Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 336.722.117.7:336.713(574)
Қолжазба құқығында

НУРТАЗИНОВА АКБАЯН СЕРИКОВНА

Несиелік тәуекел-менеджментінің банктің несиелік портфелінің сапасын
арттыруға ықпалы
(Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктер материалдары
негізінде)

08.00.10 – Қаржы, ақша айналысы және несие

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010

Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық унверситетінде орындалды

Ғылыми кеңесші: экономика ғылымдарының докторы Искаков
Ұ.М.

Ресми опоненттер: экономика ғылымдарының докторы

экономика ғылымдарының кандидаты


Жетекші ұйым:

Қорғау жылдың сағат Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
унверситетінің жанындағы экономика ғылымдарының докторы (кандидаты)
дәрежесін алу үшін құрылған Д 14.02.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде
өтеді, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.

Диссертациямен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық унверситетінің
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат ____ 2010 жылы
таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы,
э.ғ.д., профессор
Темірбекова А.Б.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы таяу арада
қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің
2009-2010 жж арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға
байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде
қарастырылған қаржы секторын тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды,
соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесін
жетілдіру, олардың сыртқы қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын
қабылдау, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп
отырған банктердің активтерінің жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе
құраушы екінші деңгейдегі банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып
алу арқылы, сондай-ақ оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша
капиталдандыру шаралары көзделген.
Аталмыш жоспарды іске асыру мақсатында белгіленген шаралардың ең бастысы
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерін басқарудың бүгінгі күнге
сай еместігін және оның тиімсіздігін нақты көрсетіп отыр.
ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк
секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін
белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола
алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін,
сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар
тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті
шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.
Шынымен де, Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының
бәсекелестікке қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі
олардың тәуекелдерінің басқарудың тиімділігін арттыруға терең мән беру
қажет. Ең бастысы бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік
тәуекелдерін басқаруды жүйелі түрде зерттеуде жоғарыда көтерілген
мәселелердің шешімін табу барысында арнайы теориялық, әдістемелік және
тәжірибелік тәсілдерді қолдануды қажет етеді.
Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған
тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс
тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз
алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-
менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда.
Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс
тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді
несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отырғандығы
жасырын емес. Сондықтан да, кез-келген ҚР екінші деңгейдегі банктердің
қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы
несиелік тәуекел-менеджменттің тиімділігін арттыруға тікелей байланысты,
әсіресе қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында оның маңыздылығы арта түсуде.
Демек, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел
менеджментінің тиімділігін арттыруға арналған және бүгінгі банктік
сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған бұл
зерттеу жұмысының тақырыбы - ең өзекті тақырыптардың қатарынан орын алатыны
ешқандай да күмән тудырмайды.
Ендеше, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел
менеджментінің тиімділігін арттыру барысындағы жоғарыда аталған
мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отырғаны және олардың
отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей келуі, бұл
диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел менеджментінің
тиімділігін арттыруға байланысты өзекті мәселелер, өз кезегінде
диссертациялық зерттеу жұмыстың мақсаты болып және басты міндеттерін
анықтап отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен басты міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-
ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел менеджментінің мазмұны мен
құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару
жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- несиелік тәуекелдің және несиелік тәуекел-менеджментінің экономикалық
мәнін ашу және типтерін қарастыру;
- банктік несие тәуекел-менеджментінің құрылымы мен оның элементтерін
анықтау;
- ҚР-ғы ЕДБ-дің несиелік тәуекел-менеджментінің несиелік қоржынын
сапасын басқару ықпалына баға беру;
- проблемалық несиелерді айқындау және олармен банктердің жұмысына баға
беру;
- екінші деңгейдегі банктердің жиынтық несие тәуекелін болжау
әдістерін ұсыну;
- несиелік тәуекелді басқаруда экономикалық-математикалық әдістерді
пайдалану жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәніне: ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекел-
менеджментінің қызметін ұйымдастыруға байланысты қалыптасатын қаржылық
қатынастар жиынтығы жатады.
Зерттеу обектісіне: ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік
тәуекелді басқару жүйесі жатады
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік
және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік
экономистердің несиелік тәуекелді басқару жүйесінде орын алатын мәселелері
туралы зерттеулері пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық және статистикалық базасы. Зерттеудің
статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің және ҚР
қаржылық қадағалау агенттігінің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық
және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі
банктерінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік
конференция материалдары, сондай-ақ несиелік тәуекелді басқару жүйесі
жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар
және т.с.с. пайдаланылды.
Сонымен қатар, ғылыми жұмыста көрсетілген төмендегідей шетелдік
экономистердің ғылыми еңбектері (О.И.Лаврушин, В.А. Кудрявцев, Е.В.
Кудрявцева, К.Р. Тагирбеков, Г.Г. Коробовой, В.И.Колесников, О.М.Марков,
В.М.Усоскин, Е.Ф.Жуков, Э.А.Уткин, Е.Б.Ширинская және т.б.) және отандық
экономист-ғалымдардың (Ғ.С. Сейітқасымов, Н.Н.Хамитов, Ұ.М. Искаков, О.Б.
Баймұратов, Ш.Р. Әбділманова, Г.Т. Қалиева, С.Б. Мақыш, Л.П. Корнилова, И.
Новиков және т.б.) еңбектері пайдаланылды.
Құқықтық негізіне: ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар
жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің
нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары
жатады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
1. Банк қызметіндегі несиелік тәуекел және несиелік тәуекел-менеджмент
ұғымдарына қатысты авторлық көзқарас тұрғысынан нақтыланып, несиелік
тәуекелдің типологиясы жасалды;
2. Несиелік тәуекел-менеджмент жүйесінің тұжырымы мен құрылымы, сондай - ақ
оның құрамдас элементтері кешенді әрі жүйелі түрде зерттелді;
3. Несиелік тәуекел түрлерінің пайда болуына ықпал етуші сыртқы және ішкі
факторлар түрлері айқындалды;
4. Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекел-менеджмент
жүйесін ұйымдастыру жағдайы талданып, оны жетілдірудің жолдары ұсынылды;
5. Екінші деңгейдегі банктер қызметінде несиелік тәуекелді басқару- дың
экономикалық-математикалық үлгісі жасалып, соның негізінде несиелік
тәуекел-менеджментінің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету тәсілдері
қарастырылды.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
- несиелік тәуекел және несиелік тәуекел-менеджмент ұғымдарына
қатысты авторлық көзқарас және несиелік тәуекел типологиясы;
- несиелік тәуекел-менеджменттің қазіргі жүйесінің құрылымдық
элементтері және олардың өзара байланысы;
- несиелік тәуекел түрлерінің пайда болу себептерін анықтауға ықпал
етуші факторлар;
- екінші деңгейдегі банктер қызметінде жиынтық несиелік тәуекелді
болжаудың ұсынылған әдістері;
- жеке және жиынтық несиелік тәуекелді басқарудың экономикалық-
математикалық үлгісі.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Диссертацияда жасалған
қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің несиелік
қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы және енгізілуі. Жұмыстың негізгі
нәтижелері мен диссертацияның қорытындылары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ
экономикалық университетінде, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық
университетте, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда
университетінде өткізілген 2005–2009ж.ж. ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-
теориялық конференцияларда баяндалып, сондай-ақ 8 мақалаларда жарық көрді.
Ғылыми-зерттеу нәтижелері Банктік тәуекелдерді басқару (2009ж),
пәнінен оқу әдістемелік кешені мен силлабусқа енгізіліп оқу үдерісінде
пайдаланылуда. Тәжірибелік ұсыныстар Kaspi Bank ЖФ АҚ, Альянс банк ЖФ
АҚ жұмыстарында мақұлданып енгізілді.
Жұмыстың жалпы бағыттары мен зерттеу логикасы диссертациялық
зерттеудің ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертацияның құрылымы кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Диссертацияның бірінші топтағы мәселесі бұл несиелік тәуекел мен
несиелік тәуекел-менеджмент ғылымының дамуымен, оның банк қызметіндегі рөлі
мен орынын және Қазақстанның банктік тәжірибесіндегі бүгінгі жағдайын
бағалаумен, коммерциялық банктің несиелік қоржынын басқару үдерісін
ұйымдастыруға тигізетін ықпалын анықтаумен байланысты.
Диссертациялық жұмыста аталған мәселеге қатысты отандық ғылым және
тәжірибе деңгейінде алыс және жақын шетелдік экономист-ғалымдардың
көзқарастары қарастырылады. Зерттеу нәтижелері ғалым-экономистердің
пікірлерімен келісе отырып, біздің ойымызша, несиелік тәуекелдің мәнін
түсінуге екі тәсіл тұрғысынан келу қажет. Оның біріншісі, банктік несиелік
тәуекелін мынадай тар мағынада қарастыру болып табылады: а) несие бойынша
төлемдердің төленбей қалу қаупі; б) банктің несиелік әрекетінің оның
активтерінің құнын жоғалту мүмкіндігін және кепілдік міндеттемелерінің
орындалмауын көрсететін оқиғалық сипаттамасы.
Осылайша, біз зерттеу нысанының тағы бір жағы - банктегі несиелік
тәуекелдің типтері, яғни оның әртүрлі белгілері мен ерекшеліктерін
қарастыруға тырысамыз. Осы мақсатта несиелік тәуекелдің типтерін мына
белгілерге қарап анықтаймыз:
- талдауды жүзеге асыру деңгейімен;
- пайда болу саласымен;
- қарыз алушының типімен;
- тәуекелдің пайда болу сипатымен;
- операцияның түрлерімен;
- қарыз алушының іс-әрекеті сипатымен;
-тәуекелдің қауіптілік деңгейімен және тәуекелдің басқарылу
деңгейімен.
Талдауды жүзеге асыру деңгейіне қарай несие тәуекелін
а)жиынтық (жалпы)
б) жеке типтеріне бөлуге болады.
а) Жиынтық (банктік несие қоржыны мөлшеріндегі) несие тәуекелі банктің
барлық несие қоржынының сапасы жағынан берілген барлық несиенің көлемін
бағалаудан туындайды. Жиынтық несие тәуекелінің сараптамасы - несиелердің
әртүрлі категориялары бойынша төленбеген қаражаттың көлемін сипаттайтын
бірқатар көрсеткіштердің есебі негізінде өткізіледі.
б) Жеке (әр нақты несиенің деңгейінде) несие тәуекелі жекелеген қарыз
алушыға тән тәуекел мөлшерін сипаттайды. Жеке несие тәуекелін талдау
коммерциялық, саяси және басқа да сыртқы әсерлерді ескере отырып, оның көп
нұсқалы үлгісін жасауды талап етеді.
Ал енді несиелік тәуекел-менеджментінің мазмұнына келетін болсақ, ол
банк қызметіндегі несиелік тәуекелді басқару ұғымымен тікелей байланысты
болып келеді, бірақ олардың арасында өзіндік айырмашылықтар бар. Ондай
айырмашылықтарды анықтау үшін тәуекел-менеджментінің ғылым ретінде
қалыптасуына мән беру қажет. Тәуекел менеджментінің саласы ретінде несиелік
тәуекел-менеджменті банк ісі тәжірибесіне кейінгі уақыттары қолданып жүрген
жаңаша терминге жатады.
Қазіргі таңда қаржы қызметінің аумағында, оның ішінде Қазақстан
Республикасының банк ісінде тәуекел-менеджменті тез дамып отыр.
Қазақстанның ұлттық қаржысының қалыптасуы 18 жылда тәуекел менеджмент
жүйесі небәрі 3 жылда республикамыздың қаржы институттарында ұйымдастырылып
қана қоймай, барлық аспектілерінде маңызды болды. Әсіресе тәуекел
менеджмент жүйесін 2004 жылы 15 қарашада өткен IV Қаржыгерлер конгрессінде
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, сонымен қатар
қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің
бұйрығымен: 2005 жылдың 1-ші шілде айынан бастап қаржы ұйымдарының
капитализациялау деңгейін, олардың тәуекел адекваттығын қамтамасыз етуде,
2005 жылдың соңына дейін қаржы ұйымдарында тәуекелді басқарудың қазіргі
жүйесін енгізу шараларын қолдануды бұйырды. Сондықтан тәуекел менеджмент
жүйесінің қалыптасуы барлық қаржы институттарында негізгі және басыңқы
болып табылады.
Тәуекел-менеджменті - тәуекелді бағалаудың барлық ұйымдастыру үдерісін
қамтып, орындалуын бақылау және шешімдерді қабылдауда, тәуекелді басқарудың
біртұтас жүйесі болып табылады.
Банк қызметін жіктей отырып, тәуекел-менеджментін келесідей түрде
анықтауға болады:
• өз клиенттерінің қызығушылығын ең жақсы жолмен қанағаттандыра
отырып банктің табысын жоғарылату;
• салымшылар мен кредиторлардың қызығушылығын сақтай отырып, банк
балансының өтімділігін қамтамасыз ету;
• банк қызметінің көлемі және құрылымы, сапасы бойынша клиенттердің
қажеттілігін қанағаттандыру.
Банк қызметіндегі тәуекел-менеджменті тәуекелдердің түрлеріне байланысты
мынадай түрлерге бөлінеді:
- пайыздық тәуекел-менеджменті;
- несиелік тәуекел-менеджменті;
- өтімділік тәуекел-менеджменті;
- валюталық тәуекел-менеджменті;
- операциондық тәуекел-менеджменті;
- баланстан тыс тәуекел-менеджменті.
Мұндағы несиелік тәуекел-менеджментінің қызметінің тиімділігі кез-келген
коммерциялық банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өте маңызды болып
табылады.
Біздің ойымызша несиелік тәуекел-менеджментін кең және тар мағынада
түсінуге болады. Кең мағынасында несиелік тәуекел-менеджментін бірнеше
тұрғыда қарастыруға болады: құбылыс ретінде, үдерісі ретінде, жүйе ретінде,
ғылыми ілімдердің саласы ретінде, басқару өнері ретінде, басқарушы
менеджерлердің санаттары немесе басқарушы ұйым ретінде.
Енді осы көзқарастарға жеке - жеке тоқталып өтейік.
Несиел тәуекел-менеджменті құбылыс ретінде басқарушы субъектінің
тарапынан басқарылатын объектіге жоспарлы түрде ықпал етуді білдіреді.
Несиелік тәуекел-менеджменті үдерісі ретінде бірқатар атқаратын
қызметтерді қамтиды. Ондай қызметтерге жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу,
мотивациялау және бақылау жатады.
Несиелік тәуекел-менеджменті жүйе ретінде өзара байланыста элементтердің
жиынтығын, соның ішінде адами, ақпараттық, құрылымдық және т.б.
Несиелік тәуекел-менеджментінің ғылыми тұрғыдан несиелік тәуекелді
басқару мәселелерімен айналысатын ғылым ретінде түсінуге болады.
Несиелік тәуекел-менеджментінің басқару өнері ретінде қарастыру оның
тұжырымдамаларына, заңдылықтарына, қағидаттарына және әдістеріне
негізделуін білдіреді.
Несиелік тәуекел-менеджментінің басқарушы санаттары немесе басқарушы
ұйым ретінде қарастыру белгілі-бір мақсатқа жетуде банктің қызметкерлерін
үйлестіру жұмыстарын сипаттайды.
Ал енді тар мағынасына келсек несиелік тәуекел-менеджменті бұл несиелік
тәуекелді басқару стратегиясы мен тактикасын білдіреді.
Несиелік тәуекел-менеджментінің стратегиясы дегенде алға қойылған
мақсаттарға қол жеткізуде құралдарды пайдалану әдісі мен бағыттары
түсіндіріледі. Бұл әдіске анықталған тәртіптердің жиынтығы мен шешімдерді
қабылдаудағы шектеулілік сәйкес келеді. Стратегия барлық варианттардың
ішінен, ең негізгісін қабылдауға мүмкіндік береді. Стратегия алдына қойған
мақсаттарын шешкеннен кейін өзінің қызмет етуін тоқтатады.
Несиелік тәуекел-менеджментінің тактикасы – бұл нақты жағдайдағы алдына
қойған мақсаттарына жетудің әдістері мен шешімдері. Берілген шаруашылық
жағдайында басқарудың ең тиімді шешімдерін таңдау тактикалық шешімдер болып
табылады.
Жоғарыда келтірілген авторлық тұжырымдама негізінде, несиелік тәуекел-
менеджменті құрылымының қазіргі үлгісін 1- суретпен беруге болады.

Сурет 1 - Несиелік тәуекел-менеджментінің қазіргі құрылымы

Ескертпе – құрастырған автор

Несиелік тәуекел-менеджментінің құрылымына мыналар жатады (Сурет 1.,
келесі бетте):

- несиелік тәуекелге қатысушыларды басқару;
- тәуекел қоржынын басқару.
Несиелік тәуекелге қатысушыларды басқару мыналарды қамтиды:
- Қарыз алушының тәуекелін басқару.
- Эмитенттің тәуекелін басқару.
- Контрагент банктің тәуекелін басқару.
Мұндағы тәуекел қоржынын басқаруға мыналар жатады:
- Несиелік қоржын тәуекелін басқару;
- Корпоративтік бағалы қағаздар қоржынының тәуекелін басқару;
- Банкаралық операциялар қоржынының тәуекелін басқару.
Банк несие тәуекелінің факторларын жинақтай келе оның төмендегідей
түрлерін атап айту маңызды:
• жеке несие тәуекелінің факторлары:
• жеке тұлғаға несие беру кезіндегі несие тәуекелінің факторлары;
• заңды тұлғаларға несие беру кезіндегі несие тәуекелдігі факторлары;
• банк несие тәуекелінің жиынтық факторлары:
• банк несие қоржыны тәуекелдігі факторлары
Соңғы уақытта түрлі елдердің банкілерінде несие тәуекелін басқару
проблемасы жиі байқалып жүр. Бұл мәселе отандық банкілер үшін тіпті де
маңызды, себебі соңғы 5-7 жыл көлемінде мерзімі өткен несие қарыздарының
тұрақты өсуі байқалуда. Салынған қаржының пайдалылығы көрсеткіштері
бойынша, банк қоржынындағы проблемалы несиелер деңгейі және басқа да
критерилер бойынша бағаланатын несие мәмілесінің тиімділігі сыртқы ортаның
факторларына да, несие тәуекелін басқару әдісінің жиынтығына да қатысты.
Сыртқы факторлардың ықпалынан құтылу практика жүзінде мүмкін емес болуы
себепті банкілердің бірінші кезектегі міндеті ретінде ішкі мүмкіндіктерді
ескере отырып әлеуетті несие тәуекелділігіне баламалы басқару әдісі жүйесін
әзірлеуі қажет.
Тәуекел жағдайда талдау нәтижесінде алынған банктің несие тәуекелінің
көрсеткіштері (жеке және жиынтық) тәуекелді реттеу әдістерінің белгілі бір
түрлерін қолдануға негіз болады. Несие тәуекелін бағалауды бірін бірі
толықтырып тұратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық. Біріншісі
несие тәуекелінің барлық мүмкін болатын факторларын сәйкестендірушілігін,
сондай-ақ несие процесінің тәуекел пайда болатын кезеңін көрсетсе, екіншісі
ақша бірлігі, сан, балл бойынша болуға тиісті шығындарды білдіреді.
Кейде сапалық және сандық бағалау сыртқы және ішкі факторлардың әсерін
талдау негізінде жүзеге асырылады, мұнда әр фактордың жиынтық үлес салмағы,
олардың несие тәуекелділігі көрсеткішіне әсер ету дәрежесі анықталады. Бұл
әдіс көп еңбектенуді қажет еткенімен, оны қолдану оң нәтижелер әкеледі.
Несие тәуекелділігін өлшеу нәтижелері қолайлы деңгеймен сәйкес келмеген
жағдайда, банктің тәуекел стратегиясына қарама қайшылықта болса, оның төлем
қабілетіне нақты шын мәнінде қауіп төндіретіндей жағдайда болса, басқару
әдісінің несие тәуекелінен жалтару әдісіне көшу тиімді болмақ.
Сондықтан көп ретте несие тәуекелін төмендету (азайту) әдістері
қолданылады. Оның мазмұнын мына шаралар құрайды:
• Несиелерді оңтайландыру;
• Күмәнді қарыздар бойынша мүмкін болатын шығындарды жабатын қаржыны
резервте ұстау;
• Несиелерді әртараптандыру;
• Несиелерді құрылымдау;
Несиелерді оңтайландыру дегеніміз лимитті белгілеуді көрсетеді. Банктің
несие қызметіне белгілі бір шектеулерді орталық банктің бір немесе бірімен
бірі байланысты қарыз алушылер тобының жоғары тәуекелділігі, акционерлерге,
басшы қызметкерлерге несие беру лимиттерін және т.б. талаптары да қоя
алады. Сонда да болса банк несие мекемесі үшін ақылға қонымдысы - банктің
өзі белгілеп, өзі өзгерте алатын несие қызметінің лимиттері жүйесін құру.
Бұған несие беру туралы шешім қабылдау өкілеттілік лимитін, бір қарыз
алушыға несие беру, салаға, аймаққа несие беру лимиттерін және орталық банк
тарапынан жасалған шектеулер аясында ірі несиелер беруге шектеу қоюды
жатқызуға болады.
Банк үшін несие тәуекелділігі дәрежесін төмендету әдісінің мәні үлкен.
Бұл әдіс ішкі ресурстар арқылы банктің меншікті резерв қорын жасау деген
сөз. Мұндай резервтер банктің өніміне қарайтын пайданың көлемін
азайтқанымен, несиені қайтару проблемасы туындай қалған жағдайда пайда
болатын қиындықтарды жедел шешуге мүмкіндік береді.
Несие тәуекелін төмендету бағытындағы тактикалық тәуекелді басқарудағы
шешуші құрал несиені әртараптандыру әдістері болып саналады. Бұл бөліністі
көрсетеді, бір жағынан банк несиесі кең ауқымдағы клиенттердің арасында
бөлуді (тұрғын халық, шаруашылық субъектілері, меншіктің әртүрлі
формасындағы кәсіпорындар, әр саладағы кәсіпорындар, қамтамасыз етудің
әртүрлі түрлерін пайдалану), екінші жағынан мәмілеге қатысушылар арасындағы
жауапкершілікті қарастырады.
Банктің несие тәуекелін басқаруды сақтандыру әдісі екі түрлі жүзеге
асырылады:
• Несие тәуекелін сақтандыру ұйымының көмегімен сақтандыру;
• Несие тәуекелін туынды қаржы құралдарын пайдалану арқылы сақтандыру.
Сонымен банк несие тәуекелін басқару проблемасы басқару объектісіне-
несие тәуекеліне тікелей және жанама әсер ететін шаралар жүйесі - басқару
әдістерінің жиынтығы ретінде қаралғанда басқаша мазмұнға ие болатындығын
көрсетеді. Бұл мәселелерді зерттеу отандық банкілер практикасында жанама
әсер ету әдісіне жататын басқарудың жекелеген әдістері (ескерту,
сақтандыру, тәуекелді ұстап қалу) жеткіліксіз қолданылатынын көрсетті.
Алайда жанама әдістерді қолдану, оның негізін құрайтын тәуекелді ескерту
әдісі белгілі дәрежеде банкте несие тәуекелділігі туындаған жағдайда оның
пайда болуының алғы шарттарын жоюға мүмкіндік тудырады.
Коммерциялық банктің несиелік тәуекелін басқару тиімділігі ең бастысы
несиелік қоржынның сапасына тікелей байланысты келеді. Несиелік қоржын бұл
несиелік тәуекелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факторларына
байланысты критерийлері бойынша жіктелген несиелерге байланысты банктің
қоятын талаптарының жиынтығы. Несиелік қоржын банктің берген несиелерінің
негізінде қалыптасады. Несие қоржынын жиі талдап отыру қажет, себебі,
талдау арқылы ғана несиелік жұмсалымдарды әртараптандыруға болады. Несие
қоржынын талдау мына кезеңдерден тұрады:
- қарыздар сапасын бағалау критерийлерін таңдау,
- мұндай бағалаудың әдістерін анықтау (номерлік немесе баллды жүйеде
бағалау),
- тәуекел тобына қарай жіктеу,
- әрбір топ бойынша тәуекел пайызын анықтау,
- жалпы несие қоржыны бойынша әрбір топтың көлемінде тәуекелдің
абсолюттік шамасын есептеу,
- қарыздар бойынша мүмкін болар зияндарды жабуға арналған резервтер
көздерінің шамаларын анықтау,
- қаржы коэффиценттері жүйесінің, сондай-ақ оны құрылымдық талдау
негізінде несие қоржынының сапасын бағалау.
Несиелік қоржынды басқару бұл - банк қабылдауға дайын болып отырған
тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін
денгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып
табылады.Несиелік қоржынды басқаруды іске асырудың ортақ алғы шарттарына
жататындар:
нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік
лимитін белгілеу;
несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың
тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты
қатаңдату;
несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Тәжірибе көрсеткеніндей, көптеген банкілерде несиені қайтаруды
қамтамасыз ету мәселесі жоғары маңыздылыққа ие болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Мобилді құрылғыларға арналған балалар әдебиетінің анимациялық сюжеттерін жобалаудың теориялық негіздерін зерттеу
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі (1840-1870 жж. )
Гравитациялаушы және кедергілі ортадағы бейстационар үш ості эллипсоид тартылыс өрісіндегі материялық нүктенің қозғалысы
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Диссертацияның құрылымы
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және оны жүзеге асыру механизмі
Пәндер