АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ - САТУ ШАРТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5

І АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы және
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ..6-11
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері ... ... ..12-15
1.3 Тауар жеткізілімі шарты және келісімшарт жасасу
шарты ... ... ... ... ..16-20
I I АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Кәсіпорынды сатып алу-сату
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .21-22
1.2Бөлшектеп сатып алу-сату
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..22-23
1.3Сатып алу-сату шартарының үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-26
1.4 Пәтерлерді сатып алу-сату бойынша жылдық қорытындысы
(статистика) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27-28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..28-29

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29-
30

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан
халқына арнаған 2009 жылғы Дағдарыстан – жаңару мен дамуға атты
Жолдауында Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту бөлімінде: ашық,
демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен
құқық тәртібі –ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре
алмайтынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет -
өзіне тән ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл
халықтың экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты
Қазақстанды құру деп көрсеткендей анықталатын, Қазақстан Республикасының
саяси жүйесіндегі күрделі өзгерістерді құрумен байланыстырды.
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін
шарттардың бір түрі. Әрекет ететін азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше
түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын
салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс
табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік
кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен
мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт
арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен
ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге
де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен
салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан
түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің
бірі болыл табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен
және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды
беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жекс сипаттарымен анықталатын
заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады)
мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер
заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы
ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар
жеткізіліміне энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады.
Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды
талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық
тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле
көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті
нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас
ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың
құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік
мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да
болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар).
Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола
алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік
жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін
шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше
түрін реттейді, олардың әркайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын
салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс
табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік
кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен
мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт
арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен
ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге
де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен
салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан
түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің
бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан еткен
және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа
сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК-не сәйкес зат үшінші тұлға
меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды[1].
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату
шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға
келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет
аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп
табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке
негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы
үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты
қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық
құқықтар ислерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола
алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне
қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды
тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге
мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес: Сатып алу шарты
бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараудың (сатып
алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге
міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін
белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті "Мұндай анықтама
қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және
заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық
бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып
алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел
басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық
немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе
әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік
нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген
пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше
мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды
тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса,
онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық
қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі,
келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының
түр түрлері болып бағаланады. Бұдан баска, бөлшектеп сатып алу-сату шарты,
кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының
Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып
алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар
айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай
нормалар қажет болады.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды
беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын
заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады)
мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер
заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы
ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар
жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен
біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен
көптеген даулы жағдайлар шешіледі.
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып
табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген
сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады.
Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған
сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды
талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық
тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле
көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті
нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас
ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың
құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік
мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да
болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар).
Аталған мәмілелер озық заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады.
Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын
деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің өзгеруіне
(ауысуына) әкеледі. Көрсетілген белгілер,сонымени қатар бұл шарттың ерекше
мазмұны аталған шарттың мүлікті жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға
тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды
жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы
нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды
реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын
мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар
шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар
болуы мүмкін.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады.
Біріншіден, бұл - сатып алу-сатудын экономикалық қатынасы.
Екіншіден, бұл - адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен
бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алу-сату
шарты бұл - азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден
тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған
құқықтық реттеудің арқасында (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол
нысан - құқықтық қатынас нысаны.
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-
құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге
мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді.
Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және
заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны
туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық
субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық
бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты
жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-
сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың
қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының
ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде
қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды
атап өтеміз. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін заңды тұлғалар сатып алу-
сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттілік
шеңберінде қатыса алады, яғни бұл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы
шеңбері туралы жүрмейді, құқықтык қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген
құқықтық қатынаста нақтылануы кажет. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында
мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті,
сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ[2]. Занының редакциясындағы
Азаматтық кодекстің 200-бабының 2-ші тармағы. Егер мемлекеттік
келісімшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды
түрде мемлекеттік құқық қабілеттілігі шектелмеген, бірақ, олармен жасалатын
шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да
функциялармен (қызметтермен) анықталады. Жеке тұлғалардың сатып алу-
сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қабілеттіктерінің
көлемі әсері етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек
ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар
өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқылы. [3] Егер жүйелі түрде
жүзеге асырылатын сауда-саттық қызметі туралы айтатын болсақ, онда жеке
тұлға тек жеке кәсіпкер мәртебесіне иемденген соң ғана оны жүргізе алатынын
ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргізілуі
мүмкін. Негізінен, құқықтық қатынас субъектілері болып, жеке басымен
және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға ие болатын және міндеттерді
көтеретін тұлғалар табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы
басқа мемлекеттердің азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке
тұлғалар қауымдастықтарының (жай серіктестіктердің) қатысуын да
қарастырады, дегенмен бұл келтірілген анықтаманың дұрыстығына әсерін
тигізбейді.
Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі). Құқықтық қатынастың
объектісін материалды (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық
мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады.
Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), заңды және
идсологиялық объектілеріне иемденеді.
Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі
өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану
мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына
талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше
мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық
бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі
мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын
өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы
жағдайын барынша 'күшейтуге " әрекет етеді.

1.2 Тауар сатып алушының және сатушының құқықтары мен міндеттері
Қазіргі заманда сатып алушының мүддесін қорғайтын бірінші кезекте осы
норма, ал шартпен белгіленген кепілдік мерзім емес.
Тауар сапасына кепілдік, егер шартта өзғеше көзделмесе, оның барлық
құрамдас бөліктерінде де (жинақтаушы бұйымдарына) қолданылады. Егер шартта
өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берілген кепілдік мерзімі негізгі
бұйымға берілген кепілдік мерзімге тең болып есептеледі.
Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде
шығарылса, соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген
кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетін себептер
бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкіншілігінен айырылса, онда
мерзімі сатушы аталған себептерді жариялағанға дейін өз ағымын бастамайды.
Мысалы, сатушы шартқа сәйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететін болсақ,
сатып алу-сату қатынастарына бұл жағдайда мердігерлік туралы нормалар да
қолданымды болып келеді). Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепілдік
мерзімі өз ағымын жаңадан бастайды.
Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен жинақтылығымен
және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды
салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті болып табылады.
Тауарлардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі,
келісімшарт жасасу шарттарында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да
теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкіншілігі туралы айтуға
болады).
Тауардың түр-түрі дегеніміз (ассортимент) - бір түрлі тауардың
жиынтығының ішіндегі белгілеріне және бір түрлі тауардың үлгісіне,
мөлшеріне, сортына, түсіне, электр қуатының тиісті өлшемдеріне байланысты
бөлінуі. Егер тұлға бір сатушыдан тұрмыстық химия затын және тағы бір
электр құралын сатып алса, онда тауардың түр-түрі деген сөйлем
қолданылмайды.
Тауардың түр-түріне қойылатын талаптарды күрделі затты беруге қатысты
міндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата білу керек.
Жиынтылықтық және жиынтық. Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе
жиынтығы туралы талаптарына сәйкес тауар беруге міңдетті. Жиынтылықтық
дегеніміз - шартта көзделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен
анықталатын барлық құрама бөліктердің затта болуы. Шартпен бұйымдардың
стандарттық және қосымша жиынтықтылығы көзделеді немесе жиынтылықтықтан
кейбір жиынтықтаушы бөліктері алынып тасталады.
Шартта тауардың жиынтықтылығы белгіленбесе, сатушы сатып алушыға
жиынтықтылығы іскерлік айналым әдет ғұрыптарымен немесе әдетте қойылатын
өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге міндетті.
Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығын айыру қажет. Қазақстан
Республикасын біріктіру. Азаматтық кодексі 432-бабының мағынасына сәйкес
жиынтық дегеніміз бірнеше сатып алу-сату шартының пәні кейбір кездерде
күрделі болып келетінін анықтай аламыз. Осымен қатар біздің көзқарасымыз
бойынша жиынтық АҚ 121-бабымен анықталатын күрделі зат ұғымына тең болып
келмейді. Заттардың жиынтығына қатысты біртұтас құқықтық қатынас пайда
болады, одан сатушының тиісті міндеті өз көрінісін табады.
Заттардың жиынтығы болуы үшін (оған қатысты) талап қойылуы үшін анық
айқындалған себептердің қажеті жоқ, тараптардың ішінен ниеттенуі жеткілікті
болып келеді. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға қажетті, оны
қамтамасыз ететін заттар сатып алады. Жиынтық талабы, ассортимент және сапа
талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа
кіретін кейбір заттарға тау биігінде пайдалану жарамдығына, жоғары
төзімділігіне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса,
сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір мезгілде беруге
міндетті.
Сатып алушы үшінші тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға
келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген
құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті[4] Бұл норма
дәстүрлі "сатып алушы оларда меншік иесі болып келгісі келетін, шарттарға
көбірек қолданымды. Ал мүліктік құқықтарды сату кезінде өз өзгешеліктері
орын ала алады.
Кейбір жағдайларда аталған талап орындалымсыз болуы мүмкін. Мысалы,
сатып алушы үлестік құқықта болған мүлікті сатып алады және оңашаланған
үлеске өзіндік пайдалану, иелену, билік ету құқығын алады, алайда ортақ
меншігінің тәртібіне байланысты, мүлік құрамына жүктемелер кіреді. Егер
сатудың пәні мүліктік құқық болса, (сонымен қатар меншік құқығынан өзге
заттық құқық) жүктемелер вариапиясы сансыз болады. Айтылғанды қорытатын
болсақ, шарт пәнінің ерекшеліктері кейбір ауыртпалықтарды болжауға
мүмкіншілік берді деі аламыз. Уақыт өтісімен бұл сұрақ соттық практика
(тәжіриба және азаматтық құқықтың жүйесі (доктрина) үшін маңызді мәселе
болып табылар демекпіз.
Сатушының тағы да бір міндеті тауарды үшінші тұлғалардың талаптануынан
да босатып беру. Осы міндетті сатушы ол туралы білген жағдайларда ғана
қолданылады. Болашақта талаптану заңды деп таныту керек, егер осы болмаса
сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған
деп саналады.
Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю. Тауарды салатын ыдыс және оны
буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарының жалпы ережелеріне кірістіру
біздің азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзінің сыртқы көзге
түспейтініне қарамастан, олар сатып алу-сатудың өркениеттілік қатынасынын
қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Егер сатып алу-сату шарты қандай түріне
қатысты екендігі белгіленбесе, олар тауарды салатын ыдыс және буып-түю мен
байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.
Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу
бағасын төлеуді талап ету құқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін
қарсы құқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының
басқа да құқығы барын ескереді.
Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын
төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, ол жағынан тауарды
беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы
тауарды қабылдап алу үшін алдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар
тасымалдануға тиісті болса, сатып алушы жүкіт тиеп жіберу үшін қажетті
мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін
болса). Ал, кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының
қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет. Бұл шара сатып алушы сатушының
тауарды сақтайтын жерін білген кезде қолданылуы керек.
Егер шарттағы тауарды беру жағдайлары оның жеткізіліп берілуін
қарастырса, сатып алушы өз қоймасын жұмысқа дайындап қоюға, өнімді
келісілген жерде күтуге міндетті. Бұдан басқа, сатып алушы өзіне ұсынылған
тауарды уақытын қабылдап алуға, жүк тасымалдау көлігінен жүкті түсіруге
сатушының көлігін ұстамауға, өзінің тым баяу әрекеттерімен тауардың
бұзылуына жол бермеуге міндетті. Сонымен қатар, өнімді тексеріп алуы, өнім
құжатын қабылдауы және өнімі қабылдап алғаны жөнінде сатушыға куәлік беруі
қажет.

1.3 Тауар жеткізілімі шарты және келісімшарт жасасу шарты
Тауар жеткізілімі шартының ұғымы. Тауар жеткізілімі шарты бойынша
кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін
немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне,
отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалану байланысты емес өзге
мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге
міндеттенеді.
Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және
қарапайым саттық (тұрмыстық) сатып алу сату шарттарынан түбегейлі
айырмашылығы бар. Тауар жеткізілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды
экономика кезкелген салаларында үлестіруге (қайта үлестіруге
мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік –жоспарлау
мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының
бөлек түрі ретінде қарастыруға әкелді. Осының нәтижесінде тауар
жеткізілімі шарты әкімшілік- жоспарлы болып танылмайды.
Алайда оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ШАРТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шарттың азаматтық құқықтық реттелуі
Сыйға тарту шартының ұғымы
Міндеттеме тараптары мен қатысушылары
Рента шартының басқа шарттардан айырмашылығы
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Тауар жеткізілім шарты
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
Пәндер