Стратегиялық және оперативті контроллинг
ӘОЖ 658:338.2(574)
Қолжазба құқығында
ЕРҒАЛИЕВ ҚАНАТ РАИМХАНОВИЧ
Ұйымдар қызметінің жүйесіндегі стратегиялық контроллинг: проблемалары мен
жетілдіру жолдары
(ҚР материалдары негізінде)
08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(қызмет салалары және сфералары бойынша) мамандығы
Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының кандидаты,
К.Б.Бердалиев
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы,
С.Д.Ташенова
экономика ғылымдарының кандидаты,
С.Ш.Бисенова
Жетекші ұйым: Туран университеті
Қорғау 2010 жылдың 15 қаңтар күні сағат 16.00-да Т.Рысқұлов атындағы
Қазақ Экономикалық Университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін іздену жөніндегі Д 14.02.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде
өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144
бөлме.
Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық
Университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат ____ желтоқсанда 2009 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы
А.Б.Темирбекова
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі шаруашылық субъектілері қолданатын
стратегиялар арқылы кәсіпорын қызметінің ауқымын болашақта кеңейтуге
негізделген. Оперативті жоспарлау кәсіпорын дамуының қысқа мерзімді
тенденцияларын қарастырады, ал стратегиялық жоспарлау мен болжау
кәсіпорынның және ел экономикасының перспективалық даму мақсаттарын
анықтайды.
Қазақстан экономикасының реформалануы тұрақтану тенденциясының пайда
болуына себеп болды, осы ретте өндірістің, әсіресе экономиканың нақты
секторының даму мүмкіндіктеріне көп көңіл бөліне бастады. Қазақстан
Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
экономиканың сапалы теңдестірілген өсуіне бағытталған мемлекеттің
экономикалық саясатының қалыптасуы мен жүзеге асырылуына ықпалын тигізеді.
2009 жылдың маусым айында қабылданған Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жоспарлау жүйесінде ұлттық компаниялардың даму стратегияларын
жүзеге асыру барысындағы бақылаудың ерекше маңыздылығы атап көрсетілген.
Өндірістік сфераның неғұрлым қарқынды дамуы үшін стратегиялық жоспарлау мен
басқарудың сапалы құралнамасы қажет, оған стратегиялық басқару шешімдерін
дайындайтын құрал ретінде стратегиялық контроллингтің қолданылуы ерекше рөл
атқарады.
Стратегиялық контроллинг стратегиялық шешімдер дайындаумен ғана емес,
сонымен қатар стратегиялық мақсаттарды үйлестіруді және бақылауды жүзеге
асырумен айналысады. Дұрыс стратегия қабылдау үшін аналитикалық қызметте,
ішкі және сыртқы ақпарат жинауда, стратегиялық дамудың теориясы мен
тәжірибесін жинақтап қорытуда қолданылатын стратегиялық контроллинг
құралдары пайдаланылады. Қолданыстағы экономикалық әдебиеттердегі
ақпаратқа негізделген әр түрлі талдау әдістемелері ашылған. Кәсіпорын
деңгейіндегі ақпараттардың қайнар көздері оның қаржылық есептері,
стратегиясы, жоспарлары және олардың нақты орындалуы болып табылады. Талдау
нәтижесінің дәлдігіне және басқару шешімдерінің қабылдануына жеткілікті
деңгейде дұрыс және сенімді болуға тиіс сыртқы ақпарат жоғары ықпал етеді.
Даму стратегиясын дұрыс болжау үшін мәліметтер әр түрлі қайнар көздерден
болғаны тиімді және талдау негізінде кәсіпкерлік жоспарларына тура немесе
жанама әсер ететін даму тенденциялары мен мүмкін нұсқаларын немесе
сценарийлерін анықтау керек.
Стратегиялық контроллингті дағдарыс жағдайында қолданудың маңызы өте
жоғары, бұл банкроттық, қызметті тоқтату немесе рейдерлік тәуекелділігінің
жоғарылауына байланысты. Кейбір жағдайлар есептеулерде алдын-ала
жоспарлануы немесе ескерілуі мүмкін, ол әр түрлі кәсіпорындардың теориясы
мен тәжірибесінде стратегиялық контроллингтің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Дұрыс жасалған стратегия кәсіпорынға бәсекелік күресте басым болу
мүмкіндіктерін береді, ал стратегиялық контроллинг құралдарының орынды
қолданылуы дағдарыстық жағдайлардың кері әсерін төмендетеді және
кәсіпкерлік қызметтің жағымды жақтарын жоғарылатады. Стратегиялық
контроллинг шеңберіндегі көптеген зерттеулерде шаруашылықтың стратегиялық
аймақтары мен стратегиялық шаруашылық орталықтары қарастырылады, оларды
стратегия жасау барысында дұрыс анықтау және қолдану кәсіпорынға
экономикада өз орнын анықтауға жағдай жасайды. Стратегиялық контроллингтің
негізгі мақсаты түрлі қызмет сферасындағы, меншік формасындағы және
кәсіпорындарда стратегиялық жоспарлау мен басқару үшін менеджментке қажетті
құралнама мен әдістемені көрсету.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Әдебиет құралдары стратегиялық
контроллингтің белгілі құралнамасын ұсынады, ол мемлекеттің немесе
кәсіпорынның қызмет жағдайына қарай толықтырылуы немесе икемделуі мүмкін.
Контроллингтің теориясы мен тәжірибесін және оның түрлерін қарастыру
дамыған елдердің жетекші ғалымдарына тән, олардың ішінде Ансофф И., Берр
Х., Исикава К., Кобаичи И., Кюппер Х.-У., Лейболд К., Мескон М. Х., Мюллер
А., Пич Г., Портер М.Э., Фольмут Х., Форд Г., Хан Д., Хорват П.,
Хинтерхубер Х.Х., Хунгенберг Х., Шерер А.Г., Томпсон А.А., Стрикленд А.Дж.
және т.б.
Зерттеу жүргізу барысында ресейлік жетекші теоретиктер мен
тәжірибешілердің еңбектері маңызды рөльге ие болды, олардың жұмыстарында
контроллингті, соның ішінде стратегиялық контроллингті қолданудың теориялық
және тәжірибелік аспектілері неғұрлым терең зерттелген, олардың ішінен
Анискин Ю.П., Васильчук О.И., Ивашкевич В.Б., Карминский А.М., Малышева Л.,
Никонова Т.В., Одегов Ю.Г., Попова Л.В., Попов Д., Сафаров А., Сулоева
С.Б., Фалько С.Г. және т.б. авторларды бөліп көрсетуге болады. Жұмыста
стратегиялық менеджмент пен стратегиялық маркетингтің теориясы мен
тәжірибесі бойынша Агапцов С.А., Виханский О.С., Герчикова И.Н., Ефремов
В.С., Кохно П.А., Комаров С.Е., Кныш М.И., Любинова Н.Г., Пучков В.В.,
Тютиков Ю.П., Фатхутдинов Р.А. және т.б. авторлардың еңбектері қолданылған.
Соңғы жылдары Қазақстанда да контроллингтің теориясы мен тәжірибесін,
талдауды және басқаруды жетілдіруді зерттеуге көңіл бөле басталды. Бұл
Ташенова С.Д., Баишев Б.К., Мельдаханова М.К. сияқты отандық теоретиктер
мен тәжірибешілердің еңбектерінде көрініс тапты. Алайда, контроллингті
қолдану мәселелері бойынша жұмыстардың көпшілігі шаруашылықтың белгілі
сфераларына бағытталған салалық сипатта болатынын немесе контроллинг
түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бөлінбеген жалпы бағытта болатынын
ескерген жөн.
Отандық экономикалық әдебиеттерде стратегиялық контроллингтің теориясы
мен тәжірибесі, сонымен бірге экономиканың нақты секторындағы тұрақсыздық,
белгісіздік, дағдарыс жағдайларында стратегиялық контроллингті қолдану
мүмкіндіктері мен проблемалары жете қарастырылмаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты стратегиялық
контроллингтің теориялық негіздерін игеру, оны жетілдіру және
экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының
дамуына бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Зерттеу мақсатына жету үшін және жұмыстың ғылыми бағытына сәйкес, өзара
байланысты міндеттер кешенін шешу көзделген:
– менеджмент теориясымен және кәсіпорынның стратегиялық дамуымен
байланыстыра отырып, стратегиялық контроллинг теориясының эволюциясын
зерттеу және қорыту;
– стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесін, оның
тұрақсыздық және экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпорындар үшін
маңызы мен мәнін, сонымен қатар қолданылу аймақтары бойынша
құралнамасын қарастыру;
Қазақстандағы стратегиялық контроллинг тәжірибесінің нақты жағдайын,
сонымен бірге даму стратегияларын жасау кезінде контроллинг құралдарын
енгізу мен қолдану проблемаларын көрсету;
стратегиялық контроллинг теориясы мен тәжірибесінің және әр түрлі басқару
құрылымдарына енгізу ерекшеліктерінің басқарушылық көзқарастардың басқа
бағыттарымен байланыста өзара әрекет ету проблемаларын зерттеу;
стратегиялық контроллинг құралдарының даму және қолданылу перспективалары
мен тенденцияларын, сонымен бірге стратегиялық контроллинг жүйесінің
тиімділігін есептеу мүмкіндіктерін көрсету.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының ірі ұлттық
компаниялары алынды.
Зерттеу пәні стратегиялық контроллинг құралдарын жүзеге асыру
үрдісіндегі ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар, корпоративтік
басқару жүйесіндегі стратегиялық контроллингті қолдануды енгізу мен
жетілдіру үрдісі болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі стратегиялық
басқару, жоспарлау, талдау, контроллинг дамуы мәселелері бойынша шетелдік
және отандық ғалымдардың зерттеулері, сонымен қатар Қазақстан
Республикасының нормативті-заңнамалық актілері болды.
Зерттеудің ақпараттық базасы жетекші экономистердің – теоретиктер мен
тәжірибешілердің еңбектері, алыс және жақын шетел басылымдарындағы ғылыми
және тәжірибелік мақалалар, сонымен қатар нормативті-заңнамалық база мен
республика кәсіпорындарының мәліметтері болды.
Зерттеу үрдісінде теоретикалық концепцияларды жинақтап қорыту,
стратегиялық жоспарлау және талдау әдістері, сонымен қатар дамудың
жүйелілік және қарқындылық қағидалары қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесідей түрде берілген қорытындылар
мен ұсыныстарда тұжырымдалады:
– стратегиялық контроллинг эволюциясының теориялық аспектілері, оның
стратегиялық менеджментпен, стратегиялық маркетингпен, стратегиялық
жоспарлау және талдаумен өзара байланысы мен өзара әрекет етуі
ғылыми жинақталынған;
– стратегия жасаудың теориясы мен тәжірибесі және оның түрлері,
тұрақсыздық жағдайындағы стратегиялық контроллингтің рөлі, мәні және
мағынасы, сонымен бірге стратегияны түзетуге қажетті ақпаратты
талдау үшін оның құралдары кеңейтілді және жүйеленді;
– белгіленген мақсаттарға жету бойынша даму стратегиясын жасау үшін
және басқару шешімдерін қабылдау үшін Қазақстан Республикасының
кәсіпорындарында стратегиялық контроллинг құралдарының қазіргі
заманғы қолданылу тәжірибесіне әсер ететін факторлар бейнеленген;
– Қазақстандағы стратегиялық контроллингтің теориясы мен
тәжірибесінің, әсіресе басқарудың әр текті ұйымдастырушылық құрылымы
бар әр түрлі кәсіпорындарға енгізу барысындағы өзара әрекет етуі
анықталды және стратегиялар пирамидасы жасалынды;
– стратегиялық жоспарлау, стратегиялық контроллинг жүйелері бойынша
автордың зерттеулері және бәсекелік басымдықтарға жету
стратегияларының нұсқалары ұсынылды;
– стратегиялық контроллинг құралдарының даму тенденциялары мен
перспективалары, сонымен қатар стратегиялық контроллинг жүйесін
қолдану барысында кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылатуды
есептеу мүмкіндіктері көрсетілді.
Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар:
стратегиялық контроллинг теориясын дағдарысқа қарсы құрал ретінде
қарастырудың авторлық тәсілі, ол стратегиялық басқару шеңберінде
стратегиялық контроллинг компоненттерінің негізгі құраушылары ретінде
стратегияларды, стратегиялық жоспарлау мен талдауды бірден-бірге сатылауға
(градациялауға) мүмкіндік береді;
стратегия жасаудың теориясы мен тәжірибесінің және оның түрлерінің,
тұрақсыздық жағдайындағы стратегиялық контроллингтің рөлінің, мәні мен
мағынасының, сонымен бірге стратегияны түзетуге қажетті ақпаратты талдау
үшін оның құралдарының кеңейтілген және жүйелендірілген авторлық көзқарас
кәсіпорынды стратегиялық басқарудың мақсаттарына жету үшін стратегиялық
контроллинг жүйесі құралдарының мүмкіндіктерін көрсетеді;
контроллинг тұжырымдамасы кәсіпорынды күрделі ашық әлеуметті-техникалық
жүйе ретінде көрсетуге негізделген, нақты мақсаттары, өзін-өзі реттеудің
өзіне тән механизмі бар, басқару шегінде кері өзара байланысты қамтамасыз
етеді;
белгіленген мақсаттарға жету бойынша даму стратегиясын жасау үшін және
басқару шешімдерін қабылдау үшін Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында
стратегиялық контроллинг құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстар
стратегиялық контроллингті енгізу мәселелеріндегі проблемалы аймақтарды
анықтайды, оның негізгі проблемаларының бірі енгізу базасының
жеткіліксіздігі болып табылады;
Қазақстандағы стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесінің,
әсіресе басқарудың әр текті ұйымдастырушылық құрылымы бар кәсіпорындарға
енгізу барысындағы өзара әрекетінің проблемаларын шешу жолдары, ол өз
кезегінде ел кәсіпорындарында стратегиялық контроллинг құралдарын қолдану
үрдісіне әсер ететін тенденциялар мен факторларды көрсетеді;
стратегиялық жоспарлау, контроллинг, бәсекелік басымдылықтарға жету
жоспарларының нұсқалары мен стратегиялар пирамидасы бойынша автор
зерттеулері, олардың көмегімен кәсіпорындар ғылым мен техниканың қазіргі
заманғы жетістіктерін қолдану арқылы даму стратегияларын жасай алады;
стратегиялық контроллинг құралдарының даму тенденциялары мен
перспективалары, сонымен қатар стратегиялық контроллинг жүйесін қолдану
барысында кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылатудың әдістемелік
тәсілдері.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік мәні. Диссертацияда алынған
ғылыми нәтижелер стратегиялық контроллингтің құралдары мен жеке әдістерін,
соның ішінде сыртқы орта мен кәсіпорынның ішкі саясатының өзгерістеріне
байланысты стратегия жасау әдістемесін, стратегиялық мақсаттарға жету және
оларды түзету мүмкіндіктерін толығырақ қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеудегі ұсыныстар, тұжырымдамалар, қазіргі дағдарыс жағдайындағы
проблемаларды бәсеңдетуге әсер етеді.
Диссертацияның тәжірибелік мәні стратегиялық контроллинг жүйесінің
дамуын сипаттайтын қорытындылар мен ережелер, сонымен бірге көрсетілген
нақты мәліметтер оқу үрдісінде тек студенттер, магистранттар үшін ғана
емес, сонымен қатар шаруашылық қызметтің кәсіби қатысушылары үшін де
пайдаланылу мүмкіндіктеріне негізделеді.
Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Жұмыстың негізгі нәтижелері
экономиканың, менеджменттің және стратегиялық даму теориясы мен
тәжірибесінің өзекті сұрақтарына арналған ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда баяндалып талқыланған. Диссертация материалдары келесідей
баяндамаларда мазмұндалды: Үшінші Рысқұлов оқулары атты халықаралық
ғылыми-зерттеу конференциясы (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Алматы, 19-24
мамыр 2008ж.), Ломоносов – 2009 атты жас ғалымдар мен магистранттар,
студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы (М.В.Ломоносов атындағы ММУ
Қазақстандық филиалы, Астана, 11-12 сәуір 2009ж.), Төртінші Рысқұлов
оқулары халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы (Т.Рысқұлов атындағы
ҚазЭУ, Алматы, 25-27 мамыр 2009ж.).
Зерттеу нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Зерттеу нәтижелері Т.Рысқұлов
атындағы Қазақ экономикалық университетінің студенттері үшін Менеджмент
теориясы және тәжірибесі, Менеджмент пәндері негізінде оқу үрдісінде
пайдаланылады. Автормен алынған зерттеудің ғылыми нәтижелері ҚазМұнайГаз
ҰК АҚ-ның ӨзенМұнайГаз өндірістік филиалы мен Nur Trans Energo Telecom
ЖШС-нің қызметтерінде қолданылған және енгізілген.
Жарияланымдар. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша жалпы көлемі 5,8
баспа табақ болатын 10 жұмыс баспаға шығарылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 26
кесте, 40 сурет және 5 формула бар.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Контроллингтің жалпы тұжырымдамасы, басқару функциясы ретінде,
оперативті және стратегиялық мақсаттарға жету үшін түрлі салалар қызметін
үйлестіре және біріктіре отырып, кәсіпорын қызметінің барлық сфераларын
қамтиды: қаржы және есеп, менеджмент және маркетинг. Бұл жерде тек
маркетингтегідей компанияны басқару жүйесінің нарықтық бағытталуы туралы
ғана емес, сонымен қатар, ұйымның ішкі және сыртқы ортасындағы
өзгерістердің жоғары қарқыны жағдайында контроллинг жүйесінің қойылған
міндеттерді орындау қабілеттілігі туралы да айтылады.
Менеджменттің жүйелік көзқарасы контроллингті менеджмент жүйесіндегі
барлық кіші жүйелер қызметін үйлестірудің ұйымдастырушылық функциясы деп
анықтайды. Дитгер Ханның пікірі бойынша, контроллинг автоматтандырылған
басқару жүйесі ретінде сипатталады, осыдан контроллинг үш компонентке
негізделеді деген тұжырым жасауға болады: экономикалық жүйе, басқару,
ақпараттық жүйе.
Кәсіпорында контроллингті қолдану процесін оперативті контроллинг
әдістерін қолданудан бастау, одан кейін стратегиялық контроллингті енгізу
ұсынылады. Контроллингті жүзеге асырудың мұндай тәжірибесін көптеген ірі
компаниялар қолданады. Стратегиялық контроллинг фирманың өмір сүруін
қамтамасыз етуге және оның белгіленген даму стратегиясына жылжуын
бақылауға, ал оперативті контроллинг компанияның ағымдағы мақсаттарына қол
жеткізу үшін басқару жүйесін жасауға бағытталған.
Қазіргі экономиканың 1990-жылдары басталған трансформациялық процестері
контроллингтің, соның ішінде стратегиялық контроллингтің теориясы мен
тәжірибесіне үлкен әсерін тигізді. Контроллингтің ұлттық немесе аймақтық
модельдеріне сәйкес стратегиялық контроллингтің функциялары, міндеттері
және әрекет ету аймақтары көп өзгере бастады.
Теоретиктер мен тәжірибешілер өз зерттеулерінде компанияның болашақтағы
сәттілігі үшін неғұрлым қауіпті бар факторларды анықтады: ұзақ мерзімді
стратегиялық жоспарлау; қаржылық және экономикалық талдау; тұтынушы және
өнім бойынша табыстылық; компьютерлік жүйелер және операциялар; процестерді
оңтайландыру.
Берілген тенденцияның анықталуы контроллингті қолданудың жаңа аймақтарын
көрсетеді. Неғұрлым мазмұнды бағыт болып контроллинг жүйесін өзгеріс
жағдайларына және оның кез-келген қызметке әсер етуіне негізделе отырып,
болашақта, стратегиялық жоспарда қолдану болып табылады.
Контроллингті стратегиялық және оперативті деп бөлуді кейбір авторлар
дұрыс емес деп есептейді. Алайда, көбінесе, жетекші ғалымдар стратегиялық
контроллингті контроллингтің бөлек бағыты ретінде қарастырады, бұл
міндеттер мен функцияларды атқаруда неғұрлым орынды болып табылады.
Оперативті контроллингке қарағанда, стратегиялық контроллинг кәсіпорын
басымдылықтарын тиімді қолдануға мүмкіндік жасауы керек және болашақ қызмет
үшін жағдай жасауы тиіс.
Стратегиялық жоспарлар жасау барысында контроллинг қызметі атқарушылар
мен басқарушылар арасында делдал ретінде қызмет етеді және олардың жүзеге
асырылуын бақылайды.
Стратегиялық контроллингтің негізгі міндеті компанияның ұзақ қызмет
етуіне, қызметті жоспарлауға, сонымен қатар сәттілік мүмкіндіктерін
іздеуге, жасауға және оны сақтап қалуға бағытталған.
Құрамында стратегиялық контроллинг жүйесі бар, автормен толықтырылған
стратегиялық басқарудың сызбасы 1-суретте көрсетілген.
1-сурет – Стратегиялық контроллинг құрылымы
Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автормен жасалынған
Стратегиялық контроллинг бағыттарының бірі кәсіпорын қызметінің әр түрлі
аспектілерін талдауға негізделген стратегиялық маркетингтік контроллинг
болып табылады. Оның құралдары кәсіпорын қызметінің әр түрлі аспектілерін
талдауға негізделеді. Контроллингте оперативті және стратегиялық маркетинг
аймақтары бөліп көрсетіледі, олардың көрсеткіштері қолданылатын талдау
әдістеріндегі айырмашылықтарды анықтайды.
2-суретте контроллингтің оперативті және стратегиялық аймақтарының
айырмашылықтары көрсетілген. Осылайша, егер оперативті контроллинг сферасы
айналым, тұрақты шығындарды жабу үлесі және шығындарға қатысты сұрақтарды
қарастырса, стратегиялық контроллинг сферасына сәттілік мүмкіндігі, саланың
тартымдылығы, имидж, компетенттілік, инновациялық қызмет, т.б. жатады.
Оперативті
Стратегиялық
Айналымдар
Тұрақты шығындарды Оперативті мақсатты
өлшемдер
жабу үлесі
Шығындар
Жетістік әлеуеті
Салалық қызығушылық
Стратегиялық мақсатты
өлшемдер
Имидж
Компетенттілік
Инновациялық
қызмет және т.б.
Уақытқа негізделген ось
2-сурет – Контроллингтегі оперативті және стратегиялық
мақсатты көлемдер

Стратегиялық контроллингтің қолданылу сфераларын көрнекі көрсету үшін
жекелеген белгілері бойынша берілген Питер Хорваттың оперативті және
стратегиялық контроллингтің салыстыруын көрсетуге болады (1-кесте).
1-кесте – Стратегиялық және оперативті контроллинг
Контроллинг белгілері Контроллинг типі
Стратегиялық Оперативті
Бағыты Сыртқы орта мен Кәсіпорын: ішкі
кәсіпорын: бейімделу процестердің тиімділігі
Жоспарлау деңгейі Стратегиялық жоспарлау Тактикалық және
оперативті жоспарлау,
бюджеттеу
Өлшемдер Мүмкіндіктер Тәуекелдер,Шығындар Табыс
Күшті Әлсіз жақтары Өндіріс шығындары
Өндіріс көлемдері
Мақсатты көлемдер Қызмет тұрақтылығын Үнемділік, пайда,
қамтамасыз ету. рентабельділік.
Сәттіліктің негізгі
факторлары
Ескерту – Концепция контроллинга: Управленческий учет. Система отчетности.
Бюджетирование Horvath & Pertners; Пер. с нем. – 3-е изд. – М.: Альпина
Бизнес Букс, 2008. – 269 б. әдебиеті бойынша құрастырылған
Көрсетілген салыстырудан стратегиялық контроллингтің негізгі міндеті
менеджментке стратегиялық басқару процестерінде көмектесу екендігі
көрінеді, бұл стратегиялық жоспарлау мен бақылауды сәйкестендіруге, сонымен
қатар стратегиялық шешімдер қабылдау үшін маңызды ақпаратпен қамтамасыз
етуге негізделеді.
Егер бұрын стратегиялық контроллингтің негізгі міндеті пайданы
максималдау болып саналса, қазіргі заман экономикасының даму деңгейінде
ұзақ мерзімді мүмкіндіктерде фирманың өз құнын жоғарылату маңыздырақ болып
саналады. Фирма құны оның инвесторлар үшін тартымдылығын және осы бизнеске
қаражат салу мүмкіндіктерін білдіреді.
Мұндай көзқарас стратегиялық контрллингтің құндық-бағдарлық құралдарын
фирманы басқару жүйесінде қолдануға мүмкіндік береді. Осындай құралдарға
құнды жасау факторларын оңтайландыру құралдары жатады.
Әр түрлі қызмет сфералары мысалында стратегиялық контроллинг құралдары
мен факторларының әрекеттерін қарастыруға болады (2-кесте).
2-кесте – Қолданылу аймақтары бойынша стратегиялық контроллинг құралдары
Қолданылу аймағы Құралдар
Есеп Басқарушылық есеп жүйесі:
шаруашылық қызмет туралы есеп, соның ішінде
құрама;
басқарушылық есеп көрсеткіштері;
бірнеше жылға есептілікті талдау әдістері
Ақпаратпен Құжат айналым жүйесі, бизнес-процестер картасы;
қамтамасыз ету Аймақтық және әлемдік экономика тенденциялары
Жоспарлау АВС-талдау,
инвестициялық жобаларды талдау әдістері,
маржиналды талдау,
бәсекелікті талдау әдістері,
бенчмаркинг,
логистика әдістері,
портфельдік талдау әдістері,
потенциалды талдау,
өнімнің өмірлік циклын талдау,
SWOT-талдау,
сценарийлерді талдау,
құндылықты жеткізу тізбегін талдау,
Портердің бәсекелік күштерін талдау,
қабылдау карталары,
балансталған есептеу карталары,
тармақты жоспарлау,
баға белгілеу әдістемесі,
сызықтық бағдарламалау әдісі
Мониторинг және бақылау Алдын-ала ескерту жүйесі,
үзілістерді талдау
Ескерту – Әдебиет көздерін талдау негізінде автормен құрастырылған
Қолданылатын контроллинг құралдарын талдау негізінде өзінің мамандануы
мен ұзақ мерзімге негізделуіне байланысты әдістемесін пайдаланатын
болашаққа бағытталған стратегиялық контроллинг құралдарын көрсетуге болады.
2-кестеде қолдану саласына сәйкестендіріліп стратегиялық контроллинг
құралдарына ең қолайлыларын анықтау әрекеті жасалынған.
Контроллинг құралдарына, оның мақсаттарына жету үшін қолданылатын
құралдар ретінде, төмендегілер жатады:
1. Контроллингтің барлық кезеңдерін қамтитын ақпараттық жүйе;
2. Экономикалық және қаржылық көрсеткіштер жүйесі, олар кәсіпорын
қызметінің барлық сфераларын қамтиды: өндіріс; материалды-техникалық
жабдықтау; өткізу; әкімшілік; қаржыландыру; ғылыми-техникалық және
конструкторлық; персоналды басқару;
3. Ішкі өндірістік шығындарды есептеу және талдау жүйесі, оларды
төмендету бағдарламаларын жасау;
4. Инвестициялық шешімдерді бағалау жүйесі.
Контроллинг функцияларының біртұтас жиынтығында басқару үшін қажетті
ақпаратты беру функциясы мен тікелей шешім қабылдау функциясын немесе,
анығырақ айтқанда, шешім қабылдау және оларды үйлестіру әдістемесін бөліп
көрсетуге болады. Контроллингтің ақпараттық қызмет көрсетуі кәсіпорын
қызметінің ақырғы нәтижесінің мақсатына жетуге бағытталған жоспарлау,
нормалау, есептеу және бақылау жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етіледі.
Ақпаратта міндетті (нормативті, жоспарлы және нақты) мәліметтер және
бөлімшелер тұрғысындағы есептеу әдістерімен анықталатын кемшіліктер болуы
керек.
Қазақстанда стратегиялық контроллингті енгізумен Галактика
Корпорациясы айналысады. Галактика Корпорациясы Қазақстан Республикасында
1995 жылдан бастап жұмыс істейді. Галактика-Қазақстан – бұл тек
Қазақстандағы Галактика Корпорациясының Орта-Азиялық офисі ғана емес, бұл
жергілікті заңнамаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы үшін жасалған
бағдарламалық кешен. Ол Галактика Корпорациясымен ұсынылатын қызметтердің
толық шоғыры: консалтинг, іске қосу жұмыстары, техникалық қолдау,
пайдаланушыларды оқыту (3-кесте).
3-кесте – Галактика корпорациясының Қазақстандағы тұтынушылары
Тұтынушы-компаниялар атауы
Ақсу ферроқорытпа зауыты АҚ
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты АҚ
Қазақстан алюминиі АҚ
Донской тау-кен комбинаты АҚ
Еуразиялық энергетикалық корпорация АҚ
Қазақтелеком АҚ
Казахстан РТРК АҚ
Майкл Уилсон и Партнеры ЛТД
Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі АҚ
Шұбаркөл көмір АҚ
Ескерту – Автормен құрастырылған www. galaktika. kz сайтының
материалдары негізінде
Стратегиялық контроллинг кешенін жасаудың мысалын Галактика
корпорациясының тұтынушыларының бірі – Қазақтелеком АҚ тәжірибесінде
қарастыруға болады. Қазақстанның ұлттық байланыс операторы және кеңес
үкіметінен кейінгі ең серпінді дамып келе жатқан телекоммуникация
компанияларының бірі Қазақтелеком АҚ, инфокоммуникациялық қызметтің кең
ауқымын ұсынады. Қазақтелеком АҚ-ның 51% акциясы Самрұқ-Қазына ұлттық
әл-ауқаттылық қоры атынан мемлекетке жатады. Қазақтелеком АҚ компаниясы
тобының құрылымына: Алтел АҚ (100%), Мобайл-Телеком Сервис ЖШС (51%),
GSM Казахстан ЖШС – Қазақтелеком АҚ (49%), Нұрсат АҚ (95,68%),
Сигнум ЖШК (100%), ШығысТелеком ЖШС (100%), Кептер телеком АҚ (100%),
Radio Tell ЖШС (100%) жатады. Бүгінгі күні Қазақтелеком АҚ
компаниясының тобы инфокоммуникациялық қызметті тұтынушыларының барлық
негізгі мақсатты нарығын қамтиды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның тәуелсіз және бәсекеге қабілетті
телекоммуникациялық желісі бар. Оның қызметі көп жағдайда Қазақтелеком АҚ-
ның мемлекеттік мәні бар ірі жобасы – Ұлттық ақпараттық супермагистральдің
(ҰАСМ) құрылысын аяқтаумен келісілген. Осы жобаның жүзеге асырылуы цифрлы
мемлекетті құру, электрондық үкімет, сондай-ақ ақпараттық қоғам
инфрақұрылымын құру жолына маңызды қадам жасауына мүмкіндік берді. Бұдан
басқа да, ҰАСМ Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке бірігуін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бағалау деректері бойынша,
Қазақтелеком АҚ (еншілес компаниялар есебімен) Интернет-
пайдаланушыларының жалпы саны 2008 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн. 190
мыңнан астам адамды құрады, 2007 ж. қарағанда 41,5% артық. Олардың ішінен
кеңжолақты Интернет пайдаланушылар саны (еншілес компаниялар есебімен) –
660 мыңнан астам адам. 2007 ж. салыстырғанда өсу шегі – 124,5%.
Жедел деректер бойынша 2008 жылдың 12 айына Қазақтелеком АҚ-ның
шоғырланған табысы 164 млрд. 390 млн. теңгені құрады. Шоғырланған табысының
өсімі 2007 жылмен салыстырғанда 3% астам құрады. EBITDA көрсеткіші (салық
салу мен тозуға дейінгі пайда) 46 млрд. теңгеге жуық құрады. Қазақтелеком
АҚ-ның 2008 ж. таза пайдасы шындығында, 2007 ж. деңгейінде болжанады және
31 млрд. 381 млн. теңгені құрайды.
Қазақтелеком АҚ, Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында NGN (Next Generation
Networks) жаңа ұрпақтың магистральдық қалааралық желісін салуды аяқтады.
Бүгінгі күні Қазақтелеком АҚ ТМД-ғы бүкіл елдің ауқымында қалааралық
байланыс желісінің NGN-ға өткен бірінші телекоммуникациялық операторы болып
табылады. NGN әдеттегі қалааралық байланыс желісіне қарағанда IP
технологиясы бойынша жұмыс істейді. Осы шешім қалааралық байланыс желісін
анағұрлым тиімді және үнемді тәсілмен кеңейтуді және оның базасында
жергілікті NGN желісін дамыту мүмкіндік береді. 2007 ж. ішінде NGN
жергілікті желілері Астана, Алматы, Қарағанда, Павлодар, Тараз және
Талдықорған қалаларында пайдалануға енгізілді. 2008 жылы NGN желілері
Петропавл, Өскемен, Семей және Шымкент қаларында пайдалануға іске қосылды.
NGN желілерінің құрылыс Атырау, Көкшетау және Ақтөбе қаларында басталды.
Қызметтер сапасын арттыру және олардың ауқымын кеңейту, технологиялық
жаңалықтар, қолайлы тарифтік саясат, операторлар арасындағы өзара пайдалы
серіктестік қатынастарын дамыту компанияны дамыту саясатының негізгі
басымдылығы болып табылады. Бұл мәселелер, әсіресе телекоммуникация нарығын
ырықтандыру және бәсекелестіктің өсуі талаптарында өзекті бола түседі.
Қазақтелеком АҚ негізгі стратегиялық инвестициялық жобалары жаңғырту,
ірі инвестициялық және коммерциялық жобалар болып бөлінеді, олар 3-суретте
көрсетілген.
Стратегиялық инвестициялық жобалар
Жаңғырту жобалары
1. Қазақтелеком АҚ телекоммуникация желілерін Next Generation
Network
технологиясына ауыстыру
2. CDMA технологиясын қолданып, ауыл байланысының телекоммуникация
желілерін жаңғырту мен дамыту
Ірі инвестициялық жобалар
1. DWDM магистральдік желісін салу
2. Халықаралық байланыс операторларымен түйісу шлюздарын ұйымдастыру
3. IPMPLS желісін дамыту
4. Республиканың ірі қалаларында CDMA 800 желісін дамыту
5. ҚР төтенше және анықтама-ақпараттық қызметтерін шақыру кезіндегі
нөмірді
терудің өзгеруі
Коммерциялық жобалар
1. Трафикпен алмасу орталығын салу
2. Интернет Дата орталықтарын құру
3. IPTV жобасы
4. SIP тұғырнамасын дамыту
3-cурет – Қазақтелеком АҚ стратегиялық инвестициялық жобалары

Қазақтелеком АҚ компаниясы байланыс нарығындағы алдыңғы қатарлы
оператор болып есептеледі. 4-суретте телекоммуникациялық қызмет көрсетуден
түсетін табыс көрсеткіштерінің серпіні көрсетілген. 2005-2008жж. кезеңінде
компанияда табыс көлемінің қомақты өскенін байқауға болады, мұндай әрекет
2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда қарастырылып отырған көрсеткіштің 42,9%-
ға өскенін көрсетеді. Қазақтелеком АҚ компаниясы бірқатар ірі
инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырған, сонымен бірге тораптарды сандық
жүйеге келтіруді, жаңа технологияларды енгізуді, ауылды жерлерге телефон
қондыруды жалғастыруда.
4-сурет – Қазақтелеком АҚ 2005-2008жж. телекоммуникациялық
қызмет көрсетуден түскен табыстың серпіні
Ескерту – Автормен жасалынған
Сонымен бірге телекоммуникациялық желілердің үзіліссіз жұмысы қамтамасыз
етілген, жергілікті байланыс желісін сандық жүйеге келтіру деңгейі 75%-дан
асқан. Ұлттық ақпараттық супермагистральдың негізгі торабының құрылысының
аяқталуы Қазақтелеком АҚ-на бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желі
құруға мүмкіндік берді.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру Қазақтелеком АҚ компаниясының
негізгі қызметі бойынша табыстарының бірқатар өсуіне мүмкіндік берді.
Бірақ, басқа көрсеткіштердің серпіні: операциондық табыс пен таза табыстың
– компания жұмысының жекелеген салалардағы қызметтердің нашарлағандығын
бейнелейді (5-сурет).
5-сурет – Қазақтелеком АҚ 2005-2008жж. таза табысының
өзгеру серпіні
Ескерту – Автормен жасалынған
5-суретте 2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда Қазақтелеком АҚ-да таза
табыс көлемінің төмендегенін көруге болады. Коммерциялық нәтижелерге
экономикалық дағдарыс үлкен әсерін тигізді. Қазақтелеком АҚ компаниясы
табыс көлемін ұлғайтуда, бірақ телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің
тұтынушылары болып есептелетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz