Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде қазақ күресі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын жасап, ұйымдастыру әдістерін ұсыну


ӘӨЖ 37. 035. 6:37. 018. 32 Қолжазба құқығында
НАХАНОВ ҚУАНЫШБЕК САБЫРҰЛЫ
Арнайы мамандандырылған спорт мектеп-интернаттарында жасөспірімдерді рерді қазақ күресі арқылы қазақ-күресі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
13. 00. 01 -Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2009
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор А. Б. Тойлыбаев
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Байсерке Л. Ә.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Дүйсенбаев А. Қ.
Жетекші ұйым: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті
Қорғау 2009 жылы «» сағат Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.
Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.
Автореферат 2009 жылы «» таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы К. М. Беркімбаев
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр.
Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай жасөспірімдерге халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерліктерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен, қазақ күресі арқылы жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық ел намысын қорғайтын спортшыларды тәрбиелеуде маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде: «Қазақстандық жастарды патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу» туралы айтылады. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер, бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Бұл бағыттағы күрделі тәрбие үдерісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. Отансүйгіштік тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және біздің анықтауымызша жасөспірімдердің патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үдеріс болып табылады. Спорттағы жетістіктер, ерлік патриотизмнің ең жоғарғы әлеуметтік белсенділігі тұрғысында жеке тұлғаның мінез-құлқы мен санасында нақты сапалық көріністерді білдіреді.
Әлемдегі дамыған елдер қатарына теңесу тікелей өз отанын сүйетін, отаншыл ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты болатынын ескерсек, өскелең ұрпақты тек рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде, патриоттық сезімде, отаншылдық рухында тәрбиелеу бүгінгі мемлекетіміздің басты ұстанымы болып отыр. Сондықтан, біз басқа өркениетке ұмтылған елдер секілді өскелең ұрпақты қазақстандық патриоттықты дамытуға, өз отанымызды сүюді үйретуге талпынуымыз қажет екенін ескерсек, барлық оқу орындарында, оның ішінде арнайы мамандандырылған спорт мектептеріндегі спорттық жаттығуларда, қазақ күресі сияқты спорттық ойын түрлерінде бұл мәселелерде ғылыми педагогикалық тұрғыда арнайы зерттеудің қажет екендігі анықталды.
Алдағы уақытта Қазақстанды әлемге, бойында нағыз шынайы қазақстандық рухы бар, отаншыл жастар ғана таныта алады.
Жалпы қай қоғам болмасын сол қоғамға лайықты ұрпақ тәрбиелеуге тырысқан. Біз қозғап отырған ұлтжанды, ел жанды, отаншыл, отансүйгіштік, патриоттық тәрбие қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесінде өзекті мәселе болған.
Қазақстан мектептерімен оқу-тәрбие мекемелерінде өсіп келе жатқан жас буындарды патриотизмге, отан сүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесіне қатысты жеткілікті тәжірибелер жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезеңдердегі белгілі бір оқу-ағарту мекемелеріндегі жай-күйін зерттеу оның нәтижелерін нарықтық экономика жағдайында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттары бойынша қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр:
- жастарды патриотизмге тәрбиелеудің ғылыми-теориялық, әдістемелік тұстарын Э. Г. Абрамян, М. Г. Агаев, С. М. Ахмедов, С. А. Карімбеков, Н. С. Қиянов, Ш. А. Шарапов т. б. зерттеу жұмыстарында қарастырған;
- халық педагогикасын жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану мен оларды эпос-жырлар мен музыкалық шығармалар арқылы патриотизмге тәрбиелеу мәселелері С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, М. Х. Балтабаев, И. Р. Халитова, Б. М. Бекмұхамедов, Т. Ә. Қоңыратбаев, А. А. Бейсембаева, Л. Ә. Байсерке және т. б. еңбектерінен орын алған;
- әдебиет, шет тілдері, қоғамдық пәндер, музыка пәндерін оқытуда оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуді, оларды сабақта және сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асыруды А. Қ. Ахметов, К. Г. Қожабаев, Е. Жұматаева, С. А. Ұзақбаева, Л. К. Топоркова, З. Ахметова, Б. Байменова, Ж. Т. Сарыбекова, С. Ешімханов, С. Т. Иманбаева, Ә. Қ. Мутәлі, Д. С. Құсайыновалар өз зерттеулерінде арқау етіп алған;
- мектептердегі жоғарғы сынып оқушыларын әскери патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу С. Нұрмұқашева, А. Қ. Дүйсенбиевтердің және Кеңес дәуіріндегі патриотизмді қалыптастыруда ақпарат құралдарының ықпалын Л. Ахметованың ғылыми зерттеу жұмысынан кездестіреміз;
- Қазақстан Республикасының ішкі істер министрілігіне қарасты әскери қызметкерлерінде патриотизмді тәрбиелеудің педагогикалық негіздерін Б. А. Тойлыбаев, Ү. К. Санабаев өз ғылыми зерттеу жұмысына арқау етіп алған.
Бірақ, бұл еңбектерде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің кейбір тұстары ашылғанымен, жалпы Қазақстан мектептерінде және мектептен тыс мекемелерінде, оның ішінде спорттық мектептерде оқушыларды патриотизмге отансүйгіштікке тәрбиелеудің қыр сыры толық зерделенбеген. Сонымен бірге, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде аса маңызды қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері және Отанымыздың ұлттық саясатына қатысты кейбір ой пікірлер, осыған орай, қоғамымыздың әлеуметтік экономикалық дамуынан туындап отырған «спорттық патриотизм» секілді ұғымдардың педагогикалық мәні ашылып нақтыланбаған.
Осы зерттелген ғылыми еңбектерге шолу жасау барысында түйгеніміз, болашақ спортшылар дайындайтын арнайы спорт мектептерінде немесе еліміздің намысын көтеріп жүрген күресші спортшыларға қатысты патриоттық тәрбие мәселесі арнайы ғылыми-зерттеу жұмысы ретінде қарастырылмаған және де бұлар туралы мұрағат құжаттары, озық тәжірибелер тарихи-педагогикалық тұрғыда зерделенбеген.
Бұл айтылғандардан көп ұлтты Қазақстанда Отанын, елін сүйетін, ел мәдениетін, салт-дәстүрін құрмет ұстап, әрқашан патриоттық сезімде болатындай мектеп оқушыларының тәрбиесіне көңіл бөлу қажеттелігі мен бұл тұрғыда спорт мектептерінде спортшыларды дайындауда арнайы, жеткілікті дәрежеде назар аударылмайтындығы арасында және арнайы спорт мектептеріндегі қазақ-күресі арқылы болашақ спортшылармен жұмыс барысында оларға отансүйгіштік бағытта тәрбие жүргізуге мүмкіншіліктің молдығы мен бұл бағытта арнайы теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттеудің болмауы арасында қарама-қайшылық бар екендігі айқындалды.
Алдағы уақытта арнайы спорт мектептерінде жасөспірімдерді тәрбиелеуде мұндай қайшылықтарды шешудің жолдарын іздестіру, біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын анықтауға негіз болып, тақырыпты «Арнайы мамандандырылған спорт мектеп-интернаттарында жасөспі-рімдерді қазақ күресі арқылы отансүйгіштіке тәрбиелеу » деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу мақсаты : спорт мектеп интернаттарында жасөспірімдерді қазақ күресінің жетістіктері арқылы, отансүйгіштікке тәрбиелеуді теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеп, оны тәжірибелік-эксперименттік тексеруден өткізу.
Зерттеу нысаны : арнайы мамандандырылған спорт мектеп интернаттарында жасөспірімдерді тәрбиелеу үдерісі.
Зерттеу пәні: арнайы мамандандырылған спорт мектеп интернаттарындағы қазақ күресі арқылы жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі.
Зерттеудің болжамы : егер, қазақ күресі мәдениетінің жетістіктері өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі орнын теориялық тұрғыдан зерттеп, оны жүзеге асыру әдістері мен нұсқаулары дайындалса, онда арнайы мамандандырылған спорт мектеп интернаттарында тәрбиеленушілердің елжандылығы мен отаншылдық қасиеттері дамып, ел намысын қорғауда қиындықтарға мойымайтын және материалдық құндылықтан бұрын ел намысын, ер намысын алдына жоғары қоятын азаматтар тәрбиеленеді, өйткені бұл қазіргі күнгі қоғам талабы.
Зерттеу міндеттері:
1. Спорт мектептеріндегі қазақ күресі арқылы жасөспірімдердің отаншылдық қасиетін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
2. Арнайы мамандандырылған спорт мектеп-интернаттарында жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшеліктері мен мүмкін-діктерін анықтау.
3. Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде қазақ күресі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын жасап, ұйымдастыру әдістерін ұсыну.
4. Спорт мектептерінде жасөспірімдердің отансүйгіштікке тәрбиелеуді жетілдіру әдістерінің тиімділігін тәжірибелік- эксперимент түрінде тексеру, оларды практикаға ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы: Арнайы спорт мектептеріндегі қазақ күресі, ондағы жетістіктерге жету жеткіншектердің отаншылдық қасиетін қалыптастырудың бірден бір құралы.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері : философиялық таным теориясы, жеке тұлғаның психо-физиологиялық даму теориясы, тәрбие теориясы, және тұлғаның елжандылық құндылығын қалыптастыру, тұлға және құндылықтар теориясы тұрғысында қарастырылды, ел намысын қорғаған спортшылардың тәжірибесі, арнайы спорт мектеп интернат оқушыларын тәрбиелеу жүйесі, отаншылдық тәрбие мәселесіне қатысты ғылыми-тәрбиелік мәні бар еңбектер басшылыққа алынды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдаулары, Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие беруге арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, Ел басының «Қазақстандық патриотизм» ұлттық спорт және балалар мен жасөспірімдер спорты туралы заңгерлердің, философтардың, тарихшылардың, мәдениет танушылардың, психологтар мен педагогтардың, спорт саласындағы ардагерлердің, ұстаздар мен жаттықтырушылардың отаншылдыққа қатысты тәжірибелері, автордың жеке жаттырушылық іс тәжірибесі.
Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, физологиялық, тарихи ұлттық спорт, әдебиеттеріне теориялық талдау жасап, арнайы спорт, оқу-жаттығу бағдарламаларын зерттеп, үлкен спорттық жарыс жеңімпаздары мен бапкерлерден, болашақ спортшылардан сұрақ, жауап алу мақсатында сауалнама жүргізіп, алған мәліметтерді зерделеп, педагогикалық эксперимент жүргізу және олардың нәтижелеріне баға беру, зерттеу материалдарының нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыда сұрыптау, қорытындылау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері :
Бірінші кезең (2003-2004ж. ж. ) зерттеу мәселесінің теориялық негіздері, тақырыптың тұжырымдамалары Қазақстан Республикасы және ТМД мемлекеттер ғалымдарының еңбектеріне талдау жасау арқылы айқындалып, қазақ күресінің жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытын анықтау іс- шаралары жүргізіліп, зерттеу жұмысының бағдарламасы жасалынды.
Екінші кезең (2004-2005ж. ж. ) арнайы мамандандандырылған спорт мектеп-интернат ұстаздары мен бапкерлерінің озық педагогикалық іс-тәжірибе жұмыстары мақсатымызға қарай зерттелініп, оқытушылар мен бапкерлердің оқушылардың оқу-жаттығу сабақтарында отаншылдық қасиетін қалптастыруда, қазақ күресінің жетістіктерін қолдану ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері айқындалды.
Үшінші кезең (2005-2007ж. ж. ) зерттеу барысындағы арнайы спорт мектептерінде жасөспірімдердің отаншылдық қасиеттерін қалыптастыруда қазақ күрес мәдениетінің жетістіктерін қолдану мазмұны анықталып, ғылыми тұрғыда негізделген әдістемелер әзірленді. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары жүргізілді. Алынған нәтижелер мен қорытындылар диссертация түрінде рәсімделеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары мен теориялық мәнділігі:
- Арнайы спорт мектептеріндегі қазақ күресі арқылы жасөспірімдердің отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері айқын-далады;
- Қазақ күресі арқылы арнайы мамандандырылған спорт мектептері тәрбиеленушілерінің отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері анықталды.
- Қазақ күресі арқылы жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістері ұсынылды.
- Жасөспірімдерді қазақ күресі арқылы отаншылдыққа тәрбиелеудің «Балуан бабалар мен ағалар ізімен» бағдарламасы даярланып, оны оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің ғылыми-әдістемелік үлгісі ұсынылады.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі :
- Зерттеу нәтижелерін арнайы спорт мектебінің ұстаздары, бапкерлер оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және оқушылар бойында ұлттық мақтаныш пен отаншылдық қасиетті жетілдіруде, спорттық жарыстар мен жаттығуларда қолданылысқа ұсынылды.
- Зерттеудің нәтижелерін дене-тәрбиесімен байланысты жоғары оқу орындарында, арнайы спорт мамандарын дайындауда, семинар, тәжірибелік сабақтарында ұсынылған әдістерді пайдалануға болатыны дәлелденді.
- Балуан Шолақ (Нұрмұхамбет), Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов, Жақсылық Үшкемпіров пен А. Айқанов, Дәулет Тұрлыхановтардың балуандық іс-тәжірбиелерін спорттық-жаттығу сабақтарында қолданып отансүйгіштікті қалыптастыру бағыты ұсынылды.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
- Арнайы спорт мектебі оқушыларына қазақ күресі мәдениетінің жетістіктері арқылы отаншылдыққа тәрбиелеудің теориялық бағыт-бағдары.
- Спорттық мектеп-интернаттарындағы күрес арқылы жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сипаттама.
- Қазақ күресі арқылы жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мазмұны мен бағыт-бағдары, әдістері.
- «Балуан бабалар мен ағалар ізімен» - атты отаншыл спортшылар мен балуандарға арналған бағдарлама және оны іске асырудың жолдары.
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі талапқа сай теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес жүйелі әдіс-тәсілдерді қолданумен, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу әдістерінің тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жұмыстары барысында арнайы мамандандырылған спорт мектеп-интернаттарының тәрбие үдерісіне енгізі-луімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу базасы : Астана, Тараз, Шымкент, Қзылорда қалаларындағы жас спортшыларды даярлайтын арнайы спорт мектеп интернаттары.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру:
Зерттеу нысанына алынған арнайы мамандандырылған спорт мектептерінің ұстаздары тәрбиеленушілерге отаншылдық қасиетін қалыптастыруда қазақ күресі мәдениетінің жетістіктерін, оқу-тәрбие қағидаларын, оқу-жаттығу, және Халықаралық, Республикалық қазақша күрес жарыстары барысында қолдану, жасөспірімдерді ғылыми-танымдық және патриоттық тәрбиелеу мақсатына сәйкес, жүргізіліп отырған зерттеудің қағидалары мен тұжырымдамалары педагогикалық тәжірибеге енгізілуімен қамтамасыз етілді.
Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде Халықаралық және Республикалық конференцияларда (Шымкент 2008; Түркістан 2006; Көкшетау 2007; Тараз 2007), Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің педагогика кафедрасында, Астана, Тараз, Шымкент қалаларындағы арнайы спорт мектептерінде жүзеге асты. Баспасөз беттерінде жарық көрген ғылыми мақалаларда, әдістемелік құралдарда зерттеу нәтижелері көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде з ерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, пәні, болжамы, міндеттері мен жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу кезеңдері, әдістері, зерттеудің базасы туралы сипаттама берілген, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалары мен зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі баяндалған.
«Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде арнайы мамандандырылған спорт мектептеріндегі жасөспірімдерді отансүй-гіштікке тәрбиелеудің мәні мен оның оқу-тәрбие жүйесіндегі ерекшеліктері ғылыми-педагогикалық тұрғыдан талданып, жасөспірімдерді отансүйгіш-тікке тәрбиелеуде қазақ күресінің және балуан бабалардың күрес арқылы елге сіңірген еңбектерінің тәрбиелік мүмкіншіліктері мазмұндалды.
«Қазақ күресі арқылы арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу әдістері» атты екінші бөлімде қазақ күресі арқылы жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мазмұндық сипаты мен оны жүзеге асырудың формалары мен әдістері қарастырылды. Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде жасөспірімдерді қазақ күресінің жетістіктері мен балуан бабалар сіңірген еңбектерінің бейнесі арқылы отансүйгіштік тәрбиесін қалыптастыруды оқу жаттығу барысында «Балуан бабалар мен ағалар ізімен» - атты отаншыл спортшылар мен балуандарға арналған бағдарлама және оны іске асырудың жолдары ұсынылды. Педагогикалық тәжірибе жұмыстардың нәтижелері өңделіп, әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қорытынды бөлімде жалпы тұжырымдамалар жасалды. Оқу-тәрбие үдерісіне арнайы мамандандырылған спорт мектеп-интернат жасөспірім-діріне қазақ күресінің жетістіктері және балуан бабалар мен ағалар бейнесі арқылы отансүйгіштік тәрбие берудің тиімділігін арттыруға байланысты ұсыныстар жасалды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Отаншылдық тәрбие негізі психологиялық-педагогикалық процестің ішкі байланыстарын білдіреді және жасөспірімдерді, ерлік, әскери және прогресті халық дәстүрлерінде оқытудың және тәрбиелеудің бірлігін анықтайды. Отансүйгіштік, отаншылдық тәрбие жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сәйкес, оларға "ерлік" және "патриоттық" категория-ларының практикалық тұрғыда жеке тұлғаның патриоттық танымы және тәрбиесінің жоғары деңгейде бағытталған патриоттық іс-әрекетке араласуына алып келеді.
Отансүйгіштік тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық-еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбие-леудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Жеке бас тәрбиесі тәуелсіз Қазақстанның жаңа қоғамында материалдық өндіріс және рухани өмір, сондай-ақ қоғамдық-саяси құрылымдардың толық қатысу әсері арқылы жүзеге асатын объективті әлеуметтік процесс ретінде қаралады.
Қазақ халқының білімпаз да көрнекті өкілдерінің ілімдері мен іс-әрекеттерінде екі бағыт анық байқалады: бір жағынан - Қазақстанға, Отанға, өз халқына деген шексіз сүйіспеншілік; екінші жағынан - халықтар достығына шақыруы, үндеуі және қорғауы. Бұл ақиқаттар қазіргі уақытта да өз мәнін жойған жоқ: ізгілікті, өркениетті патриоттық әрқашан да халықтар достығы тәрбиесімен және идеясымен бірлікте болады.
Жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден бір педаго-гикалық негізі - патриотизм. Бұл «Қазақстан» ұлттық энциклопедия-сында: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі», -деп анықтама берілген. Зерттеуші Д. С. Құсайынованың көзқарасы бойынша, "патриотизм"- адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол -әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден керінеді. Егер педагогика тарихына тоқталсақ, түрлі кезеңдерде патриотизм, кеңестік «патриотизм», «ұлтжандылык», «қазақстандық патриотизм», Отанға деген сүйіспеншілік, оны жүзеге асырудың жолдары туралы айтылған педагогикалық түжырымды ойлар бұл мәселенің тамыры тереңде екендігін көрсетеді.
Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси-моральдық, кәсіптік, психологиялық, дене шынықтыру сияқты сапаларды қалыптастыру.
Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде, ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрніс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. Патриот - Отанын, халқын жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары, спорт белсенділері.
Әр түрлі ғылыми, философиялық, тарихи, педагогикалық, әдеби еңбектерге жүргізілген талдаулар барысы жас жеткіншек ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие берудің қай тарихи кезеңде болмасын күрделі қоғамдық-әлеуметтік әрі педагогикалық мәні зор мәселе болғандығын аңғартады. Әрбір ғалым өз зерттеу нысанасы тұрғысынан «қазақ патриотизмі», «қазақстандық патриотизм», «ұлтжандылық», «елжандылық» «отансүйгіштік» ұғымдарына ғылыми анықтамалар берудегі маңызды талпыныс жасаған. «Қазақ күресі» бүгінгі ұлт мектебінің оқу-тәрбие үрдісіндегі қажетті тұстарын айқындауға мүмкіндік береді. Себебі, жеке тұлғаның әлеуметтану барысындағы отансүйгіштік тәрбиенің құрамдас бөліктері «мінезі», «дене пішіні, бет-келбеті», «ерекше қасиеттері», «ұстанымы, ұраны» бүгінгі жас ұрпақтың отаншылдық рухын жетілдірудің алғышарттары екенін айтуға болады. Оның бірі - қазақ күресі.
Сондықтан да, бүгінгі педагогикадағы жасөспірімдерге және спортшыларға қазақ балуандарының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік тәрбие беру мазмұнын, мақсат-міндеттерін айқындап, оның ғылыми-педагогикалык мәнін теориялық тұрғыдан негіздеп әдіс-тәсілдерін, әлі де болса толықтыра түсу қажет екенін айқындай түстік.
Қазіргі тәуелсіз ел жағдайында жастарды Отаншылдыққа тәрбиелеу, олардың елін-жерін сүйетін, ана-тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі арнайы спорт мектептің де басты мақсаты деуге болады.
Қазақ спорт мәдениеті, қазақ күресінің дүние жүзілік мәдениеті, жас спортшылардың рухын, мақтаныш сезімін ұятты, осы өнер арқылы жастардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі артады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz