ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 3

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1. 1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы . . . 6

  1. Инвестицияның қызметі мен операциялары . . . 11

2 Инвестициялардың экономикалық тиімділігін жоспарлау

2. 1 Қазақстан экономикасындағы инвестициялық процесстерді талдау . . . 15

2. 2 Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетінің динамикасын және құрылымын бағалау . . . 22

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ . . . 29

Қорытынды . . . 33

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36

Қосымшалар . . . 37

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық активтерді алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу болып табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар - бұл белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған, болашақ құнға айрбасталуы.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.

Екінші бөлімде Қазақстан экономикасындағы инвестициялық процесстерді талдап, кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетінің динамикасын және құрылымын бағалау жөнінде мәліметтер келтірдім және Қарағанды облысының инвестициялық сферасын талдадым.

Үшінші бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар мен нормативтік актілерді сараладым. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспектілерін жаздым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар, мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Инвестициялық саясаттың мақсаты болып инвестициялық қызметті жандандыруға, сонымен қатар отандық экономиканы көтеруге және қоғамдық өндірістің тиімділігіне бағытталған Қазақстан республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру табылады.

Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы: Жалпы мемлекеттік инвестициялық саясаттан басқа салалық, аймақтық және жеке шаруашылық субъектілерін инвестициялық саясатын ерекшелейді. Олардың барлығы өзара тығыз байланысты, бірақ анықтаушы болып жалпы мемлекеттік инвестициялық саясат табылады.

Кәсіпорындардағы инвестицияның саясаттың ең маңызды принципі болып келесілер табылады:

  • кәсіпорынның стратегиялық жоспарға жетуге және оның қаржылық тұрақтылығына инвестициялық саясаттың бағытталуы;
  • инфляцияны және тәуекел факторларын есепке алу;
  • инвестициялық (бизнес-жоспардың) экономикалық негізделуі;

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында инвестициялаудың теориялық негіздерін қарастыру арқылы оның экономикадағы белсенділігін талдап, оны арттырудың жолдарын ұсыну табылады.

Курстық жұмыстың міндеті:

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

- қазіргі экономикадағы инвестициялардың рөлін және мазмұнын қарастыру;

- негізгі капиталды инвестициялаудың ерекшеліктері мен негізгі формаларын қарастыру;

- Қазақстан экономикасындағы инвестициялық процесстердің негізгі бағыттарын талдау;

- нақты кәсіпорын деректеріне сүйеніп, оның инвестициялық іс-әрекетінің динамикасын және құрылымын талдау;

- нарықтық экономика жағдайында негізгі капиталға жұмсалатын инвестицияларды көбейтудің жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыстың зерттелу нысаны: Экономикалық категория ретінде инвестициялар маңызды функциялардың қатарын орындайды, қандай да мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуы мәнсіз болады. Макродәрежедегі инвестициялардың негізі келесілер болып табылады:

- кеңейтілген өндірістің саясатын жүзеге асыру үшін;

- ҒТП-ң жылдамдатылуы, отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту үшін;

- қоғамдық өндірістің құрылымдық қайта құрылуы және ұлттық шаруашылықтық барлық салаларының теңдестірілген дамуы үшін;

- өнеркәсіптің қажетті шикізат базасын құру үшін;

- табиғи ортаны қорғау және басқа көптеген мәселелерді шешу үшін.

Курстық жұмыстың теориялық әдіснамасы: Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізін негізгі капиталға жұмсалатын нақты инвестициялар құрайды. Көптеген кәсіпорындарда бұл инвестициялау қазіргі жағдайдағы инвестициялық қызметтің жалғыз бағыты болып табылады. Бұл кәсіпорынның инвестициялық қызмет жүйесіндегі нақты инвестицияларды басқарудың жоғары ролін анықтайды. Негізгі капиталға жұмсалатын нақты инвестициялар кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырудың басты нысаны болып табылады. Бұл дамудың негізгі мақсаты жоғары тиімді нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, ал кәсіпорынның стратегиялық даму процесінің өзі осы инвестициялық жобаларды уақытында жүргізудің жиынтығы болып табылады. Инвестициялаудың осы нысаны кәсіпорынға жаңа тауарлы және аймақты нарықтарға енуге, өзінің нарықтық құнының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін қазіргі шарттардың қанағаттандыруы, капиталдық салымдардың сапалы құрылымы инновация және жаңа енгізулердегі инвестицияның маңызды бөлігімен ерекшеленеді, яғни жаңа технологияларды және күштерді енгізуде отандық өнеркәсіптің негізгі қорлары тозған және ескірген, олар еңбек сыйымды, материал сыйымды, толығымен бәсекеге қабілетсіз өнім шығарады. Негізгі қорларды бөліктеп жақсарту, жаңарту, техникалық қайта қарулану және қайта құрастыру деп аталады.

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1. 1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы

Инвестициялар - бұл табысты алу немесе өзге пайдалы эффектісіне жету мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар.

Нарықтық экономикада «инвестициялар» түсінігі оған жалғыз және түбегейлі анықтама беру үшін тым кең болып табылады. Экономикалық теорияның негізгі бөлімдерінде және практикалық қызметтің түрлі облыстарында оның мазмұны өзінің ерекшеліктеріне ие болады.

Макроэкономикада инвестициялар өндірістің жаңа құралдарына (өндірістік немесе тұрақты инвестициялар), жаңа тұрғын үйлерге инвестицияларына және тауарлы қорлардың өсіміне шығындардан тұратын жиынтық шығындардың бөлігі болып табылады. Яғни, макроэкономикалық аспект инвестициялар - бұл ағымдағы кезеңде пайдаланылмаған, және экономикада капиталдың өсімін қамтамасыз ететін жалпы ішкі өнімнің бөлігі болуымен анықталады.

Өндіріс теориясында және макроэкономикада толығымен, инвестициялар жаңа капиталды құрудың процесі болып табылады (өндіріс құралдарын, сонымен бірге, адам капиталын қоса отырып) .

Сонымен, қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық активтерді алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу болып табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар - бұл белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған, болашақ құнға айрбасталуы.

Республикадағы инвестициялық қызметтің жағдайын келесі көрсеткіштердің өсу қарқыны сипаттайды:

  • инвестициялардың жалпы көлемі;
  • жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың үлесі;
  • инвестициялардың жалпы көлемінде қаржылық емес активтерге инвестициялардың үлесі;
  • қаржылық емес активтерге инвестициялардың көлемі.

Инвестициялық қызметтің жағдайын жанама, бірақ жеткілікті объективті түрде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу темптері сипаттайды:

  • ұлттық табыстың;
  • ЖІӨ және ЖҰӨ;
  • өнеркәсіптік өндіріс көлемінің;
  • өнеркәсіптік өнімнің бөлек маңызды түрлерін шығарудың;
  • ауылшаруашылық өндіріс көлемінің;
  • қоғамдық еңбек өнімділігінің;
  • және басқалардың.

Инвестициялық қызметті бағалауында бұл көрсеткіштердің объективтілігі олардың өсуі инвестициялардың салымынсыз мәнсіз болатынымен байланысқан. Егер бұл көрсеткіштердің өсу темпі инвестициялардың өсу темпінен асып кетсе, онда бұл инвестицияларды қолданудың тиімділігін жоғарлату себебі және керісінше.

Инвестициялар деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне маңызды әсер етеді; оның өсу қарқынынан ұлттық экономикада көптеген макропропорциялар тәуелді болады.

Инвестициялардың тиімділігін есепке алу, талдау және жоғарлату үшін макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де олардың ғылыми негізделген классификациясы қажет. Инвестициялардың ойластырылған және ғылыми жоспарда негізделген классификациясы тек оларды сауапты есепке алу ғана емес, сонымен бірге олардың барлық жағынан қолданылу деңгейін талдауға және бұл негізде тиімді инвестициялық саясатты жасау және іске асыру үшін объективті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі экономиканың тұрмыстылығында және тәжірибесінде аса таралған келесі белгілер бойынша инвестициялардың төмендегі классификациясы қолданылады:

  • болашақ объектілердің мақсатты тағайындалу белгісі бойынша - бұл олардың ұлттық шаруашылықтың салалары бойынша бөлінуі - өз кезегінде екі бөлімшелерін - өндірістік тағайындалуының объектілеріне салымдарын және өндірістік емес тағайындалудың объектілерін құрайды.
  • негізгі қорлардың қайта өндірісінің формалары бойынша - жаңа құрылысқа, әрекет етуші кәсіпорындардың кеңейтілуіне және қайта құруына, сонымен бірге техникалық қайта қаруландырылуына.
  • қаржыландыру көздері бойынша - орталықтанған және орталықтанбаған.
  • қолдану бағыты бойынша - өндірістік және өндірістік емес.
  • инвестицияларды қосу объектілері бойынша:

мүлікке инвестициялар (нақты инвестициялар) - ғимараттарға, жабдықтарға, құралдарға, материалдардың қорларына инвестициялар; нақты (капиталды құрайтын) инвестициялар - әрекет етуші кәсіпорындардың қайта құрылуына және техникалық қайта қарулануына жаңаларын құру. Бұл жағдайда инвестор-кәсіпорны қаражаттарды сала отырып, өзінің өндірістік капиталын көбейтеді - негізі өндірістік қорлар және олардың қызмет етуі үшін қажетті айналым құралдары;

қаржылық (портфельді) инвестициялар (акцияларды, облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды алу) ; портфельді инвестициялар - басқа кәсіпорындардың активтерін акцияларға, облигацияларға, басқа бағалы қағаздарға салу. Портфельді инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвестор бағалы қағаздарға дивиденд-табыстарын ала отырып өзінің қаржылық капиталын көбейтеді;

материалды емес инвестициялар немесе материалды емес активтерге инвестициялар (патенттер, лицензиялар, бағдарламалық өнімдер, ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелі-құраушы жасаулар және т. б. ) .

Капитал құраушы инвестициялардың құрылымында негізгі орынды негізгі капиталға инвестициялар алады, қайсысылардың көлеміне жаңа құрылысқа, қайта құрылуына, әрекет етуші өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көліктік, саудалық және басқа кәсіпорындардың кеңейтілуіне және техникалық қайта қарулануына шығындар, тұрғындық және мәдени-тұрмыстық құрылысқа шығындар кіргізіледі.

Инвестицияларды қолданудың тиімділігі маңызды дәнежеде олардың құрылымына байланысты болады. Инвестициялардың құрылымында олардың түрлері, пайдалану бағыттары бойынша құрамы және олардың жалпы инвестицияларда үлесі түсініледі.

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай - ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сегмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.

Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі - XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.

"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:

Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді. Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.

Инвестиция дегеніміз - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықтар.

Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрылысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.

Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.

Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор - бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.

Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз капиталын салушы адам.

Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.

Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.

Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлеуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге, ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.

Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:

1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.

2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.

3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;

4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру [17; 448-456 бет] .

Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25, 8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады. Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.

1. 2 Инвестицияның қызметі мен операциялары

Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:

  1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды - реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
  2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
  3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ауыспалы айналымы және капитал айналымы
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ Инвестиция және олардың кәсіпорын қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудегі ролі
Үйренушілік шығындар принципі
Мемлекеттік несие түсінігі, нысандары мен сыныптамасы
Инвестицияның қайнар көздерінің жіктелуі
Инвестициялардың экономикалық тиімділігін жоспарлау
Инвестициялық қызметтің объектілері
Мемлекеттік бюджеттің балансы
Халықаралық мемлекеттік несие
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz