Студенттердің кәсіптік - қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЭОЖ 371:796/799 Қолжазба құқығында

КУБИЕВА СВЕТЛАНА СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Студенттердің кәсіптік - қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі

13. 00. 04 - Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертация

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған

Ғылыми жетекші педагогика ғылымдарының докторы

Б. М. Досқараев

Ресми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы

С. І. Қасымбекова

педагогика ғылымдарының кандидаты

Е. Ә. Әлімханов

Жетекші ұйым С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті

Қорғау 2010 жылы «11» маусым, cағат 16. 00 Қазақтың спорт және туризм академиясының жанындағы Д. 14. 41. 03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050022, Алматы қаласы, Абай данғылы. 83/85, факс: 87272926805

Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында танысуға болады

Автореферат 2010 жылы « » мамырда таратылды

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы,

педагогика ғылымдарының докторы Ө. Е. Бектұрғанов

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Еңбек нарығы болашақ маманнан қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық бағыттарда орын алатын тез құбылмалы жағдайларда әрекет ете білуді талап етеді. Мұндай жағдайда дене қуаты қабілетін кешенді дамытуға және сабақтан куммулятивтік әсер алуға мүмкіндік беретін оқытудың қарқынды әдісін қолдану қажет. Осындай әдістер ішінде айналмалы жаттығу әдісі маңызды орын алады.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау барысы көрсеткендей, жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы (КҚДД) мәселесі көптеген ғылыми жұмыстарда зерттеу тақырыбы болғаны мәлім. В. И. Ильинич [1978], Г. Д. Иванов [1992], Б. И. Загорский [1986], М. Я. Виленский, Р. С. Сафин [1989], В. В. Белинович [1967], Л. С. Дворкин, К. Д. Чермит, О. Ю. Давыдов [2008], Л. Н. Рютина [2005], Н. А. Рыбачук [2002], С. С. Коровин [1996], В. М. Меньщиков [1989], Л. П. Матвеев, В. П. Полянский [1996] өз жұмыстарында КҚДД жалпы әдіснама мәселесі жөнінде қозғаған.

Дене тәрбиесі практикасында айналмалы жаттығу әдісін қолдану мәселесіне М. Шолих [1986], В. Чунин [1971], И. А. Гуревич [1980], К. Е. Ахметов [1996], В. А. Романенко, В. А. Максимович [1986] назар аударған.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болғаннан бері және дене тәрбиесі бойынша республикалық типтік бағдарламаға көшуге байланысты жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы процесін оңтайландырудың әртүрлі жолдары ұсынылған болатын. Студенттердің дене тәрбиесі процесінің қазіргі даму кезеңінен олардың жеке дене тәрбиелеу мәдениетіне деген талаптарының күшею беталысы байқалады. Білім беру саласындағы өзгерістер, студенттердің қабылдайтын ақпараттар легінің көбеюіне байланысты, студенттердің дене тәрбиесі процесіндегі дәстүрлі әдістемелік тәсілдердің сәйкес келмеуі мен студенттердің «дене тәрбиелеу мәдениетін» қалыптастыру мемлекеттік стандарт талаптары арасындағы қарама-қайшылықтар өсті.

Жоғары оқу орнында дене тәрбиелеу мәдениеті сабақтары қолданылатын дәстүрлі әдістер студенттердің дене қабілеттерінің қолайлы дамуына мүмкіндік беретін, машықтандырушы әсер бере алмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, студенттерге сабақтың сауықтыру әсері болатын, функционалдық, дене дайындығын, дене даму деңгейлерін арттыратын міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды оңтайландыру, ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша ғылыми ізденіс қажет.

Зерттеу мәселесі болашақ маманнан өзгермелі нарық талаптарына байланысты олардың кәсіптік-психофизикалық дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігі мен кредиттік оқу жүйесінде оқыту жағдайлары арасындағы қарама-қайшылықтар арқылы, оқытудың белсенді әдістерін (соның ішінде айналмалы жаттығу әдісі) енгізу және студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында осы әдісті жүзеге асыруда ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтылғаны анықталады.

Зерттеу нысаны - студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы процесі.

Зерттеу пәні - биология мамандықтары бойынша студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін қолдану әдістемесі.

Зерттеу мақсаты - биология мамандықтары бойынша студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін қолдану әдістемесін теориялық және эксперименттік түрде негіздеу.

Зерттеудің болжамы. Биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін қолдану әдістемесінің дайындалуы айналмалы жаттығу әдісін студенттердің дене тәрбиесі практикасында қолдану проблемаларын ғылыми-теориялық алғышарттар анықтамасында негіздеу; олардың оқу және өндірістік қызмет сипаты мен мазмұн ерекшеліктерін; дене тәрбиесі бойынша оқу процесін құру ерекшеліктерін; дене дайындығы, ақыл-ой жұмысына қабілеттілігін анықтау қажеттігі туралы болжам жасалды. Бұл әдістемені енгізу студенттердің дене, психологиялық дайындығына, ақыл-ой жұмысының қабілеттілікттеріне, дене тәрбиесі мәдениеті және спорт сабақтарына деген олардың мотивациялық деңгейлерін жақсартуға мүмкіндік туғызады.

Зерттеудің міндеттері:

- айналмалы жаттығу мәселелерінің ғылыми-теориялық алғышарттары мен оның студенттердің дене тәрбиесі практикасында қолдануылын анықтау;

- биология мамандықтары бойынша студенттердің оқу және өндірістік қызметтерінің негізгі мазмұны мен сипатын зерттеу;

- биолог студенттердің дене тәрбиесі бойынша оқу процесі құрылымы жағдайын зерттеп білу және оны жүзеге асыру;

- биолог студенттердің дене дайындығының, ақыл-ой қабілеттілігі мен психикалық процестер көрсеткіштерінің деңгейін анықтау;

- биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы барысында «айналмалы жаттығу әдісін» жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және оның тиімділігін ғылыми-тәжірибеде негіздеу.

Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау барысында мынадай әдістер іске асырылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент, сауалнама жүргізу, құжаттық материалдарды талдау, ақыл-ой жұмысы қабілеттілігін анықтау, психологиялық зерттеу, бақылау сынақтары және математикалық статистика әдістері.

Зерттеудің жетекші идеясы. Биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін қолдану әдістемесін енгізу жүзеге асқаннан кейін дене қабілеті дамуын нәтижеге жеткізеді және ұсынылған бағдарлама материалдарын меңгеру дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт сабақтарының уәждемесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады және жалпы алғанда, студенттің дене қуаты жетілуін оңтайландырады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы :

- айналмалы жаттығу мәселелерінің ғылыми-теориялық алғышарттары және оны студенттердің дене тәрбиесі практикасында қолдану, нәтижесінде кәсіптік-қолданбалы дене дайындығын оңтайландыру бойынша оларды тәжірибелік зерттеудің нақты бағыттары анықталды;

- биология мамандықтары бойынша студенттердің оқу және өндірістік қызметінің сипаты мен мазмұнының ерекшеліктері айқындалды;

- биолог студенттердің дене тәрбиесі бойынша оқу процесін нақты құру қажеттілігі дәлелденді;

- биолог студенттердің дене дайындығы, ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі, психикалық процестердің бастапқы деңгейі анықталды;

- биолог студенттердің ККДД-да «айналмалы жаттығу әдісін» жүзеге асыру әдістемесі дайындалып, тәжірибеде негізделді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:

- жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін енгізу теориялық жағынан негізделді;

- зерттеу нәтижелері кәсіптік-қолданбалы дене дайындығын жүзеге асыру кезінде дене тәрбиесі емес мамандықтар студенттеріне, жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі оқытушыларына арналған семинарларда, лекция курстарында қолдануға болады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы Ақтөбе, Ақтау қалалары жоғары оқу орындарының, Маңғыстау облысы Біліктілікті арттыру институтының жұмыс практикасында келесі нәтижелер енгізілді:

- «Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану» тақырыбы бойынша облыстық біліктілікті арттыру институтындағы курстарда жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі оқытушыларына арналған семинар бағдарламасы;

- Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік технология және инженеринг университеті студенттерінің ККДД-да «айналмалы жаттығу әдісін» қолдану бағдарламасы.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

1. Болашақ мамандардың дене дайындығы, жаттыққандығы, жұмыс қабілеттілігі, кәсіби тұрғыдан маңызды дене және психомоторлық қабілеттерінің дамуы оларды күнделікті өмірде әрі қарай да пайдалану үшін кәсіби дайындығының қажетті дәрежесімен қамтамасыз ету және осы талаптарды дене тәрбиесінің дәстүрлі әдістерін қолдану барысындағы белсенді әдістердің, соның ішінде студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін енгізудің өзектілігіне қол жеткізу мүмкін емес қайшылықтардың болуы.

2. Экурскурсия кезінде жүргізілген байқаулар кезіндегі, ширыққан ақыл-ой еңбегі, есте сақтауды үйлестіру және мойын, бас пен иық белдеуі бұлшық еттерінің статикалық ширығуы, әрбір дыбысқа, сыбдырға жедел түрде әсер етуіге биолог мамандардың бойында статикалық төзімділік, ептілік, күш, көру өткірлігі, ойлау жылдамдығы, қажетті зер салу мен назардың тұрақтылығы, оның мөлшері мен үйлесімі, одан басқа есте сақтау, көргенін есте сақтау, жедел есте сақтау сияқты дене қабілеттері мен психика қасиеттерін қалыптастыру алғышарттары қажет болып табылады.

3. Студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін қолданбау, ол арқылы іске асыру сабақтарының қимыл (моторлық) тығыздығының жоғары көтермеуі, оқытушылардың жеткілікті дәрежеде әдістерді меңгермеуі және дене жаттығулары бойынша дербес сабақтарын жеткілікті дәрежеде қолданбау студенттердің дене дайындығын арттыруға шекті ыкпалдары болып табылады.

4. Жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің дене дайындығы деңгейінің нашарлауы, мектептердегі дене тәрбиесі сабақтарының қанағатсыз төмен дәрежеде жүргізілуі, оқушылардың спорт секцияларында көп шұғылданбауы, талапкерлердің мектептегі жарыстарға аз қатысуы студенттердің дене дайындығы төменгі деңгейінің басты себептері болып табылады. Осы аталған факторлар студенттердің ақыл-ой және психикалық жұмыс қабілеттілігіне едәуір түрде әсер етеді.

5. «Айналмалы жаттығу әдісін» биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында іске асырудың жасалынған әдістемесін енгізу олардың кәсіби тұрғыдан маңызды дене және психика қасиеттерінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: дене тәрбиесі мәдениетінің теориясы [ Л. П. Матвеев, 1991; В. М. Выдрин, 1980] ; айналмалы жаттығу теориясы [М. Шолих, 1986] ; кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы теориясы [Б. И. Загорский, 1986] ; дене тәрбиесінің кәсіптік бағыты [М. Я. Виленский, Р. С. Сафин, 1989] ; спорт жаттығу теориясы [В. Н. Платонов, 1984] ; А. Н. Леонтьевтің [1977] қызмет және қажеттілік теориясы; В. С. Ледневтің [1989] білімді қамтамасыз ету теориясы; тестілеу теориясы [П. Благуш, 1982] ; білімнің игерілуін басқару, әрекет пен түсінікті қалыптастыру аспектілері [П. Я. Гальперин, 1965] ; оқу мотивациясының теориясы [А. К. Маркова, Т. А. Матис, А. Б. Орлов, 1990] ; ағзаның дене күш жүктемесіне бейімделу теориясы [Л. П. Матвеев, Ф. Меерсон, 1984] ; қозғалыс әрекеттерін оқыту теориясы [М. М. Боген, 1985] ; педагогикалық процесті модельдеу теориясы [А. Н. Дахин, 2001] ; студенттердің дене тәрбиесі тұжырымдамасы [Л. И. Лубышева, 1993] .

Зерттеу кезеңдері. Зерттеуді ұйымдастыру 4 кезең бойынша жүзеге асырылды. Бірінші іздестіру (2004-2005 оқу жылы) кезеңінде зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер қарастырылды, дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушыларының озық тәжірибелері жинақталып, қорытындыланды, зерттеудің бағыттары белгіленді. Бұл кезеңде негізінен зерттеудің алғашқы міндеттері шешілді. Екінші - констатациялау (2005-2006 оқу жылы) зерттеу тақырыбын құрайтын зерттеудің бастапқы жай-күйімен байланысты болды. Биолог студенттердің өндірістік, оқу қызметтерінің мазмұны мен сипаттамасының негіздері; олардың дене тәрбиесі бойынша оқу үдерісі құрылу жағдайы мен оның жүзеге асырылуы; олардың дене дайындығы, ақыл-ой жұмысына қабілеттілігінің дамуы, психикалық процестердін деңгейлері анықталды. Үшінші - қалыптасу кезеңінде (2006-2007 оқу жылы) биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы кезінде айналмалы жаттығу әдісін іске асыру әдістемесі дайындалды. Ол қалыптасқан әдістеме педагогикалық экспериментте апробациядан өтті. Төртінші - енгізу кезеңі (2007-2008 оқу жылы) біз әзірлеген әдісті Ақтөбе және Ақтау қалаларындағы жоғары оқу орындарында оқитын биолог студенттер арасында кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін жүзеге асыру әдістемесін қолдануға байланысты болды. Сонымен қатар эксперименттік тәжірибе жұмыстарының нәтижелерін қорытындылау және жүйелеу бойынша жұмыстар, диссертация мен жарияланымдарды дайындау, қорытындылар және ғылыми-практикалық нұсқаулықтарды әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу базасы. Зерттеу мерзім ішінде эксперименттік-сынақ жұмыстарының барлығы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогика институты, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік инжиниринг және технология университеті, мұғалімдердің білімін жетілдіретін Маңғыстау облыстық институты базаларында өткізілді.

Зерттеуде дене мәдениетінің 30 оқытушысы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік инжиниринг және технология университетінің 400 студенті қатысты.

Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі. Қорытынды нәтижелерде теориялық және әдіснамалық негізде дәлелденуі, зерттеудің ғылыми аппаратына мазмұнының сай болуы, кешенді әдіс-тәсілдерді пайдалану, ғылыми-тәжірибелік эксперимент жұмысының жоспарлы және кезеңдер бойынша ұйымдастырылуы қамтылған.

Автордың жеке үлесі жоғары оқу орны студенттердің ККДД-да айналмалы жаттығу әдісін енгізуде және енгізу алғышарттарын теориялық негіздеуден; биология мамандығының студенттерімен «дене тәрбиесі» пәні бойынша оқу процесінде айналмалы жаттығу әдісін қолдану жөнінде бағдарламалар дайындаудан; биология мамандығының студенттерімен «дене тәрбиелеу мәдениеті» пәні бойынша оқу процесінде айналмалы жаттығу әдісін қолдану жөніндегі дайындалған бағдарламаларды эксперимент ретінде дәлелдеуден; диссертация жұмысын дайындап, зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік құралдар мен ғылыми мақалалар жазудан тұрады.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы. Зерттеудің негізгі материалдары келесі халықаралық конференцияларында апробациядан өтті (мақұлданды) : Мектептегі білім беру сапасы: жағдайы, даму беталысы мен болашағы: халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы, 2000) ; Кәсіптік білім берудің жаңа ақпараттық технологиялары: II халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы, 2001) ; Қазіргі олимпиадалық спорт және баршаға арналған спорт: VIII халықаралық ғылыми конгресс (Алматы, 2004) ; Қазіргі олимпиадалық спорт және баршаға арналған спорт: XIII халықаралық ғылыми конгресс (Алматы, 2009) .

Диссертация тақырыбы бойынша 18 ғылыми еңбек, соның ішінде электронды оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, екі әдістемелік нұсқаулық, 14 ғылыми мақала, соның ішінде 5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, сондай-ақ 5 халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында жарық көрген. Зерттеу қорытындылары Ақтөбе, Маңғыстау облыстарындағы жоғары оқу орындарында және Маңғыстау біліктілікті арттыру институтында практикаға енгізілді және 3 қолдану актісімен расталды.

Диссертацияның көлемі және құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, тұжырымдамадан, ғылыми-практикалық ұсыныстар мен қосымшадан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі - 178, олар орыс, қазақ және шетел тілдерінде (6 ағылшын тілінде) берілген. Диссертацияда 22 кесте, 13 сурет пен 8 қосымша пайдаланылды.

Кіріспеде тақырыптың таңдалуы, оның өзектілігі негізделді, жұмыс болжамы тұжырымдалды, зерттеудің мақсаты, нысаны мен тақырыбы анықталды. Диссертацияның ғылыми жаңалығы, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы көрсетілді, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар баяндалды, зерттеудің апробациядан өтуі туралы ақпараттар ұсынылды. Бірінші « Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының теориялық-әдістемелік негіздері» бөлімінде жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығына айналмалы жаттығу әдісін енгізу қажеттілігін анықтайтын алғышарттар көрсетілген. Екінші «Зерттеудің міндеттері мен әдістері және ұйымдастырылуы» бөлімінде жұмыс барысында қойылған міндеттер мен әдістер арқылы олардың орындалуы және осы зерттеудің негізгі ұйымдастырылуы баяндалған. Үшінші « Биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы құрылымы мен мазмұнын анықтайтын факторлар жағдайы» бөлімінде биолог студенттердің оқу және өндірістік қызметінің сипаты мен мазмұнының ерекшеліктері, дене тәрбиесі бойынша оқу процесін құру ерекшелігі, дене дайындығы, ақыл-ой жұмысына қабілеттілігі, психикалық көрсеткіштері ұсынылды. Төртінші «Биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында «айналмалы жаттығу әдісін» жүзеге асыру әдістемесі және оның тиімділігін эксперименттік түрде дәлелдеу» бөлімінде биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында «айналмалы жаттығулар әдісін» жүзеге асыру әдістемесінің құрылымы мен мазмұны ұсынылды. Сонымен қатар биолог студенттердің дене тәрбиесі бойынша оқу процесінде осы әдістемені енгізудің тиімділігі көрсетілді. Соңында қорытынды, тұжырымдамалар, ғылыми-практикалық ұсыныстар, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. 1 Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының теориялық-әдістемелік негіздеріКәсіптік-қолданбалы дене дайындығы теориясының негізін қалаушылардың бірі Б. И. Загорский КҚДД теориясы мен әдістемесінің қатынастық кестесі мен КҚДД еңбектің объективті факторларымен байланысын көрсететін аралас ұғымдар ұсынды. Соған сәйкес жұмыста келесі факторлар атап көрсетілді: а) қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету ерекшеліктері; ә) негізгі жұмыс қимылдарының сипаты; б) қызметтің ерекше сыртқы жағдайлары. Қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету ерекшеліктері келіп түскен ақпараттардың сипатымен, көлемімен және оны адамдардың еңбек қызметі барысында қабылдау жағдайларымен байланысты. «Негізгі жұмыс қимылдарының сипаты» ұғымы еңбек қимылдарының анағұрлым нақты моторлық ерекшеліктерін көрсететін жұмыс қимылдарының жалпылама сипаттамасын білдіреді. Қызметтің ерекше сыртқы жағдайлары адамға деген танымал қатынас талаптарының шарты болып табылады.

Б. И. Загорский [1967] КҚДД ұғымына берген алғашқы анықтамасында кәсіптік-қолданбалы дене дайындығына арнайы дене тәрбиесінің бір түрі ретінде жеке тұлғаның дене қабілеттерімен байланысты психикалық қасиеттерін дамытуға, сонымен қатар, нақты еңбек және әскери қызмет ерекшеліктеріне қатысты қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруда қолданылады деп баяндаған. В. И. Ильиничтің [1995] пікірінше, кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы - бұл адамды белгілі бір кәсіптік қызметке дайындау үшін дене шынықтыру және спорт құралдарын арнайы бағытта және таңдамалы түрде пайдалану. Р. Т. Раевскийдің [1985] пікірі бойыншы, КҚДД дегеніміз - бұл нақты мамандық қызметі үшін аса үлкен маңызға ие жеке тұлғаның сапалары мен қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ететін дене тәрбиесінің кіші бір жүйесі.

«Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру» ұғымы қолданбалылық көзқарас тұрғысынан өзінің тар және кең мағыналы ұғымы арқылы түсіндіріледі. Кең мағынасында КҚДД таңдаған еңбек қызметіне қатысты өмірлік тәжірибеде қолдану арқылы көрінетін субъектінің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан дене қабілеттерін дамыту деңгейі деп түсіну керек. Осындай қолданбалылықтың негізінде ағзаның функциялық мүмкіндіктерін интеграциялы түрде арттыру құралдары ретінде және өмірлік маңызды қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларының бай жеке қорын жасау дене шынықтыру факторларын құрайды.

Дене шынықтырудың «қолданбалылықтың» тар мағынасы дегеніміз - таңдаған кәсіптік қызметтің арнайы дайындалу процесіне жарамды белгілі бір факторларды практикалық тұрғыдан мақсатты түрде пайдалана білу [Л. П. Матвеев, В. П. Полянский, 1996] .

С. С. Коровин [1996] КҚДД функциясының жинақталған жүйесі мен оларды іске асыру формаларын келтіреді. КҚДД айрықша қызметтері ретінде дене шынықтырудың айрықша салаларына тән қызметтерді түсіну қажет. Жалпы алғанда, айрықша қызметтердің жиынтығы қолданбалы дене шынықтыру біліміне (білімдік), дене жай-күйлерін оңтайландыруға (сауықтыру), оқушы жастарға толық кәсіптік бағдар беру мен кәсіптік бейімдеуге деген білім берудің түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын сапалар арқылы анықталады.

Жоғары оқу орнындағы КҚДД тиімді ұйымдастыру мәселелері алдымен болашақ маманның кәсіби мамандықтар қатары бойынша еңбек қызметіндегі өзгешеліктер мен мазмұнының ғылыми негізделген сипаттамасының, олардың көп түрлі профессиограммасының, әсіресе шынайы өндірістік жағдайларда РТЖ маманының КҚДД мазмұнын анықтайтын жұмыс параметрлері бойынша мүлде болмауынан тұрады.

Б. И. Загорскийдің [1986, б. 10] пікірінше, КҚДД процесінде келесі міндеттер шешімін табады: кәсіби маңызды дене қасиеттерін тәрбиелеу, қолданбалы қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сыртқы ортаның өндірістік және басқа да факторлардың әсері арқылы ағзаның функциялық тұрақтылығын арттыру, қажетті сенсорлық және психикалық қасиеттерін жетілдіру, таңдаған мамандығы үшін маңызды болып табылатын жеке қасиеттерінің дамуына ықпал ететін арнайы біліммен қаруландыру.

Студенттердің КҚДД төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады: студенттердің жұмыс жағдайларын, демалыс пен жас ерекшеліктерін ескеру арқылы дене шынықтыру және спорт тәсілдерін еңбек пен демалыс тәртібінде қолдану біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, жекелеген спорт түрлері элементтерінің құрылымына ұқсас қолданбалы біліктіліктер мен дағдылар ендіру және нақты мамандық бойынша жоғары еңбек өнімділігіне қажетті қозғалыс сапаларын арнайы түрде тәрбиелеу арқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірім дзюдошыларының дайындық үлгісін жасау және оны эксперимент барысында тексеру
Дзюдо тарихы
БОКСШЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНА АЙНАЛМА ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жасөспірім шақтағы дзюдошыларды даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу
Гигиеналық дене шынықтыру
Спортшылардың психологиялық дайындықтары
Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасы
Дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесі
Дене тәрбиесін өскелең өмір талабы деңгейінде ұйымдастырудың әдістемелік негіздері
Волейбол оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz