Шығыс Қазақстан облысының туристік фирмаларының маркетингтік қызметіне баға беру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 338. 48 (574. 42) Қолжазба құқығында

АПЫШЕВА АСЕЛЬ АНУАРБЕКОВНА

Туристік фирмалар қызметіндегі маркетингті жетілдіру

(Шығыс Қазақстан облысы материалдары негізінде)

08. 00. 05 -Экономика және халық шаруашылығын басқару

(қызмет салалары және сфералары бойынша) мамандығы

Экономика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында орындалған

Ғылыми жетекшісі:: Ғылыми жетекшісі:
экономика ғылымдарының докторыС. Р. Есімжанова:

экономика ғылымдарының докторы

С. Р. Есімжанова

Ғылыми жетекшісі:: Ресми оппоненттер:
экономика ғылымдарының докторыС. Р. Есімжанова:

экономика ғылымдарының докторы

Н. В. Джангарашева

экономика ғылымдарының кандидаты

Н. С. Дуйсенгулова

Ғылыми жетекшісі:: Жетекші ұйым:
экономика ғылымдарының докторыС. Р. Есімжанова: ҚР БжҒМ Экономика институты

Қорғау 2010 жылдың «26» тамызында сағат 16. 30 Халықаралық бизнес университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне іздену бойынша Д 20. 01. 07 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8А, 208 бөлме.

Диссертациямен Халықаралық бизнес Университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат «23» шілдеде 2010 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, э. ғ. д. А. О. Мухаммедов

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев БҰҰ ДТҰ-ң Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясында әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10%-н туризм саласындағы кіріс құрайтынын, туризм саласындағы бизнес әлемі барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз ететіндігіне тоқтала отырып, қазіргі уақытта Еуропа мен Азиядағы 14 миллионға жуық туристер таяу уақытта Қазақстанда болуды жоспарлап отырғандығын, әсіресе, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және АҚШ елдерінде біздің елімізге қызығушылық байқалатындығын атап өткен. Сонымен қатар, 2009 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында туризм сферасынан түскен табыс 74 млрд теңгені құраған.

Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.

Шығыс Қазақстан облысының бірегей туристік әлеуеті бар. Облыс көптеген туризм түрлерін, атап айтқанда, спорттық (альпинизм, таулы өзендермен жүзу, шаңғы спорты), аң және балық аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, ғылыми және танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда орналасқан. Ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы, Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекаралас), ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алуандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ көрші мемлекеттердің шекаралас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы облыстағы туризмді дамытудың күшті жақтары болып табылады.

Соңғы уақытта Германия, Австрия, Франция, Швейцария, Италия, АҚШ сияқты елдердің туристерінің Орта Азияға, оның ішінде Алтайға деген қызығушылығы артуда. Сөйтсе де, 2009 жылғы статистикалық деректер бойынша кіру туризмінің үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 9, 5 % төмендеуі байқалады.

Шығыс Қазақстан облысында туристік қызмет көрсетумен айналысатын фирмалар кіру, шығу, ішкі туризм түрлерімен қатар, виза және басқа да құжаттарды рәсімдеу, әуе, темір жол көлігіне билеттер сату, жеткізіп беру, туристерді өз көліктерімен тасымалдау, белсенді туризм түрлерімен айналысуда қажетті құрал-жабдықтарды жалға беру, сақтандыру, туристерді орналастыру, брондау, аударма қызметтері және басқа да қызмет түрлерін ұсынады. Олар өз қызметінде көптеген отандық және шетелдік қоғамдармен, қорлармен, қауымдастықтармен, мемлекеттік ұйымдармен, туристік фирмалармен өзара әрекеттесіп отырады. Облысқа келуші туристерге ұсынылатын туристік өнімдер ішінде экологиялық, танымдық, жағажайлық және белсенді туризм түрлері басым, туристік фирмалар өз қызметтерін турларды сатудан түскен табыс көзі арқылы қаржыландырады, туристік фирмаларда жұмыс істейтін қызметкерлер саны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 2 есеге артқан.

Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі кіру және ішкі туризмін пайдаланып, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру, халықты жұмыс орындармен қамтамасыз ету, мемлекеттің және халықтың табыстарын өсіру болып саналады. Бұл мақсатқа жету үшін туризм саласында маркетингтің әдістері мен тәсілдерін қолдану қажеттілігі туып отыр. Маркетинг нарықта болып жатқан үрдістерді жан-жақты ескеріп отыратын, кәсіпорынның іс-әрекетін басқару және ұйымдастыру жүйесі, өндірісті, жалпы қоғамды дамытушы құрал ретінде танымал. Туристік салада маркетингтік технологияларды қолдану оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуына, ол саланы ойдағыдай дамытуға әсерін тигізеді.

Бірақ, Шығыс Қазақстан аймағында әрекет етуші туристік фирмалар қызметінде маркетингті жетілдіру халықаралық деңгейден едәуір артта қалуда. Демек, маркетингтің ол саланың дамуына тигізетін ықпалы нашар. Оның бірқатар объективті және субъективті себептері ойдағыдай зерттелмей келеді. Аймақтың туристік салада маркетингтік технологияларды жеткілікті түрде қолданылмауының салдарынан Шығыс өңірінің керемет туристік әлеуеті бар болса да (облыс территориясында 84 демалыс зонасы, 5 демалыс үйлері, 34 емдік-сауықтыру объектісі, 14 аса қорғауға алынған жерлер, көптеген мәдени-тарихи объектілер), облыста туризм саласының дамуы кенже қалып, қазіргі уақытқа дейін әлемдік туристік қауымдастыққа танымал емес. Ол ішкі туристер үшін де айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр. Осыған көптеген факторлармен қатар маркетинг қағидаларын жеткілікті түрде қолданбау да әсерін тигізіп отыр.

Сонымен қатар қонақүй шаруашылығы, тасымалдау магистралдары және т. б. осылар сияқты қажетті инфрақұрылымдарсыз туризмді дамыту мүмкін емес. Осы мәселелердің барлығын кешенді түрде шешу қажет, ал ол көбінесе мемлекеттік қаражат пен мемлекеттік реттеуге байланысты болып отыр.

Аталған мәселелерді шешуде нарықта әрекет етуші туристік фирмалардағы маркетингтік қызметті жетілдірудің маңызы өте зор.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Отандық туристік нарықтағы қазіргі уақыттағы жағдай туризм инфрақұрылымын дамыту, компаниялар қызметінде маркетинг қағидалары мен әдістерін қолдану, туристік қызметтер тұтынушыларының мінез-құлқын зерттеу, олардың ерекшеліктерін анықтауды талап етеді.

Туризм дамуының теориялық және ғылыми-тәжірибелік аспектілері келесі американдық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты: Д. Аакер, А. Г. Браймер, Л. Берри, Дж. Боуэн, Ф. Котлер, Р. Оливье, Д. Ратмел, Д. Уокер және т. б.

Бұл саланы дамытуға өз еңбектерімен зор үлесін қосып келе жатқан алыс, жақын шетелдік ғалымдарға: А. А. Асанова, В. Г. Гуляев, А. М. Голубков, Е. Н. Ильина, В. А. Квартальнов, В. К. Кораблев және т. б. жатады.

Экономиканың жекелеген салаларында тәжірибеде маркетингті қолдану Ш. Р. Абдильманова, У. Б. Баймуратов, Н. В. Джангарашева, С. Р. Есімжанова, К. К. Кажымұрат, А. Ш. Нұрсеит, С. Н. Нысанбаев, К. Ә. Сағадиев, Н. Н. Хамитов сияқты отандық экономист-ғалымдардың еңбектерінде көрініс алған.

Отандық экономикалық әдебиеттер ішінде туризмнің даму мәселелері: В. Н. Вуколов, Ғ. М. Дүйсен, Ж. М. Дюсембекова, С. Р. Ердавлетов, О. Б. Мазбаев, Р. Х. Раева, О. Ж. Устенова, М. Р. Смыкова, Ө. К. Шеденов сияқты ғалым-экономистердің еңбектерінде орын алған.

Сөйтсе де, қазіргі уақытта қолда бар туристік ресурстарды тиімді пайдалану, маркетинг қағидаларын басшылыққа ала отырып бәсекеге қабілетті қазақстандық туристік өнім әзірлеп нарыққа ұсыну, соның негізінде кіру туризмінің үлесін жоғарылату мәселелеріне қатысты ғылыми негізделген зерттеулер әлі де жеткіліксіз деуге болады. Осы мәселелердің толық зерттелмегендігі диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін айқындады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты туристік фирмалар қызметіндегі маркетингті жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік тұжырымдалған, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

  • туристік маркетингтің теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу;
  • Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қызметтер нарығының даму деңгейін және туристік әлеуетін талдау;
  • Шығыс Қазақстан облысының туристік фирмаларының маркетингтік қызметіне баға беру;
  • облыстағы туристік фирмалар қызметін талдау негізінде олардың мәселелері мен даму келешегін айқындау;
  • туристік қызметті тұтынушылардың мінез-құлқына әсер етуші факторларды анықтау мақсатында маркетингтік зерттеу жүргізу;
  • туристік фирмалар қызметіндегі маркетингті жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы туристік фирмалар алынды.

Зерттеу пәні - Шығыс Қазақстан облысындағы туристік фирмалардың маркетингтік қызмет көрсету процесінде туындайтын экономикалық-ұйымдастырушылық қарым-қатынастар жиынтығы.

Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың туризмдегі маркетинг бойынша еңбектері, туризм мәселесіне қатысты заңдық актілер, нормативтік-құқықтық құжаттар қарастырылды.

Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің, Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаментінің ресми мәліметтері, туристік фирмалардың есептік мәліметтері және автор жүргізген маркетингтік зерттеу нәтижелері ақпараттық база болып табылады.

Диссертациялық зерттеуде талдау, салыстыру, топтастыру, эксперттік, пікір сұрау, экономикалық-математикалық әдістер қолданылды.

Диссертациялық зерттеу жұмысы нәтижелерінің ғылыми жаңалығы:

  • туризмдегі маркетингтің теориялық-әдістемелік негіздері зерттеліп, «туризм маркетингі» ұғымына авторлық анықтама берілген;
  • маркетингтік зерттеу жүргізу әдістемесі негізінде туристік қызметтер тұтынушыларының мінез-құлқы, қалауы, талғамы, оған әсер етуші факторлар анықталған;
  • Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қызметтер нарығына сегменттеу жүргізу арқылы мақсатты сегменттер анықталған;
  • туристік фирмалардағы маркетингтік қызметті жетілдіру ұсыныстары жасалған;
  • Шығыс Қазақстан облысының туристік әлуетін ұтымды пайдаланудың бағыттары айқындалған.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

  • «туризм маркетингі» ұғымының авторлық анықтамасы; тұтынушылардың талғамын анықтау үшін маркетингтік зерттеу жүргізудің әдістемесі; екі белгі негізінде нарықты сегменттеу тәсілі және туристік фирмаларды нарықта жайғастыру картасы; туристік фирмалардағы маркетингтік қызметті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысында ұсынылған маркетингтік іс-шаралар туристік фирмалар қызметін дамыту, облыстық туризмді жетілдіру бағдарламаларын, жобаларды әзірлеуде қолданылуы мүмкін. Диссертацияның әдістемелік нәтижелері жоғары оқу орындарында «Туризмология», «Туризмдегі маркетинг», «Туризмдегі менеджмент» пәндерінен дәріс және тәжірибелік сабақтарда қолданылуы мүмкін.

Диссертацияның тәжірибелік мәні. Диссертациялық зерттеудің ғылыми негізделген жекелеген ұсыныстары «Рахман қайнарлары» ЖШС-нің қызметіне және теориялық-әдістемелік материалдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқу үрдісіне енгізілген.

Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары әр түрлі халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланған. Олар: «Аманжолов оқулары - 2005» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Өскемен, 2005), «Аманжолов оқулары - 2007» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Өскемен, 2007), «Қазақстанның экономикалық өсуінің даму стратегиясы: тәжірибелер, мәселелері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Алматы, 2008) . Жалпы барлығы 3, 0 баспа парағынан тұратын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтары мен журналдарда 9 ғылыми жұмыс жарияланған.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2010 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.

Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т. б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап және оны маркетинг тәжірибесінде қолдану қажет.

Туристік фирмадағы маркетингтік қызмет сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті негізінде тұтынушылардың туристік өнімге, қызметке деген қажеттілігінің сапасы, қалайтын қасиеттері, бәсекелестік артықшылықтары, бағасы бойынша неғұрлым жақсы қанағаттандыру туризм нарығын дұрыс таңдай білу негізінде өз қызметін отандық және шетелдік нарық талаптарына сәйкестендіру олардың тұрақты қызметін қамтамасыз етуге негізделеді. Еліміздегі туризм нарығындағы маркетинг жүйесін ұтымды ұйымдастыру үшін турфирмаларды әдістемелік, ұйымдық және тәжірибелік іс-шаралармен қамтамасыз ету қажет.

Туризмдегі маркетингтің мәнін, маңызын, ерекшеліктерін талдай келе оның мазмұнын бөліп көрсетуге болады (сурет 1) .

Сурет 1 - Туризмдегі маркетингтік қызметтің мазмұны

Ескертпе: Зерттеу нәтижесінде автор жасаған.

Осы орайда, «туризмдегі маркетинг» - пайда алу мақсатында туристік өнімді қалыптастыруды, баға белгілеуді, жылжытуды, өткізуді, турларды ұйымдастыруды басқарудың нарықтағы сұранысқа бейімделген, бәсекелік артықшылықтарын жоғарылатуға мүмкіндік беретін туристік қызмет әзірлеп, ұсынуға бағытталған үдеріс.

Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін, онда әрекет етуші туристік сала кәсіпорындарының қызметін зерттеу облыстың зор мүмкіндіктері бар екенін, бірақ олардың өз деңгейінде қолданыла алмай отырғандығын көрсетті.

Кесте 1 - Шығыс Қазақстан облысындағы 2005-2009 ж. ж. қызмет көрсетілген туристер, адам

Көрсеткіш
2005 ж
2006 ж
2007 ж
2008 ж
2009 ж
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, %
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, %
Көрсеткіш: Барлығы
2005 ж: 25299
2006 ж: 27689
2007 ж: 39960
2008 ж: 59667
2009 ж: 25130
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, %: 99, 3
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, %: 42, 1
Көрсеткіш: Кіру туризмі
2005 ж: 1395
2006 ж: 624
2007 ж: 551
2008 ж: 1313
2009 ж: 1189
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, %: 85, 2
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, %: 90, 5
Көрсеткіш: ТМД елдері
2005 ж: 697
2006 ж: 454
2007 ж: 394
2008 ж: 918
2009 ж: 944
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, %: 135, 4
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, %: 102, 8
Көрсеткіш: ТМД-дан тыс
2005 ж: 698
2006 ж: 170
2007 ж: 157
2008 ж: 395
2009 ж: 245
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, %: 35, 1
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, %: 62, 0
Көрсеткіш: Шығу туризмі
2005 ж: 3089
2006 ж: 8155
2007 ж: 10162
2008 ж: 6340
2009 ж: 6232
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, %: 201, 7
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, %: 98, 3
Көрсеткіш: ТМД елдері
2005 ж: 136
2006 ж: 490
2007 ж: 91
2008 ж: 133
2009 ж: 56
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, %: 41, 2
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, %: 42, 1
Көрсеткіш: ТМД-дан тыс
2005 ж: 2953
2006 ж: 7665
2007 ж: 10071
2008 ж: 6207
2009 ж: 6176
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, %: 209, 1
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, %: 99, 5
Көрсеткіш: Ішкі туризм
2005 ж: 20815
2006 ж: 18910
2007 ж: 29247
2008 ж: 52014
2009 ж: 17709
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, %: 85, 1
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, %: 34, 0
Көрсеткіш: Ескертпе: ШҚО Статистика Департаменті мәліметтері негізінде жасалған.

1-кестені талдау облыстағы туристік фирмалар 2009 жылы 25130 туристке қызмет көрсетіп, 2008 жылға қарағанда туристер саны 57, 9% кемісе, 2005 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0, 7% азайды. Соның ішінде 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда шығу туризмі 1, 7%, ішкі туризм 66% азайған, ал 2005 жылмен салыстырғанда шығу туризмі 2 есеге артып, ішкі туризм 14, 9% кеміген. Кіру туризмі бойынша туристер саны 2009 жылы 1189 мың адамды құрап 2008 жылмен салыстырғанда 10%, 2005 жылмен салыстырғанда 14, 8% төмендеген. Оған жалпы әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыспен қатар автожолдардың халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, байланыстың және басқа да инфрақұрылымды қамтитын туристік сервистің бүтіндей жүйесінің жеткіліксіздігі және т. б. факторлар әсер етті.

Туристік қызметтер толық көрсетілетін жолдамалар саны соңғы жылдары азаюда. Бұл халықтың толық кешенді туризмді сатып алу мүмкіндігінің төмендігін білдіреді. Ал қызмет көрсетудің жеке түрлері енетін жолдамаларға сұраныс қарқынды түрде дамуда. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылға қарағанда осындай жолдамалар екі есе көп сатылған. Туристік фирмалар турөнімнің қоржынын әзірлеуде осы тенденцияны ескере отырып, бағасы тұтынушылардың экономикалық мүмкіндіктеріне сай келетін экологиялық, белсенді, танымдық, емдік немесе жағажайлық турлар әзірлеуі керек.

Туристерді тасымалдау құралдарына тоқталсақ, ішкі туризмде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда әуе көлігімен тасымал 156 адамға, теміржолмен қатынау 157 адамға кеміген, ал автобустармен жүру 523 адамға артқан. Туристер қалааралық автобустармен қатынағанды жөн деп есептеген, сонымен қатар көліктің бұл түрі бағасы жағынан арзан болып табылады.

2009 жылы қонақ үйлер мен басқа да орналастыру объектілеріндегі нөмірлер саны 4817, соның ішінде «люкс» дәрежелі 378 орынды құраған, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 254 орын. Қонақүйдегі нөмірлер саны 2007 жылмен салыстырғанда 1652 өскен. Бес жұлдызды қонақ үйлер жоқ, төрт, үш, екі жұлдызды қонақ үйлердің саны өте аз. Сондықтан 3, 4, 5 жұлдызды қонақ үйлер құрылысын қолға алу қажет.

Шығыс Қазақстанда туристік өнімдер ұсыну қызметімен «Экосистем», «Алтайские экспедиции», «Эл-тур-Восток», «Саяхат-Восток», «Рахман қайнарлары», «Көгілдір бұғаз», «Геотур», «Алтай», «Империя туризма», «Зүбәржат Алтай», «MARKA-TUR», «ВизаИнтур», «Алтай Альпілері» ЖШС-і және т. б. туристік фирмалар айналысады.

Аталған кәсіпорындар нарықта кең тараған, тұрақты сұранысқа ие, қол жетерлік бағадағы турөнім ұсынады.

«Экосистем» ЖШС-нің негізгі қызмет бағыттары: экологиялық туризм, хикаялық турларды ұйымдастыру, экологиялық қызметті насихаттау, табиғатты қорғау, ақпараттық-жарнамалық буклеттер мен Шығыс Қазақстан облысының табиғаты жайлы видеофильмдер шығару. Ол өз турларын Қазақстандағы және Еуропадағы агенттер көмегімен сатады.

«Рахман қайнарлары» 1995 жылдан бастап жұмыс істейтін жетекші туроператор болып табылады. Биік таулы, табиғаты әсем жерде орналасқандықтан шипажайдағы санаторлы-курорттық емдеу оның басты қызметі болып табылады. Сонымен қатар «Нұртау» тау-шаңғы курорты қысқы демалысты, «Порт Фортуна» қонақ үй кешенінде жағажайлық туризмді ұйымдастырумен, Қазақстандық Алтай тауларында белсенді турларды өткізумен (тау шыңына көтерілу, жаяу және атты турлар, рафтинг, авто-велотурлар, аралас маршруттар) айналысады.

Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.

Өнімді өткізуден түскен түсім 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 21, 2% төмендесе де жалпы «Рахман қайнарлары» ЖШС-і рентабелді қызмет етеді (кесте 2) .

Кесте 2 - «Рахман қайнарлары» ЖШС-нің 2007-2009 ж. ж. негізгі көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2007 ж.: 2007 ж.
2008 ж.: 2008 ж.
2009 ж.: 2009 ж.
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %: 2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %
Көрсеткіштер: Өнімді өткізуден түскен түсім, мың тг.
2007 ж.: 61152
2008 ж.: 67714
2009 ж.: 54040
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %: 79, 8
Көрсеткіштер: Өнімнің өзіндік құны, мың. тг.
2007 ж.: 47263
2008 ж.: 51636
2009 ж.: 37936
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %: 73, 5
Көрсеткіштер: Түсімге қатысты өзіндік құн, %
2007 ж.: 77
2008 ж.: 76
2009 ж.: 70
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %: 92, 1
Көрсеткіштер: Өнімді өткізуден түскен пайда, мың тг.
2007 ж.: 13889
2008 ж.: 16077
2009 ж.: 16104
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %: 100, 2
Көрсеткіштер: Түсімдегі өткізуден түскен пайданың үлесі, %
2007 ж.: 22, 7
2008 ж.: 23, 7
2009 ж.: 29, 8
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %: 125, 7
Көрсеткіштер: Рентабельділік деңгейі, %
2007 ж.: 1, 29
2008 ж.: 1, 31
2009 ж.: 1, 42
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %: + 0, 11
Көрсеткіштер: Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг.
2007 ж.: 2207
2008 ж.: 1381
2009 ж.: 2399
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %: 173, 7
Көрсеткіштер: Өзге қызметтерден түскен табыс, мың тг.
2007 ж.: 1284
2008 ж.: 53
2009 ж.: 2338
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %: 44 есе
Көрсеткіштер: Таза табыс (шығын) мың тг.
2007 ж.: 1780
2008 ж.: 1275
2009 ж.: 3391
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %: 2 есе
Көрсеткіштер: Ескертпе: «Рахман қайнарлары» ЖШС-нің мәліметтері негізінде жасалған

Кестедегі мәліметтер бойынша 2009 жылы таза табыс 2008 жылмен салыстырғанда 2116 мың теңгеге, ал 2007 жылмен салыстырғанда 1610 мың теңгеге өскен. Рентабельділік деңгейі 2009 жылы 1, 42 пайызды құрады, бұл 2008 жылдың көрсеткіші бойынша 0, 11 пайызға және 2007 жылмен салыстырғанда 0, 13 пайызға жоғары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖШС «Holiday tour» туристік фирмасы
Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қызметтер нарығының даму деңгейін және туристік әлеуетін талдау
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Көлік түрлерімен саяхаттарды жоспарлау
Туризм мәні
Туристік қызметтер саласындағы маркетинг
Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын pr-технологиялар туралы
Туризм нарығын маркетингтік талдау
Туристік өнімді қалыптастыру, өңдеу және өткізу жүйесін, тартымды туристік өнімді қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz