Отбасы дағдарыс жағдайы


Тақырыбы: «Жанұядағы ата-анамен жеткішектер арасындағы қақтығыстардың туындауының психологиялық себептері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық 050503 - “Психология”
Ғылыми жұмысымызда біз жанұяда туындайтын бала мен ата-ана арасындағы қақтығыстар мәселесін қарастыруды жөн санадық. Қоғамның құрамдас бөлігі әрбір жанұяда өмірге келіп тәрбиеленетін балалардың тәрбие бастауы осында қалыптасатындықтан М. Әуезов ағамыздың мына бір құнды пікірі еріксіз еске түседі: «Ел болам десең бесігінді түзе» осы бір ой түйіннен әрбір балаланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына ықпал ету бүгінгі таңдағы ата-аналар мен педагог-психологтардың алдында тұрған асқаралы мақсаттарынын бірі.
Себебі, жанұя - адамдық қарым - қатынастын ежелгі институты, бірегей көрінісі. Оның бірегейлілігі мынада, бірнеше адамдар ұзақ уақыт бойы, яғни адам өмірінің көп бөлігін алатын уақыт бойы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Осындай қарқынды жүйеде таластың, қақтығыс пен дағдарыстың пайда болуы мүмкін.
Жанұядағы әртүрлі себептерге байланысты бала мен ата-ана арасында қақтығыстар туындауы жасырын жайт емес. Сондықтан да осы мәселе көпшіліктің назарын аударатын өзектілігімен ерекшеленеді, осының негізінде біз ата-ана мен балалар арасындағы қақтығысты қарастырамыз.
Ата-ана мен бала арасындағы қақтығыс көбінесе жеткіншектік кезеңде жиі кездесетіндігі ғылыми зерттеулерде қарастырылған.
Балалардың жастық дағдарысы тым жоғары қақтығыстың түрі ретінде қаралады. Жастық дағдарыс баланың дамуынада бір кезеңнең, екінші кезеңге өту кезінде көрінеді. Дағдарыс кезеңдерінде балалар тіләзар, ерке, ашуланшақ болады. Олар жиі қоршаған орталармен, әсіресе ата - аналармен қақтығысқа түседі. Кезінде оларға қойылған талаптар енді оларда қиқарлыққа дейін апаратын теріс көз - қарасты тудырады.
Қазіргі жанұя, оның ерекшеліктері еліміздің қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерімен, яғни қоғамның реформалану және жаңару кезеңімен негізделеді. Сондықтан ол бүгінде жаңа мәселелерге тап келіп, адам, халық, қоғам үшін қажетті көптеген өмірлік маңызды қызметтерін атқару қабілетінен белгілі дәрежеде айырылып, елеулі жағдайларды басқа саяси-қоғамдық институттармен ұзаққа созылған үйлесімсіздікте болып, шын мәнінде, ХХІ ғасыр басында жаңа дағдарысқа ұшырап отыр.
Зерттеу обьектісі: Жанұядағы ата-ана мен жеткіншектер арасындағы қатығыстар.
Зерттеу пәні: Жанұядағы ата-анамен жеткіншектер арасындағы қақтығыстардың туындау себептерін зерттеу оны болдырмау және шешу жолдары.
Зерттеудің мақсаты: Жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қақтығыстардың туындау себептерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ата-аналар мен балалар арасындағы қақтығыстардың туындауының себебінін алғы шарттарын анықтап, оларды болдырмау және шешу жолдарын үнемі қарастырып, алдын алып отырсақ, онда жанұя жеткіншектермен ата-ана арасында қақтығыстар туындамас еді.
Зерттеу міндеті:
- Психологиядағы қақтығыстар мәселесін теориялық тұрғыда талдау;
- Жанұядағы ата-ана мен жеткіншектер арасындағы қақтығыстың туу себептерін анықтау;
- Жанұядағы ата-аналардың арасындағы қақтығыстың балаға тигізетін әсерін ашып көрсету;
- Ата-аналар мен жеткіншектер арасындағы қақтығыстың туындау себептерін анықтауға бағытталған зерттеу жүргізу
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Жанұядағы ата-ана мен жеткіншектер арасындағы арасындағы қақтығыстың туу себептерін жүйелі психологиялық зерттеуге деген көзқарасын ашатын педагогикалық-психологиялық концепциялар Жанұя қарым-қатынасы туралы В. Шуманның, жасқа байланысты дағдарыстар мәселесі жайындағы И. Конның, баланың дамуына жұбайлық қақтығыстардың әсері мәселесіне орай А. Ушатиков, А. Спиваковская, жеткіншектердің тұлғалық даму мәселесіне байланысы Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, К. А. Абульханова концепциялары және Қазақстандық Қ. Б. Жарықбаев, С. М. Жақыпов, Ж. Ы. Намазбаева, Қ. И. Шериазданова т. б. жекткіншектердің психикалық даму мәселесіне байланысты еңбектері зерттеудің теориялық әдіснамалық негізін құрады.
1. М. Рокичтің «Құндылық бағдарлауды танып білу» әдістемесі,
2. А. Басс және А. Дарки «Агрессивті және өшпенділік мінез-құлқын диагностикалау» әдістемесі,
3. Дж. Тейлордың мазасыздану деңгейін анықтау әдістемесі,
4. В. Гришино мен американдық соцолог - психолог К. Н. Томастың
«Қақтығыстық жағдайды бағалау» әдістемесі беріледі.
Зерттеу нәтижесінің сынақтан өтуі: Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия-мектебінің 7-8 сынып оқушыларымен және осы сынып оқушылырының ата-аналарымен өткізілді.
Ғылыми жаңарысы: Зерттеу болжамына сүйене отырып іріктеліп алынған әдістемелер бойынша жанұядағы қақтығыстардың алдын алу, болдырмау шараларынын қазіргі тандағы маңызы анықталды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен, ұсыныстардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі көрсетіліп, зертеудің ғылыми аппараты айқындалған.
Бірінші тарауда. Жанұядағы қақтығыстардың теориялық негіздеріне талдау жасалды. Осы мәселеге байланыты педагог-психологтардың еңбектеріне шолу жасалып, тақырыптың мазмұыны ашуға арналған зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Екінші тарауда. Зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілді. Тақырып мазмұнын ашуға бағытталған зерттеу әдістері ұйымдастырылды. Зерттеу барысында алынған мәліметтерге сандақ және сапалық талдау жасалынды.
Қортындыда эксперимент нәтижесі негізінде бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың жақсы болуы бала тәрбиесіндегі кездесетін қиындықтардың алдын алу шарты деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді және ата-аналармен балалар арасындағы туындайтын қақтығыстардың алдын алуға байланысты ұсыныстар беріледі.
1 Жанұядағы ата-анамен жеткішектер арасындағы қақтығыстардың туындауының психологиялық себептерін ғылыми теориялық негіздеу
1. 1 Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау
Қоғамның мақсаты адамдардың бақыты денсаулығы - жанұя. Жанұяда ғана жаңа ұрпақ өседі, тәрбиеленеді. Сондықтан мемлекет үнемі жанұяға қамқорлық жасайды. Жанұя өмірі адамнан әртүрлі білім мен іскерлікті талап етеді. Жанұя есесіне қажетті көптеген практикалық дағдылар мен сапалар ата-ана жанұяның күнделікті өмірінде қалыптасады. Жанұялық өмірдің маңызды сипаты, оның негізі жанұя өмірінің рухани мазмұнының қалыптасуы деп есептеді және атап көрсетті Сухомлинский.
Адамдардың жанұялық өмір мұратының негізгі ерекшеліктері, В. А. Сухомлинский айтқандай, некенің материалдық жағынан гөрі жанұялық өмірінің рухани мазмұнына басымырақ мән беруге келіп саяды. В. А. Сухомлинский айтуынша, адал және кіршіксіз махаббат - өзінің рухани байлығыңды екінші біреуге үнемі беріп отыру деген сөз. Атап айтқанда, берсең ғана аласың. Егер адамдарға бір-біріне берер болмаса, олар іштей сарқылып, бір-бірін жалықтырады, ақыры бұл ренжісуге, айырылысуға апарып соқтыруы мүмкін. Әрине, жұбайлар рухани алыс-берістен басқа жанұя мүддесін ойласып, материалдық қор жинау төңірегінде ынтымақтасуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда жанұя мен қҚоғамның арасында өткел орнына бұзылмас бөгет орнап, бір-біріне дәнекер болудан қала бастайды, мұндай жанұяның рухани құндылығы төмен болады. Кейбіреулерге жанұяның рухани құндылығы бос сөз болып көрінуі де мүмкін. Бірін жинағанмен, екіншісінен айырылып жатады.
Жанұяның ең маңызды құндылығының бірі - балалар. Әкелік және аналық парыз - бұл адамның екінші рет дүниеге келуі. Әрбір адам өз балалар арқылы өзін қайталайды, бұл ата тегін жай жалғастыру емес, сондай-ақ моральдық сапалары жоғары қоғам адамын дайындау деген сөз. Ол үшін балаңа не бересің, олар нені қайталап, нені қайталамасын деген - мәселенің осы жағын ойластыру қажет.
Психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан алатын болсақ, жанұя мүшелері өздерінің эмоционалды қажеттіліктерін қанағаттандыруға өзара тәуелділіктің болуымен біріктірілген. Ал экономикалық тұрғыдан алып қарасақ, жанұя мүшелері материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру барысында бір-бірімен тығыз тәуелділікте болады.
Жанұя сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты бейімделіп тұратын күрделі және біртұтас жүйе, яғни белгілі бір мәдени ортада; кез келген жанұя әртүрлі ұрпақтан таралады; олар өздеріне және өздерінің балаларына бақыт тілеулері айқын. Ал жанұялар арасында көптеген айырмашылықтар болуы мүмкін.
Отбасы мәселесіне байланысты жүйелі бағыт туралы бірқатар монографиялар мен зерттеулер жүргізген автор Джексонның көзқарасы бойынша «Жанұя - ережемен басқарылатын жүйе». Әрбір жанұяның өз ережелері бар. Тіпті кейде ережемен өмір сүретіндіктерін байқамай қалады. өйткені ереже мен жүйе тығыз байланыста болып отырады.
Ереже - бұл адамның белгілі бір жағдайларда өз - өздерін ұстаушылығы. Олар не жақсы, не жаман, не нәрсені істеуге болады, нені болмайды, егер ережені орындамаса не болады деген сияқтыларға өз сенімдерін білдіреді. Жанұя мүшелерінің бірі осы ережелерге бойұсынбаған кезде қандайда бір қақтығыстар қалыртаса бастайды.
Өмір дәлелдегендей, қақтығыс өмірлік тәжірибе және дұрыс мағына негізінде тиімді басқара алатын құбылыстарға жатпайды. Қақтығыс қарым - қатынас кезіңде пайда болады, ол қарама - қайшылықты шешудің өткір түрі, негізінен теріс эмоциялы болады [3] .
Конфликт (латын тілінен - «қақтығыс») - қиын шешілетін қарама-қайшылықтардың туындауы, бәсекелестік негізде қарама-қайшылық қызығылушылықтарының соқтығысуы, эмоционалдық күйзелістермен байланысты әртүрлі сұрақтарды түсінудің болмауы [4] .
Кез-келген қақтығыс негізінен өзіне не қарама - қарсы жақтағы сұрақтарды, не қарама - қарсы мақсаттарды қосып алатын жағдайлар немесе осындай жағдайда оларға жетудің құралы немесе аппоненттердің қызығушылықтарының, тілектерінің ықпалдарының сәйкес келмеуі жатады. Қақтығыстық жағдай осылайша қақтығыстың объектісі мен субъектісінің міндетті болуын болжайды. Демек, қақтығыстың дами бастауы үшін инцидент керек, бір жақтылық әрекет басталғанда басқаның қөзқарасын да қыса бастайды. Егер қарама-қарсы жақ солай жауап берсе, қақтығыс потенциалдылықтан маңыздылыққа өтеді және әрі қарай тік немесе диструктивтін және конструктивті ретінде дами алады
Қақтығыстық жағдайдың объективтік анализі оның құрамын анықтауға мүмкіндік туғызады. Қақтығыстың негізі қақтығыстық ситуацияға байланысты, оған мыналар жатады:
-қақтығыс пәні-күресуші жақтар тырысатын мәселе;
-пәннің объектісі аппоненттің қызығушылықтарының қақтығысуы негізінде мәселелік ситуация, бұлар оған талқылау жасауға немесе басқаруға тілектес болады.
-қақтығыстың субъектісі - қақтығыс жасауға қабілетті конфликтілік тұлға немесе мәселелер [4] .
Аппоненттер - қақтығысқа қатысушылар. Олармен қақтығыстық ситуацияда жеке тұлғалар, адамдар тобы, мекемелер жұмыс істей алады. Бір және басқа да қақтығыстық ситуацияда аппоненттің субъектісі белгілі қатынастармен байланысты. Соған байланысты аппоненттердің әрқайсысы субъектіні бір бетте манипуляциялауға жиі қызмет етеді.
Субъектіні манипуляциялау - қақтығысқа қатысушы тұлғаның нақты және жасырын әрекеті, бұл тұлғаға маңызды белгілі нәтижеге жету мақсатында қатынас субъектісіне бағытталады.
Иницидент - жағдайдың нәтижесі барысында немесе қақтығыс үшін себеп болып табылатын қақтығыстық жағдайдағы ситуативтік арандатушы, иницидент, аппоненттер инициативасы бойынша объективті жағдайда не кенеттен тыс болатын жағдай кезінде тілектен немесе еріктен тыс боп туындауы мүмкін. Осылайша қақтығыстық жағдайлар да туындауы мүмкін. Сонымен қатар қақтығыстық жағдайлар «тұқым қуалауы» мүмкін. Тіпті оның туындауы объективті емес субъективті жағдайларға баланысты жаңа аппоненттерге өтуі мүмкін. Қақтығыстық жағдайлар және иницидент, осылайша нақты мағынада бір - бірінен тәуелсіз «ұстауы мүмкін» [6] .
Қақтығыстық жағжай мен инциденттердің берілген параметрлерін қарастыра отырып, біз қақтығыстың сипатына қарай бірнеше түрін аламыз. Субъективті түрде пайда болған қақтығыстық жағдайлар мен инциденттер аппоненттің біреуінің инициативасы бойынша субъективті түрде қақтығыстық жағдайлардың өзгеру нәтижесінде объективті түрде де анықталады. Қақтығыстардың көріну дәрежесі бойынша жасырын және ашық, кенеттен және әрдайым болатын түрлерге бөлінеді. Жасырын қақтығыс - бұл қақтығыстық жағдайларды көрсетпеуге тырысатын екі адамды құрайды. Бірақ біреуінің жүйкесі тоза бастағанда қақтығыс ашық түрге ауысады. Қақтығыстар кенеттен және әрдайым болатын түрлерге бөлінеді. Екінші жағдайда бұлар еңбек өнімдеріне, өндірістің сапасының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан қақтығыстардың қайнар көзі мен себебін жүйелеу кезінде оның кінәлісін, мақсатын, түрткі іздеу керек [5] .
Белгілі жағдай қиын субъективті-объективті ақиқат ретінде қарастырылуы мүмкін. Отандық және шетелдік ғылымда жағдайлардың көптеген топтастыруларда қарастырылады (Е. Бабосов: жәй, кризистік, экстремальды, катастрофалық; А. Кочарян: жәй, қыин және экстремальді; В. Латынов: нейтральді және конфликтілі; К. Левин: конфликттер, физикалық қауіпті және белгісіз; Г. Морозова: жәй және мәселелелі; А. Матюшкин: бағдарламалық, қыин және мінез-қулықтық; А. Федотов: қиын, жәй және экстремальді, және т. б. ) . Егер де бұл бағыттарды жалпыласа, жағдайлардың екі негізгі түрін белгілеуге болады: жәй (күнделікті), бұнда жекетұлғалар күнделікті жағдайда өмір сүреді; қиын (экстремальді), бұнда жеке тұлғаға мүмкіндігіне сай емес талаптар қойылады [7] .
Қиын жағдай дегеніміз не, жәй жағдайдан айырмашылығы қандай ?
Б. Швединның ойынша, қиын жағдай - бұл жеке тұлғаның іс-әрекет процессінде қүрделі жағдайда қарым -қатынас жасау. Күрделі жағдайда адамның мүмкіндігі мен іс-әрекетке қойылатын талаптар арасында қарама-қайшылықтар болады. Көптеген авторлардың ойынша ситуацияны күрлендіретін жеке тұлғаның қиын психиқалық қалпы.
Қиын жағдайларды талдау келесі анықтаманы белгіледі: жеке тұлғаның мүмкіндіктері мен мотивтерінің тұрақсыздығын белгілейді, ол адамның психикалық шиеленісті тудырады [4] .
Алғашқы адам қауымдастығының пайда болуынан бастап қақтығыстар көп уақыт бойы ғылыми зерттеулердің объектісі болған емес. Бірақ та кейбір ойлар ежелгі жазбаларда қақтығыс туралы атап көрсеткен. Уақыт өзгерген сайын қақтығыстар да өзгере бастады. Олардың физикалық, экономикалық, әлеуметтік зардаптары өзгеше болды. Мысал келтіріп өтейін.
Ежелгі дәуірде басқа да қақтығыстардың түрлері көрсетілген.
Орта дәуірде бұндай жағдайларды түсіну мумкіндігін белгілеген.
Ежелгі дәуір 1-ші зерттеулер біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырғы жатады. Сол уақыттағы Қытай ойшылдары былай санаған-дамудың қайнар көзі оң (янь) және кері (инь) материалар қарым-қатынасына байланысты, олар қақтығыста болады [8] .
Ежелгі Грецияда қарама-қарсы заттар туралы олардың ролі туралы философиялық ілімдер пайда болған. Анаксимандрдың ойынша заттар “апейрон” материалдық бастан заттар пайда болады, ол қарама-қайшылықты туғызады.
Героклит қозғалыстың себептерін көрсетуге тырысқан, оның ойынша заттардың құбылыстың қозғалыстары заңды процесс, ол қарама-қайшылардың қақтығысын туғызады.
Осы уақытқа байланысты соғыс туралы анықтамалар берген Героклиттің ойынша соғыс барлық құбылыстардың бастауы. Платон оны үлкен дерт деп қарастырған, оның ойынша бұрынғы заманда “алтын ғасыр” болған, бұл ғасырда барлық адамдар бір-бірін жақсы көрген және бір-біріне жақсылық тілеген. Бұған қарамастан Платонның идеялды мемлекетінде соғыстар бар.
Эпикурдың ойынша кері зардаптар адамдарды бейбітшілік жағдайында тұруға итермелейді. Ежелгі ойшылдар әділдік пен әділетсіздіктер критерийлерін белгілеуге тырысқан[6]
Қақтығыстарды қарастыра отырып, біз қақтығыстың келесі түрлеріне тоқталамыз. Тұлғааралық және топ аралық. Біздің қарастырылып отырған мәселеміз тұлға аралық қақтығыстар, соның ішінде жанұялық қақтығыстар. Жанұялық қақтығыстардың өзі белгілі тармақтарға бөлінеді: жұбайлар, ата-аналар мен балалар, жұбайлар және әрбір жұбайдың ата-аналарымен, ата-әжелер мен немелелер арасындағы қақтығыстар. Жанұялық қарым-қатынаста шешуші рөлді ойнайтын жұбайлық қақтығыстар. Ол жиі жұбайлардың қажеттіліктерінің пайда болады. Осыған орай жұбайлар қақтығысын негізгі себептерін бөледі: бір - бірін силамау, көп көңіл бөлмеу, түсінбеу жұбайларының біреуінің жаман қылықтарының болуы (алкоголь, наркотиктер, өзіне ғана ақша шығындау т. с. с. ) және т. б. [9] . Отбасы психологиясында - өмірде кездесетін дағдарыстың кез - келген түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір - бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі - зайыптылардың бір - біріне бейімделу кезеңі -алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі - зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі -бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата - ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.
Қарым - қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.
Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата - ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата - аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата - ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл - ерлі - зайыптылардың бір - бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым - қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама - қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты - дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата -ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.
Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз - өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата - ана қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі - зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі - зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым - қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz