Педагогикалық қызметтің визуалдық бағыттылығы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Білімдегі визуалдық процестер
1. 1 Білімдегі визуалдық процестің ұғымы мен мәні
1. 2 Инновацияларды классификациялау
1. 3 Инновацияларды бағалаудың сипаттамасы және критерийлері
2 АҒЫЛШЫН СабақтаРЫНДА қолданылатын визуалдық технологиялар және оны қолдану мүмкіндіктері
2. 1 Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің даму түрлері
2. 2 Проблемалық семинарлар мен практикумдар
2. 3 Визуалдық технологиялар және оны меңгеру жолдары
3 Визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негіздері
- Ағылшын сабағында визуалдық технологияларды қолдануға арналған ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуі, оның қозғаушы күші болып отырған жастарға білім беру ісінде өткен тарихы тәжірибелерді ой-елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолдану болып табылады. Сондай қажеттіліктердің бірі - визуалдық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділіктері бойынша толық білім сапасынан және оны студенттердің жұмыс практикасында пайдалана білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Сонымен қатар, визуалдық технологияларда әртүрлі дидактикалық әдістерді пайдаланудың өзіндік бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері бар. Оқушыларға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамытуда жаңа технологияны және белсенді әдістерді қолданудың заман талабы екені белгілі. Өйткені, олардың мектептегі жұмыс сапасының кепілі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл Заңында: «Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген. Сондықтан да, оқушылардың танымдық белсенділіктерін визуалдық технологиялар арқылы арттыру барысында жалпы орта білім беретін оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне танымдық белсенділіктерді арттыруды ендіру аса қажет.
Ақпараттық проблеманың пайда болуы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Осы тұрғыда болашақ мұғалімдердің ақпараттық ой-өрісін, мәдениетін дамыту және олардың визуалдық технологияларды меңгерумен қатар оларды жасау іскерлігін, дағдыларын қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.
Педагогикалық технология, оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін В. П. Беспалько, М. В. Кларин, В. Н. Монахов, И. Я. Лернер, Қ. Қабдықайыров, Ж. Қараев және басқалар теориялық тұрғыда қарастырса, Л. В. Нефедова, М. В. Николаева, Т. А. Лавина, Г. Г. Брусницына, Г. К. Нургалиева, Г. Д. Жангисина және т. б. өз зерттеулерін мұғалімдерді ақпараттық, педагогикалық технологияларды қолдана білуге даярлау мәселесіне арнады.
Ағылшынды оқыту теориясы мен әдістемесі саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Оларда - университеттерде ағылшынмен ұштасқан профиль мамандарын ағылшынға оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру (Е. Ы. Бидайбеков), жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшынды оқытуды жетілдіру (С. Қариев), мектептер мен университеттерде
ағылшын мен экономиканы біріктіріп оқыту жүйесін жетілдіру
(Б. Бекзатов), мәліметтердің иерархиялық құрылымдары негізінде компьютерлендірілген оқытуды ұйымдастыру В. В. Гриншкун жан-жақты зерттеледі [1] .
Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж. А. Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, А. Ә. Шәріпбаев компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С. М. Кеңесбаев болашақ мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, М. Ф. Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдерін, әдістері мен құралдарын жасау мәселелерін Ж. Ж. Жаңабаев ақпараттық технологиялардың даму жағдайында мамандарды инженерлік-сызба дайындықтарын жетілдіру туралы қарастырған.
Жоғарыда аталған жұмыстар, елімізде ағылшынды оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік береді. Алайда, бұл жұмыстарда ағылшын сабағында визуалдық технологияны қолдану мүмкіндіктері жеткілікті зерделенбеген.
Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, психологиялық т. б. әдебиеттерді зерттей келе мынадай қайшылықтардың бар екені белгілі болды. Ақпараттық технологиялардың кеңінен пайдалана бастауы мен олардың оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруда қолданылмауы арасында; ақпараттық технологиялардың оқушылардың танымдық іс-әрекеті, белсенділігіне ықпал ету мүмкіндігі мен осы мүмкіндіктердің іс жүзінде пайдалану жолдарының қарастырылмауы арасында. Осы қайшылықтар біздің зерттеу тақырыбын «Ағылшын сабағында визуалдық технологияны қолдану мүмкіндіктері» деп таңдау қажеттігін туындатты.
Зерттеудің мақсаты: визуалдық технологияларды мектептің оқыту үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу пәні: визуалдық технологияларды пайдалану.
Зерттеу нысаны: оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту үрдісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау жасау;
- визуалдық технологияларды мектептің оқу тәрбие процесіне енгізудің әдістемесіне сипаттама және сауалнама, бақылау жүргізу;
- тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесіне баға беру, қорыту;
Зерттеудің міндеттері:
- визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың психологиялық, педагогикалық сипатын ашып көрсету;
- визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың ерекшеліктерін айқындау;
- визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде дәлелдеп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулар беру;
Зерттеудің жетекші идеясы: визуалдық технологияларды орта білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде жүйелі түрде, ғылыми-әдістемелік тұрғыда дәлелдеп енгізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға жағдай туады.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: визуалдық технологияны дамыту жолдары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлер, жеке тұлғаның қалыптасуындағы ғылыми зерттеулер, құжаттар.
Зерттеу көздері:
- мемлекеттік ресми материалдары (заңдар, қаулылар және т. б. ) . Білім министрілігінің құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар т. б. ) ;
- зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдеби, тарихи деректер, мерзімдік басылым ақпараттары;
- мектептерде жүргізілетін іс-тәжірибе жұмыстары;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негізі анықталды;
- оқу үрдісінде визуалдық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың ерекшеліктері айқындалды;
- визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың ғылыми-әдістемелік нұсқауы берілді [2] .
1 Білімдегі визуалдық процестер
1. 1 Білімдегі визуалдық процестің ұғымы мен мәні
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді [4] .
Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр. Инновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай себептермен түсіндіріледі.
Бірінші кезекте инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді». Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі білім өрісі биік, денсаулық тары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат жылдам өркендету үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетілгендей ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бөсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дөрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады [3] .
Әрине, педагогикалық инновацияның бір бөлігі ғана тек белгілі қоғамдық қатынастарда нақты ақиқат дүниеге айналады. Мысалы, ізгілендіру үрдісінің дамуының негізгі шарты қоғамдағы саяси қайта құрулар және оның жұмыс істеу экономикалық механизмінің өзгерісі болып табылады. Дегенмен, білім беру үрдісінің педагогикалық сұрыпталуының негізгі көпшілігі осы саланың қызметкерлері арқылы қалыптасады. Бұл өзгерістің ішкі, таза педагогикалық бөлігі іспетті сол әлеуметтік жағдайдың базасында, қоғам өзі құрып алған экономикалық, саяси құрылымда арттырылады.
Мамандардың көрсетулері бойынша, экономика мен ғылым саласындағы барлық ірі жаңалық енгізулер АҚШ-тың еншісіне тиіп отыр.
Мектептегі жаңарту бастамасы педагогикалық ұжымның өз үлесіне тиеді. Әр мектепте оқу-тәрбие үрдісі бойынша мамандар болуы тиіс, олардың негізгі міндеттеріне мұғалімдерге басшылық жасау және педагогикалық жаңалықты бақылап отыру, сонымен қатар барлық оқу пәндері бойынша әдістемелік жүйенің өзіне тән мерзімдік тексерісін өткізу кіреді.
Американдық зерттеуші С. Погровтың пайымдауы бойынша, педагогикалық қайта құрушылықтың тарихы - бұл үздіксіз сәтсіздік нәтижелерін тәжірибеде бекіту. Д. Тиак және басқа да зерттеушілер педагогикалық инновацияның әдетте өмірінің қысқа болатынына көңіл аударады. Инновациямен бірге өмір сүріп келе жатқан нәрсе, ол - жалғыз-ақ бақылауға оңай көнетін немесе қолданыстың жаңа саласын құрайтын құбылыс.
Әдеттегідей барлық сәтсіздіктің себептерін бәрінен бұрын табиғаттарынан кертартпа және селсоқ, жалқау, ұқыпсыз және қиялдау қабілеті төмен мұғалімдерден іздейді. Дегенмен, басқа саладағы жағдайда осыған ұқсас "Инновация және кәсіпкерлік" деген кітабында П. Друкер негізгі шарттарды анықтауға тырыса отырып, адам тәжірибесінің толық көрінісін суреттейді, оның ішінде жаңа идеялар жемісті және ұзақ мерзімдік инновация адам қызметінің кез келген саласында қаралады. Ол адамзат тарихындағы көптеген алдыңғы қатарлы идеялар мен өмірдегі өзгерістер тамырын кең жайып кете алмағанын көре білді. Олардың көпшілігі жай рана қызықты идеялар түрінде ғана қалып қоятын болған. Жаңа идеялардың тағдырына қатысты ол төмендегідей қорытындыларга келді:
- идеялар айқын мақсатты көздеген және оларды жүзеге асыру мен тарату тәсілдері қалыптасқан жағдайда ғана сәтті инновация бола алады;
- инновация жемісті болу цшін ол аз және өте нақты нәрседен басталуы қажет;
- ақпаратқа негізделген өзгерістің сәтті болуы екіталай, алынып отырған ақпарат оңай жолмен келсе немесе арзанға түссе ғана өз жемісін береді.
Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген визуалдық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек.
Әлеуметтік өмірдің барлық саласында ең басты өзгерістері ғылымдағы және мәнениеттегі процесс, педагогикалық қызметтің ортасындағы жаңа қажеттіліктер, білім жүйесін жаңашалау модернизациялау қажеттілігіне әкеледі. Бұл саланың әрі қарай дамуының, мүмкін жолдарының бірі инновациялау, яғни құрудың атқару процестері, қабылдауы бағалары педагогикалық жаңа тәртептері меңгенру және қолдану. Бұл білімнің оқытудың және тәрбиенің әдісі мен түрлерінің, білім орындарының жұмыстарын ұйымдастыруының және атқаруының және т. б. барысында қатысы бар.
«Инновация» термині, ағылшын тілінің «innovation» сөзінен шыққан, аударғанда «жаңашылдықты енгізу» (жаңа тәртіп) . 50-жылдың аяғында Германияда, АҚШ-та және басқа елдерде педагогикалық жаңа тәртіптерді оқу және талдап қорыту жөнінде орталықтар құрыла бастады, білім саласында жаңашылдықта енгізуге арналған арнайы мерзімді басылымдар шыға бастады.
Әдетте, жаңа тәсілмен дәстүрлі проблеманы шешіп көру нәтижесінде, фактілерді жинақтау мен зерделеудің ұзаққа созылған процесінің нәтижесінде жаңашылдардың мәнін алып жүретін жаңа сапанын туған кезінде инновациялар пайда болды.
Қазіргі заман инновацияларының көпшілігі тарихи тәжірибемен сабақта және өткен мен ұқсастықта. Визуалдық процесті - бұл дамуы жағында, мақсатты бағытталған және құрылуы жағынан саналы процесс қазіргі заманын идеялары (ойларын) (теориялар, әдістемелер, технологиялар, және т. б) тарату және меңгеру, қолдану, белгілі критерийлерге сәйкес келетін және белгілі бір жағдайда өзекті және биімделген деп тұжырымдауға негіз береді. Ол жүйенің сапалы жақсаруна бағытталған, жаңа тәртіптің енуін және жанашылық тұрғысынан оның көз-қарасын өзгеруін және оның қатысушыларын ынталандыруында көздейді[5] .
Визуалдық білім процессін негізін де педагогиканың екі маңызды проблемасы жатыр:
- педагогикалық тәжірибені оқу проблемасы;
- психологиялық, педагогикалық ғылым жетістіктерінің практикасына дейін жеткізу проблемасы.
Білімдегі визуалдық процестің нәтижесі теория мен практиканы тоғысында пайда болатын - теориялық та, практикалық та жаңалықтарды пайдалану болып табылады.
Мұнда білім жүйесіндегі инновация білім мақсатына жанашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиені жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзәрлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу: мектепті басқарудың жаңа технолгиянын әзірлеу, оның дамыуы; мектеп тәжірибелік орны ретінде мектептің принципті жаңа білімдік бағадары болған жағдайда білім беру жүйесін мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненттерін көздеәтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие берудің жүзеге асырады. Олардың дамыуын негізінде факторлардың екі тобы жатыр:
- объективті факторлар - визуалдық қызметтін дамуына дем беретін және оның нәтижесін ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау;
- субъективті факторлар визуалдық процестің субъектісімен байланысты, ал визуалдық процестердің субектілері педагог - ғылымдар, мұғалімдер және визуалдық бағыттағы білім саласының қызметкерлері болып табылады.
1. 2 Инновацияларды классификациялау
Ерекшелігі және қолдану орына қарай жанашылдықты енгізу бірнеше түрге бөлінеді.
Технологиялық инновациялар - бұл өнім дайындаудың жаңа тәсілі, оның шығаруының жаңа технологиялары. Олар өнеркәсіптің дамуы үшін саланы техноогиялық қайта жарақтандыруға негіз жасайды. Білім саласында жаңашылдықтың мұндай түрі оқытуда пайдаланатын әр түрлі техникалық құралдар және жабдықтарға қатысты. Дидактика тұрғысына ақпараттық енгізу және бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне кең жол ашады. Өзінің тең әрекет жасауының және есте сақтаудың үлкен резервтері арқасында компьютерлік технологиялар оқытудың жаңа құралдары болып табылады. Олар проблемалық оқытуға тұлғалық, диалогтік жағдайларға және оқудағы және оқытудағы даралық әдістерге арналған ортаның әр түрлі сызба нұсқауларын құру үшін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әдістемеліік инновациялар -бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру оқу. Оқу тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Олар табиғи - ғылыми және гуманитарлық пәндерді, қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден жоғары білім беруге дейінгі оқыту процесін, кадрларды даярлау және қайта дайындауды қамтитын білім беру саласында кең тараған және жаңашылық тән түр [6] .
Практикада әдістемелік инновациялар ұйымдастырушылық жаңашылдықты енгізумен жиі байланысты болады. Олар жоспарланған мақсат жалпы айқын, бірақ оның жүзеге асыруының әдістерімен құралдары қосымша зерттеуді талап еткен кезде кездеседі. Инновацияның бұр түрі жеке әдістемеге басым болады, дидактикада және тәрбие теориясында сирек кездеседі және педагогикалық тарихындағы жұмыстарында мүлдем кездейспейді.
Ұйымдастырылған жаңашылдықты еңгізу. Олар сонымен бірге инновацияларды, құрылымдық бөлімшелердің, әлеуметтік топтардың немесе жеке адамдардың әрекет ету ортасы байланысының өзгеруіне болжам жасайтын еңбекті ұйымдастырудың әдістері мен жаңа түрлерін меңгеруге қатысады.
Атап айтқанда, әр түрлі сыныптар мен топтарды жинақтау мәселелері, сыныптағы, топтағы, мектептегі және сыртқы ұжымдық жұмыс тәсілдері.
Басқарушы жаңашылдықты еңгізу. Олар өндірісті, ұжымдарды басқарудың құрылымын, әдістерін қамтиды, тездету, жеңілдету, немесе қойылған міндетті шешуін жақсарту мақсатымен басқару жүйесінің (немесе жалпы бүкіл жүйенің) элементтерін айырбастауға бағытталған. Басқарушылық инновациялардың мысалдарын біз білім білім жүйесін басқаруды жетілдіруге қатысты жұмыстардан табамыз.
Экономикалық инновациялар дұрыс қаржы төлемі, бухгалтерлік сала мен жоспарлаудағы, мотивациядағы, еңбеккке ақы төлеудегі және білім беру қызметінің нәтижесін бағалаудағы оң өзгерістерді қамтиды. Олар педагогикамен тікелей байланысқан, соған қарамастан олардың әсері халыққа ақылы білім беретін білім берудің барлық жүйесін жұмысында көрінеді.
Әлеуметтік жаңашылдықты еңгізу. Олар адамгершік факторды белсенді ету түрінде кадр саясатын жетілдіру жүйесін еңгізу және әзірлеу жолымен кәсіби мен даярлық пен жұмысшылардың мамандығын көтеру жүйелерінде, жұмысқа жаңа алынған адамдарды әлеуметтік - кәсіби бейімдеу жүйелерінде, сыйақы және еңбек нәтижесін бағалау жүйелерінде көрінеді. Бұл сонымен жұмысшылар өмірінің әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын, еңбек гигиенасы қауіпсіздік жағдайларын, мәдени қызметі, бос уақытта ұйымдастыруда жақсарту. Педагогикалық жаңашылдықтың көпшілігіне әлеуметтік нәтиже тән. Ол білім, мәдениеттен кейін көтеруде, жастарды кәсіби даярлауда, қоғам өмірінде қолайсыз жағдайларда жоюда, құқық бұзуда, ой және дене еңбегін ұтымды етуде пайдалы тағдылар мен әдеттерді қалыптастыруда, аса жоғары тәрбиелілік деңгейіне жетуге көрінеді.
Заңдық инновациялар. Бұл білім мекеменің барлық қызмет түрлерін реттейтін және айқындайтын жаңа және өзгертілген заңдар мен нормативті -құқықтық құжаттар [7] .
1. 3 Инновацияларды бағалаудың сипаттамасы және критерийлері
Инновацияларды ғылым мен практикаға қосқан үлесін сипаты бойынша теориялық және практикалық деп бөлуге болады.
Теориялыққа ғылыми зерттеу қызметінің нәтижесінде алынған жаңа тұжырымдамалар, әдістер, гипотезалар, бағыттар, заңдылықтар, классификациялар, визуалдық процестердің негізінде алынған оқыту мен тәрбие берудегі ұстанымдар сабақ беру дістемесі жатады.
Практикалыққа - жаңа әдістемелер, ережелер, алгоритмдер, бағдарламалар, дидактика саласындағы ұсынулар, тәрбие теориялары, мектеп ісін жүргізу (мектепті басқару), оқытудың техникалық құралдары, демонстрациялық аппаратура, оқытатын және бақылайтын жабдықтар приборлар мен үлгілер, натуралды объектілер, есіту көру құралдары.
Жаңа білімдерді оқыту мен тәрбие беру саласына жаңашылдықты айыру білу маңызды. Бір жағдайда жаңа ойды, жаңа білімді қалыптастыру жүріп жатады, басқа жағдайда - оны қолдану процесі жүзеге асырылады.
Инновациялар уақытша және сапалы көрсеткіштермен сипатталады. Олар қаншалықты ұзақ және қаншалықты тез ескіреді? Осы уақытқа дейін өзіне лайық ауыстырушы таппаған және тиімді болып келген идеяларды жаңа деп санауға бола ма?
Инновацияның мәні оның пайда болу уақытына тәуелді емес деген пікір қалыптасқан. Идеяның басты мәні - оның қоғам дамуының қазіргі бағыттарына қандай дәрежеде сәйкес келетінін анықтау, педагог пен оқушы еңбегін ұтымды жұмсау кезінде оқытудың сапасы мен жоғары тиімділігі қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда өткеннің прогресшіл ойлары және олардың негізінде құрылған тәжірибені ескірген деп қарауға болмайды.
Шынында өткен жылдарда ғалым-педагогтардың айтқан көптеген ойлары де өзінің мәнін жойған жоқ. Олардың ғылым мен практиканың дамуына үлкен ықпал еткеніне ешкім таласпайды, бірақ бұл он жыл бұрын тұжырымдалған инновацияларды жаңа деп санау керек дегенді білдірмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz