Еркін экономикалық аймақты басқару барысында пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттеу


ӘОЖ 338. 2:339. 543. 624(574) Қолжазба құқығында
ҚАРҒАБАЕВА СӘУЛЕ ТӨЛЕУҚЫЗЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
08. 00. 05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару (салалар мен қызмет сфералары бойынша)
Экономика ғылымдары кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының
докторы, профессор Мырзалиев Б. С.
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының
докторы, профессор Дәуренбекова А. Н.
экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент Қайырбаева А. Е.
Жетекші ұйым: М. Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Қорғау 2009 жылдың « 23 » желтоқсанында сағат 14. 30 Халықаралық бизнес университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне іздену бойынша Д 20. 01. 07 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді.
Мекен жайы: 050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8А, 208-бөлме.
Диссертациямен Халықаралық бизнес университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат «21» қарашада 2009 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, э. ғ. д.,
профессор: М. Х. Түсеева
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан өту үшін құрылымдық, салықтық-бюджеттік, ақша-несие, инвестициялық және ұйымдастыру шараларын қамтитын мемлекеттің тиімді экономикалық саясаты керек, олардың іске асуына елдің және аймақтардың экономикасында нарықтық қатынастарды басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Экономиканы басқаруды жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі сыртқы экономикалық іс-әрекеттер, соның ішінде еркін экономикалық аймақтарды басқару жүйесін жасау және дамыту. Қазіргі уақытта Қазақстанда бес арнайы экономикалық аймақ жұмыс жасайды. Бірақ олардың экономикалық тиімділігі толық ғылыми сараптамадан өтті деп айтуға болмайды. Бұл құбылыс осы аймақтарды жасауда жеткілікті дәлелдер қаралмауына, оларды қалыптастыру концепциясының әлі де анық болмауына байланысты. Онда еркін экономикалық аймақтың келешек дамуын анықтайтын маңызды жағдайлар бағаланбаған. Олар: экономикалық-географиялық жағдайының тиімділігі, аймақта керекті өндіріс инфрақұрылымының қалыптасуы және шын мәнінде кедендік, салықтық және валюталық жеңілдіктер тәртібін іске асыруды қамтамасыз ететін еркін экономикалық аймақты басқарудың икемді механизмін жасау болып табылады.
Алғашқы еркін экономикалық аймақтар тиісті талдаусыз пайда болған және олар экономикалық тиімсіз болды. Арнайы экономикалық аймақтарға үлкен аумақтар берілген, бірақ оларды басқару механизмі толық ойластырылмаған және жауапкершілік орталықтары анықталмаған. Арнайы экономикалық аймақтардың қызмет етуінің жалпы мәселелерінің шешілмеуі табыстылығына қарамай 1996 жылы жабылған. 2002 жылдан бастап жаңа аймақтар пайда болды, бірақ көп мәселелр шешілмеген, ал оңды нәтижелер жағдайларға байланысты.
Қазақстанда еркін экономикалық аймақтардың іс-әрекетін, оларды басқару әдістерін және нысандарын, нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуін талдау еркін экономикалық аймақтарды басқару механизмдері, оның теориялық және әдістемелік негіздері жеткілікті ғылыми дәлелденбеген.
Еркін экономикалық аймақтарда көлік транспорты арқылы жүктерді тасымалдау нарығын жетілдіру мәселелерін шешу әдістері механизмін жеткілікті деңгейде басқару жүйесіне сәйкес жасалған ішінара зерттеулер бар.
Еркін экономикалық аймақ теңіз портының кеңінен дамуы және аймақтың барлық экономикалық көрсеткіштерін көтеру, бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды керек етеді. Жаңа теориялық және тәжірибелік қорытындыларды жасау, жүк тасымалдау жүйесін жақсартуды дәлелдеу зерттеудің өзектілігін, диссертацияның мақсатын және міндетін анықтады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еркін экономикалық аймақтарды басқарудың әдіснамасын дамытуға, нарықтық қатынастарда еркін экономикалық аймақтарды басқару тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін мәселені қозғаған ғылыми-зерттеулер жүргізілген. Дегенмен, еркін экономикалық аймақтарды дамытуға белгілі бір тақырыптар аясында ғана ғылыми жаңалықтар мен ғылыми ашылымдарды баяндайды. Мысалы, зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін еркін экономикалық аймақтар бойынша ресейлік (Э. Алтынбаев, Б. Богуславский, И. Бунегина, А. Быков, В. Караваева, Л. Вардамский, Л. Васильев және т. б. ), оның ішінде тікелей шетел инвестицияларын тарту (С. Евстратов, И. Ершова, Ю. Ершов, Ю. Нечаев және т. б. ), әлеуметтік даму (А. Барышева, К. Боулдин, Е. Мишин, Д. Уайтком және т. б. ) және экологиялық әсері жағынын (Г. Громыко, С. Нестерова, Г. Чернецкая, М. Лемешов, В. Садов, В. Соколов және т. б. ) және қазақстандық ғалымдарының (Е. М. Арын, К. Бабагулов, С. Б. Байзаков, А. Есентугелов, М. Б. Кенжегузин, А. И. Кошанов, С. С. Сатубалдин, А. П. Рау, К. Аширбаев, Б. Сапарбаев, А. Т. Жадигерова, У. Баймұратов, Б. Б. Дюйсенбаева және т. б. ) зерттеген еңбектері құрайды.
Бірақ, еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдірудің кешенді көрсеткіштер өлшемі тұрғысынан келгенде, әрбір аймақтың салыстырмалы дамуына баға берілген еңбектер аз. Сол саладағы кемшіліктерді анықтап, оны алдағы уақытта жою бағыттарына толық көңіл бөлінбеген. Бұл диссертацияның негізгі зерттелетін мәселесі осы талап дәрежесін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Теориялық және тәжірибелік мәселелерді зерттеу негізінде еркін экономикалық аймақты басқарудың ұтымды бағыттарын дәлелдеу, Ақтау теңіз портының еркін экономикалық аймақ статусы арқылы жүк тасымалдауды дамытудың перспективалық жолдарын табу.
Мақсатқа жету үшін теориялық, әдістемелік және практикалық сипатта белгіленген келесідей мақсаттарды іске асыру қажет:
- еркін экономикалық аймақты басқаруда пайда болатын ұйымдастыру және экономикалық мәселелерін талдау;
- еркін экономикалық аймақты басқарудың және жұмыс істеуінің әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
- еркін экономикалық аймақтарды шетелде басқару ерекшеліктерін анықтау, Қазақстанда оларды пайдалану мүмкіндіктерін іздестіру, олардың қалыптасуында және қызмет етуінде мемлекеттік реттеуді айқындау;
- «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының қазіргі жағдайын талдау және оның басқару құрылымын бағалау;
- нақты еркін экономикалық аймақта, жүктерді тасымалдау нарығын талдау және Ақтау порты арқылы өтетін жүк ағымдарының перспективалық көлемін дәлелдеу;
- арнайы экономикалық аймақтың жетілдірілген басқару құрылымын әзірлеу.
Зерттеу пәні. Еркін экономикалық аймақты басқару барысында пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттеу.
Зерттеудің нысаны. Әртүрлі масштабтар бойынша жасау мақсатына қарай, басқарудың аймақтық және экономикалық шарттары және даму деңгейіне қарай таңдалған аймақтар және «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі мен тасымалдау жүйесі.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Аймақтық мәселелермен айналысатын шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері, Қазақстан Республикасы Парламентінің заңдары және заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентімен және Үкіметтің Қаулылары. Диссертациялық жұмысты жазуда логикалық және экономикалық-статистикалық әдістер, сараптық бағалау және салыстырмалы талдау әдістері қолданды.
Зерттеудің тәжірибелік нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының заңды және нормативті актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары және мемлекеттің даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері, министрліктер мен комитеттердің материалдары негізінде қалыптасты.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертация мақсатына сәйкес:
- еркін экономикалық аймақтың негізгі үлгілері көрсетілген және жасау мақсатына, кеңістік масштабына, географиялық орналасуына байланысты сипаттамалары, ерекшеліктері негізделді;
- еркін экономикалық аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесі талданып, Қазақстандағы оларды пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды;
- Қазақстанда еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру және экономикалық мәселелері мен оларды тиімді басқарудың бағыттары ұсынылды;
- табыс шамасына байланысты арнайы экономикалық аймақта қызмет ететін кәсіпорындардың экономикалық-математикалық үлгісі жасалды.
Қорғауға шығарылатын диссертацияның тұстары:
- еркін экономикалық аймақтарды басқаруды қалыптастырудың және дамытудың теориялық негіздері;
- еркін экономикалық аймақтардың шетелдерде қалыптастыру ерекшеліктері және оның Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері;
- еркін экономикалық аймақтардың іс-әрекеттерін реттейтін механизмдерінің сипаттамасы;
- Ақтау порты арқылы өтетін жүктерін жіберу нарығының сиымдылығын арттырудың негізгі бағыттары;
- Қазақстанның көлік жүйесіндегі Ақтау портының даму бағыттары, оның бағалануы және басқару ұсыныстары.
Зерттеулердің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Алынған нәтижелер Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақтарда басқару механизмін жетілдіруінде негіз болып табылады. Диссертацияның материалдары және қорытындылары жоғары оқу орындарында экономика мамандықтары бойынша сабақ өткізуге қолданылуы мүмкін.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы) . Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «Национальная экономика в условиях глобализации» (КазЭУ им. Т. Рыскулова, Алматы, 2005), «Наука и образование на современном этапе» (Южно-Казахстанский гуманитарный институт им. М. Сапарбаева, Шымкент, 2005), ІІ Туркестанский интеграционный форум стран Центральной Азии (МКТУ имени Х. А. Ясауи, Туркестан, 2006), «Всесторонняя ускоренная модеринизация экономики Казахстана и Средней Азии: современность и перспективы» (КазНУ имени аль-Фараби, Алматы, 2007), «Шоқан тағылымы-13» (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау, 2008), «Батыс Қазақстаннның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы: тарихы мен қазіргі жағдай» (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал, 2008), «Қазақ мемлекеттілігінің хронологисяы, құрылымы және заңдылығы туралы мәселелер» (Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан, 2008) .
Басылымдар. Диссертация тақырыбы бойынша 13 ғылыми еңбекте, оның ішінде 5 мақаласы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда шығарылған.
Диссертация құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Бірінші бөлімде « Еркін экономикалық аймақтарды басқару жүйесінің ғылыми-теориялық негіздері» еркін экономикалық аймақтарды басқарудың теориялық негіздері, олардың іс-әрекетін мемлекеттік реттеу және шетелдерде басқару ерекшеліктері қарастырылады.
Еркін экономикалық аймақтарды жасау мақсаты - өндірістің бәсекеге қабілетін көтеру, тауар және қызмет экспортының, шетел инвестицияларының валюталық ағымын өсіру, импорттық өнімді алу шығындарын қысқарту, жаңа техника және технология негізінде мемлекеттік, коммерциялық және шетел капиталдарын біріктіріп, қазіргі заманғы іскерлік, үй-шаруашылық, құқық және қаржы инфрақұрылымының даму деңгейінде жаңа өнімдердің және қызметтердің өндірісін меңгеруді тездету.
Жерді алып жатқан аймақтың мақсатына, тұрған жеріне және болашақ дамуына байланысты. Ол бірнеше гектарды қамтитын алымсыз сауда-көлік аймақтарынан, бірнеше жүз шаршы текше метрлерді алып жататын ауданды, күрделі салалық құрылымды және оны қамтамасыз ететін инфрақұрылымды, өнеркәсіптік техникаға бағытталған аймақтардан тұрады.
Аймақтар, географиялық жағдайлары бойынша қабылдайтын елдің ішінде - ішкі, әдетте, импорттың орнын басатын және сыртқы, экспортқа бағытталған стратегиясымен қолданатынға бөлінеді.
Еркін экономикалық аймақтарды жіктеуде зерттеудің бір міндеті еркін экономикалық аймақтарды басқарудың әдістерін және принциптерін негіздеуге және еркін экономикалық аймақтың әр үлгісінің басқару ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін еркін экономикалық аймақтардың жалпы белгілерін бөлу болып табылады.
Н. Смородинская, А. Капустин еркін экономикалық аймақтарды шаруашылық мамандану белгісі бойынша жіктеуді ұсынады. Осы белгіге сәйкес еркін сауда аймағы, өнеркәсіп-өндірістік, техникалық-енгізу, қызмет көрсету және кешенді аймақтар болып бөлінеді, олар өз кезегінде, жеке белгілер бойынша бөлінеді. Н. Смородинская еркін экономикалық аймақтарды тағы бір белгімен жіктеуді ұсынады: мөлшерімен және оларды ұйымдастыру әдісімен. Ондай әдісте еркін экономикалық аймақтар аумақтық және тәртіптік болып бөлінеді.
Осы белгі бойынша жіктеу еркін экономикалық аймақты ұйымдастыруда екі түрлі әдістің бар болуымен байланысты: аумақтық және тәртіптік. Бірінші әдіске сәйкес еркін экономикалық аймақтар бөлектенген аумақ ретінде қарастырылады, онда барлық резидент-кәсіпорындар шаруашылық іс-әрекетте жеңілдетілген тәртіппен пайдаланады. Екінші әдіске сәйкес еркін экономикалық аймақ деп сәйкес фирманың немесе аумақтың орналасуына тәуелсіз кәсіпкерлік іс-әрекеттің белгіленген түріне жеңілдетілген тәртіп ретінде қарастырылады.
Еркін экономикалық аймақтың мәнін терең түсіну үшін, басқа әдіске сәйкес жіктеудің тағы үш белгісін қолданған жөн болады: жасау мақсаты және еркін экономикалық аймақтың ұлттық экономикаға әсерін тигізу дәрежесі, еркін экономикалық аймақты басқаруды ұйымдастыру үлгісі бойынша.
Еркін экономикалық аймақты басқаруды ұйымдастыру үлгісі бойынша еркін экономикалық аймақты ашу туралы шешім қабылдаған билік құрылымдардың деңгейіне байланысты республикалық және өңірлік болып бөлінеді. Бұл белгі маңызды, себебі ол аймақтың статусын, экономикалық механизмінің ерекшелігін, жеңілдіктер мен кепілдіктер жүйесін, инвесторлар үшін еркін экономикалық аймақтың тартымлығын анықтайды.
Аймақтың әкімшілік-шараушылық басқару моделін таңдау оның үлгісіне және жерінің мөлшеріне, елдің мемлекеттік құрылыс ерекшелігіне, жеке сектордың дамуына және т. с. с. байланысты. Бірақ жалпы міндетті жағдай болып табылатыны, аймақ, жергілікті әлеуметтік-экономикалық жүйе бола тұрып, жергілікті және жеке шаруашылық жүйе болу керек, яғни экономиканың әртүрлі салаларына басшылық ететін салалық министірліктердің және ортылық ведомстволардың қарауынан тыс болу керек. Аймақтың белгіленген шаруашылық жекеленуі жоғары тұрған әкімшілік-аймақтық басқару мүшелерінің өзара байланысына әсерін тигізеді. Ондай өзгешілік қақтығыстарға негіз жасайды.
Мемлекет фискалды, қаржы, сыртқы сауда, әкімшілік және әлеуметтік шараларды пайдаланып, ынталандыру жүйесі арқылы нақты аймақта экономиканы дамыту және қойылған мақсаттарға жету үшін жағымды шарттар жасайды.
Еркін экономикалық аймақты мемлекеттік реттеу құралдарының бірі жеңілдетілген мемлекеттік несиелер және инвестициялар, жалдауға және коммуналдық қызметтерге төмен бағалар жүйесі, т. б. қамтитын қаржы шаралары болып табылады.
Еркін экономикалық аймақтағы жеңілдіктер мен ынталандырулар жүйесін тиімді жасау - болашақта оның ойдағыдай дамуының кепілі. Дәл осыдан инвесторларды тартудан түскен пайда мен салық және кеден жеңілдіктерінің берілуінен болған бюджеттік шығындар ара қатысы тәуелді. Жалпы жеңілдіктер, мұндағы жоқ даму факторларының өтемақы механизмы емес, берілген аймақтың салыстырамлы басымдылықтарды іске асыруда қосымша құрал қызметін атқаруы тиіс. Мемлекет рөлі тек осындай оңтайлы жүйені қалыптастыруда ғана емес, сонымен бірге оның орнатылған жеңілдіктерді және преференцийлерді сақтау үшін тұрақты түзетулер мен бақылау жасауда да маңызды.
Еркін экономикалық аймақты құрудың әлемдік тәжірибесі дәлелдегендей, еркін экономикалық аймақтар жасалатын жерлерде, елдің өңірлік күйімен және дамуымен ерекшеленетін, еркін экономикалық аймақты құруды жүргізудің екі әдісін бөлуге болады:
1. Еркін экономикалық аймақтарды тарихи қалыптасқан шаруашылық жүйесі бар, өндірістік және өндірістік емес белгіленген кәсіпорындар жүйесі бар, ерте қалыптасқан шаруашылық байланыстардың барлық үлгілері бар (ішкі өңірлік, өңірлік аралық, сыртқы экономикалық және т. б. ) жерлерде жасауға болады.
2. Еркін экономикалық аймақтарды шаруашылық жүйесі жоқ, кәсіпорындары жоқ, экономикалық белсенді халқы жоқ, шаруашылық байланыстары жоқ жерлерде жасауға болады. Бұл «игеру» өңірлер, «жас» аймақтар.
Арнайы экономикалық аймақтардың шетелдік тәжірибесі мен отандық даму тарихы келесідей қорытынды беріп отыр. Жеке арнайы аймақтардың нақты мақсаттарының ерекшеліктерінің белгілі болып жіктеліну сипатымен айқындалуы керек. Ұлттық мүдденің дамуы мен әлеуетті инвесторлардың мүдделерінің сәйкес келуі, экспорттың дамуына көліктік-географиялық және басқада алғы шарттардың орын алуы тиіс.
Еркін экономикалық аймақты жасаудың және дамытудың жоспарлауын жетілдіру жиынтықта еркін экономикалық аймақтың басқару жүйесінің элементі ретінде сыртқы экономикалық ортаны қалыптастыратын, ең алдымен ғылыми-техникалық, әлеуметтік, сыртқы экономикалық және басқа да мемлекеттік саясаттарын дәлелдеу деңгейін көтеруге бағыттау керек.
Екінші бөлімде « Қазақстан Республикасындағы еркін экономикалық аймақтардың дамуының қазіргі жағдайы » Қазақстан арнайы экономикалық аймақтарының басқару құрылымын бағалау, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызметінің нәтижелерін талдау және тиімділігін бағалау жүргізіледі.
Арнайы экономикалық аймақ - экономиканың дамуына және капиталды инвестициялауға жағдай жасайтын, шетел және ұлттық кәсіпкерлерге ерекше жеңілдетілген шарттар орнатылған, ұлттық-мемлекеттік жердің шектелген бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар сыртқы сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық міндеттерді шешу үшін жасалады.
Арнайы экономикалық аймақты басқару органдары басымды арнайы экономикалық аймақтың экономикалық субъектілерінің іс-әрекетін реттеуде жанама әдістермен қолданады, арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының кәсіпкерлік іс-әрекеті үшін жағымды шарттар қалыптастырады, оның жиынтық тиімділігі жалпы арнайы экономикалық аймақтың күтілген нәтижесіне сәйкес келеді. Кәсіпорынды басқарудың көпшілік мақұлдаған кестеден айырмашылығы осында, онда басқару субъектісі іс-әрекетті басқарады және басқару объектінің оған тәуелді бөлімшелеріне тікелей бақылау жүргізеді.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары басқару механизмы арқылы ерекше экономикалық ортаны құрайды, ол деген арнайы экономикалық аймаққа қатысты сыртқы болып табылады және соның жерінде шаруашылық іс-әрекет жасайтын субъектілерге қатысты қосымша сыртқы орта болып табылады.
Басқару әсері арнайы экономикалық аймақты басқару механизмы арқылы жүргізіледі, ол ендігі негізгі элементтерді қамтиды:
- басқару қызметтері, олардың маңыздыларына жататындар: жоспарлау, ынталандыру, ұйымдастыру және бақылау;
- басқару әдістері;
- басқару принциптері.
Арнайы экономикалық аймақты басқару Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігімен «Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту департаменті» Мемлекеттік мекемемен, жергілікті бюджеттен қаржыланатын «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы әкімшілігі - орындаушы органмен жүзеге асады.
2002 жылдың сәуірінен «Ақтау теңіз портының» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Нұсқауы 2003 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енді.
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы теңіз сауда портының аумағында және де берілген жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының Ақтау қаласының әкімшілік-территориялық шеңберіндегі территория бөлігінде орналасқан. Арнайы экономикалық аймақтың аумағы 227, 1 га құрайды, соның ішінде теңіз порты ауданында 154, 5 га, өнеркәсіп аймағында 72, 6 га және Қазақстан Республикасы аумағының ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.
Арнайы экономикалық аймақ республика экономикасының дүние жүзілік шаруашылық байланыстары жүйесіне енуін жандандыру үшін өңірді тездете дамыту мақсатында, жоғары тиімді, соның ішінде жоғары технологиялық және экспортқа бағыттанушы өндірістерді құру мақсатында, жаңа өнім түрлерін меңгеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің заманауи әдістерін енгізу және сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында құрылады.
Арнайы экономикалық аймақтарды жасаудың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, аймаққа инвестицияларды тартудың тиімді әдісі, сыртқы экономикалық және аймақ аралық байланыстардың және экономиканың катализаторы. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың іс-әрекетінің негізгі мақсаты астананың жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысын жылдамдату және Индустриялық паркте жаңа өндірістерді ашу болып анықталған. Қазіргі уақытта «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың жері 5900 га құрайды, ол алғашқы бөлінген жерден 5 есе көп, 1052 га құраған.
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың құрылуынан басталған күннен бері 255 объект тіркелген, олардың ішінде: 80 инженерлік-көлік инфрақұрылымның объектісі, 68 - тұрғын үй, 63 - әлеуметтік-тұрмыстық объектілер, 30 - әкімшілік үйлер және 14 - өндірістік объектілер. Қазіргі күнде 140 объекті пайдалануға берілген. 115 объектіде құрылыс жалғасуда.
Инвестицияларды тартудың табыстылығы екі фактолармен анықталған:
1) жеңілдетілген тәртіп;
2) инвесторларға қажетті инфрақұрылыммен жерді беру.
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың аумағы екі қосалқы аймақтан тұрады: құрылыс және өндіріс. Құрылыс қосалқы аймақ Есілдің сол жағында орналасқан, 5302, 5 га жерді құрайды. Құрылыс қосалқы аймақтың шеңберінде астананың жаңа әкімшілік орталығы соғылған. Өндірістік қосалқы аймақ немесе Индустриялық парк қаланың өнеркәсіп ауданында орналасқан, оның жері 598, 4 га құрайды.
Арнайы экономикалық аймақтың жерінде кедендік тәртіптер орнатылған, олар арнайы экономикалық аймақтың қатысушы-кәсіпорындарына өз мүдделері үшін кедендік баждарын, салықтарын және тарифтік емес реттеудің ешқандай шараларын қолданбай жүктерді қабылдап алуға мүмкіндіктер береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz