Тауарлы балықтарды өсіру
ӘОЖ 639.311:338.31
Қолжазба құқында
Тулегенова Роза абиловна
Балық өсіретін тоған шаруашылығының шығындар есебі мен аудиті және оны
жетілдіру
08.00.12 – Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Диссертациялық жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінде орындалды.
Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының
кандидаты
К.К.Кеулимжаев
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының
докторы, профессор
С.Д. Тәжібаев
экономика ғылымдарының
кандидаты А.Д.Аймағамбетова
М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Жетекші ұйым: Қазақстан мемлекеттік
университеті
Диссертация 2008 жылдың ___ _______ сағат ___ Т. Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық университетіндегі ғылымдар докторы дәрежесін беру
жөніндегі Д14.45.10 диссертациялық Кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен жайы: 050035, Алматы қ., О.Жандосов көшесі, 55-үй, 144-бөлме.
Диссертациямен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады.
Автореферат ____ _________ 2008 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым- хатшысы, экономика
ғылымдарының докторы
Ұ.А. Текенов
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.А.Назарбаев әр уақытта
халқымыздың әл-ауқатының күшейуіне, тұрмыс жағдайының жақсаруына, ел
экономикасының қарқынды дамуына баса назар аударып келеді. Осы тұрғыдан
алғанда, балық шаруашылығының ел экономикасының дамуына, халықты жоғары
сапалы, құнды әрі сіңімді балық өнімдерімен қамтамасыз етуге қосатын үлесі
жоғары.
Еліміздегі өзендер мен көлдердің суын ауыл шаруашылығында пайдалану
балықтардың өсуіне кері әсер етіп, жас балық етіне сұранысты қанағаттандыра
алмауы тоған балық шаруашылығын дамытудың маңыздылығын арттыра түсті. Бұл
шаруашылықтың артықшылығы олар елді-мекендерге, әсіресе үлкен қалаларға
жақын орналасқандықтан тұрғындарды жаңа ауланған балық етімен қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді және оларды елді-мекендерге жеткізу теңіздер мен
өзен-көл, мұхиттардан ауланған балықтарды тасымалдауға қарағанда бірнеше
есе арзанға түседі. Сонымен қатар тоғандардан ауланған балықтардың сапасы
жоғары келеді.
Тоған балық шаруашылығына өнімдерін арттыруда оларға жұмсалатын
шығындарды төмендету арқылы бұл шаруашылықтың өнімінің құнын арзандатуда,
оның сапасын жақсартуда бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесін жетілдіру,
бақылау механизмдерін тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе.
Қазіргі кезде тоған балық шаруашылығында қолданылып жүрген өндірістік
шығындар есебі мен оларды ішкі бақылау жүйесі осындай ұйымдарды басқарудың
қазіргі талаптарына сай келмейді. Өндірістік шығындардың аналитикалық
есебі, артық шығындардың пайда болу көздерін уақытылы анықтау мен оларды
төмендету жолдары өз дәрежесінде қарастырылмаған. Тоған балық
шаруашылығында үстеме шығындары есебі де жұмыс түрлері бойынша емес, бүкіл
шаруашылық бойынша жүргізіледі. Бұл жеке тоғандар жұмысының нәтижесін дәл
анықтауға мүмкіндік бермей, жекелеген жұмыс түрлерінің өзіндік құнын шынайы
есептеуді қиындатады. Сондай - ақ, балық питомниктеріндегі шабақ өсіру
шығындарының есебі бұрын соңды қаралмаған.
Соңғы уақытта республикада теңіз бен өзен-көлдердегі балықтардың азаюы
себепті тоған балық шаруашылығын дамытудың маңызының артуына байланысты осы
шаруашылықтардың бүкіл өндірістік ресурстарын тиімді басқару үшін ішкі
бақылау жүйесін тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы зор. Осыған
қарамастан, ішкі бақылау жүйесіне қазіргі уақытта шаруашылық әкімшілігі мен
қызметкерлері тарапынан тиісті көңіл бөлінбей отыр, ал ішкі аудит
әдістемесі жоқтың қасы.
Тоғандағы балықты өсіруге кететін шығындарды үнемдеудің бір жолы -
өндірістік шығын есебі мен оны бақылауды оңтайлы ұйымдастыру болып
табылады. Сондықтан да тоған балық шаруашылығында өндірістік шығындар
есебін ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін тоған өнімінің
өзіндік құнының қалыптасуы және есептеу тәртібін зерттеу, ішкі бақылау
қызметін ұйымдастыру, өнім өндірісіне жұмсалған шығындардың есебі мен ішкі
аудитін одан әрі жетілдіру, жеке балық питомниктеріндегі шабақ өсіруге
байланысты шығындар есебін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасаудың
қажеттілігі мен маңыздылығы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға,
оның мақсатын, міндеттерін және ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала
анықтауға мүмкіндік берді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Балық шаруашылығының технологиясы,
тоған балық шаруашылығын ұйымдастыру, экономикасы мәселелеріне қатысты
жекелеген сұрақтарға бұрынғы Кеңес Үкіметінің көрнекті ғалымдарының
М.Т.Таиров,Б.Р.Омаров,Б.Ш.Алтаев, Л.М. Гордон, К.Э.Эрман, С.М.Дорохов,
С.П.Пахомов, Г.Д.Поляков, Ю.А. Привезенцев, А.В.Бачурин, В.А.Студенецкий,
В.К.Мамонтов, Ф.Г.Мартышев, Д.П.Карпанин, А.П.Иванов, В.Я.Скляров, Ф.М.
Суховерхов, А.Р.Алексеев, В.К.Щербина, А.П.Романова, Н.Н. Харитонова, М.В.
Морозов және тағы басқалардың еңбектері арналған.
Жалпы өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау, аудит пен бақылауды ұйымдастыру мәселелері отандық және ТМД
елдері ғалымдарының Радостовец В.К., Кеулимжаев Қ.К., Тайғашинова К.Т.,
Дюсембаев К.Ш., Ержанов М.С., Байдәулетов М.Б., Назарова В.Л., Жұмағалиева
Ж.Г., И.А.Басманов, Палий, А.Ф.Аксененко, М.Я.Безруких, сондай-ақ шетелдік
ғалымдардың К.Друри, Б.Нидлз, Х.Андерсон, Д.Колдуэлл, Ч.Т.Хорнгрен,
Дж.Фостер, Ж.Р.Кармайкл, А.Аренс, Дж. Лоббек және басқалардың монографиялық
еңбектерінде, кезеңдік басылымдарда зерттелген.
Аталған авторлардың еңбектерінде негізінен өнеркәсіп орындарында
бухгалтерлік есеп пен аудитті жүргізу мәселелері ғана қаралған.
Тоған балық шаруашылығында өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру
жайында ешбір ғылыми жұмыстар жазылмаған. Тек 1969 жылы професор К.Қ.
Кеулимжаевтың Балық шаруашылығының өндірістік шығындарының есебін
жетілдіру және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау сұрақтары тақырыбында
бір ғана ғылыми зерттеу жұмысы жазылған. Бұл еңбек өзен-көл, теңіздерден
балықтарды аулау және оларды өңдеуге жұмсалған шығындардың есебін
ұйымдастыруға арналған құнды еңбек екені сөзсіз. Бірақта, бұл еңбекте
түбегейлі тоған балық шаруашылығының есебі мен аудиті қарастырылмаған.
Бұдан кейін балық шаруашылығы, соның ішінде тоған өнімдерінің шығындарын
есепке алу, өзіндік құнын калькуляциялау, бақылау және аудит мәселелеріне,
саланың азық-түлік бағдарламасын шешудегі маңыздылығына қарамастан бірде-
бір еңбек арналмаған. Тоған балық шаруашылығы саласының өзіндік
ерекшеліктеріне байланысты бұл саладағы шығындар есебін ұйымдастырудың,
калькуляциялаудың бірқатар өзгешеліктері бар. Ал қазір қолданылып жүрген
есеп әдістемесіндегі кемшіліктер тоған балығын өсіру шығындары жайлы шынайы
ақпараттарды алуға мүмкіндік бермей, басқару шешімдерін қабылдауды
қиындатады. Сонымен қатар нарықтық қатынастардың дамуы, халықаралық
қатынастардың нығаюы есептің қолданыстағы әдістемесін қазіргі заман
талаптарына сай қайта қарауды қажет етеді.
Жоғарыда аталған мәселелердің маңыздылығы және олардың осы күнге дейін
толық зерттелмегендігі диссертациялық жұмыстың негізгі арқауы болып
табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың
мақсаты болып тоған балық шаруашылығы өнімін өндіруге жұмсалған шығындар
есебі және ішкі бақылау мен аудитті ұйымдастырудың теориясын және
тәжірибесін зерттеу негізінде шығындар есебі мен ішкі бақылауды және
аудитті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей
міндеттерді шешу қажет болды:
• тоған балығын өсірудің технологиялық ерекшеліктерін зерттеп, олардың
өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялауға тигізетін әсерін анықтау;
• тоған балығын өсіру сатылары бойынша шығындардың құрамын негіздеу
және тікелей шығындардың есебін ұйымдастырудың тәжірибесін зерттей
отырып, өндірістік шығындарды есепке алуды жетілдіру бойынша
ұсыныстар жасау;
• тоған балық шаруашылығы үстеме шығындарының есебі мен оларды
өнімдердің арасында тарату тәжірибесін зерттеу және одан әрі
жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
• тоған балық шаруашылығында ішкі аудит пен бақылауды ұйымдастырудың
негізгі қағидаларын зерттеп, өндірістік шығындарға ішкі аудиторлық
тексеру жүргізу әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің пәні мен объектілері. Зерттеу пәні тоған балық шаруашылығы
өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындар есебін, бақылау мен талдау және ішкі
аудитті ұйымдастыру әдістемелерін жетілдіру болып табылады.
Зерттеу объектілері Алматы облысында орналасқан: Республикалық
Мемлекеттік Қазыналық Қапшағай уылдырық шашу шаруашылығы, ААҚ Бент тоған
балық шаруашылықтары болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Ғылыми
жұмысты зерттеу барысында бухгалтерлік есеп, аудит, басқару, қаржылық-
экономикалық талдау саласындағы отандық және шетелдік ғалым-экономистердің
еңбектері, балық шаруашылығы саласына қатысты заңдар мен заң күші бар
жарлықтар, мемлекеттік нормативтер мен әдістемелік ұсынымдар, Қазақстан
Республикасы Президентінің дәстүрлі халыққа жолдаулары мен үкіметтің
қабылдаған қаулы-қарарлары басшылыққа алынып, Қазақстан Республикасы
статистика жөніндегі агенттігінің ресми ақпараттары мен мерзімдік
басылымның мәліметтері пайдаланылды.
Сондай-ақ, Алматы облысында орналасқан тоған балық шаруашылықтарының іс
- тәжірибе жұмыстары зерттелді.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы. Экономикалық дамудың қазіргі талаптарына сай
тоған балық шаруашылығы өнімінің өзіндік құнына енетін шығындарды негіздеу,
оның салалық ерекшеліктерінің өндіріс шығындарын ұйымдастыруға тигізетін
әсерін зерттеу, өндіріс шығындары есебі мен ішкі аудитті жетілдіру бойынша
ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстар.
Зерттеу барысында қорғауға төмендегідей маңызды нәтижелер алынды:
• тоған балығын өсірудің технологиялық ерекшеліктерінің өндіріс
шығындары есебін ұйымдастыруға тигізетін әсері анықталды;
• көшеттеу материалдары мен тауарлы балықтарды өсіру сатыларына енетін
шығындардың құрамы айқындалып, тоған балық шаруашылығында тікелей
шығындар есебін және алғашқы құжаттардың кейбір түрлерін жетілдіру
бойынша ұсыныстар берілді;
• үстеме шығындар бабының құрамы нақтыланып, оларды есепке алу және
өнімдер арасында тарату базасын жетілдіруге ұсыныстар жасалды;
• тоған балық шаруашылығында ішкі бақылау мен аудитті ұйымдастырудың
негізгі қағидалары зерттеліп, өндірістік шығындардың ішкі аудитін
жүргізу әдістемесі жасалды.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда
берілген ұсыныстар мен қорытындылар тоған балық шаруашылығы өнімдерінің
және өндіріс шығындарының есебі мен ішкі аудитін жетілдіруге, өнімнің
өзіндік құнын анықтауға бағытталған.Зерттеу нәтижелерiн тоған балық
шаруашылығындағы сыртқы және ішкі аудитті ұйымдастыруда, басқару шешімдерін
қабылдау кезінде менеджерлерді нақты және жедел ақпараттармен қамтамасыз
етуде, экономикалық қатынастарды нығайту барысында мемлекеттік және басқа
да мемлекеттік емес (фермерлік, шаруа қожалық, т.б.) ұйымдар, сонымен бірге
есеп және аудит мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарының студенттері
мен оқытушылары пайдалана алады.
Зерттеу нәтежелерінің апробациясы мен өндіріске ендірілуі. Жұмыс
нәтижелері мен қорытындылары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар
мен республикалық мерзімдік басылым беттерінде баяндалып жарық көрді:
Екінші Рысқұлов оқулары, (Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университеті, Алматы, 21-26 мамыр 2007); Сборник статей международной
научно-практической конференции молодых ученых КазНАУ, (Казахский
национальный аграрный университет, Алматы, 30-31 мая 2007); Қазақстан ауыл
шаруашылығы өндірісінің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру: проблемалары
және шешу жолдары, (Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы, 18-19
қазан, 2007); Проблемы и перспективы развития аграрного сектора в горных
регионах Кыргызстана (Кыргызский аграрный университет, Бишкек, №3, 2007).
Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен әдістемелік нәтижелері Алматы
облысында орналасқан тоған балық шаруашылықтарында: Республикалық
Мемлекеттік Қазыналық Қапшағай уылдырық шашу шаруашылығы, ААҚ Бент, Арал
ауданы Қызылорда облысы Аманөткел ауылында Шарткен-Ата қоғамдық
бірлестігі бухгалтерлік есеп жүйесінде және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ
экономикалық университетінің Есеп және аудит, мамандығы бойынша оқу
үрдісіне ендірілді.
Зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертациялық зерттеу жұмысы
бойынша жалпы көлемі 2,7 баспа табақ 8 ғылыми мақала ҚР Білім және Ғылым
Министрлігі Білім және Ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау
комитетінің ресми басылымдарында жарияланды.
Зерттеу жұмысының көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс
кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертация 24 кесте, 9 қосымшаны
қамтиды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстандағы теңіздердің, атап айтқанда Каспий теңізінің мұнай, газ
қалдықтарымен ластануы, Арал теңізінің экологиялық факторлардың нәтижесінде
тартылып кетуі, Алакөл, Балхаш, Зайсан көлдеріндегі су деңгейінің
төмендеуінен және ол көлдердегі балық шаруашылығының дұрыс
ұйымдастырылмауы, көл мен өзендерде ауланатын балықтың көлеміне кері әсер
ету салдары тоған балық шаруашылығын одан әрі дамытуды қажет етеді.
Себебі, мұндай шаруашылықтардан экологиялық тұрғыдан салыстырмалы түрде
таза өнімдер алынады. Тоған балық шаруашылығының экономикалық тиімділігін
одан әрі арттыру үшін бұл шаруашылықтан алынатын өнімге жұмсалған шығындар
туралы шынайы ақпараттарды жедел алудың және оларды уақытылы сараптаудың
маңызы зор. Өндірістік шығындар есебінің қолданыстағы жүйесін зерттеу
нәтижесі - тоған шаруашылығы жұмыстарының орындалын бақылауға және оның
нәтижелері бойынша дер кезінде шешім қабылдауға толық әрі сенімді
ақпараттармен толық қамтамасыз етілмейтіндігін байқатты. Бұл бағыттағы
ізденістер тоған балық шаруашылығындағы басқару жүйесін жақсарту үшін,
өндіріс шығындарының есебін тиімді ұйымдастыруды, есептің шынайылығын,
жеделділігін және талдамалылығын көтеру қажет екендігін дәлелдеуде.
Елімізде соңғы жылдары республика бойынша жалпы балықты аулау,
статистикалық мәліметтерге сүйенсек, тұрақтанып, ауланған балықтың орташа
көлемі 30-35 мың тоннаны құраса, ал кейбір жылдары бұл көрсеткіш 38 мың
тоннаға дейін жетті. Бүкіл республика және облыстар бойынша ауланған
балықтар мен теңіз өнімдері көлемінің серпіні жоғарыдағы 1 кестеде
берілген.
Жалпы республика бойынша ауланған балықтың көлемі 2006 жылы 35,1 мың
тоннаны құраса, оның 40,5 пайызы Қазақстанның Батыс аймағының үлесіне
тиеді. Осының ішінде Жайық-Каспий су айдынынан ауланған балықтардың үлесі
38,8%, яғни 14 мың тоннаға жуық. Яғни, елімізде ауланатын балықтардың басым
бөлігін (38,8%) Маңғыстау мен Атырау облыстары алатынын айтуға болады. Ал
алтынмен бағаланатын бекіре тұқымдас балықтар да тек осы аймақта ғана
тараған.
2 кестенің мәліметтері ашық су айдындарынан ауланатын балық көлемінің
азаюынан 2006 жылы өнім көлемінің 7,2 пайызға төмендегенін көрсетіп отыр.
Ал тоғандарда өсірілген өнімдердің өскені байқалады, соның ішінде көшеттеу
материалдарының саны 3 есеге, тауарлы балықтардың көлемі 2 есеге
жоғарылаған. Осы мәліметтер тоған балық шаруашылығы өнімдерінің өсіп келе
жатқанын, оның өнімдеріне сұраныстың артқанын, халықты балық етімен
қамтамасыз етуде тоғанның маңызының арта түскенін байқатады.
1 кесте - Республика бойынша ауланған балықтар мен теңіз өнімдерінің
көлемі, тонна
Облыстар Жылдар 2005 жылға
қарағанда
2006 жылға
ауытқуы, %
Республика бойынша ашық су айдындарынан ауланған және тоғандарда
өсірілген балықтардың көлемін 2 кестеден көруге болады.
2 кесте – Республика бойынша ашық су айдындарынан ауланған және
тоғандарда өсірілген балықтардың көлемінің серпіні
Көрсеткіштер 2004ж. 2005ж. 2006ж. 2005 жылмен
салыстырғанда
2006 жылғы
ауытқуы, %
Балықты аулау және тоғанда 34084,2 37887,9 35148,0 -7,2
өсірілген өнімнің көлемі, тонна
Сатылған балық өнімінің көлемі, 30259,0 33523,0 27830,0 -17,0
тонна
Тоғандарда өсірілген көшеттеу 252194 116772 353363 +3есе
материалдарының саны, мың тал
Тоғандарда өсірілген тауарлы 188 123 256 +2есе
балықтар, тонна
Ескерту - ҚР статистика агенттігінің мәліметтері негізінде жасалған
Тоған балық шаруашылығы - бұл балық тұқымдарын өсіру үшін арнайы қолдан
жасалған су қоймасы. Қазіргі кезде тоғандарда балық өсіру – балық өнімдерін
ішкі су ресурстарында дамытудың ең пайдалы да тиімді жолы болып табылады.
Мұнда су айдынының әр гектарынан табиғи сумен салыстырғанда балық өнімін
әлдеқайда көп алуға және сол балық өнімінің молаюына қолма-қол ықпал
жасауға болады. Оның үстіне тоғанда - балықтың тез өсіп-жетілетін және
тағамдық қасиеті жоғары тұқымдарын: тұқы, сазан, ақ амур, дөңмандай,
буффало т. б. өсіруге мүмкіндік мол.
Балықты тоғандарда өсірудің экономикалық тиімділігі ретінде,
біріншіден, онда арнайы балық тұқымдарын және жоғары өнімді балық түрлерін
өсірудің, асылдандыру жұмыстарын жүргізудің мүмкіндігін айтуға болады.
Екіншіден, мұндай су алаңдарында балықтарда кездесетін аурулардың алдын алу
шараларын уақтылы және тез жүргізуге болады. Үшіншіден, тоған балық
шаруашылығында жергілікті, яғни бағасы арзанға түсетін азықтарды
пайдаланады. Төртіншіден, тоғандағы балықтарды бөгде адамдардың аулауына
жол берілмейтіндіктен, олардың санын бақылап анықтап отыру жеңіл.
Тоғанда балық өсірудің тағы бір тиімділігі – ауланған балықты
тұтынушыларға тез жеткізуге болады, яғни оларды тасымалдауға шығын аз
жұмсалады. Ал енді мұхиттар мен теңіздерден ауланған балық тұтынушылар
дастарқанына үлкен қиындықпен, көптеген қаражат жұмсалып барып келеді.
Қазақстанда тоған балық шаруашылығы соңғы жылдар ішінде құлашын кең жая
бастады. Елімізде 13 облыс балық өсірумен айналысады. Қазақстанның балық
шаруашылығының қоры - көлдерді, су тоғандарын және өзендерді қосып
есептегенде 5 млн. гектарды құрайды. Оларда жоғары өнімді балықтардың 126
түрі өсіріледі, оның 10 пайызға жуығы коммерциялық бағытта пайдаланылады.
Тоғандарда өсірілетін тауарлы балықтардың басым бөлігін тұқы, дөңмаңдай
және форель алады(1-сурет)
Ескерту – ҚР статистика агенттігінің 2007 жылғы анықтамалық жинағы
негізінде жасалған
1 сурет-Республика бойынша өсірілген тауарлы балықтардың қарқыны
Тоған балық шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендету жолдарын
іздеуде балықтарды өсіруге жұмсалған шығындар есебін уақытылы және дұрыс
ұйымдастырудың маңызы үлкен. Ал бұған өз кезегінде тоғанда балық өсірудің
салалық ерекшеліктері өз ықпалын тигізеді. Сонымен бірге балық өсіретін
тоғандардың орналасқан орындарының қолайлылығы, табиғи жағдайлардың ықпалы
да осы шаруашылықтың тиімді жұмыс жасауына және есепті дұрыс ұйымдастыруға
үлкен әсер етеді.
Диссертациялық жұмыста балық өсіретін тоған шаруашылығының ұйымдық
құрылымы мен технологиялық ерекшеліктерінің тоғанда балық өсіру шығындар
есебін ұйымдастыруға және өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға тигізетін
әсері нақты түрде ашып көрсетілді.
Тоған шаруашылықтарын балықты өсіру және күтіп бағу үрдісінің
ұйымдастырылуына қарай толық жүйелі және толық жүйесіз деп бөледі Толық
жүйелі шаруашылықтарда балықты уылдырықтан бастап тауарлы салмақ қосқанға
дейін өсіреді. Шаруашылықтың су айдынының басым бөлігін алатын (90-95%)
жайылым тоғандарында тауарлы балық өсіріліп, көшеттеу материалдарын өзінің
өндірістік мұқтаждығы үшін пайдаланады, ал артығын басқа ұйымдарға
өткізеді. Толық жүйелі тоған шаруашылықтарында технологиялық үрдіс бір-
бірімен тізбектеле жалғасқан төмендегідей сатылардан құралады. Олар:
• Құрт шабақтарды өсіру;
• Биылғы шабақтарды өсіру;
• Биылғы шабақтарды қысқы тоғанда күтіп бағу;
• Тауарлы балықтарды өсіру.
Толық жүйесіз шаруашылықтар балықты өсіру үрдісінің жекелеген түрлерін
ғана орындайды. Мұндай шаруашылықтарға балық питомниктері мен біржылдық
жайылымдық шаруашылықтар жатады.
Балық питомниктері көшеттеу материалдарын (құрт шабақтарды, биылғы
шабақтарды) өсірумен ғана айналысады.
Біржылдық жайылымдық тоған шаруашылықтары көшеттеу материалдарын
сырттан сатып алып, бір жазда одан тауарлы балықты өсіріп сатады. Сондықтан
да барлық су айдыны жайылымдық тоғандардан ғана құралады. Мұндай
шаруашылықтар көшеттеу материалдарын толық жүйелі шаруашылықтардан немесе
питомниктерден сатып алады.
Алайда, осы шаруашылықтарда тоған балығын өсіруге жұмсалған шығындар
технологиялық үрдістің сатыларына бөлінбестен жалпылама түрде жүргізіледі.
Бұл әр саты бойынша шығын деңгейін бақылауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан
толық жүйелі тоған шаруашылығында балықты өсірумен байланысты шығындарды
8110 Негізгі өндіріс шотына технологиялық үрдістің сатыларының
әрқайсысына төмендегідей жеке аралық шоттар аша отырып есепке алған дұрыс
деп санаймыз:
– 8110-1 Құрт шабақтарды өсіру;
– 8110-2 Биылғы шабақтарды өсіру;
– 8110-3 Биылғы шабақтарды қысқы тоғанда күтіп бағу;
– 8110-4 Тауарлы балықтарды өсіру.
Балықты өсірудің толық технологиялық үрдісі қолданылмайтын біржылдық
жайылымдық тоған шаруашылықтарында балықты өсіру шығындарын 8110 Негізгі
өндіріс шоты бойынша жүргізген дұрыс.
Тоған балық шаруашылығында өндіріс шығындарын ұйымдастыру балықты
өсірудің өндірістік үрдісіне тікелей байланысты. Соған сәйкес біздің
зерттеу нысаны ретінде алып отырған тоған балық шаруашылығында
технологиялық үрдісті балықтарды өсіру бағыттары бойынша белгілі бір
кезеңдерден тұратын ішкі салаларға жіктеп, әрі олардың өндірістік есебін
тиісінше ұйымдастырудың маңызы ерекше. Өйткені өндірісті ұйымдастыру
ерекшеліктеріне қарай тоған балық шаруашылықтарының өндіріс шығындары да
әртүрлі қалыптасады.
Тоған шаруашылығында тауарлы балықтарды өсіру үшін жұмсалатын
шикізаттар мен материалдардың үнемді жұмсалуын қадағалау, нормадан ауытқуы
бойынша жедел шешім қабылдау және материалдық шығындардың талдамалылығын
күшейту үшін олардың есебін біз ұсынып отырған талдамалық баптары бойынша
жүргізген дұрыс.
1) Шикізаттар мен материалдар, оның ішінде:
• тоған шаруашылығының өзінде дайындалған шикізаттар;
• өзге тоған шаруашылығынан сатып алынған шикізаттар;
• балықтың қоректік жемі, оның ішінде түйіршектелген жем;
• тыңайтқыштар;
2) өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;
3) әлеуметтік салыққа аударымдар;
4) құрал-жабдықтарды, саймандарды пайдалану шығындары;
5) басқадай тікелей шығындар
6) үстеме шығындар.
Жоғарыда ұсынылған шығын баптары негізінен толық жүйелі тоған
шаруашылықтарында қолдануға болады, ал питомниктер мен біржылдық тауарлы
балық өсіретін шаруашылықтар сәйкесінше шығын баптарын ғана пайдаланса
болады.
Біздің ойымызша, балықты ұрықтандырудан бастап тауарлы балық алғанға
дейінгі кезеңнің технологиялық өзгешеліктеріне сай, тоған шаруашылығында
туындайтын шығындардың есебін тиісті кезең сатысына қарай ұйымдастырып,
балық санының есебін арнайы алғашқы құжаттарда тоғанның әрбір түрі және
әрбір технологиялық сатысы бойынша жүргізген дұрыс. Диссертацияда тоған
балығын өсіру барысында өнім қозғалысын есепке алу бойынша алғашқы
құжаттардың жетілдірілген нұсқалары берілді: Балықты тоғанға отырғызу
актісі, Көшеттеу материалдарын жерсіндіру актісі, Өсіруге қалдырылған
аталықтар мен тұқымдық балықтарды түгендеу актісі.
Зерттеу жүргізілген тоған шаруашылықтарында технологиялық үрдістің
әрбір сатысының өнімдері тиісті актілермен ресімделмейтінін айта отырып,
жоғарыда әр саты бойынша көрсетілген актілерді пайдаланудың көшеттеу
материалдары мен тауарлы балықтардың есебін шынайы жүргізуге, жедел шешім
қабылдауға ықпалы мол екенін айтуға болады.
Тоған шаруашылығындағы тікелей шығындардың ішінде басым үлесті
шикізаттар мен материалдар (75-80%) алады. Бұл материалдарды пайдалану
деңгейінің жоғары екендігін көрсететінін ескерсек, онда өндіріс циклінде
тұтынылатын ресурстарды есепке алу мен жедел бақылау жасап отыруды дұрыс
ұйымдастырудың маңызы зор.
Тоған шаруашылығында балықтың салмағын көтерудің тиімді шараларының
бірі – балықты қоректендіру, сондықтан материалдық шығындардың құрамында
мол үлесті (20-25%) қоректік жем шығындары алады.
Сапалы жемді таңдау және балықтарды дұрыс қоректендіруді ұйымдастыру
балық өсірушілердің біліктілігі мен ұқыптылығын талап етеді.
Бұл шығындар өндіріске тек қоректендіру нормасын қолданудың дұрыстығы
терең тексерілгеннен кейін ғана есептен шығарылып, шығындарға жатқызылуы
тиіс. Алайда зерттеу жүргізілген тоғандарда материалдарды балықтың санына,
түріне қарай тиісті мөлшерде беруге арналған арнайы бекітілген нормалар
жоқ. Бұл дұрыс емес, себебі материалдарды үнемді пайдалану осындай
нормаларды пайдалану негізінде ғана тиімді жүргізілетіні белгілі. Сондай –
ақ бір тоғанда әртүрлі балық түрлері өсірілуі мүмкін, олардың біреуі жеммен
қоректенетін тұқы балығы болса, екіншісі – ақ амур, дөңмаңдайдың шабақтары
түрлі су жәндіктерімен, өсімдіктермен қоректенеді. Сондықтан бір тоғанға
жемде босату осы балықтарды қоректендіру ерекшеліктеріне қарай ихтиолог-
мамандардың ҚР ауылшаруашылығы министрлігімен бекітілген балық өсірудің
биологиялық нормативтерін ескере отырып жасаған және бас балық өсіруші және
төраға бекіткен нормаға сай жүргізілуі тиіс.
Тоғандарға берілетін нақты жем шығыны балықты өсіру жұмыстарының
ұйымдастырылуына, балықтың жай-күйіне,ауа райына, өсіру шарттарына тәуелді
түрде әр тоғанда әртүрлі жұмсалуы мүмкін. Сондықтан жем шығынын тоған
бойынша жүргізген жөн. Өйткені балықшылар балық өсіру үрдісін тиімді
ұйымдастыра отырып, жем шығындарының айтарлықтай үнемделуіне ықпал ете
алады.

екіншісі – тоғандарды тыңайтқыштау. Бұл шараның негізгі мақсаты
тоғандардағы табиғи азықтың өсуін жақсарту арқылы су ауданының бірлігіне
келетін балық шығымдылығын көтеру.
Табиғи жем қорын молайтудың басты тәсілі - тоғанға органикалық және
минеральды тыңайтқыштар шашу. Тыңайтқыш тоғанның түбі мен суы pH-
бейтараптылық көрсеткіші 7,0-7,5 болғанда жақсы әсер береді. Ал бұл
көрсеткіш төмен болса, тыңайтқыштың ешқандай әсері болмайды. Сондықтан осы
көрсеткішке қол жеткізу үшін тоған түбіне әк (известь) шашады. Әкті себу
мөлшері тоғанның 1 шаршы метріне 40-60 грамды құрайды.
Тәжірибеде тоған балық шаруашылығында шикізаттарды, материалдарды
өндіріске босату үшін Талап құжатын, жөнелтпе-құжатты толтырады. Осы
құжаттардың мәліметтерін пайдалана отырып, материалды жауапты тұлға айлық
материалдық есептілікті жасайды.
Біздің ойымызша қоймадан жем әрбір тоғанға балықты қоректендіру
жоспарының негізінде бекітілген шекті көлемде ғана босатылуы тиіс. Бұл үшін
материалдарды қоймадан өндіріске жіберу үрдісін шектеп босату картасы
арқылы жүргізген орынды. Бірақ тоғандарға материалдарды босату өндіріс
шығыны емес, материалдардың тоған ішіндегі қозғалысы ретінде көрсетіледі.
Ал оларды өндіріске есептен шығарудың негізі айлық материалдық есептілік
болуы тиіс.
Тоғандарға берілетін жем және тыңайтқыш нормасы шаруашылықта
бекітілмеген, ол дұрыс емес, норманы Е - қосымшада ұсынып отырмыз.
Тоған шаруашылығында шығындар есебін жүргізу тәжірибесін зерттеу
барысында көлік шығындарын бөлек шығын бабы ретінде қарастырған. Бұл дұрыс
емес. Көлік шығындары бабы құрт шабақтарды уылдырық шашатын тоғаннан
негізгі өсіру тоғанына, қысқы тоғандар мен жайылым тоғандарына тасумен,
тыңайтқыштарды, сондай-ақ өзге де материалдарды орталық қоймадан тоғандарға
тасумен айналысатын меншікті және сырттан тартылған көліктердің шығындарын
қамтиды. Сондықтан оларды сол тасылған материалдардың, құртшабақтардың,
биылғы шабақтар мен тауарлы балықтардың құнына қоса отырып, есепке алған
дұрыс.
Балықты өсіру сатылары бойынша тасымалдау шығындарын тікелей апару
мүмкін болмаған жағдайда, оларды үстеме шығындар қатарында жинақтай отырып,
өсіру сатылары арасында көшеттеу материалдары мен тауар балықтарының
салмағына тепе-тең бөлген дұрыс деп санаймыз.
Балықшылардың қатысуымен атқарылатын қыруар жұмыстарды жеңілдетуде -
тоған суын толтырып, ағызып, қоректік азықты тасымалдау, балықтарды
тоғаннан - тоғанға көшіру, тоғанға тыңайтқыш сепкенде механикалық
жабдықтар мен техниканы қолданудың маңызы зор. Тоған балық шаруашылығында
балық өсіруде мынадай қарқынды еңбектер атқарылады: тоған суын толтырып,
қажет жағдайда оларды ағызып отыру; тоғанды тыңайту; тоған түбіндегі шөптің
жақсы өсуін, олардың шамадан тыс қаулап өсіп кетпеуін қадағлау ; балықты
қоректендіру; қоректік азықтың сапасын арттыру; құрама жемді тасымалдау;
дәрігерлік-санитарлық тексеруді ұйымдастыру, ауруларға алдын - ала
қолданылатын шаралар; селекциялық–асылдандыру жұмыстары және т.б.
Тоған балық шаруашылығында еңбекке ақы төлеудің мерзімді-сыйақылы
жүйесі қолданылады. Жекелеген тоғандардың жұмысының нәтижесін бағалау үшін
еңбекаққы шығындарын тоғандар бойынша есепке алған дұрыс. Ал егер мерзімді
жалақы төленетін балықшы бірнеше тоғанда жұмыс атқарса, онда оның негізгі
еңбек ақысы тоған балығын өсіру сатылары арасында, жеке тоғандар арасында
жанама түрде әрбір тоғанда атқарған жұмыс уақытына тепе-тең бөлінеді.
Біздің ойымызша, тоған шаруашылығында кесімді жалақы нысанын қолданған
дұрыс. Ол балық өсірушілердің соңғы еңбек нәтижесін анықтауға, оларды
ынталандыруға ықпал етеді.
Құрал-жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарына инкубациялық
цехтардың, құрт шабақтар мен биылғы және біржылдық шабақтарды өсіру кезінде
қолданылатын құрал-жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары,
тоғандарды күтіп ұстау, амортизациясы және ағымдағы жөндеу, аулау
құралдарының, кәсіптік құрал-саймандар мен жабдықтардың тозуы және оларды
жөндеу шығындары жатқызылады.
Бұл шығындарды әрбір тоған бойынша тікелей апарады, бұл мүмкін болмаса,
құрал-жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары балықты өсіру
сатылары арасында тауарлы балықтар мен көшеттеу материалдарының салмағына
тепе-тең бөлінуі керек.
Тоған балық шаруашылығының басқадай өндіріс шығындарының құрамында
тоғанға суды жинау және суды ағызу құбырларын тазалау шығындарын, тоған
түбіндегі шөптің жақсы өсуін немесе қаулап өсіп кетпеуін қадағалау, тоған
түбіне әк себу, зарарсыздандыру шығындарын, дәрігерлік-санитарлық тексеруді
ұйымдастыру шығындарын қарастырады. Бұл шығындар балықты өсірудің жекелеген
сатыларына тікелей апарылады. Ал бұл мүмкін болмаса, онда оларды көшеттеу
материалдарын өсіру мен тауарлы балықтарды өсіру сатылары арасында осы
сатының (өнімнің) өндірістік тікелей шығындарының жалпы сомасына (басқадай
өндіріс шығындарын қоспай) тепе-тең бөлу қажет.
Тоған балық шаруашылығында үстеме шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру осы
шығындар сметасының сақталынуын қадағалауға, өндірістік емес шығындарды
азайтуға мүмкіндік береді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz