Қысқа мерзімді міндеттемелер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
1. 1 Қаржы менеджментінің саясатының бағыттары
1. 2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыру
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2. 1 «ФудМастер» ЖШС-ң пайыздық тәуекелділікті қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асыру әдісінің механизмі
2. 2 Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін оперативті басқарудағы кешенді саясатын талдау
2. 3 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау
3 ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының мәселелері
3. 2 Кәсіпорынның қаржылық процесі шаруашылығында қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асырудағы механизмінің жетілдірудегі бағытталғын шаралар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3
6
6
9
11
11
16
21
27
27
31
36
38
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Ішкі факторлар кәсіпорының өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорының тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамдағы үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс, және тағы басқалар жатады.
Қаржы стратегиясы - бұл кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етудегі іс-қимылдың бас жоспары. Ол нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметті жүргізуде қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ететін мақсаттарды шешу, қаржының құралуының және жоспарлануының теориялық сұрақтарымен практикасын қамтиды [3, 43] .
Қаржы стартегиясы нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізудің объектівті заңдылықтарын зерттейді, жаңа жағдайда қиындықтан шығудың әдістері мен түрлерін өңдейді.
Кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиясы мыналарды қамтиды:
- қаржы жағдайына талдау;
- негізгі және айналым қорларының тиімділігін арттыру;
- табысты бөлу;
- салық және баға саясаты;
- бағалы қағаздар аясындағы саясат.
Қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін, ішкі және сыртқы факторлардың объективті мінездемесін барлық жағынанда қамтиды. Егер қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржы-экономикалық мүмкіндігіне жауап бермейтін болса, онда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.
Стратегияны ісе асырғанда бас және ағымдық қаржылық стратегияны, бас стратегиялық мақсаттардың орындалу стратегиясын ажырату қолға алынған. Бас қаржылық стратегияны кәсіпорынның қызметін, бюджеттің барлық деңгейімен қарым-қатынасын, кәсіпорын табысының құрылуын және қолданылуын, қажетті қөлемі мен олардың бір жылға қаржыландыру көздерін анықтайды.
Экономикалық тұрақсыздық жағдайында қаржы ресурстарының өтімділігін, қаржының және ішкі резервтердің шығындарын бақылауда айға және кварталға қаржы стратегиясы өңделеді, ал өте қажеттілік жағдайда қысқа мерзімге жасалады.
Ағымдық қаржы менеджменті стратегиясының бас жоспардан айырмашылығы барлық жалпы табысты, қаржының түсуін және барлық жалпы табысты, қаржының түсуін және барлық жалпы шығындарды, бюджет алдындағы міндеттемелерді қамтиды. Қаржының бас стратегиялық міндеті бұл кәсіпорынды қажетті және жеткілікті ақша ресурстарымен қамтамасыз ету.
Кәсіпорын капиталын тиімді пайдалануға, айналым құралдарға қажеттілігін анықтауға, табысты дұрыс бөлу және пайдалануға, німнің өзіндік құнын максималды төмендетуге, ішкі қаржыларды мобилизациялауға, ақша кірістерінің жеткіліктігіне қаржылық стратегия ерекше көңіл бөледі.
Қаржы менеджменті стратегиясының маңызды бөлігі болып ішкі нормативтерді өңдеу жатады және оның көмегімен мысалы, табысты бөлу бағыты анықталады [4, 89] .
Қаржылық стратегия төлемсіздік тәуекелдігімен, құнсызданудың өсуімен және басқа да форсмажорлы жағдайлармен өңделді.
Қаржылық стратегия өткізуді бақылау табыстың түсуін тексеруді қамтамасыз етеді. Жақсы жолға қойылған қаржылық бақылау ішкі резервтерді анықтауға, шаруашылық рентабельділігін көрсетуге, ақша қаражаттарының қорын кеңейтуге көмектеседі.
Курстық жұмыстың мақсаты - «ФудМастер» ЖШС-нің ағымдағы қаржы менеджментінің стратегиясын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асырудағы теориялық аспектілерін анықтау;
- қаржы менеджментінің саясатының бағыттарын зерделеу;
- қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыру
- Қазақстан республикасындағы шаруашылық субъектілерінің стратегиясы мен тактикасын іске асыруын бағалау және талдау
- «ФудМастер» ЖШС-ң пайыздық тәуекелділікті қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асыру әдісінің механизмін зерттеу;
- кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін оперативті басқарудағы кешенді саясатын талдау
- қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау
- қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын жетілдіру және шешу жолдарын ұсыну
Зерттеу объектісі ─ «ФудМастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Курстық жұмысының теориялық және әдістемелік негізін қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері нарығындағы қызмет ететін «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Курстық жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және әдістемелік негізі, қарастырылған.
Бірінші бөлімінде қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асырудағыдың теориялық жақтары, қазіргі нарықтық экономикадағы орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде «ФудМастер» ЖШС-нің қызметіне өндірістік-шаруашылық және кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін оперативті басқарудағы кешенді саясаты бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорын өнімі қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігі талданады. Үшінші бөлімінде қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын жетілдіру және шешу жолдарын ұсыну қарастырылған.
1 ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
1. 1 қаржы менеджментінің саясатының бағыттары
Нарықтық экономикаға өтудің нәтижесінде кәсіпорынның мемлекеттің ықпалынан босады да ендігі кезекте кәсіпорынның қызметінің экономикалық және қаржылық нәтижелерін басқаруға байланысты жауапкершілігі артты. Соған байланысты әр бір кәсіпорын нақты жалпы стратегиясын ғана анықтап коймай, сонымен қатар қаржы менеджментінің стратегиясында таңдауы қажет [5, 106] .
А. А. Томпсон, А. Дж. Стриклендтің көзқарасы бойынша, стратегия - ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін басқраушылық іс-шаралардың барлық жинтығын көрсетеді. Кәсіпорынның стратегиясы жоспарланған және жағдайларға байлансты біршама өзгеріп отырады. С. Д. Ильенкова стратегияны - шешім қабылдау процессі ретінде анықталады деп қарастырады, яғни кәсіпорынның өмірлік цикілін нығайту мен бәсекеге қабілеттілгін арттыру мақсаттында іс-шаралардың кешенді байланыстағы қызметі мен қойылған мақсаттарға жетудің кешенді жан-жақты жоспарлау. О. С. Виханский мен А. И. Ноумов стратегия - бұл кәсіпорынның даму бағытын, қызмет ету саласы мен формасын, ұйымның ішкі байланыстар жүйесін, сонымен қатар қоршаған ортадағы кәсіпорынның орнын сапалы анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарлау. Біз О. С. Виханский мен А. И. Ноумовтың берген анықтамасымен келісеміз, себебі стратегия ұғымына берген анықтамасы дәл және оның мәнін толық ашады деп санаймыз.
Кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиясын қазіргі таңда қалыптастыру басқарудың жаңа концепциясының методологиялық принциптерінің бірі - «стратегиялық басқару» - АҚШ пен Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттерінде бұл ұғым 70-ші жылдардың басында белсенді түрді енгізіле бастады. Стратегиялық басқару стратегиялық жоспарлаудың методологиясының дамуы негізінде қалыптасты және ол стратегиялық басқарудың негізін құрайды. Бірақ И. А. Бланктың айтуы бойынша, стратегиялық жоспарлаудың басқада ұзақ мерзімді жоспарлаудан ерекшелігі ол дамудың қалыптасқан тенденциясын ғана ескермейді, сонымен қатар мүмкіндіктер жүйесі мен кәсіпорын дамуының қауіптілігін, күтпеген жағдайлардың туындауын, алдағы кезеңде қалыптасқан тенденцияны өзгерте алу болып табылады [6, 69] .
Стратегиялық басқарудың мақсаттары үшін кәсіпорның стратегиялық дамуының деңгейлері бойынша дифференциаланған түрлері маңызды болып табылады. Осы басқару жүйеде И. А. Бланк стратегияның негізгі үш түрін көрсетеді: корпоративтік стратегия, функционалды стратегия (маркетингтік, өндірістік, қаржылық, инновациялық) және жеке шаруашылық бірлік стратегиясы (бизнес-бірлік) . И. А. Бланкқа қарағанда А. А. Томпсон, А. Дж. Стрикленд корпоративтік, іскерлік, функционалдық және оперативтік стратегиялар деп көрсетеді.
Жоғарыда аталғандарға қарасақ, қаржылық стратегия функционалдық стратегияның бір түрі болып табылады және ол кәсіпорынның қаржылық қатынастары мен қаржылық қызметтерінің дамуының негізгі бағыттарын қамтиды. Біздің ойымызша, кәсіпорынның функционалды стратегия жүйесінде қаржылық стратегия маңызды орынды алады. Бұл функционалдық стратегияның маңыздылығы кәсіпорының барлық қызметінің экономикалық көрсеткіштер жүйесі қаржы арқылы көрсетіледі, функционалдық мәселелердің балансталуы мен кәсіпорынның негізгі мақсаттарына жетуге бағынышты болуында. Бір жағынан, қаржы - бұл басқада функционалды стратегияны қалыптастырудың қайнар көзі, яғни қаржылық ресурстар кәсіпорын қызмет бағыты мен шектеуші көлемі болып табылады. И. А. Балнктың ойынша қаржылық стратегия - функционалдық стратегияның негізгі түрлерінің бірі, қаржылық қызметінің негізгі дамуының барлық бағытын және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарды қалыптастыру мен оларға жетудің тиімді жолын анықтау арқылы қаржылық қарым -қатынастарды, сонымен қатар сыртқы орта жағдайларының өзгеруінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру бағыттарын өзгеру мен қолдануды қамтамасыз етеді. В. А. Слепов пен
Е. И. Громова қаржылық стратегия - әдістер жиыны болып табылады, сол арқылы кәсіпорынның қаржылық саясатты жүргізіледі және қолданылады, саясат стратегияға қарағанда бірінші деп қарастырады [7, 88] .
А. Н. Жилкина қаржылық стратегия - кәсіпорынды ақша қаражаттармен қамтамасыз ететін басты жоспар деп қарастырады. Бірақ біздің ойымызша, бұл анықтама ұғымның толық мәнін ашпайды, себебі кәсіпорынның тиімді дамуы үшін тек қана қаражылық ресурстар жеткіліксіз және И. А. Бланк берген анықтамаға келісеміз. О. С. Виханский мен А. И. Наумов, Н. Н. Турусова, В. С. Кузнецов стратегияны - стратегиялық жоспарлаудың бес басқару процессінің бірі деп қарастырады. Бұл процесстер бір бірімен байланысты. Бірақ та бұл процестің кері байланысы да бар және бұл әр бір процесстің кері әсері барлық процестің жиынтығына әсер етеді (сурет 1) .
Сурет 1. Стратегиялық басқарудың құрылымы
Ортаны талдау стратегиялық мененджмент соңғы процесі болып табылады, себебі ол кәсіпорынның миссия мен мақсатын анықтау үшін да, стратегияны таңдауға да базаны қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, ешбір кәсіпорын бәсекелестік ортада тиімді жұмыс істей алмайды, егер оның нақты ориентациясы, бағыты болмаса.
Соған байланысты, басқарудың ортаны талдаудың басқа да маңызды мәселелерінің бірі ұйымның миссиясы мен мақсатын анықтау болып табылады.
О. С. Виханский мен А. И. Наумов келесідей базистік немесе эталондық стратегияны көрсетеді:
1 бағытты даму стратегиясы: нарықта позицияның күшейуі, нарықта даму стратегиясы, өнімді дамыту стратегиясы;
2 интегрирленген даму стратегиясы: кері вертикалды интеграциялық стратегия, алға жылжу вертикалды интеграция стратегиясы;
- диверсификацияланған даму стратегиясы: орталықтандырылған диверсификация стратегиясы, көлденең диверсификацияланған стратегия, конгломентирленген диверсификация стратегиясы;
- қысқарту стратегясы: «өнімді жинау» стратегиясы, ликвидация стратегисы, қысқарту стратегиясы, шығындарды қысқарту стратегиясы;
- комбинирленген стратегия.
И. А. Бланк екінші және үшінші топтағы стратегияны қосып оны жылдамдатылған стратегия деп атайды. Сонымен қатар, И. А. Бланктың зерттеу нәтижесі бойынша келесідей қаржылық қызметтің доминантты сфераны (бағыттарды) көрсетті: кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру стратегиясы, кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы, кәсіпорынды қаржылық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету стратегиясы, кәсіпорынның қаржылық қызметін басқару стратегиясы. В. А Горемыкин келесідей стратегияларды көрсетеді: даму стратегиясы, шектелген даму стратегиясы, қысқарту стратегиясы, комбинирленген стратегия, қоржындық стратегия, диверсификация стратегиясы мен өнімнің диверсификация стратегиясы.
Қаржы менеджменті стратегиясының стратегиялық мақсаты - нақты көрсетілген бағдарламалар мен қосымша қаржылық мәселелер кешенімен қамтамасыз етіледі. Қаржылық нарықтың конъюктурасы мен даму тенденциясының өзгеруін ескере отырып, кәсіпорындардың негізделетін қаржылық құралдардың жоғарғы инновациялық деңгейі және қоғамдағы әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық процестердің өзгеруіне байланысты қаржылық стратегияны жүзеге асыру жобасы мен бағдарламасын қалыптастырудың негізгі бағыттарын анықтау қажет.
Соның ішінде:
- кәсіпорынның перспективалы жұмыс істеуі үшін мақсатты нарық сегементі мен басымдылығы жоғары қаржылық нарықты анықтау, бұл кәсіпорынның мақсатты даму блогының болуы мен бар ақпарат базасын өңдеу;
- қаржыландырудың тұрақты көзін қалыптастыру мен таңдау;
- ұзақ мерзімді кезеңде кәсіпорның мердігерлер мен жеткізушілермен тиімді қарым қатынаста жұмыс істеу үшін қаржылық институт таңдау;
- кәсіпорынныңң стратегиясымен шарттасқан, бизнестің даму бағытының басымдылығына сәйкес ұазақ мерзімді инвестициялық бағдарлама құрастыру;
- болашақта кәсіпорынның нарықтық бағасы мен кәсіпорынның шығаратын бағалы қағаздар бағамының тұрақты өсуіне жағдай жасау;
- баға қалыптастырудың трансфертті механизмы мен кәсіпорынның ішкі қаржылық ағымын жетілдіру мен қалыптастыру;
- басқа да басқарушылық функцияны орталықсыздандыру мен шарттасқан қаржылық басқаруды орталықтандырудың тиімді стратегиялық бағдарлама позициясын қалыптастыру;
- кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлауда кәсіпорның тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздіктің қаржылық индикаторын есептеуді болжау [15, 19] .
1. 2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыру
Кәсіпорының қаржы менеджментінің стратегиясы перспективалы мақсаттарға жету үшін қажетті кәсіпорынның қаржылық ресурстарының потенциалын қолдану мен құрастыру саласындағы дамуының жалпы концепциясына байланысты іс шаралардың күрделі көп факторлы үлгісін көрсетеді.
Қаржы менеджменті стратегиясының экономикалық мәні қаржы саласында іскерлік қарым-қатынастарды жүзеге асыру барысында өз ара байланыста кәсіпорынның қаржылық қарым-қатынастағы экономикалық субъектілер мен мемлекеттік органдарымен шарттасқан [16, 43]
Кәсіпорынның қаржылық концепция базасын құрастыру кәсіпорынның ақша айналымын тиімді басқаруымен байланысты және ақша қаражаттарын белгілі бір пропорциясында қалыптастыру мен қаржылық ресурстарды мақсатты жұмылдыруды жүзеге асырады.
Қаржы менеджменті стратегиясының түрлері: бас қаржылық стратегия, жедел қаржылық стратегия және жеке стратегиялық мәселелер (сурет 2) .
- бас қаржылық стратегия - кәсіпорынның қызметін анықтайдын қаржылық. Мысалға, барлық бюджет деңгейлерімен ара қатынасы, кәсіпорынның табысын қолдану мен қалыптастыру, қаржы менеджменті стратегиясының қажеттілігі мен оны бір жылға қалыптастыру стратегияны атайды.
- жедел қаржылық стратегия - қаржылық ресуртармен маневрлеудің ағымдағы стратегиясы, яғни қазіргі экономикалық тұрақсыздық жағдайлардың ішкі резервтерді мобилизациялау мен шығындарды бақылау стратегиясы, айға, тоқсанға құрастырылады.
Сурет 2. қаржы менеджменті стратегиясының түрлері
Жедел қаржылық стратегия:
- қаражаттардың түсімі мен жалпы табыс: сатылған өнім үшін есептесу, кредиттік операциялар бойынша түсімдер, бағалы қағаздардан түcкен табыс;
- жалпы шығындар: жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу, еңбекақы, бюджеттің барлық деңгейлері мен банктердің алдындағы міндеттемелерін өтеу.
Бұндай әдіс жоспарлы кезеңде ақша айналымы, түсімдер мен шығындарды болжауға мүмкіндік береді. Қалыпты жағдай болып шығындар мен табыстырдың теңдігі немесе шығындардың табыстардан көп болуы.
Жедел қаржылық стратегия бас қаржы менеджменті стратегиясының шегінде шығарылады.
Негізгі стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған жеке мақсаттарға жетуде қаржылық операциялардың тиімді қолданумен байланысты.
Қаржы менеджменті стратегиясының мақсаты мен мәселелері: қаржының негізгі стратегиялық мақсаты кәсіпорынды қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады [17, 44] .
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2. 1 «ФудМастер» ЖШС-ң пайыздық тәуекелділікті қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асыру әдісінің механизмі
«ФудМастер» компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде жас кәсіпкерлерді «неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан өңірінде йогурт атаулы керемет өнім жайлы білмейді?» деген ой мазалады. Дәл сол кезде «ФудМастер» Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте дәмді, үлкен стакандарға салынған «Crystal Lake» йогуртын өндіре бастады. Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған кәсіпкерлер, ендігі кезекте бүкіл «сүт саласын» игеруге батыл бел буды. «ФудМастер» компаниясы қазақстандық нарықта алдыңғы қатарлы орынды алуды көздеді.
Компанияның меншігіне 6 зауыт және 1 сүт - тауарлық ферма кіреді. 6 зауытқа төмендегілер жатады:
“ФудМастер - Алматы ” - Есік қаласындағы сүт зауыты
“ФудМастер - НС Астана ” - Астана қаласындағы сүт зауыты
“ФудМастер - Қордай ” - Жамбыл облысы, Ауқатты аулындағы ірімшік зауыты.
“ФудМастер - Асептик ” - Есік қаласындағы ұзақ сақтауға арналған шырын және сүт өндірісі бойынша зауыт.
“ФудМастер - Агро” - Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск поселогындағы сүт - тауарлық ферма.
“ФудМастер - АйсКрим ” - Алматы қаласындағы балмұздақ өндірісі бойынша зауыт.
«ФудМастер» Компаниясы Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында сүт қабылдау торабын ұйымдастырды. Мұндай жеке меншік орындар шведтік сүт қабылдаушы резервуарлар мен алынған сүттің экспресс - анализін өткізуге арналған жабдықтармен жарақталды. Шаруаларға көлікпен, сондай -ақ бұзауларды сатып алуға кредит беру сияқты шаралар ұйымдастырды, ал қарыз сүтпен қайтарылды. Осылай сүт зауыттарына сүт ағуы басталды. Уақыт өте келе шикізаттың тек сапалы болуына қол жеткізілді.
Ассортиментті кеңейту және сүт өнімдерінің сапасын жақсарту үшін ұдайы құрал-жабдықтарды техникалық жаңарту жүргізіліп отырылады.
2005 жылдың қыркүйегі және 2006 жылдың шілде аралығында ЖШС кәсіпорындарында іске қосылды:
- термоәдіспен полимерлік пленкада қайнатылған балмұздақты орайтын автомат;
- түрлі майлылықтағы және жоғары сапалы сары май шығаратын қазіргі заманғы жаңғыртылған желі;
- кілегей және ашытылған сүт өнімдерін салатын салу «АЛУР -1500» автоматы;
- ішуге арналған сүт және ашытылған сүт өнімдерін құятын 3 автомат;
- PVRE-PAK пакетіне сүт және ашытылған сүт өнімдерін құятын құю автоматы және жартылай автомат;
- 2 сепаратор - кілегей айырғыш;
- пайдалануға ыстайтын қамера және балқытылған ірімшікті сақтайтын және орайтын камералар берілді;
- Украинский сүт комбинатында әкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы бітті;
Жұмсақ және тұзды ірімшіктер жасап шығаратын жаңа ірімшік цехы, ірімшік массасын термохимиялық өңдеуден өткізіп дайындалатын ірімшік жасайтын болгарлық бірегей технологиялық желі салынуда. Ағымдағы жылы желі қойылып, өндіріске енгізіледі. Шикізатпен қамтамасыз ететін шаруашылықтармен бірге дайындалатын сүттің сапасын жақсарту жұмыстары жүргізіледі. ЖШС мамандарына консультациялық және нақты көмек жасалынып отырады.
ЖШС жұмысының тұрақтылығы тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы партнерлік қарым-қатынастың дұрыс дамуында деуге болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, шикізат үшін қарыздары жоқ, еңбек ақы уақытында төленеді. Облыстың негізгі азық-түлік дүкендері, ірі кәсіпорындар, бюджеттік ұйымдар және әскери бөлімшелер біздің өнімді тұтынушылар болып табылады.
Кәсіпорында Мемстандарттың аттестациясын өткен өндірістік және бак зертханалар жұмыс істеуде. Ірімшіктің қатты, балқытылған, тұзды түрлері, сары май, балмұздақ сертификациялаудан өткен. Алғаш меншік мал шаруашылығын құрған кезде 50 асыл тұқымды сиыр болса, бүгінде ірі қараның саны 5800 бас. Сонымен қатар сүтті суытып, сақтайтын қазіргі заманға сай ыдыстармен жабдықталған бірнеше сүт қабылдау пункттері де жұмыс істейді.
Тағамдық құндылығы жоғары болғандықтан (құрамында ақуыз, май, дәрумендер мен минералды заттар көп) ЖШС мамандары ірімшік өндірісіне үлкен мән берген. Сондықтан да болар, әр түрлі сұрыпты ірімшіктер - кәсіпорынның мақтанышы. Әсіресе, «Дружба», «Янтарь», «Костромской», «Радонежский», «Сибиряк» ірімшіктері өтімді болғандықтан, дүкен сөрелерінде ұзақ тұрмайды. Сүттің жоғары сапалысын, экологиялық таза табиғи ферменттерді қолдана отырып, Болгарияның бірегей жаңа технологиясын енгізу нәтижесінде бүгінде кәсіпорында ірімшіктің тоғыз түрі шығарылады екен. Соның ішінде «Шығыс», «Васильевский» ірімшік түрлерін зауыттың арнайы тапсырысы бойынша Ресейдің азық-түлік саласының ғалымдары жасап шығарыпты.
Кесте 1
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz