Қазақстандағы жануарлардың гельминттерін іздеп табуы


МАЗМҰНЫ
бет
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4
АНЫҚТАМАЛАР . . . 5
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР . . . . . 6
КІРІСПЕ . . . 7
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 9
1. 1 Жануарлардың стронгилятоздарына қысқаша сипаттама . . . 9
1. 2 Қойлардың эзофагостомозына қысқаша сипаттама . . . 14
1. 3 Стронгилятоздарды анықтау, емдеу және алдын-алу . . . 15
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР. . . . 27
2. 1 Материалдар мен зерттеу әдістері . . . 27
2. 2 Зерттеу жүргізілген «Игілік» жеке шаруа қожалығының қысқаша сипаттамасы . . . 29
3 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 33
3. 1 «Игілік» ШҚ қой эзофагостомозының эпизоотологиясы . . . 33
3. 1. 1 «Игілік» ШҚ жағдайында қой эзофагостомозының таралуы . . . 33
3. 2 Қойлардың маусымдық және жас ерекшеліктеріне байланысты эзофагостомозбен залалдану қарқыны . . . 35
3. 3 Жайылымдағы қойлардың стронгиляттары бойынша гельминтологиялық бағалау . . . 39
3. 4 Эзофагостомозға қарсы антигельминтиктерді сынау . . . 45
3. 4. 1 Панакур гранулятты 22, 2% сынау нәтижелері . . . 45
3. 4. 2 Альбендазолды (валбазен) сынау нәтижелері . . . 45
3. 4. 3 Полифенилды сынау нәтижелері . . . 45 3. 5 Қой шаруашылығына эзофагостомоз келтіретін экономикалық шығын . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР . . . . . . 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей нормативтік сілтемелер қолданылған
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста мынандай анықтамалар қолданылды:
- организмде витаминдердің жетіспеуі, кейбір паразитарлық ауруларда байқалады;
- өзінін букіл өсіп-өну айналымын, жұмыртқадан ересек сатыға дейін, иесінен тыс жерде өткізіп, оларды тек қоректенгенде ғана пайдаланады.
- химиялық құрамымен және де сіріңді заттардың құрамдылығымен, вита-миндермен, макро және микро-элементтермен, сонымен қоса белок құрамындағы алмастырылмайтын амин қышқылдарымен, ал майда - май қышқылдарының мөлшерімен сапасымен анықталады;
- май торшаларынан тұрады. Торшалар борпылдақ дәнекер ұлпалармен бөлінген;
- азық-түлік өнімдерінің толықтай тиімділігін, сондай-ақ адамның физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкіншілігін сипаттайтын түсінік. Еттің тағамдық құнарлығы биологиялық синтезге және энергетикалық шығынның орнын басатын құрамындағы компоненттер-мен сипатталады;
- жалпы зерттелген мал басының ішіндегі ауруға шалдыққандарының пайыздық көрсеткіші (ИТ, %) ;
- зерттелген бір мал басында белгілі бір тоғышарлардың сандық көрсеткіші (ИЖ, дана) .
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартылған сөздер қолданылды:
- Қазақ ғылыми зерттеу ветеринарлық институты;
- Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт;
- Батыс Қазақстан облысы;
- қышқылдылықтың көрсеткіші;
- миллиграмм;
- шығын;
- өнім шығыны;
- түсім шығыны;
- өнім бағасы;
- мүйізді ірі қара;
- ветеринарлық санитарлық сараптау;
- миллилитр;
- мезгілді көрсетеді;
- минут;
- ай;
- әсер бірлік;
- труды;
- том;
- Москва;
- сантиметр;
- грамм;
КІРІСПЕ
Гельминттер адам мен жануарлардың ішкі мүшелері және ұлпаларына (тканьдері), дене қуыстарына қоныс тебеді. Олар белгілі бір дене мүшесіне орнығуға бейімделген. Құрттардың көптеген түрі ас қорыту жүйелерін мекендейді. Гельминттердің басым көпшілігі ішекте күнелтеді.
Гельминттермен жас төлден бастап ересек малға дейін зақымданады. Ішқұрт әсерінен жануардың ас қорыту, тыныс алу, тағы басқа мүшелері зардап шегеді, олардың қызмет атқару қабілеті бұзылады. Паразиттер мал денесінде қанмен, сөлмен, торшамен (клетка) қоректенеді. Организмде паразиттердің саны көбейсе, мал дертке шалдығып, шығынға ұшырайды. Гельминтозға іліккен түліктің өнімі кемиді, басқа жұқпалы ауруға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Қазақстанда жануарлардың жұқпалы ішқұрттарын зерттеу тарихы К. И. Скрябиннің атымен байланысты. Ол Қазақстандағы мал түліктерінің құрттарын тұңғыш рет зерттеуді ғылыми жолға түсіріп, оны жан-жақты қарастыруды көздеген еді. 1905-1911 жылдары, алдымен Шымкент, кейін
Әулие-Ата (қазіргі Тараз) қаласыңда жұмыс істеп жүріп, ол
үлкен гельминтологиялық жинақ (коллекция) жасады. Осы жинағын Скрябин шетелдік екі жылдық сапарында белгілі еуропалық гельминтологтар Браун (Германия, Кенигсберг),
Фурман (Швейцария, Невшатель), Райенің (Франция,
Париж) лабораторияларында зерттеді, 1928-1932 жылдарында
Қазақстандағы жануарлардың гельминттерін іздеп табуы
Н. В. Баданиннің есімімен тығыз байланысты. 1933 ж. бастап,
Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының гельминтологиялық лабораториясы (бұрыңғы ветфакинституты) қой гельминтоздарын зерттеумен шұғылданды. Осы институттағы гельминтологиялық зерттеу жұмыстары 1933 жылдан 1954 жылға дейін профессор С. Н. Боевтің, ал 1954 жылдан 1973 жылға дейін профессор Р. С. Шульцтің басқаруымен жүргізілді. 1957 жылдан бастап жаңадан ашылған МҒЗС-ында гельминтологиялық зерттеулер жалғасын тапты. Олар Өскемен, Тараз, Қарағанды, Астана, Қостанай және Атырау қалаларында іргелерін қалады. Үй және жабайы тұяқтылардың ішқұрттары мен олар тудыратын ауруларды зерттеу ізденістерін 1946 жылдан ҚазССР ҒА зоология институтының гельминтология зертханасы бастады және 1960 жылдан оны С. Н. Боевтің басқаруымен осы институттың сүтқоректілер гельминттерінің лабораториясы жалғастырды.
Осы сүтқоретілер гельмиттеріне қойлардың эзофагостомозы жатады бұл іш құрт ауруы халық шаруашылығына әжептеуір экономикалық зиян келтіреді, өйткені оның салдарынан ішек-қарын жарамсыздыққа ұшырап шұжық, колбаса өндірісі өнімдері азаяды.
Жұмыстың мақсаты: «Игілік» жеке шаруа қожалығындағы қой эзофагостомозы және оған қарсы күрес шараларын қарастыру.
Қойылған міндеттер:
- «Игілік» ШҚ жағдайында қой эзофагостомозының таралуын анықтау.
-Қойлардың маусымдық және жас ерекшеліктеріне байланысты эзофагостомозбен залалдану қарқыны.
-Жайылымдағы қойлардың стронгиляттары бойынша гельминтологиялық бағалау.
-Эзофагостомозға қарсы антигельминтиктерді сынау.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
- Жануарлардың стронгилятоздарына қысқаша сипаттама.
М. С Сабаншиевтің [1] мәліметі бойынша күйістілер ас қорыту жүйесінің стронгилятоздары. Күйіс қайыратындардың асқазан-ішегінде нематода тобына жататын Strongylata тек тармағының көптеген түрлері тіршілік етеді. Олар төрт тұқымдастардан қалыптасқан: Trichostrongylidae, Ancylostomatidae, Strongylidaе және Trichonematidae. Бұлар ас қорыту жүйесінде мекендейтіндіктен, көпшілігінің өсіп-өнуінің ұқсастығына байланысты олар тудыратын аурулардың эпизоотологиясы, өрбуі (потогенезі), клиникалық көріністері, сонымен қатар оларға қарсы қолданылатын дауа негізінен бірдей. Олар жануар өлімінен, мал өнімінің сан-сапасының төмендеуінен, құрт жайлаған мүшелердің жарамсыздығынан, ішқұрт ауруларына қарсы жүргізетін ем-дауа шараларының қиындығы мен қымбаттығынан құралады.
К. И Абуладзе [2] деректері бойынша қарын-ішекте өмір сүретін стронгиляталар геогельминттер, яғни олар тікелей аралық иесіз дамып көбейеді. Нематоданың ұрықтанған ұрғашылары көптеген жұмыртқалар салады, олар нәжіспен бірге сыртқа шығады. Қоршаған ортада қолайлы жағдайда (жеткілікті ауа, мол ылғал, қажетті температура 20-25° бірнеше сағат (12-17) аралығында жұмыртқа ішінде балаң-құрттар дамиды. Олар жұмыртқаның ішінен сыртқа шығады, екі дүркін түлейді, денесінің сыртынан қосымша екі құндақ (чехол) пайда болады, 4-8 тәулік өтісімен инвазиялық немесе залалдағыш жұкпалы сатысына дейін өсіп жетіледі. Ауа - райы салқын болса, даму құбылысы бірнеше күнге не бірнеше аптаға дейін тежеледі. Балаңқұрттар іс-қимылының шапшаңдығымен тез арада қи-тезектен босап, жан-жаққа тарай бастайды. Олар әсіресе дымқылды топырақ бетінде ширақтылықпен қозғалады, өсімдік сабағына, жапырағына да өрмелеп шыға береді. Балаңқұрттардың кезбелігі (миграция) ортаның ылғалдылығы көтерілген сайын күшейе түседі, яғни таңертең, іңірде, түнде, жауын-шашыннан кейін, күндіз олар белсенділік танытады. Нематодалар суық ызғарға да төтеп бере алады, өздерінің тіршілік ету қабілетін 3-4 ай немесе оданда көп уақыт сақтайтындығы анықталған.
Л. П Дьяконов [3] мәліметіне сүйенер болсақ кейбір нематодалардың өсіп өнуі сәл басқаша өтеді. Олардың балаңқұрттары бастапқыда жұмыртқадан шықпайды, онда олар екі рет түлеп жұқпалы сатысына жетіп, сонан соң ғана жұмыртқа қабықшасын жарып сыртқа шығады. Даму мерзімі аталған гельминттерден сәл созылыңқы (10-15 тәулік) .
З. Қ Қожабеков [4] деректеріне сүйенер болсақ күйістілер стронгиляталарды көбінесе өрісте жайылып жүргенде жұқтырады. Жұқпалы балаңқұрттар жануар денесіне шөппен не сумен (шалшық сулардан) бірге түседі. Азықтандыру тәртібі қатаң сақталмаса, мал қорада да қоздырғыштарды жұқтыруы мүмкін. Стронгилята балаңкұрттары ұлтабар, ащы және тоқ ішекке түскен соң екі дүркін түлейді. 20-30 күннен кейін жынысы жетілген құртқа айналады. Олар мал денесінде 1 жылдан не одан да артық мезгіл күнелтеді. Хабертия мен эзофагосом құрттардың тоқ ішекте өсіп жетілуі, ересек сатысына ауысу мерзімі 50-60 күн, ал организмде оның сақталуы 1 жылдан аспайды. Ал буностом личинкалары күйістілер денесіне тері арқылы, яғни теріні тесіп өтіп кетеді. Олар әуелі қантамырларына енеді, ағымымен өкпеге әкелінеді, онда бірнеше күн аялдап, өсіп түлеп, жылжуын әрі қарай жалғастырып кеңірдекке, одан жұтқыншақка түседі, сілекеймен бірге жұтылып ащы ішекке жетіп, 40-70 күн өтісімен ересек нематодаға айналады.
К. И Абуладзе [5] мәліметіне сүйенер болсақ қой денесінде бір жылдай не одан артығырақ өмір сүреді. Стронгилятоз қоздырғыштарының жүзден аса түрлері болады. Солай бола тұрса да солардың ішінен біреуі не бір-екеуі ғана басымырақ әрекет етеді. Стронгилятоздарды анықтау, емдеу және алдын-алу малдың тірі кезінде стронгилятоздарға диагноз қою қиынның-қиыны.
Эпизоотологиялық деректер аурудың сырт белгілері және зерттеулерде жеткіліксіз, диагностикалық дегельминтизацияның да нәтижесі шамалы. Нақтылы тәсіл: жұмыртқалардан балаңқұрттарды өсіріп, жұқпалы сатысына жеткізіп анықтау.
М. Ш Акбаев [6] мәліметіне сүйенсек клиникалық көріністері асқорыту қызметінің бұзылуы, көзге көрінер кілегейлі қабықтардың бозаруы, қанның азаюы, жануардың күйсізденіп әлсіреуі, қоңының төмендеуі т. б. бұлардың бәрі ішқұрт ауруларының ортақ белгілері.
Гельминтоовоскопиялық калқыту әдістерінің тиімділері Фюллюборн, Дарлинг т. б. Алайда ішкі құрылымының ұқсасты-ғынан стронгилята қоздырғыштарының жұмыртқаларын бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Мұндай жағдайда диагнозды паразит тек тармағы атымен ғана-стронгилятоздар деп атайды. Жалғыз-ақ, нематодир жұмыртқалары басқа ішек-қарын стронгиляттарының жұмыртқаларынан ірілеу көрінеді (0, 22-
0, 23x0, 11x0, 13 мм) . Сонымен қатар олардың құрылымы да өзгеше: ұрық торшалары 4 және 8 бластомерге бөліну сатысында болады, түсі күңгірт келеді де жұмыртқаның ішінде 1/2-1/3 бөлігін алып жатады.
М. С Сабаншиев [7] мәліметіне сүйенсек диагностикалық дегельминтизация жасау үшін антигельминттік препараттар қолданылады. Егер 5-6 күннен кейін малдың іші тиылып, айыға бастаса стронгилятоздармен ауырғаны айқындалады. Гельминтоовоскопия тәсілі. Паразит балаңқұрттарын өсіру үшін 10г нәжісті Петри табақшасына немесе кішкене стаканға салып, үстін қақпақпен жауып, жылылығы 25-30° термостатқа 10 тәулікке қалдырады. Нәжіске ауа келтіру үшін ыдыстардың қакпақтарын күн сайын ашып тұрады және ылғал сақтау мақсатымен оған аздан су бүркіп отырады. Егер термостат болмаса нәжісі бар ыдыстар бөлмеде ұсталады. 10 тәулік өтісімен нәжіс Берман аспабына қотарылады, оның үстіне жылылығы 27-40° аралығында тиісті мөлшерде су құйылады. Уақыт ырқы (экспозиция) 4-6 сағат өткен соң аспап түбіндегі тұнба сұйықты шыны түтік арқылы жинап, одан қажетті көлемде сынама (проба) алынып, микроскоп арқылы тексеріледі.
Ф. А. Волков [8] деректері бойынша жұқпалы балаңқұрттардың тұрқында, ауызы мен өңеш ерекшелігіне, ішек құрылымы мен құйрығының кескініне баса назар аударады. Олар негізінен алғанда ішек торшаларының пішіні және олардың саны жағынан ажыратылады. Зерттеушіге ыңғайлы болу үшін личинкалардың қозғалысын бәсеңдету мақсатымен шөгіндіге 0, 1 проценттік иод, 3 проценттік формалин ерітіндісінің 1-2 тамшысын тамызады. Гемонхтың жұқпалы сатысына жеткен балаңқұрттарының ұзындығы 0, 7-0, 88 мг, құйрығы жіп секілденіп жіңішкеріп бітеді. Ішек торшалары үшбұрыш сияқты, екі қатар орналасқан 16 торшадан құралған; соңғы екі торшасының тұрқы бірдей, қатар аяқталады. Нематодирдің инвазиялық личинкасының ұзындығы 1, 2-2 мм, құйрығының сүйір қабы жіптей созылыңқы (0, 3- 0, 37) құрт екініш рет түлеген кезде оның үстінен түспей, денесін жауып тұратын жұқа қабықшамен қапталған, ал құйрығының ұшында тікенек тәрізді өсіндісі бар; ішегі трапеция пошымды бір қатар болып орналасқан 8 торшадан тұрады.
A. M. Гасанахмадов [9] мәліметі бойынша буностомның залалдағыш балаңқұрты кішкене келеді, тұрқы 0, 52-0, 63 мл, ұзын құйрығы үшкір, ішек торшалары жеке дараланбаған, барлығы тұтас біртектес болып көрінеді. Хабертияның залалдағыш личинкасының тұрқы 0., 71-0, 88 мм, жіп тәріздес, құйрығының ұшы келте, ұзындығы денесінің 1/4 бөлігі шамасындай, ішегі жұмыр кірпішке ұқсас 32 торшадан құралған, олар екі қатар болып қалыптасқан.
Я. М Кереев [10] деректері бойынша эзофагостомның балаңқұрты ірі келеді, тұрқы 0, 75-0, 90 мм, денесін жапқан қабықшаның құйрығы ұзын, ол паразит бойының 1/3 бөлігіне тең, жіңішке, біздің ұшындай үшкір, ішек торшалары екі қатар орналасқан. О. columbianum, және О. venulosum ұрпағының ішек торшаларының саны 20, олар үшбұрыш сияқты, ал О. venulosum балаңқұртының 32 ішек торшалары бар, олар жұмыр тас тәріздес.
Өлген немесе сойылған малдың ұлтабар, ащы және тоқ ішектерінен жынысы жетілген ересек стронгиляталарды тапқанда ғана оларға нақты, дәлелді диагноз қоюға болады. Ағзадағы гельминттердің барлығын қалдырмай жинап алып және олардың түрлерін анықтау үшін Скрябин ұсынған ГТЖТ немесе ГБЖТ әдістерін пайдалану қажет.
Я. М Кереев [11] мәліметіне сүйенсек стронгилятоздарды емдеу үшін көптеген антгельминтиктер қолданылады: тотияйын, фенотиазин, нафтамон, тетрамизол, мебендазол, панакур т. б. Тотияйынның 2 проценттік ерітіндісін ауырған малға ішкізеді. Бірақ, бұл сұйық тек гемонхоз қоздырғыштарына қарсы қолданғанда тиімділігін танытады. Фенотиозинді малға 0, 5 г/кг есебінде жемге араластырып жекелеп қамырға қосып, суға ұнмен, крахмалмен шылап немесе жануарларды топтастырып таңертеңгілікте береді. Аталған дәрі нематодир құрттарына әсерін тигізе алмайды.
К. Е Қашағанов [12] мәліметіне сүйенер болсақ нафтамон бір рет 10 проценттік шылама (суспензия) күйінде жануарға ішкізіледі, оның емдік дозасы зарарсыз және гельминттерге қарсы әрекеті күшті. Препаратты малға беретін күні дайындау қажет. Дәрі сырлы шыны не ағаш ыдыста суға езіліп әзірленеді, дәріні ашқарынға қолданбайды. Шыламаны әр басқа жекелей шыны не пластмасса воронканың ұшына кигізілген түтік арқылы ішкізеді. Нафтамон тұнатын болғандықтан, суспензияны үнемі шайқап араластырып отырады. Дәрі нематодирлердің ересектеріне де, жынысы жетілмегендеріне де әсерлі. Әдетте дәрі берілгеннен кейін жануар 4-6 күннен соң сауығады. Тетрамизол гранулят 20 % малға 0, 05 г/кг мөлшерінде жемге қосып топтау әдісімен беру ұсынылады. Мебенвет гранулят 10 % (мебандазоддан өндірілген) қойға 0, 1 кг есебінде жекелей немесе 0, 2 г/кг көлемінде топтастырып азыққа араластырып жегізеді.
В. А Лочкарев [13] мәліметіне сүйенсек панакур гранулят малға 68-70 мг/кг есебінде көбінесе құрама жемге қосып топтастырып беріледі. Кейінгі келтірілген үш дәрі ішек-қарындағы жұмыр құрттармен қатар кейбір цестодаларға да әсерлі. Қой, ешкі, бұзауларды стронгилятоздарға шалдығуына жол бермеу, мал өнімділігін арттыру үшін шаруашылықта жалпы профилактикалық және арнайы қолданылатын дауаларды іске асыру қажет. Малдың күтімі мен азықтандырылуы дұрыс жолға қойылған кезде гельминттердің өте аз жұғатындығы дәлелденіп отыр.
Н. А Мереков [14] мәліметіне сүйенсек ішқұрт аруларының алдын алуда малды баптап күтудің және құнарлы жем-шөппен қоректеіндірудің маңызы зор. Әдетте стронгилятоздар жануарға негізінен өрісте жұғатынын еске алу жөн. Жайылым неғұрлым тар және ылғалды шалшықты болса, мал нематоздарының өрши түсетіні белгілі. Малды таза суаттан суарғанда гельминтоздарды болдырмауға болады. Құдыққа жаңбыр суы немесе еріген су құйылмауы тиіс. Табиғи суларды пайдаланғанда мал суаруға ең ыңғайлы, құрғақ, таза алаңдар таңдап алынады, суат басында шалшық судың жиналуына жол берілмейді.
М. М. Сапарова [15] деректеріне сүйенсек мал өрісінің ауыстырылып отыруы асқорыту жүйесінің стронгилятоздарына қарсы қолданылған дауа болып саналады. Паразиттердің балаңқұрттарының сыртқы ортада өсіп - өніп жұқпалы сатысына жететін мерзімін (5-6 күн) ескере отырып, жайылымды уақтылы, дер кезінде кезегімен алмастыру қажет. Ауа райының жылылығы 15°- тан төмен болған шақта өріс әрбір 14-15 күннен кейін ауыстырылуы тиіс. Егер температура 15-20° шамасында болған жағдайда, онда жайылым 10-12 күн өткен соң ғана өзгертіледі. Инвазияны жұқтыртпау үшін төлді сақа малдан бөлек ұстап баққан жөн.
М. Д. Новак [16] мәліметіне сүйенсек cтронгилятоздарға жол бермеу мақсатымен мал қоралары қи-тезектен үзбей тазартылып, жинап, тиісті орындарына апарып зарарсыздандырылады. Алайда, стронгилятоздарға қарсы қолданатын дауалардың негізгісі-сақтық дегельминтизацияларды жоспарлы түрде жасау. Әдетте аталған шара жылына екі дүркін өткізіледі: біріншісі - малды өріске шығарар алдында, ал екіншісі жайылым маусымы аяғында. Қазақстанның онтүстік-шығыс өңірлерінде қойларды дәрілеудің тиімді уакыты көктемде наурыздың шығысында-сәуірдің кірісінде және күзде қазан-қарашада. Республикамыздың оңтүстігінде дегельминтизацияны өткізетін мезгіл көктем (наурыз-сәуір) және күз (қазан-қараша) ; шығысында-сәуірдің екінші жартысы, маусым айының басы, сонан соң қыркүйектің екінші жартысы, батысында-көктемнің басталуы жаз айларының екінші бөлігі және күздің орта шені, орталық пен солтүстігінде сәуірдің және қыркүйектің екінші жартысы. Күйістілер асқорыту жүйесінің нематоздары мен анотацефолятоздарының алдын алуда тотияйынды, фенотиозинді, тұз қоспасын (ТФТҚ) 1:5:100 немесе 1:10:100 көлемінде еркін жегізетінін есте сақтаған жөн.
О. А. Магомедов [17] мәліметі бойынша гельминтоздардың алдын алу. Анотацефолятоздарды анықтау, емдеу, алдын алу. Қазақстан өлке-аймақтарының өзгешелік- ерекшеліктеріне байланысты ТФТҚ қойға берілетін уақыты төмендегідей: оңтүстікте-ақпанның бірінші жартысынан қарашаның екінші жартысына дейін; оңтүстік батыста-наурыздың бірінші бөлігінен қазанның екінші бөлігіне дейін; оңтүстік шығыста - ақпанның бірінші жартысынан қарашаның бірінші бөлігіне дейін; басқа жерлерінде - наурыздың екінші жартысынан қазанның бірінші бөлігіне дейін. Малды бордақылаған кезде ТФТҚ-па микроэлементтер қосып берілуі ұсынылады.
1. 2 Қойлардың эзофагостомозына қысқаша сипаттама.
О. А. Магомедов [18] деректері бойынша бұл іш құрт ауруы халық шаруашылығына әжептеуір экономикалық зиян келтіреді, өйткені оның салдарынан ішек-қарын жарамсыздыққа ұшырап шұжық, колбаса өндірісі өнімдері азаяды.
Oesophagostomum туысына жататын жұмыр құрттар: О. columbianum, О. venulosum және О. dentatum. Алғашқы екі түрі көбінесе қойдан-табылса, ал үшіншісі-ірі қарада болады. Үй жануарларынан басқа бұл нематодалар кейбір күйіс-қайратындарды да залалдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz