марқайту
мен бордақылауға байланысты шығындар 20-есептің Мал шаруашылығы деген 2-
субсчетында есепке алынады.
Марқайтылып және бордақыланып жатқан малдың өзгерісіне байланысты,
малдың сақталуын қамтамасыз ететін және олардың құрамында болатын барлық
өзгерістерді қамтитын барлық операциялардың дер кезінде және анық есебін
алып отырудың зор маңызы бар.
Малды марқайту мен бордақылау процесінің өнімі тірілей салмағының
өсімі болып табылады, оның құны малдың тиісті түліктері мен топтарын күтіп-
бағу жөніндегі шығындарға тең болады және олардың бастапқы салмағы мен
құнына қосылады.
Тірілей салмақтың өсімі ет алу үшін бағылатын малдың түрлері бойынша
екі әдіспен: өлшеу жолымен (ірі қараны, шошқаны) және есептеу жолымен (қой,
ешкі, құс, үй қояны) анықталады. Бірінші әдіс бойынша — тірілей салмақтың
өсімін малдың екі өлшенуі (әдетте, айдың басы мен аяғында) аралығындағы
салмағын салыстыра отырып; екінші әдіс бойынша сол мал түліктерінің жас
топтарына қарай іріктеп алып анықталатын тірідей салмағын негізге ала
отырып табады (белгілі бір топқа ортақ мал мен құстың кемінде 5 процентін
өлшейді).
Тірілей салмағының өсімі есепке алынбайтын мал бойынша (құлын, бота,
жас аң) өсім құны нақты азықтандырылатын күн саны мен азықтандырылатын 1
күн ішінде өсірудің жоспарлы өзіндік құны бойынша есептөледі. Қалған
қашарлар, буаз кезінде тексерілетін тұмса мегежіндер, буаз тұсақтар және
басқалары бойынша буаздықтың белгілі бір кезеңіндегі тірілей салмағынын,
өсімі мал өсімінің құнын есептеу жолымен анықталады. Бұл бойынша тірілей
салмағына соңғы өлшенуі қабылданады, ал оның өсімі бұзаулаған, торайлаған
немесе төлдеген соң ғана өлшеу жолымен анықталады.
Алынған өнім мынадай тәртіппен: сауын малындағы бұзау, әрбір 1
төлдің жоспарлы өзіндік құны бойынша; сойыс малындағы бұзаулар — бұзаудың
туған кезіндегі тірілей салмағын және енесінен айырылған төлдің 1 килограмм
тірілей салмағының жоспарлы өзіндік құнын негізге ала отырып;
торайлар—туған кезіндегі тірілей салмағы және 1 килограмм тірілей
салмағының жоспарлы өзіндік құны бойынша; қозылар — енесінен айырғанға
қарай әрбір 1 қозының жоспарлы өзіндік құнының 50 процентіне тең шартты
бағамен (енесінен айырған кезде олар жоспарлы толық өзіндік құнына дейін
қосымша бағаланады), боталар мен құлындар—ірі жылқыны баққанда
азықтандырылатын 60 күннің құнына теңестірілген 1 құлынның жоспарлы өзіндік
құны бойынша, асыл тұқымды жылқы шаруашылығындағы құлындар, аңдар мен үй
қояндарының төлдері — енесінен айырғанға қарай әрбіреуінің жоспарлы өзіндік
құнының 50 проценті мөлшерінде (қалған 50 проценті енесінен айырған немесе
бөлек ұсталған кезінде қосымша бағаланады); тауықтың, үйректің, қаздың,
күркетауықтың балапандары (тәуліктік балапандар)—инкубация өнімінің өзіндік
құнын есептеуге сәйкес әрбіреуінің жоспарлы өзіндік құны бойынша; бұғы
төлдері—туған кезіндегі тірілей салмағы және 1 килограмм тірілей салмағының
жоспарлы өзіндік құны бойынша бағаланады. Жыл аяғында төлдің жоспарлы
өзіндік құны калькульциялық есепке сәйкес нақты өзіндік құнына дейін
жеткізіледі.
Жалгерлік қатынастар жағдайында барлық мал түліктерінің өлі, сондай-
ақ тірілей салмағының өсімі 1 малдың немесе тірілей салмақ өсімі 1
центнерінің есеп айырысу бағасы бойынша кіріске алынады. Бұл құн түпкілікті
құн болып табылады және жоғарыда айтылғанындай, жыл аяғында нақты құнға
жеткізіледі (айырмасы мал шаруашылығындағы жалгерлік ұжымдардың шаруашылық
есеп табысында көрсетіледі).
Сырттан сатып алынған малдың төлі, құс, аң, үй қояны және аралар
шаруашылыққа жеткізу шығындарын қоса, олардың сатып алу бағасы бойынша
кіріске алынады. Негізгі табыннан ақауға шығарылып, бордақылауға қойылған
немесе жайып семіртілетін малды баланстағы құны бойынша кіріске алады. Бір
жас тобынан екіншісіне ауыстырылған мал жыл басындағы балансты құны бойынша
бағаланады, бұл орайда тірілей салмақ өсімі мен мал өсімінің жоспарлы
өзіндік құны бойынша есептеп шығарылған, марқайтуға немесе бордақылауға
жұмсалған шығын есепке алынады.
Азаматтардан сатып алынған және контрактация тәртібімен өсіруге
қабылданған мал мен құс — қолданылып жүрген сатып алу бағасы бойынша, ал
шаруашылық аралық кәсіпорындар қызметін атқаратын совхоздар мен
колхоздардың қатысушы шаруашылықтардан қабылдаған малы — есеп айырысу
бағасы бойынша; келесі жылға көшетін, сондай-ақ негізгі табынға
ауыстырылатын төл-нақты өзіндік құны бойынша бағаланады. Өсірілетін төлдің,
бордақылауға қойылған, жайып семіртілетін малдың тірілей салмағының өсімі
малдың тиісті түліктері мен топтарының 1 центнер тірідей салмағының
жоспарлы өзіндік құны бойынша бағаланып, жыл бойы есепке алынады.
Арам өлген немесе амалсыздан сойылып, еті тамаққа пайлаланылмаған
мал есеп беріліп отырған жылдың басындағы өзіндік құны бойынша бағаланып,
оған тірілей салмағы өсімінің немесе малдың жыл басынан өлген немесе
амалсыздан сойылған кезге дейінгі уақыт ішіндегі өсімінің өзіндік құны
қосылады.
Жалгерлік қатынастар жағдайында жалгерлік ұжымдардан түсетін және
шығарылып тасталатын төл мен барлық мал жалгерлік шартында көзделген есеп
айырысу бағасы бойынша бағаланады.
2.3. МАРҚАЙТЫЛАТЫН ЖӘНЕ БОРДАҚЫЛАНАТЫН МАЛДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰЖАТТАРЫ
Марқайтылатын және бордақыланатын малдың есебін материалдық жауапты
адамдар (жалгерлер) жүргізеді. Мал өзгерістері мынадай құжаттармен
рәсімделеді.
Бұзау, торай, қозы (қаракөлге сойылатынын қоспағанда), құлын, бал
арасының жаңа ұясын алып, топтастырған кезде төл алынған күні мал төлін
кіріске алу жөнінде екі дана етіп Акт (жасалады.
Кейіннен мемлекетке сату үшін халықтан мал қабылдау және сатылған
малы үшін халықпен есеп айырысу колхоздың (совхоздың) кейіннен мемлекетке
сату үшін халықтан қабылдаған малына Қабылдау-есеп айырысу ведомостымен
рәсімделеді, ол екі дана етіп жасалады.
- Халықтан марқайту мен бордақылау үшін мал қабылдау мал мен құсты
азаматтарымен шарт бойынша өткізуге, сатуға және сатып алуға арналған
Актімен рәсімделеді, ол төрт дана етіп жасалады. Актінің бір данасы мал
өткізген адамға беріледі; ол осы адамдармен есеп айырысуға негіз болады.
Аң мен үй қоянының әрбір түрінің (тұқымының) өсімі аң өсіретін
шаруашылықтарда қолданылатын аң өсімін кіріске алу жөніндегі Жинақтау
актісінің негізінде есепке алынады. Актіге өсімнің алынуына қарай жазба
жүргізіліп, ол күшіктеу (көжек туу) біткеннен кейін аяқталады, бірақ ол
есеп беріліп отырған айдың соңғы күнінен кешіктірілмеуге тиіс.
Төл мен мал жалгерлік ұжымдарға чек-накладнойлар АӨК бойынша
беріледі.
Дайындау ұйымдарының қабылдаған малының, құсы мен үй қояндарының
есебі әкімшілік аудандар және шаруашылықтардың категориялары бойынша мал
мен құсты дайындау есебі жөніндегі Жинақтау ведомостында жүргізіледі;
қабылдау түбірінің көшірмелері негізінде ведомосқа күн сайын жазба
жүргізіліп отырады. Оның деректері мал, құс және үй қояндарын дайындау
туралы есеп жазу үшін пайдаланылады.
Малды бір топтан екінші топқа немесе негізгі табынға көшіру малды
топтан топқа көшіруге арналған Актімен рәсімделеді. Торайлардың туғанына
екі ай толғанда оларды енесінен айырған кезде, тауық балапандары 1 —150
күн толған балапандар тобынан Ересектер тобына немесе Өнеркәсіптік
топқа (жұмыртқа алынатын бағыттағы) көшірген кезде, малды негізгі табынға
ауыстырған кезде және басқалар кезінде акт жазылады.
Кешендегі шошқалар мен жемнің есебі түлік өзгерісі мен жем-шөп
шығынының есеп парағында жүргізіледі. Бухгалтерия жұмыс күнінің аяғында
есеп парақтарының бірінші даналарын алып отырады; екінші даналары учаскенің
(бригаданың) істерінде қалады.
Малдың тірілей салмағының өсімі малды өлшеу Ведомостында анықталады,
ол мезгіл-мезгіл немесе іріктеп өлшеу кезінде, сондай-ақ мал келіп түскен
және жетілген реттерде толтырылады. Ведомості малдың есеп топтары бойынша
жасайды; оның керектері Өсімді анықтау есебінде жазылады, ол түліктер және
есеп-өндіріс топтары, сондай-ақ мал бекітіліп берілген материалдық жауапты
адамдар бойынша жүргізіледі. Бұл үшін белгілі бір топтағы мал мен құстың
есеп беріліп отырған кезеңнің аяғына қарай белгіленген тірілей салмағына
белгілі бір жас тобынан есеп беріліп отырған кезең ішінде мал мен кұстың
тірілей салмағы қосылып, сол топқа тиісті кезең ішінде түскен мал мен
құстың тірілей салмағы және есеп беріліп отырған кезеңнің басында есепте
болған мал мен құстың тірілей салмағы шегеріліп тасталады.
Қой, ешкі, құс және үй қояндары бойынша тірілей салмақтың өсімі
есептеу жолымен анықталады. Бұл үшін әрбір жас тобы бойынша белгілі бір
топқа тән малдың кемінде 5 процентін іріктеп алып, өлшейді де, әр малдың
орташа салмағын шығарады. Малдың орташа салмағын сол топтағы мал санына
көбейтіп, топ бойынша айдың аяғындағы жалпы салмақ шығарылады, содан соң
тірілей салмақтың өсімі анықталады.
Құлын, бота, есектің күресі және аңның күшігі бойынша тірілей
салмақтың өсімі есептөлмейді. Малдың бұл түрлері бойынша өсім нақты
азықтандырылған күн сайын және азықтандырылған 1 күнге шаққандағы өсірудің
жоспарлы құны негізге алына отырып есептеп шығарылады.
Жалгерлер өсіретін мал оларды негізгі табынға көшірген кезде немесе
одан өсіру немесе бордақылау технологиясына сәйкес басқа бір жалгерге одан
әрі марқайту үшін берген кезде және өткізген (жалға берушіге немесе оның
атынан тікелей дайындау кәсіпорындарына) кезде өлшенеді.
Малды темір жолмен жөнелткен жағдайда табынды қалыптастыру мен
жабдықтау туралы деректерді жинақтап қорыту үшін темір жолмен жөнелтілген
мал жүретін Жол журналы қолданылады. Жөнелтілген малдың саны мен салмағы
туралы мәліметтер журналға — тауар-тасымал накладнойлары негізінде,
берілген жемшеп, құрал-сайман және басқа заттар туралы олардың босатылғаны
жөніндегі накладнойларға (чек-накладнойлар), ақшалай аванстар туралы —
кассирдің есептеріне жазылып қойылады. Журнал бір дана етіп жасалып, аға
жолсерікке (табыншыға) беріледі, ол қайтып келгеннен кейін журнал
жөнелтілген малдың басқа құжаттарымен бірге бухгалтерияға өткізіледі.
Арам өлген, амалсыздан сойылған малды, мал мен құстың шығыны
Актісімен рәсімдейді. Комиссия мал шығынының себептерін мұқият анықтап,
оларды актіде дәл тұжырымдауға міндетті. Акт жасалған күні бекітуге
беріледі Сойғанда алынған өнімнің кіріске алынуына накладной жазады, оның
екінші данасы актіге қосып тіркеледі. Жалгерлік жағдайында бұл акт ай
ішінде жинақталып жазылады.
Малды кейін өткізу, бордақылау немесе шаруашылықтарда сою үшін
негізгі табыннан ақауға шығару, яғни, негізгі табындағы малды айналым
құралдарына есептөлетін ересек мал құрамына жатқызу малды негізгі табыннан
ақауға шығару Актісімен рәсімделеді.
Қаракөл алынатын шаруашылықтарда қозылар қойдың төлдеу барысы туралы
Акт бойынша кіріске алынады, ол жинақтау құжаты болып табылады. Онда
төлдеген саулықтар мен алынған төлдің елтірі үшін союға бөлінген, мал
тұқымын асылдандыру мақсатымен қалдырылған қозылардың және бағаланбаған
қозылар қалдығының саны көрсетіледі. Қаракөл қозылардың шаруашылықтарға
сойыс пунктіне берілуі Жолдама-накладноймен рәсімделеді. Жолдама
кітапшалары тілхат арқылы аға шопанға беріледі. Жолдама қаракөл қойының
тірілей жөнелтілген, өліп қалған және өлі туған әрбір тобына арнап үш дана
етіп жазылады. Мал сойыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz