Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 Шағын бизнесті несиелендірудің теориялық негіздері.
1.1 Шағын бизнестің экономикадағы алатын орны және оны несиелендірудің
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Шағын бизнесті несиелендірудегі коммерциялық банктердің
ролі ... ...11
1.3 Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..21

2 Темірбанк АҚ-ның шағын бизнесті несиелеу динамикасын талдау
2.1 Темірбанк АҚ-ның қаржылық қызметінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... .25
2.2 Темірбанк АҚ-ның шағын бизнесті несиелеу тәртібі мен динамикасың
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.3 Темірбанк АҚ-ның несиені қайтаруды қамтамасыз ету шартары ... ... 47

3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелендіруді дамытудың негізгі
бағыттары
3.1Коммерциялық банктермен шағын бизнесті несиелеу бағытындағы негізгі
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3.2 Шағын бизнес субъектілерінің несиелеу жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ... .65

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..79

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..83

КІРІСПЕ

Елдегі шағын бизнестің дамуынсыз Қазақстанда жоғарғы әсерлі ұлттық
экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдегі дамыған елдерде шағын бизнес
көбіне экономикалық өсім ырғағын, ұлттық жалпы өнімнің құрай отырып, оның
құрылымын және сапасын анықтайды. Шағын бизнес қоғамдағы орта топтың
қалыптасуының негізгі іргетасы болып табылады және оның қызмет ету
саласының ұлғаюы республикамызда айқын көрініп тұрған әлеуметтік жіктелудің
әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын бизнес туралы
тоқталып, оны дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екендігін
атап өтті: ... біздің шағын бизнесті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын
түзуіміз қажет. Біз бизнес ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы
жағдай туғызуымыз керек [3; 14-19].
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше
мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде шағын бизнес экономиканың
ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына тежегіш болып тұрған
себептер бірнеше. Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу
жүйесі табылады.
Бизнес табиғи жолмен қалыптасқан, ал оны мемлекеттік қолдаудың
нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу
барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда,
республикадағы бизнестің дамуы тарихы небары он жылдан астам мерзімді
құрайды. Осы кезеңде бизнесті қолдаудың және дамытудың бес мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды және солар іске асырылуда.
Қазақстанда осы сектордың қоғамның әлеуметтік және экономикалық
дамуына әсері жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы оның үлесіне тиетін
Батыс Еуропаның, Американың және Оңтүстік Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған
елдердегідей аса елеулі болмағанымен, шағын бизнес біздің елімізде іскерлік
өмірдің бұқаралық, серпінді дамушы бөлігі болып отыр.
Мемлекет басшысы шағын бизнесті одан әрі дамыту мақсатында жеке
секторды қосылған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын шағын
бизнесті қолдаудың таяу перспективаға арналған, оның ішінде бизнес ахуалды,
бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар жеке секторды
ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі
бағыттарды айқындады.
Қазіргі уақытта елімізде екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету
сапасы күннен-күнге жақсаруда. Банктердің негізгі экономикалық функциясы –
кәсіпорындарды, ұйымдарды, бизнес фирмаларды және жеке тұлғаларды, олардың
тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруды жүзеге асыру үшін
несиелеу болып табылады. Сондықтан да елдегі бірқанша банктер өзінің
несиелеу қызметін жүзеге асыруда: көпшілік экономикалық жағдайларға
байланысты клиенттерге қызмет көрсету, жаңа жұмыс бастаушы кәсіпорындарды
несиелеу, халықты жұмыспен қамту деңгейін көбейту және олардың экономикалық
өмірге икемділігін қамтамасыз етуде[5; 22-27].
Шағын бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі
проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және
айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының
жоқтығы болып табылады. Банктер шағын бизнес субъектілерінің кепіл
қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру
жолымен тәуекел құнын несиелеуге ауыстыруға мәжбүр.
Сонымен қатар шағын бизнес кәсіпорындарының қормен жарақтануының
төмен деңгейі оның еңбек өнімділігінің төмендігі салдарынан шағын бизнес
секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және
негізгі құралдарды кепілге қойып шағын бизнеске несие берілуін тежейді.
Осы тұрыдан қарағанда менің жұмысымның тақырыбы Қазақстанның
коммерциялық банктерінің шағын бизнесті несиелендірудін талдау актуалды
деп айтуға болады. Жұмыстың мақсаты екінші деңгейлі банктердің шағын
бизнесті несиелеуің талдау, талдау объектісі Темірбанк АҚ.
Тақырыпқа қарай зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
• Шағын бизнестің экономикадағы алатын орны және оны несиелендірудің
қажеттілігің қарастыру;
• Шағын бизнесті несиелендірудегі коммерциялық банктердің ролің
анықтау;
• Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесің салыстыру;
• Темірбанк АҚ-ның шағын бизнесті несиелеу тәртібің және динамикасын
талдау;
• Екінші деңгейлі банктердің шағын бизнесті несиелеуің талдау;
• Шағын бизнес субъектілерінің несиелеу жүйесін жетілдіру
жолдарынқарастыру.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде, шағын және орта
бизнесті қалыптастырудың теориялық негіздері және оны несиелеу қажеттігі,
Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы рөлі, шағын және орта бизнесті
несиелеудің әлемдік тәжірибесі туралы, ал екінші бөлімде, Темірбанк АҚ
екінші денгейлі банк ретінде шағын бизнесті несиелеу динамикасын талдауын
қарастырамыз. Үшінші бөлім, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері,
проблемалары және оларды шешу жолдары, несиелеу жүйесін жетілдіру жолдары
келтірілген.
Дипломдық жұмысты жазу барысында банк ісі саласындағы мамандарының
ғылыми еңбектері, монографиялары, оқу әдістемелік және методикалық
құралдары, сонымен қатар статистикалық ақпарат қолданылды.

1 Шағын бизнесті несиелендірудің теориялық негіздері.
1.1Шағын бизнестің экономикадағы алатын орны және оны несиелендірудің
қажеттілігі

Шағын бизнес нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ
өзі. Экономиканың өтпелі кезеңдегі шағын бизнес, ең алдымен, нарықтың
тауармен молаюына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді.
Жалпы алғанда бизнес экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны
қалыптастырып ғана қоймай, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында
оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын
бизнестің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін
қамтамасыз ету, адамның өмірге деген сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру
жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын бизнес экономиканың даму қарқынын
арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ та барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын
бизнеспен шұғылданады. Ішкі өнімнің 33 пайызын нақ сол сала қамтамасыз
етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын бизнесте жұмылдырылған,
жалпы өнімнің 55 пайызы олардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын бизнес ғылыми-
зерттеу жұмыстарының 3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін
ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың
экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім
өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын
кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес
өнертапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.
Бұл деректер шағын кәсіпорындардың экономикадағы елеулі рөлі мен
маңызы туралы бұлтартпас дәлелі бола алады. Алайда, мәселе, сандық
көрсеткіштерде ғана емес. Бұл сектор өзінің мәнісі жөнінен нарықты
экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымның негізін
құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын бизнес ахуалға
шапшаң бейімделеді. Олардың экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп,
шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел
байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық
монополизмге төтеп беруге көмектеседі.[5; 22-27]
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының қолданылып
жүрген заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге
асырады.
Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-
құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
• толық серiктестiк;
• коммандиттiк серiктестiк;
• жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
• қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
• өндiрiстiк кооператив - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны барлық
қызметкерлердi, оның iшiнде жеке еңбек шарты бойынша, жұмысты қоса атқару
бойынша жұмыс iстейтiндерiн, осы субъект филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және
басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн ескере отырып анықталады[6;
7-11].
Қазақстанда бүгінгі күні шағын бизнес бастан кешіріп отырған
қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқан бөлігі
болып отыр. Ең бастысы: шағын кәсіпкерлер саны өсіп келеді. Өсім соншалықты
жоғарыда емес. Дегенмен, өсім бар. Оның ЖІӨ де өзіндік үлесі бар.
Бүгінгі күнде тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу
деңгейі төмендеді. Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі мемлекеттік
кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Шағын бизнес нысандары арасында
тауар айналымының ең жоғары деңгейі коммерциялық және делдалдық қызмет
бөлігінде, сонымен қатар ол жұмыс орнының саны жағынан да алда.[7; 16-21].

Шағын бизнес, әсіресе агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап
дамуы тиіс. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кірігу жүйесіндегі Шағын
кәсіпорындардың осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл селоларды дамытудың басты
бағыттары туралы заңда: Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа
қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушылар
кооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ, ауыл-шаруашылығы үшін өндіріске тиісті
қаржы жұмсайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен шұғылданатын,
шикізаттарды өңдеп, олардан алынған өнімдерді сақтауды және өткізуді
қамтамасыз ететін шаруашылық нысандары кіреді, - деп атап көрсетілген.
Нарықтық экономикаға көшуге орай көптеген жаңа шаруашылық түрлері
пайда болды. Меншіктің мемлекеттік және кооперативтік түрлері қатарына жаңа
түрлер көптеп қосылды. Олардың арасында жеке меншікке негізделген шаруа
қожалықтарының өзіндік салмағы бар. [9; 17-22].
Шағын бизнес тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы
техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып
табылады. Ол шағын қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың
әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын бизнес
мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын
жұмсалмайды.
Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі
күні жойылып жатқандығын атай кеткен жөн. Алайда, шағын бизнестің дамуына
күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар:
• несие алу мүмкіндіктерінің шектеулілігі;
• шағын бизнесті қорғау, қолдау жөніндегі заңдылық базаның шыңжаулығы;
• шағын бизнесті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі;
• несиенің қысқа мерзімге ғана берілуі және несиені өтеу пайызының
жоғары болуы;
• несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы;
• білікті кадрлардың жетіспеуі, тағы басқалар.
Қазақстан республикасында шағын бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын
бизнесті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту,
жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру,
қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру
көзделген.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
• ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып, дамыту;
• салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада
шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету;
• несие беру ісіне жеке сектордың араласуы;
• шағын бизнесті қолдау аясында нормативтік-құқықтық актілерді
жетілдіру; сақтандыру жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар.
Бүгінгі таңда шағын бизнес экономиканың ерекше бөлігі ретінде нақты жұмыс
істеп, даму үстінде деп сеніммен айтуға болады.
Нарықтық қатынастарды дамыту бағыты халық шаруашылығын
монополиясыздандыру бағдарламаларын өнімнің әрбір түрін өндіруді басқа
кәсіпорындарға беру жолымен жүзеге асыруды көздейді. Бұл тұрғыдан алғанда
өз өнімін барынша тез игеретін және жаңартатын бизнес ретінде шағын бизнес
қызметті барынша кең пайдалану белгіленіп отыр.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде шағын кәсіпорындардың
қызметін салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған белгілі бір
ілгерілеу шаралары көзделген. Ұйымдық-құқықтық нысанына кіріс деңгейіне
қарай шағын бизнес субъектілеріне салық салудың жеңілдетілген режимін
беруге сараланған көзқарас, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілер үшін айрықша режим енгізу олардың ішіндегі маңыздысы болып
табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген бөлімінде
салық жүктемесін айтарлықтай төмендететін және салық салу жүйесін, соның
ішінде шағын бизнес субъектілеріне, шаруа фермер қожалықтарына, заңды
тұлғалар – ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қатысты оңайлатылған
арнайы салық режимдері бір жолғы талондардың, патенттің және оңайлатылған
декларацияның негізінде айқындалады[9; 17-22].
Қазақстан Республикасының салық кодексіне шағын бизнес субъектілері
үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге байланысты өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
Банк секторын тұрақты дамуы қаржылай қызметтер көрсету рыногын
дамытуға және шағын бизнес кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын
ынталандыратын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін
әзірлеуге мүмкіндік береді.

2. Шағын бизнесті несиелендірудегі коммерциялық банктердің ролі

Қазіргі кезде Қазақстанда коммерциялық банктер клиенттерге қызмет
көрсетуде банк операцияларының жаңа техникаларын қабылдап, жоғары деңгейде
қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде. Банктердің негізгі экономикалық
функциясы – кәсіпорындарды, ұйымдарды, бизнес фирмаларды, жеке тұлғаларды,
олардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруды жүзеге
асыру үшін несиелеу болып табылады. Сондықтан да еліміздің банктері
көпшілік экономикалық жағдайларға байланысты клиенттерге қызмет көрсету,
сондай-ақ жаңадан жұмыс бастаған кәсіпорындарды несиелеу, жұмыспен қамту
деңгейін көбейту және олардың экономикалық өмірге икемділігін қамтамасыз
етуді жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 01.01.2007
жылы коммерциялық банктер экономикаға 1484,3 млрд. теңге салған. Ұлттық
валютада берілген несие көлемі 714,3 млрд. теңгені құрады, ол 2005 жылдың
осы кезеңіндегі деңгейімен салыстырғанда 64%- ға (278,9 млрд. теңгеге), ал
шетел валютасында берілген несие 770,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2005
жылдың осы кезеңіндегі деңгейімен салыстырғанда 42%-ға (227,2 млрд.
теңгеге) артқан. Несиенің берілу ұзақтығы өзгергені байқалды. 01.01.2007
жылы ұзақ мерзімге берілген несие көлемі 975,4 млрд. теңгеге жетті.
Коммерциялық банктердің шағын бизнеске берген несие көлемі 01.01.2006 жылы
196,2 млрд. теңгені құраған болса, бұл көрсеткіш 01.01.2007 жылы 288,4 млрд
теңгені құрады, немесе жалпы экономикаға салынған несие көлемінің 19,4%-ына
тең.
Қазіргі уақытта отандық беделді банктер жеке бизнесті және шағын
кәсіпорындарды несиелеуді қолға алуда. Шағын бизнесті несиелеу
бағдарламасын жүзеге асыру - қазақстандық банктердің несиелеу қызметін
дамытудың бірден-бір перспективтік бағыты есептеледі. Халық банкі
акционерлік қоғамы Европа қайта құру және даму банкінің несиелеу линиясы
бойынша шағын бизнесті қолдау Бағдарламасына қатысуда.
Бағдарламаның мақсаты – бизнес қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар
және шағын кәсіпорындарға жоғары болмаған ставкалармен несие ресурстарын
беру, қаржылық қолдау көрсету.
Банк келесідей жобаларды қарастырады:
• машиналар, құрал-жабдық, шикізат және материалдар алу;
• өнім өндіруді жақсарту;
• бизнес қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс, жылжымайтын мүлікпен
операция және т.б.
Банк қызметкерлері төмендегідей қызметтерді тегін көрсетеді:
• клиенттерге консультация;
• қаржылық экспертиза;
• кепілді бағалау;
• несие алушының құжаттарын экспертизадан өткізу.
Бизнесті несиелеуде кедергі болып отырған ең негізгі жағдайлар:
біріншіден, несие алу күрделілігі және берілген өтінішті қарап шығу
мерзімінің ұзақтығы, екіншіден, несие сыйақы ставкаларының жоғарылығы,
үшіншіден, несиені қамтамасыз ететін кепілге қатаң талаптардың
қойылғандығы.
Жағдайдың күрделілігінің бірден-бір себебі, банктер үшін несие
тәукелдігін жоғары деңгейде екендігі, сондықтан да, шағын бизнес
субъектілеріне несие қысқа мерзімге беріледі. Көпшілік шағын бизнес
субъектілері аз өтімді [10; 13-17].
Тағы да үлкен қиындық жаңа жұмысты бастау және дамыту үшін қосымша
инвестиция қажет ететін бастаушы кәсіпкерлерде байқалады. Банктер банк
тәуекелдерін басқару бойынша өзінің ішкі несиелік саясатын және нормативтік
құжаттарын басқарады, табысы тұрақты болмаған кәсіпорындарға қаржы
бөлмейді. Нарыққа жаңа шығып жатқан шағын фирмалар өзіне жоғары деңгейде
банкроттық рисктерін алады, осы нарықта қызмет көрсетіп жатқан, тәжірибесі
мол ірі және шағын кәсіпорындармен бәсекелесе алмайды.
Шағын бизнесті несиелеуде тағы да бір проблема бизнесті жаңа
бастаушылардың несие алу жағдайында еместігі, себебі коммерциялық банктер
несие ресурстарын тұрақты жұмыс істеп тұрған және әр ай сайын табыс алатын
шағын бизнеске ғана береді.
Шағын бизнесті несиелеуде ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді
несиелеу ерекше орын алады. Бұл саланы несиелеуде риск деңгейі өте жоғары.
Бұл біріншіден, аграрлық өндірістің табиғи жағдайларға тәуелділігі болса,
екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тұрақсыз.
Қазақстанда шағын бизнесті несиелеуде аграрлық секторды қаржы-несиелік
реттеу өзінің бірқатар сипаттарымен ерекшеленеді. Сондықтан-да, аграрлық
секторды несиелеудің нарықтық механизмін қалыптастыру қажеттілігі мен оның
жолдарын негіздеу қажет.
Егер, экономикасыдамыған елдерде несиелік қарым-қатынастар механизмі
игеріліп алынған болса, Қазақстанда ол әлі қалыптасу кезеңінде тұр.
Қазіргі уақытта қазақстандық банк жүйесінің несиелік мүмкіндіктері
шектеулі, оған қоса шаруашылық субъектілері де оларды тиімді жұмсай алмай
отыр.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарының қаржы айналым құралдарын
қалыптастырудың негізгі көзі - жекеменшік қорлар мен банктік несие болып
табылатыны белгілі.
Ең маңызды және күрделі мәселе – несиенің мерзімінен кеш қайтарылуы,
немесе тіптен қайтарылмауы. Бұл жағдай қазіргі кезеңдегі экономикалық ауыр
қаржылық жағдайдың тікелей салдары болып табылады. Нарықтық қатынастардың
тұрғысынан несиенің қайтарылмауы – кері көрініс, себебі бұл мерзімдік,
қайтарымдылық, ақылы, қамтамасыз етілу принциптері бойынша әрекет ететін
несие капиталының табиғатымен сәйкес келмейді. Құн қозғалысының
қайтарымдылығы ретінде несие сипатынан шығатыны, тек уақытша маусымдық
қаржылар мен шығындар несие алудың есебінен құралуы мүмкін.
Бұл принциптер сақталмаған жағдайда, экономиканың әрекет етуінің бүкіл
нарықтық механизмі бұрмаланады, объективті пропорциялар мен шаруашылық
байланыстар бұзылады.
Бұл жағдай мемлекеттік аграрлы саясатқа да, Қазақстанның
агроөнеркәсіп кешенінің қаржы-несие қатынастары механизміне де маңызды
түзетулер енгізуді талап етеді.
Бәрімізге белгілі, нарыққа өтудің басты мәні мемлекеттік қамқорлық,
арқа сүйеушілік, иесіздік пен жауапкерсіздік орнына шаруашылық ісінің
еркіндігі, жоғары өнімді еңбек материалдық берекесінің шешуші факторы болып
табылатын тауарөндірушілердің бастамасы болуы керек еді. Нарыққа өтудің
мәні экономиканың барлық саласы мен өрісі үшін бір, бірақ өту жолдары,
формалары, жағдайлары маңызды арнайы ерекшеліктерге ие. Бұл әсіресе өзіндік
әлеуметтік-экономикалық жүйе болып келетін өндірістің аграрлы саласына
қатысты. Бұл мәселе тек максималды түрде нақтылы және қоғамдық еңбекке ғана
емес, сонымен қатар жерді, малды және биологиялық мүмкіндіктерге де
бағытталуға тиіс шаруашылық механизміне едәуір талаптар қояды[10; 13-17].
Салалар мен кәсіпорындар арасындағы әкімшілік-орталықтандырылған
байланыстар негізінде құрылған агроөнеркәсіп кешенінің өзгеруі нарық және
бизнес заңдары негізінде әрекет етуші агробизнеске, дамуы үлкен қиындықтар
мен өткір қарсылықтарды жеңумен, көптеген дәстүрлі емес тапсырмалар мен
мәселелерді шешумен байланысты өте күрделі процесс. Осыған байланысты
агроөнеркәсіп кешенін реформалау төңкеріс жолымен емес, біртіндеп,
эволюциялық жолмен, оған қажетті қаржылай және материалдық ресурстардың
пайда болуы жағдайына қарай жүру қажет.
Қазақстанның аграрлы секторының даму ерекшеліктерін ескере отырып,
ауылшаруашылығының тиімділігін арттырудың қазіргі уақытта, біздің ойымызша,
мына бағыттары бар:
• тікелей мемлекеттік қолдау (бағаның тұрақтылығы мен табыс алуды
қолдау, табиғи ресурстарды қорғау, ауылды әлеуметтік дамыту, ғылыми-
техникалық ақпараттың дамуын қуаттау үшін бюджеттік қаржыландыру
түрінде);
• компенсациялық төлемдер (географиялық, табиғаттық-климаттық,
әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайларға байланысты мақсатты
дотациялар мен субсидиялар бөлу түрінде);
• салық саясатын өзгерту;
• агротүзілімдерді несиелеу (жер және жылжымайтын мүлік кепілдігі
негізінде берілетін несие түрінде);
• қаржы – несие механизмін жетілдіру (ауылшаруашылық өнімдеріне
мемлекеттік кепілдік беру, несиелік серіктестер мен кооперацияларды
дамыту түрінде).
Бірінші бағыт 2003-2005 жылдары ауылға кең көңіл бөлініп отырғандықтан,
қазіргі кезеңде қолға алына бастаған[3; 14-19].
Екінші бағыт біріншісімен тікелей байланыста болғандықтан, біздің
ойымызша кейінгі жылдары оны іске асыру мүмкіншілігі бар.
Үшінші бағытта республика парламенті салық кодексіне тиісті
өзгерістер енгізген жағдайда оның тиімділігін көтеруге болады.
Төртінші бағыт нақты, іс жүзіндегі меншік иесін жаратумен қатар,
жердің екінші деңгейдегі нарығын қалыптастыруды болжамдайтын ауылдағы
нарықтық қатынастарды дамытумен байланысты. Алайда, қазіргі уақытта жерді
пайдалану туралы республика заңдары ауылшаруашылық бағыттағы пайдаланылатын
жерлерді жеке меншікке беруге болғанменен, оның құны анықталмағандықтан бұл
бағытқа қазіргі заманғы несиелеу жүйесі, оның ішінде қаржы-несие
институттары тарапынан тиісті көңіл бөлінбей отыр.
Сонда да аграрлы секторға банктік қызмет көрсету ісін талдау осы
саладағы кейбір қарым – қатынастар нарықтық экономика талабына толық сәйкес
келмейтіндігін көрсетті:
• қаржы-несие механизмі жеткіліксіз;
• аграрлы өндірістің тиімді қызметін қамтамасыз ететін ауылшаруашылығын
мемлекеттік қолдаудың төмендігі;
• ауылшаруашылық тауарөндірушілерінің жоғары пайыздық ставкаға
байланысты несиелік ресурстарға қолдарының жетпеуі, соған байланысты
оларды ұлғаймалы емес, жай өндірістің өзін жүргізуге қаржының жетпеуі;

• көптеген тауарөндірушілердің шығындар деңгейі алынған несиені
қайтаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеуі.
Мұндай жағдай реформаның жалпы курсына және кейбір мәселелеріне
ауылшаруашылығын несиелеу жүйесін ұйымдастыруға түзетулер енгізуді талап
етеді.
Жоғарыда айтылған барлық жағдайлар бесінші бағытқа алып келеді – бұл
жүйелік тоқырау мен байланыстардың бұзылуы жағдайында мемлекеттік реттеудің
механизмін жетілдіруді болжамдайды. Мақсатты жолмен өтетін бюджеттік және
несиелік қаржы құралдары, көлемі мен келіп түсу уақыты бойынша қаржыландыру
процесін үздіксіз және жеткілікті қамтамасыз ете алмайды. Бұл жеткіліксіз
қаржыландыруға, төлемсіздікке, қаржы айналым құралдарының тоқтауына,
өндірістің құлдырауына алып келіп соғады.
Қысқа мерзімді несиелеу бойынша мемлекеттік реттеудің тиімді формасы
ауылшаруашылық өнімдеріне мемлекеттік кепілдік беру болып табылады.
Мемлекет үшін кепілдік операциялары оларды едәуір, мақсатты және
өтімді ресурстармен берілетін, яғни олардың қайтарылымы кепілденетін
болғандықтан мүдделі. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің мүдделері
қаржыны дер кезінде алу мүмкіндігі және нарықтық қанағаттанарлықсыз
конъюктурасы кезінде өнім өткізудің жеңілдігімен қамтамасыз етіледі.
Ауылшаруашылық өнімін кепілдікке қойып, несиелеуді алдын – ала төлем
ретіндегі тауарлы немесе ақшалай формада жүргізуге болады.
Кепілдікке биылғы өндірілген өнім, немесе енді өндірілетін
ауылшаруашылық өнімі де қойыла береді. Келер жылғы өнімге берілетін несие
өнімдердің табиғи вегетациялану кезеңінен аспайтын мерзімдегі сақтандыру
куәлігі және келісім – шартты кепілдікке бергенде ғана берілуі мүмкін.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану
керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі
керек:
• Несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір
мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатынын білдіреді;
• Несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір – бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элеменнтен тұрады. Ондапй элементтерге алдымен несиелік
қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл
субъектілерге несие беруші мен қарыз алушылар жатады. Оларды бөлуге және
бөлек қарстыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің
мәнін анықтауға болады[12; 24-29].
Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске
асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша
өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк
болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың
уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша
пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек
қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға,
халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада
банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып
көрінеді.
Қарызға алуша – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
қарызға алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен
банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың
меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз
қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып,
пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие
беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушымен несие беруші несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Лоар міндетті түрде
қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие
беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және
депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие берушімен қарыз
алушы өзара іс әреккеттерінде қарама – қайшылықтың бірлігі сипатын
көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама –
қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым
жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан
несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілермен қарыз алушылардан басқа несие қатынасы
құрылымының элементі алыс – берістің объектісі – құнның негізгібөлігі
сияқты өзіндік өтелмеген құны – несиеленген құн болып табылады.

Несиенің құрылымы
Қарызға алушы

Несие беруші

Несиеленген құн (несие)

1-сурет - Несиенің құрылымы

Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие.
Себебі, қарызға алушының қайсібір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және
болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ.
Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының
үздіксіз болуын қамтамассыз етеді және олардың қозғалысындағы
іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес,
сонымен қатар өскен пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамассыз
етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның
банкке қайтарылуына дейін сақтайды.
Мұндай несиелеу механизмі тиімділігінің тұжырымдамасы келесідей
көзқарастар жүйесіне негізделеді: мемлекеттік кепілдік бұл өнімді сату мен
несие бөлудің икемді реттеу формасы; кепілдікке қабылданған өнім кезеңдік
алдын-ала төлем ставкасымен бағаланады; кепілдік бағадан нарықтық бағаға
көтерілген кезде тауар өндірушілер өнімді сату кезінде несиенің орташа
ставка деңгейін алып тастау арқылы қосымша төлем төлейді. Айта кету керек,
мемлекетке кепілдік арқылы қабылданағн өнімнің көп бөлігін делдалдарға
ығыстыра отырып, тауар ағынының қозғалысын жүзеге асыру тиімдірек
болады[14; 24-31].
Ауыл несиелік кооперациясын дамыту – Қазақстандағы агроөнеркәсіптік
кешенінің қаржы-несиелік ортасын реформалау жолдарының бірі. Олардың
негізгі мақсаттары мен міндеттері келесідей: өздерінің мүшелерін пайда
таппау негізінде несиелік қызмет көрсетуді ұйымдастыру; олардың мүшелерінің
арзан несие алуы; кооператив мүшелерінің ақша ресурстарын пайлық капитал
жасау үшін қажет; еркін ақша құралдарын сақтау үшін тарту; несиелік-
қаржылық кеңестер беру; депозиттік есеп-шоттар ашу.
Сондықтан ауылдық несиелік кооперативтер (серіктестіктер) туралы
заңда келесідей мәселелер қарастырылуы қажет: а) тәуелсіз, еркін,
демократиялық құрылым ретінде ауылдық несиелік кооперация жүйесін жұмыс
істеуге келтіру; б) ауыл тұрғындарының қаржыларын несиелік кооперация
жүйесіне тартуға құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлармен қамтамасыз ету; в)
коммерциялық банктер капиталының ену мүмкіндігін, сонымен қатар олардың
ауылдық несиелік кооперативтеріне әсер ететін басқа да іс-әрекеттері
мүмкіндігін болғызбау; г) ауылдық несиелік кооперация жүйесінің дамуына
кедергі келтірілмейтін лицензиялаудың ерекше тәртібін қамтамасыз ету; д)
олардың пайлық капиталы коммерциялық банктердің акционерлік капиталымен
салыстырғанда шағын болып табылатындығын есепке ала отырып, ауылдық
несиелік кооперативтер қызметін дамытуға арналған мөлшерлі көрсеткіштер
белгілеу; е) ауылдық несиелік кооперативтерді несиелеу мен жеңілдікпен
салық салудың тәртібін жасау.
Сонымен, белгіленген шаралардың жүзеге асырылуы, біздің ойымызшы,
ауылшаруашылық өндірісіндегі қаржы несиелік қатынастарды ұйымдастыруды
едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешені
шаруашылықтарының қаржылық жағдайының жақсаруына және оның тиімділігін
көтеруге алып келеді.

1.3 Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі

Шағын бизнестің дамуы, мемлекет экономикасында осы бағыттың
преспективасы нарықтық қатынастарды тереңдетуде маңызды рөл атқарады.
Нарықтық экономика дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, шағын
бизнестің қалыптасуы экономика дамуының негізгі факторы болып есептеледі.
Сондай-ақ, Еуро Одаққа мүше 15 мемлекетте шағын (250 адамға дейін жұмыс
істейді) бизнес үлесіне: 72 млн. адам, осы елдерде тіркелген жалпы (16,04
млн) компанияның 99,9 %-і; ЖІӨ-нің 70 %-ы тиесілі.
Шағын бизнесті дамытудың негізгі қажеттіліктердің бірі оны қаржылық-
несиелік қамтамасыз ету. Шағын бизнесті мемлекет тарапынан кең және түрлі
қаржылық-несиелік қолдаусыз, оның даму инфрақұрылымын қалыптастырусыз
ойдағыдай (табысты) дамыту мүмкін емес.
Әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін үйреніп, оны Қазақстан практикасына
қолдану мүмкін. Алайда, бизнесті қаржылық-несиелік қолдау жүйесін
қалыптастыруда түрлі варианттарды, экономика ерекшеліктерін, бюджеттік және
қаржылық-несиелік жағдайларды және басқа көптеген факторларды ескеру қажет.
Американдық, британдық немесе жапондық шағын бизнесті несиелеу жүйесінің
моделін Қазақстан практикасына тікелей қолдану мүмкін емес. Шағын бизнесті
несиелеудің әлемдік тәжірибесін үйрену, жалпы инструменттерін айқындау,
олардан мемлекет экономикасына қолдау мүмкін болған жағдайларды ажыратып
алуға болады.
АҚШ-та шағын бизнесті несиелеу, несиелік тәукелдіктері үйлестіру
шағын Бизнес Әкімшілігі (ШБӘ) арқылы жүзеге асырылады. Банктың жалпы
талаптары бойынша несие алалмайтын шағын кәсіпорындарын несиелеуде осы
әкімшілік кепілдік береді.
Ұлыбританияда шағын бизнесті несиелеушілер: Сауда және өнеркәсіпті
қаржыландыру Корпорациясы, Англия бақылау Банкі және клиринг Банктері
есептеледі. 80-жылдарда 3900 шағын фирмаларды инветициялауға сомасы 500 млн
фунт стерлингнен артық қаражат жұмсалды. Бұл корпорация барлығы, яғни шағын
компаниялардың 20%-на несие берді. Несиені кепілдеу бағдарламасы бойынша
несиенің басым бөлігі (70-80%) Үкіметтің кепілдігімен шағын бизнеске
берілді. Жыл сайын бюджеттен 50,0 млн фунт стерлинг шамасында банк кепілі
өтеледі.
Жапонияда шағын бизнесті реттеу және ынталандыру орталығы: Орталық
үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, тәуелсіз шағын бизнес
бірлестігі есептеледі. Жапонияда шағын фирмалар даму спецификациясы – 70%
шамасында Жапония шағын фирмалары ірі компаниялардың мердігерлері
есептеледі.
Жапонияда шағын бизнесті қаржыландыру мақсатты қаржыландыру
бюджетінен жүзеге асырылады. Сондықтан министрліктер мен ведомствалар шағын
кәсіпорындар салаларының шығындар қаражаттары бойынша сметада қарастырады.
Бұл қаражаттардың айтарлықтай бөлігі ұлттық қаржылық корпорацияға,
шағын бизнесті қаржылық сақтандыру компаниясына және басқа ұйымдарға
депозит және салымға бағытталады. Бұл мекемелер қаражатты арнайы қаржылық
компаниялары–банктер, инвестициялық, сақтандыру және басқа қаржылық
мекемелер яғни, қаржылық қызмет нарығына жібереді. Одан басқа, бұл
ұйымдардың ресурстарының қосымша шығыскөзін қалыптастырудан ірі бизнес
депозиттері мен ақша салымдары, жергілікті билік органдары, тәуелсіз шағын
бизнес бірлестігі, қаржылық және сақтандыру ұйымдары шағын бизнестің елде
дамуына мүдделі[21].
Жапонияда шағын бизнесті ынталандыру үшін банктер және арнайы
ұйымдастырылған қаржылық органдары арқылы, сондай-ақ, кепілдермен жеке
меншік банктерде несиелеуде қатысады.
Басқаратын үш үкімет институты есептеледі:
▪ Сауда және өнеркәсіпті қаржыландыру үшін ұйымдастырылған орталық
кооперативтік банк (негізі сауда және өнеркәсіптік жобаларды, банк
капиталының 23 –і мемлекет жарнасынан құралған);
▪ Шағын бизнесті қаржыландыру халықтық корпорациясы (кепілсіз
қаржыландыруды жүзеге асырады, корпорация ең кіші компанияларды
қаржыландыру үшін жаратылған);
▪ Мемлекеттік қаржылық корпорация (приоритетті салаларды инвестициялық
және қауіпті жобаларды қаржыландырады); сауда - өнеркәсіп палаталары
үлкен тармаққа ие (мемлекет бойынша 500-ден астам), ол жылына сомасы
500 млрд. иен займдар береді.
Шағын бизнесті қаржыландыру корпорациясы мемлекет меншігінде, негізгі
ресурс базасы мемлекет бюджетінің қаражатынан қалыптастырылады. Шағын
бизнеске несиенің шекті мөлшері 400 млн иен, пайдалану мерзімі 10 жылға
дейін. Коммерциялық несиелердің пайыз ставкасы минимал ставка деңгейінде
ірі компанияларға беріледі.
Жапонияда тағы бір мамандандырылған мекеме – банк Соко-Чукин (100
бөлім), қаржыландыру қызметі – кооперативтер, шағын кәсіпорындары.
Шағын бизнесті қаржыландыру корпорациясы және мемлекеттік қаржыландыру
корпорациясы арнайы приоритетті бағдарламалар үшін, шағын кәсіпорындар
құрылымын қайта құру, қоршаған ортаны қорғау, электржинақтаушы өндіріс
орындарына ең жоғары жеңілдіктермен несие береді.
Қаржылық көмектің басқа түрі – шағын кәсіпкерлер бірлестігі жергілікті
және мемлекеттік бюджет қаражатынан шағын бизнесті дамыту бойынша
мемлекеттік корпорация арқылы ұзақ мерзімді (5-20 жылға) ссуда береді.
Бұл елде өте кіші фирмаларда акция шығаруды қолдайды. Мемлекет ірі
делдалдық акционерлік қоғамдарды, онша ірі болмаған компаниялардың акция
шығарып және акция сатып алуын, сондай-ақ, шағын компанияларға да
акциялардың тарауын қолдайды.
Жапонияда қаржыландырудың және бір формасы – кәсіпорынның акционерлік
капиталына қосылу арқылы оның акциясының бір бөлігіне ие болу. Бұл
сақтандыру жүйесі және шағын кәсіпорындардың акционерлік капиталына
мүмкіншілік туғызады және шағын бизнесті қаражатпен нсиелеуге жол ашады.
Нарықтық экономика дамыған елдерде шағын бизнесті мемлекеттік
қаржыландыру жүйесі өте жақсы үйлестірілген. Бұл мемлекеттік қаржылық
институттар, қаржылық бағдарламаларды қайта өңдеу, екіншідеңгейлі банктер
арқылы несиелеу, мамандандырылған коммерциялық қаржылық мекемелері:
венчурлық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары арқылы шағын бизнестің
динамикалық дамуына жағдайлар жасалған[14].
Біз жоғарыда дамыған елдерде мемлекет тарапынан шағын бизнесті
қаржылық-несиелік белсенді қолдау экономиканың белсенді инструменті елде
шағын бизнестің дамуы екендігінің куәсі болдық.
Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесін экономикалық
ерекшеліктерді ескере отырып біздің елімізге де қолдау қажет.

2 Темірбанк АҚ-ның шағын бизнесті несиелеу динамикасын талдау
2.1 Темірбанк АҚ-ның қаржылық қызметінің сипаттамасы

Темірбанк акционерлік қоғамы 1992 жылы 26-шы науырызда негізі
қаланған. Банктің бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Банктің Қазақстан
бойынша 17 филиалы және 35 кассалық есеп-айырысу бөлімшелері бар.
Қызметкерлерінің саны 1416 адамды құрайды. Банк активтерінің мөлшері
еліміздің он ірі банктеріне кіреді. Казіргі кезде Темірбанк АҚ-ғам,
Тұран Әлем банкі АҚ-ның еншілес банкі болып есептеледі.
Темірбанк шағын бизнесті дамыту мақсатында банк Еуропалық,
Халықаралық қайта құру және даму банкімен жүргізілетін бағдарламаларға
белсенді қатысады.
Кесте 1
Темірбанк АҚ-ның 2005-2007 жылдардағы қызметінің нәтижелері
(мың теңге).
Жылдар Өзгеріс.%
Көрсеткіштер
2005 ж 2006 ж 2007ж 20062005 20072006
Меншікті 5 531 024 10 565 34222 375 577 191 212
капитал
Банк 37 395 046 28335887 73741137 75,7 269
міндеттемелері
Банк активтері 42 926 070 76045363 198021162 177 260
Банк табыстары 2 587 382 4 557 136 7 659 525 176 168
Банк шығындары 2 078 316 2 511 545 4 587 715 121 182
Таза табыс 509 066 2 045 591 3 071 810 401 150

Кестеде көрсетілген мәліметтерден жыл сайын барлық көрсеткіштерден
өсім байқалады:
- меншікті капитал 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 191%-ға өскен. Ал
2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда жалпы өсім 154,6%-ды құрады.
- сонымен қатар банк міндеттемелері де жыл сайын өсуде. 2006 жылы 2005
жылмен салыстырғанда 75,7%-ға, ал 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда
269%-ға.
- банк активтері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 177%-ға, ал 2007
жылы 2006 жылмен салыстырғанда 260%-ға өскен.
- банк табыстары 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 176%-ға, ал 2007
жылы 2006 жылмен салыстырғанда 168%-ға өсті.
- банк шығындары 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 121%-ға, ал 2007
жылы 2006 жылмен салыстырғанда 182%-ға өсті.
- таза табыс 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 401%-ға өсті, ал 2007
жылы 2006 жылмен салыстырғанда 150%-ға өсті.
Сонымен қатар қарастырылатын кезең аралығындағы келесідей көрсеткіштер
бойынша меншікті капиталдың, банк міндеттемелерінің, активтердің өскендігі
көрінеді, сонымен қатар табыс, шығын, таза табыс көрсеткіштері бойынша осы
кезеңдерде өсім динамикасының өскендігі көрінеді.

Сурет 2 “Темірбанк” АҚ-ның 2005-2007 жылдардағы кейбір
көрсеткіштерінің динамикасы.
Суретте 2006-2007 жылдарда “Темірбанк” АҚ-ы динамикалық дамуда, және
әр жылы таза табысын өсіріп отырған.
Бухалтерлік баланс мәліметтерін салыстыра отырып, үш жыл ішінде банк
активі төрт өсті, ал меншікті капитал 179% өсті. Ең түсімді жыл 2007 жыл
болды. Түсім 3 млрд теңге.
2007 жылы банктің шығыны 2006 жылмен салыстырғанда 2 076 170 мың
теңгеге артты. 2006-2007 жылдары шығынның нақты өсуі сатуға арналған
инвестициялық бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың шығынының өсуіне
негізделген.
Банк активтерін орналастыру байқампаздық, табыстылық және әр түрлі
консервативтік принціптері бойынша жүзеге асырылады.
Темірбанк АҚ-ның активтері 2005-2007 жылдар аралығында 155 436 092
мың теңгеге өсті. 2006-2007 жылдар арлығында “Темірбанк” АҚ-ның
міндеттемелері 1219757 мың теңгеге немесе 169,1%-ға өсті. Міндеттемелер
өсімінің жалпы сомасынан депозитке 10-12 млрд теңге келеді.
Банктің қаржылық жағдайына талдау жасау бірнеше сатыдан тұрады. Жалпы
түрде бұл сатылар төмендегідей көрсетілген:
- талдау мақсатын анықтау.
- ақпараттар жинау.
- талдауды жоспарлау.
- алғашқы мәліметтерді талдау.
- экспресс-талдау.
- детальдық талдау.
- шешім қабылдауды тездету.
Нақты бөлімдерді орындау, оларды жүргізу тәртібі және алынған
нәтижелердің дәлдігі қойылған мақсатқа, ақпараттың сапасы мен көлеміне,
әдістемелік және техникалық қамтамасыз етілуге мамандардың
квалификатциясына байланысты.
Көрсеткіштер жүйесінің негізінде “Темірбанк” АҚ-ның қызметінің
тиімділігіне берілген жалпы сипаттаманы алуға болады.
2005-2007 жылдардағы “Темірбанк” АҚ-ның активтерінің құрамы мен
құрылымы 2-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Темірбанк АҚ-ның 2005-2007 жылдардағы активтерінің динамикасы
(мың теңге).
Көрсет-кі2005 2006 2007 Өзгеріс,%
штер
2006 2007
2005 2006
мың.тг үлесі, % мың.тг үлесі, %
20062007
2005 2006
мың.тг үлесі мың.тг үлесі %
%
Шұғыл өтімділік коэффиценті 0,24 0,02 0,8 К1 0,7
(К1)
Толық өтімділік коэффиценті 9,7 2,23 2,44 К2 1,05
(К2)
Табысты активтердің деңгейі 0,75 0,78 0,82 0,85 К3
(К3) 0,81
Ақылы қаражаттарды орналастыру0,60 0,70 0,33 К4 1,2
коэффиценті (К4)
Жалпы оңтайлылық коэффиценті 0,80 0,55 0,60 К5 0,005
(К5)
Активтердің рентабельділік 0,01 0,03 0,01 К6 0,005
коэффиценті (К6)
Капиталдың жеткіліктілік 0,12 0,14 0,11 К7 0,005
коэффиценті (К7)

4 – кестеден Темірбанк АҚ қызметінің барлық қаржылық көрсеткіштері
қалыпты жағдайда екендігі көрінеді. Егер 2005 жылы шұғыл өтімділік
коэффиценті 0,24-ке тең болса, 2006 жылы оның деңгейі 0,02-ға тең болды. Ал
2007 жылы шұғыл өтімділік коэффиценті 0,8-ға тең болды. Толық өтімділік
коэффиценті де нормативтерге сай болып тұр. Егер 2005 жылы ол 9,7-ге тең
болып, 2006 жылы 2,23 болса, 2007 жылы 2,44-ке тең болды.
Табысты активтердің коэффиценті табысты активтердің жалпы активтердің
ішінде қандай үлесін алатындығын көрсетеді. Егер табысты активтердің үлесі
65-70% болса, бұл қалыпты деп есептелінеді. Егер 2005 жылы жалпы табысты
активтердің деңгейі 0,75 болса, 2006 жылы 0,78 құрады. Ал 2007 жылы 0,82
көтерілді. Ақылы қаражаттарды орналастыру коэффиценті бұл тартылған
ресурстардың қандай үлесі табысты операцияларға бағытталғандығын көрсетеді.
Егер оның мәні 1,2 жоғары болса, онда тартылған қаражаттар мақсатсыз
пайдаланылғандығын көрсетеді. Бұл коэффиценттің мәні 2005-2007 жылдары
нормативтерге сай, яғни ресурстар мақсатқа бағытталған [34].
Жалпы оңтайлылық коэффиценті бұл банктің жұмысының тұрақтылығын
бағалауға мүмкіндік береді. Оның мәні 0,005 жоғары болуы керек. Темірбанк
АҚ-ның жалпы қабілеттілік коэффицентінің мәні 2005 жылы 0,80, 2006 жылы
0,55-ке, ал 2007 жылы 0,60-ты құрады.
Активтердің рентабельділік коэффиценті барлық активтердің
рентабельділік дейгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оның мәні 0,005-тен
жоғары болуы керек. 2005 жылы ол 0,01, 2006 жылы 0,03, ал 2007 жылы 0,01-ді
құрады. Яғни активтердің тиімділігі банктің тұрақтылығын сипаттайтын
шегінде тұр. Капиталдың жеткіліктілік коэффиценті меншікті капиталдың
пассив құрамында қанша үлес алатындығын көрсетеді. 2005 жылы меншікті
капиталдың үлесі 0,12 құраса, 2006 жылы үлкен өзгеріске ұшырамай көрсеткіші
0,14 ке тең. Ал 2007 жылы 0,11-ді құрады.
Яғни меншікті капиталдың үлесі қарастырылатын кезең аралығының басында
үнемі жоғарылап келетін болса соңғы жылы оның көрсеткіші төмендегені. Оның
үлесі жоғары болған сайын банк сенімді және тұрақты жұмыс істейді. Бұл
банктің қаржылық тұрақтылығын дәлелдейді. Банк рентабельділіктің жоғарғы
деңгейіне ие.
Ал енді банктің ұсынатын қызметтерімен танысайық. Банк өз қызметінде
ҚР-ның заңдылықтарына, ҚР Ұб-нің нормативтік актілеріне, Банктің жарғысына,
банктің басқа да ішкі нормативтік құжаттарына, басқарманың шешімдеріне
бағынады. Банк берілген өкілетті органның лицензиясы шегінде банктік және
өзге де операцияларды жүзеге асыруға құқылы.

2.2 Темірбанк АҚ-ның шағын бизнесті несиелеу тәртібі мен динамикасың
талдау

Банктердiң тәжiрiбесiнде қолданылатын несиелеу процесiнiң өзiндiк
алғышарттары болады. Әрбiр банкте пайдаланылатын несиелеу механизмiнiң
элементтерi несиелiк операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың
жүзеге асырылу техникасын бiлдiредi. Темірбанк АҚ-ның несиелеу
алғышарттары келесiдей:
- несиеге деген өтiнiштi қарау;
- несиелiк қабiлетiн талдау;
- несиелiк келiсiм шарт жасау;
- несие беру;
- несиелiк мәмiленiң орындалуына бақылау жасау.
Қарыз алушыларға несие беру барысында Темірбанк АҚ, Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктiк қызметтер туралы ҚР Президентiнiң
заң күшi бар жарлықтарын басшалылыққа алады. Несиелер төлем қабiлетi бар
қарыз алушыларға несиенi қайтарудың нақты көздерiнiң және тұрақты
қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай берiледi.
Бiрiншi алғышарт. Банкке келiп түскен несиеге деген өтiнiштi қарау.
Кез келген несиелiк операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз
алушы мен сұралатын несие туралы негiзi мәлiметтер: мақсаты, мөлшерi, түрi,
мерзiмi, мүмкiн болар қамтамасыз ету мүлкi көрсетiледi. Банктiң қоятын
талаптарына байланысты өтiнiшке қосымша, яғни несиелiк операциялар сипатына
байланысты құжаттар берiледi. Клиенттердiң әртүрлi топтары үшiн әртүрлi
құжаттар пакетi әзiрленуi мүмкiн. Мысал ретiндегi құжаттар пакетiнiң
құрамына жататындар:
1) Құрылтайшылық құжаттардың жарғының жалға алу шарттарының тiркелген
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік түрлері, формалары
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнесті несиелеу
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру
Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау
Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субьектілерін несиелендіруді талдау («сика» ақ мысалында)
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру
Пәндер