Қазақстанның туризмін дамыту туралы ұлттық бағдарлама


ӘОЖ 378. 01:796. 5 Қолжазба құқығында
МАХАНБЕТ ЕРЖАН ТАЙБАҒАРҰЛЫ
Студенттерді туристік іс-әрекеттерге даярлаудың педагогикалық
шарттары
13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды.
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,
Керимов Л. К.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы
Әбдікерімұлы Б.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Данияров Т. А.
Жетекші ұйым: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қорғау 2010 жылы «___» қараша күні сағат 10. 00- де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д. 14. 05. 01 диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен жайы: 050010 Алматы қаласы, Достық даңғылы 13. 2 - қабат, мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010 Алматы қаласы, Қазыбек би 30, 3 қабат
Автореферат 2010 жылы «___»таратылды
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы: Көшербаева А. Н.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан екі континенттің - Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде, шығыс бойлықтың 45 және 87 градус аралығында, солтүстік ендіктің 40 және 55 градус аралығында орналасқан. Еуропалық - азиялық субконтинеттің географиялық орталығы Қазақстан болып есептелінеді (50 параллельмен 78 меридиан қиылысында) .
Қазақстан шығысқа Каспий теңізінен және жазығынан Алтай тауларына дейін, оңтүстіктегі және оңтүстік - шығыстағы Тянь-Шянь тау бөктерлерінен солтүстіктегі Батыс-Сібір ойпатына дейінгі аралықты қамтиды. Қазақстан ие болып отырған жер әлемде тоғызыншы орында және территориясы бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Индия және Аргентина мемлекеттерінен кейінгі алғашқы он ірі елдің қатарына кіреді. Жер шарындағы мұндай территорияда туристік саланың ірі потенциалдық мүмкіндіктері өте зор деп айтуға болады.
Қазақстан шығысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында есеймен (шекараның ұзындығы 6477 км), оңтүстігінде - Орталық Азия мемлекеттерімен -Өзбекстанмен (2300 км), Қырғызстанмен (980 км), Түркменстанмен (380 км), ал шығысы мен оңтүстік - шығысында - Қытаймен (1460 км) шектеседі. Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы 12, 2 мың км, соның ішінде Каспий теңізі бойынша 600 км (батыста) құрайды.
Қазақстан территориясының ширектен астамын далалар, жартысын - шөл дала, қалған ширекті - таулар, теңіздер, көлдер мен өзендер алып жатыр. Оның солтүстіктен оңтүстікке дейінгі территориясы келесі табиғи - климаттық аймаққа бөлінеді: орманды дала, дала, жартылай шөл дала, тау бөктері мен таулы аймақ.
Өз табиғаты бойынша Еуразияның екі аймағы - Орта Азия мен Сібір ортасында орналасқандықтан, Қазақстан территориясында суық солтүстіктен, ыстық оңтүстік массаларының ауа әсері тоғысады. Сондықтан да, Қазақстанның климатының негізгі ерекшеліктері болып оның кенет континенталдығы мен табиғи шықтардың тегіс таралмауымен қатар, қатал қыс және ұзақ жылы жаз болады. Қазақстанның басқа сарқылмайтын байлығы әзірше кең қолданыс таппаған минералды, емдік, термальды сулар баршылық.
Еліміздегі туризм аймағы экономикалық дамыған державалармен қатар белсенді сальдосы бар, басқа дамыған елдердің халықаралық сауда қызметтерінің ірі секторының бірі.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиясына байланысты халыққа Жолдауында туризмнің дамуы экономикалық міндеттерді шешуде табиғи және тарихи-мәдени туристік ресурстарды игеру ғана емес, ол қоғамның қаржылық жағдайын сауықтыруда ырғақ беретін және адамға жұмыс орындарын дайындау үшін қосымша мүмкіндіктер беретін негізгі әлеуеттердің бірі ретінде санайды.
БТҰ болжамы бойынша, 2020 жылға қарай халықаралық саяхат мөлшері үш есеге дерлік артады және 1. 6 млрд. адамға жетеді. Осыған орай туристік және қонақүйлер қызметтерінен түсетін кірістің қарқыны үдеп және АҚШ 445 млрд. долларына дейін, 1998 жылдан бастап 2020 жылға қарай болжамдалған 2 трлн. долларға дейін артады.
Туризм үлесіне біздің планетаның жалпы өнімінің 10% жуығы, шамамен әлемдік сауда қызметінің 30% және әлемдік салынған капиталдың 7% тиесілі. Қазірдің өзінде туризм жақын арадағы уақытта екінші орынға шығады деп Бүкіләлемдік туристік ұйым (WTO) сарапшылары болжамдап отырған мұнайөндіруші мен автомобильжасаушы салалардан кейін әлемдік экономикадағы саланың кірістілігі бойынша үшінші болып табылады.
Туризм қазіргі таңда дамыған және дамып келе жатқан көптеген мемлекеттердің экономикасының басты негізі болып, бұл әлемдік экономиканың ең басты және тез дамитын саласы болып табылады. Туризм жылдам өсу қарқынымен жүзжылдықтың экономикалық феномені ретінде танылды.
Туризм әлемдік экономикада басты позициялардың бірі болғандықтан, Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) мәліметтері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 % астамын, әлемдік өндірісте әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда туризм - құлдырауды білмейтін, әлемдік экономиканың саласы. Туризмнің дамуы - өнімді сатудан айырмашылығы ұзаққа созылатын, экономикалық тиімді келешегі бар сала.
Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен және мәдениет пен табиғатпен қарым - қатынастармен тікелей байланысты іс-әрекет, ол жеке және ұжымдық жетілдіру құралы. Туризм өз бетімен білім алудың, толеранттылықтың және олардың әртүрлілігіне қарай халықтар мен мәдениеттер арасындағы айырмашылықты тануда ең қажетті фактор болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты қарқынын, оның қоршаған ортаға әсерін, экономиканың барлық секторлары мен ҚР мемлекеті басшысы мен Үкіметі қоғамының жақсы тұрмыс халін есепке ала отырып, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде анықтады.
Бұл жұмыс архив материалдарына, ресми статистикалық мәліметтерге, БТҰ құжаттарына, Президенттің Өкім, Жарлық, Заң шығару мәселелері бойынша Үкіметінің қаулы -қарарларына, туризм Кеңесінің мәжілісіне, Парламент комиссиясы мен жұмысшы топтары мен құқылы органдардың есебіне, тізімдемелік нормативты актілерге, әдістемелік материалдарға, сонымен қатар, халықаралық республикалық ғылыми - практикалық семинарларға, конференцияларға, саммиттерге, сарапшы кеңесінің мәжілісіне негізделе отырып, біздің елімізде туристік саланың дамуы айқындалады.
Зерттеу жұмысымыздың теориялық негізін қалыптастыру үшін Ресей ғалымдары Ю. А. Веденинаның, В. Г. Гуляеваның, И. В. Зоринаның, В. А. Квартальныйдың, Г. М. Малышеваның, Ю. С. Путриканың, В. Б. Сапрунованың, В. С. Сенинаның, О. А. Чубининаның, В. И. Яковлеваның, сонымен бірге, туристік саланың ғылыми негізін жасау кезінде белорус мамандары Н. И. Дуровичтың, А. С. Копаневтың, Н. И. Кабушкинаның, Г. Ф. Шаповаланың тұжырымдамалары есепке алынды, Қазақ ғалымдары В. Н. Вуколовтың, С. Р. Ердаулетованың, А. Н. Макагонованың, А. А. Саиповтың, А. А. Жолдасбековтың, Қ. Омаровтың, Р. А. Раеваның, О. Б. Мазбаевтың, К. Н. Мусинаның, С. А. Щабельникованың, Ж. Н. Алиеваның, Ж. Н. Дюсембекованың, Е. А. Никифорованың, М. Д. Мамадиарованың, К. С. Турсынбаеваның, Г. М. Дүйсеннің, А. Щурованың, Ж. Кантарбаеваның, О. Сауранбаеваның және алыс шет ел мамандары П. К. Кхадканың, Г. Харристың, М. К. Кацтың, Ж. Фошенің жұмыстары әсерін тигізді.
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерді талдаудан жасаған қорытындымыз болашақ туристік мамандарды туристік іс-әрекеттерге даярлауды жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану теориялық және әдістемелік негізделген проблема деңгейінде толық қарастырылмағандығы байқалынды.
Демек, студенттерді оқу-тәрбие үдерісінде туристік іс-әрекеттерін қалыптастырып, даярлауда болашақ туристік мамандарға деген қоғам сұранысы мен жоғарғы оқу орындарында студенттерді туристік іс-әрекеттерге даярлаудың жеткіліксіздігі арасында бұл мәселені арнайы басқарып, ұйымдастырудағы теориялық жағынан және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар мен тиімді педагогикалық технологияларды пайдаланудағы кемшіліктер арасында қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселеміздің айқындалуына, сонымен бірге зерттеу тақырыбын таңдауға себепші болып «Студенттерді туристік іс-әрекеттерге даярлаудың педагогикалық шарттары» деп атауға ұйытқы болды.
Зерттеу мақсаты - студенттерді туристік іс-әрекеттерге даярлаудың теориялық негізін және педагогикалық шарттарын анықтап, ғылыми-әдістемелік жүйесін жасап, тәжірибелік экспериментте тексеру.
Зерттеу нысаны - жоғарғы оқу орындарындағы туристік салада оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні - студенттерді туристік іс-әрекеттерге даярлаудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер ЖОО -да студенттерді туристік іс-әрекеттерге даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалып, оқу-тәрбие үдерісінде оларды туристік іс-әрекеттерге баулудың формалары нақтыланып, әрбір болашақ мамандарды жан-жақты қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдері мен әдістемелері айқындалса, онда студенттердің туристік іс-әрекеттерін дамытып, маман кадрларды даярлауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, оларды ұжымшылдыққа тәрбиелеп, қоршаған ортаны, табиғатты, ұлттық мәдени мұраларды сақтауға, еліміздің экономикасын көтеруге деген ынтасын, жауапкершілігін, елжандылығын, өмір салтын ұстануға әдет-дағдыларын қалыптастыруға болады.
Зерттеудің міндеттері:
- «Туристік іс -әрекеттер» ұғымының мәнін ашып, оқу -тәрбие үдерісінде студенттерді даярлаудың теориялық негізін айқындау;
- Қазақстанда туристік саланың қалыптасып даму кезеңдеріне сипаттама беру;
- студенттерді туристік іс - әрекеттерге даярлаудың моделін дайындап, оның компоненттері мен өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- жоғарғы оқу орындарында студенттерді туристік іс - әрекеттерге даярлаудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- тәжірибелік - эксперимент жұмысының нәтижесін қорыту, ғылыми -әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы:
ЖОО - ның оқу - тәрбие үдерісінде студенттерді туристік іс-әрекеттерге даярлау бүгінгі қоғамдық - әлеуметтік сұранысқа сай білімді, білікті және іскерлікті мамандықты саналы меңгерген тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:
Тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттер жайлы философиялық, педагогикалық және психологиялық тұжырымдамалар; туристік іс - әрекет теориясы; дамыта оқыту теориясы; әлеуметтік басқару, диалектикалық жүйелік - құрылымдық тәсіл, тарихи - педагогикалық қағидалар.
Зерттеу көздері: ізденіс мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, этнопедагогикалық туризм саласы бойынша арнайы ғылыми әдебиеттер; ҚР «Білім туралы» Заңы; ҚР 2005-2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; ҚР білім берудің 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы; Қазақстанның туризмін дамыту туралы ұлттық бағдарлама; ҚР жастар, туризм және спорт Министрлігі, мен ҚР туризм және спорт агенттігі құжаттары; «Жібек жолы» туристік компания бағдарламасы.
Зерттеу базасы:
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:
- туристік саланың кезеңдік дамуына тарихи - педагогикалық сипаттама берілді;
- « туристік іс - әрекет » ұғымының мәнін және туристік индустрияның нормативты - құқықтық бағыт - бағдарын дамытудың ғылыми -теориялық негіздері айқындалды;
-студенттерді туристік іс - әрекеттерге даярлаудың педагогикалық шарттары анықталды;
- туристік салаға болашақ мамандарды даярлауды жетілдірудің моделі жасалды;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Зерттеу нәтижесінде тұжырымдалған теориялық қағидалар, қорытындылар мен ұсыныстар студенттерді туристік іс - әрекеттерге оқу - тәрбие үдерісі арқылы даярлаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Ізденушінің студенттерге әзірлеген «Қазақстанда туристік саланың қалыптасып дамуының тарихи -педагогикалық негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы болашақ турист мамандарын даярлауға, туризм қызметкерлері мен нұсқаушыларының біліктілігін көтеру мен қайта даярлау курстарында пайдалануға толықтай болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- Қазақстандағы туристік саланың қалыптасып дамуына тарихи -педагогикалық сипаттама беру және оқу -тәрбие үдерісінде студенттерді туристік іс - әрекеттерге даярлау, оларды Отанына деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға деген жауапкершіліктерін қалыптастыруға жағдай туғызады. Сондай -ақ, студенттердің патриоттық сана-сезімдерін оятуға, жауапкершіліктерін нақтылауға ықпалын тигізеді.
- студенттерді туристік іс -әрекеттерге даярлауды ұйымдастырудағы педагогикалық шарттары сұрыпталып, олар: туристік саланың нормативті-құқықтық бағыт-бағдары; туристік қызметтерді мемлекеттік реттеу және қолдау; туристік саланың дамуын жоспарлау және ұйымдастыру; болашақ туристік мамандарды даярлау және оны жетілдіру; туризмді оқу -әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуді қамтиды.
- студенттерді туристік іс-әрекеттерге даярлауды ұйымдастырудың әдістемелері болашақ маман тұлғасын қалыптастырудағы атқаратын функцияларын ашып, туристік іс -шаралардың түрлерін айқындайды;
- туризм саласының болашақ мамандары мен нұсқаушыларына арналған «Қазақстанда туристік саланың қалыптасып дамуының тарихи -педагогикалық негіздері» атты курстық бағдарламасы, олардың ғылыми -теориялық, психологиялық және педагогикалық білімдері мен ұйымдастырушылардың білімдері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2005-2006ж. ж. ) зерттеу жұмысының тақырыбы айқындалып, материалдар жиналып, тарихи -педагогикалық талдау жасалып, ғылыми -теориялық зерттеулер зерделеніп, тәжірибелік -эксперимент жұмысы нақтыланды. Мәдениеттану, экономика, статистика, психологиялық және педагогикалық тұжырымдамаларға талдау жүргізілді.
Екінші кезеңде (2007-2009ж. ж. ) жетекші идеяны басшылыққа алып, ғылыми болжам негізінде еліміздегі туристік саланың стратегиясы мен болашағын белгілеп, нормативты - құқықтық құжаттар аясында болашақ туристік кадрларды даярлаудың мақсат, міндеттері мен мазмұндарын тәжірибелік - экспериментте тексеруден өткізіліп, ғылыми - әдістемесі жасалынды.
Үшінші кезеңде (2009-2010ж. ж. ) зерттеу нәтижелері қорытылып, туристік саланың жұмысын жетілдіруде және болашақ туристік кадрларды даярлауда пайдаланылды. Диссертация әдеби жағынан редакцияланып өңделді.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, тарихи -педагогикалық және ғылыми - теориялық негіздері, практикалық мәні мен ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар баяндалады.
«Қазақстанда туристік саланың қалыптасуы мен даму кезеңдеріне тарихи-педагогикалық сипаттама» атты бірінші бөлімде туризм саласының түрлі кезеңдерде дамуы, стратегиясы мен болашағының және туризм, туристік іс -әрекеттер ұғымдарына ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, педагогикалық шарттары ашылды. Зерттеу мәселесінің бүгінгі жағдайы мазмұндалды.
«Жоғарғы оқу орындарында студенттерді туристік іс-әрекеттерге даярлаудың әдістемелері» атты екінші бөлімінде болашақ мамандарды туристік іс-әрекеттерге даярлаудың мазмұны, формалары мен әдіс-тәсілдері негізделіп, туристік индустрия кадрларын дайындауды жетілдірудің педагогикалық технологияларын пайдалану, оларды тәжірибелік-экспериментте жүргізіп нәтижелерін шығару, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалынды.
Негізгі бөлім.
Қазіргі кезде Қазақстанда саяси кемелдену мен білім беру жүйелерінің қайта құрылуы жағдайында білімді, іскер, бәсекеге қабілетті, мәдениетті, тұлғаны қалыптастыру қоғам дамуының басты және күрделі міндеттерінің бірі.
Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі таңда туризм мамандығын жетік меңгерген студенттерді даярлаудың мазмұнын, формалары мен әдістеріне жаңа педагогикалық технологиялар ендіру, екіншіден ЖОО-ның оқу- тәрбие үдерістерін жаңарту мен қайта құру ұстанымдарына сай дамытудың негізінде сапасын жаңа деңгейге көтеруді мақсат тұтады.
Айтылып отырылған мәселені іс жүзіне асыру барысында проблеманың ғылыми-теориялық негізіне назар аудармай тұрып, оның тарихи- педагогикалық даму кезеңдерін айқындап алу қажет.
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу және дамыту үшін әлемдік туризммен қатар отандық туризм өткен негізгі кезеңдерді айқындау керек.
Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі (А. А. Остапец- Свешников, А. Л. Шипко, Ә. А. Сайпов, В. Н. Вуколов, О. Б. Мазбаев, Ә. Ә. Жолдасбеков, В. П. Фомин, Н. В. Ивлева т. б. ) өз еңбектерінде қысқаша түрде қарастырады. Ал, В. Б. Сапрунова туризмнің қалыптасу тарихын төрт кезеңге:
- бірінші (ежелгі дүние кезеңінен ХІХ ғ. басына дейінгі) әсіресе «Жібек жолы» бойында туризмнің пайда болуынан бастау алуы;
- екінші ( ХІХ ғасырдың басынан - ХХ ғасырдың басына дейінгі) элиталық туризм кезеңі, туристік қызмет көрсету бойынша арнайы кәсіпорындардың туындауы;
- үшінші (ХХ ғасырдың басынан екінші дүние-жүзілік соғыстың басталуына дейінгі) бұл әлеуметтік туризмнің қалыптасып аяғына тұру кезеңі;
- төртінші көпшілік туризмнің жаңа кезеңі, яғни туристік индустрияның туризм саласына тауарлар мен қызмет көрсету өндірісінің қалыптасып дамуы, деп бөліп қарастырады.
Біздің пікірімізше В. Б. Сапрунованың туризм тарихын кезеңге бөлуде ежелгі ортағағасырлық және жаңа кезеңдерге тарихи - педагогикалық сипаттама берілмеген.
Туризм тарихына жүгінсек, адам еңбегінің үш кезеңге бөлінуі (мал шаруашылығының, егін шаруашылығыныңбөлінуі; қолөнердің мал және егін шаруашылығынан бөлінуі; ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі) ұйымдасқан саяхаттың Ежелгі әлем туралы мәліметтердің жинақталуы мен жүйеленуі (Египее) ; оны керуен және өзен арқылы ұйымдастырылуы мен қолдауы (Вавилон) ; бос территориряларды іздеп игеру, теңізде жүзуге оқыту мен үйрету (Финикия) қолөнерді жасау, сату, олимпиядалық ойындарды өткізу (Греция) сияқты шаралар әлем тарихында ұйымдастырылған саяхат мазмұнын құрайды.
Орта ғасыр тарихында ұйымдастырылған саяхатты ынталандыру үшін: батыс және шығыспен сауданы кеңейтуде - «Ұлы Жібек жолын» пайдалану, сыртқы қарым-қатынас мекемесін құру (Византия) ; Мекке мен Мадинаға қажылық жасау (Арабия) ; мектептер мен жоғары оқу орындарының ашылуы, ірі монастырьларға, өзен өткелінде қорғандарда теңіз жолдардың түйіскен жерлеріне қалалар салу, күшті флот құру ( Франция, Германия, Италия) сауда-саттықтың қалыптасуына жағдай туғызды болды.
Жаңа ғасырда туризм индустриясының қалыптасуына машинақұрылысының дамуы, тауар өтімінің нарығын құру (Англия) ; тауарлар алмасуы, жаңа жерлерге қоныстандыру, су және теміржол транспортының дамуы (АҚШ) ; бірыңғай ұлттық нарықты қалыптастыру, адам мен азамат құқығының декларациясы, өнеркәсіп пен сауда дамуы үшін кедергілерді жою (Франция) бұл саланың дамуына себепші болды.
Ежелгі әлемнің тарихында қазіргі Қазақстан территориясы бойынша ұйымдастырылған саяхат пен туризм дамуының бірінші кезеңі (б. э. д. ІІІ мыңжылдық -XV ғасыр) қалыптасуының басы б. э. д. ІІІ мыңжылдыққа жататын Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан жергілікті туристік нысандармен байланыстар жүйелі іске қосылды. Бұл кезеңнің өзі екі кезеңге бөлінеді:
1) ҰЖЖ дамуының монғол шапқыншылығына дейінгі кезеңі (б. э. д. ІІІ мыңжылдық -XІІІ ғасыр) ;
2) ҰЖЖ дамуындағы монғол -Темірлан кезеңі (XІІІ -XV ғасыр) . Бірінші кезеңде Қытай, Орталық Азия, Шығыс, Батыс Еуропа мен Африканы жалғастыратын транспорттық сауда мәдени жүйесінің қалыптасуымен байланысты.
Қазақстан территориясындағы ең бірінші туристік нысан түрік тайпаларының жаулап алуымен және миграциясымен байланысты. VIXIV ғғ. Ұлы Жібек жолының солтүстік -түркі тайпаларының жол торабы көрсетілген кезеңде саяхат тек қана сауда мақсатында ғана жасалған жоқ, сонымен қоса қажылық, емдік және білім алу мақсатымен жасалды деп айтуға жеткілікті дәлелдер бар.
Екінші кезең ҰЖЖ арқылы адамдар мен тауарларды ыңғайлы және қауіпсіз түрде ауыстыру үшін инфрақұрылымның жасалуымен (жолдардың, көпірлердің, орман қорғау алқабының, саяхатшыларды орналастыру мен тамақтандыру құралы керуен сарайдың құрылысы; сауда -қолөнер орталықтары) ; ҰЖЖ керуендердің күзетін ұйымдастыру; Түркістан қаласында діни құрылыстардың құрылысымен (Хожа Ахмет Яссауи мавзолейі) сипатталады.
Қазіргі Қазақстан территориясында монғол татар кезеңі кезінде кең иеліктер демалыс пен түнейтін жерге мұқтаж хан шабармандары арқылы іске асырылған жауланған жерлермен жақсы байланысты қажет етті. Монғолдар халықаралық сауданы дінге айналдырды. Монғол ақсүйектері, хандары, шетелдік көпестер орасан зор жол құрылысын жүргізді, өзенде тұрақты өткелдер ұйымдастырылды, шатқалдарда көпірлер салынды, жартастарда өтетін жерге белгілер қойылды, жол жиектеріне ағаштар отырғызылды, әр 30-40 км сайын бекеттер салынды, азық -түлік қорынан, кезекші арба, салт және теңдеп жүк артылған жануарлардан басқа жердің барлығына әрқашанда 20 -дан 1000 - ға дейін қаруланған отряд орналасты. Сауда қолөнер орталықтары тез салынды.
Ұйымдастырылған саяхаттың дамуының Ұлы Жібек жолындағы қазақстандық жердің құлдырауы бақыланған XV ғасырдан 1731 жылға дейінгі кезеңді екінші кезең деп атауға болады. Бұл уақытта қазіргі Қазақстан және шетел территориясы бойынша көпестердің (олармен бірге басқа туристердің) аракідік саяхаты іске асырылды. Меккеге, Мадинаға, Түркістанға қажылық саяхаты және киелі орындарға зиярат еткендігі туралы мәліметтердің жинақталуы жайлы айтуға болады.
Ұйымдастырылған саяхат пен туризмнің дамуының Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңін -1731 жылдан 1917 жылға дейін жалғасуын үшінші кезеңге жатқызуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz