Шарын МҰТП жерінің экспликациясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
  1. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биологиялық алуантүрлілігі және экологиялық жағдайы
  1. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ерекшелігі мен мәртебесіШарын МҰТП нің мекен жайы, аумағы және оған енуЗаңды мәртебесі және құрылу тарихыЖерді -аумақтық бөліну және мемлекеттік басқарылуФизикалық ерекшелігіБиологиялық ерекшелігіҚазіргі басқару бағдарламасы
  2. Қазіргі жағдайын басқаруТерриторияның жаһандық маңыздылығы, ЕҚТА -тың өзін аяқтауыҚазіргі кезеңдегі басқару мақсаттарыЕҚТА -ты дамытудың қазіргі кезеңдегі басқару жағдайыЕңбек қорларыНегізгі қауіп -қатер және басқарудың келесі мәселелеріАумақты аймаққа (зонаға) бөлуШарын МҰТП ның әлеуметтік -экономикалық дамуы үшін маңызыТабиғат қорларын басқаруға жергілікті қоғамдардың қатысу дәрежесіМекен -жай ортасының бөлінуі

2. 10 Қоршаған ортаны қорғау жөнінен жұртшылықтың ақпараттандырылуы

3. Басқару жоспарын жүзеге асыру механизмі

3. 1 Басқару бағдарламасы

3. 1. 1 Мекендейтін ортаны басқару

3. 1. 2 Тірі табиғатты басқару

3. 1. 3 Адам қорын басқару

3. 1. 4 Басшылық және қызметкерлер құрамы

3. 1. 5 Парктің материалдық техникалық базасы

2. Диплом жұмысында қарастырылатын мәселелер

  1. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ерекшелігі мен мәртебесі
  2. Қазіргі жағдайын басқару
  3. Басқару жоспарын жүзеге асыру механизмі

3. Ұсынылатын әдебиеттер

1. 1845 - 1895 жыл орыс географиялық қоғамының жартығасырлық тарихы.

2. Іле тазаралық ойпаты экосистемасының әртүрліктерін сақтау үшін Шарын МҰТП құру туралы.

3. Қазақ ССР табиғи- қорықтық қоры нысандарын жетілдіру және орналастыру бас келістіруге ғылыми негізделген.

4. Весалов В. В. «Қазақстанның жер асты су ресурсын гидрологиялық аудандастыру ж/е аумақтық бағалау: 1967-2001 ж зертеулердің сараптамалық нәтижесі.

5. Вислогузова А. В. Гидрография. іле аңғары, оның табиғаты мен ресурсы

4. Графикалық материалдардың тізімі

  1. Кесте 1 - Шарын МҰТП жерінің экспликациясы
  2. Кесте 2 - Шарын МҰТП -тің қоршаған аумақтың климатының көрсеткіші
  3. Кесте 3 -Ай ішіндегі жалпы орташа айлық жауын -шашын мөлшері мен жаңбырлы қарлы күндердің саны
  4. Сурет 1. Үлкен бұғыты таулары және таулы өлкесі
  5. Сурет 2. Үлкен -Бұғыты тауларындағы соңғыаридтық шөлдер
  6. Сурет 3. Қызыл - Қарасай ауданындағы бедленд
  7. Сурет 4. Үлкен - Бұғыты тауының жоғарғы белдеміндегі бұталы жыңғыл мен петрофитті далалар
  8. Сурет 5. Үлкен - Бұғыты тауларындағы Альберт қызғалдағы
  9. Сурет 6. «Қызыл -Қарасай» участогіндегі трагаканттышырмауық қауымдастығы
  10. Сурет 7. Қызылкітап бірлестігіндегі соңғыаридтық шөлдердегі Регеля
  11. Сурет 8. Дала агамасы
  12. Сурет 9. Қарақұйрық
  13. Кесте 4 - Сараптау нәтижесі
  14. Сурет 10. Шетен орманы
  15. Сурет 11. Шарын шатқалы
  16. Кесте 5 - Шарын МҰТП және территориясын кеңейту учаскелерін күзету режимі мен қызмет аймақтары
  17. Кесте 6 - Шекараның идентификациясы және белгілеу
  18. Кесте 7 -Шарын МҰТП электр энергиясын тұтынуы

5. Диплом жұмысын жазудың күнтізбелік кестесі

Іс-әрекет түрлері
Мерзімі
Орындалуы туралы белгі
№: 1
Іс-әрекет түрлері: Зерттеу жұмысының өзектілігін негіздеу
Мерзімі: Қыркүйек
Орындалуы туралы белгі: 15. 09. 2011
№: 2
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысынң тақырыбын бекіту
Мерзімі: Қазан
Орындалуы туралы белгі: 25. 10. 2011
№: 3
Іс-әрекет түрлері: Дерек көздерін жинау және ғылыми әдебиеттерді іріктеу, оқу, зерделеу, өңдеу
Мерзімі: Қараша
Орындалуы туралы белгі: 20. 11. 2011
№: 4
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысының ғылыми аппараттарын анықтау
Мерзімі: Желтоқсан
Орындалуы туралы белгі: 05. 12. 2011
№: 5
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысының материалдарын және зерттеу әдістерін анықтау
Мерзімі: Желтоқсан
Орындалуы туралы белгі: 20. 12. 2011
№: 6
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысының теориялық бөлімін жазу
Мерзімі: Қаңтар
Орындалуы туралы белгі: 10. 01. 2012
№: 7
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысын алдын ала қорғау
Мерзімі: Мамыр
Орындалуы туралы белгі: 13. 05. 2012
№: 8
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысын қорғау
Мерзімі: Мамыр
Орындалуы туралы белгі: 13. 04. 2012

Мазмұны

Кіріспе . . . 7

1 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ерекшелігі мен мәртебесі

1. 1 Шарын МҰТП нің мекен жайы, аумағы және оған ену . . . 9

1. 2 Заңды мәртебесі және құрылу тарихы . . . 9

1. 3Жерді пайдалану . . . 11

1. 4 Инфрақұрылым . . . 13

1. 5 Әкімшілік -аумақтық бөліну және мемлекеттік басқарылу . . . 14

1. 6 Физикалық ерекшелігі . . . 14

1. 7 Биологиялық ерекшелігі . . . 20

1. 8Қазіргі басқару бағдарламасы . . . 33

2. Қазіргі жағдайын басқару

2. 1 Территорияның жаһандық маңыздылығы, ЕҚТА -тың өзін

аяқтауы . . . 35

2. 2 Қазіргі кезеңдегі басқару мақсаттары . . . 36

2. 3 ЕҚТА -ты дамытудың қазіргі кезеңдегі басқару жағдайы . . . 36

2. 4 Еңбек қорлары . . . 42

2. 5 Негізгі қауіп -қатер және басқарудың келесі мәселелері . . . 42

2. 6 Аумақты аймаққа (зонаға) бөлу . . . 43

2. 7 Шарын МҰТП ның әлеуметтік -экономикалық дамуы үшін

маңызы . . . 49

2. 8 Табиғат қорларын басқаруға жергілікті қоғамдардың қатысу

дәрежесі . . . 51

2. 9 Мекен -жай ортасының бөлінуі . . . 52

2. 10 Қоршаған ортаны қорғау жөнінен жұртшылықтың

Ақпараттандырылуы . . . 54

3. Басқару жоспарын жүзеге асыру механизмі

3. 1 Басқару бағдарламасы . . . 55

3. 1. 1 Мекендейтін ортаны басқару . . . 55

3. 1. 2 Тірі табиғатты басқару . . . 59

3. 1. 3 Адам қорын басқару . . . 60

3. 1. 4 Басшылық және қызметкерлер құрамы . . . 62

  1. Парктің материалдық техникалық базасы . . . 68
  1. Қорытынды. . . 69
  2. Пайдаланған әдебиеттер. . . 70

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан аумағы бірегей жиынтық ландшафтты иеленеді: шөлдер, биік таулы жерлер және ішкі теңіз экологиялық жүйелері.

Мемлекеттің әкономикалық дамуының үдемелі қарқыны және табиғи қорларын пайдалану аясында өлкелік табиғи қорғау жүйесін жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Арнайы сақталатын табиғи аумақтар әдеттегі және бірегей табиғи ландшафттарды, жануарлар және өсімдіктер әлемін, табиғи және мәдени мұра объекттерін сақтап қалу үшін арналған. Парктер шаруашылық пайдаланудан түгел немесе жартылай алып тасталғандықтан олар ерекше қорғау тәртібіне ие, және оларға бірігіп тұрған жер және су кеңістіктерінде шаруашылық қызметі реттеулі тәртіптегі қорғаулы аймақтар ұйымдастыруы мүмкін.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк - ғылыми мекеме, биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтауға арналған экологиялық - ағарту, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған бірегейлі табиғи кешен және мемлекеттік табиғи -аңшылық қор және мемлекеттік құндылық.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - ерекше экологиялық, тарихи және эстетикалық құндылық. Парк аумағында мемлекеттік маңызы зор табиғат ескерткіші - Шарын шетенді тоғайлық саяжайы орналасқан. Саяжай аумағы 5014 га құрайды. Ол 1964 жылы Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Үкіметінің №447 Қаулысымен Шарын алқабындағы Сарытоғай шатқалындағы палеоген қалдығы - соғды шетенін қорғау мақсатында қүрылған.

«Шарын» мемлекеттік ұлттык табиғи паркі көлемінде Шарын шатқалы орналасқан.

Шарын шатқалы - ерекше қорғаулы республикалық маңызы зор жер қойнауы тізіміне енгізілген табиғи аумақ. Бүл аумақта шатқалдың тікше таулы тасты бауырлары, палеонтологиялық табындылар, флора мен фаунаның сирек түрлері ерекше мемлекеттік қорғауға алынған.

Болашақ ұрпаққа бірегейлі табиғи қорғаулы және эстетикалық маңызы кең ландшафттарды сақтап қалу барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің халқымыз үшін мәдени - ағарту қызметі зор.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің осы замандағы экологиялық жағдайын кешенді бағалау.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегі көрсетілген міндеттер қойылды:

- «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғатын сипаттау

- парктің ұйымдық және жоспарлық құрылымын сипаттау

- парктің экологиялық жүйесін сипаттау

- табиғи экожүйені қорғау

- биоәртүрлілікті фоналық жағдай деңгейінде сақтау

- бүлінген табиғи комплекстерді қалпына келтіру

Зерттеу объектісі: «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»

Зерттеу пәні: «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биологиялық алуантүрлілігі және экологиялық жағдайы».

Жұмыстың теориялық негізі: диплом жұмысын жазу барысында мемлекетіміздің зерттеушілерінің еңбектері колданылған.

Жұмыстың практикалық маңызы. Ұлттык парк аумағындағы табиғат -ананың таңғажайып ескерткішін, оның байлығын қорғау, зерттеу халқымыздың болашақ ұрпақтарға із қалдыру сана - сезімнен туындаган мақсат осы жұмыстагы мәліметтер Алматы облысы ¥йғыр ауданының аумағын зерттеуге пайдасы тиімді. Сонымен катар білім мекемелерінде қосалқы окулық ретінде және Алматы облысының табиғи аумақтарының мінездемелерін кұрастыру үшін пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және косымшадан тұрады.

1 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәртебесі және

ерекшелігі

  1. Мекен-жайы, аумағы және оған ену

Оңтүстік жағы Шарын өзені арнасының Көртоғай көпірінен бастап, солтүстік жағы өзен сағасына дейін және жолақты тау бөктерінің жағасы мен өзеннің екі жағындағы Сөгеті және Жалаңаш тауаралық жайылымдары кіреді. Парк аумағы 127 050 га, үш әкімшілік ауданның аумағында орналасқан: Ұйғыр (аудан орталығы- Шонжы селосы), Райымбек (аудан орталығы- Кеген селосы), Еңбекшіқазақ (аудан орталығы- Есік қаласы) . Жол жүйесі жақсы дамыған. Парк келесі бөліктерден тұрады: Шарын шетен орман саяжайы, «Долина замков» шатқалы, Үлкен Бұғыты таулары, «Қызыл Қарасай» ҚР Қорғаныс министрлігінің полигоны. Ең жақын елді мекен-Шонжы селосы 15 км қашықтықта орналасқан. Барлық бөліктерге қатынайтын халықаралық Шонжы-Алматы тасжолы асфальтталған. Ал тасжолдан нысандарға дейінгі жолдарға кұм төселген: Шетен орман саяжайына 15 км, Шарын шатқалына 30 км, Ү. Бұғыты тауларына 35 км., Қызыл Қарасай полигонына 7 км. Парк кеңсесі Шонжы селосында орналасқан. Заңды мекен-жайы: ҚР, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы, Қыдырбаев көшесі, № 4 үй.

Байланыс телефондары: 8-72778- 2-14-33, 2-36-29

Мобильді телефондар: директор +7701 437 40 07; орынбасары +7701 564 14 14; электронды мекен-жай: перt61@mаіl. ruх[1]

  1. Заңды мәртебесі және құрылу тарихы

Шарын МҰТП қазіргі заңдылықтарға сәйкес, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы Комитетіне қарайтын, республикалық маңызы бар табиғат қорғау және ғылыми мекемелік мәртебесі бар. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парк (әрі қарай ШМҰТП) ҚР Үкіметінің 23 ақпан 2004 жылғы № 213 бұйрығымен 93 150 га жерге Алматы облысында экологиялық, тарихи-ғылыми, эстетикалық табиғат байлығын қалпына келтіру және сақтау мақсатымен ұйымдастырылған. ҚР Үкіметінің 6 ақпан 2009 жылғы № 121 бұйрығымен парк аумағы кеңейтілді, мемлекеттік жер қоры, қорғаныс қажеттілігіне қарасты жерден 32900 га жер қосылды, қазір жалпы аумақ 127 050 га. Парктің әкімшілік-шаруашылыққа қатынасты аумағы- Алматы облысының, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Үйғыр аудандарында Шонжы селосынан батысқа қарай 7 км қашықтықта, Алматы қаласынан шығысқа қарай 200 км кашықтықта орналасқан. Шарын М¥ТП құрамына республикалық маңызы бар Табиғат ескерткіші-19 наурыз 1964 жылы Қазак ССР Министірлер кеңесінің № 447-Р каулысымен ұйымдастырылған 5014 га жерді алып жатқан Шарын шаған тоғайы кіреді. Ескерткіш полеоген дәуірінің соғды шағаны өсетін су жайылмалары орманын корғау үшін ұйымдастырылған. Ол Сарытоғай Шатқалының Шарын өзеніндегі қоймасында орналасқан, қазір ШМҰТП құрамына кіреді. Шағаннан басқа бұл жерде сирек кездесетін басқа да өсімдіктер дүниесі (ауған терегі, әр түрлі жапырақты терек, іле үшқаты, семенов үйеңкесі, жоңғар реомюриясы, іле сексеуілі т. б) сонымен қатар сирек кездесетін жануарлар дүниесі (қолаңтас, жыланшы қыран, қара дегелек, үкі, ителгі, жүртшы, орта азиялық бақа, шұбар батбат кесіртке) . Орманды корғау режимі бекітілген, ұйымдастырылмаған туристердің келуі шектелген. Тоғай ішінде ағаш кесуге, мал жаюға тыйым салынған.

Үлкен Бұғыты учаскесі- Ұйғыр ауданының шекарасында, мемлекеттің жер корында Үлкен Бұғыты тауының солтүстік шығысын алып жатыр. Геологиялық нысандарды қоргаудың негізгі максаты минералдарды (молидемит, шелит, перит, халькопирит) қарақұйрық, текелердің жайылымдарын кеңейту, сексеуілді, 61 түрлі сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау.

Қызыл Қарасай -қарақұйрықтың, сирек кездесетін кұстардың (дуадақ, бүркіт, ителгі), тек Қазақстанда кездесетін бұта-ағаштектес сораң т. б сирек кездесетін өсімдіктердің 11 түрі өсетін жер. Сонымен бірге ерекше бальнеологиялық бағалы минерал суы бар гидрологиялык обьекті де бар.

Шарын шатқалы-республикалык маңызы бар, ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Үкіметтің 30 маусым 2005 жылы № 657 шешімімен жасалған экологиялык, ғылыми, т. б құндылықтары бар жер қыртыстарының тізіміне енген. Бұл жерде шатқалдың тасты жартастары, палеонтологиялық қазбалар, сол жерден табылған жануарлардың қазба калдықтары, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі корғалады.

Шарын өзенінің алқабында қорғалатын жерлер 70-ші жылдардың ортасында құрылды. 80-ші жылдардың ортасында Іле өзенінің екі жағын алып жататын Қытай халық Республикасының шекарасынан Қапшагай су қоймасына дейінгі үлкен аумақта (500 мың ға) Қаз ССР ғылыми академиясының зоология және ботаника институтына Қаз ССР қорык қоры обьектілер дамыту және орналастыру туралы Бас кестесіне Мемлекеттік Ұлттық Паркті енгізу жөнінде ұсыныс жасалды. Қазақстанда қорық ісін дамыту бағдарламасы аясында Қазақ ССР Ғылым Академиясы жанындағы биосфера жөніндегі ғылыми кеңес жасаған 2005 жылға дейін Қазақ ССР-нің табиғи-қорық қорын дамыту және орналастырудың Бас кестесіне Сөгеті -Көртоғай - Бұғыты ботаникалық корғалым (500 мың га) және «Шарын шатқалын» (6, 0 мың га) үйымдастыру жөнінде ұсыныс берілді.

1996 жылы Іле шұңқырының оң жагалауында «Іле аймағы» паркінің бірінші кезегі болып қарастырылған «Алтын емел» (459, 62 ге) Ұлттык паркі құрылды. Екінші кезегінде шұңқырдың сол жағалауын алатын шарын өзенінің жазығын алып жатқан әсем бөлігі кіретін үлкен аумақты осы парк құрамына кіргізу жөнінде ұсыныс жасалды.

1993 жылы Алматы облыстық табиғи қорықтарды дамыту және орналастыруды дамыту схемасының жобасында ЭИЦ «ENVIRK» Алматы облыстық экология және биоресурс басқармасымен келісім шарттың жобасында «Шарын шаған тоғайы» мен Шарын шатқалы табиғат ескерткішінің төлқұжаты жасалды. Осы жерде бұрын ұсынылған Сөгеті-Бұғыты- Көртоғай қорғалымы кіретін аумақпен бірге осы қорғалатын жерді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парк құрамына енгізу кажеттігі туды, Енгізуге 222, 7 га жер ұсынылды. Бұл паркті кұру Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасына да енді.

1998 жылы «ENVIRK» экологиялық зерттеу орталығы экология және табиғи ресурстар Министрлігінің 18 мамыр 1998 жылы №60 келісімі бойынша 1998 жылға арналған жоба тендері негізінде ШМҰТП базасында кұру жөніндегі ғылыми негіз жасалды. Көрсетілген жұмыстардың нәтижесінде парктің шекарасы ұсынылды: солтүстігі - Іле өзені, шығысы Шарын өзені, оңтүстігі Торайғыр макробеткейінің жотасы, батысы - Шелек өзені. Сонымен бірге жобаның авторлары парк аумағына Шарын өзенінің жазығын, Іле өзенінің жазығын Шарын өзеніне құяр жерін Қапшағай су қоймасына дейін, Шелек өзені жазықтығын Алғабас Поселкасынан Майлыбай поселкасына дейін, Үлкенқұм мен Қарабас құм алкабын, Торайғыр тау пиотасының төменгі етегі, Сөгеті - Бұғыты, Серіктас, т. б жазықтары мен тауаралық алқаптарын енгізуді ұсынды.

2001 жылы ҚР Үкіметінің 23 акпан 2004 жылы № 213 «Шарын МҰТП ұйымдастыру түралы қаулысы негізінде» экопроект ТОО Шарын МҰТП жобасы жасалып, оған 93 150 га жер бөлінді. ҚР Үкіметінің каулысында көрсетілген шекаралар ескеріліп 2004 жылы ТӘО-ға түзетулер енгізілді. Осы құжатта Шарын МҰТП кұрамына бұрын жоспарланған Сөгеті алкабын (Қарақұйрықтар қалпына келе бастаған), Торайғыр тауларын, Үлкен Бұғыты мен Бала - Бүғыты (Бүркіт - ителгі мен флора әндонизмінің орны) сонымен бірге кұмды және құмайт жерлерді (Іле өзені бойымен Қапшағай су коймасына дейінгі әсем жерлер) енгізу қарастырылды. [2]

  1. Жерді пайдалану

Шарын МҰТП-нің жері толығымен мемлекеттік ұлттық парк ормандарының жеріне кіреді. Жалпы 93 150 га жердің 2935 га орманға, 90 215 га жері орман емес жерлерге бөлінген, оған жайылым, су, егістік, шабындық т. б.

Жерді экспликациялау кестеде көрсетілген.

1-кесте

Шарын МҰТП жерінің экспликациясы

Мемлекеттік орман қорының
Орманды алқап
Ормансыз алқап
Орман қорының
Орман-мен қамтылған
Ормансыз
Барлығы

Егістік

Шабындық
Жайылым

Сулар

Басқалары
Барлық ормансыз
Мемлекеттік орман қорының: Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер орманы
Орманды алқап:
Ормансыз алқап:
Орман қорының:
Мемлекеттік орман қорының:
Орманды алқап:
Ормансыз алқап:
Орман қорының:
Мемлекеттік орман қорының: 2315
Орманды алқап: 588
Ормансыз алқап: 2935
Орман қорының: 65
60
32420
219
57451
90215
93150
Мемлекеттік орман қорының:
Орманды алқап:
Ормансыз алқап:
Орман қорының:
Мемлекеттік орман қорының: Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер орманының барлығы
Орманды алқап:
Ормансыз алқап:
Орман қорының:
Мемлекеттік орман қорының:
Орманды алқап:
Ормансыз алқап:
Орман қорының:
Мемлекеттік орман қорының:
Орманды алқап:
Ормансыз алқап:
Орман қорының:
Мемлекеттік орман қорының:
Орманды алқап:
Ормансыз алқап:
Орман қорының:
Мемлекеттік орман қорының: 2315
Орманды алқап: 588
Ормансыз алқап: 2935
Орман қорының: 65
60
32420
219
57451
90215
93150
Мемлекеттік орман қорының:
Орманды алқап:
Ормансыз алқап:
Орман қорының:
Мемлекеттік орман қорының:
Орманды алқап:
Ормансыз алқап:
Орман қорының:
Мемлекеттік орман қорының:
Орманды алқап:
Ормансыз алқап:
Орман қорының:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ (ЕҚТА) шекарасынан орналасуы оның қорғайтын жеріндегі жеке меншік жерді пайдаланушылар, олардың міндеттері мен табиғатты пайдалануы туралы мәлімет.

ЕҚТА шекарасында:

1. «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны - алаңы 0, 3 га, орманмен жабылмаған. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңға сәйкес табиғатты қорғау ережелері мен қағидаларын сақтайды.

2. «Шарынирригация» ДГПВХ - аумағы 13, 65 га орманмен жабылмаған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы Заңға сәйкес ережелер мен қағидаларын сақтайды.

Паркке іргелес шекарада (қорғалатын) :

1. «Гүлбақ» шаруа қожалығы 46 га, ормансу егістік жер, ауылшаруашылық өнімдерін егеді. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы Заңның ережелері мен қағидаларын сақтайды.

2. «Азат» шаруа қожалығы 50 га, ормансу егістік жер, ауылшаруашылық өнімдерін өсіреді. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы Заңның ережелері мен қағидаларын сақтайды.

3. «Шамиль» шаруа қожалығы - 23 га, ормансу егістік жер, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы Заңға сәйкес ережелер мен қағидаларды сақтайды.

4. «Арал» шаруа қожалығы 36 га, ормансу егістік жер, ауылшаруашылық өнімдерін өсіреді. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы Заңның ережелері мен қағидаларын сақтайды.

5. «Гидрогеология» посты 2, 45 га.

6. «АНЕК» ЖШС - 5 га.

7. «Турсунов» шаруа қожалығы - 0, 4 га.

8. «Тілеулесов» шаруа қожалығы - 600 га.

9. «Мансуров» шаруа қожалығы - 100 га. Ю. Ерменбаевтың «Богуты» шаруа қожалығы 82, 0 га.

11. Ерменбаева Райханның «Богуты» шаруа қожалығы 4, 0 га. 12. «Каракульден» аңшылық шаруашылығы 152 02, 96 га. Барлық шаруа қожалықтары шаған тоғайының солтүстігіне карай орналасқан, паркке зиян келтірмейміз. З]

1. 4 Инфрақұрылымы

Парктың орталық үй-жайы Шонжы селосында Қыдырбаев көшесі 4 үйде орналасқан. Бұл жерде әкімшілік үйі, жатақханасы, промбазасы бар. Әкімшілік үйі мен жатақханаға 2006 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. 7 кордон бар, Шарын шаған тоғайындағы 6 кордонға күрделі жөндеу жүргізілген. 1 кордон Ү. Бүғыты тауында. Шарын шатқалында тексеру -өткізу пункті орналасқан.

Жол желісі. Парк айналасындағы жолдар өте жақсы дамыған және барлық жаққа тиімді таралған, сонымен бірге мықты жабынмен жабылған (тас төселген, асфальтталған) . Парк аумағынан республикалық маңызы бар А - 2, А - 6 тасымалдау жолы өтеді. Барлык елді- мекендер үшін тиімді жолдар бар, дегенмен олар жөндеуді қажет етеді.

Паркті көлік желісімен камтамасыз ету үшін, оның мәртебесін ескере отырып, барлық жолдарды тиісті жағдайда ұстау үшін кажетті материалдармен қамтамасыз етуде тиісті ұсыныстар қойылуда.

Сумен қамтамасыз етілуі. Шарын МҰТПаумагы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген. Шарын шаған тоғайы мен Шарын шатқалы жерүсті (Шарын өзені) және жерасты (ұңғыма) және тасымалданатын сумен камтамасыз етіледі. Орталык офисі, орталықтандырылған су құбырынан келетін суды пайдаланады (Шонжы селосының ұңғымасы)

Канализация. Орталықтандырылған канализация жоқ. Тұрғындардан шықкан сулар арнайы қазылған шұңқырға төгіледі, үйдің алдындағы қосымша үйлерді бөлек су ағатын жерлер жоқ.

Санитарлық тазалау. Әр үйге қоқыс төгілетін контейнерлер койылған, олар уақытында сыртқа шығарылып, төгіледі. Ол үшін тазалық мекемелерімен келісім жасалған.

Әлектр және жылумен қамтамасыз етілуі. Парктің офисін «Алматыэнергосбыт» ЖШС электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Шарын шаған тоғайы мен Шарын шатқалында және Бұғытыда электр желісі жоқ, тек ЛЭП-тен алыс орналаспаған республикалық маңызы бар Шонжы - Алматы тасжолындағы № 1, 4 кордондар электр энергиясымен қамтамасыз етілген.

Кеңсе, кордон және рекреациялық нысандар жеке агрегат, пештермен қатты отынмен жылытылады.

Байланыс. Паркте телефон және радиобайланыс бар. Парк кеңсесінде 2 телефон, Шарын шаған тоғайында 1 телефон нүктесі бар. Байланыс Шонжы селосында орналаскан «Қазақтелеком» ААҚ автоматтандырылган телефон станциясы аркылы жүзеге асырылған.

Парк кеңсесінде бір, Шарын шаған тоғайында екінші стационарлы радиостанция орнатылган. Парктің барлық автокөліктерінде мобильді телефонстанциясы бар. Алып жүретін радиостанциялар инспекторлар кұрамына бекітіліп берілген. [4]

1. 5 Әкімшілік- аумақтық бөліну және мемлекеттік басқару

Парк 3 ауданның аумағында орналасқан: Ұйғыр 103900 ға, Еңбекшіқазақ 12730 га, Райымбек 10420 га.

Ұйғыр ауданы Алматы облысының оңтүстік - шығысында орналасып, солтүстігі Панфилов ауданымен, батысында Еңбекшіқазақ ауданымен, оңтүстігінде Райымбек ауданымен шектеседі. Шығысында ҚХР шекарасымен шектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығын ұйымдастыру
Туристік класстерлер
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
Шарын өзені алабының климаттық ерекшеліктері
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Экологиялық туризмнің түрлеріне тоқталдық
Туризм саласының елімізде дамуы
Ұйғыр ауданының жерінде, Шарын өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан тоғай
МҰТП Бурабай -да орман сақтау және өсіру шаралардың тиімділігін жоғарлату жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz