Банктің бухгалтерлік балансының құрылымын талдау
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Темірбанк АҚ-на жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Темірбанк АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Банктің ұйымдық-басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 “Темірбанк” АҚ-ның атқаратын қызметтері және жүргізетін операциялары
1.4 “Темірбанк” АҚ-ның депозиттік
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2 Темірбанк АҚ-ның 2007-2008 жылдардағы қаржылық жағдайын талдау...
2.1 Банктің бухгалтерлік балансының құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... .
2.2 Темірбанк АҚ-ның ұсынатын депозит түрлері, олардың ерекшеліктері
2.3 Темірбанк АҚ-ның 2007-2008 жж депозиттік операцияларын бағалау және
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Темірбанк АҚ-ның қызметін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Тіркемелер
Кіріспе
Диплом алдындағы тәжірибеден өту барысындағы мақсатым есеп беруге
қажетті банктің ұйымдастыру құрылымымен толық дәрежеде танысып, қаржы-
экономикалық көрсеткіштерін талдау.
Дегенмен банк — бұл ерекше кәсіпорын болғандықтан және оның тауары
ретінде немесе өндіргіш өнімі ретінде, оның ерекше өнімі несие, депозит
және басқа да көрсететін қызметтері көрінеді. Сонымен қатар банк ақша несие
институты болғандықтан, оның басқару аппараты атқаратын қызметінің
ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Тағы сол сияқты банктің тиімді
қызметі банктік менеджменттің сапасына тәуелді, ал ол өз кезегінде
қалыптасқан ұйымдастырылу құрылымымен тығыз байланысты болады.
Басты банктің ұйымдастыру құрылымын қарастыра отырып, оның атқаратын
функцияларын да айта кеткен жөн болады. Сонымен басты банктың негізгі
функцияларына мыналар жатады:
- банктың даму стратегиясын анықтайды
- негізгі шешімдерді қабылдайды және филиалдар үшін нормативті
құжаттар мен жұмыстың методологиясын дайындайды;
- филиалдар байланысының масштабын анықтайды;
- даму жоспарына сәйкес филиалдардың жұмысын ұйымдастырады және оның
қызметін қадағалайды;
- басты банктың ұйымдастыру құрылымын анықтайды;
- облыстың филиалдық мәртебесі мен мүмкіндігін анықтайды;
Жоғарыда аталған басқармалар мен бөлімшелер өзара тығыз байланыста
болады және барлығының бірдей ортақ мақсаттары бар. Сонымен бірге банк
филиалдарының ұйымдастыру құрылымынан бірқатар айырмашылықтары аңғарылады.
Ұйымдастырылу құрылымының келесі сатысына коммерциялық бөлімдер
кіреді, яғни операционды бөлім. Ол банктың клинттерімен тікелей жұмыс
атқарады, яғни шот ашу, салымдарды қабылдау және тағы сол сияқты
операцияларды орындайды.
1 Темірбанк АҚ-на жалпы сипаттама
1.1 Темірбанк АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы
Темірбанк АҚ 1992 жылы 26 наурызда тіркелді. Бүгінгі күні бұл
әмбебап қаржы институты, ол корпоративті және жеке клиенттерге көптеген
қызмет түрлерін көрсетуде. 31.12.06. жылғы банктің активті 198,4 млрд.
теңге, ал меншікті капиталы 22,4 млрд. теңгеге жетті. 2006 жылдың
қорытындысы бойынша таза табысы 3,07 млрд. теңгені құрды. Банктегі персонал
саны – 2200 адам.
Банк өзінің қызметін салымшылардың клиенттердің және акционерлердің
мүддесін қарастыра отырып жүргізіп отыр.Банк экологиялық зиянды және
әлеуметті қауіпті өндірісті, жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырмайды.
Қазіргі кезде банктің 120 – дан астам Қазақстанның барлық облыс
орталықтарында және тұрғындар саны 100000 адамнан асатын қалаларда
филиалдары бар. 2007 жылғы банктерді дамыту мақсатындағы стратегия
байланысты 50000 адам тұрғындары бар қалаларда да офистер ашуды жоспарлап
отыр.
Банктік өнімдерді ағымдағы жылда сату жеке тұлғаларды несиелендіру,
яғни ипотека, тұтыну және бизнес мақсатындағы несиелерге негізделіп отыр.
1998 жылдан Темірбанктің акциялары Қазақстандық қор биржасындағы
арнайы листинг А санатына енгізілді.2003 жылдан бастап Европалық қайта
жарақтандыру және даму (ЕБРР) банкімен бірге стратегиялық әріптестік
жағдайында Темірбанк Қырғыстанның Инэксимбанк ЖАҚ – ның 46% акция пакетін
басқаруда. Сондай – ақ Қазақстаннан тыс 2002 ж. ақпан айынан Мәскеу
қаласында өзінің өкілеттігін жүргізіп отыр. Одан басқа, Темірбанк
Темірлизинг Ақ арқылы лизингтік операциялар нарығында 43,874% үлесті
иемденіп отыр.
Банк халықаралық рейтингтік агенттігінде бағаланып отыр. 2006 ж.
желтоқсан айында Moody,s Inbestors Serrice рейтингтік агенттігі Ва1
бағалауға дейінгі шетел валютасындағы депозиттер бойынша және Ваа3 темір
капитал Еврооблигоциялар бойынша ұзақ мерзімді қарыздық рейтингін
жоғарлатты. Агенттікпен NР деңгейіндегі шетел валютасындағы депозиттер
бойынша қысқа мерзімді рейтингін және Е+ деңгейіндегі қаржылық тұрақтылық
рейтингін бекітті. Fitch Ratings агенттігі Стабильный болжамын бере
отырып дефолт элитент (РДЭ) рейтингін В - дан ВВ - ға дейін және
Позитивный деп берген Rating Watch агентігінің тізіміндегі рейтингті
ысырып тастап, қолдау рейтингін 3 - тен 5 - ке дейін көтерді.
Агенттікпен банктің басқа да рейтингтері бекітілген: жеке ДЕ рейтингі
және қысқа мерзімді В рейтингі. Қазіргі кездегі рейтинг Стабильный.
Банк қызметінің нәтижелері халықаралық эксперттік бағалаулармен
аталды.2006ж. қараша айында Euromoney халықаралық іскерлік басылымы
алдыңғы қатарлы инновация аумағында 2006ж. Темірбанкті Қазақстанның алдыңғы
қатарлы банктерінің бірі деп танылады. 2007 ж. ақпан айында Темірбанк
Алтын қоғамдық ұлттық премиясының лауреты аталып 2006 жылдың беделді
ақпараттық банк номинациясын иемденді. Темір банкке Золотой Алтын
премиясының берілуі іскерлік репутациясы жоғары деңгейдегі қаржылық
институты сияқты банкті қоғамдық тану деп куәландырады.
Банктің қызметінің қаржылық нәтижелері жеке бизнесті дамытуда таңдаған
стратегиясының дұрыстығын дәлелдейді. 2006ж. Темірбанктің баланс валютасы
2,6 есе,жеке тұлғалардың ссуда портфелі – 4,7 есе, клиент шотындағы қалдық
1,3 есе өсті. ҚР АФН талаптарына сәйкес, коммерциялық банктердің
тұрақтылығымен сенімділігін көрсету мақсатында 2006 ж. Темірбанк АҚ – нің
жарғылық капитал мөлшері 2,5 есе, яғни 6,06 млрд – тан 15,43 млр. Теңгеге
дейін, ал меншікті капитал бір жылда 10565 млн теңгеден 22376 млн. теңгеге
дейін өсті. Банкпен сондай – ақ міндеттеме көлемін ұлғайту туралыда шешім
қабылданды. 2006ж. 50 млрд теңге сомасында екінші реттік обликациялық
бағдарламасы тіркелді.
Бұл көрсеткіш – банктің қаржылық тұрақтылығын көтеру және оның
болашағын дамытуда бағытталған тиімді менеджмент жұмысының нәтижесі.
Миссия.
Банк миссиясы – ҚР экономикасының тұрақты дамытуда банк жүйесінің
қызметін көтеру, Қазақстан аумағындағы банктік қызмет көрсетулердің жоғары
сапалы және тұрақты болуын және клиенттердің қажеттілігін қамтамасыз ету.
Банктің төрт ұстамы.
1. Темірбанк – бұл жеке салымшылар мен қарыз алушылардың өз банкі.
2. Темірбанк – бұл корпоративті клиенттер үшін қолдау.
3. Темірбанк – бұл мемелекет үшін сүйемелмен көмекші.
4. Темірбанк – бұл инвесторлар үшін сенімді әріптес.
Келешегі.
2005 жылдың ортасында банк окционерлері әртүрлі бағытты дамыту туралы
стратегиялық шешім қабылдады. Осыған байланысты банктің топ менеджментіне
кәсіби мамандардың жаңа командасы тартылды.
Темірбанк ұсынылытын банктік өнімдерге тез қол жеткізуді
қамтамасыз ете отырып, өзінің қызметін дамытпақшы.
Банктің приоритетті мақсаты болып жеке тұлғаларды несиелендіруді
жетілдіру мен клиенттерге қызмет көрсетудегі сервис деңгейін көтеру.
Сонымен қатар, банк шағын және орта бизнес үшін өнім спектрін дамытытын
маркетингтік бағдарлама жүргізбекші. 2008 жылға дейін даму стратегиясы
шеңберінде Темірбанк осы жылы өз қызметін көрсетуді үш есеге дейін
жоспарлап отыр.Осы мақсаттарға жету құралдары болып мыналар табылады:
- жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес үшін банктің өнім түрлерін
үнемі көбейтіп, кеңейту;
- Әр түрлі банктік өнімдерге деген көпшілік сұранысты қанағаттандыру
үшін банктік өнімдерді сатудың оптималды техналогияларын тұрғызу;
- Ақпараттық техналогиялардың кординаларды модернизациясы және банкті
бағдарламалық қамсыздандыру;
- Оқытудың қазіргі заманға сай техналогия базасында банктің кәсіптік
даярлықты көтеру;
1992 ж. Темірбанк Ақ ҚР қаржы нарығында 26 наурыз 1992ж бастап жұмыс
істейді. Бірінші жылдары Темірбанк арнайы теміржол банкі болып қызмет
атқарды. Өңделген және іске асқан жаңа стратегия арқылы Темірбанк өз қызмет
аясын жетілдіріп, экономикалық әртүрлі салаларындағы клиенттерге қызмет
көрсету арқылы әмбебап қаржы институна айналды. Әрбір клиентке деген жеке
қызмет көрсету сапасын жоғарлату арқылы өзінің клиенттік базасын дамытуға
мүмкіндік алды.
1995ж. Банктің тұрақты жұмысы арқасында нарықта банкті клиенттер бағалай
білді, оған деген сенім күннен – күнге арта түсті. 1995жылдың басында
мемлекеттің банктің жарғылық қорындағы үлесі 18% - ды құрды. 1995жылы
банктің акциясының мемлекеттік пакетін тарату туралы үкіметтің қаулысы
қабылданып, нәтижесінде банк толық жеке меншік болды.
1997ж. мамыр айвнда ҚР ҰБ Темірбанк АҚ – мын халықаралық стандартқа
өту бойынша банктердің алдыңғы тобына енгізді, бұл банктің қаржылық
жағдайына және қызметін бағалаудың жоғарғы деңгейі болып есептелді. Осы
жылы акционерлердің екі рет өткен жалпы жиналысында жарғылық капиталды
ұлғайту туралы шешім қабылданды, соның нәтижесінде ол 4 есеге өсіп, 1998ж
ақпан айында 1 млрд. теңгеге дейін жетті.
1998ж.Темірбанктің акциялары Қазақстан қор биржасының арнай листинг А
санатына кіргізілді. Желтоқсан айында Thomson Bank Watch агенттігі
Темірбанкке мынадай несиелік рейтингтерді тағайындады: Жергілікті валютада
қысқа мерзімді С –3 рейтингі, ұзақ мерзімді – В рейтингі, яғни ҚР –ның
суверенді рейтингтік деңгейінде темірбанк халықаралық несиелік рейтинг
алған қазақстандық төртінші банк болды. 1999ж бұл рейтинг осы агенттікпен
екінші рет бекітілді.
1999ж. Бұл жылы банк халықтың қоғамдық статусын алды. Бұл стстус
акционерлер сана 500 – ден асқан кәсіпорындарға беріледі.
ҚР – ның құнды қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясы және ҚР ҰБ ашық
халықтық қоғамдарға қаржылық ақпараттарды ашу бойынша қатаң талап қояды.
Сол жылы Темірбанк қазақстандық банктердің ішіндегі алғашқы үштікке кіріп,
ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландырушы банкке айналды.
Сондай – ақ 400 млн. теңге сома көлемінде банктің акцияларының 10 – шы
эмиссиясы шығарылды. Жарғылық қоры 1,4 млрд. теңгеге жетті.
2000ж. Осы жылы Fitch IBCA халықаралық рейтинг агенттігі темірбанкке
қысқа мерзімді В несие рейтингін тағайындады. 16 – ақпанда темірбанк
Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіретінқазақстандық қор - дың
қатысушысы болды, ол банктің мерзімді салымдарына ақша салудың сенімді
екенін куәландырады. Маусым айында Темірбанк 3,6 млн Евро сомасында
бельгиялық КВС Bank банкімен ұзақ мерзімді несиелік келісімге қол қойды.
Бұл келісімнің мақсаты – экономиканың нақты секторындағы жобаларды
қаржыландыру.
2001 ж.Темірбанк капиталдық халықаралық нарығына белсенді. Сәуір
айындағы жаңа команданың келуімен банк төрт синдицирлік несиені тартып,
орналастырды. Осы айда акционерлердің жиналысы шешімімен банк басқармасының
бұрынғы құзырлары мерзімінен бұрын тоқтатылды. Олег Кононенконың
басқаруымен жаңадан құрылған басқарма құрылды. Бір жылға жетпей баланс
валютасы мен капиталды екі есеге ұлғайту мүмкін болды. Тәуекелдерді басқару
бойынша дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында несие портфелінің сапасы
жоғарылап, депозиттік база мен клиенттердің ағымдағы шоттарындағы қалдық
өсті. Бас офис пен филиалдар жүйесі қайта жарақтандырылып, Темірбанк
қызметі халықаралық стандартқа сай болды.
2002ж. желтоқсан айында банк өзінің жарғылық қорын 9,2 млн АҚШ
долларына дейін өсірді. Капиталдың өсуі екі кезеңге жүргізілді: бірінші
кезеңде зейнетақы қорларының ішіндегі ҚР – ның қор нарығында және
активтерді басқару бойынша компания арасында банктің дауысқа ие жай
акциялары орналастырылды, ал екінші кезеңде – европалық қор нарығында
глобальды депозитарлық кепілхаттары орналастырылды. Сол арқылы банк
Казкоммерц пен Тұран Әлем банкінен кейінгі үшінші банк болды.
Акцияларды орналастыру негізінде Темірбанк Ақ-ның төленген жарғылық қоры
екі есеге өсіп, 2 млрд 825 млн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш банктің
қаржылық көрсеткіштерін жоғарылатып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстандық
және халықаралық қаржы нарығындағы салымшылар мен серіктестер арасында
оңтайлы рейтингіне әсер етті. Қыркүйекте 100% -дық туынды компания
–Темірлизинг АҚ- мы құрылды. Темірлизинг лизингте өтімді құралдар мен
арнайы техникаларды, көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникаларын
ұсынды. Бұл компания Қазақстан аумағындағы қарастырылатын жобаларға
қатысты. Осы жылы Банк менеджменті әртүрлі қызмет көрсету нарығына шықты.
Осыған байланысты мамырда халықаралық төлем жүйесі VISA International еніп,
өзінің жеке карточкаларын шығара бастады, сондай-ақ American Express
компаниясымен келісім-шарт жасасып, өздерінің клиенттері арасында оның да
төлем чектері мен карточкасын таратты.Ипотека несиесі туралы бағдарламасы
да өңделді. Мамыр айында екінші синдицировандық заем 15 млн доллар
көлемінде алынды. Тартылған қаражаттарды банк өздерінің корпоративті
клиенттері арасында қайта қаржыландыруға жұмсады.
2003 ж. Қазан айында Fitch Ratings Ltd. Халықаралық рейтингтік
агенттік ұзақ мерзімді “В”, қысқа мерзімді – “В”, жеке- “Д”, қолдау-
“S”рейтингтерін көтерді. Қыркүйекте Global Refund компаниясымен келісімге
келді, сол арқылы Темірбанк Қазақстандағы осы компанияның tax-free чектерін
орналастырушы жалғыз банк болды. Темірбанк 2003 жылы қыркүйекте төртінші
рет өткен ТМД мен балтика елдерінің банктерінің Алматыдағы өткен
конференциясының ұйымдастырушысы болды. Форумға ТМД елдерінің және шетелдің
19 елінен 300 делегат қатысты. Сонымен қатар Қазақстан, Қырғыстан, Латвия
және Ресейдің коммерциялық банктерімен өзара қарым-қатынас негізінде
келісім жасасты. Ол банктер: “Диалог- Оптим”(Ресей), “Инэксимбанк”(
Қырғыстан), “Темірбанк”( Қазақстан) және “Траста Комерцбанк”( Латвия).
Бұл одақтың мақсаты:
-халықаралық қаржы нарығында және ТМД нарығында стратегиялық әріптестікті
көтеру;
-қызмет көрсетудің түрлерін кеңейту;
-жаңа банктік технологияларды енгізу;
-банктік тәуекелдерді төмендету механизмін өңдеу.
Осы жылы Банк қазақстандық Коммеск-Омир сақтандыру компаниясымен іскерлік
қатынасқа түсіп, өзінің клиенттеріне тегін медициналық сақтандыру қызметін
көрсетуші Қазақстандағы бірінші банк болды.
2004 ж. Мамыр айында жеке тұрғын үй құрылысын несиелендіру
бағдарламасы ендірілді. Сәуірде жеке тұлғаларға экспресс-несиелер ұсыну
басталды. Қаңтарда – ипотекалық тұрғын үйге займ беру бойынша келісім
туралы “Қазақстандық Ипотекалық компания” АҚ – мен Бас келісім-шартқа қол
қойылды.
2005ж.14-маусымда “Темірбанк” АҚ-ның Директорлар Кеңесі Банктің
Басқарма құрамын өзгерту туралы шешім қабылдады. Төраға болып Юлдашев Мұрат
Машрапұлы тағайындалды. Директорлар Кеңесімен даму стратегиясының жаңа
жобасы қабылданып, онда банк капиталын өсіру мен қызмет көрсетудің сапасын
көтеру және клиенттер мен іскерлік масштабын жоғарылату қарастырылды.
Қараша айында Темірбанкпен Қазақстандық қор биржасында Темірлизинг АҚ-ның
41% акциясы сатылды. Банктің Д.А.Қонаев атындағы Жинақтаушы зейнетақы
қоры АҚ-ның капиталындағы үлесі 48,91 % -ға дейін жетті. Тамыз айында
инвестициялық портфельді басқару және дилерлік, брокерлік операцияларды
жүргізуге лицензиясы бар Бірінші Брокерлік Үй АҚ-ның 100% акциясын алды.
2006 ж. 28-ақпанда Moody`s Investors Service халықаралық рейтингтік
агенттігі Темірбанктің келесідегідей рейтингтерін бекітті: ұзақмерзімді
депозиттік В1 рейтингі, қысқа мерзімді депозиттік NР рейтингін, қаржылық
тұрақтылық Е + рейтингі. Барлық рейтингтер бойынша болжам – тұрақты.
1 – наурызда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Темірбанктің
келесі рейтингтерін бекітті: ұзақ мерзімді В деңгейінде, қысқа мерзімді –
В жеке ДЕ және қолдау рейтингі – S. Барлық рейтинг бойвнша болжам –
тұрақты. 15 – наурызда Темірбанк 150млн. доллар сомасында
еврооблигацияларды орналастыратындығы туралы хабарлады. 9,25% жылдық
мөлшерлемемен. Еврооблигацияның айналым мерзімі – 3 жыл. Облигацияларды
шығару банктің туынды компаниясы Temir Capital B.V. – мен жүргізілді.
Келісімнің менеджері Dresdner Kleinwort Wasserstein және Turan Alem
Securities.
2007 ж. 1маусымда Темірбанк АҚ жарты жылдық купонды марапаттау төлемін
іске асырады.
2008 ж. 15 сәуірде "Темірбанк" АҚ жеке тұлғаларды депозитке қызықтыру,
жолында " Бәйге" акциясын шығарған. Осы уақытқа дейін "Темірбанк"
салымшылары тұрмыстық техника түрінде сыйлықтар алып тұрды, ал басты сыйлық
–бұл Тоуоtа маркасындағы 24 автокөлік, 2008 жылғы модельдік қатар.
1.2 Банктің ұйымдық - басқару құрылымы
Басқарма дегеніміз – бұл банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы
топтан құрылған атқарушы ұйым. Басқарма төрағадан, оның орынбасарларынан,
сондай-ақ банктің басқарушы директорларынан тұрады.
Басқарманың басты қызметі мен өкілеттіктері:
-Акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлар кеңесі шешімдерінің
орындалуын қамтамасыз ету;
-Банктің қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
-Бизнес-стратегияларды іске асыру;
-Аға менеджмент пен банк филиалдарының өкілдерін тағайындау;
Акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлары кеңесінің құзыретіне
кірмейтін басқа да мәселелер.
"Темірбанкі" АҚ басқармасының мүшелері – Қазақстанда ғана емес, сондай-
ақ шетелде де жұмыс тәжірибесін жинақтаған танымал кәсіпқой мамандар.
Басшылықтың жоғары деңгейлі кәсіби шеберлігі арқасында банк алдыңғы
қатарлардан табылып, жоғары рейтингілерге ие болып жүр. Басқарма мүшелері
әр жылдарда аса ірі қазақстандық және шетелдік қаржы құрылымдарында, сондай-
ақ мемлекеттік органдарда басқарушылық қызметтерін атқарып келген.
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесінің төрағасы: Юлдашев Мұрат Машрапұлы
Директорлар кеңесі :
- Баттаков Азат Дуантайұлы
- Солодченко Роман Владимирович
- Жаримбетов Жақсылық Дайрабайұлы
Жатқанбаев Ержан Байгужайұлы- тәуелсіз директор
Иохан Хендррик ван Фаверн- тәуелсіз директор
Басқарушы директорлар
Басқарма Төрағасы: Кебиров Аблахат
Басқарма мүшелері:
-Баймұқанова Ғазиза
- Бекқали Мұхтар
- Естаев Асхат
- Конкушев Серик
- Құсайнов Ерлан
- шайкенов Ержан
- Бейсенов Мируслан
Банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның
функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Банктің республика аумағындағы филиалының бірі үздіксіз қала және
аймақтық тұрғындарына кызмет етіп келе жаткан Тараз қаласындағы Жамбыл
филиалы болып табылады. Аталған филиалда банк саласының білікті мамандары
кызмет атқарады. Қала және аймақтық зейнеткерлерге және облыс көлеміндегі
барлык кызметкерлер мен жұмысшыларға зейнет ақыларын, енбек ақыларын және
сондай-ак түрлі жәрдемақыларды төлеуді жүзеге асырады.
Банктің Жамбыл филиалын филиал менгерушісі басқарады. Оның міндеті
заң талаптарын сақтай отырып, банк жұмысына толық бақылау, қадағалау
жүргізу, банк қызметін одан ары жақсарту мақсатымен түрлі жолдарды
қарастыру болып табылады. Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық
банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің
құрылтайшылары басқару органына тікелей қатынасады. Банктің басқару
құрылымы 1- сызбада көрсетіліп отыр.
Банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жиналысы болып табылады.
Акционерлер жиналысында келесі міндеттер шешіледі: банк жарғысына
өзгерістер енгізу, банктің жарғылық капиталы өзгерту, банк Кеңесін сайлау,
банктің жылдық есебін бекіту, банк табысын бөлу және т.б.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі, ол бақылау жасау
органы ретінде келесі қызметтерді атқарады: нормативтік актілерді бекітеді,
Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді
енгізеді.
Басқарма – атқарушы немесе өкілетті орган болып табылады, яғни банктің
стратегиялық мақсатын анықтайды, банк саясатын жасайды, жетекшілік қызметке
кадрлар тағайындайды, комитеттерді құрайды, ссудалық және инвестициялық
операцияларға бақылау жасайды.
Банктің басқарма төрағасы банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша
бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, банк мүлкі мен қаражаттарына иелік
жасайды, банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекітеді.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет - бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды
жасаушы орган болып табылады. Ол келесі міндеттерді атқарады: несие алуға
берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру
қорытындысын қарайды, несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім
қабылдайды, несиелеу формаларын анықтайды, несие қайтаруды қамтамасыз ету
тәсілдерін белгілейді, несиелеу шартын бекітеді, банктің несиелік
стратегиясын бекітеді, бөлімшелер жұмысын талдайды және тағы басқалары.
Банктің қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлім және басқалары кіреді.
Банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер
жатады. Тараз қаласындағы банктің филиалында келесі негізгі бөлімдер қызмет
атқарады: шағын және орта бизнесті қаржыландыру басқармасы, құрылымдық
қаржыландыру басқармасы, аймақтық қаржыландыру басқармасы, корпоративтік
банкинг басқармасы, қазыналық операцияларды есепке алу бөлімі, несиелік
операцияларды есепке алу бөлімі, құжаттау операциялау бөлімі, корршот және
төлемдер бөлімі, кастодиандық операциялар бөлімі, қаржылық талдау
басқармасы, сыртық талдау және маркетинг бөлімі, ішкі талдау бөлімі,
қаржылық жоспарлау бөлімі, филиалдар бюджет бөлімі, заң департаменті,
заемдық операцияларды құқықтық сараптау бөлімі, келісім-шарттарды және
банктік шоттарды құқықтық сараптау бөлімі, ішкі аудит басқармасы, жарнама
бөлімі, несиелік тәуекелдер басқармасы, ақпараттық технологиялар бөлімі,
банктік жүйе бөлімі, телекоммуникация бөлімі, проблемалық несиелер бөлімі,
операциялық бөлім, бухгалтерия және тағы басқалары.
Несиені беруді, оларды есепке алуды, бакылауды, несие мәселелерін
реттеу бойынша шараларды банктің несие бөлімі жүзеге асырады. Сонымен бірге
несие бөлімі заңды және жеке тұлғаларға несие беру жұмысын аткарады. Сондай-
ақ, несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелердің
қайтарымдылығы айыпақымен, кепілмен, кепілдемемен және зандармен немесе
шартпен көзделген баска әдістермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Клиенттің
несиені кайтаруға жоғары кабілеттілігі мен сенімділігі болған жағдайда банк
несиені камтамасыз етусіз-ақ (банктік несие) беру туралы шешім кабылдауға
қуқылы. Банктің несие саясатының мақсаты - банктің несие қызметіндегі алғы
шарттарды, банктің несие мен тәуекелділікті баскару стандарттарын,
нормативтерін және принциптерін анықтау болып табылады.
Операциялық бөлімде бақылаушы кассирлер жұмыс аткарады. Олардың
міндеті банктегі барлық есеп айырысуды, тұрғындарға еңбек акы, зейнет акы,
жәрдем ақы беруді жузеге асырады. Сондай-ақ, олардан салымдар қабылдау,
ақшаларын аудару, коммуналдық қызмет үшін төлем қабылдауды жүргізеді.
Заңға сәйкес банктің ішкі ережелері банк бөлімшелерінің, ішкі аудит
кызметінің, несие комитеті мен баска да органдар кызметінің кұрылымын,
міндеттерін, кызметі мен өкілеттігін; кұрылымдық бөлімшелер басшыларынын
құқықтары мен міндеттерін; банктін атынан мәміле жасаган кездегі лауазымды
адамдар мен банк кызметкерлерінің өкілеттігін белгілеуге тиіс.
Банктің Тараз филиалының банк операцияларына мыналар жатады: заңды
және жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау; ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттарын ашу және жүргізу;
кассалық, аудару, есептеу, заем, сенім, клиринг, сейфтік, ломбард
операциялары; жеке және заңды тұлгалардың банктік шоттары бойынша есеп
айырысуларды жүзеге асыру; төлем карточкаларын шығару; шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыру; чек кітапшаларын шығару; бағалы
кағаздар нарығындағы клирингтік кызмет; банк кепілдіктерін беру;
аккредитивті ашу мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау; ақша
түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру; үшінші тұлгалар үшін
ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де
міндеттемелер беру. Жоғарыда аталған операцияларды жүргізу үшін банктерге
лицензияны Ұлттық Банк ғана бере алатындығы белгілі.
1-сызба Темірбанк АҚ-ның басқару құрылымы
1.3 Темірбанк АҚ-ның атқаратын қызметтері және жүргізетін
операциялары
Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл-ауқатының
жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке
тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын
арттырады. Бұл тұрғыда Темірбанкі АҚ клиенттердің қажеттілігіне
бейімделген және несиелендірудің бірнеше түрін ұсынады. Сондай-ақ,
несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің
түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық
несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру
және т.б. көптеген несиелендірудің түрлері енгізілген.
Темірбанктің несиелендірілмейтін өнімдер бөлігінде депозиттердің
бірнеше түрлері ұсынылады. Сондай-ақ, банк барлық клиенттерінің ыңғайына
қарай, жеке қызмет көрсетеді.
Темірбанк жеке тұлғалар үшін мынадай қызмет түрлері мен өнімдерді
ұсынады:
- Несилер
- Салымдар
- Ақша аударымдары
- Төлем карточкалары
- Тұрғындардың төлемі
- Жол чектері
- Сейфте сақтау
- Шоттармен жүргізілетін операциялар
- Валюта айырбастау операциялар
“Темірбанк” тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл сіздің
проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын
несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және –
өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл
үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият
қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады.
“ Темірбанк ” тұтынушылық несиелері – бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ,
өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы
ұсыныс.
Қызмет көрсетудің артықшылықтары:
• Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі
схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді
жасауға ықпал етеді.
• Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары
бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес
белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы
ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
• Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында
жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға
ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін
ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде
қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады,
осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге
асырылады.
• Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады.
• Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының
нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
• Аймақтарды қаржыландыру.
Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында
пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық
филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде
де бірқатар өкілдіктері бар.
Карточкалық ақша аударымдары:
- Банкомат арқылы аударымдар жасау
Банктік төлем карточкасы – бұл қолданушыға төлемдерді жүзеге асыруға,
қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және осы карточканы шығарған
банкпен белгіленген басқа да операцияларды оның талаптары бойынша жүргізуге
мүмкіндік беретін электрондық немесе басқа жабдықтар арқылы ақшаға рұқсат
беру құралы. Төлем карточкаларын қолдану аумағы жыл сайын өсіп келеді.
Төлем карточкалары қазіргі заманғы төлем құралдары саласында болашағы
зор бағыттардың бірі болып табылады. Қолма-қол ақшамен салыстырғанда төлем
карточкаларының толып жатқан мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар, қазірдің
өзінде 3 млн. қазақстандық, оның ішінде студенттер мен зейнеткерлер, жеке
кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер, қарапайым жұмысшылар мен компания
басшылары, төлем карточкаларын пайдаланады. Қазіргі таңда Қазақстанда әр
түрлі топтағы 3,14 млн. төлем карточкасы айналыста жүр.
Төлем карточкаларының қолма-қол ақшадан артықшылығы
• Ыңғайлылығы және қауіпсіздігі - өзіңмен бірге қолма-қол ақша алып
жүрмей, кез-келген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін санаулы
секундтарда-ақ төлем жасауға болады. Егер карточканы жоғалтып алған
немесе ұрлатып алған жағдайда ақшаңыз қауіпсіз жерде, сіздің есеп-
шотыңызда сақталынып тұрады. Каточкада магнитті жолақ жүргізілген, бұл
карт-шот бойынша кодталған ақпаратты сақтайды. Каточканы арнайы ПИН-
кодын білетін карточканың иесі ғана қолдана алады.
• Карт-шотқа келісімзіс қол жеткізуге мүмкіндік болмау үшін
қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейі.
• Дүние жүзі бойынша қолма-қол ақша алуда және ақша аударымы кезіндегі
жеделдік пен құпиялылық.
• Халықаралық каточкалар арқылы Интернет желісінде сауда жасау.
Темірбанк карточкаларының мүмкіндіктері:
• Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс жерлерде болсын
тәулік бойы карт-шотқа қол жеткізе алу, сондай-ақ өзі тұрған елдің
валютасында қолма-қол ақша алу мүмкіндігі;
• Карт-шот валютасын басқа валютаға айырбастау мүмкіндігімен қоса карт-
шотты теңгеде, АҚШ долларында және еурода жүргізу;
• Карт-шотты өз бетінше, сондай-ақ үшінші тұлғалардың (туыстардың,
достардың) толықтыру мүмкіндігі;
• Төлем карточкасы бойынша несие алу мүмкіндігі;
• Сізге қолайлы нысанда карт-шот бойынша көшірме алу (электрондық пошта
бойынша, қолма-қол түрде, Интернет-банкинг арқылы, банкоматтар арқылы
шағын көшірмелер алу);
• Банкоматтар арқылы ұялы байланыс пен кабельді телевидение
қызметтерінің ақысын төлеу;
• Несие бойынша берешек сомасын, ұялы байланыс, кабельді телевидение
және т.б. қызметтер ақысын автоматты түрде карт-шот есебінен
ризалықсыз шығару бағдарламасына қатысу;
• Интернет-банкинг арқылы карт-шотпен қашықтықта жүргізу;
• Карточка бойынша жүргізілген операциялар туралы SMS-хабарламалар алу;
• Көрсетілген қазметтер мен тауарлар үшін төлем карталарымен
есептескенде арнайы жеңілдіктерге ие болу;
• Төлем карточкалары арқылы өткізілетін арнайы бағдарламалар мен
акцияларға қатысу мүмкіндігіне ие болу;
Төлем карточкаларын қолдану аумағы жыл сайын өсіп келеді.
"Темірбанкі АҚ қашан да алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға тырысады
және өзінің төлем карточкаларының мүмкіндіктері аумағын кеңейтіп отырады.
Банктің әртүрлі дәрежедегі тұрғындарға, заңды тұлғаларға, сондай-ақ,
банктің жақтаушыларына ұсынатын қызмет түрлері, карточкалардың ауқымды
спекторы және жеке қызметі, сенімді, сапалы қызмет көрсету түрлері – осының
барлығы банк таңдауда талас туғызбайтын дәлелдер.
Бірақ аса жоғары кірістің екінші жағы да болатындықтан қор рыногындағы
инвестициялар аса жоғары тәуекелмен байланысты. Қор рыногында сәтті
инвестиция үшін тәжірибе қажет, теориялық және практикалық білім,
бағдарламалық және техникалық жабдықтандыру, талдау үшін қажет болатын
толық және нақты ақпараттарды иелену керек. Аталмыш ресурстар қор рыногында
кәсіби жұмыс істеп жатқан компанияларға ғана тиісті.
Шот ашу – тегін. Банк клиенттен операцияларын жүзеге асыру және қызмет
көрсету үшін банктің тарифтеріне сәйкес комиссиялық сыйақыны өндіріп алады.
Банк шот бойынша төмендегі операцияларды жүзеге асыра отырып, банк
қызметінің мынадай түрлерін көрсетеді:
• Клиенттің шотына оның басқа шоттарынан, сондай-ақ ҚР резиденттерінің
• немесе резидент емес тұлғаларының шоттарынан қолма-қол немесе қолма-
қолсыз түрде теңгеде жәненемесе шетел валютасында түсетін ақшаны
есептейді;
• Клиенттің шотынан оның нұсқауы бойынша басқа шоттарына, сондай-ақ
басқа ҚР резиденттерінің немесе резидент емес тұлғаларының шоттарына
теңгеде жәненемесе шетел валютасында төлемдер жасайды және ақша
аударады. Клиенттің шотынан төлемдер және ақша аударымдар тек оның
тапсырысы бойынша, немесе клиенттің нотариалды түрде расталған тиісті
сенімхатымен келген үшінші тұлғаның тапсырысы бойынша ғана жасалады;
• Клиентке оның шотынан теңгеде жәненемесе шетел валютасында қолма-қол
ақша береді. Үшінші тұлғаларға - ҚР резиденттеріне немесе резидент
емес тұлғаларына теңгеде жәненемесе шетел валютасында қолма-қол ақша
шоттан тек клиенттің нотариалды түрде расталған тиісті сенімхаты
негізінде ғана беріледі;
• Клиенттің шотындағы қаржысы бойынша жүргізілетін барлық шығын
операцияларды банк шоттағы қаржының көлеміне қарай жүзеге асырады;
• Шот бойынша көшірмелер тек клиенттің талабымен беріледі;
• Қолма-қол және қолма-қолсыз валютаны сатып алусату операциялары
клиенттің өтініші бойынша оның шотындағы соманың көлеміне қарай
жасалады.
Ағымдағы шотты ашу үшін жеке тұлғаға қажетті құжаттар:
• Жеке басын растайтын құжат (төлқұжат, жеке куәлік);
• ҚР салықтық есебінде тұрған фактісін растайтын құжат (СТН куәлігі);
Шетелдік азаматтардың және ҚР-да тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ
тұлғалардың жеке басын растайтын құжаттар:
• Азаматтығы бар елдің төлқұжаты
• Шетел азаматының ҚР-да тұруына рұқсат қағаз
• Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі
Валюта айырбастау операциялары – шетел валютасын айырбастау, сату,
сатып алу операциялары негізінде жүргізіледі.
Темірбанкі АҚ валюта айырбастау операциялары – бұл ұлттық валютаны шетел
валютасына қолма-қол және қолма-қолсыз айырбастау немесе керісінше әрекетте
жүзеге асырылатын жедел және тиімді шешімдер.
Банктің акша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін айырбастау
операцияларының ерекшеліктері:
• Шетел валютасын сату және сатып алуда тиімді бағамдар;
• Төленбейтін шетел валютасын сатып алу;
• Тозығы жеткен шетел валюталарын инкассоға қабылдау (USD и EURO);
• Эмиссиялық шетел валютасымен жұмыс істеу;
• Қомақты соманы иелену мүмкіндігі;
• Айырбасталатын валютаның сомасын шектемей анықтама-сертификат беру;
• Арнайы бағам бойынша валютаны жоспарлы мәміле бойынша иелену. Яғни,
Сіз алдын-ала белгілі сомадағы валютаға тапсырыс бересіз (мин. 20 000
АҚШ доллары немесе өзге валюта баламасында) және арнайы бағада сатып
аласыз немесе сатасыз.
• Шетел валютасының қолдан жасалмағандығын тексеру.
Тиімді баға белгіленімдерімен валюта айырбастау операцияларын жүзеге
асырып, Сіздерге валюта бағамы рыногындағы бағамның ауытқуына назар
аудармауыңызға мүмкіндік жасайды.
2 Темірбанк АҚ-ның 2007-2008 жылдардағы қаржылық жағдайын талдау
2.1 Банктің бухгалтерлік балансының құрылымын талдау
Пассивті операциялардың мақсаты-банктің ресурстарын қалыптастыру және
оны ұлғайту.Сондықтан, бұл операциялардың банктің өзінің, несиелік мекеме
ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар.Пассивті операциялардың
қатарына мыналар жатады:
-Заңды және жеке тұлғалардың есеп немесе ағымды шоттарына қаражаттарды
жұмылдыру(талап етуге дейінгі депозиттер);
-Басқа банктерден қарыз алу(банкаралық несие);
-Заңды және тұлғалардың қаражаттарын, мерзімді салымға жұмылдыру;
-Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
-орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу тағы басқалары.
Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны басқаларға уақытша
пайдалануға беріле алатын болмаса, басқа да активті операцияларды жүргізуге
пайдалануға болатын банктің бос қаражаттары.
Мұндай бос қаражаттар(ресурстар) банктің меншікті капиталы мен қарызға
алған(жұмылдырылған) қаражаттардан құралады.
Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан
аударым жасаумен немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастырумен іске
асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі өткен жылғы
бөлінбеген пайдасы. Ал, талап етуге дейінгі депозитте олай істеуге
болмайды. Өйткені,оның иесі кез-келген уақытта қаражаттарын түгелімен
немесе жартылай талап етуі мүмкін. Сондықтан, банк қаражаттарын сұрап
келген депозиттердің талабын орындау үшін талап етуге дейінгі депозиттің
сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады.
Олар құру әдістерімен де бірінен-бірі ерекшеленеді. Егер тез арадағы
депозит банкіге табыс табу үшін арнаулы шарт жасалып салынатын болса, талап
етуге дейінгі депозит, банктегі есеп немесе ағымдағы және басқа да арнаулы
шоттарына бос ақша жиналғанда құрылады. Бұл шот иесінің әдейі істейтін ісі
емес, ал шаруашылық жүргізуші субьектілердің бос ақшаларын банкіде сақтау
керек деген талаптан туатын іс.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялар негізінде
қалыптасқан және барлық активтік операциялар негізінде қалыптасқан және
барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және
пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және
тартылған қаражаттарының жиынтығы болып табылады.
Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің
акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары
кіреді.Тартылған қаражаттардың жаңа түріне : ҰБ - тен және де басқа
да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа бнктердің
корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды
сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны
үшін алынған - материалды құндылықтар жатады.
Банктің меншікті капиталы.
Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын ,
коммерциялық және шаруашылық қызметіне қамтамасыз ету үшін
құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты
ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы
бөлінбеген пайдасы.
Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай
баптардан тұрады:
Жарғылық капитал;
Резервтік капитал;
Қосымша капиталдар;
Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында
құрылған қорлар;
Бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде
міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін
құрайды. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан
жарналары немесе пайлары соммасынан тұрады. Акционерлік банктер
өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын
эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын
өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі – акционерлік капитал. Бағалы
қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын
банктің акционерлік капиталы деп атайды.
Резервтік қор –банк қызметінде пайда болуы мүмкін қарыздардың
орнын жабуы мақсатында құрылған қаражат қоры. Резервтік
қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде
банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің
артықшылығы бар акциялар бойынша пайыздар төленеді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz