Тәбук - соңғы жорық


Жоспар
Кіріспе . . . 3
Көп түкірсе көл . . . 4
Тағыда мунафиқтар . . . 5
Сарбаздар Хижрда . . . 6
Мәсінің үстіне мәсіх тарту . . . 6
Жаңбыр дұғасы . . . 7
Оба туралы Пайғамбарымыздың айтқаны . . . 7
Тәбүк хұтпасы . . . 7
Қорытынды . . . 9
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 10
Кіріспе
Хижреттің тоғызыншы жылында Ислам діні Арабстанда кең жайылды. Мәдинаға өз еркімен келіп, ру тайпа өкілдері Расулаллаһпен жүздесіп, имандылықты үйретуді өтініп жатты. Ислам тарихында бақытты ғасыр атанған жетінші ғасырдың ең жемісті кезеңі осы хижреттің тоғызыншы жылы.
Дегенмен мұсылмандардың асқақ мәртебесін, биік абыройын көре алмай, қызғанғандар түбегейлі жойылып еді десек, түгел қателесеміз. Византия тәрізді сол дәуірдің дүрілдеген қуатты мемлекеті әлі де Исламды құртуға дәмелі. Сол ниетпен айнала қолдаушы тайпаларды жинап күш біріктірді. Мақсат - қалайда мұсылмандардың қарасын құрту.
Византияның шайқас әзірлігі дер кезінде Мәдинаға жетіп, Расулаллаһ сарбаздарын сапқа тұрғызды.
Әдетте Пайғамбарымыз жорыққа шығарда нақты бағытты алдын ала тіс жарып ешкімге айтпайтын. Бұл жолы өйтпеді. Барар жердің шалғайлығын, жолшыбай азық-түлік, керек-жарақтардың молынан қажеттігін ашық айтып, ұзақ жорыққа барынша әзірленуді бұйырды.
Мәдина маңындағы мұсылман тайпаларға да хабаршы жіберіп, Аллаһ жолында ұрысқа қатысуды шақырды.
Көп түкірсе - көл . . .
Сахабалардың бәрінің бірдей мол жол азығын, қару сатып алуға шамасы келмейтін.
Расулаллаһ ауқаттыларды көмекке шақырып, олар соғыс мұқтаждықтарын өтеуге атсалысты.
Хазіреті Омар ең алдымен Аллаһ Расулының (с. а. у. ) үндеуіне үн қосқандардың бірі.
"Бүгін қалайда Әбу Бәкірден асып түспесем бе?" деген оймен Хазіреті Омар мал-мүліктің тең жартысын қазынаға құяды.
"Бала-шағаңның несібесін айырдың ба?" - деген Хазіреті Мұхаммедтің (с. а. у. ) сауалына:
"Әрине, жарты малымды соларға қалдырдым", - деп жауап береді.
Хазіреті Әбу Бәкір бары - төрт мың дирхам күмісті Аллаһ Нәбиіне келіп ұстатады. Хазіреті Омар да сол жерде тұрған. Расулаллан (с. а. у. ) Хазіреті Әбу Бәкірге:
"Уа, достым, бала-шағаңа не қалдырдың?" - дегенде, Сыддық Әбу Бәкір:
"Оларды Аллаһ пен Расулына аманат еттім", - дейді.
Хазіреті Әбу Бәкірдің мұншалықты жанкештілігіне қайран қалған Хазіреті Омар:
"Ата-анам сенің жолыңа құрбан болсын, уа, Әбу Бәкір, қайыр-жақсылық жолында сен әрдайым менен үстемсің. Ешбір мәселеде сені басып оза алмасымды түсіндім", - деді күмілжіп.
Хазіреті Осман - қос нұрдың иесі Шамға сауда керуенін жолдамақ еді. Жиһадқа жәрдем керек дегенді ести сала мәрт сахаба үш жүз түйені тиелген теңімен қоса ортақ қазынаға қосты. Елу ат пен мың алтынды қолма қол тағы берді.
Екі қызын бірдей алған күйеу баласы Османның мырзалығына сүйсінген Пайғамбарымыз:
"Я, Аллаһым! Мен Османға ризамын, Сен де одан риза бол", - деп батасын берді.
Хазіреті Абдуррахман ибн Ауф, тіпті Улба ибн Зәйд, Әбу Ақил сынды кедей-кепшік сахабалар бір уыс құрмамен болса да қолдау көрсетті.
Мұсылман әйелдер де қарап қалған жоқ. Алқа, жүзік, сырға сияқты әшекей бұйымдарын шын ықыласпен жиһад жолына табыстады.
Сахабаның әрбіреуі саңлақ сипатына ие, ал саңлақтық пен сараңдықтың қабыспасы айдан анық. Алланың атын асқақтату жолында шын ниетпен берілген садақа берушіге берекет, тек жақсылық әкелері хақ. Бұл - берекеттің бұлжымас қағидасы. Он төрт ғасыр бұрын да осылай болған, қазір де солай.
Мүшрік, кәпірлерге қарсы шайқасқа қатысуға тілек білдіргендердің көптігі сондай, қару-жарақ, ат-көлік ортақ қазынаға қанша жинаса да, жетпеді. Өз жағдайлары мүшкіл, алайда жиһад жолында жанын беруге даяр кедей мужаһидтерге Расулаллаһ жорыққа шығуға рұсат бермеді. Қасиетті жолдан кері қайтарылғандар жылай-жылай қала берген. Жомарттың қолын жоқтық байлайды деген нақылдың тарихы тереңде екеніне тағы куә болғандаймыз.
Тәубе сүресінің 91-92 аяттарындағы:
"Әрдайым Аллаһқа, елшісіне ықыласты болған нашарларға, ауруларға және (соғысқа баруға) қаражат таба алмағандарға кінә жоқ. Өйткені олар (бармағанымен мемелекеттерінде) жақсылық жасайды. Аллаһ тым кешіруші, ерекше мейірімді. Олар көлік сұрап саған келгенде: "Сендерді аттандыратын көлік таба алмадым" дегеніңде, осы жолда жұмсайтын қаражат таба алмағандықтарына күйініп, көз жасын төккен бойда қайтқандарға күнә жоқ " - деген жолдар жоғарыда баяндалған оқиғаны меңзейді.
Тағы да мунафиқтар . . .
Жауынгер сахабалар жанталасып жиһадқа әзірленген тұста мунафиқтар тағы да үйреншікті машықтарына басып мұсылмандардың арасына іріткі салды. Басшылары Абдуллаһ ибн Үбәй жас сахабаларды жинап алып:
"Мұхаммедтің алып Византияға күші жетеді дегенге қай ақымақ сенеді? Жасағы түгелдей тұтқын боп жер сипап қаларына мен кепіл", - деп кеудемсоқтанады.
Ауа райының қолайсыздығын алға тартқан олар: "Осындай аптапта дені сау адам жорық ұйымдастырады ма?" - деп өзеуреді.
Аллаһ Тағаладан түскен аян сол жайды былайша сипаттайды:
"Олар Аллаһтың елшісіне қарсы болып, соғысқа бармай қалғандарына мәз болды. Олар Аллаһ жолында малдарымен, жандарымен соғысуды жек көреді. Олар "мына ыстықта соғысқа шықпаңдар" деді.
Оларға былай де: "Тозақ оты мұнан да ыстық, бірақ олар барар жерін білсе етті ". (Тәубе, 81)
Тәубе сүресінің 49-аяты да сол мезетте түскен:
"Олардың бәз біреулері "Маған соғысқа қатыспауға рұқсат бер, мені бүлікке, босқа әуреге салма" дейді. Байқаңдар, олар онсыз да әуреге батқандар. Әлбетте, тозақ кәпірлерді толық қамтиды".
Анау деп, мынау деп жоқты-барды сылтауратқан сексенге жуық мунафиқтар жорыққа шықпауға рұқсат алды. Олардың пайғамбарға айтқандары ылғи-шылғи өтірік. Ол да Алланың уахиымен аян болды:
"Сенен рұқсат сұрап қиылғандар Аллаһқа және ақырет күніне сенбейтіндер, жүректері күдіктен арылмағандар. Олар күдіктерінде ерсілі-қарсылы шайқалып тұрғандар". (Тәубе, 45)
Мұнан соңғы аятта мұсылмандарға жұбату айтылады:
"Егер олар сендермен бірге жиһадқа шыққанда тек алауыздықты арттырып, ара бұзар еді" (Тәубе, 47) Мунафиқтардың жорықтан қашуы мұсылмандарды жолынан жаңылдыра алмады.
Қиындық, қол байлау болған жоқшылық жан-жүректерімен Аллаһ жолын ұстанғандарға шыбын шаққан құрлы әсер етпегені рас. Жігіттердің қаруы - нар тәуекелдері еді. Уәда жотасында соңғы бақылау, тексеру жүргізілді. Отыз мың сарбаздың үштен бірін атты әскерлер құрады.
Мәдинаға өкіл имамдыққа Хазіреті Мұхаммед ибн Мәслама сайланады.
Хазіреті Расулаллаһ Хазіреті Әлиді құзырына шақыртып: "Мәдинада екеуіміздің біреуіміз қалуға тиіспіз", - деп екі отбасының жауапкершілігін жүктейді. Хазіреті Әли мұны күтпеген-ді, жылап жібереді. Пайғамбарымыз оған:
"Хазіреті Мұса пайғамбар мен болсам, сенің халің Харун пайғамбардікіне ұқсайды. Еңсеңді көтер, Хазіреті Мұса Тур тауына шыққанда халқының басшылығын бауыры Хазіреті Харунға тапсырған. Бір ғана айырмашылық - мен ең соңғы пайғамбармын", - деді. Хазіреті Әли дереу басын көтеріп, әмірге бойұсынғанын білдірді.
Пайғамбарымыз ең үлкен байрақты Хазіреті Әбу Бәкірге табыстады. Пайғамбардың өміріндегі соңғы жорықтарда байрақты Хазіреті Әбу Бәкірге беруі, өзінен кейін тұңғыш халифа болатынына ишара-тын.
Ми қайнатар аптапты елең қылмастан иман атты тылсымға елтіген жауынгер сахабалар рәжәп айының бір бейсенбісінде Тәбүкті бетке алып аттанып кетті.
Сарбаздар Хижрда
Жол-жөнекей сегіз рет түнеп Хазіреті Мұхаммед (с. а. у. ) жасағы «Хижр» деген жерге келеді. Хижр - Шам жолында орналасқан, талай жылдар бұрын Хазіреті Салих пайғамбардың қауымы - сәмудтың хақиқаттан бас тартқандары үшін бір сәтте шаң-тозаңнан көз аша алмай, лағынетке ұшыраған жері еді.
Пайғамбарымыз: "Ауыр азапты тілеп алғандардың мекеніне Аллаһқа сиынып аяқ басыңдар. Солардың душар болғанынан Хақ сақтасын", - деді.
Ол жерден мұсылмандарға су ішуге, тіпті құдықтан дәрет алуға да рұқсат берілмеді.
Мәсінің үстіне мәсіх тарту
Тәбүк жорығында алғаш рет Пайғамбарымыз дәрет алғанда мәсі үстінен мәсіх тартуға рұқсат береді. Қонақтар үшін 72 сағат бойы аяқтан мәсіні шешпей мәсіх тартып намаз оқуға рұқсат. Басқаларға бұның мерзімі бір тәулік, яғни 24 сағат.
Жаңбыр дұғасы
Қырсықты қойсаңшы, тура Хижрға келгенде жауынгерлердің сулары таусылып, әбден әлекке түседі. Аңқасы кеуіп, әлі құрып құлағандар да аз болмайды.
Сарбаздар арасындағы саусақпен санарлық мунафиқтар тағы да Хазіреті Мұхаммедті (с. а. у. ) кінәлап ала жөнеледі.
Жеңіл ауыздылары: "Ау, пайғамбарлығы қане, осынау бәлекеттен құтқара алмаса?" - деп тілдерімен түйреп үлгереді. Сыпсың сөз Хазіреті Мұхаммедке (с. а. у. ) де жетеді. Пайғамбарымыз сахабалардың өтінішіне орай Аллаһтан жауын тілеп, дұға етеді.
Соны күтіп тұрғандай-ақ сіркірей бастаған жаңбыр аздан соң нөсерге айналды.
Пайғамбардың дұға - тілегі әрдайым қабыл болып отырған. Муғжизалардың мұсылмандардың имандарының күшеюінде зор рөлі болғаны шындық.
Он тоғыз күн дегенде жол азабын артқа тастап Ислам армиясы Тәбүкке келіп жетеді.
Бірақ арып-ашып келген мұсылмандар Византия әскерінің ізін де көре алмай дал болады. Шығыс Рум императорлығы әуелде қоқиланып мұсылмандарды жаншуды ойлағанмен, жеме-жемге келгенде батылдары жетпей айныған болатын.
Оба туралы Пайғамбарымыздың айтқаны
Тәбүкте жатып бірнеше күн айналаны барлауды мақұл көрген Пайғамбарымыз Шам жақтан оба індеті шықанын естиді. Сондағы айтқаны:
"Жүрген жерлеріңді оба жайлар болса, одан қашып ешқайда барушы болмаңдар. Оба шыққан жерге де жоламаңдар".
Медицинада "қара өлім" аталған обаның қауіпті, жұқпалы екенін бір мың төрт жүз жыл бұрын хабар беріп, карантин тәртібін сол кезде-ақ айтқан пайғамбардың Аллаһ елшісі екендігіне шүбә келтіру күнә.
Тәбүк хұтбасы
Хазіреті Мұхаммедтің (с. а. у. ) әрбір сөзі - ақылдың көзі. Фәлсафа да, тәлім де осында. Білгенге маржан, білмеске арзан сөз мәйегіне тағы да құлақ түрейік:
"Адамның ең қайырлысы, ең жақсысы - атының не түйесінің үстінде немесе жаяу ақтық демі біткенше Аллаһ жолында еңбектенген адам.
Ең азғын адам - Аллаһтың кітабын оқып, одан үлгі ала алмағандар.
Ең тура, дұрыс сөз - Аллаһтың кітабы Құран екенін естен шығармаңыздар.
Ең мықты мәртебе - тақуалықта.
Ең қайырлы дін - Ислам.
Сүннеттің қайырлысы - Мұхаммедтің (с. а. у. ) сүннеті.
Сөздің асылы - Аллаһтың зікірі.
Қиссалардың ең қызығы - Құран қиссалары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz