Зейнетақы қорының міндеттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚЫЗМЕТІ-НІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Зейнетақы қоры қызметінің мазмұны мен мәні және құрылымы . . . 8

1. 2 Зейнетақы қорының міндеттері . . . 14

1. 3 ҚР-ның зейнетақы қоры қызметінің даму кезеңдері . . . 16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚЫЗМЕТІ-НІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУІН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін басқарудың

ерекшеліктері . . . 27

2. 2 Қазақстан Республикасының«Халық Банк ЖЗҚ-ның» даму кезеңдері және

қаржылық көрсеткішіне талдау . . . 34

2. 3 Қазақстан Республикасының «Халық Банк ЖЗҚ» қызметімен байланысты

проблемалары . . . 40

3 ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

3. 1 Зейнетақы қоры қызметінің шетелдік тәжірибесі . . . 46

3. 2 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі қазіргі жағдайы және дамыту жолдары . . . 55

3. 3 Зейнетақы жүйесіндегі тиімді ұйымдастырушылық - экономикалық тетіктер . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

ҚОСЫМША . . . 70

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Қазақстан халқына арналған 2009 және 2010 жылдардағы Жолдауларында ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан еді. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан анық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.

Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының әлеуметтік көңіл-күйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сатысында болып келді және осылай болып қала береді.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Жаңа үш жылдық бюджет: тұтас алғанда 2010 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2, 5 есе, оның ішінде 2009 жылы - 25%, 2010 жылы - 25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% -ға дейін өсірілуге тиіс;

Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы маңызды рөлді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға болады.

Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік - экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақы мен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелерінің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді қажет ететін жүйе деп санаймын.

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi . Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі - зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да - мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік-экономикалық мәселелер болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан - 2030” Жолдауында “Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің, қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi - халықтың материалдық және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту” деп атап өтті. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі - Қазақстандағы зейнетақы қорлары әрі қарай қарқынды дамып, зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кешіктіріліп берілетін зейнетақы жойылып, зейнетақы жүйесі оң нәтижелерге ие болуда. Зейнетақы жарнасы қазіргі кезеңде салымшылардың нақты зейнетақысын көбейтуге және ел экономикасын инвестициялауға бағытталған екі қызметті атқаруда [1] .

Аталған жетістіктермен қатар, зейнетақы қайта құрулардың әдістемелік есептеулерде жіберген қателіктер де болды. Атап айтқанда, 1998 жылдан бастап қосылған құн салығы, табыс салығы сияқты салықтар қатарына еніп кеткен біріңғай әлеуметтік салықтың (БӘС) енгізілуінде болып отыр.

Қазақстанның нарықтық қайта құрулары мен макроэкономикалық көрсеткіштегі оң өзгерістеріне қарамастан, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі кезеңнің талаптарына сай келе алмай отыр.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі - жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салылымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР Президентінің жолдауындағы: “Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін” деген ойымен де расталды.

Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар ЖЗҚ қызмет етуде. Мұндай қорлардың сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше, тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік-қаржы топтарының жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.

ҚР-ның зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет етеді. Егер уақытында зейнетақымен қамтамасыз етуде институтционалдық, құрылымдық тұрғыда қажетті шаралар қабылданбаса, зейнетақыны сақтандыру үшін және табыс алу үшін активтерді инвестициялау арқылы болашақ зейнеткерлерді ұзақ уақыттың дивидендтермен кепілдендірмесе зейнетақы қайта құруларының барлық нәтижелері уақытша сипатқа ие болады. Осыған байланысты жеткілікті зейнетақымен қамту, яғни Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін әсіресе экономикалық және заңдылық базасын, қаржыландыру жүйесі мен субьектілердің құқықтық қатынас жауапкершіліктерін жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан да зерттеу жұмысы тақырыбының таңдалу себебі әлеуметтік-экономикалық дамудағы тұрғындардың әлеуметтік жақсаруына бағытталған зейнетақы жүйесінің даму заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігімен негізделеді.

Жұмыстың ғылыми - зерттеу деңгейі . Экономикалық мектептердің көпшілігінде қоғамдағы еңбекке қабілетсіз мүшелеріне әлеуметтік-экономикалық қорғауға әрқашан жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінген. Бұл мәселелерге тоқталған: А. Смит, У. Петти, Д. Рикардо, Д. Кейнс, А. Маршал, П. Даймонд, Х . Пинер және т. б. классиктер болды.

Халықты зейнетақымен қамтамыз ету мәселелері ТМД ғалым экономистерінің еңбектерінде де, яғни: А. Аникеева, В. Агорхан, Е. Астрахан, С. Афанасьева, А. Берг, А. Вихляев, Н. Ветрова, Л. Вульф, М. Герасимов, А. Егоров, М. Захаров, Л. Зубненко, Л. Лебедева, В. Михеев, Б. Ракитский, Л. Соловьева, Е. Четыркин, Ю. Шартов және т. б. ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Зейнетақы жүйесінің қызмет етуі кезінде Қазақстандық нарықтың ерекшелігін ескеру қажет. Берілген тақырыптың әртүрлі аспектілері: Н. М. Мамыров, Т. Н. Рогачева, Ж. О. Ихданова, Н. Н. Хамитова еңбектерінде көрініс тапқан. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қызмет етуіне қатысты мәселелерді және әлеуметтік аннуитеттік сақтандыру мен әлеуметтік нарық мәселелерін зерттеушілер қатарына Н. Алимуханбетов, Г. Ж Карагусова, Г. А Марченко сияқты эксперттерді атап өту керек. Зейнетақы қорларының қаржы құралдарындағы ерекшеліктері В. Г. Ли еңбегінде зерттелген.

Зейнетақы қорларының институционалдық инвестор ретінде қызмет етуі, қор нарығының дамуы және әлеуметтік мәселелерді шешу тетіктері мен олардың қарқыны А. А. Алимбаев, Р. А. Алшанов, У. Б. Баймуратов, С. Х. Берешов, А. Б. Зинельгабдин, Р. Е. Елемесов, А. С. Есентугелов, Г. А. Есіркепов, У. И. Искаков, Л. Е. Ибрагимова, К. К. Ильясов, А. К. Кошанов, М. В. Кенжегузин, К. С. Мухтарова, Н. К. Нурланова, А. Х. Нурсейітова, Г. Н. Сансызбаева, К. М. Тулепбаев, Д. К. Турсынбаева, Г. Н. Шалгинбаева еңбектерінде көрініс тапса, соңғы жылдардағы әлеуметтік саясат және республикадағы іске асып жатқан зейнетақы және әлеуметтік- экономикалық қайта құрулар, зейнетақы активтерді басқаруды жетілдіру А. М. Жуманов, Р. С. Каренов, Ш. К. Көпешов, Б. С. Мырзалиев, А. А. Сатыбалдин, С. Д. Тәжібаев, Т. Я. Нурымбетов, Ә. К. Утаров, Ұ. Ж. Шалболова, сияқты және басқа да экономист ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Алайда, Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесiнiң қалыптасуына арналған зерттеулерде халықты мемлекеттiк емес зейнетақымен қамтамасыз етудің қаржылық тетігі, зейнетақы қорларының инвестициялық iс-әрекетi және оны басқару тетігі, зейнетақылық активтердiң инвестициялық қоржынын қалыптастыру, оны ұтымдастыру жөнiнде ұсыныстар жасау, сонымен қатар елдiң экономикасын қаржыландыруда зейнетақы қорларының активтерiн пайдаланудың болашағы жөнiндегi мәселелер жан-жақты жетілдірілуді қажет етеді. Сондықтан, нарықтық экономикада ҚР зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты зейнетақы қорларын ары қарай дамытуды зерттеу. Өйткені көп аспектілі және талдау, бағалау, зерттеуді қажет ететін жүйе. Зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жағдайларын практикалық талдау және теориялық негіздерді білу негізінде, зейнетақы жүйесін басқаруды жүзеге асыру бойынша аса оптимальды жолдар әзірлеу және жинақтау болып табылады.

Зерттеудiң міндеттері. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтiк-экономикалық мәнін нақтылау және теориялық негіздеу ;
  • экономикасы дамыған елдердегi зейнетақымен қамтамасыз етудің тәжiрибелеріне ғылыми шолу жасап, отандық зейнетақы жүйесімен салыстыра зерттеу;
  • тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін зерттеу және талдау;
  • зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттырудың факторлары мен көрсеткіштерін жүйелендіру;
  • зейнетақы қорларының қызметтерін кеңейтудің қажеттілігін ғылыми негіздеу;
  • зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық - экономикалық тетіктерін жасау;
  • зейнетақы жүйесінің тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасауда экономика-математикалық үлгілерін ұсыну.

Зерттеу объектісі «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының жинақы зейнетақы жүйесі болып табылады.

Зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiзi болып Қазақстандық және шет елдiк ғалымдардың ғылыми зерттеулері; халықты зейнетақымен қамтамасыз ету қатынастарын реттейтiн заңнамалық және нормативтік актілер, зейнетақы жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламалары табылады.

Дипломдық жұмыста мемлекеттiк статистикалық Агенттіктердің, бағалы қағаздар жөнiндегi Қазақстан Республикасының ұлттық Комиссиясының, зейнетақы қорларының iс-әрекетiн реттеу жөнiндегi Комитеттiң, ҚР-ның қаржы нарығы және ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің деректері, зейнетақы қорларының анықтамалық, статистикалық материалдары және есеп беру мәлiметтерi, мерзiмдi басылымдардың материалдары, халықты зейнетақымен қаматамасыз ету мәселелерiне арналған конференциялардың материалдары пайдаланылды.

Мәселелерді шешу тәуелділігіне байланысты әр-түрлі зерттеу әдістері қолданылды: топтастырулар, орта шамалар табу, графикалық әдістер, мәліметтерді талдау және жинақтаудың экономикалық-статистикалық әдістері, салыстырулар тәсiлдерiн пайдалану арқылы және басқалар.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Зейнетақы қоры қызметінің мазмұны мен мәні және құрылымы

Зейнетақылық қордың мәні - бұл нақты өндіріске деген инвестициялар. Ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің немесе Ұлттық банкісінің бағалы қағаздарына ғана емес, тіптен банктік депозиттерге де емес, өзінің құны жоғалмайтын және де тіптен жаңа құн қосатын материалды обьектілерге инвестициялар. Мысалға айтсақ, зейнетақы қоры салымшыларынан бүгін аударымдарды алып, оны газ немесе мұнай құбыры құрылысына салсақ, олар 20 жылдан кейін де рентабельді болып қала береді. Әзірше жинақтардың 67% мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуда. Яғни ол дегеніміз мемлекеттік қарызға салынған, және де мемлекеттің өзі зейнетақы қорларының инвестициялық табыстылығына кедергі етеді. Ал мұндай "жиналымдар" болса ерте де кеш қирайды [2] .

Еңбекке қабілеттігі жоқ азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың кажеттігін теориялық тұрғыдан негіздеу XIX ғасырдың соңында - XX ғасырдың басында, яғни өндірістің жедел қарқынмен даму және жалданбалы еңбек қызметкерлерінің санының өсу кезеңінде басым көпшілік елдерде жасалды. Жалданбалы кызметкерлер санының өсуі еңбекке қабілетті халықтың жастық құрылымының өзгеруімен қатар орын алды: оның құрамында әлеуметтік қорғауды қажет ететін қарт адамдардың үлесі жүйелі түрде өсіп отырды.

Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың нысанын білдіретін «әлеуметтік қамсыздандыру» түсінігі заң әдебиетінде кеңестік биліктің алғашқы жылдарында пайда болды. «Әлеуметтік қамсыздандыру» түсінігі БҰҰ Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған Экономикалық әлеуметтік және мәдени кұқықтар туралы халықаралық фактісінде ресми түрде бекітілген. Нақты айтар болсақ, бұл фактіге қатысушы мемлекеттер әрбір адамның әлеуметтік қамсыздандыруға, соның ішінде, әлеуметтік сақтандыруға қатысты құқығын таниды.

Еңбек зейнетақыларын зейнетақылық жасқа жеткен және қажетті енбек стажы бар тұлғалар алатын. Еңбек зейнетақысының мөлшері еңбек стажына және жұмысының соңғы жылдарындағы орташа жалақысының мөлшеріне қарай анықталатын. Мұндай зейнетақылар негізінен мемлекеттік бюджеттен, сонымен қатар заң шығарушылық тұрғыдан белгіленген, жұмыс берушілер, қызметкерлер және кәсіподақтар төлейтін міндетті төлемдер есебінен қаржыландырылатын.

Әлеуметтік зейнетақылар еңбек зейнетақыларына құқықты иеленбеген, көмекке мұқтаж азаматтарға (жетімдерге, мүгедектерге, азаматтардың кейбір өзге де санаттарына) еңбек стажына қарамастан берілетін. Мұндай зейнетақылар толығымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын. Аталған зейнетақылардың мөлшері өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшеріне тәуелді болмайтын, оларды мемлекет белгілейтін.

Сипатталып отырған зейнетақылық жүйе толыққанды сипатқа ие болды, халықтың жұмыс істемейтін бөлігі - зейнеткерлерге зейнетақы төлеу мүмкіндігін елдің жұмыс істейтін бөлігі беретін. Мұндай зейнетақылық жүйе тек жоспарлы әкімшілік экономика, еңбекке қабілетті халықтың толығымен жұмыспен қамтылуы және зейнеткерлер мен жұмыс істейтін азаматтар санының, оңтайлы арақатынасы жағдайында ғана пайдалы болатын. Мұндай зейнетақьлық жүйенің, ешбір шиелініссіз өмір сүруі мынадай пропорция сақталған жағдайда ғана мүмкін болатыны белгілі: он төлеуші - бір алушы.

Бірақ, Қазақстанда 90-жылдары тіпті өзгеше жағдай орын алды. Бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық пайда болды, оның деңгейі күн санап өсе бастады, еңбектің көлеңке нарығы бірден кеңейіп, жалақы мөлшері біршама төмендеді, тіпті қызметкерлерге жалақы айлап төленбейтін болды. Мұндай жағдайда жоғарыда аталған пропорцияның (он төлеуші - бір алушы) сақталуы туралы сөз де болмайтын.

Сондықтан, 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап зейнетақылық жүйені әлеуметтік-экономикалық өгерістерге қарай сәйкестендіру талпыныстары жасалды.

1991 жылғы 15 маусымда тәуелсіз Қазақстанның тарихында зейнетақы туралы алғашқы заң «Қазақ КСР-де азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданды. Бұл заңның басты мақсаты болып зейнетақылардың мөлшерін жұмыс стажына және орташа айлық жалақыға тәуелдірек ету, сонымен қатар зейнетақылық жүйені арнайы құрылатын зейнетақы қорларының есебінен қаржыландыруды ұйымдастыру табылды. Соған қоса, зейнетақыларды тағайындау және төлеу тәртібі елеулі түрде өзгерді.

Алайда, аталған заң басты мәселені - зейнетақылық жүйені қаржылық қамтамасыз етуді тұрақтандыруды шеше алмады. Мұның өз себептері болды; алдыңғы жылдардың жинақ қорлары болмады, салық төлеушілердің сандары және олардың табыстары төмендеді, мемлекеттік бюджет Зейнетақы қорының шығындарын жеткіліксіз жабатын. Осылардың нәтижесінде құрылған Зейнетақы қоры өзін-өзі қамтамасыз етуді тоқтатты және оның табыстары тіпті ағымдағы төлемдерге де жетпейтін болды.

Қазақстан Республикасының зейнетақылық жүйесінің дамуындағы келесі кезең болып 1994 жылы «1994 жылға нақтыланған республикалық бюджет туралы» заңды қабылдау болды. Бұл заңды қабылдау нәтижесінде зейнетақылық жүйеде біршама өзгерістер орын алды: жасына байланысты зейнетақыларды және мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақышыларды және әлеуметтік зейнетақыларды функционалдық және қаржылық тұрғыдан бөлу жүргізілді, зейнетақылық қор Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауына берілді. Осылай, зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландырылудан алып тасталды, жасына байланысты зейнетақылар жұмыс берушілермен және қызметкерлердің өзімен қаржыландырылатын болды. Адамның қайтыс болуымен немесе оның еңбекке қабілеттігінің жоғалтуымен байланысты жәрдемақылар мемлекеттік бюджеттен тиісті жәрдемақы түрінде төленетін болып қала берді. Қазақстан Республикасының зейнетақылық жүйесінде 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы занды қабылдауының нәтижесінде біршама өзгерістер орын алды. Бұл заң зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік толыққанды жүйесінен - белгіленген міндетті жарналармен және ерікті косымша жарналармен байланысты зейнетақы жүйесіне біртіндеп өтуді бекітті.

Жеке зейнетақылық жинақ қорларын қалыптастыру үшін зейнетақы қорларының екі түрі құрылды: мемлекеттік зейнетақы қоры (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары.

1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша кем дегенде алты айлық еңбек стажына ие азаматтар зейнетақыны толыққанды жүйеден де (пропорционалды еңбек стажы бойынша) және егер зейнетақылық жарналарды төлеп отырса, зейнетақы қордан да алатын болады. жүйеге толығымен ауысу Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық төлемдерді төлеуді тоқтатқан кезде, тек 2045 жылға қарай ғана орын алуы мүмкін.

Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы іс-әрекеттер қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің маңызды әлеуметтік қызмет болып табылады. Ол ұлттық табысты қайта бөлу тетігі арқылы өзінде реттеу құралдарын зейнетақымен қамтамасыз етуге бағыттайды және соған сәйкес экономикалық қатынастардың нысаны ретінде қатысады. Себебі, ол қоғамның жұмыс істемейтін мүшелеріне көмек көрсетудің мүмкіндіктерін және осы көмектердің өлшемдерін анықтайды.

Әлеуметтiк қамсыздандыру, соның iшiнде зейнетақымен қамтамасыз ету қазiргi түсiнiктеме бойынша тек XІX ғасырдың соңында ғана қалыптасқан. Ең алғашқы мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесi XІX ғасырдың соңында Германияда тосын жағдайлардан және науқастығы жөнiнде сақтандыру, қарттығы мен мүгедектiгi бойынша зейнетақы енгiзу туралы, сонан соң Канадада, Францияда, Италияда, Ұлыбританияда және басқа да мемлекеттерде заңдарды қабылдауға байланысты құрылған.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақыны қайта құру үрдісі өзара алмасу тәртібінде өтіп жатыр. Бұл табиғи қарқын. Өз қоғамының қатынастарына өзге әлеуметтік тетіктерді ендіру ғылыми-техникалық және экономикалық алмасуды қолдануға қарағанда тиімді екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Айырмашылығы тек қоғамдық тетіктің белгілі бір даму кезеңінде “кері реакция” көрсетуінде ғана болуы мүмкін. Оған арнайы жасалған бейімделу тетіктерінің көмегімен қарсы тұруға тура келеді. Бұл жағдай қазақстандық зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру үшін өте маңызды, өйткені қарастырылатын қарым-қатынаста бұл бәріне тән. Экономистер нарықтық қайта құрулар жасау кезеңінде ерте ме, кеш пе бейімделудің нақ осы деңгейі қайта құруда теріс өзгерістерге ұласатындығын айтқан болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекет пен зейнетақылық қамтамасыз етудің өзара әсерлесуінде екі жақты көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, либералды экономиканың жақтастары мемлекеттік билік қажетті және жеткілікті түрдегі ең төменгі бақылаушы қызметтерінің жиынтығын өзіне қалдыруы тиіс деп санайды. Екінші жағынан, радикалдар-мемлекетшілер, керісінше, зейнетақымен қамтамасыз етуде мемлекеттің кең көлемде қатысуын, олардың ұсыныстарын зейнетақы қорларын ұлттандыру деп түсінуін талап етеді.

Нарықтық экономикадағы зейнетақымен қамтамасыз етуде мемлекет маңызды роль атқарады. Ол қартайғанда табыспен қамтуды қаржыландыру, басқару және реттеуге байланысты кең көлемдегі мәселелерді қамтиды. Мемлекет қоғамның көзқарасын жақтаушы ретінде зейнетақылық сақтандыруды ұйымдастыруда басқарушы роль атқарады. Бірінші кезекте мемлекет азаматтарды әлеуметтік қорғауда кепіл болуға, зейнетақымен қамтамасыз етуде нормативті-заңдылық актілердің сақталуына кепіл болуға арналған. Мұның барлығы заң шығарушы, атқарушы билік органдарының көмегімен орындалады [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі жайлы
Алматы қаласының әкімдігінде өткізілген өндірістік тәжірибе бойынша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДА МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫ
Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығы
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz