Сақтандыру рыногінің құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘОЖ 368.01(574) Қолжазба құқығында

Шакдат салтанат

Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногін мемлекеттік реттеу мәселелері

6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы

бойынша экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның

Рефераты

Қызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды

Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты
Бекхожаева А.К.



Ресми оппонент: экономика ғылымдарының кандидаты
Садвакасова К.Ж.



Диссертация 2012 жылы маусымның 25 күні сағат 10.00-де Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңестің мәжілісінде
қорғалады. Мекен-жайы 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А,
408 к.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ

Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Рыноктік экономикасы
дамыған елдерде сақтандыру экономиканың әлеуметтік тұрғыдан маңызды,
қарқынды дамушы секторларының бірі болып табылады. Сақтандыру жүйесі түрлі
жағдайлардан туындаушы тәуекелдерге қарсы тұрудың тиімді құралын
қалыптастырады. Азаматтарға және ұйымдарға олардың мүліктік мүдделерін
қорғауға кепілдік бере отырып, ол қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандыру бюджетті табиғи, техногендік
немесе әлеуметтік төтенше жағдайлардан туындайтын шығындардан босата
отырып, сонымен бірге сақтандыру ұйымдары экономикаға шоғырландыратын
қаржыны инвестициялау көзі ретінде де мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын
нығайтуға ықпал етеді.
Қазіргі кезде елімізде өмір мен мүлікке зиян келтіруге алып келетін
өндірістік және әлеуметтік салалардың түрлі қолайсыз факторлар әсеріне
берілу дәрежесінің жоғарылығы жағдайында, халықтың болашаққа деген
сенімділігінің төмендеуі жағдайында сақтандыру қызметінің рөлі ерекше
маңызды болып табылады.
Сақтандыру бұл Қазақстан экономикасындағы дамып келе жатқан салалардың
бірі болып отыр. Сақтандыру ісі қоғамның әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық әдістермен басқару
мен реттеудің құралы болып табылады.
Сақтандыру қызметінің бір ерекшелігі ол тек қана кәсіпорындар мен
азаматтардың мүлкін сақтап қана қоймайды, сонымен бірге елдің
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару
болып табылады. Сондықтан да, рыноктік экономикасы дамыған елдерде
сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың
басыңқы стратегиялық секторларының бірі болып табылады.
Қазақстанда рыноктік шаруашылыққа көшіп, рыноктік қатынастардың белең
алуымен бірге жеке меншік дамыды, онымен қатар сақтандырудың да рөлі артып
отыр, алайда отандық сақтандыру қызметінің халыққа және кәсіпкерлерге
көрсетіп отырған сақтандыру қызметтерінің аясы тар, тиімділігі аз
болып отырған жайы бар.
Сақтандыру қызметі рыногының жеткіліксіз дамуы сақтандыру
компанияларының қолында шоғырланған капиталдың аздығынан, жалпы
қазақстандық тұрғындардың сақтандырудың мәдениетінің жетіспеушілігінен, ең
бастысы халықтың сақтандыру компанияларына деген сенімділігінің
төмендігінен болып отыр. Сондықтан да сақтандыру рыногын дамыту үшін
мемлекет тарапынан саланы қолдау мен ынталандыруға қатысты бірқатар
экономикалық, қаржылық, әкімгершілік шараларды қабылдау қажеттілігі
туындайды.
Қазақстандық нарықтағы сақтандыру компанияларының дамуын тежеуші
факторларға сол сияқты ұсынылатын сақтандыру қызметінің аздығы мен олардың
бірін-бірі қайталауы, халықтың табыс деңгейінің төмендігі, сақтандыру
ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігінің аздығын
жатқызуға болады.
Аталған жайттардың барлығы сақтандыру рыногін мемлекет тарапынан
реттеудің бағыттарын жетілдіру қажеттілігін айқындайды және зерттеу
тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Мемлекеттің, азаматтардың және
шаруашылық жүргізуші субъектiлердiң мүдделерін қаржылық әлеуметтiк және
өзге де тәуекелдерден қорғаудың тиiмдi тетігі және ұзақ мерзiмдi iшкi
инвестициялардың сенiмдi көзi ретінде сақтандырудың экономикадағы орны мен
рөлін, оны мемлекеттік реттеуді жан-жақты зерттеу өте маңызды.
Сақтандыру қызметінің ұлттық экономикадағы, әлеуметтік-экономикалық
қатынастар жүйесіндегі орны, маңызы, сақтандыру қызметін ұйымдастыруға
қатысты көптеген отандық және шет елдік экономист ғалымдардың еңбектері
бар. Олардың арасында отандық ғалымдар К.К. Жүйріков, У.Б. Баймұратов,
Маянлаева Г.И., Сембеков А.К., В.Д. Мельников, Жолдасбаев С.Е., Құрманов
А., ресейлік ғалымдар Шахов В.В., Рейтман Л.И., Адамчук Н.Г., Комарова Н.М.
т.б. көптеген ғалымдар бар.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың
мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың теориялық негіздері мен
ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілерін кешенді-жүйелік зерттеу және
Қазақстанның сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеу үдерістерінің даму
нысандары мен оны жетілдіру бағыттарын жасақтау, теориялық, ғылыми-
тәжірибелік ұсыныстарын негіздеу болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі
айқындалады:
- сақтандырудың мемлекеттік реттеу объектісі ретіндегі рөлін анықтау;
- сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын
нақтылау;
- сақтандыруды мемлекеттік реттеудің мәнін, түрлері мен формаларын
және тетіктерін бағалау;
- Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісінің дамуына талдау;
- сақтандыру қызметін ұйымдастырудағы индустриалды дамыған елдер
тәжірибесін отандық экономикада пайдалану мүмкіндігін қарастыра
отырып зерттеу;
- сақтандыру қызметін жетілдіру мақсатында мемлекеттік реттеу
бағыттарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасау.
Зерттеу нысаны – елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму факторы
ретінде қоғамдағы тұрақтылықты жүзеге асыратын Қазақстанның сақтандыру
рыногі болып табылады.
Зерттеу пәні – рыноктік шаруашылықтық қатынастардағы Қазақстанның
сақтандыру қызметінің ұйымдастырушылық-экономикалық және мемлекеттік
басқару аспектілері болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің
әдістемелік негізі отандық және шет елдік экономикалық ғылыми мектептердің
қаржы саласы, оның ішінде сақтандыру секторы экономикасының теориясы және
сақтандыру қызметі саласындағы ғылыми зерттеулері қалайды. Зерттеу
жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, заңдық және құқықтық
актілері, халықаралық ұйымдармен келісім-шарттар және басқа да ресми
деректер пайдаланылды.
Зерттеу үрдісінде экономикалық статистикалық салыстыру, жүйелі
талдау мен болжау, экономикалық-математикалық үлгілеу, құрылымдық,
әлеуметтік және т.б. әдістер пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау
Комитетінің, Статистика жөніндегі агенттігінің, Қаржы министрлігі, басқа
да министрліктер мен ведомстволардың мәліметтері мен ресми құжаттары,
сақтандыру қызметін ұйымдастыруға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының
материалдары қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегілерді құрайды:
- сақтандырудың мемлекеттік реттеу объектісі ретіндегі әлеуметтік-
экономикалық қатынастар жүйесіндегі алатын орны тұрғысынан
теориялық негіздеме берілген;
- сақтандыруды мемлекеттік реттеу формалары анықталған;
- инвестиция және жинақтау көзі, сонымен қатар жинақтау қоры
рөлін орындай отырып, өндіріс процесінің бөлінбес элементі
болып табылатын сақтандыру қызметінің ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесіндегі орны мен мәні дәлелденген;
- Қазақстанның сақтандыру қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу
үдерістерін жетілдіруге байланысты мәселелер кешенінің шешілуі
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- сақтандыру қызметінің ерекшелігі мен тәуекелден қорғау институты
ретіндегі экономикалық мәні ашылды;
- қазақстандық сақтандыру рыногінің қалыптасу барысы;
- еліміздің сақтандыру ұйымдарының дамуындағы негізгі мәселелер;
- сақтандыру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде
ғылыми негізделген ұсыныстар.
Зерттеудің ғылыми – тәжірибелік мәні. Диссертациялық жұмыста
келтірілген ұсыныстар, зерттеулер нәтижелері мен теориялық тұжырымдарды
отандық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуде және халықтың әлеуметтік-
экономикалық мәселелерін шешу іс-шараларын жүзеге асыруда, орта және қысқа
мерзімді мемлекеттік немесе өңірлік даму бағдарламаларын даярлауда
пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ, тәжірибе жүзінде баяндалған
материалдарды Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі, қаржылық саясат
және сақтандыру саласында қызмет етуші, қоғамдық-саяси өмірдегі сақтандыру
мәселелерімен айналысушы қазақстандық ұйымдар мен ведомстволар макро- және
микроэкономикалық шешім қабылдауда өз қызметтері барысында қолдана алады.
Сонымен бірге, диссертациялық зерттеудің ғылыми нәтижелерін экономикалық
өсім факторларын, әлеуметтік-экономикалық саясатты зерттеуде Сақтандыру
қызметін ұйымдастыру, Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі,
Қаржы, Ақша.Несие.Банк, Қаржы нарықтары және делдалдық курстары
бойынша дәріс оқуда және практикалық сабақтарда кеңінен пайдалануға
ұсынылады.
Зерттеу нәтижелерінің апробациясы мен өндіріске ендірілуі
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасының
кеңейтілген мәжілісінде талқыланды.
Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары келесі халықаралық және
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалған: Европейская
наука 21 века - 2012 (Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
материалдары, Польша, 2012), Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-інің 75 жылдығына
арналған жас ғалымдардың еңбектерінің жинағы, Қызылорда, 2012), Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ-інің Экономика факультетінің 20 жылдығына арналған
халықаралық конференция материалдары, Қызылорда, 2011, Қорқыт Ата атындағы
ҚМУ базасындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
(Приориеты индустриально-инновационного развития Приаральского региона,
Қызылорда, 2012).
Ғылыми-зерттеу нәтижелері Қызылорда қаласындағы Цесна Гарант
сақтандыру компаниясының кешенді жұмыс жоспарын жасақтауда, сақтандыру
жүйесіндегі мемлекеттік және өңірлік саясаттарды өңдеу мен жүзеге асыруға
қатысты іс-шараларды қабылдауда, сақтандыруды ақпараттандыру, сақтандыру
саласына халықаралық стандарттарды енгізу және сақтандыру қызметтерін
көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертациялық жұмыс тақырыбы
бойынша жалпы көлемі – 1,06 шартты баспа табақ 4 ғылыми еңбек халықаралық
және республикалық ғылыми конференцияларда жарияланған.
Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
үш тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен және 12 сурет, 4 кестеден тұрады. Жалпы көлемі – 92
бет.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық-
әдістемелік негіздері. Дамыған рыноктік экономикада сақтандыру экономикалық
тұрақтандырғыш және кездейсоқ жоғалтулардан қорғану тетігі рөлін атқарады.
Сақтандыру халық шаруашылығының түрлі салаларын, түрлі төтенше жағдайларда
өндірістік үдерістің үздіксіздігін қажылық қамтамасыз етуді, сол сияқты
азаматтардың әл-ауқаты деңгейін сақтандыруды ұйымдастыру үшін қолданыла
алады. Сонымен бірге, сақтандыру қаржы-несиелік қатынастардың аясына
енгізілген, тиісінше, оның өзі ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал ету
қабілеттілігіне ие болып табылады.
Өзінің жоғары әлеуметтік-экономикалық маңыздылығына байланысты,
сақтандыру Қазақстан Республикасындағы мемлекет назарындағы объекті болуы
тиіс. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін
кең ауқымды теориялық база қажет.
Біздің ойымызша, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу, сақтандыру
қызметін мемлекеттік ретету және сақтандыру ұйымдарын мемлекеттік реттеу
түсініктері келесі арақатынаста айқындалаы. Бірінші түсінік кең ауқымды,
себебі ол бүкіл сақтандыру рыногына біртұтас жүйе ретінде, оның барлық
субъектілері мен олардың арасындағы өзара әрекеттестік үдерісіне қатысты.
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу түсінігі – салыстырмалы түрде тар
мағынадағы түсінік, себебі ол сақтандыру рыногының сақтандыру операцияларын
жүргізуге тікелей байланысты субъектілерінің өміріндегі болып жатқан
үдерістерге қатысты. Сақтандыру ұйымдарын мемлекеттік реттеу бір
жағынан, өз қызметін лицензия негізінде жүзеге асырушы сақтандырушыларға
қатысты болса, екінші жағынан олар жүргізетін тек сақтандыру операциялары
ғана емес, сонымен бірге инвестициялық қызметіне де, өзіндік бағалы
қағаздардың эмитенті ретіндегі қызметіне де және т.б. қатысты.
Мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде сақтандыру рыногы біртұтас жүйе
болуы керек. Сақтандыру рыногындағы сатып алу-сату пәні арнайы тауар –
сақтандыру қызметі болғандықтан, реттеуге аталған қызметті өндірушілер мен
тұтынушылар арасындағы қатынастардың түрлі жақтары жатады және де
мемлекеттің әрекеті осы қатынастардың барлық қатысушыларының экономикалық
мүдделерінің балансына қол жеткізу мақсатына қызмет етуі тиіс. Осыған
байланысты, біз сақтандыру рыногын арнайы тауар – сақтандыру қызметінің
айналыс аясы ретінде қарастырамыз. Сақтандыру рыногын сақтандыру қызметіне
сұранысты туғызушылар (сақтандырылушылар) мен ұсынысты туғызушылардың
(сақтандырушылар) мүдделерін біріктіруші экономикалық тетік деп анықтай
аламыз.Сақтандыру рыногының құрылымы 1 суретте берілген.

Ескерту – автордың құрастыруы
Сурет 1 – Сақтандыру рыногінің құрылымы
Сақтандыру экономикалық өмірдің түрлі салаларын қамтитындықтан,
сақтандыру рыногы сақтандырылушылар мен сақтандырылғандардың қабылдаған
тәуекел сипатына, сақтандырушылардың жауапкершілік көлеміне және т.б. қарай
түрлі топтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да сақтандыру рыногын сыныптау
қажеттілігі туындайды. Зерттелген әдебиетте қорытындылай келе, көптеген
бағыттарды салыстыра отырып, негізіне түрлі белгілер мен критериилерді
енгізе отырып, сақтандыру рыногын сыныптаудың келесі тізбегін ұсынамыз
(Сурет 2).

Ескерту – автордың құрастыруы

Сурет 2 – Сақтандыру рыногінің сыныптамасы

Сыныптама негізіне жиі қолданылатын сегіз критерии алынған (сақтандыру
қатынастарының кезеңіне, сақтандыру формаларына, сақтандыру қызметінің
салалары мен түрлеріне, бәсекені шектеу дәрежесіне, сұраныс пен ұсыныс
арақатынасына, қор жинауқтау қызметінің бар немесе жоқ болуына,
сақтандырылушылар контингентіне және территориялық аспектісіне). Ұсынылған
сыныптама соңғы, қорытынды емес, басқа критериилер де алынуы мүмкін. Алайда
сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеуді талдау мақсаты үшін осы келтірілген
критериилер негізгі болып саналады. Сақтандыру компанияларының қызметі
кәсіпкерлік коммерциялық болғандықтан, оның негізгі мақсаты - пайда табу.
Тиісінше, сақтандырудың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы айтқанда, сақтандыру
компанияларының жалпы рыноктық шаруашылықтағы субъектілер ретіндегі рөлін
ескеру қажет.
Біздің ойымызша, сақтандыру компаниялары рыноктың басқа субъектілерімен
тікелей сақтандырудың экономикалық қатынастарымен не болмаса сақтандыруды
анықтаушы басқа да экономикалық қатынастармен тығыз байланысты. Сақтандыру
ұйымдары азматтармен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, кәсіпкерлермен, сауда-
делдалдық фирмалармен, банктермен және басқа да қаржы-несиелік
институттармен, медициналық мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен және т.б.,
сол сияқты басқа сақтандыру ұйымдары (қайта сақтандыру) мен сақтандыру
делдалдарымен сақтандыру қатынастарымен байланысты. Сонымен бірге, рыноктың
барлық қатысушылары сияқты сақтандырушыларға да салық салынады, қаржы-
несиелік мекемелердің қызметінің тұтынушысы болады яғни қаржы-несие
жүйесінің басқа буындарымен белсенді өзара әрекеттеседі.
Сақтандырудың қоғамдық өмірдегі рөлінің маңызды аспектісі – бұл
сақтандыру ұйымдарының жұмыс беруші ретіндегі рөлі. Сақтандыру
компанияларының қызметі жаңа жұмыс орындарын және штаттық мамандарды құру
арқылы, әсіресе штаттан тыс сақтандыру агенттерін құру арқылы жұмыспен
қамтуды ынталандырады. Осылайша, сақтандыру ісінің дамуы сақтандырудың
кейбір түрлерінің көмегімен ғана емесе, делдалдықпен қоса алғандағы
сақтандыру жүйесіне жұмысқа жалдау үдерісінде еңбек рыногын тұрақтандыруға
ықпал етеді.
Сақтандыру рөлінің келесі бір аспектісі – бұл сақтандыру саласының ірі
ақпарат иегері ретіндегі рөлі болып табылады. Бқл сақтандырушылардың
маңызды тауар өнімі болуы мүмкін (әрине, бұл жерде сақтандырылушы жайлы
құпия ақпаратты жариялау және коммерциялық құрияны бұзу туралы сөз болып
отырған жоқ, мұнда сақтандырылушылардың құпия емес мәліметері,
статистикалық мәліметтер және т.б. туралы сөз болып отыр).
Жоғарыда айтылғандардың барлығы және келтірілген мысалдар сақтандырудың
рыноктық экономикада қандай рөл алатындығын көрсетеді. Сақтандыру секторы
бірнеше сапада көрінеді, атап айтқанда:
1. Ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен оның пропорцияларын қамтамасыз
етуші рыноктық тұрақтандырғыш;
2. Өмір сүру қызметінің қауіпсіздігін арттыру құралы;
3. Азаматтарды әлеуметтік қорғау тетігі;
4. Ұлттық экономикаға ірі инвестиция көзі;
5. Ірі ақпараттық ресурстарының иесі.
Сақтандыру рыногын реттеу құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей
(әкімгершілік) реттеу құралдарына құқықтақ нормалар мен оны орындауды
қамсыздандыратын мемлекеттік органдар жатады. Экономикалық реттеу
құралдарына елдің қаржы-несиелік жүйесі жатады, ал мемлекеттік экономикалық
реттеудің ақырғы тасымалдаушыларына, оның құралдарына қаржы-несие жүйесінің
нақты аясы, буыны және элементі жатады. Сақтандыру рыногын реттеудің
әкімгершілік-құқықтық және экономикалық бөліктері өзара тығыз байланысты,
себебі қандай да бір заңдық немесе әкімгершілік шараларды өңдеу негізіне
мемлекет күшейтуге не болмаса бейтараптандыруға тырысатын экономикалық
заңдылықтар алынады. Керісінше, реттеудің қаржылық-несиелік тетіктерін
қолдану үшін мемлекет құқықтық нормаларда қарастырылған әркетпен әсер
етеді.
Осылайша, мазмұн арқылы сақтандыру рыногының мемлекеттік реттелуінің
мәні былайша айқындалады: мемлекеттің аталған нарыққа әкімгершілік-
құқықтық және экономикалық реттегіштер көмегімен әсер ету нәтижесінде
сақтандыру рыногының субъектілері мен мемлекет арасында пайда болатын
экономикалық және әкімгершілік-құқықтық қатынастардың жүйеленген жиынтығы.
Сақтандырудағы реттеу, жалпы экономикадағыдай, мемлекеттің ықпал ету
және өзін-өзі реттеудің үш түрлі формасының ынтымақтастығын
білдіретіндіктен, тек қана мемлекеттік бола алмайды.
Сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу мынадай міндеттерді шешеді:
- ұлттық сақтандыру рыногы мен оның барлық қатысушыларының қызметінің
тұрақты дамуы үшін құқықтық жағдайларды қамсыздандыру;
- сақтандыру қызметін тұтынушылардың экономикалық мүдделерін қорғау;
- қоғамдық ұдайы өндірістің сақтандырушылық қорғауының оңтайлы
құрылымын құру және қолдау;
- сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау, әсіресе, сақтандырудың
стратегиялық маңызды түрлері бойынша (мысалы, экономикаға
инвестициялық ресурстардың негізгі ағынын беруші өмірді қор жинап
сақтандыру);
- дамытуды ынталандыру мақсатында сақтандыру рыногының субъектілеріне
салық салуды оңтайландыру;
- сақтандырушылардың инвестициялық қызмет ету жағдайларын оңтайландыру;
- сақтандыру арқылы экономикалық және әлеуметтік өмірге мақсатты
бағытталған ықпал ету мүмкіндіктерін құру;
- сақтандыру рыногының инфрақұрылымын дамыту;
- сақтандыру компанияларын кадрлық қамтамасыз етуге қолдау көрсету;
- ұлттық сақтандыру рыногының халықаралық рынокпен өзара әркеттестігін
қамтамасыз ету;
- сақтандыруды бақылаудың мемлекет аралық органдарының жұмысына қатысу.
Сақтандыру рыногын мемлкеттік реттеудің субъектілері – бұл сақтандыру
компанияларының және сақтандыру рыногының басқа да қатысушыларының қызметін
реттеу құзіретін ие мемлекеттік билік органдары.
Отандық және шет елдік авторлардың еңбектерін шоли отырып, біздің
ойымызша, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеудің обектілері мыналар болуы
мүмкін:
- сақтандыру ұйымдарын құру (оларды рынокқа жіберу);
- әрекет етуші компаниялардың сақтандыру операциялары;
- сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығы мен төлем
қабілеттілігі;
- сақтандырушылардың инвестициялық қызметі;
- қайта сақтандыру бойынша операциялар;
- сақтандыру пулдарын ұйымдастыру;
- сақтандыру делдалдары (брокерлер мен агенттер);
- сақтандыру рыногының инфрақұрылымын дамыту;
- бәсекелестік және антимонополиялық заңдарды сақтау;
- сақтандырушылардың бірлестіктерінің қызметі;
- сақтандыру компанияларының басқарушылық персоналының, сақтандыру
брокерлерінің, аудиторлардың біліктілігі;
- сақтандыру және қайта сақтандыру саласындағы қызметтің халықаралық
аспектілері.
Индустриалды дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық
секторы болып табылады, үздіксіз жəне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы рыногінің қалыптасуы: ахуалы,мүмкіндіктері, жағдайлары
Құнды қағаздар рыногі туралы
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Қаржы рыногы
Бағалы қағаздардың түрлері
Құнды қағаздар рыногі жайлы
Бағалы қағаздар, мәні мен функциясы
«Қаржы нарығы және делдалдар» пәні бойынша негізгі дәріс материалдары
Қаржы нарығының ерекшеліктері
Пәндер