Бірінші кедейлік мәселесі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1. 1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1. 2 Кедейлік және оның өлшемі
1. 3 Кедейлік және адам дамуы
1. 4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2. 1 Кедейлік пен теңсіздік
2. 2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2. 3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2. 4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік - адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмысы, экономикалық жағдайы қаншалықты қанағаттанарлық екенін көрсетеді. Кедей адамдар мемлекет алдында экономикалық тәуелді. Ол мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз әлеуметтік топ.
Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік күш экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар тұрмысы нашар халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне де бағытталып отыр.
Кедейлік қоғам өмірінің барлық қырларына әсерін тигізеді; оны болдырмау үшін кедейліктің ең негізгі шығу себептеріне көңіл аудары керек. Әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық, әлеуметтік жанжал, қылмыс, дискриминация, шынайылықтан бас тарту сияқты қоғамдағы болып отырған көптеген мәселелер осы кедейшіліктің әсерінен туындап отыр.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда халықты кедей тобына жатқызатын нақты бір қабылданған критериялар жоқ, сонымен қатар елдегі кедейшіліктің масштабын анықтауда халықтың орта деңгейдегі табысы туралы ақпараттың жоқтығы қиынға соқтырады. Кедейліктің негізін анықтаудың қажеттілігі ол елдегі бай адамдар мен кедей адамдар арасында айырмашылықты анықтауға және кедейлікті жою мақсатында қолданылып отырған күш қай аймаққа бағытталуы керектігін көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген өзекті мәселені шешу жолында елдегі кедейшілік деңгейін төмендету басымдықтарын таңдауда анықтау қажет. Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарға әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары белсенді түрде қызмет ету керек. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан басқа да елдер сияқты әлеуметтік саясаттың негізгі шараларын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қолданып келді. Республикада әлеуметтік кепілдік беру жүйесіне бағытталған заңдар қабылданды. Бірақ та бұл жағдайлар нәтижелі шешім бермеді, керісінше кедейлік проблемасы Қазақстанда да көптеген басқа да КСРО елдеріндегідей одан әрі күрделене түсті.
Елдегі бұрыннан қалыптасқан халықты әлеуметтік қамтамасыз ету саясаты, нарықтық экономикаға қажетті әлеуметтік қорғау жүйесімен бүгінгі күні әлі жеткілікті түрде ауыстырылған жоқ, сондықтан қазіргі кезде қарттардың, жұмыс істемейтін мүгедектердің және жалғыз басты аналардың әсіресе ауылдық аймақтарда әлеуметтік жағдайлары өте нашар. Маңызды мәселе осы мемлекеттің осал топтарына жалпы бірдей әлеуметтік деңгейді қамтамасыз етуді қажет етіп отыр.
Мемлекет тарапынан кедейшіліктің аймақтық ерекшеліктеріне, оның осы мәселенің одан әрі күрделене түсуіне үлкен орын алатынына немқұрайлы қарайды, себебі бұл мәселемен күресу шаралары өте баяу жұмыс істеуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бір үндеуінде елдің күрделі мәселелерін шешуде саясат пен бизнестің атқаратын қызметі бірдей делінген. Ал бүгінде іскер адамдардың елдегі жұмыс істей алмайтын адамдарға қамқорлық көрсетудің орнына, олардан зардап шегушілерді жиі кездестіреміз.
Қазақстанда кедейшілік деңгейі әдетте күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады. Күнкөріс минимумы - тіршілікті демеу үшін қажетті болып саналатын және ең аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстар мен шығыстардың объективті белгіленген деңгейі.
Зерттелу деңгейі : Жалпы кедейшіліктің зерттелу тарихы екі жүз жылдан астам уақыттан тұрады. АҚШ пен Батыс Еуропада бұл мәселе ертеден қарастырылып келеді. Ал Қазақстанда кедейшілік мәселесі қайта құру кезеңінен бастап зерттеле бастады. Осы өзекті мәселенің қоғамда зерттелу кезеңдерін 18 ғасырдан бастап 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін бөлуге болады. А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус, Г. Спенсер, Ж. Прудон, Э. Реклю, К. Маркс, Ч. Бут және С. Раунтри және қазіргі кездегі кедейлікті зерттеу 20 ғасырдан бері Ф. А. Хайек, П. Таусенд және басқа ғалымдарды атауға болады.
Ал бүгінгі күні біздің елде жүргізіліп отырған зерттеулер М. С. Аженов, М. С. Садырова, К. С. Мұхтарова, Ю. К. Шокаманова сияқты әлеуметтанушылардың бастауымен болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты : кедейлікпен күресудегі мемлекеттік қабылданған стратегияларды қарастырып олардың халыққа тигізіп отырған әсерін көрсету. Сонымен бірге елдегі аймақтық деңгейдегі кедей халықтардың бүгінгі күнгі жағдайына жалпылама сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының міндеті :
- кедейлікке және оның шығу себептеріне жалпы теориялық сипаттама беру;
- Қазақстандағы экономикалық өсудың кедейлікке тигізетін әсерін қарастыру;
- қоғамдағы кедейліктің аймақтық ерекшеліктерінің өзектілігін жан-жақты қарастыру.
Зерттеу жұмысының объектісі : Қазақстан Республикасының аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бүгінгі күні ахуалы, сонымен бірге халықтың материалдық қамсыздану деңгейі.
Зерттеу жұмысының пәні : Қазақстандағы кедейліктің шығу мәселелері, ауыл және қала кедейшілік проблемалары, халықтардың табыстарындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздік сонымен қатар, қазіргі нарықтық экономикалық жағдайдағы халықтың әл-ауқатын жақсарту стратегиялары.
Ақпараттық базасы : зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері, БҰҰ жүргізілген зертеулерінің нәтижелері және кедейшілікпен күресудегі қабылданған бағдарламалардың мәліметтері қолданылды.
Жұмыс құрылымы : екі бөлімнен, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
- БӨлім. Кедейлік Әлеуметтік проблема ретіндеКедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
Кедейшілік қай қоғамның болмасын экономикалық дамуының нәтижесінде қалыптасатын жағдай. Кедейшілік ол өте күрделі, көпфакторлы, тарихи қалыптасқан түсінік. Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т. б. ) қоғамнан тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж. т. б. ) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейлік - адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады.
Қазіргі кездегі әдебиеттерден кедейшіліктің алуан түрлі анықтамасын кездестіреміз. Олардың алуан түрлілігі оның әр қайсысы осы кедейшілік жағдайының шығу себептерін анықтауда түрлі аргументтерге сүйене отырып беріледі. Яғни, қазіргі кезде кедейшілік туралы анықты бір қалыптасқан анықтама жоқ. Түрлі себептерге байланысты кедейшілік туралы түсініктер бар. Солардың кейбіреулеріне тоқталатын болсақ.
Кедейшілік - бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруда қиыншылықтарға тап болған және Конституцияда қабылданған өмір сүруге деген құқықпен бостандықты толық қолдана алу мүмкіндігінен айырылған белгілі бір халық тобы [1] .
Кедейшілік - бұл адамның қажеттілігі оны қанағаттандыру мүмкіншілігінен жоғары болуы [2] .
Кедейшілік - тұрғындардың немесе отбасылардың белгілі бір бөлігі ең төменгі деңгейдегі ақшалай мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану - физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік экономикалық жағдайы [3] .
Кедейшілік - индивидтің қажетті құндылықтарын қанағаттандыра алмайтын экономикалық жағдайы.
Жалпы кедейшілікті бірнеше әдістер арқылы қарастырып көрсетуге болады. Біз түрлі осы зерттеу мәселесімен айналысатын философия, экономика, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, статистика, саясаттану білім салаларының талқылауларын қоса отырып, кедейшілікке анықтама беріп көрейік.
Философиялық тұрғыдан кедейшілік ол үнемі белгілі бір қиыншлықтарды жеңу үшін әрекет етуші стимул ретінде көрінеді. Бірінші кедейлік мәселесі Англияда 19 ғасырдың соңында Ч. Бут және С. Ровентри кедейліктің деңгейін тамақ, киім және баспанаған мұқтаждығы арқылы қарастырады.
Экономикалық тұрғыдан қарастырсақ кедейшілік материалдық жетістіктерге толық қарама-қарсы, яғни өте төмен деңгейде өмір сүру және материалдық, рухани қажеттіліктері толық қамсыздандырылмаған.
Әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда кедейлікті әлеуметтік индикатор ретінде қарастырады. Қоғамның жағдайы нашар халықтарына мемлекет тарапынан атаулы көмек көрсету, мемлекеттік түрлі жеңілдіктер беру секілді жағдайлармен көрінеді.
Әлеуметтік статистика кедейлікті байлықтың қарама-қарсы жағы ретінде қарастырады. Бұл жерде объективтік фактор ретінде халықтың тұтынуы мен табысының арасындағы теңсіздік саналады.
Жалпы осы кедейлер тобына біз кімдерді жатқызамыз? Олар жеке баста аналар, көп балалы аналар, зейнеткерлер, мүгедектер сонымен қатар студент жастармен оқушы балалар. Қазіргі кезде бұл таптың құрамы жоғарыдағы айтылғандардан бөлек, еңбекке жарамды адамдармен де толығып жатыр. Осыған орай бүгінгі күнгі көзқараспен кедейлер деп біз мына адамдарды айтамыз: еңбекке жарамды, жарамсыз адамдар тобынан құралған кедейлер; күн көріс үшін әрекет ететін және етпейтін кедейлер; барлық елдерге сай дәстүрлі түрде қалыптасқан кедейлер (зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасы, толық емес отбасылар, ертедегі соғысқа кеткен жауынгерлердің жесір әйелдері, жетім балалар және ата-анасыз қалған балалар, кішкентай балалары бар жас отбасылар, жүкті әйелдер, емізулі баласы бар әйелдер т. б. ) ; осыған қоса кедейлердің тағы бір тобы әмбебап емес тек біздің қоғамға қатысты, жаңа кедейлер (бұл топқа ресми жұмыссыздар, жалақысы өте төмен бюджеттік саланың өкілдері, тұрғындардың жаңа нарықтық жағдайға бейімделе алмаған бөлігі, экономикалық артта қалған, экологиялық қолайсыз аймақтардың тұрғындары, шет елдерден келген босқындар мен қайыр сұраушылар жатады) .
Негізгі осы өзекті мәселенің қоғамда зерттелу кезеңдерін 18 ғасырдан бастап 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін (А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус, Г. Спенсер, Ж. Прудон, Э. Реклю, К. Маркс, Ч. Бут және С. Раунтри) және қазіргі кездегі кедейлікті зерттеу 20 ғасырда (Ф. А. Хайек, П. Таусенд және басқа ғалымдар) . А. Смиттің еңбегінде кедей адамның табиғаты бейнеленеді яғни, адам мен қоғамдағы әлеуметтік стандарттың арасындағы байланыстың үзілуі. 19 ғасырдың өзінде-ақ, кедейлікті отбасының бюджеті арқылы абсолютті кедейліктің критерилерін анықтауды табыстың деңгейі арқылы және индивидтің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруы арқылы анықтау ұсынылған болатын. Кедейлік мәселесін зерттеуде үлкен еңбек қосқан экономистер мен әлеуметтанушылар қоғамдағы кедейліктің заңдылықтарын зертейді.
Соңғы 20-30 жылдары кедейшілікпен күресудегі әлеуметтік саясаттың пайда болуына себепші болған кедейліктің альтернативті теориясы жасалынды. 1980 жылдары кедейшіліктің эмпирикалық анықтамасы (Лейдендік анықтама) адамдардың жеткілікті минималдық табыс туралы ойлары, пікірлері белгілі бір деңгейде өз әсерін тигізді. Жоғарыда көрсетілгендей, кедейлікті зерттеудің 200 жылдан астам тарихы бар. АҚШ пен Батыс Еуропада бұл мәселе ертеден қарастырылып келеді. Кедейлікті 18 ғасырдағы А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус сияқты ұлы ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде сипаттаған. Т. Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтың шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Т. Мальтустың көзқарасы бойынша, мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық, әр түрлі аурулар, соғыс сияқты тиімді “көмекшілер” арқылы реттеліп отырады.
19 ғасырдың ортасында Г. Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі ретінде баға берді. “Әлеуметтік статика” деген еңбегінде ол кедейлік пен теңсіздік қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді. Яғни, өндірісті тоқтату мүмкін болмағандықтан, бұл толық шешу мүмкін емес. Г. Спенсер кедейлікті қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның жеке проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қиыншылыққа мойымай, проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол береді. Ол, сонымен қатар, кедейліктің нақты критерилерін анықтау мүмкін еместігін өзінің әдістемелік тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең ауыр түрі - қайыршылық. Г. Спенсер кедейлікті тұлға дамңуының қозғаушы күші ретінде бағалайды. Ф. Гидденс кедейлікті түрлі бағалайды: бір жағынан ол еш жойылмайтын зұлым, екінші жағынан ол әлеуметтік прогесс серігі.
Ағылшын ғалымдары Ч. Бут пен С. Раунтри 19 ғасырдың аяғында зерттеу жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу, киім кию, баспанамен қамтамасыз ету қажеттіліктерін өтей алу мүмкіндіктерін алған. Ч. Бут пен С. Раунтри - олар бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар. Олар Лондон мен Нью-Йоркте жүргізген социологиялық зерттеулерінің нәтижесінде халықтың 30 пайызы өмір бойы кедей күйінде болып отыратынын дәлелдеген. С. Раунтри зерттей келе, кедейліктің алғашқы және екінші кезектегі түрлерін бөліп көрсеткен. Алғашқы кезектегі кедейлік түсінігі адамдар қаражаттарын дұрыс пайдаланғанның өзінде негізгі қажеттіліктерді өтеуге шамасы келмеген жағдайда, ал екінші кезектегі кедейлік түсінігі адамдардың ақшаны дұрыс қолданбауына байланысты төмен материалдық жағдайға ұшырағанда қолданылады.
Содан бері келе 20 ғасырдың 60 жылдары кедейлікке жаңа көзқарас қалыптаса бастады. М. Оршанский бюджетті сұраудың мәліметтері бойынша тұрмыстың, киіну, тамақ ішу тағы басқа ең керекті қажеттіліктердің сандық параметрлерін қалыптастырған. Ол Энгель коэффициентін қолдана отырып, АҚШ-та 80-жылдарға дейін қолданылып келген кедейліктің салыстырмалы шегін анықтаған. Энгель коэффициенті бойынша, табыс мөлшері төмен болған сайын тамаққа белгіленген шығын көлемі ұлғая түседі.
20 ғасырдың 70 жылдары жоқшылық концепциясы қалыптасты. Оның негізін салушылар Маршалл мен П. Таусенд. олардың көзқарасына сәйкес, қоғамда ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ адам немесе отбасы кедей деп есептелген. П. Таусенд “Ұлы Британиядағы кедейлік” атты еңбегінде салыстырмалы кедейлікке мынадай анықтама береді: “Өздері өмір сүретін қоғамның өміріне араласа алмайтындар, қоғамда қалыптасқан өмір сүру деңгейі мен керекті диетасын ұстауға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей болып есептеледі”.
Кедейлік мәселесі ТМД елерінде соңғы 10-15 жылдар көлемінде кеңінен зерттеліп келеді. Бұл мәселе кеңес өкіметі құлағаннан кейін өзекті зерттеу объектісіне айналды. Кеңес өкіметі кезінде С. Г. Струмилиннің бастуымен 1918ж Петроградта жұмысшылардың бюджеті мен тұтынуды талдаудың негізінде алынған ақпараттар бойынша өмір құны индексін жасап шығарған.
Кейін осы зерттеуді А. М. Стропани одан әрі жалғастырды. Ол Кеңес Одағының 40-тан астам қаласында жүргізген. Бұл зерттеулердің нәтижесі жұмысшы табының материалдық жағдайы, тамақтануы туралы біраз ақпарат алуға мүмкіндік берді және 1920 жылы Харьков, Донбасс, Петроград, ал 1921 ж ташкент, 1922ж Орал тағы басқа аймақтарда бюджетке байланысты жаңа зерттеулер жүргізуге жол ашты.
Отандық ғалымдар кедейліктің тұрақты және жылжымалы түрлерін ажыратты. Біріншісі кедейлік кедейлікті тудырады деген көзқарасқа сәйкес келеді. Әлеуметтік жағдайдың төмендігі денсаулықтың нашарлауына, біліктілктің төмендеуіне алып келеді. Соның нәтижесінде тұлға өзін төмен бағалап, өзіндік менін жоя бастайды. Кедей отбасынан шыққан балалар келешекте кедей адамдардың санын толықтырулары мүмкін. Бұл райда ұрпақтан-ұрпаққа берілетін кедейлік туралы айтылады.
Л. А. Гордон кедейліктің әлеуметтік және экономикалық түрін бөліп көрсетеді. Әлеуметтік кедейлік әлсіз кедейлерге, экономикалық кедейлік күшті кедейлерге қатысты. Әлсіздердің кедейлігі дегеніміз еңбек етуге жарамсыз, аз еңбек ететін адамдарға, көп балалы отбасыларына, асыраушысы жоқ отбасыларына, мүгедектерге, ауру адамдарға қолданылады. Күшті кедейлік түсінігі, ол жұмысқа қабілетті, өмір сүруге жағдайы келетін адамдарға айтылады.
Кедейлік әлеуметтік құбылыс ретінде тарихта адамзат пайда болғаннан бері келе жатыр. Жалпы осы кедейлік неге байланысты, оны адам өмірінен алып тастауға болады ма жоқ па? Деген сұрақтар туады.
Осы сұраққа ертедегі ойшылдардың көбі жауап табуға тырысты. Қазір де ғалымдар осы сұраққа жауап беруге тырысуда. Кедейліктің бір себебін ойшылдардың бір тобы адамдардың табиғатына, адамның сапаларына байланысты қарастырады. Екінші топ ойшылдар кедейлік әлеуметтік себептерге байланысты деп есептейді. Адамның табиғатына лайықты емес мемлекеттік, не қоғамдық өмір кедейліктің пайда болуына себеп болады. Ғалымдардың үшінші тобы жеке меншіктің қалыптаына байланысты қалыптасқан әлеуметтік теңсіздікті кедейліктің себебі ретінде қарастырады.
Жалпы кедейлік табиғи, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси себептерге негізделген. Ал дәстүрлі кедейлік ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады. Ата-ананың кедейшілік жағдайы баланың болашақ әлеуметтік жағдайына өз әсерін тигізеді. Кедейліктің табиғи жағдайына генетикалық факторларға байланысты болатын денсаулықтың төмендігі, кейбір мамандықтарда кездесетін аурулар мен жарақаттардың жоғары ақылы жұмыс түрімен айналысуына мүмкіндік бермеулері жатады.
Кедейлер әлеуметтік-экономикалық топ. Кедейлік материалдық және мәдени құндылықтарға қол жеткізе алмауынан ғана көрініс таппайды, сонымен қатар ресми және бейресми сипаттағы қарым-қатынастың жойылуынан да көрінеді. Кедейлік адамның қабілеттілік, дарын сияқты жеке қасиеттеріне, таңдап алған мамандықтың еңбек нарығында қаншалықты қажеттілігіне байланысты. Адамда еріктің, күш-жігердің болмауы, қорқақтық, тәуекелге бара алмау, енжарлық та кедейлікке алып келеді. Сонымен кедейшілік ол адамның жеке қасиеттеріне және қоғамдағы алып отырған орнына байланысты сипатталады.
Бүгінгі қоғамда халықтың басым бөлігі материалдық жағдайларынан тыс заңды құқыққа ие, кедейлікте осы саяси құқықтық өмірде белгілі бір рөлге ие болады. Кедейлер көптеген елдерде соның ішінде біздің елде де - билікке түрлі саясатты қолдана отырып жететін халықтың басым бөлігі. Сонымен кедейлік көпмағыналы және бәсекелі түсінік, бұл тек материалдық мысалы, тамақ, азаматтық өмір сапасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы ғана емес, бастауыш білім алуы, сауаттылық деңгейі, бала өлімі осының барлығы кедейшіліктің көлемін, оның етек алуын көрсетеді. Жоғарыдағы айтылғандарға қарай отырып кедейшілік туралы мынадай тұжырым шығаруға болады. Кедейшілік - бұл төмен немесе өте төмен табыс деңгейі, осы қоғамға сай адам өзінің бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы. Ғылыми әдебиеттерде сонымен қатар кедейшіліктің түрлері туралы түрлі талқылауларды кездестіруге болады. Е. Н. Холостованың кедейшілікке берген анықтамасын қарастырайық:
Холостованың кедейшілік туралы түсіндірмесі кең көлемде көрсетілген. әр бір берілген кедейшілік түрлеріне тоқталып өтейік.
Абсолюттік кедейшілік - индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге, жылуға деген негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолюттік кедейшілік сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz